Педагогикалық-психологиялық аспектілер Педагогикалық психология ұғымы зерттеушілердің пікірлері бойынша ғылыми айналымға 1877 жылы орыс педагогы П. Ф. Каптеревтің (1849-1922) «Педагогикалық психология»



Дата29.03.2017
өлшемі79,96 Kb.
#12419
Педагогикалық-психологиялық аспектілер

Педагогикалық психология ұғымы зерттеушілердің пікірлері бойынша ғылыми айналымға 1877 жылы орыс педагогы П.Ф.Каптеревтің (1849-1922) «Педагогикалық психология» атты кітабы жарық көрген соң енгізілген.

Педагогикалық психология – оқыту мен тәрбиелеу барысында солардың болмысының даму заңдылықтарын зерттейтін, танымдық қызметі мен қоғамдық қасиеттерін жүйелейтін психология ғылымының саласы.

«Педагогикалық психология» жалпы психологияның заңдылықтарын, баланың оқу – тәрбие ісінде психикасын түсінуге тікелей әкеліп қана қоймай, оқушының психикасын оқу әрекеті үстінде зерттеп, оның ерекшеліктерін, заңдылықтарын өзінше бөлек мақсат деп есептейді» (Л.С.Выготский).



«Педагогикалық психология» білімді, іскерлікті, дағдыны меңгеру заңдылықтарын, осы процестердегі жеке даралық өзгешеліктерді, оқушылардың өз бетімен шығармашылық ойлауын қалыптастыру заңдылықтарын, бала психикасында оқыту мен тәрбиелеу әсерінен пайда болатын өзгерістерді зерттейді» (В.А.Крутецкий).

«Педагогикалық психология» оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын зерттейді» (А.В.Петровский).

«Педагогикалық психология балалар психикасының оқу – тәрбие жұмысындағы өзіндік ерекшеліктерін зерттеп, мектеп тәжірибесінің дамуына үлес қосып отырады. Педагогикалық психология сабақ үстінде оқу материалдарын балалар қалай ұғынады, не тәрбие жұмысында үлкендердің тілін алып, тәртіп сақтауға қалай көнеді, міне осымен шұғылданады.Осыған орай педагогикалық психология бұл мәселелермен айналыса отырып, өзінің ізденетін объектісін мынадай үш түрге бөледі: оқыту психологиясына, тәрбие психологиясына және ұстаздық психологияға» (М.М.Мұқанов).

Педагогикалық психология тәрбие мен оқытудың психологиялық заңдылықтарын зерттейтіндіктен осы ұғымдарға тоқтала кетейік.

Тәрбие мен оқытуға әр тұрғыда түсінік берілгенімен олар педагогикалық әрекеттің бір – бірімен тығыз байланысқан екі жағы. Ақиқатта тәрбие мен оқыту үнемі бірге жүзеге асырылады, сондықтан оларды бір-бірінен ажырату да мүмкін емес. Баланы тәрбиелей отырып, біз оны бірдеңеге үйретеміз, оқытамыз, оқыта отырып тәрбиелейміз. Әйтсе де, мақсаттары, мазмұндары, әдістері және т.б әр түрлі болғандықтан болар осы процестер педагогикалық психологияда жеке – дара оқытылады. Мәселен, оқыту әдістері адамның әлемді, материалдық мәдениетті қабылдауымен түсінуіне негізделсе, тәрбие әдістері – адамның адамды, адам моралын, рухани мәдениетті қабылдауы мен түсінуіне негізделген

Педагогикалық іс-әрекет түрлі формаларда жүзеге асырылады, солардың ішінде ерекше орынды оқытудың негізгі формасы – сабақ алады.Сабақта мұғалім мен оқушылардың біріккен іс-әрекеті жүзеге асырылады.



Сабаққа қойылатын талаптар жүйесі:

дидактикалық, тәрбиелеуші, дамытушы, психологиялық, гигиеналық және сабақ техникасы.

Жалпы талаптардың ішінен, бүгінгі сабаққа сәйкестендірілген, жоғарғы сапаға жауап беретін мына талаптарды бөліп алуға болады:

Ғылымның жаңа жетістіктерін,озық педагогикалық тәжірибені қолдану, оқу-тәрбие процесінің заңдылықтарын негізге ала отырып сабақ өткізу.

Сабақ барысында барлық дидактикалық принциптер мен ережелерді іске асыру.

Бұрынғы біліммен байланыстыруда, жаңа білімді меңгеру де оқушылардың икем-қабілетін және қызығушылығын дамытуда, білім сапасын арттыру барысындағы тіректік ұғымдарға сілтеме жасау.

Оқушылардың санасын қалыптастыруға әсер етерлік пән аралық байланысты бекіту.

Жеке бастың барлық сферасын дамытудағы мотивация мен белсенділігін арттыру.

Педагогикалық құралдарды ұтымды қолдану

Алған білім мен өндірістік қызметті өмірмен байланыстыра іскерлікті жүзеге асыру

Білімін,іскерлігін,қабілетін тәжірибеде қалыптастыру,оны ойлау амалы мен іс-әрекетте тиімді қолдану

Оқи алу іскерлігін, білім қорын молайту қажеттілігін сезінуді қалыптастыру

Әрбір сабақты диагностикалау,жоспарлау,жобалау және болжай алу.

Оқу-тәрбие әрекетінің логикалылығы және эмоционалдығы.

Әрбір сабақ тұтас педагогикалық процестің оқыту,дамыту,тәрбиелеу функцияларын жүзеге асыруға бағытталған.Осыған байланысты сабаққа қойылатын жалпы талаптар дидактикалық,тәрбиелік,дамытушылық сонымен қатар психологиялық,гигиеналық және сабақты ұйымдастыру техникасына қойылатын талаптар болып бөлінеді.



1.Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар:

Әр сабақтың оқыту міндеттерін, олардың дамыту,тәрбиелік міндеттерімеен байланысын анықтау;

Сабақты тиімді мәліметтермен толықтыру;

Танымдық белсенділіктің жаңа технологиясын енгізу;

Сабақтың мазмұның оқу бағдарламасындағы талап пен сабақ мақсатына және оқушылардың даярлық деңгейіне байланысты анықтау;

Оқытудың түрлі формалары мен әдіс – тәсілдерін тиімді үйлестіру, дұрыс таңдап алу,оқушылардың ғылыми білімді меңгеру деңгейі мен оның жеке кезеңдеріндегі іскерлік пен дағдының қалыптасуын болжау;

Сабақтың құрылымына шығармашылықпен қарау;

Оқушылардың өзіндік жұмысы мен топтық жұмыстарының үйлесімділігін қамтамасыз ету;

Кері және өзара қарым – қатынастарды қамтамасыз ету;

Оқу процесін басқару мен бақылау және бағалауды тиімді жүзеге асыру,сабақта дидактикалық принциптерді іске асыру;

Оқушыларға нәтижелі оқыту жағдайын жасау;

Сабақ өткізудегі іскерлік пен ғылыми дағдыға есеп беру;



II. Сабаққа қойылатын тәжірибелік талаптар:

Оқу материалдарының тәрбиелік мүмкіндіктерін анықтау;

Оқытудың мақсаты мен мазмүнына қатысты тәрбиелілік мақсаттарды қоя білу;

Оқушыларды жалпы адамгершілік құндылықтардың негізінде төзімділікке,жауапкершілікке,әділдікке,еңбек сүйгіштікке,тазалыққа, көпшілдікке тәрбиелеу;

Оқушыларға жауапкершілік пен зеректілікпен қарау педагогикалық қарым-қатынас мәдениетін сақтау,оқушылармен ынтымақтастықта болу және олардың жетістігіне көңіл бөлу;

III.Барлық сабақта іске асырылуы тиісті дамытушы талаптар.

Оқушылардың оқу-танымдық белсенділігін,шығармашылық іскерлігін қалыптастыруға бағытталған мотивтерін дамыту;

Оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес даму аймағын құру;

Оқушылардың саяси – әлеуметтік, интеллектуалдық эмоционалдық дамуындағы серпілістерді болжау және дер кезінде өзгерістерге ыңғайлана білу;

Оқушылардың дамуындағы жаңаша өзгерістерге лайықты сабақ өткізу.

Мектептегі психологиялық қызметтің негізгі функциялары мен жұмыс бағыттары.

Психологиялық қызмет – мамандандырылған деңгейде психологиялық көмек көрсету үшін мекемелер мен ұйымдарда құрылған арнайы қызмет жүйесі. Қазіргі мектепте оқу-тәрбие процесін тиімді жүзеге асыру үшін жеке түлғаның, ұжымның, танымдық процестердің даму заңдылықтарының қалыртасуының теориялық негіздерін біліп қана қоймай,сондай-ақ осы процестердің нақты оқу орны жағдайында,нақты ұжымға және нақты баланың жеке тұлғасына қатысты шарттары мен ерекшеліктерін анықтау педагог – психологтардан талап етіледі.

Осы міндеттерді шешуде мектептегі психологиялық қызмет оқу – тәрбие процесіне көмек көрсетуі тиіс.

Мектептегі психологиялық қызмет – экспертиза,кеңес беру және диагностиканың кешенді міндеттерін шешуде психологияны іс-тәжірибеде қолдану жүйесі болып табылады.

Педагогтар,мектеп әкімшілігі өздерінің потенциалды мүмкіндіктері жөнінде, оқу – тәрбие процесінің психологиялық ресурсы жөнінде нақты түсінік алулары қажет. Фундаментальды білімдерін, ұғымдарын психология ғылымының жеке тұлғаны, ұжымды қалыптастыруға бағытталған психологиялық – педагогикалық әсер ету әдістерін қолдануға жұмсауы тиіс.Мектептегі психологиялық қызметтің функциялары:

Психодиагностика (психологиялық мәліметті қабылдап алу);

Психокоррекция (психологиялық мәліметті енгізу);

Психологиялық ағарту (психологиялық білімдермен таныстыру).

Мектептегі психологиялық қызметтің бағыттары:

Оқушылардың тұлғалық ерекшеліктерін зерттеу;

Сынып жетекшісіне сынып ұжымын қалыптастыруға көмектесу;

Балаларды тәрбиелеу мен оқыту ісінде отбасына психологиялық көмек көрсету;

Кәсіби бағыттылық бойынша іс – шараларды жүзеге асыру;

Мінез – құлқында ауытқуы бар оқушылармен коррекциялық іс – шаралар ұйымдастыру;

Психикалық ауытқуды диагностикалау, сақтандыру, коррекциялау (түзету).

5. Оқыту мен психикалық даму проблемалары:

Даму мен оқыту ұғымдарының өзара қатынас проблемалары;

Оқыту, тәрбие, даму ұғымдарының өзара байланыс проблемалары;

Оқу процесінде жеке тұлғаның интеллектуалдық және жеке тұлғалық даму проблемалары;

Дамудағы сензитивті кезеңдер проблемалары;

Оқыту процесінде психикалық дамудың көрсеткіштері мен критерийлері проблемалары;

Оқыту процесіндегі психикалық дамудың негізгі бағыттары мен тенденциялары.

Бала дамуының жақын арадағы аймағы- баланың белсенді даму деңгейі мен ересектердің қатысуымен жүретін оның мүмкіндігінше даму деңгейі арасындағы аралық, «дамудың жақын арадағы аймағы пісіп жетілмеген, бірақ жетілу процесі үстіндегі функцияларды анықтайды, ертеңгі күнгі ақыл-ой дамуын сипаттайды». Дамудың жақын арадағы аймағының феномені баланың ақыл-ойын дамытуда оқыту ролінің маңызды екендігін дәлелдейді (Л.С.Выготский).

Адам санасы- жеке процестердің бірігуі емес, оның жүйесі, олардың құрылымы. Ерте балалық шақта сана орталығында- қабылдау болса, мектепке дейінгі шақта- ес, мектептегі кезде- ойлау болады. Ал қалған психикалық процестер әрбір жаста санадағы доминантты функциялар әсерінен дамиды. Психикалық даму процесі мәндік құрылымның өзгерісімен яки дамудың қорытындылау кезеңдерімен байланыстырылған сананың жүйелі құрылымын қайта құрудан тұрады.

Санаға тек сөз арқылы ғана енуге болады және сана құрылымының біреуінен екіншісіне өту қорытынды сөздің дамуына байланысты жүзеге асырылады.



Қорытындылауды қалыптастыра отырып, демек оны жоғарғы деңгейге жеткізуде, оқыту бүкіл сананың жүйесін қайта құруға қабілетті («...оқытудағы бір қадам дамудағы жүз қадамды беруі мүмкін»).

Оқу процесінің қоғамдықсипаты мазмұнына қарай адамзат жинақтаған мәдени және ғылыми құндылықтарды меңгеруге бағытталған; мағынасына қарай қоғамдық мәнді және қоғамдық бағалаушы болып табылады; формасына қарай қоғамда жинақталған құқықтық нормаларға сәйкес болғандықтан, ол арнайы қоғамдық мекемелерде, мысалы, мектептерде, гимназияларда, колледж, институттарда жүзеге асырылады. Кез келген басқа іс-әрекетгер сияқты оқу іс-әрекеті субъективтілігімен, белсенділігімеп, пәнділігімен, мақсатқа бағытталғандығымен, саналылығымен сипатталады.
Каталог: uploads -> doc -> 0709
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0709 -> Елін сүйген,елі сүйген Елбасы
0709 -> Бастауышым -балбұлағым, лаулап жансын шамшырағың!
0709 -> «Манашы орта мектебі» мм баяндама Қазақтың ұлттық ойындарын насихаттау, үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет