Патриоттық ТӘрбие берудің діңгегі, Ұлттық сананы қалыптастыру



Дата08.02.2022
өлшемі24,26 Kb.
#123176
Байланысты:
Мақала. НҰРЛАНОВА Нұрай
Фотосинтез сабақ жоспары, Фотосинтез сабақ жоспары, Хлоропластың құрылымдық компоненттері және олардың қызметтері, Мақала. НҰРЛАНОВА Нұрай, Тест Бұлшықет, Хлоропластың құрылымдық компоненттері және олардың қызметтері, Жасуша органоидтары, Жердегі тіршілік үшін судың маңызы, Жердегі тіршілік үшін судың маңызы, Анализаторлар, Тірек-қимыл аппараты, Тірек-қимыл аппараты, Жүйке жүесіне жалпы сипаттама. Жүйке жасушасының құрылысы, Анализаторлар



ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ДІҢГЕГІ,
ҰЛТТЫҚ САНАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ.
НҰРЛАНОВА НҰРАЙ
МАМАНДЫҒЫ: НЕГІЗГІ БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ ПЕДАГОГИКАСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ
ЖЕТЕКШІСІ: БИЛОГИЯ ПӘНІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ
СЕРІКБАЕВА ТОЛҒАНАЙ ОРАЛҒАЗЫҚЫЗЫ
КМҚК «М.О.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Менің туып өскен жерім-тәуелсіз Қазақстан.
«Адам тәрбиелеу,өзінің туған ұлы мен қызын тәрбиелеу- азаматтың ең бірінші аса маңызды қоғамдық қызметі, оның азаматтық борышы » деп В.А.Сухомлинский айтқандай, бала тәрбиесі отбасынан басталатынын ата - ана әрдайым жадында ұстауы тиіс.
Ұлы ағартушы, халқымыздың рухани көсемі А.Байтұрсынов: «Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан өссін» және Мұхаммед Пайғамбарымыз «Жастық шақта алған білім – тасқа ойылған нақыш» деген екен. Сондықтан біз сіздерге тек перзентіміз емес, еліміздің ертеңі, нұрлы болашағы деп қараймыз. «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, адамзаттық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп, еңбек ет. Еліміздің арайлы таңының пердесін тек белсенді жастар ғана аша алады. Елбасымыз, «Мен бүгінгі жастар, ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер. Сіздердің жастық шақтарыңыздың уақыты – біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақыты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңіздер», - деп пайымдаған. Сондықтан, Қазақстанның жаңа даму кезеңі – тікелей жастардың қолында. Олай болса, бүгінгі күннің жалындаған кемел жастары қандай қарекет етуде?
Алдымызда кездесетін талай асу белестерге қол жеткізуіміз үшін, еш қиындықтарға іркілмей, тек қана алға қарай жылжуымыз керек. Осы мақсатта, біз келешекте іске асырылуы тиіс жобаларды дайындадық. Санасы сергек, 52 жоғарғы технологияларды меңгеруге бейім, жаңа ұрпақ тізімін құру мақсатында, жастардың қоғамдық және саяси өмірін арттыру керек.
Мәселен, мәуелі жас ағашты баптағанда ғана, оның жайқалып, түзу өсетіні айдан анық. Сол сияқты қанатын енді қаққан жастарға да ақылгөй ел алыптары жол сілтеп ел саясатына араласуға мүмкіндіктер жасауы қажет. Сол себепті, халқымыздың арайлы таңын тек белсенді жастардың талапты талпынысына жол ашып, бойына патриотық сезімін ұялатып, салауатты өмір салтын үгіттеп, насихаттап, саяси көзқарасын дамыту арқылы көруге болады.
«Мәңгілік Елге» бастайтын жол – ол ұлттық тұтастық, Қазақстан халқының мызғымас бірлігі. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Еңбектеген баладан, еңкейген қартымызға дейін Отаншыл болуымыз керек», «Мен қазақпын» деп, өз ұлтыңды мақтаныш тұтқың келсе, онда тарихыңды біл. Сонда ғана болашағың айқын» деді. «Біз өткенімізбен де, бүгінімізбен де мақтанатындай ұлт болуымыз керек, егер патриот болсаң ғана Қазақстан мемлекеті «Мәңгілік Елге» айналады»- деді.Иә, отансүйгіштікке тұнып тұрған бұл өсиеттер әр қазақтың жүрегінде әрқашан сақталуы керек. [1]
Егер жас ұрпақ отансүйгіш, елжанды болып тәрбиеленсе «Мәңгілік Ел» дегеніміз сол! Біздің болашағымыз-жастар.Осы болашағымызды көзі ашық көкірегі ояу,білім сапасы жоғары,халқымыздың асыл қазынасын,салт-дәстүрін сүйетін, ұлтын, жерін, елін қадірлейтін, иманды, инабатты да ибалы,адамгершілігі мол етіп тәрбиелеудің негізі мектептен басталады. Елбасының айтқан сөздерін, іске асыратын біз бен болашақ жас ұрпақ. «Мәңгілік Ел» - бұл тілімізді, ділімізді, тарихымызды, салт-санамызды сақтап, қазақ деген атпен алдағы ғасырлардың көшіне ілесу.
Елбасы Жолдауында өмірдің баға жетпес құндылығы –балаға, бала тәрбиесіне, болашағына көп көңіл бөліп отыр. Отбасы, әке мен бала, бала мен ана мәселесіне – «Бала тәрбиелеу-болашаққа үлкен инвестиция» деуінде үлкен мән жатыр. Бұның барлығы ұлттық құндылықтарды сақтап, дамытуға бағытталған әрекет. Адамзат өзінің байырғы құндылықтарынан ажырамауы үшін ат салысып, адамдарды ізгілік пен қамқорлыққа шақыруы көңілге қонымды. Білім- барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарда көздеп отыр Қазақстан - менің атамекенім. Атамекен деген - туған тіл, ата салтдәстүр, еліңнің тарихы, байлығы, мектебің, үйің, бәрі-бәрі сонда. Ал бұларсыз өмір сүру мүмкін емес. Қазақстан - тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғығы толы кезеңімен есте қалды. Мың тоғыз жүз он алтыншы жылдағы көтеріліс, жиырмасыншы жылдардағы аштық, отызыншы жылдардағы тотолитарлық жүйе, ұлы Отан соғысы, мың тоғыз жүз сексен алтыншы жылғы жерді дүрсілкіндірген Желтоқсан оқиғасы. Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салды. Қанша қиыншылық келсе де, біз оларды ешқашан ұмытпаймыз, айыптамаймыз да. 53 Себебі, бұл - тарих. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» дейді халық. Қазіргі таңда Қазақстан өркениетті, дамыған елдер қатарында келеді. Еліміз тәуелсіз ел, дербес мемлекет болып, XXI ғасыр табалдырығын сенімді аттағанбыз [2].
Жастардың білім алуына толық жағдай жасалған, мүмкіндіктер жетілдірілген. Тек білім алуға деген асқақ арман, мақсаттарға ұмтылуға деген жастарымыздың ой - санасын оята білсе болғаны. Қай кезде де халқымыз өзінің болашағы – жастар тәрбиесіне көңіл бөліп отырған. Ұлт пен ұлыстың аманатын арқалаған жас өскінді тәрбиелеудің жолдары мен амалдары да сан тарау. Солардың ішінде шешуші рөл атқаратын тәлімі мен тәрбиенің бір түрі – жастарды патриотизм үлгісінде тәрбиелеу маңызды іс саналады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан-2050” Стратегиялық бағдарламасында: “Жастарды қазақстандық патриотизмге шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу қажет. Бүгіннен бастап ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкаппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек”, – деп ерекше мән беріп, тоқталған болатын.
Міне, осы тұрғыдан келсек, мемлекеттік дәрежедегі мәселе білім беру саласында патриоттық cезімде тәрбиелей оқыту мәселесінің өзектілігі әрқашан да маңызды болып қалмақ.
Қазіргі кезде жастарымыздың арасында Отанды қорғауға деген саналы көзқарастың болмауы салдарынан, әскер қатарында қилы келеңсіздіктер жиі кездесіп қалады. Сондықтан да балабақшадан бастап, мектепте, жолда және өзге де мекемелерде патриоттық тәрбие беруді қолға алудың қажеттігі айқын байқалуда.
Қазақ елінің ғасырлар бойы қалыптасқан отансүйгіштік тәлім дәстүрлерін, әдістері мен құралдарын жинақтап, оны бүгінгі оқушы тұлғасын қалыптастыруда ұтымды қолдану – уақыт талабы.
Зерттеуші ғалымдардың, педагогтардың тұжырымдары бойынша, жас ұрпақты отансүйгіштікке баулуда баға жетпес педагогикалық құрал – батырлардың қаһармандық бейнесі және оның қазақ ауыз әдебиетінде, тарихында, көркем шығармаларда сомдалуы болып табылады десек, одан қазақ батырларының бойындағы елдік қасиеттердің жиынтығы да, азаматқа тән адамгершілік болмысы “сегіз қырлы, бір сырлылық” та, шешенге тән алымдылық та, данаға тән білгірлік те, биге тән көсемдік те, әулиеге тән көрегендік те табылады. Сөзіміз дәлелді болу үшін Ер Төстіктің қаһармандығын, Бекет атаның бойындағы әулиелігін, Исатай батырдың ел бастаған билігін, Сырым батырдың шешендігін, Б.Момышұлының батырлығын айтуға болады. Тамыры терең патриоттық тәрбиенің көзі ұлттық тарихымызда осылай жалғасып кете береді [3].
Президент Н.Назарбаев “Қалың елім – Қазағым” жинағында “…Қазақстанда тұратын әрбір адам өзін осы елдің перзенті сезінбейінше, оның өткенін біліп, болашағына сенбейінше біздің жұмысымыз ілгері баспайды…” және “Біз қазақстандық патриотизмді Отанын, жері мен суын шексіз сүю, 54 халқының өнеге-дәстүрін, әдет-ғұрпын, елдің тарихын құрмет тұту, мүддесін көздеп, бостандығы мен құқын қорғау, әр адамның күш-жігерін ел бірлігін нығайтуға, азаматтық татулықты баянды етуге және ұлтаралық татулықты тұрақтандыруға жұмсау” деп жазған еді.
Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Демек, жас ұрпақтың бойында ұлттық патриотизммен бірге қазақстандық патриотизмді қалыптастыру ерекше маңызға ие. Қазақстанның әрбір азаматы ұлты мен дініне қарамай татулық пен бірліктің туын жоғары көтере білсе – патриотизмнің негізі сол болмақ. Елбасы өзінің “Тарих толқынында” кітабында: “Ұлттық бірліксіз патриотизм деген жансыз бірдеңе ғана болып қалады”, – деп ұлттық бірлікке ерекше мән береді. Бірлік пен татулықтың маңызына халқымыз да бейжай қарамаған. “Бірлік болмай, тірлік болмас”, “Төртеу түгел болса, төбедегі келер, алтау ала болса, ауыздағы кетер”, “Ынтымақсыз – ел оңбас” деп, жас ұрпақтың санасына сіңіріп отырған. Біздің Отанымыз Қазақстан – бүгінде тәуелсіз мемлекет.Елбасымыз өз сөзінде «Жер бетінде мыңдаған ұлттар мен ұлыстар бар. Біз – дербес мемлекет құру бақытына ие болған 193 ұлттың біріміз. Басқа бақыттың қонуы бір бөлек,сол бақытты бағалай білу бір бөлек.Тәуелсіз елдердің барлығы бірдей тұрақтылық пен татулыққа ұйып, дамудың даңғылына түсе алған жоқ.Тәуелсіздік – тарихтың сыйы немесе бүгінгі буынның меншігі емес. Ол- өткен бабалардың алдыңдағы қасиетті борышы және келешек ұрпақтың алдыңдағы зор жауапкершілік.Біз Тәуелсіздігімізге тәу етіп,тәубе деп,Тәуекелмен болашаққа бет түзеп келеміз.Біз бүгін Ұлы тарихымыздың тағы бір шебінен сенімді өтіп келеміз» деген еді.Шынында да тәуелсіздікке қол жеткізуіміз, адамзаттың басынан кешірген, ғаламат зобалаң заманнан аман – есен өтуіміздің өзі баға жетпес мұра емес пе?!
Патриотизмге тәрбиелеуде сүйенетін негізгі ұғымдар – ұлттық патриотизм және қазақстандық патриотизм. Бұл жерде ұлттық патриотизм және Қазақстандық патриотизм ұғымдары арқылы Отан, туған жер, ел, атамекен, мемлекет, халық туралы нақты түсініктер берудің тиімділігі арта түспек. Ал түсінік дегеніміз – бір нәрсенің мағынасы мен мәнін ұғыну. Сөйтіп, ұлттық патриотизм және қазақстандық патриотизм ұғымдарына анықтама беру, олардың мазмұнын құрайтын: отансүйгіштік сезімді дамыту, ұлттық салтдәстүрді ұстану мен мемлекет рәміздеріне құрмет қалыптастыру және басқа тәлім-тәрбиелік ұғымдар. Осыларды жан-жақты қозғап жүргізген зерттеу еңбектерімізде педагог, психолог, философ ғалымдар мен ақын-жазушылардың ой-пікіріне сүйеніп ұлттық патриотизмге және қазақстандық патриотизмге анықтама беруге ұмтылып жүрміз. Бұл бүгінгі күннің кезек күттірмейтін қажеттігінен туындап отыр [4].
Б.Момышұлы “Патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығы, қоғамдық, мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, өзіңнің мемлекетке тәуелді екеніңді, мемлекетті нығайту дегеніміз – жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм дегеніміз – мемлекет деген ұғымды, оны жеке адамның барлық жағынан өткені мен бүгінгі күнімен және болашағымен қарым- 55 қатынасын біріктіреді” – деп анықтама берген. Ұлттық патриотизм – бұл ұлттың ішіндегі жеке адамның асыл белгісі мен қасиеті, өз халқына деген сүйіспеншілігі, өз халқымен қан жағынан да және шыққан тегі, территориясы, тілі, байланысты. Еліміздің болашағы - жастардың еншісінде. Ендеше, ел сенімін, ел басы сенімінен шығу үшін жастарымыз жақсыға үйренген , жаманнан жиренген , көкірегі ояу, көзі ашық жан – жақты дамыған озық ойлы азамат болып қалыптасуы қажет. Еліміздің әрбір азаматы ел, жер тағдырын - өз тағдырынан еш бөліп қарамайтын Отанымыздың шыеайы патриоты болуға талпынуы керек. Осындай патриотты жастары барда еліміздің іргесі берік, алар асулары мен бағындырар шың биіктері әлі де алда боларына кәміл сенемін деп тілегімді білдіремін.
Баланы жастан демекші әуелі бастан- ақ жастарға дұрыс ықпал, түзу бағдар беруді тәрбие жұмысын бір минутта қалдырмау баршымыздың ата - аналық және педогогикалық борышымыз екенін ұмытпағаны абзал[5].
Қорыта айтқанда ел ертеңі көреген басшы мен кемеңгер халқының негізінде болмақ басшысына бағына алған халық пен халықының мүдесінен шыға алған басшысы бар ел мәңгілік болмақ! Елбасымыздың «Мәңгілік ел» идеясы өзінен бұрын өткен бабалар реформасы мен мақсаты бір болғанымен мағынасы мен жүйесі жағынан зор айырмашылық жасайды. Бабаларымыз халқын ауызбіршілікпен алға бастырып, әдет-ғұрпымен руханиятын шыңдап, заңдарымен ел бүтіндігін жер амандығын қорғап отырса, Елбасымыз сындарлы саясатымен өз халқын дамыған елдердің қатарына қосып, басқа елдермен терезесін тең етіп, бақытты да ша-шадыман тірлікке жеткізу, бұл дегеніміз бабалар арманымен мақсаты мен маңызы бір, мәні мен жүйесі бөлек іс. Президент бастаған істі ел де қолдамақ, біз секілді ұрпағы жалғамақ. Ол ұлы міндет. Сол үшін біз ұрпақ мәңгілік ел болмақ үшін мәңгілік тілдің өрісін кеңейтпегіміз парыз. Қазақ тілі болашақта тек қазақ әдебиетінің тілі ғана емес, техниканың, ғылымның һәм саясаттың тілі болса, елбасы жүктеген міндетті ел болып атқарғанымыз болмақ.
Елдің ертеңі үшін мәңгілік ел болашағы үшін, мәңгілік елдің тілдің қанат жаймағы үшін білім нәрімен әлеуеттеніп, мәңгілік мұрат ұстанбақ керек. Елбасымыз айтқандай XXI ғасыр – жастар ғасыры.
Мұқағали ағамыздың осындай сөздері бар:
« Сендердікі қоғам, өмір, заман да,
Сен түзеген қалаңменен далаң да,
Болашақта барлығы да сендердікі, жас ұрпақ,
Сендерге аманат етіп табыстаймыз, қабыл алыңдар!».
Біз - халқымыздың үміт артарымыз, өлкемізді көркейтіп жасартары да біз - жастар. Туған жер! Біз сенің атыңды жер бетіне жар салар перзентіміз, тәуелсіздікті мықтап қолда ұстайтын баламыз!
Кешегі Мағжан сенген жастарға бүгін Елбасы да сенді. Сенім артты. Сол үшін мәңгілік елге қызмет ету біздің борыш. Тіл мәңгілік, ұлт мәңгілік болғанда ғана ел мәңгілік болмақ. Мәңгілік тәуелсіздік болмақ. Елдің ертеңі нұрлы болсын! Қазақ елі мәңгі болсын!

Әдебиеттер тізімі


1. (ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жолдауынан) «Нұрлы жол -
болашаққа бастар жол»
2. Әбдәкімов А. Қазақстан тарихы. Астана, 1999.
3.Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 4 – томдық., 1 т., А.,
1996.
4.Қазақстан тарихы. Очерктер. А., 1994.
5.Н.Ә.Назарбаев "Тарих толқынында"

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет