Оқулық, ғаламтор, «А.Құнанбаев»



Дата05.11.2016
өлшемі101,39 Kb.
#706
түріОқулық
Қайдарова Алмагүл Тұрсынбаевна

Көкшетау қаласы №6 орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫ «ҚЫС»

«ЖАЗҒЫТҰРЫ» ӨЛЕҢДЕРІ


Сілтеме:

Күнтізбелік жоспар, оқулық, ғаламтор, «А.Құнанбаев» өлеңдер жинағы.

Сабақтың мақсаты:

Абай Құнанбаевтың өмірі, оның шығармалары туралы білімдерін кеңейтеді. ”Қыс” және «Жазғытұры» туралы өлеңдерінің мазмұны мен идеясын аша алады. Оқушылардың таным мүмкіндіктері мен салыстра отырып сипаттау дағдылары қалыптасады.

Оқыту нәтижелері:

Оқушылардың сөздік қоры, ойы, көз алдына елестете алу, есте сақтау қабілеттері дамытылады.
Қоршаған ортаның тылсым сырларына қызықтыру арқылы туған елінің табиғатының ерекшелігі мен әсемдігін тани біледі. Абай өлеңдерінің ерекшелігін танып, түсініп оқи алады.

Түйінді идеялар:

Әдеби шығармалар мазмұны мен идеясын анықтай отырып ойын жүйелі жеткізе алу, өзгенің ойына пікір айтуға, ой қосуға дағдыланады.

Сабақтың_түрі:__Жаңа_сабақ__Әдіс-тәсілдері'>Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері:

сұрақ - жауап, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары, топпен жұмыс, ой қозғау, сөздік, «Топтастыру», «Сәйкестендіру» стратегиясы, әңгімелеу.

Сабақтың

көрнекілігі:

Интербелсенді тақта, слаидтар, плакат, маркер, стикер, топ атаулары жазылған парақшалар.

Орындалатын іс-әрекеттер

Мұғалім орындайтын іс-әрекет

Оқушылар орындайтын іс- әрекет

І. Ұйымдастыру кезеңі

1.Психологиялық дайындық: ортаға шығып өлең жолдарын айтамыз. Амансың ба Алтын күн!

Амансың ба Көк аспан!

Амансыз ба

қонақтар мен достарым!

Сіздерді көргеніме қуанам!

. (оқушылармен бірлесе отырып қимыл әрекетті орындайды.)



Мұғаліммен бірлесе отырып өлеңді қайталап, сәлемдесу салтын жасайды)

Топқа бөлініп орнымызға отырамыз. Топ ережесін қайталап шығамыз. Топ басшылары –өздеріне ұнаған шарды таңдап алады. шардаға оқушылардың аттары бойынша топқа бөлінеміз. І топ «Қыс»; ІІ топ «Көктем»


Топ ережесін қайталап шығамыз. Топ басшылары –өздеріне ұнаған шарды таңдап алады. шардаға оқушылардың аттары бойынша топқа бөлінеміз.

І топ «Қыс»; ІІ топ «Көктем»



ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

2.Слайд бойынша берілген сұрақтарға жауап береміз.

Оқушылар ашылған сұрақтарға жауап береді.

3.Абай Құнанбаевтың өмірбаяны туралы оқушылар білімдерін көрсетеді.

Оқушылар топпен бірлесе отырып постер құрайды. Кезекпен топ мүшелері шығып қорғайды.

Абай Құнанбаев



4- слайд

Ой шақыру:

«Топтастыру» стратегиясы.



«Топтастыру» стратегиясы.

Қыс, көктем , қар, жаңбыр, суық, мұз, су ағады, жапырақ,  аяз, бәйшешек, боран, жылы.

-Бұл сөздер қай мезгілдерде болатын құбылыстар? Қыста және көктемде болады.


ІІ. Сабақ мақсаты: оқушылармен бірлесіп құраймыз.

.-Балалар, бүгін сендермен Абай атамыздың өлеңімен, өмірбаянын әңгімелей отырып, өлеңдерінің мағынасымен танысып,топ ішінде талдап, жұмыстарымызды қорғаймыз, өзгелердің пікірін тыңдап, пікір айтуды үйренеміз.

Сабақты С.Торайғыровтың сөзімен бастаймын.



Оқушылармен бірлесіп сабақ мақсатын анықтап айтады.

Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе!

Адалдықты көздесең,

Жаттап тоқы көңілге.

С. Торайғыров

ІІІ. Жаңа сабақ: Абай Құнанбайұлы. «Қыс» және «Жазғытұры» өлеңдері

5- слайд Жаңа тақырыппен жұмыс:

-Бүгінгі тақырыбымыз Абай Құнанбайұлының «Қыс» және «Жазғытұры» өлеңі


Өлеңдерімен танысамыз.



6 - слайд Жаңа сөздермен жұмыс: бірнеше рет қайталап оқып шығамыз.

Жазғытұрым – весенная пора


Сыз – сырость
Масатыдай – как шёлк

Гүл-бәйшешек - подснежник

Көкек-кукушка

Сай- овраг

Құлпырады - хорошеть
Құлпырар – расцветает

Жан-жануарлар –животное

Бұлбұл- соловей

Елжіреу-разомлеть,размякнуть

Боздау- верблюжий рёв

Байғыз – сыч

Өң-вид

Қой қоздау- окот овец



Ақ киімді-в белой одежде

Денелі- крупный

Ақ сақалды- белобородый

Үсті-басы-внешность

Ақ қырау- белый иней

Түсі суық- гроздный вид

Басын сіліксе – когда мотает головой

Шидем - верхняя одежда

Тон-шуба


Әуес көру - любопытствовать

Домбығу- распухнуть

Үсік шалу - замёрзнуть

Долдану - злиться

Бұлттай қасы- брови, как тучи


7 - слайд Сергіту сәті: «Көңілді күн»

8-слайд: 1.Өлеңді тыңдаймыз. «Қыс»

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,


Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті - басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Борандай бұрқ - сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Әуес көріп жүгірген жас балалар,
Беті - қолы домбығып, үсік шалды.
Шидем мен тон қабаттап киген малшы
Бет қарауға шыдамай теріс айналды.



9-слайд 1.Өлеңді тыңдаймыз. «Жазғытұры»

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Жан-жануар, адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер күннің көзі.

Түйе боздап, кой қоздап - қора да шу, Көбелекпен, құспенен сай да ду-ду.

Гүл мен ағаш майысып қарағанда,

Сыбдыр қағып, бұраңдап ағады су.

Жазға жақсы киінер қыз-келіншек,

Жер жүзіне өң берер гүл-бәйшешек.

Қырда торғай сайраса, сайда - бұлбұл,

Тастағы үнін косар байғыз, көкек.




10-слайд

2.Өлеңдердің мазмұны бойынша әр топ сурет салады.



10-слайд

2.Өлеңдердің мазмұны бойынша әр топ сурет салады.



11-слайд

Оқушылар салынған сурет бойынша сөйлемдерді құрап дәптерге жазады. «Қыс»



11-слайд

Оқушылар салынған сурет бойынша сөйлемдер құрап дәптерге жазады. «Жазғытұры»



12-слайд

“Сәйкестендіру” ойынын ойнаймыз.

Мақсатымыз:

Қобдишадан алған сұрақтарына жауапты тақтадағы жазбалардан топқа әкелу.

Топ мүшелері сұрақтарға жауап жазады.


  1. Абай қысты кімге теңеді?

    • Абай қысты кәрі шалға, адамға теңеп тұр.

  2. Шалдың киімдері қандай?

    • Шал ақ киімді, үсітін ақ қырау басқан.

  3. Киім деп айтып отырғаны не?

    • Ол жауған қар, қатқан мұз.

4. Автор суреттеген шалды кімге ұқсатуға болады?

    • Аяз атаға ұқсатуға болады.

    • 5.Түсі суық дегенді қалай түсінесің?

    • Қатал, ашулы адамның мінезі.

Боран немесе аяз.



10-слайд

“Сәйкестендіру” ойынын ойнаймыз.

Мақсатымыз:

Қобдишадан алған сұрақтарына жауапты тақтадағы жазбалардан топқа әкелу.

Топ мүшелері сұрақтарға жауап жазады.


  1. Қыстың сызы қалмайды дегенде не?

  • Қыстың суығы болмайды, күн жылынды.

  1. Масатыдай құлпырар жердің жүзі дегеніміз не?

  1. Ауа райы қандай?

  • Күннің көзі елжіреген, ауа райы жылы.

  1. Сыбдыр қағып, бұраңдап ағады су деп нені айтып отыр?

  • Бұлақтың, өзеннің ағып жатқанын айтып отыр.

  1. Адамдар қалай киінген?

  • Адамдар жазғы жеңіл, әдемі киім киген.




ІV. Бекіту 13 -слайд

Ойтолғаныс. Дәптермен жұмыс.

Қыс
1. Табиғат сипаты

2. Адам бейнесі

3. Балалар күйі

4. Малшылар күйі


Дәптерлеріне топ ішінде ақылдаса отырып тақырыпшаларға сай үзінді жазып шығады:

1)Соқыр мылқау, үскірік аяз бен қар, сықырлап келіп қалды.


2)Ақ киімді денелі, ақ сақалды, үсті ақ қырау, бұлттай қасын жапқан.
3)Балалардың беті - қолы домбығып, үсік шалды.
4) Шидем тон киген малшылар суықтан теріс айналды.

V. Қорытынды.

- Сонымен балалар біз қандай тақырыппен таныстық?
- Авторы кім?
- Өлеңдерде қай мезгілдер суреттелген?

-Қысты қалай суреттеген?

-Көктемді қалай суреттеген?

-Неге қатал деп суреттеп отыр?



Сұрақтарға жауап береді.

VІ. Үйге тапсырма




«Қыс» өлеңін жаттау, өз бетінше «Жазғұтыры» өлеңін оқып келу.

Күнделіктеріне жазып алады.

VІ. Бағалау

Оқушылар білімін бағалайды.

Бағалау парағы бойынша топ басшысы бағаларын айтады.

Рефлексия: смайликтерге өздері алған әсерлерін жазып қалдырады.




Бағалау парағы:



Оқушының аты-жөні

Білу(Тарау бойынша білім базасы)

Түсіну(өлеңнің мазмұнын ашуы)

Талдау (Өлең жолдарындағы сөздердің мағынасын тани алуы, талдауы)

Қолдану (жеке, жұпта,топта жасай алуы )

Жинақтау (Қыс пен көктемге байланысты құбылыстарды ажырата алуы)

Бағалау

Топ мүшесінің бағалауы



Қорытынды баға






























































































































































































Каталог: images -> Razrabotkaurokov
Razrabotkaurokov -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Атақты жерлесіміз І. Есенберлин туралы мәлімет беріп білімді қалыптастыру
Razrabotkaurokov -> Сабақ беру –үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан
Razrabotkaurokov -> «Қазақ батырлары»
Razrabotkaurokov -> СӘкен сейфуллин «наурыз» Мақсаты: Білімділік
Razrabotkaurokov -> Ханаева Лаззат Кайкеновна Бұланды ауданы Макинск қаласы мектеп-лицейінің педагог -психологі Тақырып
Razrabotkaurokov -> Гомбо Серікгүл Красный яр селосы «№13 «Амина» бала бақшасының» тәрбиешісі Тақырыбы: «орманға саяхат»
Razrabotkaurokov -> Нұрмұқанова Жұмагүл Жабенқызы Көкшетау қаласы №18 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Razrabotkaurokov -> Топқа бөліну І топ “Сұңқарлар” ІІ топ “Алғырлар” ІІІ топ “Білімділер” іvтоп “Тапқырлар”
Razrabotkaurokov -> Сабақтың мақсаты: Негізгі және туынды еліктеу сөздер түсінік беру Сілтемесі: ман


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет