Пән жетекшісі: Суранчиева З. Т орындаған: Бишер С. М алматы, 2022 ж



бет1/3
Дата08.11.2022
өлшемі0,8 Mb.
#157086
  1   2   3
Байланысты:
5тапсырма
кажыга кириспе, 6 курс АиГ, algebraly-tedeuler-zhyesn-sheshud-klassikaly-dster, ЭЛЕКТРОЭНЕРГЕТИКА ПӘНІ ЭЛЕКТРЛІК СТАНЦИЯЛАРЫ БӨЛІМІ ЕСЕПТЕУ-ГРАФИКАЛЫҚ ЖҰМЫС Нұсқа-89.


ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

6В01506 -Информатика


Тақырыбы: «Оқытудағы кедергілерді анықтау; оқытудың аффектілік теориясы»
Пән жетекшісі: Суранчиева З.Т
Орындаған: Бишер С.М
Алматы, 2022 ж.

Оқытудағы кедергілерді анықтау; оқытудың аффектілік теориясы
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, мұғалімдер қалай оқу керектігін үйретеді

  1. Қалай оқу керектігін үйрену

«Оқуды үйретудің» қозғаушы күші «метатану» болып табылады. Басқаша айтқанда, оқу бар, бірақ сонымен бірге оқуды үйрену де бар. Адамдар ойлауға қабілетті және ойлау туралы ойлануға да қабілетті. Тап осы сияқты танымдық қабілет бар да, сол сияқты танымды тану да бар. «Метатану» деп индивид қалай ойлайтынын, оқитынын қадағалау, бағалау, бақылау, кейінгі оқу үдерісінде мұндай ойлаудың нәтижелерін саналы қолдану үдерісі ретінде сипаттауға болады. Бұл үдерісте мұғалім оқушыға:
• оқу міндеті қоятын талаптарды түсінуге;
• жеке зияткерлік үдерістерін және олардың қалай ықпал ететінін білуге;
• тапсырмаларды орындау стратегияларын әзірлеуге және ойластыруға;
• нақты тапсырма үшін барынша оңтайлы болып табылатын стратегияларды таңдауға
көмектеседі.
Осы төрт тармақты іске асыру үшін оқушылардан оқуды үйрену талап етіледі. Мұғалімдер, өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс. Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек, соның арқасында оқушылар ақпаратты енжар қабылдамай, оқу үдерісіне белсенді қатысатын болады. Әңгімеге арқау болған бөлімнің негізгі идеясы ақпарат беріледі дегенге саяды, білім мен түсінікті оқушы өзі қалыптастырады, ал мұғалім – бұл үдерісте көмек көрсететін жан.

  1. Сыныпта «оқуға үйрететін» білім ортасын құру

Сыныптағы оқу үдерісінің тиімділігін айқындайтын негізгі факторлар мыналар: мұғалімнің (1) балалардың қалай оқитынын түсінуі; (2) нені оқыту керектігін түсінуі; (3) оқу үдерісін қалай құрылымдау туралы ұғым қалыптасуы; (4) сонымен қатар оқу нәтижелілігін бағалау мүмкіндігін игеруі (9-сурет)__

Келесі бөлімдер сыныптың ішінде не болып жатқанына арналады, бұл орайда сыныптар бүкіл білім беру жүйесінің жекелеген бөлшектері болып табылатынын ұмытпаған жөн және бұл байланыс оқу материалын әзірлеу кезінде ескерілуі тиіс. Нәтижесінде оқушылар өздерінің отбасы тарапынан қолдау тауып, мектептің ішінде және одан тыс жерлерде олардың оқу әлеуеті артады.

  1. Балалардың қалай білім алатынын ескеру

Нәтижелі білім алу үдерісі мұғалімдердің оқушы өздігінен меңгеріп, таныта білген білім-дағдылары мен амал, көзқарастарын зейін қойып, зерделей білген білім модельдері аясында ғана жүзеге асады. Оқыту үдерісінің басында мұғалімдер оқушылар не біледі, оларда қандай қате ой-түйгендері бар және бұны қалай түзеткен дұрыс екенін білу үшін арнайы құралдарды пайдаланады. Бұған дейін бөлім оқу үдерісінің басында оқушылардың қарастырылатын тақырып туралы шамалы білімі болғанын және осы бастапқы білім жаңа материалды игеру үшін бастау болып табылатынын көрсетті. Егер мұғалім мен оқушының білім игеруді бастау нүктесі өзара үйлеспейтін болса, онда оқуда табысқа жету күмәнді болады. Егер білім игеруді бастау нүктесі қолайсыз таңдалынып алынса, онда тіпті ең жақсы оқушылардың өздеріне де алған білімдерін есте сақтау қиындық тудырып, тестіден немесе емтиханнан өткеннен кейін мүлдем ұмытып қалады.
Осыған орай, әр сабақта оқушыларға оқу үдерісінің барлық аспектілеріне белсенді қатысу керек: олар өзінің болжамдары мен сұрақтарын тұжырымдайды, бір-біріне кеңес береді, өз алдына мақсат қояды, алынған нәтижелерді қадағалайды, идеялармен эксперимент жасайды және қателер – оқудың ажырамас бөлігі екенін түсіне отырып, тәуекелге барады (10-сурет).

Мұғалім оқушылардың зер салып тыңдауын сақтап қалу мақсатында сыныпта орындалатын жұмыс барынша күрделі және әртүрлі болуын қадағалайды, бұл ретте оқушылардың бойында бұл тапсырмаларды орындау үшін қажетті дағдыларды қалыптастырып, білім береді. Мұғалім оқушыларда Чиксентмихаи (2008) «өзіндік мақсат» деп атайтын (11-сурет) және Райан мен Деки (2009) «ішкі уәж» деп атайтын қасиеттердің болуына жағдай жасауға тырысуға тиіс. Басқаша айтқанда, оқушылар өзін өзі ынталандыра алады және осыған орай, оларда ұмтылыс пен қызығушылық пайда болады. Бұны жазалауға ұшырамау немесе емтиханнан құламау түрткі болып табылатын сыртқы уәжден ажырата білген жөн.

Осы мақсатта мұғалімдер оқушыларға өз мақсаттарын қоюды үйретеді, нәтижесінде оқушылар жоспарлау мен белгілі бір нәтижеге жету үдерісінен рахат алады. Сабақтар оқушылардың мәселенің бүге-шүгесіне дейін назар аудару қабілеті дамитындай және тізбектелген сабақтар топтамасының материалын жүйелі түрде игере отырып, ұзақ уақыт назарда ұстайтындай етіп құрылады. Мұғалімдер оқушыларды жұмысқа ынталандырады және сыныпта болатын жағдайлардың бәріне белсенді қатысуға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет