ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар



бет1/2
Дата29.01.2017
өлшемі0,52 Mb.
#8271
  1   2

УМКД 042-16.1.11/03.2013

______________2013 жылғы

№ 2 басылым



27 беттің -шісі



5В 020500 - «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған

«Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі»

ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

СЕМЕЙ


2013


Мазмұны

1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Практикалық және лабораториялық сабақтар

4 Курстық жұмыс (жоба)

5 Студенттің өздік жұмысы



1 ГЛОССАРИЙ

1.1 Ән өлеңі - әнге арнап жазылған, әнмен айтылатын өлең, әдебиеттануда поэзияның жанрлық саласы ретінде қарастырылады.

1.2 Ерікті өлең – қалыптасқан өлең өлшемін берік сақтамай, тармақтардың ырғағын еркін өрнектейтін өлең түрі.

1.3 Жыршы ақындар поэзиясы – ауыз әдебиеті дәстүріндегі поэзия, қазақ әдебиетінде бірнеше ғасырға ұласып келетін поэзиялық өнердің үлкен арнасы.

1.4 Кітаби ақын – Шығыс әдебиетінің араб, парсы, түркі тілдес халықтарында бар поэзияның озық үлгілерін өзінше жырлап, қазақ арасына таратып отырған, шығыс тілінде шыққан кітаптар сюжетін қайта өңдеп, қисса дастандар шығарған өзгешелеу бір топ ақындар.

1.5 Сал-сері – сегіз қырлы, бір сырлы, яғни әнші, күйші, ойыншы, күлдіргіш, композитор, би, спортқа бейімі бар ерекше үздік жаратылған өнерпаз.

1.6 Терме – қазақ халық поэзиясында қалыптасқан лирикалық өлең түрі.

1.7 Толғау – қазақ, сондай-ақ қарақалпақ, ноғай секілді басқа да халықтардың ауызша поэзиясында кең тараған қоғамдық-саяси лириканың бір түрі.

1.8 Аллитерация (лат. дыбыстас) – шығармаларда бірыңғай дыбыстардың үндестігі, дәлірек айтқанда дауыссыз дыбыстардың қайталануы.

1.9 Алтыбуынды өлең - әр тармағы үш буынды екі бунақтан құралатын (3 буын – 3 буын) өлең өлшемі.

1.10 Алтытармақ – қазақ поэзиясында лирикалық өлеңдерде жиі қолданылатын шумақ өрнегі.

1.11 Анафора (гр. биікке шығару) – айшықтаудың (фигураның) үлгісі ретінде көрсетілген шумақтың немесе өлең жолдарының басында үндесе, үйлесе қиысатын бірыңғай бастамалар.

1.12 Антитеза (шендестіру) – екі затты не құбылысты шендестіру арқылы басқа бір құбылыстың, ұғымның, нәрсенің суреті, сыр-сипаты, кескін-кейпі аңғарылады.

1.13 Антоним (қайшы сөздер) (гр. қарсы, атау) – біріне-бірі қайшы қарама-қарсы мағыналы сөздер.

1.14 Ассонанс (лат. үйлесім) - өлең сөзде дауысты дыбыстардың үндесе қайталануы.

1.15 Әдеби қаһарман - әдебиеттің идеялық-эстетикалық роліне сай бейнеленетін тұлға.

1.16 Әдеби процесс- бұл белгілі бір дәуірде, сонымен қатар, ұлттар мен елдердің, аймақтардың, әлемнің күллі тарихи кезеңдерінде өмір сүріп келе жатқан әдебиеттің тарихи заңды қозғалысы.

1.17 Әдеби характер (гр. мінез, ерекшелік) – кейіпкердің мінез бітімі, адамның бойына психологиясына, қимыл әрекеттеріне тән сан түрлі қасиеттердің бірігіп, біте қайнаған тұтастығын танытатын мінез-құлық өзгешелігі.

1.18 Әлеуметтік лирика – лирикалық жанрдың тақырыптың мазмұнына қарай бөліп қаралатын, қоғамдық өмірге қатысты маңызды мәселелерді қозғайтын ақынның заманға, халықтың бүгінгі тағдырына көзқарасын білдіретін үлкен саласы.

1.19 Градация (лат. біртіндеп көтеру) – дамыту-алдыңғы сөзден соңғы сөзді, алдыңғы ойдан соңғы ойды асыра асқақтата түсу.

1.20 Жанр - әдеби шығармалардың жеке түрлері, көркем әдебиеттің салалары.

1.21 Идея - әдебиет шығармасында өмірдегі жәй жағдайлар, адам тағдыры баяндалғанда, суреттелгенде жазушының сөз болып отырған мәселелерге қатынасы, көзқарасы да аңғарылады.

1.22 Кейіптеу – жансыз нәрселерді адам кейіпіне келтіріп немесе қалайда жан бітіргендей етіп суреттейтін көркемдік тәсіл.

1.23 Композиция - әдеби шығарманың құрылысы, оның үлкен кішілі бөлім бөлшектерінің бір-бірімен қисынды түрде қиюластырылып, әр түрлі тәсілмен байланыстырылған тұтастық бірлігі.

1.24 Қара өлең ұйқасы – төрттармақтың бірінші, екінші және төртіншісі бірыңғай ұйқасады.

1.25 Лирикалық кейіпкер – поэзиялық шығармалардан көрінетін адамның тұлға бейнесі.

1.26 Лирика – көркем әдебиеттің негізгі саласының, жанрының бірі, ерекшелігі-адамның көңіл-күйін, сезім дүниесін тікелей бейнелеп көрсетеді.

1.27 Лирикалық қаһарман – ақын бейнесінің оның шығармаларынан жинақталған тұтас тұлға ретінде көрінуі.

1.28 Метафора (гр. ауыстырып қою) – екі нәрсені, құбылысты салыстыру және жанастырып жақындату негізінде астарлы тың мағына беретін бейнелі сөз.

1.29 Параллелизм (гр. қатарлас) – екі нәрсені қатарластыра, жанастыра алып бейнелеу тәсілі.

1.30 Пейзаж (франц. ел, жер) - әдеби шығармадағы табиғаттың әсем көрінісі, көркем бейнесі.

1.31 Портрет (франц. бейнеленген) - әдеби кейіпкердің сырт көрінісін, кескін-кейпін, бой-тұлғасын суреттеу.

1.32 Прототип (гр. түп, төркін бейне) – кейіпкердің бейнесін жасауға тірек, негіз болатын өмірде болған адам.

1.33 Символ - әдебиетте ойды астарлап, басқан нәрсені суреттеу арқылы жасалатын нақтылы сипаты бар балама бейне.

1.34 Стиль – жазушының өмір шындығын танып-білу, сезіну қабілетін, бейнелеу шеберлігін, өзіндік суреткерлік тұлға бітімін танытатын даралық өзгешелігі, жазу мәнері, қолтаңбасы.

1 35 Сюжет (франц. зат) - өзара жалғасқан оқиғалардың тізбегі, біртұтас желісі.

1.36 Тақырып - әдеби шығармада сөз болатын басты мәселе, шығарма мазмұнының негізгі арқауы, айтылатын жай жағдайлардың бағыт-бағдары.

1.37 Экзпозиция (лат. түсіндіру) – көркем шығармада оқиға дамып өрістейтін орынды, ортаны, ол оқиғаға қатысатын кейіпкерлерді сипаттап, алғаш оқушыға таныстыру.

1.38 Эпитет – заттың не құбылыстың айырықша белгісін, қасиетін білдіретін бейнелі сөз.

1.39 Эпифора - өлең тармақтарының соңында бір сөздің не сөз тіркесінің бірнеше қайталанып келуі.



2 ДӘРІСТЕР

  • Модуль 1. Әдебиетті оқыту әдістемесі – ғылыми пән

  • Тақырып 1. Әдебиетті оқыту әдістемесі – ғылыми пән.

  • Дәріс жоспары:

1. Әдебиет пәнінің өзіндік ерекшеліктері, оқу жүйесіндегі алатын орны.

2. Орта мектепте әдебиет пәнін оқыту әдістемесінің тарихы, даму арналары

3. Әдебиет пәнінің халық тарихы, көркем әдебиет тарихы, әдебиеттану, тіл білімі, философия, психология мен педагогика, эстетика-этика негіздері, жаратылыстану, т.б. ғылым салаларымен байланысы.

4. Әдебиет пәнінің мектеп өміріне, ондағы тәлім-тәрбие жұмыстарына игі әсері.


Жалпы білім беретін орта мектептегі жетекші пәндердің бірі- әдебиет пәнінің өзіндік ерекшеліктері, оқу жүйесіндегі алатын орны. Оның көркемөнер салаларының ішіндегі аса қуатты және пәрменді тәрбие құралы екендігі. Көркем әдебиет туындыларын орта мектепте оқытудың қажеттігі.

Орта мектепте әдебиет пәнін оқыту әдістемесінің тарихы, даму арналары және оның өзге де толып жатқан тәсілдері, амалдары, жлдары жөнінде ғылыми жүйелі, тыңғылықты білім алады. Осы аталған бағдар-пайымдар мен ой-жоспарлар пән мақсаты мен міндеттерін айқындайды.

Әдебиет пәнінің халық тарихы, көркем әдебиет тарихы, әдебиеттану, тіл білімі, философия, психология мен педагогика, эстетика-этика негіздері, жаратылыстану, т.б. ғылым салаларымен байланысы. Мұның өзі әдебиет пәні мұғалімінің уақыт талабына сай жан-жақты және білім-білік қорының мейлінше мол болуын қажет ететіндігі.

Әдебиет пәнінің мектеп бағдарламасына орай қарастыратын, түсіндіріп ұқтыратын негізгі нысанасы көркем сөз өнері қазыналары болғандықтан, оны өнердің басқа да салаларымен салыстырып отырудың маңызы. Әдебиет пәнінің мектеп өміріне, ондағы тәлім-тәрбие жұмыстарына игі әсері. Оқушылардың адамгершілік келбетін қалыптастырып, парасат-пайымын терендетуде және күллі сұлулық, көркемдік әлемін танып түсіне білуіне жетелейтіндігі.



  • Негізгі ұғымдар

Әдебиетті оқыту әдістемесі

Әдеби процесс

Әдеби характер

Әлеуметтік лирика

Лирикалық қаһарман


  • Бақылау сұрақтары:

1. Әдебиет пәнінің өзіндік ерекшеліктері, оқу жүйесіндегі алатын орны.

2. Орта мектепте әдебиет пәнін оқыту әдістемесінің тарихы, даму арналары

3. Әдебиет пәнінің халық тарихы, көркем әдебиет тарихы, әдебиеттану, тіл білімі, философия, психология мен педагогика, эстетика-этика негіздері, жаратылыстану, т.б. ғылым салаларымен байланысы.


  • Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Базарбаев, М. Таңдамалы. Т.1. Әдебиет және дәуір / М. Базарбаев.- Астана: Нұра-Астана, 2009. 125-289 б.

  2. Базарбаев, М. Таңдамалы. Т.2. Көректі ойдан - көркем сөз / М. Базарбаев.- Астана: Нұра-Астана, 2009. 197-340 б.

  3. Адамбаев, Б. Асыл қазына: [ғылыми зерделеу мен зерттеулер] / Б. Адамбаев.- Алматы: Ана тілі, 2009. 18-196 б.

  4. Елеукенов, Ш. Көптомдық шығармалар жинағы. 5-т. Жаңа жолдан: Зерттеулер, сыни мақалалар / Ш. Елеукенов.- Алматы: Қазығұрт, 2010. 98-245 б.

  5. Әбдиманұлы, Ө. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің алғашқы кезеңі (1900- 1940): оқу құралы / Ө. Әбдиманұлы.- Алматы: Қазақ ун-ті, 2010. 56-145 б.

  6. Дайырова Ә., Тілешева С. 4-класқа арналған әдебиеттік оқу кітабына методикалық нүсқау. - Алматы, 2007




  • Модуль 1. Әдебиетті оқыту әдістемесі – ғылыми пән

  • Тақырып 2. Қазақ жеріндегі орыс-түзем мектептері мақсаты. Оқу-ағарту ісі жөніндегі тың бастамалар

  • Дәріс жоспары:

  1. Әдебиет пәнінің қалыптасуының әдепкі кезеңдері. (ХІХ-ХХ ғасырдың бас шені).

  2. Араб-парсы әлемі үлгісіндегі әдеби оқу дағдыларының кең қанат жаю себептері, алғы шарттары, қазақ ұғымына үйлесімділігі.

  3. Қадым оқуы, жәдит оқуы, медреселік оқу түрлері, олардың оқу құралдары. Қазақ еліндегі оқу-ағарту жүйесіне ресейлік білім мен ғылым әсерінің біртіндеп күшейе бастауы, қоғамдық-саяси экономикалық, идеологиялық себептері.

  4. Орыстың ілгерілшіл, демократтық бағыттағы В.Г.Белинский, Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов, Д.И.Писарев, т.б. әдебиетші, педагогтарының толғаныстары.

  5. ХІХ ғасырдағы қазақ зиялыларының жаңаша білім алу қажеттігі туралы тың ойлары.

Белгілі бір ұлт-ұлыс, халық, этностардың өзінің ұзақ ғасырлық тарихында әріп ойлап тауып, жазу-оқу өнерін меңгеретіндігі.Сол өнердің бертін келе бірте –бірте дамып өркендейтіндігі. Оның алғашқы аяқ аласы , қара көріністері, ондағы әдеби- тарихи көркем мәтіндердің басым, жетекші рөл атқаратындығы, мысалдары.

Әдебиет пәнінің қалыптасуының әдепкі кезеңдері. (ХІХ-ХХ ғасырдың бас шені). Қазақ даласындағы ертеден қалыптасқан әдеби оқу түрі, оқу құралдары, әдеби мәтіндер мазмұны, бағыты, тәрбиелік мәні, сөз өнеріндегі дәлелді көріністері. Атап айтқанда, әпсана-аңыздар мен жыраулар шығармашылықтарынан аңғарылатын білім-білік жоба-нобайы. Адамдар санасына әсер-ықпалы. ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлар аралығында хат танып, сауат ашу ісіндегі молда-мұғалім әдіскерлер тәлім-тәрбисі.

Араб-парсы әлемі үлгісіндегі әдеби оқу дағдыларының кең қанат жаю себептері, алғы шарттары, қазақ ұғымына үйлесімділігі. Ондағы өмір ағысы, жаратылыс, табиғат, адам болмысы жөніндегі әдеби-тарихи космологиялық пайымдар.

Қадым оқуы, жәдит оқуы, медреселік оқу түрлері, олардың оқу құралдары. Әдеби мәтін мазмұны мен идеясы, ұстанған бағыттары, ұстаздарының білім деңгейі, дүниеге көзқарасы, мақсат-идеалы.

Қазақ еліндегі оқу-ағарту жүйесіне ресейлік білім мен ғылым әсерінің біртіндеп күшейе бастауы, қоғамдық-саяси экономикалық, идеологиялық себептері. Қазақ еліндегі оқу-ағарту жүйесіне ресейлік білім мен ғылым өсерінің біртіндеп күшейе бастауы, қоғамдық-саяси экономикалық, идеологиялық себептері. Ресей мектептеріндегі әдебиет пәні, оның жүргізілуі жөніндегі алуан қилы ұсыныстар мен мәнді ой-пікірлер. Ф.И.Буслаев, К.Д.Ушинский, Н.А.Корф, Л.Н.Толстой, В.И.Водовозов, В.Я.Стоюнин, В.П.Острогорский, Л.Поливановтың әдебиет пәнін оқыту туралы өдістемелік-тәрбиелік маңызы бар еңбектері.

Орыстың ілгерілшіл, демократтық бағыттағы В.Г.Белинский, Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов, Д.И.Писарев, т.б. әдебиетші, педагогтарының толғаныстары.

Ресейлік халық мектептерін жаңаша жетілдіру мен ондағы тіл- әдебиет пәндеріне айрықша назар аудару іс-шараларының қазақ даласындағы мектеп ашу қам-қаракеттеріне де тигізген жағымды ықпалы. ХІХ ғасырдағы қазақ зиялыларының жаңаша білім алу қажеттігі туралы тың ойлары. Алғашқы талпыныс қадамдары. Алға қойған басты мақсат- мұраттары.

Шоқан Уәлихановтың қазақ балаларын оқытып, білім беру әдістері, жол-жобасы турасындағы ой-тұжырымдары. Оның қазақ-қырғыз ауыз әдебиеті үлгілерін жинауы мен зерттеу ерекшеліктері. «Сахарадағы мұсылмандық туралы» мақаласындағы қазақ мектептері, оқу жүйесіне берген бағасы, сілтеген жолы. «Қазақ халық поэзиясының түрлері жөнінде» деген мақаласы, әдеби теориялық ойлары.

Ш.Уәлиханов өмірі мен шығармашылығының қазіргі қазақ әдебиеті оқу бағдарламалары мен оқу құралдарына енгізіліп, оқытылып келе жатқандығы, мысалдары.

Қазақ арасындағы оқу, тәлім-тәрбие жөніндегі Абай мен Шәкәрім Құдайбердіұлының айтқан өнеге, үлгі сөздері. Абайдың білім-ғылым тәлім-тәрбие тақырыптарындағы өлеңдері мен қара сөздерінің мәні. Шәкәрім қажының оқу-ғылым сөз өнері жайындағы толғаныстары, зерттеу шежіре еңбектері. «Жастарға», «Насихат», «Сен ғылымға» өлеңдерінің мәні.

Абай мен Шәкәрімнің өмірі мен шығармаларының әдебиет пәні бағдарламалары мен оқу құралдарындағы орны, оқытылу барысы, мысалдары.

Әдебиетті оқытудағы жаңа бастама. Ыбырай Алтынсариннің ұстаздық қызметі мен әдеби шығармашылығы. Әдеби-тарихи, оқу-әдістемелік мақалалары, халық ағарту мәселелері жөніндегі ескертпелері. Ыбырай ашқан қазақ мектебі, өзіндік ерекшелігі, жаңалығы. Ыбырай мектебіндегі әдебиет пәні оқулығы – «Қазақ хрестоматиясы» («Киргизская хрестоматия. Оренбург, 1879»). «Қазақ хрестоматиясының» түзілісі, ондағы әдеби мәтіндер: өлең, әңгіме, новеллалардың тақырыбы.

Ы.Алтынсариннің халықтық-ағартушылық көзқарасы және оған орыс педагог әдебиетші әдіскерлері К.Д.Ушинский, Н.А.Корф, Л.Н.Толстой, Н.И.Ильминский, т.б. жазба ойларының әсері.

Жаңа мектеп түрлері: ресейлік үлгідегі екі басқышты, төрт басқышты мектептер, лицейлер мен гимназиялар. Қазақ жерінде ашыла бастаған орыс-түзем мектептері, мақсаты, олардағы әдеби мәтіндер мен пән түрлері: риторика, пиитика, т.б. жетістіктері мен кемшіліктері.


  • Негізгі ұғымдар

ресейлік үлгідегі екі басқышты мектеп

төрт басқышты мектеп

лицейлер

гимназиялар



  • Бақылау сұрақтары:

  1. Шоқан Уәлихановтың қазақ балаларын оқытып, білім беру әдістері, жол-жобасы турасындағы ой-тұжырымдары.

  2. Әдебиетті оқытудағы жаңа бастама.

  3. Ы.Алтынсариннің халықтық-ағартушылық көзқарасы және оған орыс педагог әдебиетші әдіскерлері К.Д.Ушинский, Н.А.Корф, Л.Н.Толстой, Н.И.Ильминский, т.б. жазба ойларының әсері.

  4. Жаңа мектеп түрлері: ресейлік үлгідегі екі басқышты, төрт басқышты мектептер, лицейлер мен гимназиялар.

  • Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Базарбаев, М. Таңдамалы. Т.1. Әдебиет және дәуір / М. Базарбаев.- Астана: Нұра-Астана, 2009. 125-289 б.

2. Базарбаев, М. Таңдамалы. Т.2. Көректі ойдан - көркем сөз / М. Базарбаев.- Астана: Нұра-Астана, 2009. 197-340 б.

3. Адамбаев, Б. Асыл қазына: [ғылыми зерделеу мен зерттеулер] / Б. Адамбаев.- Алматы: Ана тілі, 2009. 18-196 б.

4. Елеукенов, Ш. Көптомдық шығармалар жинағы. 5-т. Жаңа жолдан: Зерттеулер, сыни мақалалар / Ш. Елеукенов.- Алматы: Қазығұрт, 2010. 98-245 б.

5. Әбдиманұлы, Ө. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің алғашқы кезеңі (1900- 1940): оқу құралы / Ө. Әбдиманұлы.- Алматы: Қазақ ун-ті, 2010. 56-145 б.


  • Модуль 1. Әдебиетті оқыту әдістемесі – ғылыми пән

  • Тақырып 3. Әдебиет пәнінің қазіргі оқытылу ерекшеліктері.

  • Дәріс жоспары:

  1. ХХ ғасыр басындағы қазақ баспасөзі мен қазақ тілінде кітап шығару ісінің өрістеуі.

  2. Жаппай сауатсыздықты жою науқаны. Оқу-ағарту ісіндегі уақыт талабына сай өзгерістер; 1917-1927 жылдардағы мектеп түрлері.

  3. 1928-1938 жылдар аралығында әдебиетті оқытудағы тарихи бағыттың басымдылығы.

  4. 1932 жылы қабылданған «Оқу бағдарламалары мен бастауыш және орта мектептер туралы» қаулы-қарарлар. 1939 жылы қабылданған жаңа бағдарлама, оның ұзақ жылдық қызметі. 1940 жылы алғаш рет шыққан әдебиеттік оқу бағдарламасы.

ХХ ғасыр басындағы қазақ баспасөзі мен қазақ тілінде кітап шығару ісінің өрістеуі. Оның ел өміріндегі әдеби-мәдени елеулі оқиға екендігі. Жұртшылық ой-санасын оятудағы «Серке» (1907) «Қазақ газеті» (1917), «Қазақстан» (1911-1913), «Қазақ» (1913-1918) газеттері және «Айқап» (1911-1915) журналының атқарған игілікті істері мен көтерген мәселелері.

Аталған жылдарда жарық көрген кітаптардың дені қазақ ауыз әдебиеті үлгілері болғандығы. Сонымен қатар, қазақ көркем әдебиетінің ірі өкілдері Абай, Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынов, М. Дулатов, т.б. ақын-жазушылардың кітаптарының да басылып шыққандығы.

1917 жылғы Қазан төңкерісі. Қазақ халқы тарихындағы кеңестік кезеңнің басталуы.

Жаппай сауатсыздықты жою науқаны. Оқу-ағарту ісіндегі уақыт талабына сай өзгерістер; 1917-1927 жылдардағы мектеп түрлері. 1919 жылы РКП (б) VIII съезі қабылдаған «Бірегей еңбек мектебі туралы тұжырымдама». Әдебиет сабақтарындағы «еңбек әдістемесі» - оқиғалық шығармалардың макет көріністері. Жаңа қоғамдық құрылыс және оның идеологиясын түсіндіру сипаттары. Қоғамдық тәрбие құралы болғандығы. 1921 жылы жаңа кеңестік мектептерге арналған «Әдебиет бағдарламалары». Осы бағдарлама негізінде «Әдебиеттік оқу» терминінің| (атауының) қалыптасуы. Бағдарламадағы әдебиеттік оқуға қойылған талаптар мен берілген нұсқаулардың маңызы, жаңашылдығы, кемшіліктері. Бағдарламаларды жетілдірудегі 1923-1925, 1927 жылдардағы соны талпыныстар.

1928-1938 жылдар аралығында әдебиетті оқытудағы тарихи бағыттың басымдылығы. Тарихи-әдебиеттік курстардың жетекшілік рөлі, себептері. 1931 жылғы «БКП (б) ОК-нің бастауыш және орта мектептер туралы қаулысы» онда аталған жалпы білім берудегі кемшіліктер, көңіл аударылған мәселелер. 1932 жылы қабылданған «Оқу бағдарламалары мен бастауыш және орта мектептер туралы» қаулы-қарарлар. Солардың негізшде жасалған 1933 жылғы бағдарламалар, олардың 1939 жылға дейін пайдаға асуы, жетістіктері мен кемшіліктері.

1939 жылы қабылданған жаңа бағдарлама, оның ұзақ жылдық қызметі. 1940 жылы алғаш рет шыққан әдебиеттік оқу бағдарламасы. Негізгі үш түрлі нысанасы: кеңестік әдебиет шығармалары, халық ауыз әдебиеті үлгілері, классик жазушылардың әдеби мұралары.

Кеңестік орыс мектептерінің түзілісі, олардың әдебиетті оқыту бағдарламаларын негізге алған, сол бағытта түзілген қазақ мектептерінің жүйесі. Төрт, жеті, сегіз, тоғыз, он және он бір жылдық қазақ мектептері. Қазақ мектептерінің латын және крилица қарпінде білім беруге мәжбүр болғандығы, себептері.

1940-1990 жылдар аралығындағы оқу-ағарту ісінің өркендеу жолы. Кеңес дәуірінде мектептерде негізінен оқытылған басты-басты пәндер. 1958, 1985 жылдардағы мектеп реформалары, әсер-ықпалы. Аталған жылдарда әдебиет пәнін оқыту, жетілдіру жөнінде әдістемелік еңбектер мен оқу бағдарламаларын құрастырып жазған ғалым-әдіскерлер. С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, С.Қирабаев, Ә.Қоңыратбаев, А.Көшімбаева, Т.Ақшолақов, Ш.Кәрібаев, С.Қалиев, т.б. әдіскерлер, педагог тәлімгерлердің үлгі-өнегелері.


  • Негізгі ұғымдар

ресейлік үлгідегі екі басқышты мектеп

төрт басқышты мектеп

лицейлер

гимназиялар



  • Бақылау сұрақтары:

  1. Кеңестік орыс мектептерінің түзілісі, олардың әдебиетті оқыту бағдарламаларын негізге алған, сол бағытта түзілген қазақ мектептерінің жүйесі.

  2. 1940-1990 жылдар аралығындағы оқу-ағарту ісінің өркендеу жолы.

  3. 1958, 1985 жылдардағы мектеп реформалары, әсер-ықпалы.

  4. С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, С.Қирабаев, Ә.Қоңыратбаев, А.Көшімбаева, Т.Ақшолақов, Ш.Кәрібаев, С.Қалиев, т.б. әдіскерлер, педагог тәлімгерлердің үлгі-өнегелері.

  • Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Базарбаев, М. Таңдамалы. Т.1. Әдебиет және дәуір / М. Базарбаев.- Астана: Нұра-Астана, 2009. 125-289 б.

2. Базарбаев, М. Таңдамалы. Т.2. Көректі ойдан - көркем сөз / М. Базарбаев.- Астана: Нұра-Астана, 2009. 197-340 б.

3. Адамбаев, Б. Асыл қазына: [ғылыми зерделеу мен зерттеулер] / Б. Адамбаев.- Алматы: Ана тілі, 2009. 18-196 б.

4. Елеукенов, Ш. Көптомдық шығармалар жинағы. 5-т. Жаңа жолдан: Зерттеулер, сыни мақалалар / Ш. Елеукенов.- Алматы: Қазығұрт, 2010. 98-245 б.

5. Әбдиманұлы, Ө. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің алғашқы кезеңі (1900- 1940): оқу құралы / Ө. Әбдиманұлы.- Алматы: Қазақ ун-ті, 2010. 56-145 б.


  • Модуль 2. Қазіргі жалпы білім беретін орта мектептегі қазақ әдебиеті пәні.

  • Тақырып 4. Әдеби базалық білім аймағы.

  • Дәріс жоспары:

  1. 1990-2002 жылдар аралығындағы білім беру жүйелеріндегі атқарылған іргелі жұмыстар.

  2. Қазақстанның тәуелсіздік алуына байланысты жаңадан түзілген оқу бағдарламалары мен оқулықтар.

  3. Орта мектеп пен жоғары мектептердегі түбірлі бетбұрыстар. «Қазақ орта мектептеріндегі білім мазмұнының тұжырымдамасы» (1991ж) оның мазмұн-мәні, ғылыми методикалық негіздері. Әдеби білім беру құрылымындағы өзгерістер.

  4. Орта мектептердегі әдебиет пәнінің мақсат-міндеттері, мазмұндық құрылымындағы ұлттық діл, мәдениет, әдеби көркем мәтіндердің эстетикалық-этикалық құндылық деңгейлері.

  5. Қазақ әдебиетін оқыту тұжырымдамасы (1997) және оның жаңашылдығы, бағыт-бағдарындағы тың ұсыныс-ұстанымдар.

  6. Орташа Ү-ҮІІІ сыныптардағы әдебиеттік оқу, оның өзіндік сипаттары.

  7. Ү-ҮІІІ сыныптарға арналған әдебиет пәнінің оқу бағдарламаларының түзілісі, түзілу принципі.

  8. Ү-ҮІІІ сыныптардағы әдебиет сабағындағы ауызша және жазбаша тіл дамыту жұмыстары.

  9. Жазбаша жұмыстар: мазмұндама мен шығарма, олардың өзіндік ерекшеліктері. Жазбаша баяндау амалдары.

  10. Қазақ әдебиеті пәнінен Ү-ІХ сыныптарда берілетін базалық білім.

  11. Ауызша және жазбаша тіл ұстарту, шығармашылық жұмыстары.

  12. Х-ХІ сыныптардағы тарихи-әдеби оқу курсы.

1990-2002 жылдар аралығындағы білім беру жүйелеріндегі атқарылған іргелі жұмыстар. Қазақстанның тәуелсіздік алуына байланысты жаңадан түзілген оқу бағдарламалары мен оқулықтар.

Орта мектеп пен жоғары мектептердегі түбірлі бетбұрыстар. «Қазақ орта мектептеріндегі білім мазмұнының тұжырымдамасы» (1991ж) оның мазмұн-мәні, ғылыми методикалық негіздері. Әдеби білім беру құрылымындағы өзгерістер.

Орта мектептердегі әдебиет пәнінің мақсат-міндеттері, мазмұндық құрылымындағы ұлттық діл, мәдениет, әдеби көркем мәтіндердің эстетикалық-этикалық құндылық деңгейлері. Қазақ әдебиетін оқыту тұжырымдамасы (1997) және оның жаңашылдығы, бағыт-бағдарындағы тың ұсыныс-ұстанымдар. Орта мектепте көркем әдебиет мәтіндерімен таныстырып, көркем шығармалардың мазмұн-мәнін жан-жақты оқытып үйретудің салалары. Олардың өзара бір-бірімен сабақтастығы.

Бастауыш І-ІҮ сыныптардағы түсіндірмелі оқу, оның әдеби талдаудаға арналмай, тек көркем мәтінді түсініп оқуды көздейтіндігі, ұсынылатын әдеби мәтіндердің қарапайым ұғымға жеңіл болатындығы.

Орташа Ү-ҮІІІ сыныптардағы әдебиеттік оқу, оның өзіндік сипаттары. Сыныптағы оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай әдеби мәтіндердің таңдалып, іріктеліп алынатындығы. Әдеби-теориялық ұғымдар жөнінде қысқаша мәліметтер беріле бастайтындығы. Жылдан-жылға аталған сыныптардағы әдеби оқулар мәтіндері күрделене түсіп, бірте-бірте тарихи-әдеби негізге ойыса беретіндігі. Әдебиеттік оқу пәнінің мазмұндық-идеялық құрылымының жоғары сыныптарға жақындай түсетіндігі.

Ү-ҮІІІ сыныптарға арналған әдебиет пәнінің оқу бағдарламаларының түзілісі, түзілу принципі. Оқулық-хрестоматиялары, құрастырған авторлары. Әдебиеттік оқу кітабына арналған әдістемелік нұсқаулар, авторлары.

Ү-ҮІІІ сыныптардағы әдебиет сабағындағы ауызша және жазбаша тіл дамыту жұмыстары. Ауызша мәнерлеп оқу мен мазмұндап баяндай алуға баулу жолдары.

Жазбаша жұмыстар: мазмұндама мен шығарма, олардың өзіндік ерекшеліктері. Жазбаша баяндау амалдары.

Қазақ әдебиеті пәнінен Ү-ІХ сыныптарда берілетін базалық білім. Базалық білімнің екі сатысы: Ү-ҮІІ сыныптардағы жеке әдеби нұсқаларды оқып үйренуге арналған әдеби оқу. Оның жанрлық- хрониялық принципке негізделгендігі; ҮІІІ-ІХ сыныптардағы тарихи-хрониялық принциптерге негізделген тарихи-әдеби оқу. Аталған принциптерге сәйкес, Ү-ІХ сыныптардағы әдебиет пәні бағдарламасының тұтастай алғанда, сатылы - бұрандалы (ступенчато-спиральный) принципке сай құрастырылғандығы.

Базалық әдеби білім мазмұны қамтитын оқу аймағы, ондағы көркем әдебиет материалдары және олардың Ү-IX сыныптар бойынша жіктелуі. Әр сыныптағы әдебиет пәніне бөлінген сағат саны, Ү-ІХ сынып оқушыларының білім, білік дағдыларына қойылатын талаптар.

Ауызша және жазбаша тіл ұстарту, шығармашылық жұмыстары. Қосымша оқып, пікір алысуға ұсынылган әдеби шығармалар, жанрлық ерекшеліктері. Әлем әдебиеті үлгілерінен мәлімет берудің маңыздылығы.

Х-ХІ сыныптардағы тарихи-әдеби оқу курсы. Оның жалпы қазақ әдебиеті тарихының орта мектептің жоғары сыныптарына арналып жазылған қысқаша ғылыми талдамасы екендігі. Сондықтан онда қазақ көркем әдебиеті туындыларының, шығармашылық өкілдерінің (ақын-жазушыларының) бәрі бірдей қамтылмайтындығы.

Аралық шолу сабақтары, қажеттілігі. Жоғары сыныптардағы әдеби-тарихи курстың ортаңғы базистік тарихи-хронологиялық оқыту жүйесінің заңды, кеңейтілген әдеби таңдамалы жалғасы саналатындығы. Әдеби материалдардың тарихи-хронологиялық тәртіппен заман, дәуір ағымына орай орналастырылатындығы.

Берілген әдеби-теориялық ұғымдардың да ғылымилығы артып, саралана-сараптала түсетіндігі.

Х-ХІ сыныптарда жүргізілетін ауызша, жазбаша жұмыстардың түр-түрлері, орындалу мәнер-машықтары, оған қойылатын талаптар.

Қосымша, сыныптан тыс оқуға ұсынылатын шығармаларға сипаттама. Әлем әдебиеті үлгілерінен іріктеліп алынған туындылар табиғаты.

Х-ХІ сыныптарға арналған әдебиет пәнінің бағдарламалары мен оқулықтары. Хрестоматиялары және тақырыптарға бөлінген сағат саны.

Жоғары сыныптарда әдебиет пәнін жүргізу ісіне көмекші құрал ретінде жазылған алуан түрлі әдістемелік талдамалар, үлгі-жобалар, авторлары. Әдебиет пәніне арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақстан мектебі» журналдары мен «Қазақстан мұғалімі» газетінің атқаратын рөлі, оларда жарияланатын озат мұғалімдер іс-тәжірбиелерінің мән-маңызы.


  • Негізгі ұғымдар

қазақ әдебиетін оқыту тұжырымдамасы

ауызша және жазбаша тіл дамыту жұмыстары.

жазбаша жұмыстар

мазмұндама мен шығарма

жазбаша баяндау

ауызша және жазбаша тіл ұстарту



  • Бақылау сұрақтары:

  1. Аралық шолу сабақтары, қажеттілігі.

  2. Х-ХІ сыныптарда жүргізілетін ауызша, жазбаша жұмыстардың түр-түрлері, орындалу мәнер-машықтары, оған қойылатын талаптар.

  3. Қосымша, сыныптан тыс оқуға ұсынылатын шығармаларға сипаттама.

  4. Х-ХІ сыныптарға арналған әдебиет пәнінің бағдарламалары мен оқулықтары. Хрестоматиялары және тақырыптарға бөлінген сағат саны.

  • Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Базарбаев, М. Таңдамалы. Т.1. Әдебиет және дәуір / М. Базарбаев.- Астана: Нұра-Астана, 2009. 125-289 б.

2. Базарбаев, М. Таңдамалы. Т.2. Көректі ойдан - көркем сөз / М. Базарбаев.- Астана: Нұра-Астана, 2009. 197-340 б.

3. Адамбаев, Б. Асыл қазына: [ғылыми зерделеу мен зерттеулер] / Б. Адамбаев.- Алматы: Ана тілі, 2009. 18-196 б.

4. Елеукенов, Ш. Көптомдық шығармалар жинағы. 5-т. Жаңа жолдан: Зерттеулер, сыни мақалалар / Ш. Елеукенов.- Алматы: Қазығұрт, 2010. 98-245 б.

5. Әбдиманұлы, Ө. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің алғашқы кезеңі (1900- 1940): оқу құралы / Ө. Әбдиманұлы.- Алматы: Қазақ ун-ті, 2010. 56-145 б.


  • Модуль 2. Қазіргі жалпы білім беретін орта мектептегі қазақ әдебиеті пәні.

  • Тақырып 5. Жоғары сыныптардағы тарихи-әдеби оқу курсы

  • Дәріс жоспары:

  1. Орта мектеп тәжірибесіндегі әдебиет пәнін оқыту амалдары: ауызша баяндау, әңгімелеп айту, пікірлесу, лекциялық талдама, байыптау, көрнекілік, техникалық құралдар, бүгінгі компьтерлерді тиімді пайдалану.

  2. Әдебиет пәнін оқыту амалдарын көп қарастырып әдепкі ізашарын жасаған ресейлік Ф.И.Буслаев, В.М.Водовозов, В.Г.Белинскии, К.Д.Ушинскии, В.Я.Стоюнин, В.П.Острогорский, Ë.Поливанов, Â.Голубков, т.б. негіздеп, бертінде М.Н.Скаткин, И.Я.Лернер, Я.А.Роткович, М.А.Рыбникова, В.А.Никольский, Н.И.Кудряшевтер дамытқан әдістердің бес түрі.

  3. Ә.Қоңыратбаев, А.Көшімбаев, Т.Ақшолақов, С.Қирабаев, Ә.Дайырова, С.Тілешова, Қ.Бітібаева, т.б. оқу құралдары мен зерттеу әдіскерлік еңбектері.

  4. Әуелбек Қоңыратбаевтың «4-7 кластарда әдебиетті оқыту методикасының» жөне «Әдебиеггі оқыту методикасы» атты әдістемелік көмекші оқу құралдарының мән-маңызы, құндылығы.

Сөз өнері туындыларының пайда болу, даму, толысу, жаңару-жаңғыру сатыларын пайымдайтын ғылыми зерттеу еңбектері, талдамалары және қол жеткен тың теориялық тұжырым-байламдары негізге алынып, нәтижесінде мектепте әдебиетті оқыту әдістемесінің жаңарып, заман талабына орай түрленіп отыратындығы.

Мұндай үздіксіз ізденістердің әдебиет пәнін оқыту барысында белгілі бір өтілетін әдеби тақырыптардың ішкі табиғатына қарай сан қырлы амалдар, жолдар мен тәсілдерді өмірге әкелетіндігі.

Орта мектеп тәжірибесіндегі әдебиет пәнін оқыту амалдары: ауызша баяндау, әңгімелеп айту, пікірлесу, лекциялық талдама, байыптау, көрнекілік, техникалық құралдар, бүгінгі компьтерлерді тиімді пайдалану.

Өткен ғасырдан бермен қарай (ХІХ-ХХ ғғ.) ғылыми негізделіп, көбіне-көп жүзеге асырылып келе жатқан әдебиетті оқыту әдістері, олардың жылдан-жылға дамып, байытылып ілгерілей беретіндігі. Сайып келгенде, қолданыстағы барша амал-тәсілдердің оқушының әдебиет жөніндегі білім-біліктілігін молайтуға, орнықтыруға жұмылдырылатындығы.

Әдебиет пәнін оқыту амалдарын көп қарастырып әдепкі ізашарын жасаған ресейлік Ф.И.Буслаев, В.М.Водовозов, В.Г.Белинскии, К.Д.Ушинскии, В.Я.Стоюнин, В.П.Острогорский, Ë.Поливанов, Â.Голубков, т.б. негіздеп, бертінде М.Н.Скаткин, И.Я.Лернер, Я.А.Роткович, М.А.Рыбникова, В.А.Никольский, Н.И.Кудряшевтер дамытқан әдістердің бес түрі. Аталған жүйені жаңа қазақ мектебіндегі әдебиетті оқыту әдістемесіне лайықтап, творчестволықпен игерген Ә.Қоңыратбаев, А.Көшімбаев, Т.Ақшолақов, С.Қирабаев, Ә.Дайырова, С.Тілешова, Қ.Бітібаева, т.б. оқу құралдары мен зерттеу әдіскерлік еңбектері.

Әуелбек Қоңыратбаевтың «4-7 кластарда әдебиетті оқыту методикасының» жөне «Әдебиеггі оқыту методикасы» атты әдістемелік көмекші оқу құралдарының мән-маңызы, құндылығы.


  • Негізгі ұғымдар

қазақ әдебиетін оқыту тұжырымдамасы

ауызша және жазбаша тіл дамыту жұмыстары.

жазбаша жұмыстар

мазмұндама мен шығарма

жазбаша баяндау

ауызша және жазбаша тіл ұстарту



  • Бақылау сұрақтары:

  1. Орта мектеп тәжірибесіндегі әдебиет пәнін оқыту амалдары: ауызша баяндау, әңгімелеп айту, пікірлесу, лекциялық талдама, байыптау, көрнекілік, техникалық құралдар, бүгінгі компьтерлерді тиімді пайдалану.

  2. Әдебиет пәнін оқыту амалдарын көп қарастырып әдепкі ізашарын жасаған ресейлік Ф.И.Буслаев, В.М.Водовозов, В.Г.Белинскии, К.Д.Ушинскии, В.Я.Стоюнин, В.П.Острогорский, Ë.Поливанов, Â.Голубков, т.б. негіздеп, бертінде М.Н.Скаткин, И.Я.Лернер, Я.А.Роткович, М.А.Рыбникова, В.А.Никольский, Н.И.Кудряшевтер дамытқан әдістердің бес түрі.

  3. Ә.Қоңыратбаев, А.Көшімбаев, Т.Ақшолақов, С.Қирабаев, Ә.Дайырова, С.Тілешова, Қ.Бітібаева, т.б. оқу құралдары мен зерттеу әдіскерлік еңбектері.

  • Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Базарбаев, М. Таңдамалы. Т.1. Әдебиет және дәуір / М. Базарбаев.- Астана: Нұра-Астана, 2009. 125-289 б.

2. Базарбаев, М. Таңдамалы. Т.2. Көректі ойдан - көркем сөз / М. Базарбаев.- Астана: Нұра-Астана, 2009. 197-340 б.

3. Адамбаев, Б. Асыл қазына: [ғылыми зерделеу мен зерттеулер] / Б. Адамбаев.- Алматы: Ана тілі, 2009. 18-196 б.

4. Елеукенов, Ш. Көптомдық шығармалар жинағы. 5-т. Жаңа жолдан: Зерттеулер, сыни мақалалар / Ш. Елеукенов.- Алматы: Қазығұрт, 2010. 98-245 б.

5. Әбдиманұлы, Ө. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің алғашқы кезеңі (1900- 1940): оқу құралы / Ө. Әбдиманұлы.- Алматы: Қазақ ун-ті, 2010. 56-145 б.


  • Модуль 2. Қазіргі жалпы білім беретін орта мектептегі қазақ әдебиеті пәні.

  • Тақырып 6. Әдебиет пәнін оқыту әдіс-тәсілдері

  • Дәріс жоспары:

  1. Әдебиетті оқыту барысында қолданылатын амал-тәсілдер, оның түрлері.

  2. Творчестволық (шығармашылық) оқу әдісі.

  3. Эвристикалық оқу әдісі.

  4. Зерттеп оқу әдісі.

  5. Репродуктивтік оқу әдісі.

Әдебиетті оқыту барысында өтілетін тақырыпқа орай қандай амал-тәсілдерді пайдалану мүмкіндігі пән мұғалімінің ыңғайында болатындығы, оның түрлері.



1). Творчестволық (шығармашылық) оқу әдісі. Оқу пәні ретінде әдебиеттің бірінші кезектегі міндеті оқушылардың бойына көркем шығарманы түсіну, қабылдау мәдениетін қалыптастыру болып табылатындығы. Творчестволық оқу әдісінің өзге публицистикалық, ғылыми талдама мәтіндерді оқудан өзіндік айырмашылығы. Мұндағы сөз, сөйлем, ырғақ, әуенділік мәселелеріне көңіл бөлу керектігі. Әр шығарманың тегіне, жанрына, бағытына, стиліне қарай танып білудің шарттылығы.

Творчестволық оқу әдісінде мұғалімнің басшылығымен жүзеге асырылатын амалдар. Оқушы атқаратын жұмыс, міндеттер, оған қойылатын талаптар.



2) Эвристикалық оқу әдісі. Көркем шығарманы терең түсіну, игеру, оны саралап талдау арқылы іске асатындығы. Эвристикалық сұхбат өткізудің әдеби шығарманың көркемдік кестесін, әлеуметтік мәнін ашуға септігінің молдығы.

Эвристикалық оқу барысында мұғалім атқаратын тәсілдер. Оқушылар атқаруға міндетті істер. Бұл тәсілдің оқушының ой көкжиегін кеңейтіп, оларды өзінше толғанып, пікір айтуға баулитындығы. Эвристикалық әңгіме, сұрақ-жауап, эвристикалық пікір таласы, оның тақырыптары.



3) Зерттеп оқу әдісі. Оқушыларды белгілі бір әдеби тақырып төңірегінде өз беттерінше ойланып-толғануға, ғылыми қорытындылары жасай білуге үйрететіндігі. Оқушының шығарманы өзінше оқып, оның идеялық-көркемдігін бағалай білуге және келешекте де көркем шығарманы талғап, таңдап түсініп оқуға бастайтындығы. Көркем мөтінді зерттеп, байыптап, сын көзімен таразылып оқуға баулитындығы. Зерттеу нәтижелерін ауызша да, жазбаша да түсіндіріп беруге төселдіретіндігі. Зерттеу әдісінің эвристикалық оқуға жақындығы.

Зерттеу әдісі бойынша пән мұғалімі ұйымдастыруға тиісті жұмыстар. Алдын-ала дайындықтың қажеттілігі. Оқушылар атқаратын зерттеу жұмыстары, түрлері.



4) Репродуктивтік оқу әдісі. Бұл әдіс бойынша оқушының білімді дайын күйінде мұғалімнің айтуынан немесе оқулықтан алатындығы. Берілген білімді белсенді түрде қабылдау қажеттігі. Ой-сана, ес қабілеттің рөлі. Жадта сақтап, жаңғыртып баяндап айту дағдыларын қалыптастыратындығы. Алынған білімді саналы түрде бойға сіңіру әдеттерін жетілдіретіндігі.

Аталған оқу барысында пән мұғалімі мен оқушылар атқаратын жұмыстар мен міндеттер. Оқушының ауызша, жазбаша жауаптары.



  • Негізгі ұғымдар

Творчестволық (шығармашылық) оқу әдісі.

Эвристикалық оқу әдісі.

Зерттеп оқу әдісі.

Репродуктивтік оқу әдісі.



  • Бақылау сұрақтары:

  1. Әдебиетті оқыту барысында қолданылатын амал-тәсілдер, оның түрлері.

  2. Творчестволық (шығармашылық) оқу әдісі.

  3. Эвристикалық оқу әдісі.

  • Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Базарбаев, М. Таңдамалы. Т.1. Әдебиет және дәуір / М. Базарбаев.- Астана: Нұра-Астана, 2009. 125-289 б.

2. Базарбаев, М. Таңдамалы. Т.2. Көректі ойдан - көркем сөз / М. Базарбаев.- Астана: Нұра-Астана, 2009. 197-340 б.

3. Адамбаев, Б. Асыл қазына: [ғылыми зерделеу мен зерттеулер] / Б. Адамбаев.- Алматы: Ана тілі, 2009. 18-196 б.

4. Елеукенов, Ш. Көптомдық шығармалар жинағы. 5-т. Жаңа жолдан: Зерттеулер, сыни мақалалар / Ш. Елеукенов.- Алматы: Қазығұрт, 2010. 98-245 б.

5. Әбдиманұлы, Ө. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің алғашқы кезеңі (1900- 1940): оқу құралы / Ө. Әбдиманұлы.- Алматы: Қазақ ун-ті, 2010. 56-145 б.


  • Модуль 3. Көркем шығарманы жанрлық ерекшеліктеріне қарай оқыту.

  • Тақырып 7. Көркем шығарманы жанрлық ерекшеліктеріне қарай оқыту

  • Дәріс жоспары:

  1. Көркем шығарманың тектері мен түрлері жөніндегі мәліметтер.

  2. Бұл мәселе туралы ежелгі заманнан бастап, қазіргі күнге дейінгі ой-пікірлер.

  3. Көркем шығарманың бастапқы топтастырушылары (классификация). Аристотель, әл-Фараби, Платон және бертінгі кездегі В.Г.Белинский, Г.Э.Лессинг, Л.И.Тимофеев, Н.А.Гуляев, т.б. еңбектері.

  4. А.Байтұрсынов, Е.Ысмайлов, Б.Кенжебаев, Қ.Жұмалиев,З.Ахметов, З.Қабдолов сынды қазақ әдебиетінің көрнекті зерттеушілерінің ой- тұжырымдары.

  5. Эпикалық шыгармаларды оқытудың өзіндік сипаттары.

  6. Драмалық шығармалардың оқытылуы. Драмалық шығармаларды оқытудың өзіндік ерекшеліктері. Оқушылар қызығушылығын арттыру жолдары.

  7. Лирикалық шығармаларды оқыту.

Көркем шығарманың тектері мен түрлері жөніндегі мәліметтер. Бұл мәселе туралы ежелгі заманнан бастап, қазіргі күнге дейінгі ой-пікірлер. Көркем шығарманың бастапқы топтастырушылары (классификация). Аристотель, әл-Фараби, Платон және бертінгі кездегі В.Г.Белинский, Г.Э.Лессинг, Л.И.Тимофеев, Н.А.Гуляев, т.б. еңбектері.

А.Байтұрсынов, Е.Ысмайлов, Б.Кенжебаев, Қ.Жұмалиев,З.Ахметов, З.Қабдолов сынды қазақ әдебиетінің көрнекті зерттеушілерінің ой- тұжырымдары.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет