Педагог-хореографты жобалау іс-әрекетінің ҚҰралдары арқылы даярлау



Дата08.09.2017
өлшемі79,38 Kb.
#30748
ПЕДАГОГ-ХОРЕОГРАФТЫ жобалау ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ҚҰРАЛДАРы арқылы ДАЯРЛАУ
Абдиева Ғазиза Макешевна, аға оқытушы

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті


Жаңадан аяқ басқан ХХІ ғасырда мемлекетіміздің стратегиялық жоспарына және отандық білім беру жүйесіне сай келетін педагогикалық кадрларды даярлау мәселесінің өзектілігі жоғары болып отыр. Білім беру жүйесін модернизациялаудың аталған кезеңінде басым бағыттардың бірі оның сапасын, оның ішінде осы салада жобалау үдерістерінің, білім беру, ғылыми жіне практикалық іс-әрекетті интеграциялау негізінде белсенділігін арттыру болып табылады. Жас маманға жоспарланбаған, кездейсоқ жағдаяттар туындаған сәтте бағдарлана алу дағдысы, кәсіби іс-әрекетін жобалау және оқу іс-әрекетін жаңа жақтарын болжай алу маңызды сапаға айналып отыр. Болашақ педагог-хореографқа жобалау икемділіктерін дамытуға деген қажеттілік оны болашақта өз шәкірттерінде қалыптастыру міндетімен өзекті бола түседі.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Хореография» кафедрасының инновациялық қызметінің басым тәсілдерінің жобалау тәсілі болып табылады. Кафедра инновациялық қызметінде басымдылық оқытушыны кәсіби даярлауды жетілдіру, оның бейнесін өзгерту және инновациялық білім беру жағдайында қызмет жасауға даярлау. Осының нәтижесінде болашақ педагогты даярлау сапасы қалыптастырылады. Кафедраның әрбір педагогының тұтас педагогикалық үдерісте жүзеге асыратын дербес жобасы болады. Жоба педагогтың қажеттіліктерінен туындаған мәселеге, оның нақты әлеуетіне негізделеді және білім беру іс-әрекетінің ұсынылған формалары оның тұлғалық дамуының шарты болып табылады. Жобаларды іске асырудың басым құралдары дамытушы кооперация құралдары, рефлексивтік технология, педагогикалық жобалау технологиясы және т.с.с. [1]. «Хореография» кафедрасының студенттері де жобалық іс-әрекетті меңгеруде. Студенттің жобалау қызметі өз бетінше шығармашылық ізденіс жүргізуге бағытталған. Бұл жерде игерген білімдері тексеріледі, зерттеушілік әлеуетінің белсенділігі арта түседі, шығармашыл тұлға қалыптасады. Студенттердің жобалау іс-әрекеті жоғары кәсіптік білім беруді модернизациялау кезеңінде ол жеке тұлға үшін ерекше маңызға ие болады және жаңа ақпаратты меңгерумен қатар, білім алушылардың өз мінез-құлқын өзгертуге және үздіксіз білім алуға қажеттілігін сезінудің алғышарты болуы тиіс. Бұл жерде сөз Г.В.Елизарованың тұжырымдамасына сәйкес жұмыстың үшінші типі жайлы болып отыр. Оған сәйкес – «студенттің қызығушылықтары, қажеттіліктері, мүмкіндіктері, қойылған мақсаттары мен қол жеткізген нәтижелерінен шығатын өз бетінше орындайтын шынайы жұмысы» болып табылады [2]. Педагогикалық әдебиеттерде [3] танымдық тапсырмалар жаңа білімдерді және оқытуда байланыстарды, қатынастар мен дәлелдерді белсенді пайдаланудың тәсілдері (икемділіктері) мен ынталандыру жолдарын көздейтін оқу тапсырмасы ретінде қарастырылды. Осылай бола тұра білімді болу мен оны пайдалана білу – екеуі тіпті бір нәрсе емес. Тәжірибеде базалық білімдерді үйреншікті емес жағдайда пайдалану және күрделі емес, бірақ қалыптан тыс тапсырмаларды тапсырмаларды орындау кезінде айқын көрініс береді. Оқытудың басты қызметі білімді жинақтау емес, меңгерілген білімді белсенді шығармашылық өңдеу негізінде жаңа білімге ие болып, студенттің оқыту мақсатын өзін-өзі дамыту мақсаты ретінде қабылдауы болып табылады. Ол үшін білім алушылар танымдық белсенділікті жүзеге асыруға өз бетінше іс-әрекет етудің тәсілдерін меңгеруі қажет. Болашақтағы тиімді кәсіби іс-әрекеті ынталандыру болып табылады. Жоба тақырыбының нұсқасын қатысушылар өз беттерінше қызығушылықтарына, қабілеттіліктеріне, педагогикалық практиканың өту орнына және болашақта жобаны практикалық қолдану мүмкіндігіне байланысты таңдайды. Содан соң жобалық жұмыстың мақсаты мен тапсырмасының тұжырымдамасы, жобаны орындау әдістері мен тәсілдерін таңдау, болжамды ұсыну, студенттердің өз беттерінше зерттелетін мәселе бойынша әдебиеттерді іздеуі жүзеге асырылады.

Педагог-хореографты даярлаудың тиімділігіне студенттерді классикалық биді оқытудың теориясы мен әдістемесі, халық биін оқытудың теориясы мен әдістемесі, қазіргі заманғы биді оқытудың теориясы мен әдістемесі, тарихи-тұрмыстық биді оқытудың теориясы мен әдістемесі, биді қою композициясы және т.б. пәндерді оқу үдерісінде жобалау икемділіктерін дамытуға бағытталған жобалау іс-әрекетіне жұмылдыру арттыра түсетіні белгілі. Хореографиялық жобалаудың келесі түрлері бар: оқу және би комбинацияларын құрастыру бойынша шығармашылық тапсырмалар, хореографиялық нөмірді шығару және қою, оқу тобында сабақтың үзінділерін өткізу, оқу міндеттеріне сәйкес практикалық сабақтардың жоспарын әзірлеу, студенттердің орындаущылық қызметін шығармашылық көрсетуі, «Биді қою композициясы» пәні бойына студенттердің шығармашылық жұмыстарын көрсету, түрлендірілген шығармашылық міндеттерді шеш, дипломдық жобаларды, рефераттар, баяндамалар, тезистер орында және т.с.с. [4]. Жобалаудың нәтижелері үнемі нақты болады және хореография практикасында пайдаланыла алады. Студенттердің жобалардың басым көпшілігін қаланың білім беру мекемелерінде, хореографиялық ұжымдарында жүзеге асыратын болып жүр. Қорытынды мемлекеттік аттестациялау дипломдық жұмысты жобалау түрінде өтеді. Дипломдық жобалау екі кезең бойынша жүзеге асырылады: практикалық – би қойылымын өою, теориялық - жазылған дипломдық жұмысты қорғау. Студенттер классикалық, халық қазіргі заманғы, тарихи-тұрмыстық би түрлері дипломдық жобаларын ұсынады. Бұл пәндер университетте оқытудың бүкіл кезеңінде жүзеге асырылады. Осылайша оларда жобаны жүзеге асыру үшін білімдері жеткілікті болады. Кейбір студенттер білім ала отырып мамандық бойынша еңбек етеді. Олардың қызмет ету мекемелерінде жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік бар.

Соңғы жылдары педагогикада жобалау мәселесі көптеген зерттеушілердің назарын аударып отыр. Жобалау әлеуметтік-педагогикалық (О.И. Генисаретский, М.Г. Мерзляков, З.Ф. Мазур, және басқалары) және дидактикалық (В.С. Безрукова, Г.Л. Ильин, В.М. Монахов, және т.б.) аспектілерде қарастырылады. Педагогикалық жобалаудың әдіснамалық тәсілдері Г.Л. Ильин, В.В. Краевский, В.А. Сластенин, және т.б. еңбектерінде қарастырылады. Болашақ педагог-хореографтарды даярлаудың құралдарының бірі ретінде жобалау қызметінің құрылымы мына төмендегідей болады:



  • мақсат-болжамдық (оқу-шығармашылық іс-әрекеттің ойын, мәселесін анықтау, міндеттер қою, оларды шешу идеяларын таңдау);

  • модельдеу (шешу нұсқаларын әзірлеу және бағалау, болашақ қызметінің бейнесін теориялық тұрғыда елестету);

  • құрастыру (мақсатқа жетудің шарттары мен құралдарын аныөтау және негіздеу, іс-әрекет тактикасын даярлау, қызметті жүзеге асыру кезеңдерін жоспарлау);

  • жүзеге асыру (жоспарланған әрекетті жүзеге асыру, іс-әрекетерін үйлестіру, оқу-шығармашылық іс-әрекетінің мұнан арғы бағытын анықтау) [5].

Студенттердің жобалаушылық қызметтері олардың өткен тәжірибелері, қажеттіліктері, тұрақты қызығушылықтары, мақсаттары, мотивтерінің деңгейімен анықталатын белсенділік дәрежесімен сипатталады. Болашақ педагог-хореографтарды үш кезеңмен, атап айтқанда ұйымдастырушылық-даярлық кезеңі, ұйымдастырушылық-практикалық және қорытынды кезеңдерімен жүзеге асырылады.

Ұйымдастырушылық-даярлық кезеңі:

  • - жұмыстың мақсатын болжау және маңызын анықтау;

  • - іс-әрекет бағдарламасын құру (жұмыс жоспарын);

  • - нақты тапсырманы перспективалық және ағымдағы жоспарлау.

  • жобалау қызметінің теориялық негіздерімен танысады.

Ұйымдастырушылық-практикалық кезең кәсіби маңызды жобаны жүзеге асыруды қарастырады.

Қорытынды кезең жобаны практикалық көрсетуден тұрады. Студенттердің есеп беру құжаттары талданады.

Жобалаудың құрылымына толығырақ тоқталып өтсек:



  • мақсат-болжамдық кезеңде жобалау қызметінің мақсаты мен міндеттерін анықтауға мүмкіндік беретін сабақтар ұйымдастырылады, мәселе, сюжеттік жағдаят қалыптастырылады. Студенттерьге жобалық қызметті ұйымдастыру бойынша ақпараттар мен жазбаша ұсыныстар беріледі. Жоба тақырыптары бойынша кеңес беріледі, жобаның негізгі идеялары, мәліметті жинақтау және талдау тәсілдері талқыланады, жеке жұмыс жоспары бекітіледі;

  • модельдеу кезеңі жобаның идеясына сәйкес материалдарды жинақтап, жүйелеуді қарастырады. Бұл жерде студент мақсатт ығана емес, сонымен қатар оларды оқу-тәрбие іс-әрекеті арқылы дамыту жолдарын ойластырады.

  • құрастыру кезеңінде жобалау қызметінің нәтижесі рәсімделеді, берілген ескерту мен ұсыныстарға сәйкес толықтырулар енгізіледі.

  • жобаны жүзеге асыру кезеңі ойластырған жобаны ұйымдастыру, түзету, орындаудан тұрады.

  • талдау кезеңінде орындалған жұмыс бойынша есеп рәсімделеді [3].

Ал оқытушының негізгі міндеті студенттің жеке білім беру ортасын (дербес білім беру бағытын) құрастыру, студенттің өзіндік жұмысының жеке жоспарларын үйлестіру (тапсырмалардың түрлері мен тақырыптары, нәтижелерін көрсету мерзімдері, тапсырмаларды орындау критерийлері, технологиялық картаны әзірлеу), жұмысты бағалау құралдарын даярлау. Студентті өз іс-әрекетін белсенді, өз бетінше ұйымдастыра алатын нақты кәсіби міндеттерді шешуге танымдық, ақпараттық және коммуникативтік белсенділіктің арнайы бағыттылығы тән педагогикалық өзара әрекеттестік субъектісі ретінде қарастыру қажет.

Жеке оқытушы тарапынан педагогикалық жоспарлаудың кезеңдері:



  • міндеттерді анықтау;

  • көмекші ұйымдастырушыларды белгілеу және оларды міндеттермен таныстыру;

  • материалдық құралдарды таңдау;

  • жұмысты бөлу, ұйымдастыру түрлерін белгілеу, нұсқау беру;

  • міндеттердің орындалуын қадағалау, есепке алу, талдау;

  • қорытындысын шығару және жеке, ұжымдық іс - әрекеттердің деңгейін бағалау [6].

Қорыта келе түйіндетініміз жобалау қызметі хореография мамандығы студенттерінің өзін-өзі дамыту құралы болып табылады және де жобалау, зерттеу. Сараптау және коммуникативтік икемділіктердің дамуына ықпалын тигізеді. Әрбір жаңа жоба студентке тұлғалық және кәсіби жағынан маңызды және оның жүзеге асырылауы кәсіби әлеуметтенуге, кәсіби қызметінің жағдайына тез бейімделуге және қоршаған әлеуметтік-кәсіби кеңістікпен өнімді қарым-қатынас жасау икемділіктерін қалыптастыруға септігін тигізеді.


Пайдаланылған әдебиеттер


  1. Гаджиев Г.М. Проектно-учебная деятельность учащихся как средство формирования готовности к преобразованию окружающей действительности. Дис. д-ра пед. наук. Белгород , 2003.

  2. Сухова Е.И. Подготовка будущих педагогов средствами проектировочной деятельности /Сухова Е.И.// СПО. - 2010. - №6. – с. 15-17.

  3. Бурцева Г.В. Управление развитием творческого мышления студентов-хореографов в процессе вузовской подготовки. Дисс-я канд. пед. наук. – Барнаул, 2000. – 178 с.

  4. Яковлева Н./ Проектирование как педагогический феномен (электронный ресурс). – Режим доступа www.edu.ru.

  5. Марычева Л./ Теоретические основы проектировочной компетентности будущих учителей (электронный ресурс). – Режим доступа www.profedu.ru.

  6. Волков И.П. Проектирование процесса обучения. М.: Педагогика, 1987.



Резюме

В данной статье рассматриваются подготовка к профессиональной деятельности педагога-хореографа средствами педагогического проектирования.




Summary

This article discusses the development of the future teacher-choreographer of pedagogical designing means.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет