Педагогикалық зерттеудің әдіснамасы Жоспары



Дата13.12.2016
өлшемі64,83 Kb.
#3778
Педагогикалық зерттеудің әдіснамасы
Жоспары:

  1. Педагогикалық зерттеу әдіснамасы.

  2. Педагогикалық ақиқатты зерттеу мәні.

  3. Дәстүрлі педагогикалық әдістер: қадағалау, әңгіме, педагогикалық тәжірибені оқып-үйрену, т.б.




  1. Әрбір ғылым өзінің дербес әдіснамасын, зерттеу әдістерін жасайды. Педагогиканың да өзіне тән ғылыми-зерттеу әдістері бар. Бұл әдістерді зерттеуші әрбір педагогикалық құбылыстың ерекшеліктеріне сәйкес қолданылады.

Педагогикалық зерттеулер әдістемесі, бірлесуі педагогикалық ақиқатты, өте кең нақтылықпен зерттеуге мүмкіншілік беретін теориялық эмпириялық әдістерінің жиынтығын береді.

Педагогика әдіснамасы – педагогика біліміжөніндегі ілім және оны табу үдерісі, яғни педагогикалық таным, алғашқы қалып, құрылымы, ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әрекеттері мен әдістері.

Педагогикалық зерттеу әдісінің әдіснамадан айырмашылығы , бұл педагогикалық құбылыстарды оқудың тәсілдері, заңдылықты байланыстар мен қатынастардың қалыптастыру мақсатындағы ғылыми ақпарат жинау. Барлық көп тектілікті үш топқа бөлуге болады: педагогикалық тәжірибені оқу әдісі, теориялық зерттеу әдісі мен математикалық әдіс.

Педагогикалық тәжірибені оқу әдісі – бұл оқыту процесін ұйымдастыру тәжірибесінің нақты құралатын зерттеу тәсілдері. (мысалы: мұғалімдердің озық тәжірибелері). Мынадай әдістерде қадағалау, әңгіме, сұхбат, сауалнама, оқушылардың жазба, графикалық және шығармашылық жұмыстары мен педагогикалық құжаттарды оқып зерттеу қолданылады.

Теориялық әдістер мәселені анықтап, болжамды құрау үшін және жинақталған деректерді бағалауға қажет. Теориялық әдістер әдебиетті оқумен байланысты: классиктердің адамтану, жалпы педагогика жөніндегі еңбектері; жалпы және арнайы жұмыстар мен құжаттар, педагогикалық ақпарат құралдарын; мектеп, тәрбие туралы көркем әдебиетті, педагогикалық анықтамалық әдебиетті, педагогика және аралас ғылымдар бойынша оқулықтар мен әдістемелік құралдар.



Математикалық және статистикалық зерттеулер педагогикадаалынған деректерді сауал және тәжірибе әдістері арқылы өндеуде, сонымен бірге зерттелетін құбылыстар арасындағы мөлшерлік кіріптарлықты анықтау үшін қолданылады. Бұлар тәжірибе нәтижелерін анықтауға көмектеседі, қорытынды сенімділігін арттырады, теориялық жинақтау үшін негіздеме береді. Математикалық әдістердің педагогикада ең көп қолданылатын – тіркеу, өрнектеу, сызба сызу. Осы әдістер көмегі арқылы өңделген нәтижелер кесте, графика, таблица түрінде мөлшерлік кіріптарлықты көрсетіге мүмкіндік тудырады.

  1. Педагогикалық ақиқат мәні, оның өкілдері жүзеге асыратын және педагогикалық деп аталатын қызметпен айқындалады. Бұл адамзаттың жинақталған мәдениеті мен тәжірибесін аға ұрпақтан кіші буынға беруге бағытталған, тұлға дамуына жағдай тудыратын және қоғамға белгілі бір рөл атқаратын әлеуметтік қызметтің ерекше түрі болып есептеледі. Бұл қызметті тек педагогттер ғана емес, сонымен қатар ата-аналар, қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, т.б. жүзеге асырады. Осның барлық жиынтығы педагогикалық ақиқатты құрайды.

Тәрбие мен оқытудың нәтижесі тек қана мұғалімнің тиімді әдістерді қолдана білуі мен педагогикалық шеберлігіне байланысты емес, ол оқушылардың қабілеттілігіне, жан-жақты дамуына және осы сияқты толып жатқан факторларға байланысты. Басқа дәл ғылымдарға (физика, математика, химия) қарағанда педагогикалық құбылыстарды зерттеудің өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, дәл ғылымдар бойынша экспериметті қайталап жүргізуге болады. Егер бұрынғы жағдай ескеріліп, сол кезеңдегі материалдар пайдаланылса, эксперименнің нәтижесі өзгермейді. Ал педагогика ғылымы бойынша экспериментті қайталап жүргізу тиімді нәтиже бермейді. Себебі педагогикалық зерттеудіңобъектісі – баланы тәрбиелеу. Сондықтан педагогикалық процеске ішкі және кейбір сыртқы факторлар (даму процесінде оқушыда пайда болатын өзгерістер, әлеуметтік және микроортада кездесетін түрлі жағдайлар, т.б.) әсер етеді. Міне, осы тұрғыдан қарағанда ғылыми – педагогикалық зерттеу әдістері баланың денсаулығына зиян келтірмейтіндей және оқу – тәрбие процесін жетілдіру бағытында қолданылуы қажет.

Педагогикалық құжаттарды зерттеу білім беру жүйесі қызметінің негізгі бағыттарының жағдайы мен даму үдерістерін көрсетеді. Оқу жоспарлары, бағларламалары, оқулықтар, оқу-әдістемелік оқу құралдары, мұғалімдердің сабақ жоспарлары, жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, колледждердің оқу-тәрбие бағдарламалары мен жоспарлары, сынып журналдары, мұғалімдердің есеп беруі, оқушыарды оқыту, тәрбиелеу мен дамытудың мазмұндық компоненттері тіркелетін басқа да құжаттар зерттеудің ең маңызды негіздері болып табылады. Мектеп іс-әрекетінің нәтижесіне баға беру үшін тесттердің, емтихандардаң, бақылау жұмыстарының, шығармалардың, эсселердің, жобалардың, суреттердің ерекшелігін зерттеудің маңызы зор. Бұл зарттеушіге мектептің іс жүзіндегі іс-әрекетінің шынайылығын анықтауға, себеп-салдарлық байланыстарды, оқушы жеке тұлғасының дамуына әсер ететін факторларды айқындауға мүмкіндік береді.

Оқушылардың жұмысын зерттеу. Оқушылардың жазба, бақылау және графикалық жұмыстары, суреттері, пәндер бойынша дәптерлері, әр түрлі тақырыптарға жазылған баяндамалары мен рефераттары және еңбек сабақтарында жасаған заттары зерттеушіні кейбір қажетті мәліметтермен қаруландырады. Осы құдаттар арқылы оқушылардың дербес қабілетін, оқуға және еңбекке көзқарасы мен қатынасы, олардың теориялық және практикалық дайындықтарын, осыған орай, мұғалімдердің де іс-әрекетін зерттеп анықтауға болады.

Зерттеуші оқушылардың жұмысына жан-жақты талдау жасайды. Сабақ процесінде оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуінің, олардың жаппай және дербес орындайтын жұмыстарын ұштастырып жүргізудің және осы сияқты дидактикалық мәселелерді қолданудың тиімді жолдарын іздестіреді.



  1. Дәстүрлі педагогикалық әдістерге бақылау, әңгіме, тәжірибе, т.б. жатады. Осылардың кейбіреуіне қысқаша тоқталайық.

Бақылау таным әдісі ретінде эмпириялық деңгейде табиғи жағдайда немесе арнайы ұйымдастырылған жағдайда өткізіледі. Бұл зерттеуші қайшылық процесінде нақта деректер алатын кей пепедагогикалық құбылысты мақсатты түрге бағытталғаның қабылдау. Бақылау алдың ала жоспарланған нақты бақылау нышаны белгіленген түрде жүргізіледі.

Әңгіме – қажетті ақпарат алу немесе анық болмағанды түсіндіру мақсатында қолданылатын зерттеудің өздік немесе қосымша әдісі. Әңгіме түсінікті қажет ететін мәселелері жекеленген, алдын ала белгіленген жоспармен жүргізіледі. Педагогикалық тәжірибені оқу білікті мұғалімдер тәжірибесі мен қатардағы мұғалімдертәжірибесінен шығатын озық тәжірибені оқуға көзделген. Олардың қиыншылықтары педагогикалық үрдістің нақты қарама-қайшылықтарын жетілген немесе тақалған мәселелерді бейнелейді.

Сауалнама – сауал арқылы бұқаралық материал жинақтау әдісі. Сауал, кімге арналған, сол жазбаша сұрақтарға жауап береді.

Педагогикалық зерттеуде тәжірибе ерекше орын атқарады – педагогикалық тиімділігін анықтау үшін әр түрлі әдісті тексеру қолданылады. Педагогикалық тәжірибе – педагогикалық құбылыстардағы себеп-салдарын оқу мақсатындағы зерттеу қызметі, ол педагогикалық құбылыс пен оның жағдайларының қозғалуының тәжірибелік моделін ұсынады; зерттеушінің педагогикалық құбылысқа деген белсенді әсері; педагогикалық ықпал мен әрекеттесмтігі нәтижелерінің өлшемі.

Тәжірибені табиғи (қарапайым оқыту процесі жағдайы) және зертханалық тексеруге жасанды жағдай жасау. Көбінесе табиғи тәжірибе қолданылды. Ол ұзақ немесе қысқа мерзімді болуы мүмкін. Педагогикалық тәжірибе жинақталған дәрежеде болуы мүмкін, яғниүрдістегі істің нақты жағдайын ғана белгілейтін немесе түрлендіруші, мұнда жағдайды анықтауға мақсатты түрде бағытталған ұйымдастыру жүргізіледі.

Тест жүргізу – қалыптасқан сұрақтар мен тапсырмаларда тұратын белгілі маңыздылық көрсеткіші бар психологиялық-диагностикалық әдіс. Жеке ерекшеліктерді анықтау үшін қолданылады. Педагогикада оқытудың ұзақтылығын көбейтумен және оқу бағдарламасын күрделендірумен байланысты қолданылатын диагностикалық әдіс. Ол жеке тұлғаның даму деңгейін, дағдысын, білімнің, ерекшеліктерін анықтауға жағдай жасайды. Тесттердің көптеген түрлері бар. Бұлар – жетістік, зерделеу, креативті, проектілік, т.б. тесттер.

Тұлғалар арасындағы тесттер түрлі топтардағы адамдар қатынасын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл әдістердің кейбіреуі қалыптасқан топ іші қатыныстары жүйесіндегі ерекшеленсе, кейбіреуі – қалыптасқан қатынастар жүйесіндегі адам орнын, үшіншісі – берілген тұлға енетін әлеуметтік топ психологиясын айқындайды. Мысалға, социометриялық әдіс тәжірибеге түсетін тұлғааралық қатынас жүйесінің өзі еніп отырған топтарға орнын анықтауға мүмкіндік тудырады. Осы әдіс көмегі арқылы жүргізілетін зерттеуге кемінде 10 адам қатысады және кем дегенде 1 жыл жүргізіледі.

Зерттеу нәтижелерін статистикалық өңдеу математикалық тәсіл, формула, мөлшерлік есеп әдісі деп аталады, олардың көмегі арқылы тәжірибе барысында алынған мөлшерлік көрсеткіштерді жинақтауға, жүйелеуге болады.

Математикалақ статистика (орта арифметикалық, дисперсия, мода, медицина, т.б.) ауыспалы көрсеткіштер арасында кездесетін саралауға берілген тәжірибедезерттелетін статистикалық байланысқа мүмкіндік береді.



Рейтинг – білікті тұлғалар тұжырымына негізделген бағалау әдісі. Өзгеше айтқанда, рейтинг – қосалқы бақылау әдісі. Рейтинг немесе өрнектеу мәні зерттеушінің өзіне жақын таныс адамының кейбір қасиеттерін бағалау үшін «сотқа» жүгінуі.

Көрсеткіштік – сапалық белгілерді сандық мөлшгерге айналдыру тәсілі. Өрнектеу оқушылардың кәсібі сапалық бағасын (қабілеттілігі, ұжымдағы қатынасы, кәсіби ерекшеліктері, т.б.) анықтауда


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет