ПӘннің ОҚу- әдістемелік кешені жалпы тіл білімі



бет1/5
Дата05.11.2016
өлшемі0,95 Mb.
#1080
  1   2   3   4   5

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


СМЖ 3 дәрежелі құжаты

ПОӘК



ПОӘК

«Жалпы тіл білімі»

пәнінің оқу-әдістемелік материалдары

Баспа №2 9.09.2014


ПОӘК 042-18-28.1.3/03-2014






ПӘННІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Жалпы тіл білімі
5В012100 «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі

«қазақ тілі мен әдебиеті»


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР




СЕМЕЙ


2015

Мазмұны
1 Глоссарий

2 Дәріс

3 Тәжірибелік сабақтар

4 Білім алушылардың өздік жұмыстары



ГЛОССАРИЙ

Аморф - формасыз деген мағынаны білдіреді.

Ареалдық тіл білімі – (лат.аrea – кеңістік, аудан) – лингвистикалық география әдістері арқылы тіл құбылыстарының таралу жайын, тіларалық (диалектаралық) байланыстарды зерттейтін тіл білімінің саласы.

Әдеби тіл – жалпыхалықтық тіл маржанын жинақтап, сұрыпталған, екшелген, қызметке бай, әлеуметтік сипаты мен стильдік ерекшеліктері мол сала. Диалект - жалпыхалықтық, біртұтас ұлттық тілдің өзіндік дыбыстық, сөздік, грамматикалық ерекшеліктері бар саласы.

Билингвизм. Көп ұлтты мемлекеттерде әр түрлі ұлт өкілдері бір – бірімен қатынас жасау үшін, өзінің ана тілінен басқа тілді де, өзімен аралас – құралас халық тілін де білу қажеттігі туады. Сөйтіп, өздерінің күнделікті өмірінде олар екі немесе одан да көп тілдерді жарыстыра қолдана береді. Осыдан барып екітілдік немесе көптілділік пайда болады.Ол – тіл білімінде билингвизм деп аталады.

Грамматикалық мағына дегеніміз тілде қалыпты сипаты бар (стандартты) сөздер тобы мен сөз тұлғаларына, синтаксистік құрылымдарға тән жинақты, дерексіз тіддік мағына.

Диахрониялық тіл білімі – тілдің тарихи уақыт ішінде өзгеруі мен дамуын зерттейтін тіл білімі

Жалпы тіл білімі – лингвистиканың жалпы тілдік теориясы.

Интра – латын тілінен ауысқан префикс «ішкі» мағынасын білдіреді.

Интеграция - өзіндік тілдік ерекшеліктері бар қауымдардың бір – бірімен жақындасуларының, араласып бірігулерінің нәтижесі.

Логикалық бағыт – тілді ойлауға және логика мен философиядағы әр түрлі ағымдар мен концепцияларға қатысты зерттейтін көзқарастар жиынтығы.

Менталингвистика деген термин құрамындағы мента – латын тілінде ойлау, ақыл деген мағынаны білдіреді.

Неолингвизм (гр. neos – жаңа және лингвистика атауларының бірігуінен туған).

Сөйлеу дегеніміз - әрекет.Әрекет белгілі бір нәтижеге жету үшін, бағыты, мақсаты бірлігі арқылы топтасқан процестердің күрделі жиынтығы.

Социологиялық (әлеуметтік) бағыт (социолингвистика) тілді адамдардың қоғамдық қызметіне, кәсіби тіршілігіне қызмет ететін әлеуметтік құбылыс, қарым – қатынас құралы деп қарайтын бағыт.

Семиотика - әр түрлі хабарлар, мәліметтер беру үшін қолданылатын таңбалар жүйесі

Тілдік жағдаят - әлеуметтік тіл білімінің зерттейтін мәселесі.

Тіл теориясы – тілді я тілдерді зерттеуден туатын ғылыми тұжырым.

Экстралингвистика – экстра латын тілінде «сыртқы, сыртқары» мағынасын береді.

Этнолингвистика – грекше ethnos халық, тайпа) – тілдің халық мәдениетіне қатысын зерттейтін тіл біліміндегі бағыт.



2 ДӘРІС САБАҚТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
№1 модуль Жалпы тіл білімінің қалыптасуы.
№1 дәріс тақырыбы: Жалпы тіл білімінің зерттеу нысаны, қарастыратын мәселелері
1. Жалпы тіл білімінің анықтамасы, мақсаты мен міндеттері

2. Жалпы тіл білімінің лингвистиканың басқа салаларымен қарым-қатынасы.

3. Тіл білімінің қалыптасуы мен дамуы.

4. Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы.


Жалпы тіл білімі – лингвистиканың жалпы тілдік теориясы. Ол – бүкіл лингвистиканың бағыт-бағдарын белгілейтін ғылым. Жалпы тіл білімі 1963 жылдан бастап енгізілді. Бұл пәннің мақсаты – студенттерге теориялық лингвистиканың ең негізгі, өзекті мәселелерімен таныстыру.

Тіл білімі салалары: 1. Интралингвистика. Интра – латын тілінен ауысқан префикс «ішкі» мағынасын білдіреді. Интралингвистика тілдің ішкі жүйелілік құрылымын, жүйе элементтерінің бір-бірімен қарым-қатынасын зерттейді. Интралингвистиканың негізгі салалары – фонетика, лексикология, грамматика. Экстралингвистика – экстра латын тілінде «сыртқы, сыртқары» мағынасын береді. Экстралингвистика тілдің сыртқы дүниемен, қоғаммен байланысын зерттейді. Сондықтан оны социологиялық лингвистика, металингвистика (мета – грекше жарты), сыртқы лингвистика, немесе тілдің қоғамда, ойлау процесінде атқаратын қызметін зерттеуіне байланысты функциялық лингвистика деп те атайды. Экстралингвистика социолингвистика, менталингвистика салаларына бөлінеді. Менталингвистика деген термин құрамындағы мента – латын тілінде ойлау, ақыл деген мағынаны білдіреді. Менталингвистика тіл менойлаудың қарым-қатынасын, тілдік мағынаның теориясын, сөйлеу әрекетімен, жағдаймен байланысын зерттейді.

1.Тіл білімінің қоғамдық ғылымдармен байланысы және онда алатын орны.

2.Тіл білімінің жаратылыстану ұғымдарымен байланысы.

3.Тіл білімінің 20 ғасырда туған ғылым салаларымен байланысы.

Бақылау сұрақтары:

1. Жалпы тіл білімі қашан қалыптаса бастады?

2. Жалпы тіл білімінің ең өзекті, ең негізгі мәселелеріне не жатады?

3. Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы қандай?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Маманов, Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. "Арыс қоры".- Алматы: Арыс, 2007.

2. Невченко В.Н. Введение в языкознание. М.:Дрофа.,2008.-7063с.

3. Исаев. С. Қазақ тіл білімінің мәселелері [Текст] = Вопросы казахского языкознания .- Алматы, 2011



4. Жүнісова, М.Ә. Қазіргі қазақ тілі: оқу құралы .- Алматы: Дарын, 2008.

5. Шалабай, Б. Қазіргі қазақ тілі синтаксис. – Алматы, 2012.

№2 дәріс тақырыбы: Ежелгі дәуір тіл білімі
1. Бұл дәуірде пайда болған философиялық бағыттар

2. Ежелгі заман лингвистикасына тән ортақ сипаттар мен кемшіліктер.

3. Ежелгі Қытай тіл білімі. Ежелгі Үнді тіл білімі

4. Ежелгі Грек тіл білімі. Рим тіл білімі

Біздің жыл санауымыздан 5-6 мың жылдар бұрынғы египеттіктердің, шумерлердің, т.б. шығыс халықтарының жоғары мәдениетті болғандығын, әр түрлі жазуларды пайдаланғандарын ескерсек, тіл ғылымы көне ғылымдардың бірі екендігін байқауға болады. Бірақ египеттіктердің, шумерлердің тілге байланысты айтқан пікірлері біздің заманға жеткен жоқ. Тіл мәселелеріне байланысты жазылып сақталған, біздің заманға жеткен деректердің ең көнесі Ежелгі Қытай, Үндістан, Ежелгі Греция елдеріне тән.

Ежелгі дәуір - тіл біліміне қатысты ой-пікірдің жаңа туындай бастаған және оның мейлінше балаң шағы. Ұзақ мерзімді қамтитын бұл уақыт бойында тіл біліміне тән түсінік бірте-бірте, өте баяу дамиды. Ол өрісі, тереңдігі жағынан да тым жұпыны болды. Соған қарамастан бұл кезеңдегі тіл біліміне қатысты мәліметтерді қазіргі кезде өркен жайған тіл білімінің бастамасы, қалана бастаған іргетасы деп санаған жөн.

Ежелгі дәуір тіл білімінде ерекше көңіл бөлінген екі күрделі проблема болған. Оның бірі – атау, ат қою теориясы да, екіншісі – грамматикалық өнер (искусство) проблемасы.

Мұның біріншісінде – зат атаулары қалай пайда болған, атаулардың өздері атауы болған заттармен, құбылыстармен, оқиғалармен қандай байланысы бар? Атаулардың дұрыс я теріс қойылуының қандай мәні бар? Дегендерді сөз етушілер – философтар болған және бұл проблеманы олар философияның ең мәнді саласының бірі ретінде қараған. Ғылым тарихында ат қою теориясы деп аталатын бұл сала қытайда да, үнділерде де, герктерде де бір-біріне өте ұқсас бағытта талданып, біртектес шешімге сайып отырған.

Грамматикалық өнер теориясы тілді дұрыс қолданудың ережесін белгілеуді мақсат еткен. Бұл ереже бірде грамматикалық өнер делінсе, енді бірде жазу өнері деп те аталады. Грамматикалық теория жазба ескерткіштер тілдерін зерттеуден туған. Сондықтан ежелгі дәуір тіл білімі, әдетте, филология дәуірі деп те аталады (филология – герк сөзі, мағынасы – сөзді сүю).

Қытай – мәдениеті, ғылыми ой-пікірі ертеде дамыған, дүниежүзілік мәдениетке зор үлес қосқан ежелгі ел. Қытай тіл білімінің тарихы екі мың жылдан астам уақытты қамтиды. Қытай тіл білімі 19 ғасырдың аяғына дейін басқа елдердегі тіл білімінің әсерінсіз өз бетінше дамыған.

Ат қою теориясы мен грамматикалық өнер теориясы Ежелгі Қытайда да болған. Ат қою теориясын қалыптастырған адам, біздің жыл санауымыздан бұрынғы 551-479 жылдар арасында өмір сүрген философ ғалым – Конфуций (Кун-Цзы).

Грамматикалық өнер ежелгі дәуірден сақталған діни жазбалар тілін зерттеу негізінде туған. Көне және Ортағасырлық Қытайда тілге байланысты үш түрлі филологиялық мәселеге ерекше көңіл аударылған. Оның бірі – көне сөздердің мағыналарын айқындау, екіншісі – иероглифтің құрылысы мен этимологиясын айқындау, үшіншісі – фонология.

Ежелгі Үнді тіл білімі. Үнділерден бізге жеткен зерттеулер жыл санауымыздан бұрынғы 5 ғасырдан басталады. Бұл материалдардың ғылыми жүйелілігіне, ой тереңдігіне қарағанда Үнді тіл білімі бұдан да бұрын болғанға ұқсайды. Тіл білімі мұнда практикалық қажеттіліктен туған. Үнділердің өте ерте дәуірден сақталған аңыздардан, гимндерден, діни жырлардан құралған «Веда» деп аталатын жазба ескерткіштері болған.

Ежелгі дәуір тіл білімінің тағы бір отаны - Ежелгі Греция. Ежелгі Грек философтарының тілге қатысты мәселелерден ерекше сөз еткендері – атаудың табиғаты, зат пен оның атауы арасында қандай байланыс болатыны, тілдің қайдан, қалай пайда болғаны және тілдің грамматикасы мен логика арасындағы қарым-қатынас жөніндегі мәселелер.



Бақылау сұрақтары:

1.Қытай тіл біліміне тән ерекшеліктер

1. Көне үнді тіл білімі.Оны туғызған себептер

2.Яски мен Панини еңбектері. Панини жазған санскрит грамматикасы.

3. Грек тіл білімінің негізгі объектілерін ата?

4. Атау теориясы, тілдің шығуы дегеніміз не?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Ковчиков. В.А. Психолингвистика.Теория речевой деятельности. М: Астрель,2007.-318с.

2. Попова З.Д.Общее языкознание. -М:АСТ:Восток-Запад,2007.-408с.

3. Копыленко М.М. Избранные труды в 2-томах. А:Ин-т языкознания им. А.Байтурсынова.2010.,2010.-443с.

4. Норман Б.Ю.Лингвистические задачи. –М: Флинта-Наука.2009.-271с.

3 дәріс тақырыбы: ХYI-ХVIII ғ. тіл білімі



1. Орта ғасырдың өзіндік бір ерекшелігі.

2.Тіл ғылымындағы  канондық тіл жайлы.

3. Араб тілі туралы алғашқы еңбектер.

4. Араб тілінің дамуына үлес қосқан ғалымдар еңбектерінің маңызы.

5. Араб тіл білімінің грамматикасы.

6. 17 – 18 ғ. жаңа үлгіде жазылған грамматикалық еңбектер.

7.Қайта өркендеу дәуірінің лингвистикалық проблемасы.

8. Универсал грамматика бөлімдері.
Орта ғасырдың өзіндік бір ерекшелігі - әр түрлі діндердің туып, әлемдік діндерге айналуы. Дүние жүзілік діндердің тарауымен қатар сол діндердің сүндет-парызын, шариғатын уағыздайтын жазбалар да тарады. Ол жазбалар тілі киелі, қасиетті тіл, пайғамбарлар тілі деп жарияланды. Бұл тіл -тіл ғылымында канондық тіл деп аталады. Сөйтіп, дін тараған аймақтардағы халықтар өз ана тілімен қатар канондық тілді де қолданды. Жазба тіл, әдеби тіл деп саналатын да канондық тіл болды. Мысалы, түркі халықтары, сондай-ақ қазақ халқы үшін де канондық тіл араб тілі, исламның ең қасиетті, киелі кітабы - Құранның тілі болды. Араб тілі оқу пәні болды. Оны молдалар, дін иелері оқытты. Еуропа халықтары үшін канондық тіл - латын тілі. Олар латын тілін жазу тілі, ғылым ретінде пайдаланды.

Қайта өркендеу дәуіріндегі тіл білімі. Универсал грамматика.

Қайта өркендеу дәуірі тіл зерттеу мәселесіне бұрынғыдан басқаша тұрғыдан келу, бірінші орынға канондық тілдерді емес, әр халықтың әр ұлттық өзіндік сөйлеу тілін қоюды, соны зерттеп , соның сырын ашуды қойды. Осылардың нәтижесінде жаңа үлгіде жазылған грамматикалық еңбектер әр елде, әр жерде шығып жайтты. 1562 ж. П. Романің «Француз тілі граммтикасы». 1693 ж. Уоллистің «Ағылшын тілі грамматикасы». 1659 ж Лавренти Зизанидің «Славян грамматикасы». 1757 М В Ломоносовтың «Россия грамматикасы».

Еуропа тарихы тұрғысынан алғанда, Қайта өркендеу дәуірі 14-16 ғасырлар арасын қамтиды. Қайта өркендеу дәуірінде ерекше қолға алынған тағы бір мәселе – орта ғасырда жөнді мән берілмеген ежелгі грек, рим жазба нұсқаларын тауып жариялау болды. Өз дәуірі үшін бұл саладағы күрделі істер қатарында И. Скалигердің 1540 жылы шыққан «Латын тілінің негіздері туралы», Р. Стефанустың 1553 жылы шыққан «Латын тілі қазынасы» және «Грек тілі қазынасы» атты еңбектерін атауға болады.

Универсал грамматика 1660 жылы жарияланған. Оны француз ғалымдары – логик, философ, профессор Антуан Арно (1612-1694) мен грамматист, филолог, профессор Колод Лансло (1616-1695) екеуі бірігіп жазған.


Бақылау сұрақтары:

1. Орта ғасырдың өзіндік бір ерекшелігі қандай ?



2. Тіл ғылымындағы  канондық тіл дегеніміз не?

3. Реалистер мен  номиналистер дегеніміз кімдер?

4. Араб тіл білімі қай дәуірде дамыды?

5. Араб тіл білімінің өкілдері?

6. Махмұт Қашқари сөздігінің маңызы?

7. Қайта өркендеу дәуірінің тіл ғылымы үшін маңызы қандай?

8. Универсал грамматика қай жылы жарияланған ?

9. Рационалды жалпы грамматика дегеніміз не ?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Ковчиков. В.А. Психолингвистика.Теория речевой деятельности. М: Астрель,2007.-318с.

2. Попова З.Д.Общее языкознание. -М:АСТ:Восток-Запад,2007.-408с.

3. Копыленко М.М. Избранные труды в 2-томах. А:Ин-т языкознания им. А.Байтурсынова.2010.,2010.-443с.

4. Норман Б.Ю.Лингвистические задачи. –М: Флинта-Наука.2009.-271с.
4 дәріс тақырыбы: Салыстырмалы-тарихи тіл білімі
1. Тіл білімі тарихында салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізін салушы Ф.Боптың , Раск, Якоб Гримм т.б. еңбектері

2.Тіл философиясының алға қойған мақсаты

3. Типологиялық зерттеудің кеңірек етек алып, қалыптасуы туралы
Салыстырмалы-тарихи тіл білімі. Еуропалық тіл білімі дамуының жаңа дәуірі тілді дамып, өзгеріп отыратын тарихи құбылыс деп танудан, тілдер өзара туыстас, төркіндес болады деп біліп, сол заңдылықтарды ашуға, зерттеуге салыстырмалы-тарихи әдісті қолданудан басталады. Тіл туралы ғылым тарихында үлкен бетбұрыс болған бұл жайт19ғасырдың алғашқы он жылдығында орныға бастайды. Әрине, жаңа әдістің қалыптасуы – ежелгі заманнан басталатын лингвистикалық ой-пікір дамуының заңды, табиғи нәтижесі. 18 ғасырдың соңғы жартысы мен 19 ғасырдың алғашқы жылдарында тіл ғылымының даму қарқыны, бағыты жаңа зерттеу әдісінің қажеттігін айқын көрсетті.

Тілдердің бір-біріне жақын, өзара туыстас болатындығы туралы пікір салыстырмалы-тарихи тіл білімінен, яғни XIX ғасырдан көп бұрын белгілі болған. Түркі тілдерінің өзара туыстас, бір негізден тараған тіл екендігін түркі нәсілді Махмуд Қашқари XI ғасырдың өзінде айқындады.

1538 жылы Француз гуманисі Гвилсльм Постеллустың "Тілдер туыстастығы туралы" деген еңбегі жарияланады.

Ф.Боптың ең басты еңбегі – «Санскрит, зенд, армян, грек, латын, литва, көне славян, гот, неміс тілдерінің салыстырмалы грамматикасы». Расмус Расктің тілдер фактілерін салыстырудан туған ең көрнекті еңбегі «Ежелгі солтүстік тілдері және неміс, ислан тілдерінің шығуы туралы зерттеулер» деп аталады. Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің тағы бір көрнекті өкілі – неміс ғалымы Я.Гримм. Бұл ғалымның төрт томнан тұратын «Неміс грамматикасы» атты еңбегінің бірінші кітабы 1819 жылы басылады.



Дүниеге келу тарихының көнелігіне қарамастан, тіл философиясы осы атауға XIX ғасырда ғана ие болды. Бұл дәуірдегі тіл философиясының алға қойған мақсаты - тілдің табиғаты мен мәнін, оның қоғам өмірінде алатын орны мен қызметін айқындау болды. Бұл мәселемен сол дәуірдің көрнекті ойшылдары - Гердер, Шлегель, Гумбольдт, Шлейхер, Штейнталь сияқты ғалымдар айналысты. Бұлардың ішінде өз дәуірі үшін де, кейінгі заман үшін де ең беделдісі В.Гумбольдт болды.

Бақылау сұрақтары:

1.19 ғ. бас кезінде салыстырмалы-тарихи әдіс негізінде қандай еңбектер жарық көрді?

2. Тіл философиясы қашан пайда болған?

3. Типологиялық зерттеудің қалыптасуы қай кезден басталады?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Ковчиков. В.А. Психолингвистика.Теория речевой деятельности. М: Астрель,2007.-318с.

2. Попова З.Д.Общее языкознание. -М:АСТ:Восток-Запад,2007.-408с.

3. Копыленко М.М. Избранные труды в 2-томах. А:Ин-т языкознания им. А.Байтурсынова.2010.,2010.-443с.

4. Норман Б.Ю.Лингвистические задачи. –М: Флинта-Наука.2009.-271с.

5 дәріс тақырыбы: В.фон Гумбольдтың лингвистикалық көзқарастары




  1. В.фон Гумбольдттың салыстырмалы-тарихи әдістің тіл зерттеу әдісі болып қалыптасуындағы рөлі

  2. В.фон Гумбольдттың лингвистикалық көзқарастарына шолу

В.фон Гумбольдт санскрит, қытай, малай, америка индеецтері, баск тілдері сияқты дүниенің әр бұрышында көптеген тілдерді зерттген. Көп тілдердің фактілерімен таныс болуы – оның лингвистикалық ой-өрісін мейлінше кеңейткен. В.фон Гумбольдт салыстырмалы-тарихи әдістің тіл зерттеу әдісі болып қалыптасуында үлкен роль атқарды. Осы әдістің принциптері, проблемалары шеңберінен тысқары да көптеген проблемаларды көтеріп, теориялық тұжырымдар жасады. Тілдің табиғаты, мәні, құрылымы, тіл мен мәдинет, тіл мен материалдық дүние тіл мен ойлау т.б. Гумбольдт зерттеген проблемалар қатарына жатады.

В.Томсеннің пікірінше «Германиядағы ұлы адамдардың бірі» - болып есептелінетін В.фон Гумбольдтің лингвисттикалық алымы кең. В.Гумбольдт әлембік лингвистикаға «тілге таңбалық сипат тән», «ол жүйелі құбылыс», «тіл – халық рухы, халық рухы тіл арқылы көрінеді», «тіл үнемі дамуда болады» деген сияқты иедялар мен концепциялар ұсынды. В.фон Гумбольдт: тіл білімінің өзіндік философиялық базасы – тіл философиясы. Адам тілді неғұрлым жақсы меңгенген болса, соғұрлым тіл оның ойлауына әсерін тигізеді дейді.

Бақылау сұрақтары:

1. В.фон Гумбольдт туралы не білеміз ?

2. Тіл философиясы туралы ғалымның көзқарасы қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Ковчиков. В.А. Психолингвистика.Теория речевой деятельности. М: Астрель,2007.-318с.

2. Попова З.Д.Общее языкознание. -М:АСТ:Восток-Запад,2007.-408с.

3. Копыленко М.М. Избранные труды в 2-томах. А:Ин-т языкознания им. А.Байтурсынова.2010.,2010.-443с.

4. Норман Б.Ю.Лингвистические задачи. –М: Флинта-Наука.2009.-271с.
6 дәріс тақырыбы: XIX ғасыр тіл біліміндегі әмбебап - логикалық бағыт. Натуралистік бағыт. Психологиялық бағыт. Жас грамматикалық бағыт

1. Логикалық бағыт қарастыратын нысаны

2. Психологиялық бағыт

3. Натуралистік немесе биологиялық бағыт.

4. Жас грамматикалық бағыт.
Логикалық бағыт – тілді ойлауға және логика мен философиядағы әр түрлі ағымдар мен концепцияларға қатысты зерттейтін көзқарастар жиынтығы. 19 ғасырдың 1 жартысындағы философиялық тіл білімі логикалық және психологиялық бағыттардың қарама-қарсы дамуынан көрінеді. Бұл екі бағыттың екеуі де грамматиканың формалдық және семантикалық жағына көңіл аударды. Бірақ ол жайындағы көзқарастары қарама-қайшы болды. Логикалық бағыттын негізгі мақсаты – ойлаудың танытқыштық қызметін, логикалық категориялар мен тілдік категориялар арасындағы қарым-қатысты зерттеу, тілдік категориялардың логикалық сипатын айқындау.

Психологиялық бағыт. Натуралистерге қарсы күрес үстінде дүниеге келген бағыт психологиялық ағым деп аталады. Тіл біліміндегі психологизм 19 ғасырдың орта кездерінен бастап қалыптаса бастады. 19 ғасырдың екінші жатысындағы көрнекті тіл ғалымдарының көбі осы бағытты жақтады. Тіл психологиясының нысаны – адамдардың сөйлеу әрекетінде болатын психикалық процестер. Тіл психологиясын қалыптастырушылардың ең бастылары қатарына Берлин университетінің прфессоры Гейман Штейнтальды (1823-1899) жатқызуға болады. Кейініректе Штейнтальдың көзқарасын Харьков университетінің прфессоры Александр Потебня (1835-1891), неміс ғалымдары Вильгельм Макс Вундт (1832-1920), Герман Пауль (1846-1921), тағы басқалар қолдады. Тілдік құбылыстарды психологиялық тұрғыдан сөз ету – 19 ғасырдағы лингвистердің көпшілігінде болды және бұл бағыт тілдік философия ретінде әр түрлі көзқарастағы ғалымдардың, мектептердің басын біріктірді.

Психологиялық бағыттағылар өз ішінен индивидуалистік психологизм, әлеуметтік психологизм деп аталатын екі бағытқа жіктеледі.

Натуралистік немесе биологиялық бағыт. Натурализм латынның натура (жаратылыс) деген сөзінен шыққан. Натурализм жеке ағым ретінде көркем әдебиетте, өнерде, ғылымда 19 ғасырдың екінші жартысында Дарвин ілімінің әсерінен пайда болды.

Ғылымда натуралистер деп аталатындар – қоғамдық құбылыстарды зерттеуде жаратылыс заңдарын басшылыққа алып, мәселені соған негіздеп шешуге ұмтылушылар. Тіл біліміндегі натурализм көрнекті неміс ғалымы, Россия Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Август Шлейхер (1821-1869) есімімен байланысты. Август Шлейхер - салыстырмалы-тарихи тіл білімінде тіл философиясын қалыптастырушылардың, тіл фактілерін салыстыруда дыбыс құбылыстарының заңдылықтарын қатал сақтауды талап етушілердің, үндіеуропалық ататілді мүсіндеушілердің, тілдердің типологиялық ұқсастығы мен генеалогиялық бірліктерін жан-жаұқты талдаушылардың ең көрнектілерінің бірі. Ол славян, балтық, неміс тілдерінің салыстырмалы грамматикаларын жазудағы зерттеулері арқылы тіл білімін теориялық жағынан дамытты, оның бағыт-бағдарына едәуір ықпал жасады. Жас грамматикалық бағыт (младограмматизм) 19ғасырдың 70-жылдарынан бастап қалыптасты. Алғаш Германияда туғанымен, көп ұзамай оған тілектес, пікірлестер әр елден табылып, өте тез өркен жайды. Францияда М.Бреаль, Швейцарияда Ф.де Соссюр, Америкада Уитни, Италияда Г.И.Асколи, Россияда Ф.Ф. Фортунатов бастаған Мәскеу лингвистикалық мектебі мен Бодуэн де Куртенэ бастаған Қазан лингвистикалық мектептері болды.

Бақылау сұрақтары:



1. Натуралистік немесе биологиялық бағыттың қандай ерекшелігі бар?

2. Жас грамматикалық бағыттың өкілдері кімдер?

3. Мәскеу лингвистикалық мектебі. Қазан лингвистикалық мектебіне тән өзгешеліктер қандай?

4. Натуралистік немесе биологиялық көзқарас дегеніміз не?

5. Логикалық бағыт дегеніміз не?

6. Психологиялық бағыттың маңызы қандай?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Ковчиков. В.А. Психолингвистика.Теория речевой деятельности. М: Астрель,2007.-318с.

2. Попова З.Д.Общее языкознание. -М:АСТ:Восток-Запад,2007.-408с.

3. Копыленко М.М. Избранные труды в 2-томах. А:Ин-т языкознания им. А.Байтурсынова.2010.,2010.-443с.

4. Норман Б.Ю.Лингвистические задачи. –М: Флинта-Наука.2009.-271с.

7 дәріс тақырыбы: Мәскеу мектебі. Қазан мектебі. Эстетикалық мектеп. «Сөздер мен заттар мектебі».



1. Мәскеу лингвистикалық мектебі. Қазан лингвистикалық мектебі.

2. ХХ ғасыр тіл біліміндегі бағыттар мен мектептер.

3. Эстетикалық мектеп. Сөздер мен заттар мектебі
Мәскеу лингвистикалық мектебін 19ғасырдың 70-80жылдарында Мәскеу университетінің ғалымдары қалыптастырды. Оны басқарған сол кездегі орыс тілі білімінің көрнекті ғалымдарының бірі – академик Филипп Федорович Фортунатов (1848-1914). Ол Германияда, Францияда, Англияда болып, жас грамматикалық бағыттағы көрнекті ғалымдардың лекциясын тыңдаған, өзі де осы бағытты қуаттаған, компаративистиканың Россиядағы көрнекті өкілі болған, Үндіеуропа тілдерінің фонетикасын, морфологиясын зерттеп, бұл салада біраз еңбектер берген.

Бұл мектеп құрамында орыс тілі білімінің көрнекті өкілдері академик Алексей Александрович Шахматов (1864-1920), Александр Матвеевич Пешковский (1878-1933), т.б. болды.

Қазан лингвистикалық мектебі. Бұл Қазан қаласындағы университетте 19 ғасырдың аяқ кезінде қалыптасты. Оған дем беруші – поляк-орыс тіл ғалымы, Қазан университетінің профессоры Иван Александрович Бодуэн де Куртенэ (1845-1929). Ол жалпы тілдік теориялық мәселелермен көбірек айналысқан.

Қазіргі заман тіл білімі жас грамматистерге қарсы күресте туып қалыптасты. 19ғасырдың соңғы он жылы мен 20ғасырдың бас кезінен бастап Батыс Еуропа тіл білімінде жас грамматистік бағыт қатты сынға алынды, зерттеудің жаңа әдісі, бұрынғыдан өзгеше амал-тәсілдері іздестірілді. Әр елде, әр жерде жас грамматизмге қарсы лингвистикалық мектептер пайда болды. Олардың қатарына «Сөздер мен заттар», «Эстетизм», «Социологизм» деп аталатын мектептерді жатқызуға болады. Жас грамматизм бағытын сынауда бұлардың өкілдері бірауызды болғандарымен, тілдің өзіндік сипатын, мәнін айқындауға келгенде, әрқайсысының өзіндік көзқарастары, ұстаған жолдары болды.

Сөздер мен заттар. Бұл - тіл білімі тарихында жас грамматикалық бағыттан біржола және үзілді-кесілді бас тарту ұранын тұңғыш көтерген мектеп. Оның өкілдері 1909 жылдан бастап Рудольф Мерингердің (1859-1931) басқаруымен шыға бастаған (Австрияда) «Сөздер мен заттар» деп аталатын журнал төңірегінде топтасқандықтан, соның атымен аталған (журнал 20ғасырдың 40-жылдарына дейін шығып тұрды). Бұл мектептің ең көрнекті өкілі – роман тілдері мен жалпы тіл білімінің маманы Австрия тіл ғалымы Гуго Шухардт (1842-1927).

Бақылау сұрақтары:



1.Мәскеу лингвистикалық мектебі. Қазан лингвистикалық мектебіне тән өзгешеліктер қандай?

2. Сөздер мен заттар мектебінің өкілдері кімдер?

3.Эстетизм немесе эстетикалық лингвистиканың қалыптастырушысы кімдер?


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет