Павлодар қаласы МҚкк №4 сәбилер бақшасы



Дата25.12.2016
өлшемі6,58 Kb.
#4491

Павлодар қаласы МҚКК №4 сәбилер бақшасы

  • Жаркина Бақтыбала Қабдоллақызы
  • Білімі: жоғары
  • Өтілі: 10 жыл
  • Санаты: 2
  • 2012-2013 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Құстар

  • Мақсаты:
  • 1.Жабайы және үй құстары туралы білімдерін кеңейту. Олардың тіршілігін, ортақ қасиеттерін, айырмашылығын ажыратуға үйрету.
  • 2. Балалардың ой-өрісін, сөздік қорларын дамыту. Сұраққа толық жауап беруге, 2-3 сөйлем құрастыруға қалыптастыру.
  • 3. Балаларды дала, үй құстарына қамқор болуға баулу.

Білім саласы: қатынас. Бөлімі: қазақ тілі. Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын. Сабақтың көрнекілігі: суреттер, ойыншықтар, кластер, үнтаспа, карточкалар.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. * Балалар бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. Ендеше, бүгінгі келген қонақтарымызбен амандасайық, өзіміздің білімдерімізді көрсетейік.

  • l. “Шаттық шеңбер”
  • Сылдыр-сылдыр шапалақ,
  • Міне, менің қолым.
  • Міне, менің жүрегім,
  • Сені жақсы көремін.

Негізгі кезеңі. 1. Кіріспе әңгіме: -Балалар бүгін аптаның қай күні? -Жылдың қай мезгілі? -Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады? -Ендеше, балалар осы өзгерістерді бақылау үшін “Орман патшалығына” саяхатқа барайық. Келе жатқан жолымыздың жан-жағы сары алтынға боялған, ауасы таза, күн ашық. Айнала сайраған құстардың дауысы естіледі. (Құстардың дауыстарын тыңдату мелодия)

  • -Балалар қандай құстардың дауыстарын естіп тұрсыңдар?
  • - Иә, бұл құстардың дауысы. Олай болса бүгінгі
  • тақырыбымыз құстарға арналады. Онда бүгін біз
  • сіздермен жұмбақтар, жаңа сөздер, қызықты ойындар
  • ойнап, суреттер бойынша әңгімелесеміз.

-“Орман патшалығында” қандай құстарды танисыңдар? - Осының ішінде қандай құстар қыстап қалады? - Құстар ағаштарды неден қорғайды? - Балалар сендерге ормандағы саяхат ұнады ма? - Ал енді “Орман патшалығынан”” сыныпқа оралайық. 2. Ойын: ”Құстардың дене мүшелері” Бәріміз тақтаға қарайық. Тақтада құстардың суреті бейнеленген. Ал, сендердің үстелдерінің үстінде құстың дене мүшелеріне байланысты карточкалар жатыр. Осы карточкаларды дұрыс орналастырыңдар.

3. Жұмбақтарды шешу: * Шықылықтап тұрмайды, Құйрығы ұзын, өзі ала. Бұл қандай құс? (Сауысқан) * Таң азанмен оянды, Елдің бәрін оятты. (Әтеш) * Түрі көмірге ұқсайды, Қарқылдап ұшады. (Қарға) * Шарлап келіп даланы, Үйіме, үйін салады. (Қарлығаш)

4. Сергіту сәті. Кәне, қанат жазайық, Қарлығаш боп ұшайық. Ұшып-ұшып алайық, Орнымызға қонайық. 5. Оқулықпен жұмыс. Тапсырма. Суреттегі құстарды көрсетіп, олардың қалай дыбыстайтындығын айтқызу.

6. Сурет бойынша жұмыс. -”Орман патшалығындағы” көрген құстарды есімізге түсіріп, атап шығайық. - Олар қандай құстар?(жабайы құстар) - Ал, мына берілген суретте тағыда қандай құстарды көріп тұрсыңдар? - Осы құстарды басқаша қалай атауға болады? (үй құстары)

7. “Құстарды ажырату” ойыны. (Балалардың үстелдерінің үстінде жатқан шашыранды құстардың суретін жинастырып, жапсыру) 8. Рефлексия. - Не білдік? Не білемін? Не білгім келеді?


Каталог: files -> caf
caf -> Сабақтың тақырыбы: Қазақфильм киностудиясы. Сабақтың мақсаты: Білімділік: а кино өнері туралы мәлімет беру
caf -> Сабақтың тақырыбы:
caf -> Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин әңгімелері «Әке мен бала», «Жаман жолдас» Сабақтың мақсаты
caf -> Сабақтың тақырыбы С. Торайғыров «Шілде» өлеңі Сілтеме
caf -> Мақсаты: Балаларды шығарманы мазмұндауға үйрету. Міндеттері
caf -> «Көңілді қыс» Возрастная группа дайындық топ Білім беру бөлімінің №1 сәбилер бақшасы Мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорын Ашық сабақ Тақырыбы: «Көңілді қыс» Дайындық
caf -> Тақырыбы: «Қысқы орманға саяхат»
caf -> Сабақтың барысы. Тәрбиешінің алдында үстел үстінде телефон тұр, біреу қоңырау шалады. Балалар тәрбиешінің қарама- қарсы отырады
caf -> Бөлімі: Тіл дамыту Тақырыбы: «Қыстайтын құстар» Мақсаты: Білімділік


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет