Педагог қызметкерлерді аттестаттау



Дата03.02.2017
өлшемі48,3 Kb.
#8612

ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ АТТЕСТАТТАУ

  • БСЗБ ж МБРҒН ОРТАЛЫҒЫ
  • М.А.АБИРОВА
  • 2011-2015 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
  • МАҚСАТТАРЫ:
  • МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ БАСҚАРУ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ
  • БІЛІМ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖӘНЕ ЖАҢАРТУ
  • МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦИЯЛЫҚ БІЛІМ МЕКЕМЕЛЕРІ ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ ПОТЕНЦИАЛЫН АРТТЫРУ
  • МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦИЯЛЫҚ БІЛІМ САПАСЫН БАСҚАРУ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ
  • НОРМАТИВТІК НЕГІЗІ
  • 1. «Педагог қызметкерлерді аттестациялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 22 қаңтардағы № 16 Бұйрығы
  • 2. «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 Бұйрығы
  • 3. «Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылық құрамының және ғылыми қызметкерлердің лауазымдарына конкурстық орналасудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 635 Бұйрығы
  • ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ АТТЕСТАЦИЯЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫ:
  • 1) Тиісті санатты белгілеу және растау үшін, педагог қызметкердің құзыреттілігін біліктілік талаптарына сәйкестік деңгейін анықтау;
  • 2) Тұлғалық жетістіктерді жобалау үшін, педагог қызметкердің уәждемелік саласын кеңейту.
  • ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ АТТЕСТАЦИЯЛАУДЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ МЕН ЕРЕЖЕЛЕРІ
  • Аттестациялаудың негізгі қағидалары аттестацияланатын педагог қызметкерге, объективті, ашықтық және алқалық қатынасты қамтамасыз ететін, ішкі және сыртқы бағалаудың жүйелілігі мен тұтастығы болып табылады.
  • Аттестайиялау 5 жылда кемінде бір рет өткізіледі.
  • ЕРЕЖЕЛЕР:
  • Жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерін аттестациялауды, Ректордың бұйрығымен құрылған аттестациялау комиссиясы жүзеге асырады.
  • Педагог қызметкерлерді аттестациялау екі кезеңде жүзеге асырылады:
  • І–кезең: тестілеу.
  • ІІ-кезең: лауазымдарының біліктілік сипаттамаларына сәйкес,
  • педагог қызметкерлерінің қорытындыларын
  • талдамалық жалпылау.
  • Аттестаттациялаудың бірінші кезеңі Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген технологиялар бойынша кешенді компьютерлік тестілеу әдісімен жүргізіледі.
  • Біліктілік тестілеуді өткізу күнін, тестілеу рәсімін өткізуге 2 апта қалғанда
  • педагог қызметкерге хабарлайды;
  • Тестілеу кезінде теріс нәтиже көрсеткен немесе дәлелді себептермен қатыспаған педагог қызметкерлер:
  • 1) ұзақ уақыт бойы еңбекке жарамсыздық (2 айдан астам уақыт);
  • жүктілік және бала туу және бала күту демалысында болу;
  • шетелде мамандық бойынша іссапарда болса
  • бірінші тестілеуден кейін, екі айдан кешіктірмей қайтадан тестілеуден өтеді.
  • Қайталап тестілеу кезінде теріс нәтиже көрсеткен педагог қызметкер аттестациялаудың екінші кезеңіне жіберілмейді.
  • Егер де педагог қызметкер белгіленген мерзімде дәлелді себептермен білікті тестілеуден өтпесе, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 желтоқсандағы № 1171 қаулысымен бекітілген екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін, ауру түрлерінің тізбесі бойынша еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан кезде аттестациялау комиссиясы аталған педагог қызметкерді келесі оқу жылында аттестациялау туралы шешім қабылдайды.
  • Тестілеуге жататын жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім ұйымдарының педагог қызметкерлерінің тізімі жоғарғы оқу орындарының аттестациялау комиссиясымен қалыптастырылады, Ғылыми Кеңесімен бекітіледі және білім беру саласындағы уәкілетті органға беріледі.
  • Базалық жоғарғы оқу орындары тестілеудің кестесін жасайды, оның өтетін орнын белгілейді және мәліметтерді Ұлттық тестілеу орталығына береді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы (бұдан әрі – Ұлттық тестілеу орталығы) тест тапсырмаларын әзірлеуге, мазмұны мен сапасына жауапты. Аттестациялық тестілеуді өткізу кезінде бағдарламалық қамтамасыз етуді техникалық сүйемелдеу Ұлттық тестілеу орталығына жүктеледі.
  • Тестілеуден өтетін педагог қызметкердің өзінің жеке басын растайтын құжаты болуы тиіс.
  • 20. Тест сұрақтарының саны 80-ді құрайды:
  • 1) Қазақстан Республикасы заңнамаларын білу - 20 сұрақ;
  • 2) педагогика және психология негіздері - 20 сұрақ;
  • 3) пәндік білім негіздері - 40 сұрақ.
  • Тестілеу уақыты жалпы 160 минутты құрайды, математика, физика, химия бойынша пәндік білім негіздері бойынша тестіленетін педагог қызметкерлерін тестілеудің жалпы уақыты 175 минутты құрайды.
  • Тестілеу нәтижелері
  • пәндік білім негіздері бойынша кемінде 70 %, педагогика мен психология негіздері бойынша – 50 %, ҚР заңнамасы бойынша – 50 %
  • дұрыс жауаптар жинаған кезде дұрыс болып саналады.
  • Егер педагог қызметкер атауында екі және одан көп мамандық болатын лауазым (біліктілік) бойынша аттестацияланатын болса, онда тестілеу кезінде «Пәндік білім негіздері» блогында өзінің таңдауы бойынша тапсырма бір мамандық бойынша орындалады.
  • Педагог қызметкерді тестілеудің оң нәтижесі екінші кезеңге жолдама алуға негіз болып табылады.
  • Біліктілік тестілеуден мыналар босатылады және аттестациялаудың екінші кезеңіне жіберіледі:
  • 1) жоғары біліктілік санатын растау кезінде 25 және одан да астам педагогикалық өтілі бар тұлғалар;
  • 2) зейнеткерлік жастағы тұлғалар.
  • ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЛАУАЗЫМДАРЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАРЛЫҚ АУМАҚТАРЫНДА 5 ЖЫЛ БОЙЫ САҚТАЛАДЫ.
  • Жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінің әрқайсысына мынадай шешімдердің біреуі шығарылады:
  • кафедрасы бойынша лауазымның талаптарына сәйкес келеді;
  • кафедрасы бойынша лауазымның талаптарына сәйкес келмейді.
  • Егер де санатты растау үшін аттестациялау қорытындылары бойынша «лауазымның талаптарына сәйкес келмейді» деген шешім шығарылса лауазымы бір деңгейге төмендейді.
  • Егер де санатты көтеру үшін аттестациялау қорытындылары бойынша «лауазымның талаптарына сәйкес келмейді» деген шешім шығарылса лауазымы көтерілмейді.
  • Лауазымды төмендету туралы шешім, тиісінше жалақы аттестациялау комиссиясы шешімінің негізінде білім беру ұйымдарының басшысының бұйрығымен ресімделеді.
  • Егер аттестацияланушы аттестация комиссиясының шешімімен келіспесе, сот тәртібімен шағымдануға құқығы бар.
  • Педагог қызметкерлердің аттестаттауының нәтижелерін олардың өтініші негізінде мынадай жағдайларда екі жылдан аспайтын уақытқа ұзартылады:
  • 1) педагог қызметкерлердің уақытша еңбекке жарамсыздығы (екі айдан астам), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылы 4 желтоқсандағы № 117 қаулысымен бекітілген екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін ауру түрлерінің тізбесі бойынша еңбекке қабілеттілігін жоғалтқанда;
  • 2) жүктілік және бала туу, баланы күту бойынша демалыста болуы;
  • 3) іссапарда, мамандығы бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерде оқуда (тағылымдамада) болуы;
  • 4) тоқтатқан себептеріне қарамастан, біліктілік санаты берілген лауазымдағы қызметіне қайта келуі;
  • 5) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жұмыс орнының ауысуы;
  • 6) білімін, еңбек өтілі мен біліктілік біліктілігін растайтын құжаттары бар болған жағдайда жақын және шет елдерден Қазақстан Республикасына келген тұлғалардың педагог қызметін жүзеге асыруы.
  • БІЛІКТІЛІК СИПАТТАМАЛАРЫ
  • «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы»
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 Бұйрығы
  • КАФЕДРА МЕҢГЕРУШІСІ
  • Лауазымдық міндеттері: кафедраның мамандар даярлау бағыттары мен мамандықтары бойынша даму стратегиясын жасайды, жұмыс берушілермен, білім беруді басқару органдарымен сыртқы байланыстарды нығайтады және дамытады, білім беру қызметінің және кафедраның мамандар даярлау бағыттары мен мамандықтарының нарығын зерделейді, мамандар дайындау сапасының кафедра ішілік жүйесін жасайды, оқу үдерісін жоғары сапамен қамтамасыз ету мақсатында педагогикалық әдістер мен оқыту құралдарын айқындай алады, оқытудың барлық түрлері бойынша барлық оқыту сабақтарының өткізілуін ұйымдастырады, жоспарланған және ағымдағы қызметкерлердің оқу, ғылыми, әдістемелік мәселелерін талқылау бойынша кафедра отырысын өткізеді, кафедра пәндері бойынша оқу бағдарламаларын бекітеді, кафедра жұмысының жоспары мен кафедра оқытушыларының жеке жұмыс жоспарларын бекітеді, кафедра қызметкерлерінің арасында педагогикалық жүктеме мен лауазымдық міндеттерді бөлуді жүзеге асырады, олардың уақытылы және сапалы орындалуына бақылау жасайды, оқу сабақтарын өткізуде оқытудың қазіргі техникалық құралдарын таңдауды жүзеге асырып, оны пайдалану мүмкіндігін жасайды, барлық сабақ түрлерін жүргізеді, магистранттар мен докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына және магистранттар мен PhD докторанттардың диссертацияларына жетекшілік жасайды, студенттердің кәсіби практикаларын жұмыстарын ұйымдастырады және басшылық жасайды.
  • жекелеген пәндер бойынша студенттерге курстық емтихандарды, сынақтарды, сондай-ақ аралық сынақтарды өткізуді қамтамасыз етеді, олардың нәтижелеріне талдау жасап, кафедра мәжілістерінде баяндайды, кафедрада ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүргізілуін ұйымдастырады, факультет басшылығының тапсырмасымен кафедра қызметкерлері мен ізденушілері дайындаған диссертацияларды қарастырады, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына басшылық жасайды, аяқталған ғылыми-зерттеу жұмыстары мен олардың ғылыми нәтижелерін ғылымға енгізу мүмкіндіктерін талқылайды, қол жеткізген ғылыми нәтижелерді баспада жариялауды қамтамасыз етеді, оқулықтарға, оқу құралдарына, әдістемелік құралдарға қорытындылар дайындауды қамтамасыз етеді, оқулықтардың, оқу құралдарының, оқу-әдістемелік құралдардың дайындалуын ұйымдастырады және тікелей өзі қатысады, кафедрадағы оқытушылар мен басқа да қызметкерлердің жеке жұмыс жоспарларының сапасы мен орындалуына бақылау жасайды, кафедраның педагогикалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысады, кафедра оқытушыларының тәжірибесін зерттейді, жинақтайды және таратады, жұмысты жаңа бастаған оқытушыларға оқыту және әдістемелік тұрғыдан көмек көрсетеді, ғылыми педагог мамандарды дайындауға басшылық жасайды, кафедра оқытушыларының біліктілігін арттыруды жоспарлайды, дайындық бағыттары бойынша және ЖООаралық деңгейде оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік көмек көрсету мақсатында білім беру ұйымдарымен және басқа да ұйымдарымен байланыс орнатады,
  • кафедраның барлық құжаттарының және есептерінің дайындалуын және сақталуын қамтамасыз етеді, кафедра жұмысының қорытындысы бойынша есеп береді, факультет студенттері мен кафедралардың оқытушыларының еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақтауына бақылау жасайды, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі нормаларын орындайды.
  • Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», басқа да білім беру жүйесінің қызметі мен дамуын реттейтін нормативті-құқықтық актілерін; мамандықтар мен мамандану пәндері бойынша оқу жоспарлары мен бағдарламаларын дайындау тәртібін; оқу жұмыстарының құжаттарын жүргізу ережесін; кәсіби білім беру педагогикасын, физиологиясын, психологиясын және кәсіптік білім беру әдістемесін; студенттерге білім беру мен тәрбиелеудің қазіргі формалары мен әдістерін; еңбек заңдарын; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өрттен қорғау ережелері мен нормаларын.
  • қойылатын талаптар: жоғары білімі, ғылым докторы немесе ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, Ph.D (философия докторы) академиялық дәрежесі және білім ұйымдарында басшы қызметтегі немесе мамандығы бойынша еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.
  • ПРОФЕССОР
  • Лауазымдық міндеттері: жетекшілік ететін пәндері бойынша оқу және оқу-әдістемелік жұмыстарын жоспарлайды, ұйымдастырады және бақылау жасайды. Кәсіби білім мәселесі бойынша ғылыми-әдістемелік жұмыстарға қатысады, барлық сабақ түрлерін жүргізеді, магистранттар мен PhD докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына және диссертацияларына жетекшілік жасайдығ, кафедраның ғылыми жұмыс бағыттары бойынша ғылыми және ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысады және жетекшілік жасайды, жетекшілік жасайтын пәндері бойынша оқу жұмыс жоспарларының жасалуына және дайындалуына басшылық етеді, әдістемелік комиссия құрамында мамандық бойынша кафедраның, факультеттің, ғылыми-әдістемелік кеңестің, жоғары оқу орнының ғылыми-әдістемелік жұмыстарына қатысады, жетекшілік ететін пәндерінің әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілуін бақылайды, оқулықтардың, оқу құралдарының, оқу-әдістемелік құралдардың, дәріс конспектілерінің, жетекшілік жасайтын пәндері бойынша басқа да әдістемелік материалдардың дайындалуын ұйымдастырады және тікелей өзі қатысады, оларды баспаға дайындайды, кафедраның оқу және оқу-әдістемелік жұмыстарын жетілдіруге байланысты ұсыныстар береді, кафедрадағы зерттеу тақырыбы аясында ұйымдастырылатын семинарларға, мәжілістерге, конференцияларға, оның ішінде, халықаралық конференцияларға қатысады, кафедрадағы студенттердің ғылыми қоғамдарында жүзеге асырылатын студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырады және жетекшілік жасайды,
  • кафедра оқытушыларының біліктілігін арттыруға қатысады, оларға педагогикалық шеберлік пен кәсіби дағдыларды игеру үшін әдістемелік көмек береді, кафедрадағы ғылыми педагог мамандарды дайындауға жетекшілік жасайды, жетекшілік жасайтын пәндері бойынша студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастырады және жоспарлайды, мектеп оқушыларына кафедрадағы мамандықтар бойынша кәсіби бағдар беру жұмыстарына басшылық жасайды, факультет студенттері мен кафедралардың оқытушыларының еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақтауына бақылау жасайды, жеке жоспар орындау туралы есепті дайындайды және ұсынады, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі нормаларын орындайды.
  • Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын және басқа да білім беру саласының нормативтік құқықтық актілерін; білім беру жүйесін басқару теориясы мен әдістемесін; оқу жоспарларын дайындау тәртібін, оқу жұмыстарының құжаттарын жүргізу ережесін; кәсіби білім беру педагогикасын, физиологиясын, психологиясын және кәсіптік білім беру әдістемесін; студенттерге білім беру мен тәрбиелеудің қазіргі формалары мен әдістерін, еңбек заңдарын; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өрттен қорғау ережелері мен нормаларын.
  • Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білімі, ғылым докторы ғылыми дәрежесі немесе профессор ғылыми атағы, Ph.D (философия докторы) академиялық дәрежесі, ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы, оның ішінде доцент лауазымында кем дегенде бір жыл болуы.
  • ДОЦЕНТ
  • Лауазымдық міндеттері: жетекшілік ететін пәндері бойынша оқу және оқу-әдістемелік жұмыстарын жоспарлайды, ұйымдастырады және бақылау жасайды, жоғары білім мәселесі бойынша ғылыми-әдістемелік жұмыстарға қатысады, барлық сабақ түрлерін жүргізеді, магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік жасайды, кафедраның ғылыми жұмыс бағыттары бойынша ғылыми және ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысады және жетекшілік жасайды, жетекшілік жасайтын пәндердің сабақтарын кафедра оқытушыларының сапалы өткізілуіне бақылау жасайды, жетекшілік жасайтын пәндері бойынша жұмыс бағдарламаларын дайындайды, әдістемелік комиссия құрамында мамандық бойынша кафедраның (факультеттің) ғылыми-әдістемелік кеңесінің жұмыстарына қатысады, кафедрадағы зерттеу тақырыбы аясында ұйымдастырылатын семинарларға, мәжілістерге, конференцияларға, оның ішінде, кафедрадан жіберілген жағдайда халықаралық конференцияларға қатысады, кафедрадағы ғылыми-әдістемелік жұмыстарға қатысады және басшылық жасайды, студенттердің ғылыми қоғамдарында жүзеге асырылатын студенттердің, магистранттардың ғылыми жұмыстарын ұйымдастырады, жетекшілік жасайды, кафедра оқытушыларының біліктілігін арттыруға қатысады, жаңа жұмысқа қабылданған оқытушыларға педагогикалық шеберлік пен кәсіби дағдыларды игеру үшін әдістемелік көмек береді, студенттердің, магистранттардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастырады және жоспарлайды.
  •  
  • мектеп оқушыларына кафедрадағы мамандықтар бойынша кәсіби бағдар беру жұмыстарын ұйымдастырады және өзі қатысады, ғылыми-техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық, құқықтық білімдерді насихаттауға қатысады, кафедраның материалдық-техникалық базасын дамытуға қатысады, студенттерді тәрбиелеу жұмыстарына қатысады, кафедрадағы ғылыми-педагог мамандарды даярлауға қатысады, жеке жоспар орындау туралы есепті дайындайды және ұсынады, студенттер мен кафедра оқытушыларының еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақтауына бақылау жасайды, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі нормаларын орындайды.
  • Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын және басқа да білім беру саласының нормативтік құқықтық актілерін; білім беру жүйесін басқару теориясы мен әдістемесін; оқу жоспарларын дайындау тәртібін; оқу жұмыстарының құжаттарын жүргізу ережесін; кәсіби білім, беру педагогикасын, физиологиясын, психологиясын және кәсіптік білім беру әдістемесін; студенттерге білім беру мен тәрбиелеудің қазіргі нысандары мен әдістерін; экономика негіздерін, еңбек заңнамаларын; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өрттен қорғау ережелері мен нормаларын.
  • Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білімі, ғылым докторы немесе ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі, немесе ғылыми атағы, Ph.D (философия докторы) академиялық дәрежесі және ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы, медициналық білім беру ұйымынан басқа ұйымдарда аға оқытушы лауазымында кем дегенде бір жыл жұмыс істеуі тиіс.
  • АҒА ОҚЫТУШЫ
  • Лауазымдық міндеттері: жетекшілік ететін пәндері бойынша оқу және оқу-әдістемелік жұмыстарын ұйымдастырады және өткізеді, кафедрадағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының бір бағытына қатысады, барлық жұмыс түрлерін жүргізеді, ассистенттер мен оқытушылар жүргізетін сабақтардың сапасына бақылау жасайды, оқитын пәндері бойынша жұмыс бағдарламаларын жасайды, оқитын пәндері және жекелеген оқу сабақтары, оқу жұмыстары бойынша әдістемелік қамтамасыз ету үшін еңбектер жинақтайды және әзірлейді, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысады, оқитын пәндері немесе жекелеген оқу бойынша студенттердің өзіндік жұмыстарына басшылық жасайды, ассистенттер мен оқытушыларға педагогикалық шеберлік пен кәсіби дағдыларды игеру үшін әдістемелік көмек береді, әдістемелік комиссия құрамында мамандық бойынша кафедраның ғылыми-әдістемелік кеңесінің жұмыстарына қатысады, мектеп оқушыларына кафедрадағы мамандықтар бойынша кәсіби бағдар беру жұмыстарына қатысады, ғылыми-техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық, экономикалық, құқықтық білімдерді насихаттауға қатысады, сабақтарды, зертханалық жұмыстарды, практикалық сабақтарды өткізуде студенттер мен кафедра оқытушыларының еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақтауына бақылау жасайды, студенттерді тәрбиелеу жұмыстарына қатысады, кафедрадағы оқулықтар, оқу құралдарын, оқу-әдістемелік құралдар,
  • нұсқаулықтар, жұмыс бағдарламалары және басқа да оқу-әдістемелік жұмыстардың түрлерін дайындауға қатысады, жеке жоспар орындау туралы есепті дайындайды және ұсынады , еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі нормаларын орындайды.
  • Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын және басқа да білім беру жүйесінің қызметі мен дамуын реттейтін нормативтік құқықтық актілерін; өз мамандығы бойынша оқу-ғылыми пәндерін; білім беру жүйесін басқару теориясы мен әдістемесін; оқу жоспарларын дайындау тәртібін; оқу жұмыстарының құжаттарын жүргізу ережесін; кәсіби білім беру педагогикасын, физиологиясын, психологиясын және кәсіптік білім беру әдістемесін; студенттерге білім беру мен тәрбиелеудің қазіргі нысандары мен әдістерін; еңбек заңдарын; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өрттен қорғау ережелері мен нормаларын.
  • Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білімі және магистр академиялық дәрежесі, ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы, оның ішінде оқытушы қызметінде кем дегенде бір жыл болуы немесе мамандығы бойынша практикалық жұмыстағы еңбек өтілі 2 жылдан кем болмауы тиіс.
  • ОҚЫТУШЫ (АССИСТЕНТ)
  • Лауазымдық міндеттері: жетекшілік ететін пәндері бойынша оқу және оқу-әдістемелік жұмыстарын ұйымдастырады және өткізеді, кафедрадағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының бір бағытына қатысады, профессордың, доценттің, аға оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін оқу сабақтары және басқа да оқу түрлері бойынша әдістемелік нұсқаулықтар дайындайды және оған қатысады, студенттерді тәрбиелеу жұмыстарына, ғылыми-зерттеу жұмыстарына басшылық жасауға және ұйымдастыруға қатысады, мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстарына қатысады, оқу үдерісінің, оқу құрылымдық бөлімшелері құралдарының, зертханалардың материалдық-техникалық базасының нығаюына, дамуына, қамтамасыз етілуіне, жетілдірілуіне байланысты шараларды дайындауға және жүзеге асыруға белсенді қатысады, сабақтарды, зерханалық жұмыстарды, практикалық сабақтарды өткізуде студенттер мен кафедра оқытушыларының еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақтауына бақылау жасайды, профессордың, доценттің, аға оқытушының (пән кураторы) жетекшілігімен оқу сабақтарының әдістемелік және техникалық қамтамасыз етілуін ұйымдастырады және жоспарлайды, студенттердің, оқулықтармен, арнайы, ғылыми әдебиеттермен, оқу құралдарымен жұмыс істеу дағдысын қалыптастырады, өз бетінше эксперимент жүргізуге, алынған нәтижелерді жинақтауға үйретеді, кафедрадағы зерттеу тақырыбы аясында ұйымдастырылатын семинарларға, мәжілістерге, конференцияларға,
  • оның ішінде кафедрадан жіберілген жағдайда халықаралық конференцияларға қатысады, жеке жоспар орындау туралы есепті дайындайды және ұсынады, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі нормаларын орындайды.
  • Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын және басқа да білім беру жүйесінің қызметі мен дамуын реттейтін нормативтік құқықтық актілерін; білім беру жүйесін басқару теориясы мен әдістемесін; оқу жоспарларын дайындау тәртібін; оқу жұмыстарының құжаттарын жүргізу ережесін; кәсіби білім беру педагогикасын, физиологиясын, психологиясын және кәсіптік білім беру әдістемесін; студенттерге білім беру мен тәрбиелеудің қазіргі формалары мен әдістерін; экономика негіздерін, еңбек заңдарын; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өрттен қорғау ережелері мен нормаларын.
  • Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары кәсіби білімі, магистр академиялық дәрежесі болуы және педагогикалық еңбек өтілі кемінде 1 жыл болуы керек.
  • ЖОО-ЫҢ ПОҚ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЛАУАЗЫМДАРҒА ТАҒАЙЫНДАЛУЫ
  • Профессор-оқытушылық құрамының және ғылыми қызметкерлердің лауазымдарына орналасу конкурсы үміткерлердің қызмет қорытындыларын сауалнама, сараптамалық баға беру, тестілеу, әңгімелесу, шығармашылық есеп беру, авторлық әзірлемелерді қорғау, практикалық тапсырмалар нысанында және әрбір лауазым бойынша белгіленген талаптар көлемінде кәсіби құзыреттерін бақылаудың басқа нысандарын аналитикалық жалпылау негізінде жүзеге асырылады.
  • ЖОБА ШЕШІМІ
  • МӘЛІМЕТТІ НАЗАРҒА АЛУ
  • 2. «ҚАЗҰМУ ПОҚ-Н АТТЕСТАЦИЯЛАУ ЕРЕЖЕСІН» ӘЗІРЛЕУ ҮШІН ЖҰМЫС ТОБЫ ҚҰРЫЛСЫН
  • УНИВЕРСИТЕТ ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ ПЕДАГОГТІК ШЕБЕРЛІГІН ШЫҢАЙТУ МАҚСАТЫНДА «ПЕДАГОГТЕР МЕКТЕБІ» ҚҰРЫЛСЫН

Каталог: wp-content -> uploads -> 2011
2011 -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
2011 -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
2011 -> Международный Фонд защиты свободы слова
2011 -> Темекінің зияны Алипбаева Айгуль Жұлдызбековна, ҚазҰпу-дің химия-биология факультетінің 3курс студенті, биология-психология мамандығы. Ғылыми жетекшісі м.ғ. д профессор Кауашев С. К
2011 -> Сабақ 10. 11. 2011ж. 18. 11. 2011ж аралығында кесте бойынша екі ағымнан тұратын кесте бойынша өткізілді
2011 -> «ҚазҰму-ң Үздік оқытушысы» сайысы
2011 -> «Астана қаласының Мәдениет басқармасы» мм бастығының 2010 жылғы № бұйрығына
2011 -> «Саламатты Қазақстан 2011-2015» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру
2011 -> С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰму ғылыми инновациялық жобалары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет