Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы



бет1/10
Дата30.01.2017
өлшемі2,69 Mb.
#8331
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі N 338 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 17 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5750 болып енгізілді.
Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы

"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 34) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары бекітілсін.

2. Орта білім департаменті (М.Т. Санатова) белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

3. Орта (М.Т. Санатова), техникалық және кәсіптік (Қ.Қ. Бөрібеков), жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім (С.М. Өмірбаев) департаменттері осы бұйрықты облыстық, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының, республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының, жоғары оқу орындарының назарына жеткізсін.

4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің:

1) "Педагог қызметкерлердің және оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгі біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" 2008 жылғы 12 ақпандағы N 61 бұйрығының (N 5168 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2009 жылғы 11 ақпандағы N 21 "Юридическая газета" газетінде жарияланған);

2) "Педагог қызметкерлердің және оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгі біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 12 ақпандағы N 61 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2009 жылғы 20 наурыздағы N 128 бұйрығының (N 5615 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.

6. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді.



Министр

Ж. Түймебав

"КЕЛІСІЛДІ"




Қазақстан Республикасы




Еңбек және халықты




әлеуметтік қорғау министрі




__________ Г. Әбдіқалықова




2009 жылғы 07 тамыз



Қазақстан Республикасы


Білім және ғылым министрінің
2009 жылғы 13 шілдедегі
N 338 бұйрығымен бекітілген

Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары


1. Жалпы ережелер

Осы Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымдарының меншігіне, ведомстволық бағыныстылығы мен ұйымдастыру-құқық нысанына қарамастан олардың қолдануы үшін міндетті.



Ескерту. Кіріспемен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.06.09 N 241 (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

1. Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамасы (бұдан әрі - Сипаттама) мыналарға негіз болады:

құрылымдық бөлімшелер туралы олардың білім беру ұйымдарындағы орны мен рөлін анықтайтын ережелер жасау;

қызметкерлердің міндеттерін, құқықтары мен жауапкершіліктерін белгілейтін лауазымдық нұсқаулықтар әзірлеу;

кадрларды іріктеу мен орналастыру, оларды пайдаланудың дұрыстығына бақылау жүргізу;

білім беру ұйымдарының қызметкерлерін аттестаттаудан өткізу.

2. Білім беру ұйымдарының штат кестесінде қызметкерлер лауазымының атаулары осы Сипаттамада көрсетілген лауазымдық атауларға сәйкес келуі қажет.

3. Әрбір лауазымға берілген Сипаттама үш бөлімнен: "Лауазымдық міндеттері", "Білуге міндетті" және "Біліктілікке қойылатын талаптар" бөлімдерінен тұрады. "Лауазымдық міндеттері" бөлімі қызметкерлердің ұтымды мамандануын қамтамасыз ететін жұмыстардың технологиялық біртектілігін және өзара байланыстылығын ескере отырып осы лауазымды атқаратын қызметкерге толық не жартылай тапсырылатын негізгі жұмыстарды қамтиды.

"Білуге міндетті" бөлімі қызметкерге арнайы білімге қатысты, сондай-ақ заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді, ережелерді, нұсқаулықтарды, тағы басқа материалдарды білуі бойынша қойылатын негізгі талаптарды, қызметкер лауазымдық міндеттерін орындау кезінде қолдана алуға тиіс әдістер мен құралдарды қамтиды.

"Біліктілікке қойылатын талаптар" бөлімі қызметкердің көзделген міндеттерді орындауға қажетті қызметкердің кәсіби даярлық деңгейі мен жұмыс өтіліне қойылатын талаптарын айқындайды.

4. Мамандардың, оның ішінде бас мамандардың (бас есепші, бас инженер, бухгалтер, инженер, экономист және тағы басқалар) лауазымдары бойынша біліктілік сипаттамасы көрсетілмеген, себебі, олардың лауазымдық міндеттемелері мен білімге деген талаптары заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген қызметтің барлық саласына арналған жалпы біліктілік сипаттамасының негізінде айқындалады.

5. Басшылар, педагог қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санатын білім беруді басқару органы белгілейді.

6. Сипаттамалар ішкі ұйымдастыру-үйлестіру құжаттарын әзірлеуге негіз болып табылады: өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастырудың ерекшеліктерін, сондай-ақ олардың құқықтары мен жауапкершіліктерін ескере отырып, қызметкерлердің лауазымдық міндеттерінің нақты тізбесін қамтитын лауазымдық нұсқаулығы.

Біліктілік сипаттамаларында әрбір лауазымға неғұрлым тән келетін жұмыстар түрлері берілген. Сондықтан лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлеу кезінде нақты ұйымдық-техникалық жағдайдағы тиісті лауазымға тән жұмыстар тізбесін нақтылауға болады және қызметкерлердің арнайы даярлығына қажетті талаптар белгіленеді.

2. Жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының
ғылыми-педагогикалық қызметкерлері лауазымдарының үлгілік
біліктілік сипаттамалары
Жоғары оқу орнының (ЖОО) басшысы (ректор)

Ескерту. Кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.06.09 N 241 (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

Лауазымдық міндеттері: Қолданыстағы заңдар, нормативті құқықтық актілер, жарғы және бірлескен бастамалар мен әріптестік қағидаты бойынша жасалған ұжымдық шарттар негізінде жоғары оқу орнына тікелей басшылықты жүзеге асырады. Жоғары оқу орнының мақсаты мен даму стратегиясын айқындайды. Оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, әкімшілік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметтеріне басшылық етеді, қабылдаған шешімдерге, материалдық құндылықтардың сақталуына және тиімді жұмсалуына жауап береді. Барлық құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және өзара тиімді әрекетін ұйымдастырады, әлеуметтік басымдықтарды, ел экономикасындағы мамандықтарға деген сұранысты ескере отырып, олардың жұмысын оқу, ғылыми үдерістерді жетілдіруге бағыттайды. Жоғары білікті мамандар дайындау мақсатында оқу, ғылым, тәрбие жұмыстарының, жоғары білім беру саласындағы соңғы жетістіктерді ескере отырып, ұйымның материалдық-техникалық базасы деңгейінің сапасы мен тиімділігін қамтамасыз етеді. Ұйымның бюджет, мемлекеттік бюджеттік емес қорлардың, тасымалдаушылардың, тапсырыс берушілердің, несие берушілердің алдындағы барлық міндеттемелерді орындауын қамтамасыз етеді.

Жаңа техникалар мен технологияларды қолдану саласындағы жаңа жетістіктер, білім беру саласындағы отандық және шет елдік жетістіктер, еңбекті ұйымдастыру және басқарудың белсенді түрлерін қолдану, шығындарды жұмсаудың негізді нормалары, жоғары оқу орнының материалдық, техникалық ресурстарын тиімді пайдалану негізінде жоғары оқу орнын басқаруды ұйымдастырады.

Мамандар даярлау тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасындағы ғылыми ұйымдармен, аралас білім беру ұйымдарымен ғылыми байланысты ұйымдастырады. Ғылым және білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтеді және қолдау білдіреді.

Мамандар даярлау сапасын арттыру мақсатында оқу жоспарлары мен қосымша білім беру бағдарламаларын бекітеді.

Ұйымды білікті мамандармен қамтамасыз етуге, профессор-оқытушылар құрамы мен басқа да қызметкерлердің біліктілігін ұдайы арттыруға жағдай жасайды. Кәсіби білімді қолдану және дамыту, тәжірибе алмасу, жағымды және қауіпсіз еңбек жағдайын жасау, еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.

Басқарудың экономикалық және әкімшілік әдістерінің дұрыс үйлестірілуін, жоғары оқу орны қызметкерлерінің жұмыс тиімділігін арттырудағы материалдық және моральдық ынталандыру қағидаттарын қолдануды, әрбір қызметкерге оған тапсырылған іс пен оның нәтижесіне деген материалдық қызығушылығы мен жауаптылығы қағидатын қолдануды, белгіленген мерзімде еңбек жалақысын төлеуді қамтамасыз етеді.

Ұйым ұжымымен бірге әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық келісім-шартты дайындайды, оған қол қояды және орындайды, еңбек және өндіріс тәртібін сақтайды, еңбекке ынталануды, бастаманы және жоғары оқу орны қызметкерлерінің белсенділігін дамытуға ықпал етеді.

Оған берілген құқықтар шеңберінде жоғары оқу орнының қаржылық, экономикалық, өндірістік-шаруашылық мәселелерін шешеді, жоғары оқу орны қызметінің жекелеген бағыттарын жүргізуді басқа лауазымдық тұлғаларға – проректорларға (орынбасарларына), құрылымдық бөлімшелердің басшыларына, ЖОО филиалдарына, сонымен бірге қызметтік және әкімшілік құрылымдық бөлімшелеріне тапсырады. Құрылымды және штат кестесін бекітеді. Қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан шығаруды жүзеге асырады. Берілген өкілеттілік негізінде бұйрықтар мен өкімдер шығарады. Жоғары оқу орны қызметінің заңдылығын бақылауды, оның шаруашылық-экономикалық байланыстарын жүзеге асыруды, қаржыны басқаруда құқықтық құралдарды пайдалануды, келісім-шарт және қаржы тәртібін, әлеуметтік еңбек қатынастарын нығайтуды қамтамасыз етеді. Жоғары оқу орнының білім беру қызметін қолдау және аясын кеңейту мақсатында білім беру саласындағы инновациялық технологияларды енгізуді және қолдануды қамтамасыз етеді. Жоғары оқу орнының мүліктік мүдделерін сотта, сот алқаларында қорғайды. Сенімхатсыз жоғары оқу орнының атынан әрекет етеді және мемлекеттік билік пен басқару орындарының алдында ұйымның мүддесін қорғайды. Мемлекеттік құпияның қорғалуына және сақталуына, ұсынылатын статистикалық есептері мәліметтерінің нақтылығына байланысты жұмыстарды ұйымдастыруға, жағдай жасауға, жалпы жоғары оқу орнының қызметіне тікелей жауапты. Жыл сайын уәкілетті органға (құрылтайшыға) жоғары оқу орнының оқу, ғылыми және қаржылық қызметінің нәтижелері туралы есеп тапсырады.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы" , "Ғылым туралы" , "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" , "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" , "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы", «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын және жоғары оқу орнының білім беру, ғылыми, өндірістік-шаруашылық, қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлау саласындағы әдістемелік материалдарды, жоғары оқу орны саласының техникалық және ғылыми дамуының болашағын, жоғары оқу орнының кадрлық ресурстарын, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру (қосымша білім беру) саласындағы шетелдік білім беру мекемелерінің ғылыми жетістіктері мен алдыңғы қатарлы тәжірибелерін, еңбек заңнамаларын, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ғылыми дәрежесі және кемінде 5 жыл білім беру ұйымдарында және/немесе білімді басқару органдарында басшылық қызметтегі еңбек өтілі, білім беру менеджменті бойынша біліктілікті арттыру курстарының өткендігі туралы сертификатының (куәлігінің) болуы тиіс.

Жоғары оқу орны басшысының орынбасары (проректор)



Ескерту. Кіші бөлімге өзгерістер енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.06.09 N 241 (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2013 № 512 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

Лауазымдық міндеттері: Қолданыстағы заңдар, нормативті құқықтық актілер, жарғы және ұжымдық келісім-шарттар негізінде жоғары кәсіби білім беру (қосымша кәсіби білім беру) қызметінің жекелеген бағыттары бойынша тікелей басшылықты жүзеге асырады. Ағымдағы және алдағы уақыттағы оқытушылар мен әдістемелік қызмет жұмысын жоспарлауды ұйымдастырады. Оқу бағдарламаларының жобалануы мен орындалуын, барлық оқу бағыттарының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, оны жетілдіруге байланысты ұсыныстар береді. Оқытушылардың, кабинет меңгерушілерінің, кітапханалардың жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді. Оқытушылардың оқу жүктемелерін бақылайды және реттейді. Қабылдаған шешімдеріне, материалдық құндылықтардың сақталуына және тиімді жұмсалуына толық жауапты бола отырып, жоғары оқу орнының әкімшілік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметтерінің жекелеген бағыттарына басшылық етеді. Өзіне тапсырылған барлық құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және өзара тиімді әрекетін ұйымдастырады. Жоғары білікті мамандар дайындау мақсатындағы оқу орны қызметінің, жоғары білім беру саласындағы соңғы жетістіктерді ескере отырып, жоғары оқу орнының материалдық-техникалық базасы деңгейінің сапасы мен тиімділігін қамтамасыз етеді.

Өзіне тапсырылған қызметтер шеңберінде жоғары оқу орнының бюджет, мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың, жеткізушілердің, тапсырыс берушілердің, несие берушілердің алдындағы барлық міндеттемелерді орындауын; жаңа техникалар мен технологияларды қолдану саласындағы жаңа жетістіктер, білім беру саласындағы отандық және шет елдік жетістіктер, еңбекті ұйымдастыру және басқарудың белсенді түрлерін қолдану, шығындарды жұмсаудың негізгі нормалары, жоғары оқу орнының материалдық, техникалық ресурстарын тиімді пайдалану негізінде жоғары оқу орнын басқаруды ұйымдастырады.

Сеніп тапсырылған құрылымды білікті мамандармен қамтамасыз ету, қызметкерлердің біліктілігін ұдайы арттыру жөнінде шаралар қабылдайды. Кәсіби білімді қолдану және дамыту, тәжірибе алмасу, жағымды және қауіпсіз еңбек жағдайын жасау, еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.

Басқарудың экономикалық және әкімшілік әдістерінің дұрыс үйлестірілуін, жоғары оқу орны қызметкерлерінің жұмыс тиімділігін арттырудағы материалдық және моральдық ынталандыру қағидаттарын қолдануды, әрбір жұмыскерге оған тапсырылған іс пен оның нәтижесіне деген материалдық қызығушылығы мен жауаптылығы қағидатын қолдануды, жалпы еңбек нәтижесін қамтамасыз етеді.

Мекеме ұжымымен (жұмыскерлердің өкілдерімен) бірге әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық шартты дайындайды, оған қол қояды және орындайды, еңбек және өндіріс тәртібін сақтайды, еңбекке ынталандыруды, бастаманы және жоғары оқу орны қызметкерлерінің белсенділігін дамытуға ықпал етеді.

Сенімхаты болған жағдайда оған берілген құқықтар шегінде жоғары оқу орнының қаржылық, экономикалық, өндірістік-шаруашылық мәселелерін шешеді, жоғары оқу орны қызметінің жекелеген бағыттарын жүргізуді басқа лауазымдық тұлғаларға – құрылымдық бөлімшелердің басшыларына, сонымен бірге қызметтік және әкімшілік құрылымдық бөлімшелеріне тапсырады. Құрылымды және штат кестесін өзгертуге байланысты ұсыныстар береді. Өзіне тапсырылған құрылымдық бөлімшелердің қызметінің заңдылығын бақылауды, оның шаруашылық-экономикалық байланыстарын жүзеге асыруды, қаржыны басқаруда құқықтық құралдарды пайдалануды, шарт және қаржы тәртібін, әлеуметтік еңбек қатынастарын нығайтуды қамтамасыз етеді.

Жоғары оқу орнының білім беру қызметін қолдау және аясын кеңейту мақсатында білім беру саласындағы инновациялық технологияларды енгізуді және қолдануды қамтамасыз етеді. Сенімхаты немесе желілік нормативтік актісі болған жағдайда жоғары оқу орнының мүліктік мүдделерін сотта, сот алқаларында қорғайды. Мемлекеттік құпияның қорғалуына және сақталуына байланысты жұмыстарды ұйымдастыруға, жағдай жасауға, жалпы жоғары оқу орнының қызметіне тікелей жауапты. Жыл сайын тиісті құрылымдық бөлімшелер қызметінің нәтижелері туралы есеп дайындайды.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы" , "Ғылым туралы" , "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" , "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" , "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы", «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын және жоғары оқу орнының білім беру, ғылыми, өндірістік-шаруашылық, қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлау саласындағы әдістемелік материалдарды, жоғары оқу орны саласының техникалық және ғылыми дамуының болашағын, жоғары оқу орнының кадрлық ресурстарын, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру (қосымша білім беру) саласындағы шетелдік білім беру мекемелерінің ғылыми жетістіктері мен алдыңғы қатарлы тәжірибелерін, еңбек заңнамаларын, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын.

Біліктілікке қойылатын талаптар: оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми, халықаралық, инновациялық, стратегиялық жұмыс мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарлар үшін: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ғылыми дәрежесі немесе «Назарбаев Университеті» ДБҰ-да немесе шетелдің жоғары оқу орнында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтау қорытындылары бойынша берілген магистр академиялық дәрежесі, кемінде 5 жыл білім беру ұйымдарында басшылық лауазымдағы еңбек өтілі болуы немесе «Назарбаев Университеті» ДБҰ-да және/немесе шетелдің жоғары оқу орнында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар (магистратура немесе PhD докторантура) бойынша оқуын аяқтаған жағдайда кемінде 3 жыл еңбек өтілі болуы тиіс;

Тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасар үшін: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ғылыми дәреже немесе магистр академиялық дәрежесі, тәрбие жұмысы бойынша кемінде 3 жыл еңбек өтілінің болуы тиіс;

әкімшілік-шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасар үшін: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, жетекшілік ететін мәселелері бойынша кемінде 3 жыл еңбек өтілінің болуы тиіс.

Білім беру менеджменті бойынша біліктілікті арттыру курстарының өткендігі туралы сертификатының (куәлігінің) болуы.

Факультет деканы



Ескерту. Кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.06.09 N 241 (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

Лауазымдық міндеттері: Факультеттің даму стратегиясын әзірлейді, жұмыс берушілермен, білімді басқару органдарымен сыртқы байланыстарды дамытады. Факультеттегі мамандар дайындау бағыттары бойынша білім беру қызметінің нарығын зерделейді. Факультеттегі оқу, тәрбие, ғылыми жұмыстарға басшылық жасайды. Кәсіптік білім беру бағдарламаларының, оқу жоспарларының, пәндердің оқу бағдарламаларының жасалуына және практикада қолданылуына байланысты жұмыстарды басқарады. Оқу-тәрбие үрдісінің ғылыми-әдістемелік және оқу-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастырады. Факультет ішінде мамандар дайындау сапасының жүйесін жасайды.

Кафедра меңгерушілеріне, ұжымға, факультет студенттеріне әкімшілік басшылықты жүзеге асырады.

Мыналарды:

жұмыс оқу бағдарламаларын және пәндердің силлабустерін;

элективтік пәндердің каталогін;

студенттердің жеке оқу жоспарларын бекітеді.

Кәсіби бағдар беру, факультетке жұмысқа қабылдау жұмыстарын ұйымдастырып, жүргізеді.

Студенттерді кәсіби дайындауға басшылықты жүзеге асырады.

Оқу сабақтарының, емтихандардың, сынақтардың кестелерін жасауды ұйымдастырады және олардың орындалуына бақылау жасайды.

Оқу процесінің, оқу практикумдары мен кәсіби практикалардың ұйымдастырылуын бақылайды және реттейді.

Студенттердің өзіндік жұмыстарының, оның ішінде оқытушының басшылығымен өтетін студенттердің өзіндік жұмыстарының, студенттердің жеке оқу жоспарларының орындалуын бақылауды ұйымдастырады.

Студенттерді курстан курсқа көшіруге ұсыныс дайындайды. Емтихан сессияларына жіберуге рұқсат береді. Емтихандарды мерзімінен бұрын тапсыруға, қайта тапсыруға рұқсат береді.

Қажет жағдайда емтихандар мен сынақтарды қабылдау комиссиясын құрады.

Студенттерге мемлекеттік емтихандар тапсыруға, диплом жұмысын (жобасын) қорғауға рұқсат береді.

Бітірушілерді қорытынды аттестаттаудан өткізетін факультеттің мемлекеттік аттестаттау комиссиясының, сондай-ақ, факультеттің қабылдау комиссиясының құрамына кіреді.

Студенттерді оқуға қабылдауға, оқудан шығаруға, қайта қабылдауға ұсыныс береді.

Білім беру ұйымдарында білім алушылардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендиялар төлеу ережесіне сәйкес факультет студенттеріне стипендия тағайындауға ұсыныс дайындайды.

Кафедраларда, зертханаларда, студенттердің ғылыми үйірмелерде, студенттердің ғылыми қоғамдарында өткізілетін студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына жалпы басшылықты жүзеге асырады.

Факультет бітірушілерімен байланысты, факультетте бітіретін мамандарды даярлау сапасын зерделеуді жүзеге асырады.

Факультет бітірушілерін жұмысқа орналастыру жұмыстарына басшылық жасайды.

Жаңа оқыту технологияларын енгізуді және студенттердің білімін бақылауды жүзеге асырады.

Оқыту үрдісіне оқу ұзақтығы әртүрлі және белсенді оқу бағдарламаларына негізделген сараланған және жеке дайындық түрлерін енгізуді қамтамасыз етеді.

Факультет құрамына кіретін оқу және ғылыми құрылымдық бөлімшелердің жұмысын үйлестіреді.

Факультеттің кадрлар саясатын айқындайды.

Кафедра меңгерушілерімен бірлесіп, профессор-оқытушыларды, ғылыми және көмекші оқу мамандарын іріктеуді жүзеге асырады. Ректорға деканның орынбасарлығына кандидатураларды тағайындауға ұсыныс жасайды және олардың міндеттерін өзара бөлісуге жәрдемдеседі.

Кафедрааралық оқу-әдістемелік жиындарды, семинарларды, ғылыми және ғылыми-әдістемелік жиналыстар мен конференцияларды ұйымдастырады және өткізеді.

Жоғары оқу орнының халықаралық оқу және ғылыми жұмыстарын ұйымдастырады, бақылау жасайды және қатысады.

Факультет кеңесінің жұмысына басшылық жасайды. Факультет жұмысы жоспарының жобасын дайындайды, факультет кеңесі мәжілісіне дайындауға басшылық жасайды, оған төрағалық етеді. Факультет мамандықтары бойынша білім беру саласында жұмыс істеп жүрген жоғары білімді мамандардың біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастырады. Факультет құрамына кіретін кафедралардың пәндері бойынша оқулықтардың, оқу құралдарының, оқу-әдістемелік құралдарының дайындалуына жалпы басшылық жасайды.

Оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, ғылыми-әдістемелік жұмыстар бойынша өзінің жұмыстары туралы факультеттің Ғылыми кеңесінде, сонымен бірге ЖОО Ғылыми кеңесінде есеп береді.

Кафедралардың ғылыми-әдістемелік бағытында басқа факультеттің құрылымдық бөлімшелерімен, оқу орындарымен, кәсіпорындармен, ұйымдармен байланыста жұмыс істеуін ұйымдастырады.

Бір бағытта кәсіптенген білім беру ұйымдарымен, мекемелерімен студенттердің білім алу мазмұнын, технологиясын және оқыту түрлерін жетілдіру мақсатында байланыс орнатуын қамтамасыз етеді.

Оқытудағы техникалық құралдарды пайдалана отырып, білім беруге инновациялық оқыту технологияларын енгізеді және оны ұйымдастырады. Факультеттің материалдық-техникалық базасын нығайтуға және дамытуға байланысты жұмыстарды жүргізеді.

Оқу үдерісін жетілдіруге және мамандар даярлау сапасын арттыруға байланысты мәселелерді факультет кеңесіне шығарады.

Факультет студенттері мен кафедралардың оқытушыларының еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақтауына бақылау жасайды. Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі нормаларын орындайды.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының "Білім туралы" , "Ғылым туралы" , "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" , "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" , "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" заңдарын, жоғары білім беру жүйесін дамыту және іс-әрекет сұрақтарын реттеу басқа да нормативтік құқықтық актілерін; білім беру жүйесін басқару теориясы мен әдістемесін; оқу жоспарларын дайындау тәртібін; оқу жұмыстарының құжаттарын жүргізу ережесін; кәсіби білім беру педагогикасын, физиологиясын, психологиясын және кәсіптік білім беру әдістемесін; студенттерге білім беру мен тәрбиелеудің қазіргі формалары мен әдістерін, экономика негіздерін, еңбек заңдарын; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өрттен қорғау ережелері мен нормаларын.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ғылыми дәрежесі және кемінде 5 жыл білім беру ұйымдарында басшы қызметтегі немесе мамандығы бойынша еңбек өтілі, білім беру менеджменті бойынша біліктілікті арттыру курстарының өткендігі туралы сертификатының (куәлігінің) болуы тиіс.

Деканның орынбасары

Лауазымдық міндеттері: Факультеттегі оқу-әдістемелік және басқа да құжаттарды әзірлеу, жетілдіру жұмыстарын ұйымдастырады. Ағымдағы оқу-тәрбие, ғылыми жұмыстарға, студенттердің өндірістік жұмыстары мен практикаларына жетекшілік жасайды. Оқу сабақтары мен сынақ, емтихан кестелерін жасауға бақылау жасайды. Студенттердің сабаққа қатысуы мен сабақ үлгерімдеріне бақылау жасайды. Инновациялық оқыту технологияларын, техникалық оқыту құралдарын қолдануды ұйымдастырып, бақылау жасайды. Факультеттің оқытушы-профессор құрамының оқу және оқу-әдістемелік жүктемелерін орындауларын, дәрістік, зертханалық және практикалық сабақтар, семинарлар мен басқа да оқу сабақтары түрлерінің, өндірістік және оқу практикаларының өткізілуін бақылап отырады.

Барлық сабақ түрлерін жүргізеді, курстық, дипломдық жұмыстардың жобаларына, магистранттар мен докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына және магистранттар мен PhD докторанттардың диссертацияларына жетекшілік жасайды.

Алдағы уақыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлауды ұйымдастырады, факультетте жүргізілетін негізгі ғылыми бағыттар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүргізілуіне басшылық жасайды. Ғылыми және ғылыми-әдістемелік мәжілістер, семинарлар мен конференциялар өткізуді ұйымдастырады. Кафедраларда, ғылыми үйірмелер мен ғылыми қоғамдарда өткізілетін студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына басшылық жасайды. Факультет қызметкерлерінің оқу-әдістемелік және ғылыми мақалаларын жариялауға ұсынады. Топтардың тәлімгерлерінің жұмыстарын ұйымдастырады және бақылау жасайды. Еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігі бойынша заңдар мен нормативті-құқықтық актілер талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді және қауіпсіз еңбек жағдайын жасайды.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының "Білім туралы" , "Ғылым туралы" , "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" , "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" , "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" заңдарын және б асқа да жоғары оқу орны жүйесінің қызметі мен дамуын регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді ; білім беру жүйесінің негізгі бағыттары мен даму болашағын; оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға байланысты отандық және шет елдік жетістіктерді; оқу жұмыстарын жетілдірудің әдістемесін; педагогика мен психология негіздерін, оқу-тәрбие жұмыстарының теориясы мен әдістемесін; тиісті мамандықтар бойынша негізгі ғылыми мәселелерді; мамандарды қайта дайындауға және біліктіліктерін арттыруға байланысты қолданыстағы нормативтік құжаттарды; еңбек туралы заңдардың негіздерін, мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандарттарын, экономика негіздерін, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өрттен қорғау ережелері мен нормаларын.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білімі, ғылым докторы немесе ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы және білім ұйымдарында басшы қызметтегі немесе мамандығы бойынша еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.

Кафедра меңгерушісі (Әскери кафедра бастығы)



Ескерту. Кіші бөлімге өзгерістер енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.06.09 N 241 (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2013 № 512 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

Лауазымдық міндеттері: Кафедраның мамандар даярлау бағыттары мен мамандықтары бойынша даму стратегиясын жасайды, жұмыс берушілермен, білім беруді басқару органдарымен сыртқы байланыстарды нығайтады және дамытады. Білім беру қызметінің және кафедраның мамандар даярлау бағыттары мен мамандықтарының нарығын зерделейді.

Мамандар дайындау сапасының кафедра ішілік жүйесін жасайды. Оқу үдерісін жоғары сапамен қамтамасыз ету мақсатында педагогикалық әдістер мен оқыту құралдарын айқындай алады. Оқытудың барлық түрлері бойынша барлық оқыту сабақтарының өткізілуін ұйымдастырады. Жоспарланған және ағымдағы қызметкерлердің оқу, ғылыми, әдістемелік мәселелерін талқылау бойынша кафедра отырысын өткізеді.

Кафедра пәндері бойынша оқу бағдарламаларын бекітеді. Факультеттің, жоғары оқу орнының басқа кафедраларындағы оқу бағдарламалары бойынша қорытындылар дайындайды.

Кафедра жұмысының жоспары мен кафедра оқытушыларының жеке жұмыс жоспарларын бекітеді. Кафедра қызметкерлерінің арасында педагогикалық жүктеме мен лауазымдық міндеттерді бөлуді жүзеге асырады, олардың уақытылы және сапалы орындалуына бақылау жасайды. Оқу сабақтарын өткізуде оқытудың қазіргі техникалық құралдарын таңдауды жүзеге асырып, оны пайдалану мүмкіндігін жасайды.

Барлық сабақ түрлерін жүргізеді, курстық, дипломдық жұмыстардың жобаларына, магистранттар мен докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына және магистранттар мен PhD докторанттардың диссертацияларына жетекшілік жасайды.

Студенттердің кәсіби практикаларын, курстық және диплом жұмыстарын ұйымдастырады және басшылық жасайды.

Жекелеген пәндер бойынша студенттерге курстық емтихандарды, сынақтарды, сондай-ақ аралық сынақтарды өткізуді қамтамасыз етеді. Олардың нәтижелеріне талдау жасап, кафедра мәжілістерінде баяндайды. Кафедрада ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүргізілуін ұйымдастырады, факультет басшылығының тапсырмасымен кафедра қызметкерлері мен ізденушілері дайындаған диссертацияларды қарастырады. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына басшылық жасайды. Аяқталған ғылыми-зерттеу жұмыстары мен олардың ғылыми нәтижелерін ғылымға енгізу мүмкіндіктерін талқылайды. Қол жеткізген ғылыми нәтижелерді баспада жариялауды қамтамасыз етеді.

Оқулықтарға, оқу құралдарына, әдістемелік құралдарға қорытындылар дайындауды қамтамасыз етеді. Оқулықтардың, оқу құралдарының, оқу-әдістемелік құралдардың дайындалуын ұйымдастырады және тікелей өзі қатысады.

Кафедрадағы оқытушылар мен басқа да қызметкерлердің жеке жұмыс жоспарларының сапасы мен орындалуына бақылау жасайды.

Кафедраның педагогикалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысады. Кафедра оқытушыларының тәжірибесін зерттейді, жинақтайды және таратады. Жұмысты жаңа бастаған оқытушыларға оқыту және әдістемелік тұрғыдан көмек көрсетеді. Ғылыми педагог мамандарды дайындауға басшылық жасайды.

Кафедра оқытушыларының біліктілігін арттыруды жоспарлайды.

Дайындық бағыттары бойынша және ЖООаралық деңгейде оқу-әдістемелік комиссияларының жұмысына қатысады.

Ғылыми-әдістемелік көмек көрсету мақсатында білім беру ұйымдарымен және басқа да ұйымдарымен байланыс орнатады.

Кафедраның, факультеттің, жоғары оқу орнының халықаралық қызметіне қатысады және қамтамасыз етеді. Кафедраның барлық құжаттарының және есептерінің дайындалуын және сақталуын қамтамасыз етеді.

Кафедра жұмысының қорытындысы бойынша есеп береді. Факультет студенттері мен кафедралардың оқытушыларының еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақтауына бақылау жасайды. Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі нормаларын орындайды.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының "Білім туралы" , "Ғылым туралы" , "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" , "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" , "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" заңдарын және басқа да білім беру жүйесінің қызметі мен дамуын реттейтін нормативті-құқықтық актілерін; мамандықтар мен мамандану пәндері бойынша оқу жоспарлары мен бағдарламаларын дайындау тәртібін; оқу жұмыстарының құжаттарын жүргізу ережесін; кәсіби білім беру педагогикасын, физиологиясын, психологиясын және кәсіптік білім беру әдістемесін; студенттерге білім беру мен тәрбиелеудің қазіргі формалары мен әдістерін; экономика негіздерін, еңбек заңдарын; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өрттен қорғау ережелері мен нормаларын.

Біліктілікке қойылатын талаптар: әскери кафедра бастығының жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі және/немесе полковник әскери атағы, педагогикалық қызметкерлер лауазымдарында немесе әскери бөлім командирінің орынбасары және одан жоғары басшылық құрамда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.

Профессор

Ескерту. Кіші бөлімге өзгерістер енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.06.09 N 241 (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2013 № 512 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

Лауазымдық міндеттері: Жетекшілік ететін пәндері бойынша оқу және оқу-әдістемелік жұмыстарын жоспарлайды, ұйымдастырады және бақылау жасайды. Кәсіби білім мәселесі бойынша ғылыми-әдістемелік жұмыстарға қатысады.

Барлық сабақ түрлерін жүргізеді, курстық, дипломдық жұмыстардың жобаларына, магистранттар мен PhD докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына және диссертацияларына жетекшілік жасайды. Кафедраның ғылыми жұмыс бағыттары бойынша ғылыми және ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысады және жетекшілік жасайды.

Жетекшілік жасайтын пәндері бойынша оқу жұмыс жоспарларының жасалуына және дайындалуына басшылық етеді. Әдістемелік комиссия құрамында мамандық бойынша кафедраның, факультеттің, ғылыми-әдістемелік кеңестің, жоғары оқу орнының ғылыми-әдістемелік жұмыстарына қатысады.

Жетекшілік ететін пәндерінің әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілуін бақылайды.

Оқулықтардың, оқу құралдарының, оқу-әдістемелік құралдардың, дәріс конспектілерінің, жетекшілік жасайтын пәндері бойынша басқа да әдістемелік материалдардың дайындалуын ұйымдастырады және тікелей өзі қатысады, оларды баспаға дайындайды. Кафедраның оқу және оқу-әдістемелік жұмыстарын жетілдіруге байланысты ұсыныстар береді.

Кафедрадағы зерттеу тақырыбы аясында ұйымдастырылатын семинарларға, мәжілістерге, конференцияларға, оның ішінде, халықаралық конференцияларға қатысады.

Кафедрадағы студенттердің ғылыми қоғамдарында жүзеге асырылатын студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырады және жетекшілік жасайды.

Кафедра оқытушыларының біліктілігін арттыруға қатысады, оларға педагогикалық шеберлік пен кәсіби дағдыларды игеру үшін әдістемелік көмек береді.

Кафедрадағы ғылыми педагог мамандарды дайындауға жетекшілік жасайды.

Жетекшілік жасайтын пәндері бойынша студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастырады және жоспарлайды.

Мектеп оқушыларына кафедрадағы мамандықтар бойынша кәсіби бағдар беру жұмыстарына басшылық жасайды.

Ғылыми-техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық, экономикалық, құқықтық білімдерді насихаттауға қатысады.

Факультет студенттері мен кафедралардың оқытушыларының еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақтауына бақылау жасайды. Жеке жоспар орындау туралы есепті дайындайды және ұсынады. Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі нормаларын орындайды.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының "Білім туралы" , "Ғылым туралы" , "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" , "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарын және басқа да білім беру саласының нормативтік құқықтық актілерін; білім беру жүйесін басқару теориясы мен әдістемесін; оқу жоспарларын дайындау тәртібін; оқу жұмыстарының құжаттарын жүргізу ережесін; кәсіби білім беру педагогикасын, физиологиясын, психологиясын және кәсіптік білім беру әдістемесін; студенттерге білім беру мен тәрбиелеудің қазіргі формалары мен әдістерін, экономика негіздерін, еңбек заңдарын; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өрттен қорғау ережелері мен нормаларын.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі, «қауымдастырылған профессор (доцент)» ғылыми атағы және ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс. Құқық қорғау органдарының, арнайы мемлекеттік органдардың және қорғаныс саласындағы мемлекеттік органның жоғары оқу орындарында Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдарында басшы лауазымдарындағы қызмет өтілі кемінде 7 жыл немесе ғылыми-педагогикалық қызметтегі жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, соның ішінде доцент қызметінде кемінде 1 жыл болуы тиіс.

Қауымдастырылған профессор (доцент)

Ескерту. Кіші бөлімге өзгерістер енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.06.09 N 241 (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2013 № 512 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

Лауазымдық міндеттері: Жетекшілік ететін пәндері бойынша оқу және оқу-әдістемелік жұмыстарын жоспарлайды, ұйымдастырады және бақылау жасайды. Жоғары білім мәселесі бойынша ғылыми-әдістемелік жұмыстарға қатысады.

Барлық сабақ түрлерін жүргізеді, курстық, дипломдық жұмыстардың жобаларына, магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік жасайды. Кафедраның ғылыми жұмыс бағыттары бойынша ғылыми және ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысады және жетекшілік жасайды.

Жетекшілік жасайтын пәндердің сабақтарын кафедра оқытушыларының сапалы өткізілуіне бақылау жасайды.

Жетекшілік жасайтын пәндері бойынша жұмыс бағдарламаларын дайындайды. Әдістемелік комиссия құрамында мамандық бойынша кафедраның (факультеттің) ғылыми-әдістемелік кеңесінің жұмыстарына қатысады.

Кафедрадағы зерттеу тақырыбы аясында ұйымдастырылатын семинарларға, мәжілістерге, конференцияларға, оның ішінде, кафедрадан жіберілген жағдайда халықаралық конференцияларға қатысады.

Кафедрадағы ғылыми-әдістемелік жұмыстарға қатысады және басшылық жасайды, студенттердің ғылыми қоғамдарында жүзеге асырылатын студенттердің, магистранттардың ғылыми жұмыстарын ұйымдастырады және жетекшілік жасайды.

Кафедра оқытушыларының біліктілігін арттыруға қатысады, жаңа жұмысқа қабылданған оқытушыларға педагогикалық шеберлік пен кәсіби дағдыларды игеру үшін әдістемелік көмек береді.

Студенттердің, магистранттардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастырады және жоспарлайды.

Мектеп оқушыларына кафедрадағы мамандықтар бойынша кәсіби бағдар беру жұмыстарын ұйымдастырады және өзі қатысады. Ғылыми-техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық, экономикалық, құқықтық білімдерді насихаттауға қатысады.

Кафедраның материалдық-техникалық базасын дамытуға қатысады.

Студенттерді тәрбиелеу жұмыстарына қатысады.

Кафедрадағы ғылыми-педагог мамандарды даярлауға қатысады. Жеке жоспар орындау туралы есепті дайындайды және ұсынады.

Студенттер мен кафедра оқытушыларының еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақтауына бақылау жасайды. Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі нормаларын орындайды.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының "Білім туралы" , "Ғылым туралы" , "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" , "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарын және басқа да білім беру саласының нормативтік құқықтық актілерін; білім беру жүйесін басқару теориясы мен әдістемесін; оқу жоспарларын дайындау тәртібін; оқу жұмыстарының құжаттарын жүргізу ережесін; кәсіби білім беру педагогикасын, физиологиясын, психологиясын және кәсіптік білім беру әдістемесін; студенттерге білім беру мен тәрбиелеудің қазіргі нысандары мен әдістерін; экономика негіздерін, еңбек заңнамаларын; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өрттен қорғау ережелері мен нормаларын.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі, ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс. Құқық қорғау органдарының, арнайы мемлекеттік органдардың және қорғаныс саласындағы мемлекеттік органның жоғары оқу орындарында Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдарында басшы лауазымдарындағы қызмет өтілі кемінде 7 жыл немесе ғылыми-педагогикалық қызметтегі жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, соның ішінде доцент қызметінде кемінде 1 жыл болуы тиіс.

Аға оқытушы

Ескерту. Кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.06.09 N 241 (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2013 № 512 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

Лауазымдық міндеттері: Жетекшілік ететін пәндері бойынша оқу және оқу-әдістемелік жұмыстарын ұйымдастырады және өткізеді.

Кафедрадағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының бір бағытына қатысады.

Барлық жұмыс түрлерін жүргізеді. Ассистенттер мен оқытушылар жүргізетін сабақтардың сапасына бақылау жасайды. Оқитын пәндері бойынша жұмыс бағдарламаларын жасайды. Оқитын пәндері және жекелеген оқу сабақтары, оқу жұмыстары бойынша әдістемелік қамтамасыз ету үшін еңбектер жинақтайды және әзірлейді.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысады. Оқитын пәндері немесе жекелеген оқу бойынша студенттердің өзіндік жұмыстарына басшылық жасайды.

Ассистенттер мен оқытушыларға педагогикалық шеберлік пен кәсіби дағдыларды игеру үшін әдістемелік көмек береді.

Әдістемелік комиссия құрамында мамандық бойынша кафедраның ғылыми-әдістемелік кеңесінің жұмыстарына қатысады.

Мектеп оқушыларына кафедрадағы мамандықтар бойынша кәсіби бағдар беру жұмыстарына қатысады.

Ғылыми-техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық, экономикалық, құқықтық білімдерді насихаттауға қатысады.

Сабақтарды, зертханалық жұмыстарды, практикалық сабақтарды өткізуде студенттер мен кафедра оқытушыларының еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақтауына бақылау жасайды. Студенттерді тәрбиелеу жұмыстарына қатысады.

Кафедрадағы оқулықтар, оқу құралдарын, оқу-әдістемелік құралдар, нұсқаулықтар, жұмыс бағдарламалары және басқа да оқу-әдістемелік жұмыстардың түрлерін дайындауға қатысады. Жеке жоспар орындау туралы есепті дайындайды және ұсынады.

Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі нормаларын орындайды.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының "Білім туралы" , "Ғылым туралы" , "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" , "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарын және басқа да білім беру жүйесінің қызметі мен дамуын реттейтін нормативтік құқықтық актілерін; өз мамандығы бойынша оқу-ғылыми пәндерін; білім беру жүйесін басқару теориясы мен әдістемесін; оқу жоспарларын дайындау тәртібін; оқу жұмыстарының құжаттарын жүргізу ережесін; кәсіби білім беру педагогикасын, физиологиясын, психологиясын және кәсіптік білім беру әдістемесін; студенттерге білім беру мен тәрбиелеудің қазіргі нысандары мен әдістерін; экономика негіздерін, еңбек заңдарын; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өрттен қорғау ережелері мен нормаларын.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі кемінде 3 жыл, оның ішінде оқытушы лауазымында кемінде бір жыл болуы немесе мамандығы бойынша практикалық жұмыстағы өтілі кемінде 5 жыл және/немесе ғылыми дәрежесі болуы тиіс.

Оқытушы (ассистент)

Ескерту. Кіші бөлімге өзгерістер енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.06.09 N 241 (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2013 № 512 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

Лауазымдық міндеттері: Жетекшілік ететін пәндері бойынша оқу және оқу-әдістемелік жұмыстарын ұйымдастырады және өткізеді.

Кафедрадағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының бір бағытына қатысады.

Профессордың, доценттің, аға оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін оқу сабақтары және басқа да оқу түрлері бойынша әдістемелік нұсқаулықтар дайындайды және оған қатысады. Студенттерді тәрбиелеу жұмыстарына қатысады. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына басшылық жасауға және ұйымдастыруға қатысады.

Мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстарына қатысады.

Оқу үдерісінің, оқу құрылымдық бөлімшелері құралдарының, зертханалардың материалдық-техникалық базасының нығаюына, дамуына, қамтамасыз етілуіне, жетілдірілуіне байланысты шараларды дайындауға және жүзеге асыруға белсенді қатысады.

Сабақтарды, зерханалық жұмыстарды, практикалық сабақтарды өткізуде студенттер мен кафедра оқытушыларының еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақтауына бақылау жасайды.

Профессордың, доценттің, аға оқытушының (пән кураторы) жетекшілігімен оқу сабақтарының әдістемелік және техникалық қамтамасыз етілуін ұйымдастырады және жоспарлайды. Студенттердің оқулықтармен, арнайы, ғылыми әдебиеттермен, оқу құралдарымен жұмыс істеу дағдысын қалыптастырады, өз бетінше эксперимент жүргізуге, алынған нәтижелерді жинақтауға үйретеді.

Кафедрадағы зерттеу тақырыбы аясында ұйымдастырылатын семинарларға, мәжілістерге, конференцияларға, оның ішінде кафедрадан жіберілген жағдайда халықаралық конференцияларға қатысады. Жеке жоспар орындау туралы есепті дайындайды және ұсынады.

Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі нормаларын орындайды.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының "Білім туралы" , "Ғылым туралы" , "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" , "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарын және басқа да білім беру жүйесінің қызметі мен дамуын реттейтін нормативтік құқықтық актілерін; білім беру жүйесін басқару теориясы мен әдістемесін; оқу жоспарларын дайындау тәртібін; оқу жұмыстарының құжаттарын жүргізу ережесін; кәсіби білім беру педагогикасын, физиологиясын, психологиясын және кәсіптік білім беру әдістемесін; студенттерге білім беру мен тәрбиелеудің қазіргі формалары мен әдістерін; экономика негіздерін, еңбек заңдарын; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өрттен қорғау ережелері мен нормаларын.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білімі, мамандығы бойынша еңбек өтілі кемінде 3 жыл және/немесе магистр академиялық дәрежесі.

Оқу зертханасының меңгерушісі

Лауазымдық міндеттері: Құрылымдық бөлімшенің жылдық жобаларын дайындап, басшылыққа ұсынады. Жоғары оқу орнының тақырыптық жоспарында бөлімше үшін қаралған жұмыстарды ұйымдастырып, бақылау жасап отырады, сәйкес білім салалары бойынша олардың даму мүмкіндігін айқындайды, зерттеу жүргізу әдістері мен құралдарын, бөлімше алдына қойылған ғылыми-техникалық міндеттерді шешу жолдарын таңдайды. Бөлімшенің перспективті және жылдық жұмыс жоспарларын әзірлейді, оларды жоғары оқу орнының басшылығына ұсынады. Елдің әлеуметтік-экономикалық саласының тиісті ғылым және техника өрісін дамыту жөнінде техникалық тапсырмалар, әдістемелік және жұмыс бағдарламалары, техникалық-экономикалық негіздемелер, болжамдар мен ұсынымдар, басқа да жоспарлар мен әдістемелік материалдар әзірлеуге жетекшілік жасайды.

Жоспарда көзделген тапсырмалардың орындалуына, бөлімше мамандары мен қоса атқарушылар орындаған жұмыстар сапасына бақылау жасайды. Нормативтік талаптардың сақталуын, құжаттар ресімдеудің кешенділігі мен сапалылығын, оны бекітілген тәртіпте келісімді қамтамасыз етеді. Бөлімше орындаған жұмыстар туралы есептерді бекітіп, оны қарауға ұсынады. Олардың нәтижелерін іс жүзінде қолдануды қамтамасыз етеді. Бөлімшенің жұмыс жүргізуіне қажетті жабдықтарға, материалдар мен басқа да ресурстарға сұранысын айқындайды, олардың сақталуын қамтамасыз ету шараларын жасайды.

Ғылыми-техникалық жетістіктерді патенттеу және өнертабыстар мен жаңашылдық ұсыныстарды тіркеуді қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастырады.

Бөлімше жұмысының тиімділігін арттыруды, мамандарды оңтайлы орналастыруды қамтамасыз етеді, мамандардың шығармашылық белсенділігін арттыру шараларын қабылдайды. Мамандардың біліктіліктерін жоғарылату жұмыстарын ұйымдастырады. Қызметкерлердің бөлімше жұмысының жалпы нәтижесіне қосқан жеке еңбек үлесін ескере отырып, еңбекақы төлеу жөнінде кафедра меңгерушісіне ұсыныстар береді. Оқу зертханасының қызмет бағытын анықтайды, оның жұмысын ұйымдастырады, бақылау жасайды, олардың жұмыстарын үйлестіреді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының "Білім туралы" , "Ғылым туралы" , "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" , "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарын және білім сұрақтарын реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерін; тиісті білім, ғылыми техника саласындағы мәселелерді; экономика даму бағыттарының түрлерін, осы мәселелерге қатысты отандық және шет елдік тәжірибелерді, ғылыми зерттеулер жүргізуді және енгізуді, ғылыми құрылғыларды, оның қолданылу ережелерін, ғылыми-техникалық құжаттарды ресімдеуді, құралдарға, материалдарға, басқа да ғылыми құрылғыларға тапсырма беруді, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын; экономика негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өрттен қорғау ережелері мен нормаларын.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білімі, ғылыми және ұйымдастырушылық жұмыс тәжірибесі бес жылдан кем болмауы.

3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінің педагог қызметкерлері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары



Ескерту. 3-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.06.09 N 241 (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі


білім беру ұйымының басшысы

Лауазымдық міндеттері: Қазақстан Республикасының заңнамасына және білім беру ұйымының жарғысына сәйкес оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, әкімшілік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық жасайды.

Оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын, оқу процесінің кестесін, ішкі тәртіп ережесін бекітеді. Білім беру ұйымының басқару құрылымын, штаттық кестесін, қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді. Білім алушылардың контингентін қалыптастырады, олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында қоғамдық тамақтандыру, медициналық қызмет көрсету ұйымдарының жұмыс істеу және олардың жұмысына бақылауды ұйымдастыру үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді.

Жұмыс берушілермен және әлеуметтік әріптестермен жүргізілетін жұмысты үйлестіреді. Қолда бар мүліктер мен құралдарға билік жүргізеді, оқу-материалдық базаны толтыруды және оның есебі мен сақталуын, санитарлық-гигиеналық ережелер тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді. Материалдық-техникалық базаны қайта жарақтауды және қайта құруды ұйымдастырады. Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады. Білім беру ұйымының оқыту қызметінің саласын дұрыс ұстау және кеңейту мақсатында инновациялық білім технологияларын енгізуді және тартуды қамтамасыз етеді.

Кадрларды іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, педагогикалық және тәрбие процесінің қажетті деңгейін қамтамасыз етеді, олардың біліктілігі мен кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды.

Үздіксіз кәсіптік оқыту жөнінде білім беру ұйымдарымен бірлескен жұмыс бойынша жалпы басшылықты жүзеге асырады.

Жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етеді, ата-аналармен (олардың орнын басушы адамдармен) жүргізілетін жұмысты үйлестіреді. Жоғары тұрған, қоғамдық және өзге де ұйымдарда білім беру ұйымының мүддесін білдіреді.

Әлеуметтік серіктестік және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі шараларды жүзеге асырады. Уәкілетті органға (құрылтайшыға) оқу, ғылыми және қаржылық қызмет нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті ұсынады. Еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік жөніндегі заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілер талаптарын орындауды қамтамасыз етеді және қауіпсіз еңбек етуге жағдай жасайды.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін , Қазақстан Республикасының Салық Кодексін , Қазақстан Республикасының "Білім туралы" , "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" , "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" , "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін; педагогика және психология негіздерін, қазіргі педагогтік ғылым мен тәжірибе жетістіктерін; басқарудың инновациялық әдістерін; экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық мәселелерін; құқық негіздерін, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелер мен нормаларын.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім, білім беру ұйымындағы немесе оқу орнының бейініне сәйкес ұйымдарда басшы лауазымда еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.

Басшының ғылыми және оқу-әдістемелік жұмысы


Каталог: download -> prikazy
download -> Абылай хан
download -> Бағдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
download -> Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы
download -> П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий
prikazy -> Білім беру қызметінде білім беру ұйымдары пайдаланатын қатаң есептегі құжаттардың нысандарын бекіту туралы
prikazy -> "Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы
prikazy -> Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы
prikazy -> Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы
prikazy -> Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы «Білім туралы»
prikazy -> Егемен Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет