Пауло коэльо



Pdf көрінісі
Дата07.02.2022
өлшемі12,49 Mb.
#84664
Байланысты:
Бейбіт өмірдің мәні - Пауло Коэльо



Пауло Коэльо
Бейбіт 
өмірдің 
мәні


ПАУЛО КОЭЛЬО
Бейбіт өмірдің мәні
© Paulo Coelho 2003
http://paulocoelhoblog.com/
© STEPPE & WORLD PUBLISHING ,
Алматы 2020
©
Ағылшын тілінен аударған– Динара Мәзен
Редактор – Назгүл Қожабек
Cover design © Mireia Barreras 2019
All rights reserved
Барлық құқығы қорғалған. Бұл жарияланымның ешбір бөлігі баспагердің 
алдын
ала жазбаша келісімінсіз қайта басылмайды, қойма жүйесінде 
сақталмайды әрі енгізілмейді, ешбір формада немесе тәсілмен 
(электрондық, механикалық, фотокопиялық, жазбаша немесе басқаша) 
тасымалданбайды. Бұл жарияланымға қатысты әлдебір заңсыз әрекет 
жасаған кез келген адамға қылмыстық жаза шаралары жасалып, залалы 
үшін азаматтық жауапқа тартылуы мүмкін. 
Бейсен Құранбекке 
арнадық


Б
аяғыда бір Патша болыпты. Көрші 
патшалықтар соғыстан көз ашпай 
жатқанда, ол Патшаның елі мамыражай, 
бақытты өмір сүріпті. 


П
атша осы бейбіт өмірдің мәнін 
білгісі келіп, бір күні кеңесшісін 
шақырып алып: 
– Неге бейбіт өмір сүріп жатқан біздің 
патшалық қана?- деп сұрапты.
– Себебі адамдар өміріне риза, көңілі 
тоқ.
– Не үшін олардың көңілі тоқ?
– Өйткені әркім өз ісінен рахат көреді,– 
дейді кеңесші.


«Қ
ырғиқабақ, басқыншыл елдердің 
арасында тұрған неткен қиын еді, 
– деп ойлайды Патша уайымдап. – 
Күндердің күні олар өзара шапқыншылықтан 
жалығып, бізге шабуы мүмкін. Көршілерімізге 
бейбіт өмірдің мәнін қалай ұғындырсақ екен?»


П
атша көлге қарап, ойға шомып отырғанда, 
қасынан ескегін есіп қайықшы өтіп бара 
жатады. 
– Ей, қайықшы, көршілерімізге бейбіт өмір 
сүргеннің маңызы зор екенін түсіндіре аламыз
ба? – деп сұрайды Патша одан. 
– Олар бір тілде сөйлемейді ғой, – дейді қайықшы. 
– Сондықтан бірін-бірі түсінбейді. Бейбіт өмірдің 
мәнін қайдан ұқсын...
Қайықшының сөзінің жаны бар еді. Бірақ Патша 
қалай да мәселенің шешімін табуға бекінді. 
Күні бойы көл бетіндегі майда толқынға қарап 
ойланып, аяғында бір жақсы тоқтамға келгендей 
болды.


Е
ртеңінде таң атар-атпастан патшалығындағы бар 
халқын сарайына шақырды. 
«Бейбіт өмірдің бейнесін салған ең тамаша сурет 
иесіне он алтын теңге беремін!» деп жар салғызды. 


Х
алқы тапсырманы орындауға білек 
сыбана кірісті. 
Жыл аяғында сарайға сурет көтеріп 
келмеген адам қалмаған шығар: алтын 
теңгеден әркім-ақ дәмелі еді. 


С
уреттер қағазға да, кенепке де, матаға да, 
ағашқа да, тасқа да салыныпты.
Кестеші де,
наубай да,
сарбаз да,
хиппи де,
монах та,
сәуегей де,
мектептегі ең үздік оқушы мен ең нашар 
оқушы да сурет салып әкеліпті.


П
атша сарайы суретке толды. 
Арасынан ең жақсысын таңдап 
алған оңай болмасы анық еді. 
Күні-түні ойланып, Патша бір шешімге 
келді де, байламын айтпақ болып 
халқын тағы сарайға жинады.


Б
әрің аянбай еңбек еттіңдер, көп 
рақмет, – деді ол. – Махаббатпен 
жасалған әр туындыны ғажап дүние 
деуге болады. Уәде еткен сыйымды беру 
үшін бір суретті таңдап алуым керек. Мына 
суретке қараңыздаршы, оны екінші орынға 
лайық деп таптық. Онда асқар таудың қуаты, 
шуақты күннің жарығы, отбасындағы қамсыз 
тірлік, дәмді астың ләззаты, айдын көлдің 
тыныштығы, орманның саясы, құстардың 
сайраны, сәбидің пәктігі бейнеленген. Осындай 
тартымды суретті, әлбетте, бірінші орынға 
лайық десе болар еді. Бірақ бейбіт өмірдің 
мәнін одан гөрі мына бір туынды жақсырақ 
жеткізіп тұр.


П
атша таңдаған суретін көрсеткенде, 
жұрт шошып кетті. Мұндай сурет 
бейбіт өмірді сипаттайды дегенге 
ешкім келіскісі келмеді. 


П
атшаның есі ауысса керек, – деді бір әйел. 
– Мұндай ұсқынсыз суреттегі – бейбіт өмір
болуы мүмкін емес! – деді наубай. 
– Өнерден хабары бар адаммен кеңессеңіз болар 
еді, – деді Патшаның жұлдызшысы. 


–Ә
рине, сендер мені өнерді түсінбейді, 
бейбіт өмірдің мәнін ұғынбайды деп 
ойлап тұрсыңдар, – деді Патша. – 
Бұл суретті алғаш көргенімде мен де тітіркеніп 
кеттім. Табиғат алай-дүлей буырқанып тұр, 
бірақ жел шайқаған ағаштың бұтақтарына 
қараңдаршы. Оның бір бұтағына құс ұя салған, 
сол ұяда кішкентай балапан отыр. Балапан 
мұңсыз, өйткені анадайда тұмсығына қыстырған 
жемтігі бар анасы ұшып келеді. Мен үшін 
бейбіт өмірдің мәні деген осы. Кеудеңді шаттық 
кернеп тұрса, отбасың аман болса және өзің 
жақындарың үшін жан беруге әзір болсаң, 
айналаңдағы небір аласапыранды елемейсің, 
өйткені жүрегіңдегі тыныштық бар қиындықты 
еңсереді.


С
урет өзге патшалықтардың бәріне тарады. 
Оны көрген жұрт уақыт өте келе Патшаның 
айтпағын ұқты, сөйтіп олардың да жүрегіне
бейбіт өмірдің мәні орнықты. 



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет