Павлодар қаласы және Павлодар облысы аудандарының сертификатталған мұғалімдері және мектеп тренерлері арасында өтетін «Менің үздік коучингім» атты әдістемелік сабақтар жоспар байқаудың ережесі



Дата15.07.2017
өлшемі62,62 Kb.
#21192
БЕКІТЕМІН

Павлодар қ.ПШО филиалының директоры

________________________ Н.С.Сарбасов

«27» наурыз 2017 ж.


Павлодар қаласы және Павлодар облысы аудандарының

сертификатталған мұғалімдері және мектеп тренерлері арасында өтетін «Менің үздік коучингім»

атты әдістемелік сабақтар жоспар байқаудың

ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы ереже Павлодар қаласы және Павлодар облысы аудандарының

сертификатталған мұғалімдері және мектеп тренерлері арасында өтетін «Менің үздік коучингім» атты әдістемелік коучинг жоспар байқауын өткізу тәртібін белгілейді (ары қарай-сайыс).

1.2. Ереже байқаудың ұйымдастырылуын белгілейді; байқауға қатысушылар мен жіберілетін материалдарға талаптар қояды; байқау материалының тәртібін белгілейді.

1.3. Байқаудың ұйымдастырушысы Павлодар қаласындағы «Педагогикалық Шеберлік орталығы» филиалы (ары қарай ПШО).

1.4. Қазылар алқасына Павлодар қ. ПШО филиал тренерлері, Павлодар облысы білім басқармасының өңірлік орталығының өкілдері, Білім беруді дамытудың Инновациялық орталығының өкілдері, Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің сертификатталған мұғалімдері (ары қарай-ХББ НЗМ)., Павлодар қ. білім бөлімінің әдіскерлері.

1.5. Сайыс жеңімпаздары дипломмен марапатталады. Барлық қатысушыларға Сертификат беріледі.

1.6. Павлодар қ. ПШО филиалы үздік педагогикалық тәжірибені тарату мақсатында (2.2 сәйкес) сайыс материалдарын www.cpm.kz порталына орналастыру құқығын өзіне қалдырады.
2. Мақсаты мен міндеттері
2.1. Байқау сертификатталған жалпы орта мектеп мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында өткізіледі.

2.2. Міндеттері:



  • Оқыту тәжірибесінде Бағдарлама идеяларын тиімді қолданып жүрген мұғалімдерді анықтау;

  • Үздік педагогикалық тәжірибені тарату;

  • Шығармашыл мұғалімдерді қолдау.


3. Байқаудың мерзімі
3.1. Байқау 01.04.2017 - 12.05.2017 жыл аралығында өтеді.

3.2. Байқау екі кезеңнен тұрады:

1-ші кезең:

01.04.2017 – 30.04.2017 ж. – өтінім қабылдау және коучинг жоспарларын қосымшалармен қабылдау.

2-ші кезең:

02.05.2017 – 12.05.2017 ж. - қазылар алқасының отырысы, сырттай кезеңінің жеңімпаздарын анықтау, марапаттау (Дипломдар Павлодар қ. ПШО филиалында беріледі, қатысушы Сертификаты электронды түрінде e-mail арқылы).



4. Байқауға қатысушылар
4.1. Байқауға Павлодар облысы аудандарының және Павлодар қ. жалпы орта білім беру мектептерінің 1 (ілгері) деңгей және 2 (негізгі) деңгей бойынша, «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім қошбасшылығы» және «Мектептегі мұғалім қошбасшылығы» бағдарламалар бойынша сертификатталған мұғалімдері қатыса алады.

4.2. Байқауға әр мектептен үш жұмысқа дейін (бір бағыт бойынша бір жұмыс) қабылданады (5.1 сәйкес).


5. Байқаудың мазмұны
5.1. Байқау келесі бағыттар бойынша жүреді

Байқаудың өткізілу бағыттары:

Бірінші бағыт 1 (ілгері) деңгей және 2 (негізгі) деңгей бойынша сертификатталған мұғалімдерінің коучинг жоспары

Екінші бағыт – «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім қошбасшылығы» және «Мектептегі мұғалім қошбасшылығы» бағдарламалар бойынша сертификатталған мұғалімдерінің коучинг жоспары

Үшінші бағыт – «Тәжірибедегі рефлексия» бағдарлама бойынша сертификатталған мектеп тренерлерінің коучинг-жоспары

5.2. Ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар:

- сабақ жоспары ұсынылған мақсат және міндеттерге сай болуы;

- сабақ жоспарлаудағы креативтілік;

- оқытуда әлеуметтік-сындарлы оқыту құру;

- бағдарламаның жеті модулін ықпалдастыру
6. Байқауға ұсынылған материалдарға қойылатын талаптар
6.1. Байқау материалы электронды түрде Microsoft Word форматындағы бір файл ұсынылады. Файл: тегі-аудан-мектеп.docx. ретінде аталуы қажет. Мысалы: Ахметова-Шарбақты-№3 ЖОББМ.docx

6.2. Файлдың құрамы келесі реттілік бойынша орналасады:



  • сауалнама-өтінім (1 қосымша);

  • коучинг-жоспары және қосымшалар (2 қосымша);

6.3. Барлық құжаттар cpm_pvl@mail.ru (байқау «Менің үздік коучингім» тақырыбы бойынша) электронды адресіне жіберіледі.

6.4. Қосымша ақпараттар үшін: Ломова к., 21 Офис 2. Павлодар қ. ПШО филиалы. Орыс тілінде: +7707 607 1659 Айдарханова Ирина Ивановна

қазақ тілінде: +7777 865 66 65 Ныгметова Бибигуль Джамбуловна

1-Қосымша
«Менің үздік коучингім»

атты байқауға қатысуға,

_____________________ бағыт бойынша

САУАЛНАМА - ӨТІНІМ
1. Автордың аты-жөні (толығымен) ___________________________________ __________________________________________________________________

2. Жұмыс орны_____________________________________________________

3. Лауазымы_______________________________________________________

4. Педагогикалық жұмыс өтілі________________________________________

5. Оқытатын пәні___________________________________________________

6. Бағдарлама бойынша сертификатталған _____________________________



7. Байланыс мағлұматтары (электронды пошта, телефон) __________________________________________________________________
2- Қосымша
КОУЧИНГ ЖОСПАРЫН РӘСІМДЕУ ҮЛГІСІ

Фото

Аты-жөні және жұмыс орны

Коучинг тақырыбы:







Коучингтің жалпы мақсаты:







Күтілетін нәтижелер:







Түйінді идеялар:







Уақыт, кезендер

Коучтің қызметі

Мұғалімнің қызметі

Ресурстар













Ескертулер:


  1. Қолданылатын ресурстар (мәтіндер, фото, суреттер, кестелер және т.б.) жеке Қосымша ретінде Коучинг жоспарынан кейін тіркеледі, және аталады, мысалы: №1 Қосымша – «Атомдар мен молекулалар» ойыны

  2. Қолданылатын бейнематериалдар жеке файл негізінде жіберіледі немесе құжатта көрсетілген құжатқа сілтеме ретінде жіберіледі.

Каталог: files -> loader
loader -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
loader -> №23 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
loader -> Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Сандықтас қонысы көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған
loader -> Сабақтың тақырыбы: Абай шаңырағы Сабақтың мақсаты
loader -> Рассказ. Б. Комеков, С. Утениязов. «Шокан Уалиханов». Рассказ. Ж. Касымбаев. «Абылай хан»
loader -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ақын өмірбаянымен
loader -> Ануарбек Дуйсенбиев «Зима в лесу»
loader -> Қарағанды тарландары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет