Педагогика 1-вариант Педагогика ғылымының зерттеу объектісі



бет1/6
Дата13.12.2016
өлшемі1,45 Mb.
#3781
  1   2   3   4   5   6
Педагогика

1-вариант

1. Педагогика ғылымының зерттеу объектісі:

A) Жеке тұлғаның даму процесі. B) Мемлекеттің білім беру жүйесі.

C) Оқушылар ұжымы. D) Қоршаған педагогикалық шындық.

E) Арнайы ұйымдастырылған педагогикалық процесс.
2. Педагогика ғылымының зерттеу пәні:

A) Жеке тұлғаның даму процесі. B) Білім беру жүйесі.

C) Оқушылар ұжымын қалыптастыруға бағытталған педагог іс-әрекеті.

D) Педагог тұлғасы. E) Педагогикалық процесс.
3. Педагогика ғылымының негізгі категориялары:

А) Педагог, тәрбиеленуші, мектеп.

В) Тәрбие, оқыту, білім беру, педагогикалық процесс.

С) Дамыту, қалыптастыру. D) Оқыту процесі, тәрбиелеу процесі.

E) Оқу, сабақ беру.

4. Педагогика ғылымының функциялары:

A) Ғылыми-теориялық, технологиялық.

B) Оқыту, тәрбиелеу заңдылықтарын ашу.

C) Зерттеу нәтижелерін практикаға енгізу.

D) Педагогикалық озық тәжірибені қорыту, игеру және тарату.

E) Оқыту, тәрбиелеу принциптерін құру.

5. Адамзат дәуірінің әр даму кезеңдеріндегі тәрбие және білім беру теориясы мен практикасын зерттейтін педагогика ғылымымының саласы:

A) Салыстырмалы педагогика. B) Әлеуметтік педагогика.

C) Педагогика тарихы. D) Коррекциялық педагогика.

E) Жалпы педагогика.

6. Жалпы педагогика бөлімдері:

А) Педагогикалық психология, таным теориясы.

В) Жалпы негіздері, тәрбие теориясы, дидактика, мектептану.

С) Әлеуметтік педагогика, педагогика тарихы, әскери педагогика.

D) Мектепке дейінгі педагогика, мектеп педагогикасы, үлкендер

педагогикасы.

E) Логопедия, сурдопедагогика, тифлопедагогика, олигофренопедагогика.
7. Психикалық дамуында ауытқушылық бар балаларды оқытумен және тәрбиелеумен айналысатын педагогика саласы:

A) Валеология. B) Салыстырмалы педагогика.

C) Олигофренопедагогика. D) Әлеуметтік педагогика.

E) Этнопедагогика.

8. Әр елдердің білім беру жүйелерінің қызметтерін және дамуын зерттейтін педагогика ғылымы саласы:

A) Салыстырмалы педагогика. B) Этнопедагогика.

C) Педагогика тарихы. D) Логопедия.

E) Мектеп педагогикасы.
9. Педагогика ғылымының пайда болу себебі:

A) Ғылыми-техникалық прогресс. B) Адамды өмірге дайындау

қажеттілігі.

C) Тәрбие маңызының артуы. D) Тәрбие мақсатының өзгеруі.

E) Адам тәжірибесінің молаюы.
10. Ғылым ретінде педагогиканың негізін қалаған:

A) Сократ. B) А.С.Макаренко.C) Ж.Ж.Руссо.D) Я.А.Коменский. E) Д.Локк.
11. Тұлға дамуы – бұл:

A) Адамның дене, психикалық және рухани сипаттамаларының сандық және сапалық өзгерістері.

B) Адам организміндегі сандық өзгерістер.

C) Білімдер, іскерліктер және творчестволық іс-әрекеттер әдістерін игеру.

D) Тәрбие ықпалымен жеке адамның әлеуметтік қасиеттерге ие болуы.

E) Ескінің жоғалуы, жаңаның пайда болуы.

12. Оқушы қабілеттерін дамыту:

A) Табиғи нышандардан тәуелді.

B) Игерген білімдер, іскерліктер көлемінен тәуелді.

C) Оқыған кітаптар санынан тәуелді.

D) Құрдастарымен, үлкендермен қарым-қатынасқа түсуінен тәуелді.

E) Оқу-тәрбие процесін мақсатты ұйымдастырудан және іске асырудан тәуелді.
13. Тұлға дамуында қоршаған ортаны шешуші фактор деп қарастыратындар:

A) Бихевиористер. B) Прагматиктер. C) Әлеуметтік бағыт өкідері.

D) Биологиялық бағыт өкідері. E) Экзистенциалистер.
14. Тұлға – бұл:

A) Жеке адам. B) Саналы және ойлай білетін адам.

C) Бір адамды екінші адамнан айыратын ерекшелік.

D) Оның әлеуметтік мәнін көрсететін қасиеттер жиынтығы.

E) Тірі организмің дамуының ең жоғары деңгейі.
15. Қандай қасиеттер ата-анадан балаға туғаннан беріледі:

A) Қабілеттер дамуының негізі – нышандар. B) Әлеуметтік тәжірибе. C) Адамгершілік қасиеттер. D) Арнайы қабілеттер.

E) Іскерліктер, дағдыллар.
16. Тұлға дамуының негізгі факторлары:

A) Ойын, оқу, еңбек.

B) Тәрбие, қоршаған орта, тұқымқуалаушылық, іс-әрекет.

C) Отбасы, мектеп, әлеуметтік орта.

D) Білім, іскерлік, дағды. E) Ата-ана, достары.
17. Өмір сүру және іс-әрекет барысында тұлғаның биологиялық және рухани өсуі:

A) Тәрбие. B) Қалыптасу. C) Даму. D) Білім беру. E) Оқыту.
18. Тұлға дамуының қандай факторы мақсатты және ол қоғам мақсатына сәйкес әсер етеді:

A) Тұқымқуалаушылық. B) Географиялық орта. C) Отбасы.

D) Тәрбие. E) Мектептегі орта.
19. Тұлға қалыптасуына ең аз әсер етеді:

A) Әлеуметтік орта. B) Географиялық орта. C) Тәрбие.

D) Тұқымқуалаушылық. E) Тұлға іс-әрекеті.
20. Жасөспірімнің дене, ішінара психикалық жедел дамуы:

A) Әлеуметтену.B) Акселерация. C) Индивидуализация.

D) Өзін-өзі тәрбиелеу. E) Даралану .

21. Бала организмінің күрт өсуі және дамуы, жыныстық жетілуі қандай кезеңде жүреді:

A) Сәбилік. B) Жеткіншек. C) Мектеп жасына дейінгі.

D) Мектеп жасынан кейінгі. E) Бастауыш сынып жасында.
22. Педагогика методологиясы:

A) Педагогикалық теорияның құрылымы және негіздері, ғылыми-танымдық іс-әрекеттерді құрудың принциптері, формалары және әдістері туралы оқу.

B) Зерттеу міндеттерін шешу жолдарын көрсетеді.

C) Зерттеушінің зерттелетін құбылысқа деген көзқарасы.

D) Зерттерлетін педагогикалық құбылыстың объективті қасиеттерін көрсететін заңдылықтар.

E) Іс-әрекеттке қойылатын талап, негізгі ереже.
23. Зерттелетін объект туралы нақты деректер алу үшін қолданылатын педагогикалық құбылыстарды мақсатты түрде қабылдау:

A) Сауал-сұрақ әдісі. B) Эксперимент.C) Әңгімелесу әдісі.

D) Интервью алу. E) Бақылау әдісі.
24. Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдісі ретіндегі бақылау:

A) Жақсы жұмыс істегендерді мадақтау мақсатымен сенбілік кезінде сынып оқушыларын бақылау.

B) Бақылау жұмысын орындау барысында мұғалімнің оқушылар тәртібін бақылауы.

C) Алдын-ала анықталған мақсатпен белгілі бір схема бойынша оқушылардың іс-әрекетін бақылау, деректерді тіркеу және өңдеу.

D) Оқушылар мен педагогтің тәжірибе алаңында өсімдіктің өсуін бақылаулары.

E) Тәжірибе жасау.
25. Басқа жағдайда жүретін тәжірибемен немесе бақылаушы объектімен салыстырылатын, педагогикалық процесті өңдеп, ғылыми қойылған тәжірибе:

A) Бақылау. B) Эксперимент.C) Тәжірибені зерттеу.

D) Педагогикалық процесс. E) Экспертиза.

Педагогика

2-вариант
1. Педагогикадағы табиғи эксперимент:

A) Оқу-тәрбие процесін бұзбай зерттеу гипотезасын тексеру.

B) Зерттеу гипотезасын арнайы лабораториялық жағдайда тексеру.

C) Гипотезасы жалпы тексеру.

D) Педагогикалық процестің жүру жағдайына өзгеріс енгізу арқылы зерттеу гипотезасын тексеру.

E) Қалыптасқан педагогикалық процесті тексеру.
2. Педагогикалық процестегі қалыптасқан жағдайды анықтайтын эксперимент түрі:

A) Табиғи эксперимент. B) Қалыптастыру эксперименті.

C) Констатациялық эксперимент. D) Лабораториялық эксперимент.

E) Ойша эксперимент.
3. Сауал-сұрақ әдісі:

A) Анкета жүргізу. B) Мектеп құжаттарын тексеру.

C) Бақылау.D) Теориялық талдау. E) Эксперттік бағалар беру.
4. Оқушылардың шығармаларын, творчестволық, практикалық жұмыстарын және т.б. зерттеушінің талдауы:

A) Бақылау. B) Эксперимент. C) Іс-әрекет өнімдерін зерттеу.

D) Сауал-сұрақ әдісі. E) Мектеп құжаттарын тексеру.
5. Зерттелетін құбылыстар арасындағы сандақ тәуелділіктерді анықтау, эксперимент және сауал сұрақ барысында алынған нәтижелерді өңдеу үшін қолданылатын әдіс:

A) Теориялық анализ. B) Индуктивтік әдіс. C) Дедуктивтік әдіс.

D) Статистикалық әдіс. E) Тест.
6. Арнайы ұйымдастырылған педагог пен тәрбиеленушілердің мақсатты өзара қимылдары:

A) Оқыту процесі. B) Тәрбие процесі. C) Педагогикалық процесс.

D) Оқу-тәрбие процесі.

E) Мектептегі тәрбие жұмыстарының бағыттары.


7. Тұлғаның «қалыптасу сәті» (педагогикалық жағдай):

A) Іскерліктер, дағдылар қалыптастыру негізі.

B) Педагогикалық процестің компоненттері.

C) Оқыту процесінің элементарлық бөлігі.

D) Педагогикалық процестің элементарлық бөлігі.

E) Тәрбие процесінің элементарлық бөлігі.
8. Педагогикалық процестің функциялары:

A) Білім беру, тәрбиелеу, дамыту.

B) Педагогикалық құбылыстардың заңдылықтарын ашу, теория құру, технология жасау.

C) Білім беру орындарының жұмысын реттеу.

D) Озық педагогикалық тәжірибені қорыту, тарату.

E) Реттеу, болжау.
9. Педагогикалық процестің тұтастығы:

A) Педагогикалық процестің функцияларының бірлікте іске асырылуы.

B) Отбасы, мектеп және басқа да әлеуметтік институттардың ынтымақтастығы.

C) Оқыту және тәрбие процестерінің өзара байланысы.

D) Педагог пен оқушылардың өзара бірлескен әрекеттері.

E) Тәрбие мен дамудың байлланысы.
10. Педагогикалық процестің компоненттері:

A) Педагогтер, оқушылар.

B) Бала-бақша, мектеп, жоғары оқу орындары.

C) Мақсат, міндет, мазмұн, әдіс, форма, нәтиже.

D) Оқыту, тәрбиелеу, дамыту.

E) Оқыту бағдарламалары, оқулықтар, оқу жоспары.
11. Педагогикалық процестің қозғаушы күштері:

A) Педагогикалық процесте туындайтын қарама-қайшылықтар.

B) Жаңашыл-педагогтар.

C) Жаңа педагогикалық технологиялаарды қолдану.

D) Педагогикалық зерттеулер.

E) Озық педагогикалық тәжірибені практикаға енгізу.
12. Педагогикалық процестің заңдылықтары:

A) Педагогикалық процесті ұйымдастыруға қойылатын талаптар.

B) Педагогикалық құбылыстар арасындағы тұрақты, қайталанатын, объективті байланыстар .

C) Педагогикалық процестің ережелері.

D) Педагогикалық процестің принциптерінен туындайды.

E) Оқушы іс-әрекетіне қойылатын талаптар.
13.Тұтас педагогикалық процесс теориясын жасаушы Қазақстан зерттеушісі:

A) В.А. Сластенин.B) Ш. Уалиханов. C) Ы. Алтынсарин.

D) И.Ф. Харламов. E) Н.Д. Хмель.
14. Тәрбие мақсаты – бұл:

A) Тәрбиенің не нәрсеге ұмтылатыны.

B) Тәрбиеленушінің не нәрсеге ұмтылатыны.

C) Тәрбие барысында алынатын нәтиже.

D) Тәрбие іс-шарасының нәтижесі.

E) Оқушының даму деңгейі.
15. Тәрбие мақсатын анықтайтын негізгі фактор:

A) Мемлекет идеологиясы, саясаты. B) Ата-аналар. C) Педагогтер.

D) Педагогикалық процестің мүмкіндіктері.

E) Оқушылардың қажеттіліктері.
16. Тәрбиенің жалпы мақсаты:

A) Азамат тәрбиелеу. B) Отбасын тәрбиелеу.

C) Еңбекші адамды тәрбиелеу.

D) Жан-жақты, гармониялы дамыған тұлғаны қалыптастыру.

E) Белсенді тұлға тәрбиелеу.
17. Әлемге деген философиялық, әлеуметтік-саяси, адамгершілік және саяси білімдер, көзқарастар, сенімдер жүйесі:

A) Білім беру мазмұны. B) Ғылыми дүниетаным. C) Ғылымдар жүйесі.

D) Әлеуметтік тәжірибе. E) Оқыту нәтижесі.
18. Ғылыми білімдер жүйесі, көзқарастар, сенімдер және адам идеалы – бұл:

A) Дүниетаным компоненттері.

B) Дүниетаным қалыптастыру құралдары. C) Тәрбие мазмұны. D) Дүниетаным формалары. E) Дүние тану жолдары.
19. Педагогика ғылымында тәрбиенің әртүрлі анықтамаларының болуы:

A) Педагогика ғылымындағы тәрбие проблемасының шешілгендігінің айғағы.

B) Әртүрлі анықтамаларының болуы педагогиканың дамыған ғылым екенін көрсетеді.

C) Ғылыми түсінікті күнделікті өмірлік түсініктен айыру үшін.

D) Тәрбиенің көп аспектілігінен туындайды.

E) Тәрбиеге әртүрлі көзқарастан.
20. Адамгершілік тәрбиесі – бұл:

A) Адамгершілік санасын қаалыптастыру процесі.

B) Мораль туралы білімдерді беру процесі.

C) Моральдік принциптер жүйесімен таныстыру.

D) Моральдік қасиеттер, адамгершілік мінез сипаттары, жұріс-тұрыс дағдылары мен әдеттерін қалыптастыру процесі.

E) Адамгершілік идеалын құру.
21. Болмыстағы және өмірдегі сұлулық пен әдемілікті дұрыс қабылдау қабілетін қалыптастыру:

A) Адамгершілік тәрбиесі. B) Дене тәрбиесі.

C) Эстетикалық тәрбиесі. D) Экологиялық тәрбиесі.

E) Еңбек тәрбиесі.
22. Мақсатты, жоспарлы ұйымдастырылған тұлғаны қалыптастыру процесі:

A) Сабақ беру. B) Оқыту.C) Тәрбиелеу. D) Оқу. E) Даму.
23. Авторитарлы, демократиялы, либералды және еркін тәрбие:

A) Тәрбие мазмұны

B) Мектептегі тәрбие жұмыстарының бағыты

C) Институционалдық белгі бойынша жіктеу

D) Негізге алынған философиялық концепция бойынша жіктеу

E) Қарым-қатынас стилі белгі бойынша жіктеу
24. Адамгершілік, ақыл-ой, еңбек және дене тәрбиелері

A) Тәрбие мақсаты. B) Тәрбие моделі. C) Тәрбие бағыттары.

D) Тәрбие құралдары. E) Тәрбие жүйесі.


25. Тұлғаның даму деңгейінің педагог қойған мақсатқа сәйкестігі:

A) Тәрбиелену мүмкіндігі. B) Тәрбиелілігі. C) Тәрбиелеу критериі.

D) Тәрбие диагностикасы. E) Тәрбиелік көрсеткіштері.


Педагогика

1-вариант

1. Қоршаған табиғи ортаға оң көзқарасты, жауапкершілікті тәрбиелеу:

A) Еңбек тәрбиесі міндеті. B) Адамгершілік тәрбиесі міндеті.

C) Экологиялық тәрбиесі міндеті. D) Экономикалық тәрбиесі міндеті.

E) Азаматтық тәрбиесі міндеті.
2. Тәрбие процесінің қозғаушы күші:

A) Тәрбие мақсаты мен міндеттері.

B) Тәрбие процесінің қарама-қайшылықтары.

C) Педагогтің талап қоюы.

D) Педагогтің тәрбие міндеттеріне сәйкес тәрбие құралдарын таңдау білуі.

E) Педагогикалық зерттеулер.

3. Баланың денсаулығын шыңдау және оның денесінің дұрыс дамуын қамтамасыз ету мақсатымен жүретін тәрбие:

A) Валеология. B) Дене тәрбиесі. C) Спортшы дайындау.

D) Кәсіби спорт. E) Дене шынықтыру.

4. Алғашқы рет адамның жас кезеңдерін бөлуді енгізген:

A) Ж.Ж. Руссо. B) Я.А. Каменский. C) Ф. Рабле.

D) Д. Локк. E) Аристотель.
5. Тәрбие процесіне арнайы қосылған заттар, жағдайлар:

A) Орта әсері. B) Тәрбие құралдары. C) Тұлға дамуының әлеуметтік жағдайы. D) Тәрбие әдістері. E) Тәрбие тәсілдері.
6. Отбасы тәрбиесі, діни (конфессионалдық)тәрбие, мектеп тәрбиесі, мектептен тыс тәрбие. Тәрбие түрлері қандай белгіге байланысты топтастырылған:

A) Мазмұны бойынша. B) Интитуционалдық белгі бойынша.

C) Қарым-қатынас стилі бойынша.

D) Оқыту-тәрбие жұмыстарының бағыттары бойынша.

E) Тәрбие бағыттары бойынша.


7. Белгілі бір қасиеттерді қалыптастыру мақсатымен тәрбиеленушінің сезіміне, санасына, мінез-құлқына ықпал ету амалдары:

A) Тәрбие әдісі. B) Тәрбие формасы.C) Тәрбие құралы.D) Тәрбие тәсілі. E) Дамуға басшылық жасау.
8. Ұйымдастыру және Іс-әрекетті жүріс-тұрысты қалыптастыру әдісі:

A) Әңгіме. B) Диспут. C) Үлгі-өнеге. D) Жаттығу. E) Жарыс.
9. Сананы қалыптастыру әдісі:

A) Жарыс. B) Мадақтау. C) Жаттығу. D) Педагогикалық талап. E) Үлгі-өнеге.
10. Мінез-құлықты және іс-әрекетті ынталандыру әдісі:

A) Жазалау. B) Түсіндіру. C) Лекция. D) Тапсырма. E) Бақылау.
11. Адамгершілік мазмұнды нақты фактілер мен оқиғаларды жарқын, эмоционалды баяндау:

A) Этикалық әңгіме. B) Түсіндіру. C) Әңгіме-кеңес.D) Талап қою. E) Жаттығу.
12. Тиянақты ойластырылған сұрақтар жүйесі арқылы тәрбиеленушілерде әртүрлі проблемалар бойынша дұрыс бағалар, көзқарастар қалыптастыру:

A) Түсіндіру. B) Мадақтау. C) Әңгіме-кеңес.

D) Үлгі-өнеге. E) Дискуссия.
13. Жазалау – ол:

A) Сананы қалыптастыру әдісі. B) Бақылау әдісі.

C) Іс-әрекетті ұйымдастыру және жүріс-тұрысты қалыптастыру әдісі.

D) Ынталандыру әдісі. E) Тәрбие ережесі.

14. Оқушылардың тәртібін, мінез-құлқын бағалау және көтермелеу – бұл:

A) Талап қою. B) Мадақтау.C) Жазалау. D) Жарыс. E) Түсіндіру.
15. Іс-әрекеттің бір түрін күшейтуге, ал енді бір түрін тежеуге арналған тәрбие әдісі

A) Талап қою. B) Жазалау. C) Мадақтау. D) Үлгі-өнеге. E) Бақылау.
16. Мінез-құлық нормалары мен ережелеріне сәйкес тәрбиеленушінің әртүрлі іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы тәрбиелеу әдісі:

A) Тәрбиелік жағдайлар туғызу. B) Жаттығу. C) Талап қою. D) Әңгіме. E) Үлгі-өнеге.
17. Жарыс әдісі:

A) Жеңімпаз анықталатын ойын. B) Нәтижені бекіту әдісі.

C) Өз нәтижесін басқалардың нәтижелерімен салыстыра отырып тұлға қасиеттерін қалыптастыру және

бекіту.

D) Тәрбиеленушінің басқа тәрбиеленушілерден артықшылығын анықтау.E) Тиімді әдісті анықтау жолы.
18. Баланың жағымсыз мінез-құлқы мен теріс қылықтарын тежеу әдісі:

A) Талап қою. B) Мадақтау. C) Жазалау. D) Үлгі-өнеге. E) Бақылау.
19. Өзінде тұлғалық оң касиеттерді қалыптастыруға бағытталған адамның саналы іс- әрекеті

A) Тәрбие. B) Қайта тәрбиелеу. C) Өзін-өзі тежеу. D) Өзін-өзі тәрбиелеу. E) Дамыту.
20. Нақты тәрбие процесін ұйымдастыру варианты:

A) Тәрбие тәсілі. B) Тәрбие құралы. C) Тәрбие формасы. D) Тәрбие әдісі. E) Тәрбие мазмұны.
21. Мәні проблеманы ашық түрде бірлесе талқылау болатын, сенімді қалыптастыруға бағытталған тәрбие әдісі:

A) Пікір-талас. B) Әңгіме. C) Талап қою. D) Жаттығу. E) Жазалау.
22. Оқушылар ұжымының перспективтік ұмтылушылықтарын ұйымдастыру:

A) Тәрбие шараларын өткізу. B) Ұжым белсенділерімен тәрбие жұмыстарын жүргізу.

C) Ұжымның жеке мүшелерімен тәрбие жұмыстарын жүргізу.

D) Ұжымның алдына практикалық мақсат қою. E) Тәрбие мазмұнын анықтау.

23. Параллелді ықпал ету принципінің мәні:

A) Мектептің және отбасының ынтымақтастығы.

B) Мектептің, отбасының және жұртшыықтың ынтымақтастығы.

C) Тәрбиеленушінің санасына, жігеріне және жүріс-тұрысына ықпал етуі.

D) Тәрбиешінің тәрбиеленушілерге ұжым мүшелері, белсенділері арқылы ықпал етуі.

E) Тәрбиешімен тәрбиеленушінің өз-ара қарым-қатынасы.



24. Жоғары ұйымдасқан топ ретіндегі ұжымның белгілері:

A) Биресми лидері болуы. B) Ұжым ішінде жеке топтар болуы.

C) Ортақ мақсат болуы, біріге іс-әрекет істеуі.

D) Басқа ұжымдармен қарым-қатынасқа түсуі.

E) Ұжым мүшелерінің мақсаттарының әртүрлі болуы.
25. А.С.Макаренко бойынша ұжым дамуының кезеңдері:

A) 2. B) 3 . C) 4. D) 5. E) 6.
Педагогика

1-вариант
1. Ұжымды қалыптастырудың басталуы:

A) Қоғамдық пікір қалыптастыру. B) Педагогикалық талап қою. C) Тәрбие шараларын өткізу.

D) Тәрбие әдістерін таңдау. E) Тәрбие мазмұнын анықтау.
2. Ұжымдық творчестволық істер әдістемесінің авторы:

A) Ю.К.Бабанский. B) И.П.Иванов. C) А.С.Макаренко. D) К.Д.Ушинский. E) Т.И.Шамова.
3. Н.Е.Щуркова ұсынған тәрбие жұмыстарының бағыттары:

A) Тәрбиелеуші іс-әрекет ұйымдастыру, ұжымда тәрбиелеу. B) Тәрбие мазмұндарымен сәйкес келеді.

C) Мектеп тәрбиесі, отбасы тәрбиесі. D) Діни тәрбие. E) Тәрбие түрлері.
4. Сынып жетекшісінің негізгі қызметі:

A) Оқушыларды және оқушылар ұжымын зерттеу. B) Пән мұғалімдерінің жұмысын реттеу.

C) Ата-аналармен жұмыс. D) Оқушыларды тәрбиелеу. E) Оқыту процесін бақылау.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет