Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы



бет3/3
Дата04.11.2016
өлшемі444,37 Kb.
#335
1   2   3

Маураннахр


1494 ж. Омар Шайхы қайтыс болады да, Ферғана әмірінің орны бос қалады. Осы кезде Омар Шайхының інісі, Самарқан әмірі Ахмет мырза осы орынға ауыз салып, Ферғана әмірінің тағына таласады. Алайда, Омар Шайхының беделді бектері оған қарсы шығып, Омар Шайхының 11 жасар баласы Бабырды Ферғана әмірі деп жариялап, асығыс таққа отырғызады. Бабыр үкімет басына келген кезде, Самарқан, Бұқар, Ташкент, Әндіжан, Хисар, Қабылды билеуші Темір тұқымдары өзара жауласып, бір кездегі аса қуатты Ақсақ Темір империясын әбден әлсіреткен еді.

Міне, осындай аса ауыр жағдайда үкімет басына келген бала Бабырдың көп майданда күрес жүргізуіне тура келді. Ол бір жағынан өзінің туған қаласы Әндіжанды өзінің немере ағасы Ахмет мырзаның шабуылынан сақтап қалуға тиіс болса, екінші жағынан, өзі отырған тағына өз туысы Жиһангер мырзадан қорғап қалуға тура келді. Өзін Шыңғыс хандығының мұрагері, Әмір Темірдің әулеті санаған Бабыр Мауреннахрда бір орталыққа бағынған ірі мемлекет құрып, Темір ұрпақтарының әр жерге шашырап жүрген әскери күштерін бір қолға топтастырмақ болды.

Осы кезде Самарқан мен Бұхара әмірі Сұлтан Ахмет мырза қайтыс болып, оның артында ұрпақ қалмады. Осыған байланысты Самарқанда Темір әулеттерінің арасында таққа талас басталды. Осыны пайдаланған солтүстіктегі көшпелі өзбектер ханы–Шайбани хан өзінің қол астындағы адамдарын жинап алып, дереу Самарқанға қарай шеру тартады. Алайда самарқандықтар туған қаласын ерлікпер қорғап қалады. Бірақ ол уақыт өткізбей, Қаршы және Шахрисәбіз қалаларына бет алып, оларды жаулап алады да, бірден Бұқарға беттейді. Үш күн қоршауға шыдай алмаған Бұқар бектреі қаланы Шайбаниге беріп қояды.
9-тақырып Рудаки

Жоспар:

1. Шығармалары

Әбілхасан Рудакидің қасидалары, ғазалдары, рубайлары,қыталары,егіз жолды өлеңдері, лирикасы. Әбу-Л-Хасан Рудаки, Әбу Абдаллах (Әбу-л-Хасан) Жафар Рудаки (860 ж.ш., қазіргі Тәжікстан республикасы, Пенжикент ауд. Рудаки қыстағы–941, сонда) – тәжік классикалық әдебиетінің негізін салушы, философ. Заманында “Ақындар атасы” атанған. Туындыларының ішінен бізге жеткені “Шарап туралы” қасида, “Кәрілік туралы” ода, 40-қа жуық әр түрлі жанрдағы жырлар. Шығармаларының негізгі идеясы – адам өмірін жырлау. Бұл дәстүр өзінен кейінгі шығыс әдебиетіне зор әсер етті. Ә. Р. өмірдің сәнді, салтанатты жағын, жақсылықты, кіршіксіз таза махаббатты мадақтады, адам бойындағы асыл қасиетті жырлады. Ә. Р. өлеңдері қазақ жұртшылығына ертеден таныс. Ақынның гуманистік сарындағы шығармалары Абай Құнанбаевқа үлкен ықпал жасады. Ә. Р. шығармаларын зерттеуге қазақ ғалымдары Т. Нұртазин, Р. Бердібаев елеулі үлес қосты. Ә. Р-дың өлеңдері Қ. Бекхожин, Ғ. Орманов, Т. Жароков, Т. Шопашев, Қ. Жұмағалиевтердің аудармасы арқылы қазақ тілінде жеке кітап болып шықты (1958, 1965, 1973)

10-тақырып Насыр Хосрау

Жоспар:

1. Өмірбаяны

Насыр Хосраудың ұялту мен мадақтау, мейірімділік пен жақсылық жайлы өлеңдері; қасидалары, фрагменттері, афоризмдері. Насыр Хосрау Әбу Муин әл-Кубадияни әл-Марвази [1004, Кубадиян қыстағы, Балхы маңы – 1072(1088), Бадахшан] – тәжік-парсы ақыны, философ, діни қайраткер. Жасынан сарай маңында қызмет етіп, философияны, математиканы оқыған. Ақындығымен көзге түскен, қасида, махаббат лирикаларын жазған. 1046 – 52 жылы қасына кіші інісін, қызметшісін алып, Египетке саяхат жасап, нәтижесінде “Сапарнама” кітабын жазып шықты. Оның әйгілі сапары Меккеден бастау алып, Иран, Араб, Африка елдерін қамтыды. Тілі жеңіл, мазмұны жинақы прозалық туынды “Сирия, Траполис және Бейрут”, “Мысыр қаласын суреттеу”, т.б. тараулардан тұрады. Саяхатшы қиын кедергілерден алғырлығы, шешендігі арқасында құтылып отырған. Саяхаттан оралған соң сарай маңындағылармен сыйыспай, туған жері Балхтан қуылып, өмірінің соңғы кезеңін Бадахшан (Памир) өңіріндегі Юмган қыстағында өткізген. Ол діни-философия трактаттарында (“Зад әл-Мусафирин”, “Хан әл-ихван”, “Ваджхи дин”), 12 мың бәйіттен тұратын “Ровшанайинаме” (“Білім туралы кітап”) поэмасында өзінің діни көзқарасын жан-жақты тұжырымдады. Ал қасида мен махаббат лирикаларында адалдық, достық, ғашықтықты жырлап, ақындық шеберлігін танытты, дидактика жанрын дамытуға зор үлес қосты. Әдебиеттер: Бертельс Е.Э., Насир-и Хосрав и исмаилизм, М., 1959; его же, Избр. тр., М., 1960; Күмісбаев Ө., Терең тамырлар, А., 1995.
11-тақырып Жәлаладдин Руми

Жоспар:

1. Шығармалары

Жәлаладдин Румидің мысалдары: «Қой мен өгіз және түйенің дауы», «Дәрігерге ауруы жайында арыз айтқан қария хақында», «Қолға түскен құстың ақылы», «нан сатушы мен дүкенге май төгіп алған тотықұс туралы», т.б. Жалаладдин Руми – ұстаз, ақын. 2007 жылы ЮНЕСКО деңгейінде ұлы ақынның сегіз жүз жылдығы тойланады. Осыған байланысты 2007 жыл Моулави Руми жылы деп жарияланды.

Моулави, Моулана деген атты Жалаладдин Румиге оның шәкірттері берген. Арабшадан аударғанда «моулави» менің ұстазым, «моулана» біздің ұстазымыз деген мағынаға ие. Моулави Руми ақындықтан бұрын ұстаз ретінде танымал. Кәдімгі ел ішінде, жиын-той, жамағат арасында уағыз айтып, жөн көрсетіп, жол сілтеп отыратын ел ағасы, ғұлама.

Ақынның әкесі Баһоаддин Валед те сондай ірі ұстаздың бірі еді. Моңғол шапқыншылығы тұсында өмір сүрген Моулавидің әкесі туған жері Бәлхтан кетуге ұйғарған. Бәлхтан шыққан жолда Нишапур қаласында Моулави Фаридаддин Аттарды кездестіреді. Аттар сонда жас Жалаладдинге өзінің «Асрарнама» кітабын сыйлап, батасын береді. Бәлхтан шы¬ғып, қажылық сапарын өтеген Баһоаддин Валед біраз уақыт Сирия жерінде тұрып, кейіннен Конияға келіп тұрақтап қалады.

Моулави Орта жастан асқан шағында Шәмс Тәбризимен жолығады, бұл оның өміріне де, шығармашылығына да ерекше із қалдырды. Тәбриздік Шәмсуддин Мұхаммад Ибн Әли Ибн Малекдод Моулавидің өмірін толығымен өзгерте алған жан. Жалаладдин Руми Шәмс Тәбризиді өзіне ұстаз тұтады.

Моулавидің өлеңдеріне қарағанда, Шәмс Тәбризи көрген түсті де біліп, оның себебі неден екенін айтып беретін сұңғыла болған екен.

Тәбриздік Шәмс – адам жанын зерттеуші, емдеуші, кез келген дертке дауа тапқан жан. Көпшілікке сөйлеген сөздері әдетте түсініксіздеу көрінетін Шәмс – Моулави үшін кемелдікке жеткен толық адамның нағыз өзі, идеал болды. Шәмсті Моулавидің өзіне ұстаз тұтқанын шәкірттері түсіне алмайды. Оларға өз ұстаздарының басқаны ұстаз тұтуы, ол аз болса, өзі белгісіз адамның алдында қызмет етіп жорғалап жүргенін көру ауыр тиеді. Көре алмаушылық пен күндеуге шыдамаған Шәмс бір рет кетіп қалады. Моулави шарқ ұрып іздеу салады. Димашық – Дамаскіде жүрген жерінен тауып алып, жалынғандай болып қайтарып алады.

Екінші кездесу де ұзаққа созылмайды. Өзі кетпейінше Моулавиге басқалардың тарапынан тыныштық болмайтынын сезген Шәмс бір түнде ешкімге айтпастан тағы да кетіп қалады. Бұл жолы Моулави қанша іздесе де оны таба алмайды. Бір деректер бойынша, Шәмсті кетуге мәжбүрлеген ақынның шәкірттері болса керек. Ал тағы да бір деректерде Моулавидің кенже ұлының Шәмстің түбіне жеткені айтылады. Қалай болғанда да, Моулави Шәмсті кездестірген соң, рухани түлеуге ұшырағаны анық. Моулави Шәмсті кездестірмей тұрғанда да өлең жазатын болған.

7 Тәжірибешілік сабақтардың мазмұны

Тәжірибешілік сабақтардың мазмұны

1-тақырып Көне арабтардың сөз өнері. Исламның дүниеге келуі және Құран.«Мың бір түн» ертегілері. Стилі мен тілі.

Жоспар:

1. «Мың бір түн» ертегілері



Тапсырмалар:

1. «Өгіз бен есек», «Қызғаншақ туралы хикая», «Үш алма туралы хикая», «Қасқыр мен түлкі бикеш» ертегілерін талдау


2-тақырып Тагор

Жоспар:

1. «Күйреу» романы



Тапсырмалар:

1.Р.Тагордың әңгімелерін оқу . «Күйреу» романына идеялық-көркемдік талдау жасау. Камола, Ромеш, Нолинакха, Хемнолини бейнелеріне талдау жасау.


3 – тақырып Фирдоуси

Жоспар:

1. «Шах-наме» дастаны



Тапсырмалар:

1. Ә. Фирдоуси шығармашылығына шолу. 2. «Шахнаме» дастанының кейіпкерлеріне талдау жасау. Дастанның көркемдігіне талдау жасау.


4-тақырып Омар Хаям

Жоспар:

1. Рубайлары



Тапсырмалар:

Омар Һаямның философиялық, адамның мінез-құлқы туралы өлеңдеріне идеялық-көркемдік талдау жасау.


5-тақырып Сағди Муслихаддин

Жоспар:

1. «Жәннат» дастаны



Тапсырмалар:

Сағди өмірі мен шығармашылығы.Он баптан тұратын «Жәннат» дастаны.Ондағы әділдік, қайырымдылық, ғашықтық, кішіпейілділік, таупық ету, қанағат, тәлім-тәрбие,шүкіршілік, тәубе мәселелері.


6- тақырып Хафиз

Жоспар:

1. Өлеңдері



Тапсырмалар:

Хафиз өмірі мен шығармашылығы. Хафиз – классикалық Шығыс поэзиясындағыдарынды лирик.Оның ғазалдары, рубайлары, таржибандтары, сақинамаданы.


7-тақырып Ә. Жәми

Жоспар:

1. Өлеңдері



Тапсырмалар:

Ә. Жәми – классикалық поэзияның соңғы өкілі. «Жеті дастан» даналық кітабының философиялық тұжырымдары.Оның поэзиясындағы ғашықнама, қасіретнама, рубайлар, фарды, мұрабба,ғибратнама үлгілері.
8-тақырып Бабыр

Жоспар:

1. «Бабыр-наме»



Тапсырмалар:

Бабырдың әдеби мұрасы туралы түсінік. «Бабыр-наме» туындысының әлемдік маңызы. Ондағы оқиғалардың Үндістан, Кабул, Ферғана жерлерінде өтетіндігі. Тарихи тұлғалар.


9-тақырып Әбілхасан Рудаки

Жоспар:

1. Өлеңдері



Тапсырмалар:

Әбілхасан Рудакидің қасидалары, ғазалдары, рубайлары,қыталары,егіз жолды өлеңдері, лирикасы


10-тақырып Насыр Хосрау

Жоспар:

1. Өлеңдері



Тапсырмалар:

Насыр Хосраудың ұялту мен мадақтау, мейірімділік пен жақсылық жайлы өлеңдері; қасидалары, фрагменттері, афоризмдері.


11-тақырып

Жоспар:

1. Өлеңдері



Тапсырмалар:

Жәлаладдин Румидің мысалдары: «Қой мен өгіз және түйенің дауы», «Дәрігерге ауруы жайында арыз айтқан қария хақында», «Қолға түскен құстың ақылы», «нан сатушы мен дүкенге май төгіп алған тотықұс туралы», т.б.


8 СӨЖ тапсырмалары

Студенттерге өздігінен оқуға берілетін тақырыптар

1. «Тоты-наме» жинағын оқу

2. А.Қыраубаеваның «Шығыс және қазақ әдебиеті байланысы» туралы зерттеуін оқу»

3. Омар Хаям рубайлары туралы зерттеулер



9 Реферат тақырыптары.

1. «Шах-наменің» көркемдігі

2. «Шах-наменің» зерттелуі

3. «Тотынаме» мен «Мың бір түн» ұқсастығы



4. «Мың бір түннің» тәрбиелік мәні
10 СОӨЖ кеңестерінің кестесі



Сабақ түрлері

дүйсенбі

сейсенбі

сәрсенбі

бейсенбі

жұма

сенбі

1.

Дәріс бойынша кеңестер

12.35















2.

Тәжірибелік сабақтар бойынша кеңестер













12.30




3.

СӨЖ бойынша кеңестер







15.50










4.

Реферат бойынша кеңестер










16.55







5.

Тест сұрақтары бойынша кеңестер







15.50










11 Пән бойынша тапсырманы орындау және тапсыру кестесі




Жұмыс түрі

Тапсырманың мазмұны, мақсаты, тақырыбы

Қолданылатын әдебиет

Орындалу ұзақтығы

Бақылау түрі

Бақылауды тапсыру мерзімі

1

2

3

4

5

6

7

1

Реферат

«Тоты-наме» жинағын оқу




3 апта

Реферат-ты қорғау

3- апта

2

Тезис

А.Қыраубаеваның «Шығыс және қазақ әдебиеті байланысы» туралы зерттеуін оқу»





2 апта

Тезисті конспектілеп, қорғау

4- апта


3

Конспект

(күрделі түрі)



Омар Хаям рубайлары туралы зерттеулер







Күрделі конспект жазу

5-7 апта

4

Межелік бақылау

1,2 Модуль







Тест

8- апта

5

Эссе

«Шах-наменің» көркемдігі





2 апта

Эссе жазып, қорғау

7-9 апта

6

Баяндама,

Сөж тақырыптары



«Мың бір түннің» тәрбиелік мәні






7 апта

Қорғау

8-14-апта

7

Межелік бақылау

3,4 Модуль







коллоквиум

15- апта


12 Курс саясаты

Оқу процесіне қатысу дегеніміз – сабаққа қатысу, пікірталаста және топ жұмысында белсенділік көрсету, топтастарының оқуына әсер ету. Студент аудиториялық сабақтарға, міндетті түрде дәріс сабақтарына, тәжірибешілік сабақтарға қатысып, кешікпей, берілген тапсырмаларды уақытында орындауы керек, сондай-ақ ішкі ережелерді сақтап, өздеріне тиісті жүктелген міндетті дұрыс атқаруы керек. Сабақты босатқан жағдайда деканаттың шешімімен босатқан сабақты қайта толықтырады. Сабаққа екі рет кешігу – бір рет босату болып есептеледі. Сабақты екі реттен артық босатса, оқытушы студентті сабаққа кіргізбеуге құқығы бар.

Студентке берілген тапсырманы уақытында тапсыру керек. Емтихан сессиясына үш күн қалған кезде тапсыру ең кеш тапсыру болып саналады.Берілген тапсырманы және курстық жұмысты тапсырмаған студенттер емтиханға кіре алмайды.

Қойылған талаптар орындалмаса, жаза қолданылады. Сабаққа 100 пайыз қатысып, берілген тапсырмаларды уақытымен және дұрыс орындаса – ең жоғарғы балл 100 б. қойылады.


Студенттердің білімін аралық бақылау тест немесе жазбаша бақылау жұмысы түрінде жүргізіледі.
Осы көрсеткіштер орындалмаған жағдайда жеткіліксіз немесе айып санкциялары қолданылады:

  1. сабақты босату (себепсіз);

  2. тапсырмаларды уақытымен орындамау;

  3. тапсырмаларды орындау барысында қателіктер жіберу, яғни,студент материалды толық меңгермеген жағдайда.

Егер студент сабаққа себепті жағдаймен келе алмаса, келесі аптада сол сабаққа өтеу (отработка) жасайды. Бірақ ұпай азайтылады.
13 Қолданылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі

  1. Иран-тәжік поэзиясы.Астана, 2005


Қосымша әдебиет:


  1. Р. Бердібаев. Гүлстанның бұлбұлдары. А., 1970

  2. .Гончаров Л.Н. Р. Тагор – гуманист и просветитель. Сов. Педагогика. М., 1987

  3. Винокуров Е. Философская лирика Тагора. М., 1976

  4. Н. Ғабдуллин. Уақыт сыры. А., 1962

  5. Ежелгі дәуір әдебиеті. (хрестоматия). А., 1991

  6. Ә. Жәми. Өлеңдері мен дастандары. А., 1969

  7. М. Жолдасбеков. Асыл арналар. А., 1990

  8. Н. Келімбетов. Ежелгі дәуір әдебиеті. А., 1991

  9. Краткая литературная энциклопедия. 2-том. 1966

  10. Мүшайра. А., 1972

  11. Низами. Ләйлі-Мәжнүн. А., 1954

  12. Ә. Науаи. Таңдамалы шығармалары. А., 1998

  13. Сөз зергері. А., 1966

  14. Ә. Рудаки. Таңдамалы шығармалары. А., 1968

  15. КСРО халықтары әдебиеті. А., 1976

  16. М. Сағди. Жәннәт. А., 1984

  17. Ө. Күмісбаев. Екі перне. А., 1991

  18. Ш. Сәтпаева. Қазақ әдебиеті және Шығыс. А., 1992

  19. Шығыс жұлдыздары. А., 1973

  20. Ә. Фирдоуси. Кей Хосрау. А., 1972

  21. Келімбетов Н., Канафин Ә. Түркі халықтары әдебиеті. Оқулық-хрестоматия.- А., 199 б.

  22. Қасқабасов С. Казахская волшебная сказка. –А., 1972.

  23. «Авеста» ауд. Қ. Жұмалиев. «Мәдениет жнее тұрмыс». 1989. №4

  24. Әлем халықтары әдебиеті. Энциклопедия. 2-том. 1971

  25. Бердібаев Б. Кәусар бұлақ. А., 1989

  26. Газетдинова Л.А. Поэзия ар-Рейхани. Вест. Ленинг. унив. 1985. 42-76

  27. Жәмішев Ә. Хафиз ғазалдары. ауд. А., 1990

  28. Н. Курганцев. «Шығыс лирикалары». 1-том, 7-том. А., 1984

  29. Корпиенко В. Наследия и поиски нового. / о литературе арабских Ә. Қоңыратбаев. «Көне мәдениет жазбалары», А., 1991

  30. Құран Кәрим. Қазақша мағына және түсінігі. Аудармашы: Халифа Алтай. өңдеуші Дәлелхан Жаналтай. Міләди 1991 жылында басылды. Медине, Мұнаура Сауд Аравия. 1989

  31. Мұхаммед Бабыр. «Бабыр-наме» ауд. Б. Қонабеков, А., «Жалын», «Мың бір түн» аудар. Қ. Әбдіқадыров. 4-том, А., 1954

  32. стран. Иност. Лит. 1987-2, 215-2216

  33. Тебегенов Т. Шетел әдебиеттері тарихы. А., 1996

  34. Хасенов Ә. Әбу Ғали ибн-Сина. А., 1983

  35. Ысқақов Б. Орта Азия мен Қазақстанның ұлы ғалымдары. А., 1964

  36. Ысқақов Б. Сөнбес жұлдыздар. А., 1989


Пәннің еңбек сыйымдылығы

Семестр

Кредиттар саны

Аудиториялық сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының саны

Студенттің өздік жұмысының сағат саны

Бақы- лау түрлері

барлы-ғы

дәріс

практика

зертха-налық

студия-лық

жеке

барлығы

СӨЖ

Бар-лығы

3


135

30

15

-

-

-

90


22,5

емтихан


Кафедра меңгерушісі ______ Н.Қ.Жүсіпов 2013 ж. «__» __________



(қолы) (аты-жөні)


Мамандық(тардың) жұмыс оқу жоспарынан көшірме




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/33


5В020500 - «Қазақ филологиясы» мамандығының жұмыс оқу жоспарынан көшірме


«Абайтану» пәні


Оқу нысаны

Пәннің еңбек сыйымдылығы

Семестр бойынша бақылау түрлері

Семестр

Семестр бойынша студенттердің жұмыстарының көлемі

кре-дит-тер

академиялық сағат

кре

дит


тер

Аудиториялық сабақ

(ак. сағат)



СӨЖ

(ак. сағат)



Бар-лығы

ауд

СӨЖ

емт

сын

КЖ-а

КЖ-с

бар-

лығы


дәр

тәж

зерт

бар

лығы


ОСӨЖ

ЖОБ база-сындағы күндізгі

3

135

45

90

5

-

-


-

5

3


45

30


15

-

90

22,5


Кафедра меңгерушісі: ___________Жүсіпов Н.Қ. «____» 2013 ж.
Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет