Пәнге кіріспе. Психология пәні, міндеттері және әдістері Лекция жоспары



бет1/10
Дата15.06.2023
өлшемі153,48 Kb.
#178809
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Ï?íãå ê³ð³ñïå. Ïñèõîëîãèÿ ï?í³, ì³íäåòòåð³ æ?íå ?ä³ñòåð³ Ëåêöèÿ


Пәнге кіріспе. Психология пәні, міндеттері және әдістері


Лекция жоспары:
1. Психология пәні. Психологияның теориялық және қолданбалы міндеттері.
2. Психология ғылымы дамуының негізгі кезеңдері.
3. Психологияның әдіснамалық принциптері.
4. Психологияның негізгі салалары.
5. Психологияның зерттеу әдістері.

1. Психология пәні. Психологияның теориялық және қолданбалы міндеттері.

Біздердің әрқайсысымыз күнбе-күн адамдармен кездесе отырып, олармен қарым-қатынас жасаймыз, олардың айтқан сөздеріне көңіл күйіміз қобалжу, не орнықты жағдайда жауап береміз, адамдар кейде бізге сүйкімді көрінеді, ұнатамыз, ал кейбіреулерін жақтырмаймыз.


Қоршаған дүниеде белгілі бір заттар немесе құбылыстар туралы біздер ойланамыз, ой елегінен өткіземіз, көңіл-күйімізге әсер етеді немесе ол құбылыстарға қалай болса, солай қараймыз, демек, бір жағдайлар біздерді қызықтырады, басқалары бізге бәрібір сияқты көрінеді.
Әрқайсысымызды жақсы кітап, әсем әуен, бейнелеу өнері шығармалары қанағаттанғандық сезімге бөлейді. Біз адамның жағымсыз іс-әрекеттері мен мінез-құлқын көре отырып, қынжыламыз, оны сынаймыз, жағымсыз сезім пайда болады, ал жағымды іс-әрекет пен қасиеттер бізді қуантады, көтеріңкі көңіл-күйде боламыз.
Еңбек ету барысында біз табанды түрде, ерекше жігерленіп, белгіленген жоспарды іске асыруға қол жетеді, кейде баяу жұмыс істеуге тура келеді.
Әртүрлі заттар мен құбылыстарды көре отырып, олар бізге ұнауы немесе ұнамауы мүмкін, кейбіреулерін еске сақтаймыз немесе ұмытамыз, біреулеріне зейін аударамыз, басқаларына көңіл бөлмейміз. Осы құбылыстардың барлығы – біздің психикамыз.
Біздің психикалық өмірімізді, рухани дүниемізді психология ғылымы зерттейді. Психология танымдық психикалық үрдістерді зерттейді (оның көмегімен адамдар қоршаған ортаны танып біледі): түйсіктер, қабылдау, ес, ойлау, қиял; ол адамның сезімі мен ерік-қайратын және жеке тұлғаның дара ерекшеліктерін зерттейді; атап айтқанда, темперамент, мінез, қабілеттілік, қажеттілік, қызығуы. Психология ғылымы сонымен қатар адамның іс-әрекетінің ерекшеліктерін зерттейді (дағдылары, әдеттері, еңбек және шығармашылық қызметі, кез-келген іс-әрекеттің қажетті саласы ретінде зейінді қарастырады).
Психология — психикалық құбылыстардың (жан қуаттарының) пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Олар (түйсік, елес, ой, сезім, тілек, қабілет, қызығу, мінез, әдет т. б.) көпшілігімізге өз тәжірибемізден жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажырататын да, білетін де сияқтымыз. Бірақ психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауды, олардың өзіндік заңдылықтарын айқындауды — сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады..
Психология ертеде қалыптасқан ғылымдардың қатарына жатады: ол 2500 жылдан астам бұрын ертедегі Грецияда пайда болған.
«Психология» термині гректің екі сөзінен тұрады: оның біріншісі — «псюхе» (жан), екіншісі — «логос » (сөз, ілім). Сөйтіп, бұл сөз «жан туралы ілім» деген ұғымды білдіреді.
Ертедегі гректің данышпан ғалымы Аристотель өзінің «Жан туралы» атты еңбегінде алғаш рет психикалық құбылыстарға бір жүйелі талдау жасайды. Аристотелді психологияның негізін салушы деп атауға болады. Екінші жағынан, психологиялық құбылыстарды және оның заңдылықтарын ғылыми эксперименталдік түрде зерттеу шын мәнінде XIX ғ. ортасынан бастап, қалыптаса бастады.
Психикалық құбылыстарды 3 үлкен топқа жіктеуге болады:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет