Пән атауы: Патологиялық физиология (Жалпы патология)



Дата30.05.2022
өлшемі28,47 Kb.
#145527
Байланысты:
экзамен сұрақтар ОМ 21-22
Әкімшілік құқық АРАЛ БАЗАРБАЕВ, Презентация


«МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ»
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
БЕКІТЕМІН
факультет деканы
______________ Абилов Т.С.
«____»______ 2022ж.


АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН
білім алушылардың білімін, шеберлілігінжәне дағдыларын бағалаудың
БАҚЫЛАУ- ӨЛШЕГІШ ҚҰРАЛДАРЫ
Пән атауы: Патологиялық физиология (Жалпы патология)
Пәннің коды: PF-2211
Мамандығы: 6B 10102 «Жалпы медицина»
Кредит саны: 4
Курсы: 2
Бақылау сұрақтарын құрастырған:
оқытушы, м.ғ.магистрі Ахметова У.Ж.
Кафедра мәжілісінде таққыланып, бекітілді
«14».01.2022 ж. №6 хаттама
Кафедра жетекшісі:
м.ғ.к. Жексенова А.Н.


Ақтөбе, 2022
1. Патофизиология пәні және оның негізгі мақсаты. Патофизиология-қазіргі клиникалық медицинаның теориялық негізі.
2.Патологиялық физиология дамуында Пашутин В.В., А.А. Богомольцтің, Н.Н. Аничковтің, С.С. Халатовтің, Н.Н, Сиротиннің үлесі.
3. Патологиялық физиологияның әдістері. Эксперименттік терапия, жаңа емдеу әдістерін табуда оның мәні.
4. Патофизиология әдістері. Тәжірибенің маңызы, аурулар моделдері: мүмкіншілігі және
кедергілері. Жануарларға тәжірибе жасаудың моральды-этикалық жағдайлары.
5. Клиникалық патофизиология, мақсаты мен болашағы. Адамдарда зерттеудің деонтологиялық аспектілері.
6. Клиникалық патофизиология және патофизиология дамуының негізгі кезеңдері. В.В.
Пашутин-патофизиология негізін салушы.
7. Гипотермия, этиологиясы, патогенезі, салдары.
8.Ауру және денсаулық. Ауру және денсаулық туралы түсінік. Ауру кезеңдері, олардың сипаттамасы.
9.Ауру-организмнің жарақатының және қорғаныс-бейімделу реакциясының диалетикалық бірлігі.
10.Ауру туралы түсінік. Ауру кезеңдеріне сипаттама.
11. Ауру пайда болуының басты механизмдері.
12.Ауру кезеңдері, оның соңы. Ремиссиялар, рецидивтер, асқынулар.
13. Аутоиммундық аурулар, патогенезі. Гипотермия, этиология және патогенезі, салдары.
14. Аурудың жасырын кезеңіне мінездеме. Патологиялық жағдай және патологиялық процесс туралы түсінік.
15. Шартты және шартсыз ауру дамуының механизмі.
16. «Ауру» туралы түсінік. Ауру кезеңдері.
17.Аурудың ақыры. Ремиссия және рецидив.
18. Аурудың продромалды кезеңіне мінездеме. Жалпы Селье адаптациялық синдромы туралы түсінік (ОАС).
19. Аурудан айығу механизмдері. Ауруды патогенез тұрғысынан емдеу.
20.Аурудың ақыры. Терминальды жағдай.
21.Аурудың ақыры. Клиникалық және биологиялық өлім. Реанимация және реабилитация туралы түсінік.
21.Жанталас алды, жанталасу, клиникалық және биологиялық өлім. Реанимацияның патофизиологиялық негізі. Қайта тірілуден кейін болатын бұзылыстар.
22. Жалпы этиология. Себептер мен жағдайлардың ауру дамуындағы маңызы. Монокаузализм, кондиционализм, факторлар теориясы түсініктерін сынға алу
23.Этиологиялық факторларды жіктеу. Аурулардың алдын алу мен емнің этиотропты
принципі.
24.Этиология мен патогенездің арасындағы байланыс. Патогенетикалық емдеудің мысалдары.
25. Этиология, патогенез және саногенездің арасындағы байланыс.
26.Саногенез туралы түсінік. Барьерлік жүйенің организм реактивтілігіндегі рөлі.
27. Саногенез туралы түсінік. Этиология, патогенез, саногенез арасындағы байланыс.
28. Этиология мен патогенездің байланысы. Көрнекті мысалдар.
29.Жалпы патогенез туралы түсінік. Жарақаттану-ауру процесінің бастаушысы. Жарақаттың және қорғаныс - бейімделу реакциясының диалектикалық бірлігі.
30. Патологиялық процесс, патологиялық жай туралы түсінік, оларды дәлелдеп мысал келтіру.
31. Патогенездегі басты звено. «Ақаулы шеңбер».
32.Патогенездегі себеп-салдар қатынасы, алғашқы және екіншілік жарақат.
33. Реактивтілік, резистенттілік және сезімталдылық. Аллергия туралы түсінік.
34. Организм реактивтілігінің патологиядағы маңызы. Реактивтілік, резистенттілік және
сезімталдық.
35. Организм реактивтілігіне әсер ететін сыртқы ортаның факторлары.
36.
Организм реактивтілігіндегі иммундық жүйенің рөлі. Иммунтапшылық жағдай: тұқым
қуалайтын және жүре пайда болған түрлері. Т- және В- иммунитет жүйесінің жетіспеушілігі, қосарланған жетіспеушілігі.
37. Реактивтіліктегі барьерлік жүйенің ролі.
38. Организм реактивтілігін анықтайтын факторлар.
39. Балалар организміндегі реактивтіліктің ерекшеліктері және олардың патологиядағы маңызы.
40.Организм реактивтілігі туралы түсінік. Бала организміндегі реактивтіліктің ерекшеліктері.
41. Егде жастағы реактивтіліктің ерекшеліктері.
42. Жалпы Селье адаптациялық синдромы. Организм реактивтілігіндегі эндокриндік жүйенің рөлі.
43. Жалпы адаптациялық синдром туралы түсінік (Г. Селье).
44. Организм қартаюы. Қартаю процесінің биологиялық, медициналық және әлуметтік жағдайлары. Өмірді ұзату жолындағы күрес.
45.Стресс организмнің шектен тыс әсерге жалпылама реакциясы (Г. Селье). Оның сатылары, даму механизмі, организмнің әр түрлі жүйелердегі өзгерістері.
46. Айқын болатын патологиялық процесс туралы түсінік. Клеткаларды жарақаттайтын
себептер.
47. Клетка жарақатының жалпы механизмі және көріністері.
48. Жарақатқа жергілікті және жалпы реакция, олардың өзара байланысы.
49. Тұқым қуалайтын және туа біткен аурулар. Фено- және генотип.
50. Хромосомдық және гендік мутациялар. Мутагендік факторлар.
51. Моногендік және полигендік түрде тұқым қуалау. Ауруға бейімділіктің тұқым қуалауы.
52. Ауру мен белгілердің аутосомды доминантты тасымалдануының типі. Дені сау адамдардың генотипі.
53. Резус-конфликт туралы түсінік. Резус-фактордың берілуі.
54. Көмірсу алмасудың қорыту және сору кезеңдеріндегі бұзылыстары.
55. Панкреатикалық және панкреасқа байланыссыз гипоинсулинизм түрлері. Қантты диабет, диабеттік кома, емдеу негізі.
56. Гипогликемиялық жағдайлар, олардың түрлері, механизмі. Гипогликемиялық кома, емдеу негіздері.
57. Көмірсу аралық алмасуының бұзылыстары, гликогеннің қорға жиналуы және ыдырауы - гликогеноздар.
58. Гипергликемиялар, түрлері, патогенезі.
59. Қант диабеті, этиологиясы, патогенезі.
60. Гипоинсулинимияның панкреатикалық және панкреатикалық емес түрлері.
61. Ұйқы безінен тыс инсулин жетіспеушілік.
62. «Бүйректік диабет», екіншілік диабет туралы түсінік.
63. Гипергликемияның және гиперлипемияның салдары.
64. Гипогликемиялық жағдай: алиментарлық және эндокриндік. Гликогеноздар, этиологиясы және патогенезі.
65. Гипогликемия, түрлері, салдары.
66. Гипергликемия, этиологиясы және патогенезі.
67. Біріншілік және екіншілік қант диабеті. «Бүйректік диабет».
68. Панкреаттық емес инсулин жетіспеушілік.
69. Гипергликемия, олардың түрлері, салдары.
70. Гипогликемия, этиологиясы және патогенезі. Гликогеноздар.
71. Кейбір аминқышқылдарының алмасуының бұзылысы. Гиперазотемия, себебі және
салдары.
72. Белок алмасудың бұзылуы. Оң және теріс азоттық сәйкестік. Қан плазмасындағы белок құрамының өзгерісі.
73. Липид алмасудың әртүрлі кезеңдеріндегі бұзылыстар. Гиперлипемия, оның түрлері.
74. Майлы инфильтрация және дистрофия. Холестерин және фосфолипидтер алмасуының бұзылуы.
75. Атеросклероздың дамуындағы май алмасу бұзылысының ролі.
76. Гиперлипемия, түрлері, этиологиясы, патогенезі.
77. Нәруыз алмасуының бұзылысы. Жас балалардағы ашығудың ерекшеліктері.
78. Белок алмасуының бұзылысы. Гиперазотемия.
79. Атеросклероз, этиологиясы және патогенезі.
80. Оң және теріс азоттық баланс. Нәруыздық ашығу, себептері.
81. Нәруыз алмасуының ерекшеліктері. Нәруыз жетіспеушілігінің себебі және салдары.
82. Дезаминдеу, переаминдеу, декарбоксилдеу процесінің бұзылуы, биогендік аминдер жасалуы, олардың физиологиялық мәні.
83. Кахексиялық ісінулердің патогенезі.
84. Ашығу, толық және толық емес ашығу, себептері, кезеңдері. Ашығудың әртүрлі
кезеңдерінде зат алмасу және физиологиялық қызметтердің өзгерістері.
85. Жалпы семіру: механизмдері, алдын алу, емдеу негіздері.
86. Гиперлипемия, түрлері, салдары.
87. Электролиттік алмасудың бұзылуы. Электролиттік бұзылыстарда физиологиялық
қызметтердің бұзылуы.
88. Ісіну, түрлері, патогенетикалық факторлары-гидродинамикалық, қан мен тканьде
коллоидты-осмостық, тамыр-ткань мембранасының жағдайы.
89. Ісінудің дамуындағы нервтік-гуммральдық механизмнің ролі. Емдеу принциптері.
90. . Электролит жоғалтудағы сусыздану, этиологиясы, патогенезі.
91 Теріс су балансы, түрлері, салдары.
92. Электролиттер жойылуынан болатын дегидратация, этиологиясы, патогенезі, патогенетикалық терапиясы.
93. Электролиттер жоғалтпауынан болатын сусыздану, себептері, салдары.
94. Сумен улану, себептері, салдары, патогенезі.
95. Су балансы туралы түсінік, оң су балансы.
96. Ісінулер, этиологиясы, ісінулердің әр түрлерінің патогенезі.
97. Электролиттер алмасуының бұзылысы. Гипо- және гипернатриемия, оның салдары.
98. Гипокалиемия және гиперкалиемия себептері және салдары.
99. Гипокальциемия, себептері және салдары.
100. Гидрофильдік, гидрофильдікті жоғарылататын факторлар және оның салдары.
101. Су алмасу бұзылуы. Организмнің сусыздануы және гипергидратация. Ісінудің
патогенетикалық факторы.
102. Оң су баланысы. Ісінулердің патогенетикалық факторлары.
103. Су балансы туралы түсінік. Сумен улану.
104. Теріс су балансы. Сусыздану және оның түрлері.
105. Электролиттер жоғалтуынан болатын сусызданудың этиологиясы және патогенезі.
106. Организмнің сусыздануы, электролиттерді жоғалтпауы, себептері салдары.
107. Газдық ацидоздар және алкалоздар, себептері, алғашқы механизмдері, орын толтыру реакциясы, терапия негіздері.
108. Газсыз ацидоз және алкалоз, себептері, алғашқы механизмі, орын толтыру реакциялары, емдеу.
109. Қышқыл - сілті гомеостаздың механизмдері (химиялық, физиологиялық). Газдық ацидоз.
110. Әртүрлі ацидоз, алкалоз дамуындағы организмдегі өзгерістер.
111. Газсыз алкалоз, этиологиясы және патогензі.
112. Ацидоздар, түрлері, себебі, салдары.
113. Алкалоздар, түрлері, салдары.
114. Микроциркуляцияның айқын бұзылыстары, олардың себептері, механизмі. Артериальды гиперемия, этиологиясы, патогенезі.
115. Тромбоз, тромб жасалуының жағдайлары, механизмі, сатылары.
116. Венозды гиперемия: себебі және даму механизмі, белгілері, салдары.
117. Ишемия және стаз: себептері, даму механизмдері, белгілері. Коллатеральдық қан
айналыс.
118. Эмболиялар, түрлері, салдары.
119. Ишемия, этиологиясы, түрлері және салдары.
120. Тромбоз және эмболия. Ұқсастығы және ерекшелігі.
121. Веноздық гиперемия, себептері, даму механизмі, белгілері.
122. Эмболия туралы түсінік. Эмболияның жіктелуі.
123. Кіші қан айналу шеңберіндегі эмболия, салдары.
124. Үлкен қан айналу шеңберіндегі эмболия, көрінісі.
125. Ишемияның патогенетикалық жіктелуі. Ишемияның салдары. Коллатералдық қанайналысының ролі.
126. Ишемияның белгілері, патогенезі.
127. Эмболиялар, түрлері, себептері және механизмдері, салдары.
128. Тромб түзілуінің этиологиясы және патогенезі.
129. Тромб түзілуінің сатылары. Тромбтың түрлері.
130. Тромбоздың және эмболияның салдары.
131. Тромбоздың себебі. Вирхов «үштігі».
132. Гипоксия туралы түсінік, гипоксияның кейбір түрлеріне сипаттама.
133. Гипоксиялық жағдайдың классификациясы, негізгі түрлерінің этиологиясы, патогенезі.
134. Гипоксияда болатын зат алмасу және физиологиялық қызметтің бұзылысы.
135. Гипоксия, этиологиясы, классификациясы. Гипоксия кезіндегі физиологиялық қызметтің бұзылысы.
136. Гипероксия, оның патологиядағы маңызы. Гипербариялық оксигенация, оның
медицинада қолданылуы.
137. Аллерген: түрлері, сипаттама, топтау.
138. Аллергияның тез дамитын түрінің сатылары, олардың сипаты.
139. Аллергиялық антиденелер, олардың сипаты. Аллергияның жай түрінің иммундық реакция фазасы, оның ерекшеліктері.
140. Тез дамитын аллергияның сатылары, оған сипаттама.
141. Аллергияның тез түрін табу әдісі. Ерекше сәйкес және ерекше емес десенсибилизация. Аллергияның жай түрін емдеу ерекшеліктері.
142. Аллерген түрлері, сипаты. Сенсибилизация механизмі.
143. Қабыну: негізгі компоненттері-алғашқы және екіншілік альтерация, тамырлардағы
бұзылыстар және полиферация.
144. Қабынуға қарсы терапияның патофизиологиялық принциптері. Эксперименттік моделдеу (Конгейм тәжірибесі).
145. Экссудация және эмиграция туралы түсінік. Экссудат түрлері. Фагоцитоз, сатылары.
146. Қызба туралы түсінік. Пирогендік заттар, олардың түрлері.
147. Қабынудағы жергілікті өзгерістер мен организмнің жалпы жағдайының қатынасы.
148. Қабынудың нейро-эндокриндік реттелуі. Қабыну дамуында иммунитеттік механизмнің маңызы.
149. Транссудацияның өте күшеюіндегі гидростатикалық, коллоидты-осмостық және
мембраналық факторлардың маңызы. Лимфодинамикалық бұзылыстары.
150. Лейкоциттер эмиграциясы, механизмі. Хемотаксис анықтамасына түсінік.
151. Қабыну ошағындағы фагоцитарлық реакция.
152. Қабыну, анықтамасы, этиологиясы. Эндокрин жүйесіндегі реактивтіліктің ролі.
153. Экссудация, механизмі. Экссудаттың түрлері.
154. Іріңді экссудаттың құрамы және ерекшеліктері.
155. Қабыну сатылары, оларға түсініктеме.
156. Қабынған ағзадағы микроциркуляция бұзылысы. Қабынудың патогенезінің белгілері.
157. Қабыну себептері (флогендік агенттер), негізгі белгілері. Қабыну тегінде физиологиялық қабілетті заттардың ролі.
158. Қабыну кезіндегі артериалдық гиперемия; себептері, клиникалық көрнісі, салдары.
159. Қабыну кезіндегі зат алмасу бұзылысы. Гиперосмия патогенезі.
160. Экссудация, себебі және механизмі. Экссудат түрлері.
161. Қабынудың жалпы белгілері және олардың патогенезі. Қабыну кезіндегі қышқыл-сілті тепе-теңдігінің бұзылысы.
162. Қабынудың қорғаныс ролі. Қабыну ошағындағы фагоцитарлық реакция.
163. Қабыну кезіндегі лейкоциттер эмиграциясы. Хемотаксис.
164. Қабынудың этиологиясы. Қабынуға қарсы емдеудің міндеттері.
165. Жаңа туған балалардағы қабыну ерекшеліктері: тамыр реакциясының, экссудацияның, фагоцитоздың ерекшелігі.
166. Қабыну ошағындағы фагоцитарлық реакция. Фагоцитоз сатылары.
167. Қабыну ошағындағы зат алмасу процесі. Физико-химиялық өзгерістер.
168. Қызба қисығының түрлері. Қызбаның биологиялық ерекшелігі.
169. Қызба, анықтама, түсінік, жалпы сипаттама. Қызба сызығының классификациясы.
170. Пирогендік заттар, химиялық табиғаты, жасалу көздері. Пиротерапия туралы түсінік.
171. Қызба туралы түсінік. Пирогендік заттар.
172. Қызба реакциясының жас балалардағы ерекшеліктері.
173. Қызба сатылары: жылу реттелуі, зат алмасу, физиологиялық функциялардың
ерекшеліктері.
174. Пирогенді заттар, әсер ету механизмі.
175. Қызбаның бірінші сатысы. Жылу өндірілуінің және жылу шығарылуының өзгеруі. Клиникалық көрінісі.
176. Қызбаның екінші сатысы. Қызулық гомеостаз туралы түсінік. Қызбаның түрлері.
177. Қызбаның III сатысына мінездеме. Литикалық және критикалық қызудың түсуі, патогенезі.
178. Қызба кезіндегі физиологиялық қызметтердің бұзылысы. Либермейстер ережесі.
179. Қызба қисық сызығының түрлері, оларға мінездеме.
180. Ісікті зерттеудің экспериментальдық әдісі.
181. Организмнің антибластомдық беріктілігі, иммундық қадағалау (NK-клеткалар) және
беріктіліктің иммунды емес факторлары. Иммунитеттің Т-жүйесінің ролі.
182. Ісіктік өсу, биологиялық ерекшеліктері. Атипизм түрлері. Метаболикалық атипизм
түрлері.
183. Малигинизацияланған клеткалардың метаболитикалық, антигендік,
функциональдық қасиеттері.
184. Ісік және организм. Метастаздану, рецидивтер, ісіктік кахексия, емдеу негіздері.
185. Ісік этиологиясы: биологиялық, химиялық, физикалық және механикалық факторлар маңызы. Синканцерогенез және коканцерогенез жайлы түсінік.
186. Ісікті экспериментальды зерттеу әдістері.
187. Қатерлі және қатерсіз ісіктер. Ісіктік прогрессия. Клеткалардың ісіктік трансформация механизмі.

Н ПРО БҚМУ 703-08-2020. Бақылау-өлшегіш құралдары (аралық бақылау арналған). Бесінші басылым.
Ф ПРО ЗКМУ 703-08-2020. Контрольно-измерительные средства (для промежуточного контроля). Издание пятое.
F PRO WKMU 703-08-2020. Measuring instruments (for intermediate control). Fifth edition.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет