Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева Қазіргі әдеби процесс



бет9/12
Дата04.11.2016
өлшемі3,24 Mb.
#295
түріУчебное пособие
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Сұрақтар мен тапсырмалар

1. Интонация дегенiмiз не?

2. Дауыс кiдiрiстерi дегенде ненi түсiнесiң?

3. Психологиялық кiдiрiске мысал келтiр.

4. Грамматикалық кiдiрiс пен логикалық кiдiрiске мысал келтiр.

5. Ырғақ дегенiмiз не?

6. Белгiлi бiр ақындардың өлеңдерiнен үзiндiлердi мәнерлеп оқу.
КӨРКЕМ ШЫFАРМАЛАРДЫ ЖАНРЫНА ҚАРАЙ ОҚУ
Көркем шығармалардағы мәтiндi үйрену алдымен дұрыс, келiстiрiп оқудан басталады. Көркем шығармаларды келiстiрiп оқу мәнерлеп оқудың негiзiн құрайды. Әдеби шығарманы оқып, оны ауызша баяндап беру шығарманың мазмұнын толық түсiнiп алуға мүмкiндiк тудырады.

Әдеби шығармаларды оқудан алдын олардың жанрлық ерекшелiктерiне көңiл бөлген жөн. Жанр әдеби шығармалардың жеке түрлерi, көркем әдебиеттiң салалары. Жанр сөзi негiзiнде француз тiлiнен алынған болып, түр, тек деген мағынаны бiлдiредi. Көркем әдебиет негiзгi үш түрге бөлiнедi, яғни проза, поэзия, драматургия. Олар да өзара бiрнеше түрлерге бөлiнедi. Бұл ретте В.Г.Белинскийдiң «Поэзияны тегiне, түрiне қарап бөлу» деген еңбегiнде әдебиеттi алдымен эпостық поэзия, лирикалық поэзия, драма деп үшке бөледi. Бейнелерiне, өзiндiк ерекшелiктерiне қарай жанр түрлерi бiр-бiрiнен ажыралып тұрады. Ал көркем әдебиетте бұлай бөлiну әдеби жанр деп аталады. Әдеби жанрды белгiлеп алғаннан кейiн ол шығарманың қай жанрға жататындығын анықтап алуға болады. Себебi, шығарманың қайсы жанрға жататындығын анықтағаннан соң келiстiрiп немесе мәнерлеп оқуда оның өзiндiк ерекшелiктерiн ескере оқу мүмкiндiгi туады.

Әдебиеттiк шығарманы келiстiрiп оқуда оның эмоциялық жақтарын дұрыс бере бiлiп оқу маңызды орын алады. Бұл мақсатты толық орындау үшiн көркем сөз мәтiнiн оқыған уақытта, ондағы автордың және кейiпкерлердiң ой-сезiмiн бiлдiре оқу керек. Жазушының ой-сезiмi өмiрдегi шындық болмысты бағалауы оның эпитет, метафора, теңеу, метонимия сияқты көркем сөз құралдарын қалай қолданылуынан байқалады. Сонда келiстiрiп оқудың эмоциялық жақтары дегенiмiз – автордың мәтiнге айтпақ болған ой-пiкiрiне сай, сезiмнiң түрлi реңкiн сазына келтiрiп оқи бiлу. Шығарманың мазмұнына қарай мәтiннiң бiр жерi – жәдiгөйлiк, жарамсақтық мiнез-құлықпен, үшiншi бiр ызғарлы, ашулы дауыспен т.б. оқылады. қорқыныш, сүйсiну, таңданушылық сияқты сезiмдер де дауыс реңкi арқылы берiледi.

I.Жансүгiровтiң «Қазақстан», М.Өтемiсұлының «Махамбеттiң Баймағамбет сұлтанға айтқаны», С.Торайғыровтың «Шәкiрт ойы», «Бiр адамға» атты өлең-жырларын оқығанда да, алға қойылатын негiзгi мақсат сазына келтiрiп оқу арқылы, осы шығармалардың идеялық-көркемдiк қасиеттерiн айқындау болады.

Әдеби шығарманы оқыған уақытта сөздiң логикалық және эмоциялық жақтарын тиiстi кiдiрiс, екпiн, ырғақ арқылы берiлумен қатар, оқу қарқыны, яғни сөздi не жылдам, не жай оқу арқылы да берiледi.

Поэзия кең мағынада сөз өнерi дегендi бiлдiредi. Өлең жолымен жазылған шығармалар (поэма, өлең т.б.) поэзия деп аталады. Поэзияның объектi адам және оның әлеуметтiк өмiрi мен күресi болып табылады. В.Г.Белинский айтқандай: «Бүкiл әлем, барлық түс, рең, бояулар, табиғат және өмiр көрiнiстерi поэзия құбылыстары бола алады». Демек, әрбiр оқиғаның өз поэзиясы бар. Сол нәрсенi айтып өту қажет, яғни әрбiр шығарманың, әрбiр өлеңнiң өз поэзиясы, өз эстетикасы бар. Мәнерлеп оқу үшiн таңдалған шығармадан сұлулықты таныту қажет болады.

Қазақ поэзиясында Абайдан кейiнгi дәуiрде Шәкәрiм, Сұлтанмахмұт, Ахмет Байтұрсынов, Мiржақып, Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Сәкен, Iлияс поэзиясы сөз өнерiн жаңа идеялық мазмұнымен де, көркемдiк бояу-нақышымен де байыта түстi.

Өлең сөздi оқудың қара сөзге қарағанда өзiне тән ерекшелiктерi бар. Ол ерекшелiктер өлеңнiң буын, бунақ, тармақ, ұйқас, шумақ, ырғақ сияқты құрылыс жақтарындағы өзгешелiктерiмен байланысты.

Өлеңдi келiстiрiп оқудың бiр шарты – оның ырғағын, ұйқасын келiстiрiп оқу. Жоғарыда айтқанымыздай ырғақ өлең сөзбен қара сөздiң сөйлемдерiнде дауыс толқынының бiрде бәсең, бiрде көтерiңкi айтылуы ғой, олай болса, өлеңдi оқыған уақытта оқушылар ондағы дауыс ырғағының түрлi әуенiн толық меңгерiп, дұрыс сақтап оқуға тиiс. Ал, екiншi шарты – оның тармағымен байланысты. Әдетте өлеңдi оқығанда тармақтың соңынан тиiстi кiдiрiс жасалады да, сол арқылы әрбiр тармақтың өз алдына тұтас бiр бүтiн екендiгi аңғарылып тұрады.

Мәселен: Есепсiз тау суретi көз жетпейтiн



Жырлауға қазынасы көп тiл жетпейтiн.

Өрiк, алма, алмұрт, жиде жемiстерiнен,

Бiр татсаң, аузыңнан дәм кетпейтiн. (Жамбыл)

Алайда тармақ соңындағы кiдiрiс барлық өлеңдерде бiрдей жасала бермейдi. Ондай реттерде өлеңнiң алдыңғы тармақтары сөздi тасымалдағанымыз сияқты кейiнгi тармақтарға жалғасып оқылады. Мұндай тармақтардың соңынан ешқандай кiдiрiс жасалмайды.

Ал ендi өлең оқудың үшiншi шарты – шумақпен байланысты болады. Өлеңдегi әрбiр шумақ тұлға жағынан да синтаксистiк бiр ойдың аяқталып бiткенiн көрсетедi. Демек, өлеңдi оқыған уақытта әрбiр шумақтың соңынан кiдiрiс жасалып отырады. Бұл тармақ соңынан жасалатын кiдiрiстен сәл ұзақтау болады.

Өлең шумақтарының арасындағы кiдiрiстердiң ұзақтығы бiрдей болмайтын реттер де кездеседi. Мәселен, өлең-жырдың, поэманың бiр күрделi ойды бiлдiретiн негiзгi бөлiмi аяқталып бiткеннен кейiн жасалатын кiдiрiс басқа шумақтардан соң жасалатын кiдiрiстерге қарағанда ұзақтау болады. Мәселен: С.Торайғыровтың «Кедей» поэмасындағы бөлiмдердiң арасына, Б.Майлиннiң «Көк сиыр» өлеңiндегi Айжан мен көк сиырдың сөздерi арасында жасалатын кiдiрiстер. Бұл жәйт диалогқа құрылған мысал, айтыс өлеңдерiнде байқалады. Мұның айқын көрiнiсi Нұржан мен Сапарғалидың жұмбақ айтысынан анық көрiнедi. Сапарғалидың жұмбақталған шумағы мен Нұржанның оны шешкен жұмбағының арасында жасалатын кiдiрiстер осыған жатады.

Кейде шумақ пен шумақтың арасында кiдiрiс жасалмауы да мүмкiн, бiрақ бұл сирек кездеседi.

Ал, ендi лириканы мәнерлеп оқу жүйесiне тоқталайық. Лирика – көркем әдебиеттiң негiзгi саласының бiрi болып, басты ерекшелiгi – адамның көңiл-күйiн, сезiм дүниесiн тiкелей бейнелеп көрсетедi. Лирикада ой мен сезiм бiрлесiп, терең қабысады. Ол тартымды қуат-күш дарытатын терең оймен суарылған. Лирикаға жан беретiн сезiмнiң отты нәзiктiгi. Лириканы басқа жанрлардан, айталық, сан алуан адамдардың қарым-қатынасын, қоғамдық тартыс-шиеленiстi баяндайтын көлемдi, оқиғалы шығармалардан айырмасы да, өзiндiк артықшылығы да – мiне осында. Лирика негiзiнен өлеңге тиiстi. Лириканың табиғат лирикасы, саяси-әлеуметтiк лирика, көңiл-күй лирикасы, махаббат лирикасы сияқты түрлерi бар. Табиғат лирикасы – ақынның iшкi жан-дүниесi оның әр түрлi табиғат құбылыстарын сезiнуi, бейнелеп суреттеуi арқылы танылатын өлең-жыр болып табылады. Айнала қоршаған орта және оның түрлi жаратылыс сырлары адамның назарын өзiне аудармай қоймайды. Осындай жағдайда ақындар табиғатқа арнап лирикалық өлеңдер жазып отырған. Бiреулер табиғаттың пейзаждық суреттерiн жасаса, ендi бiр ақындар сол табиғат арқылы қоғамдық өмiрдi, адамның iшкi көңiл-күйiн астастыра жырлаған. Табиғат лирикасын айтқанда, ұлы Абайды еске аламыз. Оның жылдың төрт мезгiлiне арнап жазған өлеңдерi осы уақытқа дейiн оқушысын тамсандырып келедi. Абайдан соңғы ақындар да табиғат лирикасын көптеп жазды. Мәселен, Сәкен Сейфуллин, Мағжан Жұмабаев, Iлияс Жансүгiров т.б. шығармашылығы бұған дәлел. Мысал ретiнде Абайдың «Қыс» атты өлеңiнен үзiндi келтiрейiк.



Ақ киiмдi, денелi, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тiрi жанды.

Үстi-басы ақ қырау, түсi суық,

Басқан жерi сықырлап, келiп қалды.

Дем алысы – үскiрiк, аяз бен қар,

Кәрi құдаң – қыс келiп, әлек салды.

Ұшпадай бөркiн киген оқшырайтып,

Аязбенен қызарып ажарланды.

Бұлттай қасы жауып екi көзiн,

Басын сiлкiсе, қар жауып, мазаңды алды.

Борандай бұрқ-сарқ етiп долданғанда,

Алты қанат ақ орда үй шайқалды.

Өз-өзiнен белгiлi ақын қыс мезгiлiнiң нақ өзiнен мысал келтiрген.

С.Дөнентаевтың «Бозторғай» өлеңiндегi:

Келдi де сәлем бердi төресiне,



Аз-ақ тұр шықпай жаны денесiнде.

Шақты кеп тұрымтайдың мiнездерi:

«Ей тақсыр, бейбағыңды көресiң бе?»

- деген шумақтағы соңғы тармақ, алдыңғы үш тармаққа қарағанда әрi бәсең, әрi жай оқылады.

Ал: қырғи сал торғай сөзi бiтер-бiтпес:

«Сабыр қыл ! – дедi, тоқта еш нәрсе етпес!



Қазiрде қол бос емес, жұмыс қатты,

Аз күтсең жаның шықпас күнiң өтпес…»

деген шумақтағы соңғы үш тармақ көтерiңкi, ашулы, ызғарлы дауыспен оқылады. Мұндағы мақсат – қырғидың әдiлетсiздiгiн, қаталдығын, менмендiгiн көрсету.

С.Торайғыровтың «Бiр адамға» өлеңiндегi :

Бұрынғы атамызға сыйға берген

Бiздерде мынадай бар, мынадай бар…

деген байдың сөзi феодалдың дандайсу реңкiндегi дауыспен оқылады да, автордың жауап сөздерi зiлдi мысқыл, кекесiн реңкiнде оқылады.

Ал, мысалдарды оқығанда, онда адамдардың мiнезiне сай ерекшелiктер жануарлар мен өсiмдiктерге байланыстырылып айтылады. Жазушы онда кекесiн, мысқыл, әжуалауды пайдаланып адамға тиiстi болған жақтарын күлкi ету мақсатында айтылады. Мәселен, А.Байтұрсыновтың «Аққу, шортан Һәм шаян», С.Көбеевтiң «Көзi тоймаған ит» т.б.

Прозалық шығармаларды мәнерлеп оқу үлкен шеберлiктi талап етедi. Себебi, әдеби шығарманың көркемдiк ерекшелiктерi, ондағы ой-пiкiрлер жазушының дүниеге көзқарасын тануда мәнерлеп оқудың маңызы бар. Мұның үшiн мұғалiм мәтiндi дұрыс таңдай бiлуi керек. Прозалық шығармалар дегенде әңгiме, ертегi, роман түсiнiледi. Прозалық шығарманы оқуда ертегiлерден бастаған жөн. Ертегiлер туралы мәлiмет беру, оның түрлерi мен композициялық құрылысына көңiл бөлу керектiгiн айтып өткен жөн. Ертегiлердiң бiр-бiрiнен айырмашылығын да ескерген жөн. Мәселен, мынадай ертегiлердiң басталуына көңiл бүлейiк:

«Күн астындағы Күнiкей қыз» атты ертегi былай басталады: «Бұрынғы өткен заманда бiр жесiр кемпiр болыпты. Бұл кемпiрдiң перзентi дегенде жалғыз баласы болыпты…» Ал, «қанатты қара қасқа» атты ертегiде, «Ерте-ерте ертеде, ешкi құйрығы келтеде бiр қарт болыпты», «Шаямардан патша» ертегiде: «Бұрынғы өткен заманда бiр молда болыпты» т.б.

Ал, әңгiмелердi мәнерлеп оқу үшiн алдымен әңгiме жайлы мәлiмет берiлуi тиiс, соң оның оқиғалы болып келетiн көлемi шағын шығармаға айтылатындығын ескеремiз. Мәселен: Б.Майлиннiң «Түйебай», М.Әуезовтiң «Бүркiтшi», Т.Ахтановтың «Дәрiгер Галя», Т.Әлiмқұлұлының «Қараой», Қ. Жұмадiловтiң «Қаздар қайтып барады» т.б.

Әңгiме оқиғаны баяндап айтуға негiзделген, қара сөзбен жазылған шағын көркем шығарма болып табылады. Әңгiменiң жанрлық ерекшелiктерi алдымен оқиғаны баяндау тәсiлi, композициялық, сюжеттiк құрылысы, кейiпкер жүйесi арқылы айқындалатындығын айтып өту қажет.

Прозалық шығармалардың ендiгi бiр түрi – повесть. Повесттердi мәнерлеп оқудан алдын повесть дегенiмiз не деген сұрақ туындайды. Мiне, осыны анықтап алайық. Повесть – оқиғаны баяндап айтуға негiзделген, қара сөзбен жазылған көлемдi шығарма, эпикалық жанрдың орташа түрi. Онда бiрнеше кейiпкерлер бас кейiпкердiң айналасында жиналады. Повесттердi мәнерлеп оқуда оның жанрлық ерекшелiгiне көңiл бөлу керек. Себебi, повесттердiң барлығын бiр түрде оқуға болмайды. Мәселен, М.Әуезовтiң «Қилы заман» т.б.

Ал, ендi романдарды оқу мәселесiне келсек, романдарды мәнерлеп оқудың өзiндiк ерекшелiгi бар. Алғаш роман туралы түсiнiк берген жөн. Ендеше, роман деп – сюжеттiк құрылымы күрделi, көп желiлi, кең тынысты, кейiпкер бейнесiн ол өмiр сүрген уақыт, ол тiрлiк кешкен орта ауқымында, жан-жақты мүсiндейтiн, басқа прозалық жанрларға қарағанда ұзақ уақытты, байтақ кеңiстiктi қамтитын көлемдi эпикалық шығарманы айтамыз. Романның әңгiме мен повестен айырмашылығы, онда тұрмыстың үлкен мәселелерi тiлге алынады, көптеген кейiпкерлер қатысып отырады. Роман жанрындағы шығармаларды мәнерлеп оқудың өзiндiк ерекшелiгi де сонда. Себебi, әрбiр кейiпкердiң табиғатын, мәдениеттiлiгiн және iс-әрекетi, адамдармен өзара қарым-қатынасы, жалпы қоғам өмiрiндегi орнын түсiнбей тұрып оны мәнерлеп оқуға болмайды. Мәселен, С.Мұқановтың «Балуан Шолақ» атты романынан үзiндi келтiрейiк.

Әдетте, күрестен бұрын бәйгiнiң аты кетедi.

Аттар жөнелгеннен кейiн бас балуан шығару жолы тиген қыпшақ «Түйе балуанын» шешiндiредi. Түйе балуан күресерде қойдың жүнiнен жуан ғып тоқыған, балғғы тiзесiнен жоғары шалбар киiп, ышқырына қайыс белбеу өткiзiп, белiн тас қып буады екен, үстiне басқа киiм iлмей, тырдай жалаңаш шешiнедi екен. Күрескен балуанмен бел ұстасқанша ғана иығына түйе жүн шекпенiн жамылып отырып, күресерде оны сыпырып тастайды екен.

Сол әдетiн iстеп, түйе балуан қара жолдың жиегiне кеп отырады. Оған Керей, Уақтың көзi түсiп едi – «Түйе балуанға» ерiп келген адамдар бүркiп қасындағы торғай сияқтанды…

Ал, драма жанры қалай оқылады?

Драма поэзия жанрына өте жақын жанр. Ал, драма дегенде көркем әдебиеттiң негiзгi бiр түрi, яғни тек қана кейiпкерлердiң сөйлеуiне, қимыл әрекетiне негiзделген көркем шығармалар – пъесаларға айтылады. Драманы мәнерлеп оқудан алдын ондағы кейiпкерлердiң өзара диалог, монолог түрiнде сөйлеуiн ескерген де мақсатқа сай болады. Драмалық шығарма түгелдей дерлiк диалогқа сөйлестiруге және жеке кейiпкердi сөйлетуге, монологқа құрылады. Мәнерлеп оқуда драма терминi көбiнесе жанр ерекшелiгi және мазмұнды бiлдiредi, сол үшiн де сахналық көрiнiске ие болған бұл жанрда терең ой, пiкiр, кескiн iштей күрестерге негiзделген жанр драма болып табылады. Негiзiнде драма грек тiлiнен алынған болып, сахнаға арналған, оқиғаны оған қатысушы кейiпкерлердiң iс-әрекетiн, көңiл-күйiн көрсету арқылы баяндайтын әдеби шығармалар дегендi бiлдiредi. Бұл туралы Белинскийдiң - «Драмалық шығарма сахнада толық өмiрдi қамти алады» деген пiкiрiн ескерген жөн. Драмалық шығарманы екi түрде оқуға болады: пъесаны бiр адамның оқуы, яғни оқытушы оқиды және пъесаны рөлге бөлiп студенттер оқиды. Осылай екi түрлi оқуда да мақсат драмалық жанр ерекшелiгiн тыңдаушыларға жеткiзу болса да, жеке адамның оқуы мен рөлге бөлiп оқудың арасында айырмашылық бар.

Драмалық шығарманы бiр адам оқыған кезде орындаушы бейнеге толық ене алмай, тек қана ол туралы түсiнiк немесе сол бейне жайында әңгiмелеп бередi.

Драмалық шығарманы оқуда орындаушы кейiпкердiң iс-әрекетi, қимылы және сөйлеу интонациясына қарай өз сөзiн құбылтып отырады.

Драмалық шығармаға анализ жасайтын болсақ, эпикалық жанрға ұқсас келедi, бiрақ өзiндiк ерекшелiгi де бар. Драмалық шығармадағы көрiнiс үздiксiз дамып отыруы тиiс. Драманың идеялық мазмұны көрiнiс барысында анықталып отырады. Драмалық жанрдың комедия және трагедия атты екi түрi бар. Комедия – грек тiлiнен алынған болып, көңiлдi топ, өлең деген мағынаны бiлдiредi. Комедия өмiрдегi келеңсiз, жағымсыз құбылыстарды, адам бойындағы мiндердi, қасиетсiздiктi оспадарлықты күлкiлi етiп бейнелейтiн сахналық шығарма. Мәселен, Б.Майлиннiң «Талтаңбайдың тәртiбi», М.Әуезовтiң «Айман-Шолпан», Қ.Мұхамеджановтың «Бөлтiрiк бөрiк астында» атты комедияларын атауға болады. Ал, трагедияда өмiрдегi шиеленiскен күрес-тартысты, бiр-бiрiне қарама-қайшы күштердiң ешбiр ымыраға келмейтiн, белдескен күресiн, қақтығыс-таласын суреттейдi. Мәселен, М.Әуезовтiң «Қаракөз», F.Мүсiреповтiң «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Ақан серi - Ақтоқты» трагедияларын атауға болады.

Пъесаны рөлге бөлiп оқығанда орындаушылар тобы алдын ала жаттығу жасай алуы тиiс. Сонымен бiрге драмалық жанрға енетiн шығармалар өзiнiң лирикалық, сатирикалық, күлгiлi, саяси және драмалық сияқты бiрнеше көрiнiстерiмен басқа әдеби түрлерден ажыралып тұрады. Мұны да ескерген жөн.

Мәселен: Шерхан Мұртазаның «Бесеудiң хаты» атты драмасынан үзiндi алайық.



Мүсiрепов. қайрат – қыран, қайғы – жылан. қайғыра бермей қайрат қылайық (Аспанға қарайды). Иә, қайрат қылайық.

Балым. Аспаннан не iздейсiң, қайным? Аспанға қанша тесiлiп қарасаң да перiштелер көрiнбейдi. құдай да, өкiмет те бiздi ұмытқан.

Мүсiрепов. Бiздiң елдi қырқадан қырсық шалғаны рас. Бiрақ қиялдан қысыр, арманнан ада болмайық. Үмiт үзiлмесiн. Жол кҚрсетiңiз. Босқындарды қуып жетейiк.

Балым (екi ойлы). Бетiнен тозақ оты лапылдаған мына даладан кiмдi iздеп табар екенбiз?..

Сұрақтар мен тапсырмалар

1. Келiстiрiп оқудың эмоциялық жақтары дегенде ненi түсiнесiңдер?

2. Поэзиялық шығармалар қалай оқылады?

3. Прозалық шығармалар қалай оқылады?

4. Драмалық шығармалар қалай оқылады?

5. Өлең, пъеса, әңгiмелерден үзiндiлердi мәнерлеп оқу.


ПОЭЗИЯЛЫҚ ТУЫНДЫЛАРДЫ ОҚУ

Ереуiл атқа ер салмай

Ереуiл атқа ер салмай, Ашаршылық, шөл көрмей,

Егеулi найза қолға алмай, Өзегi толып ет жемей,

Еңку-еңку жер шалмай, Ер төсектен безiнбей,

қоңыр салқын төске алмай, Ұлы түске ұрынбай,

Тебiнгi терге шiрiмей, Түн қатып жүрiп, түс қашпай,

Терлiгi майдай ерiмей, Тебiнгi терiс тағынбай,

Алты малта ас болмай, Темiр қазық жастанбай,

Өзiңнен туған жас бала, қу толағай бастанбай?

Сақалы шығып жат болмай, Ерлердiң iсi бiтер ме?

Ат үстiнде күн көрмей,

Қызғыш құс

Ау, қызғыш құс, қызғыш құс, Аспандап ұшқан қызғыш құс

Қанатың қатты, мойның бос. Сенi көлден айырған-

Исатайдан айрылып, Лашын құстың тепкiнi.

Жалғыздықпен болдым дос. Менi елден айырған-

Ау, қызғыш құс, қызғыш құс, Хан Жәңгiрдiң екпiнi.

Ел қорыған мен едiм, Айтып-айтпай немене?

Мен де айрылдым елiмнен, Құсалықпен өттi ғой


Көл қорыған сен едiң, Махамбеттiң көп күнi !!!

Сен де айрылдың көлiңнен.


Мен, мен едiм, мен едiм

Мен, мен едiм, мен едiм,

Мен Нарында жүргенде

Еңiреп жүрген ер едiм.

Исатайдың барында

Екi тарлан бөрi едiм.

Ерегiскен дұшпанға

Қызыл сырлы жебе едiм.

Жақсыларға еп едiм,

Жамандарға көп едiм.

Ерегiскен дұшпанның,

Екi талай болғанда,

Азыққа етiн жеп едiм.

Хан баласы ақ сүйек,

Ежелден табан аңдысқан

Ата дұшпан сен едiң,

Ата жауың мен едiм.

Ежелгi дұшпан ел болмас,

Етектен кесiп жең болмас.

Хан баласы ақ сүйек,

Бәйеке, сұлтан сен болып,

Сендей нарқоспақтың баласы,

Маған оңаша жерде жолықсаң,

қайраңнан алған шабақтай

қия бiр соғып ас етсем,

Тамағыма қылқаның кетер демес ем.


Мiнгенi Исатайдың ақтабаны-ай!

Мiнген Исатайдың ақтабаны-ай!

Сүт берiп, сұлы берiп баптағаны-ай.

Зеңбiрек үш атқанда дарымады,

Құдайдың мiне қара сақтағаны-ай.

Мiнген Исатайдың көгiлдiр –ай,

Әскерiн барша құмға төгiлдiрдi-ай.

Мыңды алған, бiрдi берiп Ақтабанды,

Жыландай белге соққан бүгiлдiрдi-ай.

Баласы Исатайдың Жақия-ды,

Жақия жауды көрсе ақияды.

Түлейдi түнде жортқан жолбарыстай,

Алдырдым қабыланымды қапияда-ай!

Махамбет Өтемiсұлы

Өзен

Таулардан өзен ағар сарқыраған,

Айнадай сәуле берiп жарқыраған,

Жел соқса, ыстық соқса, бiр қалыпта,

Аралап тау мен тасты арқыраған.

Көңiлiн суын iшсең ашылады.

Денеңде бар дертiңдi қашырады.

Өксiген оттай жанып жануарлар

Өзеннен рақат тауып басылады.

Қынарда тiлсiз тұрған тоғайлары

Шуылдап желмен бiрге бас ұрады..

Он мың мал айдап өтсең, лай қалмайды,

Тасыса су бармаған сай қалмайды.

Тасыған өзен судың қуатымен

Көк шалғын шөп бiтпеген жай қалмайды.

Ед қыстап күн көредi жанабында

Дәм болар алуан-алуан балығында..

Тас-таста, алтын таста сынамаққа,

Сонда да аққан өзен қалыбында…
Өнер-бiлiм бар жұрттар
Өнер-бiлiм бар жұрттар

Тастан сарай салғызды.

Айшылық алыс жерлерден

Көзiңдi ашып-жұмғанша,

Жылдам хабар алғызды.

Аты жоқ құр арбаны

Мың шақырым жерлерге

Күн жарымда барғызды.

Адамды құстай ұшырды.

Мал iстейтiн жұмысты

От пен суға түсiрдi.

Отынсыз тамақ пiсiрдi

Сусыздан сусын iшiрдi.

Теңiзде жүздi балықтай

Дүниенi кездi жалықпай.

Бiлгендерге осылар –

Бәрi-дағы анықтай.

Бiлмегенге танықтай.

Бiз де бекер жатпалық

Осыларға таныспай,

Ат өнерi бiлiнбес

Бәйгеге түсiп жарыспай.

Желкiлдеп шыққан көк шөптей

Жаңа өспiрiм достарым,

қатарың кеттi-ау алысқа-ай.

Ұмтылыңыз қалыспай!

Бiз надан боп өсiрдiк

Иектегi сақалды.

«Өнер – жiгiт көркi» деп

Ескермедiк мақалды…

Бiз болмасақ, сiз барсыз,

Үмiт еткен достарым,

Сiздерге бердiм батамды!
Ананың балаларын сүюi

Кiм сендердi, балалар, сүйетұғын,

Қуанышына қуанып, қайғыңа күйетұғын.

Түн ұйқысын төрт бөлiп, кiрпiк қақпай,

Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.
Кiм сендердi, балалар, тербететiн,

Еркелетiп, ойнатып, сергiтетiн?

Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,

Қамқор анаң көз жасын көлдететiн.


Кiм сендердi сағынар шетке кетсең,

Ғылым iздеп, тез қайтпай, көпке кетсең.

Бетiн жуған жасымен сорлы анаңа

Хат жазып тұр, төбесi көкке жетсiн.


Кiм сағынар сендердi келгенiңше,

Құлындарын көзiмен көргенiнше.

Сендер қайтып келсеңдер адам болып

Еш арманым болмас едi өлгенiмше.



Ыбырай Алтынсарин
Жасымда ғылым бар деп ескермедiм

Жасымда ғылым бар деп ескермедiм,

Пайдасын көре тұра тексермедiм.

Ержеткен соң түспедi уысыма,

Қолымды мерзiмiнен кеш сермедiм.

Бұл махрұм қалмағыма кiм жазалы,

Қолымды дөп сермесем, өстер ме едiм?

Адамның бiр қызығы – бала деген,

Баланы оқытуды жек көрмедiм.

Баламды медресеге бiл деп бердiм,

Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедiм.

Өзiм де басқа шауып, төске өрледiм,

Қазаққа қара сөзге дес бермедiм.

Еңбегiңдi бiлерлiк еш адам жоқ,

Түбiнде тыныш жүргендi терiс көрмедiм.
Ғылым таппай мақтанба
Ғылым таппай мақтанба, Жамандық көрсең нәфрәтлi

Орын таппай баптанба, Суытып көңiл тыйсаңыз.

құмарланып шаттанба, Жақсылық көрсең ғибратлi,

Ойнап босқа күлуге. Оны ойға жисаңыз.

Бес нәрседен қашық бол, Ғылым болмай немене,

Бес нәрсеге асық бол, Балалықты қисаңыз?

Адам болам десеңiз. Болмасаң да ұқсап бақ,

Тiлеуiң, өмiрiң алдыңда Бiр ғалымды көрсеңiз.

Оған қайғы жесеңiз. Ондай болмақ қайда деп,

Өсек, өтiрiк, мақтаншақ, Айтпа ғылым сүйсеңiз.

Ерiншек, бекер мал шашпақ – Сiзге ғылым кiм берер?

Бес дұшпаның, бiлсеңiз. Жанбай жатып сөнсеңiз?

Талап, еңбек, терең ой, Дүние де – өзi, мал да – өзi,

қанағат, рақым ойлап қой – Ғылымға көңiл бөлсеңiз.

Бес асыл iс көнсеңiз. Бiлгендердiң сөзiне,

Махаббатпен ерсеңiз…


Мен жазбаймын өлеңдi ермек үшiн
Мен жазбаймын өлеңдi ермек үшiн

Жоқ-барды, ертегiнi термек үшiн.

Көкiрегi сезiмдi, тiлi орамды,

Жаздым үлгi жастарға бермек үшiн.

Бұл сөздi тасыр ұқпас, талапты ұғар,

Көңiлiнiң көзi ашық, сергек үшiн.


Түзу кел, қисық-қыңыр, қырын келмей,

Сыртын танып iс бiтпес, сырын көрмей.

Шу дегенде құлағың тосаңсиды,

Өскен соң мұндай сөздi бұрын көрмей.

Таң қаламын, алдыңғы айтқанды ұқпай,

Және айта бер дейдi жұрт тыным бермей.


Сөз айттым “Әзiрет Әлi”, “айдаhарсыз”,

Мұнда жоқ “алтын иек, сары-ала қыз”.

Кәрiлiктi жамандап, өлiм тiлеп,

Болсын деген жерiм жоқ жiгiт арсыз.

Әсiре қызыл емес деп жиренбеңiз,

Түбi терең сөз артық, бiр байқарсыз.


Батырдан барымташы туар даңғой,

Қызыл да, қызықшыл да әуре жан ғой.

Арсыз, малсыз, ақылсыз, шаруасыз,

Елiрмелi маскүнем байқалған ғой.

Бес-алты мисыз бәңгi күлсе мәз боп,

қинамай қызыл тiлдi кел, тiлдi ал, қой!


Өлеңi бар өнерлi iнiм, сiзге

Жалынамын, мұндай сөз айтпа бiзге.

Өзге түгiл өзiңе пайдасы жоқ,

Есiл өнер қор болып кетер түзге.

Сәнқой, даңғой, ойнасшы, керiм-кербез,

Қанша қызық болады өзiңiзге?


Каталог: uploads -> books -> 47828
47828 -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
47828 -> Ш. юлдошева, А. Нисанбаева
47828 -> Методикасы кафедрасы
47828 -> Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби
47828 -> Низами атындағы тмпу-дың Қазақ тілі және әдебиетін оқыту әдістемесі кафедрасының доценті Е. Абдувалитовтың “Абай халық данасы” тақырыбындағы сабақ үлгісі
47828 -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
47828 -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
47828 -> Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби
47828 -> Низомий номидаги тошкент давлат педагогика университети


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет