Бәсекелестік деңгейде
маркетингті басқару
Жалпы маркетингтік стратегияларды таңдау мен қалыптастыру
стратегиялық талдаудан кейін жасалынады. Талдау барысында
анықталған мәселелерді жоюды есепке ала отырып, түзетулер
енгізіп, кәсіпорынның сала ерекшеліктеріне қарай стратегияларды
әзірлейді.
Стратегиялар иерархиялық құрылым негізінде құрылады.
Біріншіден, кәсіпорынның базалық стратегиялары немесе
корпоративті стратегиялары әзірленеді, содан кейін нарықтық және
бәсекелік стратегиялары, соңында маркетингтік стратегия
жасалынады.
Нарық жағдайында кәсіпорындар мен фирмалардың табысты іс-әрекеті
көбінесе қабылданатын маркетингтік шешімдерге байланысты болып келеді.
Сондықтан да, шаруашылық жүргізудің көп салаларында маркетингтік
қызметтің білікті және дұрыс жүргізілу сауалдары аса маңыздылыққа ие
болады.
Маркетингіні басқару — сұранымды басқару. Маркетингпен шұғылданушы
сұранымның деңгейіне, уақыты мен сипатына әсер ете білуі тиіс, өйткені
орын алып отырған сұраным қалаған сұраныммен үйлеспеуі мүмкін.
Маркетингіні басқарушылар — фирманың маркетингілік жағдайына талдау
жасаумен, межеленген жоспарларды іске асырумен шұғылданушы және
бақылау міндетін орындаушы лауазымды адамдар.
Стратегия -ол негізгі мақсаттарға қол
жеткізудегі басымды мәселелер мен
ресурстарды анықтаудағы
әрекеттердің бас бағдарламасы
Николай Зыгмунтович Кунц
Екінші деңгейдегі фирмалардың стратегиялық позициясы
Екінші деңгейдегі фирмалар нарықта алдыңғы қатардағылармен саластырғанда
әлсіз позицияда
болады. Бірақ, олардың кейбіреулері өз позициясын сақтау үшін
шабуыл стратегиясын пайдаланып, алдыңғы қатарға ілесуге ұмтылады. Басқалары
өз жағдайына қанағат тұтып, кіріс түсіп тұрғандықтан алдыңғыларға ілесіп
отырады. Екінші деңгейдегі фирмалар сауда кезінде үнемдеу, жұмыс тәжірибесі аз
болғандықтан, мына стратегиялардың кез - келгенін пайдалана алады.
төменгі бағамен тауарлар ұсыну
төменгі баға болғанымен сапасы жақсы
сатып алушыларға жоғары қызмет көрсету
жаңа тауарлар ойлап табу
жаңа өнімдерді нарыққа шығаруда алды болу
жарнамалар ойлап табуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |