«Өзін -өзі тану» ПӘні- рухани –адамгершілік білімді іске асырудың негізі бисенова Индира Сеильхановна



Дата10.07.2017
өлшемі108,51 Kb.
#21037
«ӨЗІН -ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІ- РУХАНИ –АДАМГЕРШІЛІК БІЛІМДІ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ НЕГІЗІ


Бисенова Индира Сеильхановна

Қызылорда облысы, Төретем кенті №85 орта мектеп

Егеменді Қазақстанның өркениетті қоғам мен құқылы мемлекеттің қалыптасуы деңгейінде ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін, құзыреттілігін арттыру қажеттілігі бүгінгі таңда туындап отыр. Еліміз әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағытталуда. Бұл білім беру үрдісі мен педагогика теориясындағы өзгерістерге байланысты болып отыр, білім беру пародигмасы өзгерді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда.

12 жылдық білім тұжырымдамасында «мақсаты-өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі орташа өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру» - делінген [2]. Бұл Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім кеңістігіне жеткізуде жасалып жатқан қадамдар. Соның бірі – «Өзін-өзі тану» бойынша жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты.

Адамгершілік – рухани білім беретін осы пәнді жүргізуде мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндердің дайындығының аздығы байқалды. Ол баланың өз ойын толық жеткізе алмауы. Әрине мектепке келген 6 жасар бала ойын толық жеткізе алуы керек деген артық болар. Бірақ, ойын еркін айту, өз пікірін білдіре алу, басқаларды тыңдау, өзінен басқалардың пікіріне қосылып кете алу сияқты әңгімелесуге қажетті жағдайларды бала меңгермей келген.Яғни баланың өзіндік «Мені» қалыптаспаған. Бұл отбасы тәрбиесінен де, мектепке келген балалардың барлығы бірдей балабақшада тәрбиеленбеген болуынан да мүмкін. Осы орайда баланы мектепке дайындау мәселесіне көп көңіл бөлінуі керек. Ол баламен тілдесу, баланың пікірін тыңдау, ойымен санасу, т.б. Жас болса да бала өз пікірінің, қандай да бір идеясының үлкендер үшін маңызды екеніне сенімді болуы керек.

Осындай мәселелерді болдырмау үшін «Өзін - өзі тану» пәнін балабақшада, даярлық сыныбынна енгізіп,жүргізген өте тиімді. Мектепке баласын әкелген ата – аналармен арнайы конференция, жиналыстар, дөңгелек столдар өткізіп, адам өмірінде рухани – адамгершілік білімнің өте маңызды екеніне көз жеткізу керек.

«Өзін - өзі тану» пәні білім берудің басымдықтары – рухани – адамгершілік білімді іске асыруға, ұлттық және жалпыадамзаттық мәдениетті үйретуге ықпал етеді. Бала әртүрлі мәселелерді адамгершілік нормаға сәйкес конструктивті шешуге үйренеді. Өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым – қатынас жасауға, көмек беруге, қамқорлық жасауға үйренеді. Жасампаздық белсенділік, азаматтық және отансүйгіштікке тәрбиеленеді.

«Өзін - өзі тану» пәнін оқыту арқылы мектептегі басқа пәндердің әлеуетін күшейтеміз. Әрбір оқушының өзін - өзі тануының жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыруға ықпалы зор.

«Өзін-өзі тану» пәні бүгінгі заман талабынан туындап отыр. Қазіргі кезеңнің ең басты қажеттілігі адамдар арасындағы сыйластық, бірін-бірі қадірлеу, бірін-бірі құрметтей білу мен бағалай алуы, яғни адамдардың өзін-өзі, қоршаған ортаны, әлемді тани білуі.Сондықтан да оқу-тәрбие үрдісіне енгізілген «Өзін-өзі тану» пәнінің әлеуметтік-рухани өмірде алатын орны ерекше.

Қоғам дамуында біздің күнделікті қарапайым тіршілігімізде сүйіспеншілік пен ізгілік, мейірімділік пен қайырымдылық, шыдамдылық пен имандылық, адалдық пен ибалық сынды асыл қасиеттер қажет-ақ.

Осы адами қасиеттерді жүзеге асыру идеясын елімізде тұңғыш рет «Бөбек» қорының президенті, бар балаға қамқорлық нұрын төккен Сара Алпысқызы ұсынды. Сара Алпысқызының өркениетке өріс алған еліміздің дамуына деген зор сенімі,ертеңгі өскелең өрендерімізге деген сүйіспеншілігі мен қамқорлығы өмірге өзін-өзі тануды алып келеді.

«Өзін-өзі тану» пәнінің ең басты ерекшелігі- адамзат баласының ғасырлар бойы жинақтаған адами асыл қасиеттерді жас ұрпақтардың бойына сіңіру, ата салт пен ұлттық ұлы дәстүрлеріміздің жиынтық тәрбиесін тамырына тағылым етіп дарыту [12 ].

«Өзін - өзі тану» пәнінің білім берудегі маңызын анықтау үшін әрбір бастауыш сынып оқушыларына сынақ жүргізу қажет


  • Бастауыш сынып оқушыларының жалпы адамзаттық рухани құндылықтарын тану қабілеттерін зерттеу;

  • Бастауыш сынып оқушыларының «Мен-концепциясын» құрайтын «Әлеуметтік Менін» көрсететін нышандық тапсырмалар жобалық әдістемесі арқылы өзін-өзі бағалауын анықтау;

  • Бастауыш сынып оқушыларының «Мен концепциясын» құрайтын «Әлеуметтік Менін» көрсететін нышандық тапсырмалар;

  • Бастауыш сынып оқушыларының өзін-өзі бағалауын анықтау,

  • Бастауыш сынып оқушыларының жігерлілігін зерттеу,

  • Бастауыш сынып оқушылары дамуының жеке деңгейін анықтау жұмыстары,

Осыған сәйкес әр баланың бойына дамытушылық жұмыстарын қалыптастырумыз қажет.

- оқушы ішкі жан дүниесіне үңіліп, өзіне-өзі көңіл бөле бастауын дамыту,

- оқушы назарын адамгершілік-рухани құндылықтар ақкөңілдік, мейірімділік, қамқорлық, еңбексүйгіштік, әділдік, батылдық, төзімділік, табандылық, сенімділікке бағыттау;

- оқушыға өзінің қоршаған ортаның және адамзаттың адамгершілік-рухани тәжірибесінің бір мүшесі екенін ұғындыру;

- оқушының бойында өзіндік «Меніне» деген жағымды ұғымды қалыптастыру;

- оқушының өз ісіне баға беруге, өзгенің іс-әрекетін түсінуге, өзіндік тәжірибесімен бөлісуге дағдыландыру;

- жанұяның жылылығын сезінуге баулу;

- өзіне, өзгеге, жалпы айналасына құрметпен қарап, адамгершілік қасиеттерді бағалай білуге үйрету;

- отансүйгіштік, елін-жерін аялау сезімдерін арттыру.

Осыған орай өзін – өзі тану әдіс – тәсілдерін қолдануымыз қажет :

Бала бақшаларда және мектептерде «өзін-өзі тану» пәнінің мақсаттарын толық іске асыру үшін жалпыадамзаттық құндылықтар басым болатын ерекше атмосфера құрылады.

«Өзін-өзі тану пәні» бойынша жеке тұлғаға бағдарланған білім беру процесі:

- балаға құндылық тұрғысынан қарауды, оның қажеттіліктері, қызығушылықтары мен мүмкіндіктерін барынша есепке алуды;

- тұлғаның өзін-өзі тануы мен өзін-өзі жетілдіруіне арналған жағымды жағдайлар тудыруды;

- дамыта оқытудың әдістері мен формаларының әр түрлілігін, пәннің мазмұнын адамгершілік таңдау жасау мен ойлануға арналған өмірлік мысалдармен және жағдаяттармен толықтыруды;

- оқушылардың тұлғалық, рухани өсуінің ішкі динамикасына көңіл бөлуді;

- білім беру процесі субьектілерінің тілектестік диалогын ұйымдастыруды;

- мектеп, отбасы, қауымдастықтың өзара бірлесіп, тығыз байланыста әрекет етуін;

- білім мекемелерінде ізгілік, сүйіспеншілік, әділдік және өзара түсініктік атмосферасын құруды қарастырады.

«Өзін-өзі тануды» оқыту интерактивтік әдістеме негізінде білім беру процесіне әрбір қатысушының жеке тұлғалық ерекшеліктерін мойындай отырып жүргізіледі.

Адамгершілік құндылықтар әрбір жасқа лайықты әлемді қабылдау арқылы меңгертіледі. Өзін, өзге адамдарды тану,қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас жасау, ақиқат пен махаббатты түсіну адам өмірінің ең басты мәні тұрғысынан бала ойлана алатын, өзінің пікірін жеткізе білетін, таланты мен қабілеттерінің ашыла түсетін, формальды емес, сенімді жағдайда өтеді.

«Өзін-өзі тану» сабақтарында мұғаліммен ашық диалог жүргізіледі, әлеуметтік-рөлдік ойындар мен тренингтерде адамдардың өзара қарым-қатынас әлемі зерттеледі, өмірлік бақылаулары бойынша пікір алмасады, қоғамға қызмет етудің практикалық дағдылары дамытылады.

Өзін-өзі тану ерекшелігін есепке ала отырып, денсаулық сақтау әлеуетіне ие әр түрлі стандартты емес сабақ түрлері:

ойын-сабақтар, ойлану-сабақтары, пікір-сайыс сабақтары, театрландырылған сабақтар, шығармашылық сабақтар, конкурс-сабақтар, фантазия-сабақтар, концерт-сабақтар, экскурсия және т.б. сабақтар пайдаланылады.

«Өзін-өзі тануды» оқыту процесінде бірқатар әдістемелік тәсілдер қолданылады.



«Шаттық шеңбері» - сабақтың бас кезінде қолданылатын әдістемелік тәсіл. Мұғалім балалармен бірге, барлығы бір-бірімен еркін қарым-қатынас жасайтын шеңбер жасайды, әр түрлі ән айтып, өлең оқиды. «Шаттық шеңберінің» педагогикалық мәні -әрбір бала өзіне таныс үлкен достық шеңберіне қабылданғанын сезінеді, өзіне сенімі артып және өзгелердің де сеніміне ие болады.

«Тыныштық сәті» - релаксацияның әдістемелік тәсілі. Толық тыныштықта баланың жүрек соғу ырғағы мен тыныс алуы реттеледі, денесі жеңілденеді. Ол өз ойын жинақтай алу мүмкіндігіне ие болады, өзінің ішкі «Менін» түсіне алады, өзінің сезімі мен көңіл- күйін жақсы сезінеді. Мұғалімге балаларға осы жаттығуды орындату барысында олардың дене қалпына, тыныс алуы мен денесін бос ұстай білуіне баса назар аудару ұсынылады.

«Өзіммен-өзім» - бұл тәсіл баланың өзін және өзінің жүрегін тыңдай білуіне септігін тигізеді. Ол баланың сезімі мен эмоциясын, жалпы рефлексияға қабілеттерінің дамуын ынталандырады. Осы тәсіл балаларға жайлы әсер етеді, олардың қиялын дамытады, топтағы мінез-құлыққа жағымды ықпал етеді және әдетте, материалды жаңадан түсіну барысында пайдаланылады. Осы мақсаттарды жүзеге асыру барысында мұғалімнің сөзімен қатар, сондай-ақ аудиоқатарлар (классикалық музыка, табиғат дыбыстары және т.б.) қолданылады.

«Оқу» - оқушылардың білімін және адамгершілік қасиеттер мен құндылықтар туралы түсініктерін кеңейтуге, оқу іскерліктерін дамытуға бағытталған әдіс. Оқушылардың танып-білуге құштарлығын арттыру мақсатында үлкендермен бірге және өз бетінше көркем шығармаларды оқу ұсынылады. Бұл әдіс оқушылардың ойлауын, еске сақтауын, эмоциялық ерік-жігер салаларын дамытады.

«Сабақтың дәйексөзі» - Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, оқу материалын эмоционалды-бейнелі қабылдауына ықпал ететін өзін-өзі тану сабақтарының міндетті элементі болып табылады. Сабақтың дәйексөзі ретінде мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, афоризмдер алынады.

«Мұғалімнің әңгімелеуі», «Оқушының әңгімелеуі» - оқушылардың әңгіме, ертегі, өсиет әңгіме, өлеңдерді ұжым болып тыңдауына жағымды жағдай туғызатын сөйлеу және ойлау іс-әрекетінің маңызды түрі. Балалар осы әдіс арқылы әңгімені тыңдай және ести білуді, сезіне алу және сезіммен қабылдауды,ой елегінен өткізу мен пайымдай алуды үйренеді. Шығарманы әңгімелеудің кідіріспен, сахналау элементтері арқылы мазмұндап айту түрлері қолданылады.

«Әңгімелесу» - Бұл балалардың тақырып мазмұнын түсінуіне мүмкіндік беретін дидактикалық тәсілдің сұрақтар мен жауаптар түріндегі қарым-қатынас нысаны. Әрбір оқушы өзінің пікірін айта алады, тақырыпқа өзінің көзқарасын білдіре алады, өзін толғандыратын сұрақтарды қоя алады. Мұғалім балалардың ойлау қабілеттерін дамытады, оларды өз пікірлерін және жағдаяттар мен әрекеттерге қатысын білдіре алу іскерлігіне үйретеді.

«Ойын», «Жаттығу» - балаларды танымдық қызығушылықтарын жандандыру және меңгерген ұғымдар мен іскерліктерін бекіту үшін ұсынылатын оқыту әдісі. Ойын әрекеттері мен жаттығулары арқылы баланың жеке тәжірибесі негізінде оқу материалының мазмұны жүзеге асырылады. Балалар ойындар мен жаттығулар нәтижесінде құбылыстарымен жағымда қарым-қатынас жасау дағдыларына ие болады, өмірлік дағдыларды меңгереді.

«Шығармашылық жұмыс» - «Өзін-өзі тану» сабағының маңызды бөлігі. Сурет салу, макет. Коллаж жасау мен өлең, өсиет әңгіме, ән және т.б. шығару түрінде әр түрлі нысанда өз бетінше және ұжымдық әрекеттер арқылы жүзеге асырылады.Бұл тәсіл шығармашылық әлеуетті ашуға, символдар, бейнелер мен әрекеттер арқылы өзіндік «Менін» білдіре алуға көмектеседі. Бірлескен шығармашылық әрекет оқушылардың ынтымақтастық, шыдамдылық, ұқыптылық сияқты адами қасиеттерінің маңыздылығын ұғынуына, өзінің пікірін айту мен басқалардың пікірін құрметтей білу іскерліктерін дамытуға мүмкіндік береді; балалардың өз күшіне сенімділігін, өзінің қабілеттері мен шығармашылық мүмкіндіктеріне сенімдерін қалыптастырады; жауапкершілікке, дербестілікке тәрбиелейді.

«Жағдаяттар кезінде ойлану» - балалардың нақты өмірлік жағдаяттарды бағалай білу қабілеттерін дамытуға, өзінің ойы мен ісіне, әрекеттеріне жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал ететін әдістемелік тәсіл.Жағдаяттарды талқылау балалардың ойлауға бейімділіктерін,өзін және өзгелерді бағалауға икемділіктерін, қоршаған әлеммен жағымды өзара әрекеттестікті құра білу іскерліктерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

«Бейнематериалдар көру (фильмнен, мультфильмнен, үзінділер және т.б.)» - оқу ақпараттарын жеткілікті көрнекілік нысанда ұсынуға мүмкіндік беретін әдістемелік тәсіл.Айқын көркем бейнелер балалардың өтілген материалдардың мазмұнын қабылдауы мен меңгеруін күшейтеді.

«Ән шырқайық, достар!» - сабақта қосылып ән айтуды ұйғаратын әдістемелік тәсіл. Ән айту балалардың сезімдерін сергітіп, көңіл-күйін жадыратады. Бұл тәсіл сабақтың кез-келген кезеңінде қолданылады.

«Сергіту сәті» - шаршағанды ұмыттыруға, жалығуды болдырмауға, денеге түскен күшті төмендетуге қажетті өзін-өзі тану сабақтарының компоненті. Сергіту жаттығулары бір әрекеттен басқа әрекетке ауысуға бағытталған қысқа ойындар түрінде жүргізіледі. Осы тәсілді қолдану топта жақсы көңіл-күй тудырады, ұқыптылықты, реакция жылдамдығын дамытады, ұжымға топтасуға ықпал етеді.

«Сахналау» - бұл тәсіл «өзін-өзі тану» сабақтарында оқу материалының мазмұнын эмоционалдық-сезімдік күймен тиімді қабылдау мақсатында әр түрлі жағдаяттарды балалардың өздері рөлдерге орындауы арқылы ұйымдастырылады.

«Қорытындылау» - мұғалімнің өзі немесе балалармен бірлесіп сабақтың өзіндік логикалық қорытындысын шығаруға және құрылымдық элементтерінің орындалуына қол жеткізуге бағытталған әдістемелік тәсіл.

«Жүректен-жүрекке» шеңбері - әдетте, оқу сабағын аяқтайтын, бір-бірімен пікір алмасу, бір-біріне тілек айтуды қарастыратын және педагогтың әрбір баланың эмоционалдық жай-күйін, олардың сабақ тақырыбын түсіну дәрежесін анықтауына мүмкіндік туғызатын әдістемелік тәсіл.

«Үй тапсырмасы» - баланың сабақ тақырыбына және сабақта меңгерген білім, іскерлік және дағдыларын бекітуге қызығушылығын арттыратын тәсіл. Балалар үй тапсырмасын дәптерлеріне өз бетінше немесе үлкендермен бірге орындайды. Бұл балалар мен үлкендердің бірін-бірі жақсы түсінуіне септігін тигізеді.

«Өзін-өзі тану» бойынша оқу процесін ұйымдастырудың маңызды шарты балалардың жас және психологиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес эмоциялық жайлылықты қамтамасыз ететін денсаулық сақтау ортасын құру болып табылады. Сабақта әрекет түрлерінің алмастырылуы оқуға жағымды мотивтерді қамтамасыз етеді.

«Өзін-өзі тану» процесінде мұғалімнің рөлі айрықша, өйткені ол қазіргі оқыту мен тәрбиелеу әдістерін, психологиялық білімдерін, балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық процесті дербес құра алу білігін жетік меңгерген болуы тиіс. «Өзін-өзі тану» мұғалімі сабақта жеке тұлғаның шығармашылық әлеуетін, оның қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашуға көмектесетін оқытудың әртүрлі дәстүрлі, дәстүрлі емес түрлерін, интерактивті нысандары мен әдістерін қолданады.

Балаларға деген махаббат, әрбір баланың ерекшелігін құрметтеу, шыдамдылық, «ізгі ақыл» мен «жылы жүрек» - қоғамға қызмет етудің үлгісі болып табылатын « өзін-өзі тану» педагогының ең басты қасиеттері.

«Өзін-өзі тану» мұғалімнің құндылыққа бағдарланған бағыттылық әрекеті оқушылардың білім алуына, даналықты, адамзаттың мәдени жетістіктерін ұғынуына, өзара түсінікті және қоғамның барлық мүшелерімен жағымды қарым-қатынас жасауды үйренуіне мүмкіндік береді.

Қорыта айтқанда «Өзін - өзі тану» пәнінің білім беру жүйесіндегі орны жеке тұлғаның бойында рухани – адамгершілік қасиеттердің қалыптасып, дамуын қамтамасыз ету мен адамзаттың табиғатпен үйлесіміділікке дамуын сезінумен айқындалады.

Тәрбие әрекетінде бір – бірін толықтыратын, бір – бірімен сабақтас өзара байланысты мектеп пен отбасының бірлескен әрекеті бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік құндылықтарды меңгеруіне, әлеуметтік тәрбие алуда, өзін - өзі тануда маңызы зор.

Қай қоғамда, қай мемлекетте болсын, қарым – қатынас адами құндылықтар, оның ішінде адамгершілік құндылықтар қалыптастыру кез – келген мектептің міндеті болса, баланың өзін тануына, басқаны тануына, баланың болашақ дамуына «Өзін - өзі тану» пәні зор ықпал етеді.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Өзін - өзі тану пәні бойынша жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты.

Алматы: «Бөбек» ҰҒПББСО, 2006

2.«Өзін - өзі тану», Журнал № 1, 2008. 3 бет

3. «Өзін - өзі тану» әдістемелік құралдары.

4. «Бастауыш мектеп» ғылыми - әдістемелік журнал.



5. Самопазнание.kz, Журнал № 1,2,3
Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет