ПӘннің ОҚУ – Әдістемелік кешені «Орта ғасырдағы Азия және Африка елдерінің тарихы»



бет16/17
Дата31.12.2019
өлшемі1,46 Mb.
#54782
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х частях. Ред.кол.: Ф.М.Ацамба.,З.Г.Лапина, М.С.Майер. –М.,МГУ, 1987

2.Семенов В.Ф. История средних веков.-М.,1970.

3.Всемирная История 12-томах. Т.2-3. М.,1957.

4.Васильев Л.С. История Востока. В 2-х томах, Т-1. М., 1998.

5.История Востока В 3-х томах /ІІ-том Восток в средние века М.,РАН-1995


28 Дәріс. Орта ғасырлар кезеңіндегі Азия және Африка елдеріндегі дін және қоғам.

Жоспары:

1. Дәстүрлі қоғам даму ерекшеліктері.

2.Дін.

Дін - әлеуметтік институт ретінде адамзат қоғамымен бірге жасасып келе жатқан рухани құбылыс. Батыс мәдениетінде «Дін» ұғымы түсінігінің мәні екі мағынада түсіндіріледі. Оның бірінші мағынасы латын тіліндегі «religare» деген ұғым-түсінік. Бұл ұғым-түсінікпен жер мен көк (аспан) арасында рухани байланыс бар екендігі түсіндіріледі. Ал, екінші, осы латын тіліндегі «religio» ұғым-түсінігі – қасиетті, табыну заты, құдайға құлшылық ету мағынасында танылып, қолданылады. Екінші ұғым – түсінік біріншісіне қарағанда діннің мәнін нақтылы бейнелейді.



Діннің екі сипаты бар. Төменгісі – сыртқы, ғибадат ету, ал жоғарғысы – имандылық. Имандылық барлық дерлік діндерге ортақ, діннің ішкі мәнін білдіреді, сондай-ақ, ғибадатты да қамтиды, адамның сыртқы және ішкі болмысын тәрбиелейді. Діннің имандылық сипатын қабылдайтындар бүкіл болмыстың себебінің, заңдылықтарының бар екенін толық түсініп, оларды танып-біліп, бойына сіңіріп және бұлжытпай орындауға ұмтылады. Барлық діндердің ұқсастығы және негізгі мақсаты – бір Жарату шыға деген сүйіспеншілікке жету және оның мейірімі мен кешіріміне ие болу, рухани тазарып, жетілу. Олардың ішкі мәнінде ғана емес, салт-рәсімдерінде де, көптеген ұқсастықтар бар. Мысалы, тасбих тартып, Құдайдың қасиетті есімдерін қайталау; ән айтып, билеп, зікір салып Құдайды мадақтау, ғибадат ету, дұға оқу, т.б. Бағзы замандағы наным-сенімдер барлық діндердің пайда болуының қайнар бастауы. Себебі кез келген діннің өзегінде барлық тіршілік атаулының Жаратушысы бар екендігіне деген наным-сенім және оның алдындағы қорқыныш жатыр.

1. Діннің мәні. Ежелден келе жатқан мәдениет түрінің бірі – дін. Адам баласының тарихында көп тараған дүниежүзілік діндер: буддизм, христиан, ісләм. Бұл діндер және басқа да діни сенімдер қоғамда жоғарғы ұждан өлшемдерінің – қайрымдылықтың, ізгіліктің, мейірбандылықтың мықтап орнығуына көмектесуде. Екінші сөзбен айтсақ, дін адамгершілікті, қайырымдылықты, жан тазалығын, рух биіктігін уағыздайды, бейбітші лікке шақырады. Қиянат қылма, ұрлық істеме, кісі ақысын жеме, күштілер әлсіздерге үстемдік жасамасын, жетім-жесірге, қаріп-қасірге қорған бол, ақ бол, адал жүр дейді дін.

1985 жылы Американың Гэллап институтының жүргізген зерттеуіне қарағанда, Африка тұрғындарының–95, Латын Америкасының–96, Аме рика Құрама штаттарының – 94, Азияның – 89, Батыс Еуропа халқының – 78 пайызы дінге сенушілер.

Әрбір елдің Конституциясы сол елдің дінге деген саясатын тұжырымдаған. Қазақстан Республикасының Конституциясында: «Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы» делінген. Сонымен қатар, «әркімнің ар-ұждан бостандығына құқығы бар» деп те тұжырымдалған. Дін адамның рухани өміріне, бірінші кезекте имандылығына әсер етеді.

Діни бірлестіктер мемлекеттен бөлінген, мемлекет қандай да болсын дінге немесе атеизмге артықшылық бере алмайды. Діни негізде саяси партиялар құруға жол берілмейді. Діни бірлестіктер саяси мақсаттар мен міндеттер көздемеуге тиіс деп көрсетілген Конституцияда.

Күнделікті өмірде өзімшіл, күншіл, пайдакүнем, менмен, тәкаппар, суайт адамды имансыз деп атайды. Олай болса, жаман мінезді бойына жинаған адам имансыз деген баға алады. Сондықтан адамның асыл қасиетінің – адамгершілік, жақсылық, ерлік, қарапайымдылық, кішіпейілділік, адалдық, әділдік, шыншылдық, ұяттылық жиынтығын имандылық десек артық болмас. Шексіз (мәңгілік, өзгермейтін) адамгершілік құндылықты уағыздау әлемдік діндерге тән. Әсіресе тарихтың өтпелі қиыншылық кезеңінде діннің әсері күшейе түсті. Будда, христиан, ісләм, т.б. діндер де өз идеологиясын барынша пәрменді түрде жарыса насихаттап және өз діндерін дәріптеп жатқанын жоққа шығаруға болмайды. Мешіт, шіркеу иелері жиындарда, теледидар арқылы да сөйлеуді жиілетті, оған барушылар да көбеюде. Кез келген діннің негізгі идеясы – дене бар жерде жан бар, дене өледі, жан ұшып кетеді, өмір сүре береді деген тұжырым.

Дін ертеден-ақ құндылықтың иесі болған. Діннің өзі мәдениеттің бір түрі. Сәулетті мешіттер, храмдар, тамаша әдеби және діни философиялық шығармалар, шіркеулік әдет-ғұрыптар, имандылық, қайырымдылықтар адам баласының мәдени қорын байытты. Олардың ішінде түрлі шіркеулер, соборлар, Қожа Ахмет Йассауи мешіті, Библия мен Құран, некеге тіркеу әдеттері, т.б. бар. Қазіргі уақытта шіркеу және мешіттің міндеті осы және басқа да мәдени ескерткіштерді сақтау.

Шіркеудің мемлекеттен ажыратылғанына қарамастан, көптеген елдерде оның саясатқа әсері тиіп отыр. Батыс Еуропа елдерінде дінге сенуші адамдардың әлеуметтік мүддесін қорғайтын партиялар да бар. Мысалы, Италиядағы Христиан демократиялық партиясы және Германиядағы Христиан демократиялық одағы. Шіркеу саяси және қоғамдық қозғалыс тардың, жастар және әйелдер ұйымдарының, студенттер одағының, шаруалар қауымының, кооперативтердің жұмыстарына қатынасады. Олар арқылы халықтың әр түрлі топтарына әсер етеді. Шіркеу, мешіттер, діни ұйымдар бейбітшілік үшін күресте өз үлестерін қосуда. Оған Рим папасы Иоанн II Павелдің қызметі дәлел бола алады. Қол жеткен прогресс өзінің қарама қайшылығын да көрсетіп тұрады. Ол адамға қауіп туғызуда, бірінші кезекте ядролық соғыс қаупі тұр. Имандылықтың техникаға үстемдігі ғана бұл ғаламдық проблеманы шеше алады.

Дін тарихы. Дүние жүзінде әр түрлі діндер, олардың әрқайсысының өз ерекшеліктері бар. Біз қазіргі өркениетке ерекше әсер етуші дүниежүзілік діндерге тоқталайық. Буддизм - өте ерте, бұдан 2,5 мың жыл бұрын пайда болған. Будда ілімінің мазмұны – имандылық саласында адамдық қалып және тәртіп. Адам ойлау арқылы шындыққа жетеді, ауыр жағдайдан құтылатын жол табады, қасиетті ілімнің уағызнамасын сақтай отырып табысқа жетеді. Будда дінінің маңызды уағызнамасының бірі барлық тірі жәндікке сүйіспеншілік пен қайрымдылық. Жамандыққа жамандық істеуден ол жойылмайды, қайта өшпенділік және қайғы-қасірет өрши түседі.

Қазіргі уақытта буддизм Үндіқытай түбегінде маңызды қоғамдық-саяси және мәдени рөл атқаруда. Бирмада, Камбоджада, Таиландта мемлекеттік дін болып есептеледі. 1950 жылы буддашылардың «бүкіләлемдік бауырластығы» құрылды, ал 1970 жылы буддашылардың «бейбітшілік үшін азиялық конференциясы» болды. Бұл ұйымдар халықаралық саясатқа, бейбітшілік үшін күреске қатынасады. Қазіргі буддизмнің ерекшелігі сол, ол діннен өзіндік философиялық ілімге, имандылықтың өзіндік бір жүйесіне айналуда.

Христиан діні буддизмнен бес ғасырдан кейін келген әлемдік діннің бірі, қазір ол ең көп тараған дін. Негізгі басщылыққа алатын заңы – Қасиетті кітап (библия). Еуропа мен Америкада оған сенушілер 1024 миллион адамнан асады. Христиан дінінің басты идеясы – сол адамның барлық бақытсыздығы оның күнәсінің нәтижесі және ол күнәдан шоқыну және табыну арқылы құтылуға болады деп есептеледі.

1064 жылы христиан діні екі бағытқа бөлінеді: батыстық (католиктік) және шығыстық (православиелік).

Христиан діні қоғамдағы өзгерістерге тез бейімделеді. Христиан құдайшылары ғылым мен тілектестікке бейімделген, қайсыбір ғылыми теорияларды басшылыққа алады. Мысалы, дүниені жасаушы туралы діни көзқарасты жақтай отырып, христиандар әлемнің кеңеюі теориясына арқа сүйейді. Шіркеу діни көзқарасты таратуда бұқаралық ақпарат құралын пайдаланады.

Ісләм кейіннен пайда болған дін. Бүгінгі әлемде бір миллиардтан астам адам: «Сіз дін жағынан кімсіз?» - деген сұраққа араб сөзімен «мүсілім» деп, яғни «ісләм дінін ұстайтын адаммын, мұсылманмын» деп жауап береді. Осыдан 1300 жылдан астам бұрын Мұхаммед құрған ісләм дінінің бұлжытпай орындауға тиісті заңы – қасиетті кітап болып есептелетін Құранда сол діннің ерекшелігі анық көрсетілген. Мұсылман дінінің кең тараған жері Солтүстік Африка, Оңтүстік-Батыс және Оңтүстік Азия. Құранның 112-сүресінде оның мазмұны былай баяндалған: Қайырымды да мейірімді Алла атынан былай де: «Ол Алла жалғыз, Алла құдіретті. Ол – тумаған, туылмаған және ешқашан оған ұқсас ешкім болмаған». Мұсылмандылық екі ірі сенім негізі бойынша құрылған: 1) Алладан басқа құлшылық етілетін тәңірдің жоқтығына, 2) Мұхаммедтің Алла тарапынан бүкіл адам баласына жіберілген пайғамбар екендігіне сену.

Мұсылмандар үшін мұсылмандықтың бес негізгі міндеті бар: 1) Алланың басқа құдайдың жоқ екеніне, Мұхаммед оның елшісі екеніне сену; 2) Намаз оқу; 3) Ораза ұстау; 4) Зекет беру; 5) Қажылыққа Меккеге бару.

Мұсылмандар үшін Құран – Алланың Мұхаммедке арнап, сол арқылы адамдарға айтқан сөздері. Егер де адам аллаға сенсе, мұсылман дінінің барлық ережелерін орындаса, онда мәңгілік пейішке барады.



«Дін» ұғымы, оның мұсылмандық түсіндірмесі, пайда болу, даму тарихы. Дін - әлеуметтік институт ретінде адамзат қоғамымен бірге жасасып келе жатқан рухани құбылыс. Батыс мәдениетінде «Дін» ұғымы түсінігінің мәні екі мағынада түсіндіріледі. Оның бірінші мағынасы латын тіліндегі «religare» деген ұғым-түсінік. Бұл ұғым-түсінікпен жер мен көк (аспан) арасында рухани байланыс бар екендігі түсіндіріледі. Ал, екінші, осы латын тіліндегі «religio» ұғым-түсінігі – қасиетті, табыну заты, құдайға құлшылық ету мағынасында танылып, қолданылады. Екінші ұғым – түсінік біріншісіне қарағанда діннің мәнін нақтылы бейнелейді.

Батысқа қарағанда исламдық өркениетте «дін» терминінің мәні басқашалау түсіндіріледі. Мұның себебі «Дін» ұғымының кең ауқымындағы сан қырлы мән-мағынасы исламға дейінгі араб елі тұрғындарының тіліндегі «Дін» сөзінің мән-мағынасының әр-түрлі түсіндірілуіне байланысты.

Құранда «Дін» термині әртүрлі 100-ден аса мағынада қолданылады. Ол «сот», «тиісінше бағалау», «Ақырет күні» деген сөз айшығы ұғымында жеке адамның «сенімін», «дінін» және діни қауым өмірінің негізі болып табылатын салт-жораның жүйесі ретіндегі діннің мағынасын білдіруі мүмкін. «Дін» термині исламға да, отқа табынушыларға да, яһудилерге, насраларға да қаратып айтыла береді. «Дін» терминінің негізгі мәні Аллаға құлшылық етудің міндеттілігі мен оның билігінің шексіздігі туралы айтылған аса маңызды Құран идеясына байланысты. Құранда туыстық қатынасқа тән сипаттан бір-біріне тәуелді таптық қоғамға тән сипатқа өтудің көрінісі айқын көрінеді.

«Дін» төңірегіндегі Құрани ұғымның сан алуандығы орта ғасырдағы мұсылман теологиясында көптеген сан түрлі түсініктердің туындауына себеп болды. Құранмен салыстырғанда бұл түсіндірулер діни сана мен қоғам алдында тұрған жәрдем мәселелерді басқа бір қырынан қарастырады. «Дін» термині әдетте үш құрамның жиынтығы ретінде қабылданады.

Жұртшылық арасына кең тараған әл-Бухаридің хадистерінде мынадай анықтамаға көбірек мән беріледі. Ол бойынша ад-Дін дінге деген сенімнің, дінге қатысты қағидаларды орындаудың және дінге шынайы сенуді жетілдірудің жиынтығы. Дін ұғымын түсіндіруде осы үш қағиданы сақтай отырып, ханафиттер соның ішінде дінге сенуді бәрінен жоғары қойса, ашариттік авторлар дін қағидаларын мүлтіксіз орындаудың маңыздылығын атап көрсетеді, ал ханбалиттер, кейінірек Ибн Тайлиша –«шынайы дәстүрдің», яғни Құран мен суннаның мәнін баса көрсетеді. Бұлардың соңғысы Дінді бір-бірімен сабақтас үш сатыда қарастырады. Олар шариғат, ат-тариқа, әл-хақиға.

Дін ұғымының астары оған жақын ұғымдардың орнын айқындау барысында да және оларды қарама-қарсы қойып қарастыруда да ашыла түседі. Дін туралы әл-Милла және әл-Мазһаб ұғымдарын салыстыра зерттеген Әли б. Мұхаммдедтің (1339-1412 ж.ж.) айтуы бойынша ад-Дін жұрт бағынуға тиіс заң, ал-милла – адамдарды біріктіретін заң, әл-мазһаб-жұрт ізімен жүруге ұмтылуға тиіс заң.

Жекелеген зерттеушілердің еңбектерінде Дін ұғымы әл-ислам терминінің баламасы ретінде жиі қолданылады. Сонымен, мұсылмандық дінтанушылардың түсіндірулерінше, дін дегеніміз - әлемді байланыс тыратын күш Алланың барлығына сенім. Бүкіл әлемді және адамды жаратушы ие – Жалғыз Алла адам баласының жүрегін өзіне ұштастыра жаратады, яғни жаратушының барына сеніп, оның ажырамас бөлшегі екенін адам өз жүрегі арқылы сезінетін болады. Діннің басты мақсаты – адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдаймен байланысын орнату болса, ислам тұжырымдамасы бойынша, рухани жетілу сатысының бірінші деңгейінде тұрған адамның алғашқы махаббаты, таза құлшылығы, қорқынышы Аллаға арналады. Сөйтіп, шынайы діндар болып, жас кезінен Алланың ғана бұйрығын орындаушы болып өседі. Барлық тіршілік атаулы, ондағы құбылыстар мен үдерістер Алла Тағаланың қолында екендігіне және күнәлі істері үшін оның қарғысына ұшырайтынына мұсылман кәміл сенеді. Осы сенім – оны жаман істерден тежеуші және дұрыстығынан, имандылықтан шықпауына себепші. Иманын жоғалту адам дінін жоғалтуына алып келеді.

Сонымен, көріп отырғанымыздай, христиандық діни ілім тұрғысынан да дін, мұсылмандық діни ілім тұрғысынан да дін – бүкіл болмыстың түпкі себебі барын, дүние-болмыстың жаратылу мақсатын, оның сыр-сипатын түсіндіріп, танып-білуге және адамның рухани жетілуіне мүмкіндік тудыратын әдіс-әрекеттер мен бүкіл дүниетанымды, болмысты толық қамтитын өте кең, ауқымды ұғым. Демек, дін – адам пайымының бүкіл әлем мен болмысқа, қоршаған дүниеге, табиғатқа, өзі өмір сүретін ортаға және өзінің ақыл-ойы мен сана-сезімінен тысқары тылсым дүниеге қатынасы; адамзат танымының дүние мен жаратылысқа деген көзқарасты айқындайтын мифология, философия және ғылымнан ерекше өзгеше өзіндік бір тұрпаты; адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени институт, ерекше қоғамдық сана және әлеуметтік құбылыс.

Дінтанушылардың басым көпшілігінің қабылдағаны осы анықтама болғанымен, «дін» ұғымының мәнін басқадай түсіндіруге тырысушылар да баршылық. Сондықтан да болар осы уақытқа дейін ғылыми айналымда «дін» ұғымының 500-ге жуық анықтамасы жүр. Бірақ, біздің тараптан олардың бәрін санамалап, сипаттап шығуға мүмкіншілік жоқ. Сондықтан біз «дін» ұғымының мәнін анықтауға тырысқан анықтамаларды жіліктей-жіліктей келіп, олардың мазмұнында бар, әрі қайсы бір белгілері ортақ негізгі сипаттамалық белгілерін санамалай кетпекпіз.

Дін - олардың анықтаулары бойынша:


  • адамзат өркениетінің маңызды әлеуметтік институттарының бірі;

  • мәдениет жетістігі, білім мен ғылыми-ой санасының жемісі, адамзат қоғамының рухани дүниесінің шамшырақтық бағдары;

  • қоғамдық сананың айрықша нысаны, жаратылыс атаулыны жаратушы құдіретті күшке сенімнің қайнары;

  • дүниені жаратушы тылсым бір күш бар екендігіне, оның жаратушы екендігіне сенімдердің, дүниетанымдық бағдарлардың, көзқарастары мен стереотиптік догматтардың жиынтығы, дүниені түйсіну мен түсіндірудің спецификалық типі;

  • адамдардың жаратушысына табынып, оған сыйынатын әрекеттік жөн-жоралғыларының жиынтығы;

  • адамдардың белгілі бір одаққа топтасуларының ұйымдық көрінісі, қауымдасуы;

  • адам өмірінің іргелі мәселелері өзектелетін сенімдері мен әрекеттерінің жүйесі.

Десек те, «дін» ұғымының мәнін әртүрлі құбылтып, барынша нақыштап, ғылыми тұрғыдан алып қарастырғанда нақ осы анықтамасы дұрыс-ақ деп қаншалықты талассақ та, діннің басты белгісі адамның ақыл-ойы мен ішкі сезім мүшелері қабылдай алмайтын тылсым күшке сенім және оның бар екендігін мойындауда жатқандығын ұмытпалық.

Діннің пайда болуы туралы болжамдарды саралаған ғылыми әдебиеттерде талдағанда ұғынғанымыз, оның шығуы шамамен 40-50 мың жыл бұрынғы палеолит дәуіріне (тас дәуіріне), яғни алғашқы қауымдық қоғамның салыстырмалы түрде жоғары деңгейіндегі даму кезеңіне жатқызылады. Аталмыш кезеңнің мәдениет ескерткіштері жан-жануарлар культі мен аңшылықта қолданылған сиқыршылық белгілерін сақтаған. Сондай-ақ, діни наным-сенімдердің болғандығын сол ежелгі дәуірлердегі өлген адамды еңбек құралдары және әшекей бұйымдар мен бірге жерлеу дәстүрінің белгілері де дәлелдейді. Діннің шығуы адам ақыл-ойында теориялық ойлау және ойдың шынайы өмірден ажырау мүмкіндігінің пайда болуы деңгейімен де (діннің гносеологиялық негізі) байланысты. Яғни жалпылама ұғым өзі белгілейтін нәрседен бөлініп, өзінше дербес өмір сүре бастайды, сондықтан нақтылы бар нәрселердің адам санасында бейнелеуінің негізінде абстрактілі түсініктер де пайда болады. Бұл мүмкіндіктер адамның тек қана нақтылы іс-әрекеттерінің тұтас жиынтығымен, қоғамдық қатынастармен (діннің әлеуметтік негізі) байланысты ғана іске асады.

Адамзат тарихының өн бойында дін адам сенімінің сипатына және халықты қамтуына байланысты сан түрлі күйде болды. Бірінші жағдайға қатысты оның тотемизм, анимизм, натуризм, шаманизм, фетишизм, политеизм (көп тәңірлі), монотеизм (бір тәңірлі), дейзм (әлемді жаратқан соң, оның одан әрі дамуына араласпайтын, белгілі бір тұлға кейпіндегі емес әлдебір бастапқы себепті мойындайтын ілім), т.б. түрлері пайда болды.

Соның ішіндегі тарихи тұрғыдан діннің неғұрлым ертедегі, ең алғашқы көріністері – сиқыршылық, тотемизм, ғұрыптық жерлеу культі және шамандық болып табылады.

Құдайды тұлғалық Бастау ретінде мойындау барлық діндерге тән емес. Ол қазіргі діндерден, мәселен, ислам, христиан, иуда діндеріне тән, ал будда, даосизм діндеріне тән емес. Халықты қамтуы жөнінен діннің тайпалық-халықтық (мысалы иудаизм) және ұлтаралық, немесе әлемдік (будда діні, христиандық, ислам) түрлері белгілі.

Әлемдік діндердің әрқайсысы түрлі ағымдар мен конфессияларға бөлінеді. Мысалы, ислам дінінің сүнниттік, шиитік ағымдары, христиан дінінің католиктік, православие және протестанттық конфессиялары, т.б. Діннің екі сипаты бар. Төменгісі – сыртқы, ғибадат ету, ал жоғарғысы – имандылық. Имандылық барлық дерлік діндерге ортақ, діннің ішкі мәнін білдіреді, сондай-ақ, ғибадатты да қамтиды, адамның сыртқы және ішкі болмысын тәрбиелейді. Діннің имандылық сипатын қабылдайтындар бүкіл болмыстың себебінің, заңдылықтарының бар екенін толық түсініп, оларды танып-біліп, бойына сіңіріп және бұлжытпай орындауға ұмтылады. Барлық діндердің ұқсастығы және негізгі мақсаты – бір Жаратушыға деген сүйіспеншілікке жету және оның мейірімі мен кешіріміне ие болу, рухани тазарып, жетілу. Олардың ішкі мәнінде ғана емес, салт-рәсімдерінде де, көптеген ұқсастықтар бар. Мысалы, тасбих тартып, Құдайдың қасиетті есімдерін қайталау; ән айтып, билеп, зікір салып Құдайды мадақтау, ғибадат ету, дұға оқу, т.б. Бағзы замандағы наным-сенімдер барлық діндердің пайда болуының қайнар бастауы. Себебі кез келген діннің өзегінде барлық тіршілік атаулының Жаратушысы бар екендігіне деген наным-сенім және оның алдындағы қорқыныш жатыр.



ХРИСТИАНДЫҚ . Христиан діні – әлемдегі ең көп тараған діндердің бірі, қазіргі таңда оның 2 миллиардқа жуық ұстанушылары бар. Христиандық православие, католицизм, протестанттық болып үш негізгі бағытқа жіктеледі. “Христос” сөзі грек тілінен алынған, мессия, құтқарушы деп аударылады. Көне Өсиетте Иисус Христос болашақта Израиль жеріне келіп, ол жердегі халықты қиыншылықтан құтқаратын, әділеттілікті орнататын пайғамбар ретінде сипатталады.  Бұл дін біздің дәуіріміздің І ғасырында Помпей шапқыншылығынан кейін Рим империясының құрамына кірген Палестинада пайда болды. Палестинаның, әсіресе, оның орталық бөлігі – Самария тұрғындарының этностық құрамы әртүрлі еді. Бұл жерлерге қоныс аударғандар мұнда өз мәдениеттері мен нанымдарының белгілерін ала келді. Вавилон, парсы, македон басқыншылығын (б.д.б. VІ-ІІ ғғ.) және жат елдік Птоломейлер мен Селеквидтер әулеттерінің билігін бастан кешірген палестиналық еврейлер аз уақытқа саяси тәуелсіздікке қол жеткізеді. Б.д.б. 140 жылдан бастап тәуелсіз Иудеяны маккавей (хасмоней) әулетінің алғашқы священник-патшалары билейді. Олар ел аумағын ұлғайтумен қатар тұрғындарға иудей дінін қабылдатуға белсенді атсалысады. Б.д.б 36 жылы Рим қолбасшысы Гней Помпей әскерлері Иудеяны жаулап алады, сөйтіп, Сирия провинциясына қосылған Иудея Рим империясының бір бөлігіне айналды. Иудея мен Самария өзін-өзі басқарудың соңғы белгілерінен айырылды. Енді билік толығымен Рим тағайындаған билеушінің қолына шоғырланды. Бас абыз басқарған абыздар мен ақсүйек өкілдерінен тұрған кеңес – Синдрионның құқы шектеліп, ол римдіктердің толық бақылауына өтті. Саяси тәуелсіздіктен айырылуды Палестина тұрғындарының бір бөлігі қасірет ретінде қабылдады. Халық арасында әкелер өсиетін, діни рәсімдер мен тыйым салуларды бұзғаны үшін құдай қаһарына ұшырағандық туралы пікірлер кең таралды. Бұл еврейлердің діни-ұлттық топтары – хасидейлер (ізгі иудейлер)  мен фарисейлер (жіктелгендер) ұстанымдарының нығаюына көп ықпал етті. Фарисейлер иудаизмнің тазалығы үшін, жат жерліктердің ықпалына қарсы күресіп, дәстүрлі тіршілік нормаларын сақтауға шақырды. Бұл Жаңа Өсиет мәтіндерінде көрініс тапты. Әлеуметтік құрамы бойынша фарисейлер қала тұрғындарының орта таптарынан (саудагерлер мен қолөнершілерден, синагога оқытушылары нан) тұрды. Жергілікті дәстүрлермен, киелі діни орындармен санаспаған жатжерліктер билігіне деген наразылық, Римге қарсы көтерілістердің аяусыз басып-жаншылуынан туындаған енжарлық, әлеуметтік және мүліктік теңсіздіктің тереңдеуі, ішкі қайшылықтар, сенімсіздік пен селқостық, болашақтың бұлыңғырлығы сезімі мен мистикалық сарыуайым сарындарын туындатты. Біздің дәуіріміздің І ғасырында Палестинада көп кешікпей құтқарушының, мессияның (машиах) “құдай белгісі бардың” келетінін және оның иудей халқын құтқарып, “иудей патшасы” болатындығын уағыздаушылар қаптап кетті. Шығыстың әртүрлі діни ілімдері сияқты Рим діні де аш-жалаңаш халыққа ешбір үміт бере алмады, Рим дінінің ұлттық сипаты ұлттық әділеттілік, аман қалу теңдігі идеяларын нығайтуға мүмкіндік бермеді. Христиан діні құлдық тәртіпті айыптап, қарапайым халықтың мүдделерін қорғауға талпынды. Сөйтіп, адамдарға Христос әкелген құдай ақиқатын тану арқылы әрбір адам бостандыққа жете алады деп жариялады. Адам төзгісіз қоғамдық қатынастарға қарсы шығып, әр адамға түсінікті адамгершілік құндылықтарды ұстануға шақырған христиан діні тез арада үлкен идеялық күшке айналды. Христиан дінін ұстанушылар бұл дінді адамдар ойлап тапқан жоқ, ол адамзатқа құдайдың жіберген діні дейді. Бірақ діни ілімдердің салыстырмалы тарихы христиан дінінің пайда болуына діни, философиялық, этикалық ықпалдардың болғанын айғақтайды. Христиан шылдық иудаизмнің, митраизмнің, көне шығыс діндерінің философиялық көзқарастарының тұжырымдамалық идеяларын игеріп, қайта қарастырды. Осының бәрі жаңа дінді байытып, нығайтты, оны ұлттық-этностық мәдениеттерге қарсы тұруға дәрменді мәдени-интеллектуалдық күшке, бұқаралық қозғалысқа айналдырды. Христианшылдықтың бұрынғы діни-мәдени мұраны игеруі жаңа ілімнің жалпыға танылуына мүмкіндік берді. Христиан ілімінің қалыптасуына Филон Александрийскийдің (б.д.б. 25-б.д. 50 жж.) неоплатонизмі мен римдік ойшыл Сенеканың этикалық көзқарастары ерекше әсер етті. Филон библиялық дәстүрге аян алуда танылатын және жаратушы сөзі ретінде түсінілетін Логос ұғымы мен эллинистік дәстүрде ғарыш қозғалысын бағыттайтын ішкі заң ретіндегі Логосты біріктірді. Филон Логосты мәнді пайымдауға мүмкіндік беретін Қасиетті сөз ретінде қарастырды. Филонның адамдардың туа біткен күнәһарлығы, мойынсұну, мәннің дүние бастауы ретіндегі ілімдері, Құдайға жақындау құралы – экстаз, жоғарғы Логос және Құдай ұлы болып табылатын логостар (періштелер) туралы идеялары, рухани бастаулардың иерархиялығы туралы түсініктері христиандық көзқарастардың идеялық алғышарттары болып табылады және бұл идеялар мен түсініктер христиандықтың қалыптасуына зор ықпал етті. Христианшылдықтың ізгілікке жету туралы адамгершілік ілімі Луцей Анней Сенека көзқарас тарына өте ұқсас. Сенека кез келген адам үшін бастысы құдайылық қажеттілікті түсіну арқылы рухани бостандыққа жету деп санады. Бастапқы христиандық қауымның құрамы негізінен қоғамның төменгі таптары – құлдар, ерік алғандар, қайыршылар және тағы басқалардан тұрды. Алайда ІІ-ІІІ ғасырлардың соңына қарай қауымдарда сенаторлық және әскери атағы бар адамдардың саны артты. Христиандық қозғалысқа ақсүйектер мен білімді адамдардың тартылуы оның әлеуметтік мазмұнын өзгертті. Жоғары тап өкілдері қауымда жетекші орындарға ие болды, мүлік жұмсау мен діни рәсімдерді атқаруға басшылық етті. Сол себепті олар теңсіздікті жою, қалыптасқан тәртіпке қарсы шығу идеяларын христиандықтан ығыстыруға тырысты. Римде императорға адалдық культі кең таралған еді. Император мүсінінің алдында құрбандық шалудан бас тарту саяси күмәнділіктің белгісі саналатын. Христиандар бұл рәсімді ұстанудан бас тартқандықтан, императорлар Траян (53-117), Марк Аврелий (121-180), Семтимия Север (146-221), Валериан (193-260 жж. шамасы), Диоклетиан (245-316) және т.б. кезінде қатты қуғынға ұшырады. Азап шеккендер культі  христианшылдықтың таралуына және христиандардың бірігуіне ықпал етті. Көптеген христиандар қуғынан шөл далаларға қашты. Бұл осы уақыттарда христиан монахтығының пайда болуына ықпал етті.  Қауымның әлеуметтік құрамының өзгеруі олардың әлеуметтік эволюциясын да анықтады. Бұрынғы демократиялық үрдістерден бас тарту күшейе түсті. Шіркеу мен қауым басшылары императорлық билікпен жақындасуға ұмтылды, ал императорлық билік өз тарапынан империяны бір дін аясында топтастыруға мүдделі еді. Ұлттық діндерді біртіндеп, атап айтқанда, рим дінін әлемдік дінге айналдыру сәтсіз аяқталды. Империя халқының бәріне түсінікті ортақ нәрсе қажет болды. Император Константин 312 жылы христиан дінінің мемлекеттік дінге айналуына бастау болған Милан шешімін қабылдады. Ал 325 жылы толыққанды билікке қол жеткізген Константин Рим империясының аумағында христиандықтың шектеусіз таралуын және оның басқа діндермен теңдігін қамтамасыз етті. Христиан ілімі Қасиетті Жазу – Библия мен Қасиетті Аңызға – шіркеу әкейлерінің айтқандарына, соборлардың шешімдеріне негізделеді. Алайда, ерте христиандықта бұл негіздер болған жоқ. Христианшылдық ұзақ уақыт бойы ауызша дәстүрге негізделген уағыздар айту, аңыз-әңгімелер – “игі хабарлар” арқылы таралды. Алғашқы ғасырларда әртүрлі қауымдарда әртүрлі евангелиялар, жеке адамдардың істері туралы жазбалар пайда болды. Сол уақыттарда белгілі болған жазулар: Петр, Андрей, Варфоломей, Лука, Иоанн евангелиялары, аталған Матвейден келген евангелиялардың әртүрлі нұсқалары еді. Сонымен қатар топтардың атауымен аталып, сол топтарда қадір тұтылған евангелиялар да, мысалы, назорейлер, эбиониттер, еврейлер евангелиялары да пайда болды. Бұдан басқа Петр Апокалипсисі, Павелдің лаодикейліктерге, александриялықтарға арнаған хабарлары, оның Сенекамен алысқан хаттары, Петр уағыздары, 12 апостолдар ілімі (“Дидахе”), Герма “Пастрі” сияқты аян алу жанрына жататын кітаптар да  кездеседі. Христиандар арасындағы кикілжіңнің себебін түсінгісі келген император Константин епископтардан қасиетті кітаптар тізімін жасауды талап етті, сөйтіп канонды жасақтау ісін тездетті. Константиннің мақсаты бір орталықтан басқарылатын империяға сәйкес келетін бір орталықтан басқарылатын ортақ ілім негізінде шіркеулерді біріктіру болды. Константин қайтыс болғаннан кейін 363 жылы болған Лаодикей соборы канондалған христиандық шығармалардың тізімін белгіледі. Алайда, Жаңа Өсиет құрамына енген кітаптар тізімі 429 жылы Карфаган соборында бекітілді. Жаңа Өсиет құрамына 4 Інжіл, апостолдардың 21 өсиеті және Иоанның Апокалипсисі кірді. Бұлардың барлығы христиандар үшін киелі кітаптар болып саналады. Ал қалғандарын шіркеулік дәстүр апокрифтік (жалған) шығармалар қатарына жатқызады. Христиандық догматтардың бір де біреуі аяқталған күйде пайда болған жоқ, негізгі догматтар канондалғаннан соң даолардың төңірегіндегі пікірталастар толастамады. Соборлар мен олардан тыс жерлерде әртүрлі топтар арасында христологиялық пікірталастар жүріп жатты. Олар құдайдың үштік бірлігі, құдайға айналу (боговоплощение) және күнәдан арылу қағидаларының төңірегінде топтасты. Б.д. 325 жылы Константин талабы бойынша шақырылған және оның төрағалығымен өткен христиан шіркеулерінің Никей соборы құдай-әке мен құдай-бала бір мәнді емес деп тұжырымдаған александриялық епископ Арийдің және оның ізбасарларының ілімін айыптап, Афанасий Александрский ілімін қолдап, осы қағиданың түпкілікті түсінігін жасады. Құдай үш бірліктің тұтастығы және құдай-бала мен құдай-әке бір мәнді деп танылды. ІV ғасырдың 60 жылынан бастап бір-бірімен келіспейтін көптеген теологиялық бағыттарды тудырған Қасиетті Рух статусы туралы мәселе қойылды. Мысалы, духоборлар (македонияндар) Рухтың құдайылығын Әке мен Балаға теңестірмеді. Алайда, шіркеулік пікірталастар толастамады. Христиан мәселелерін талқылау барысында теологтар күннен-күнге көбейген ілім белгілерін анықтау қажеттілігіне тап келді. Құдайдың үштік бірлігі идеясымен қатар Иса пайғамбардың бойында адамилық пен құдайылық қалай ұштасады деген мәселе де күн тәртібінен түспеді. Б.д. V ғасырда адамға құдайылықтың қонуы туралы қағида төңірегінде қызу пікірталастар орын алды. Константинополь патриархы Несторий Христос бойындағы адами және құдайылық бастаулардың ара-жігін толық ажырату идеясын алға тартты. Алайда б.д. 431 жылы Ефес соборы “Христос бірлікте болады” деген шешімге тоқталды. Монофизиттер болса Христостың тек құдайылық табиғаты бар деп тұжырымдады. Монофизиттікті император Феодосий ІІ (401-450) мен 449 жылы эффестік “қарақшылар” соборы қолдады. Феодосий ІІ қайтыс болғаннан кейін император-әйел Пульхерия мен оның қостаушысы Маркиан Диаскор қарсыластарына қолдау жасады. Халкидон соборы Христос әрі Құдай әрі адам, Құдайылықтан мәңгі туыла отырып, ол Дева Мариядан адам болып туды, Құдайылық пен адамилық онда араласпайды, өзгермейді (монофизиттерге қарсы), ажырамайды (несториандарға қарсы) деген құдайға айналу догматын қабылдады. Император Маркиан бұл догматтарды мойындаудан бас тартқандарды қатал жазалау туралы заң шығарды. VІ ғасырдың ортасына қарай Иисус Христосты қалай бейнелеу керек деген пікірталас та шешілді. Бесінші Константинопольдық ІІ (553 жыл) Әлемдік Собордың 82-ережесі Құдай Ұлын агнец бейнесінде емес, адами келбетте бейнелеуге міндеттеді. Жаңа тұрпаттағы Христос бейнесі діндарларға мойынсұну мен бағынуды, жанашу мен аман алып қалатын құрбандықтың қасиеттілігін жеткізуі керек болды. Христиандық культтің орнығуы да талас-тартысқа толы болды. Алғашқы ғасырларда шіркеу әулиелерді бейнелеуге қатаң тыйым салды. Эльвирдегі шіркеулік Собор қабырғаларда табынатын еш нәрсе болмау керек деген ережені бекітті. ІV ғасырдың соңында шіркеу жазушыларының бірі – Евсевий діни ғұрыптарда иконаларды қолдануды пұтқа табынушылық деп санады. VІІІ ғасырда несториандар мен монофизиттер де иконаға табынуға қарсы болды. Осы кездерде иконаға табынуға тыйым салған үкімет қаулылары да шықты. Бұл пікірталас тек жетінші  ІІ Никейлік (787) Әлемдік Соборда шешілді. Собор әулиелер мен қасиетті оқиғаларды бейнелеп, оларға табынудың қажеттілігі туралы ережені белгіледі. Ал христиандық құпиялардың және оларға тікелей қатысты рәсімдердің қалыптасуы тіптен ұзаққа созылды. V ғасырдың соңында шоқыну құпиясы, ал кейін евхаристия қабылданды. Бірнеше ғасырлар бойы христианшылдық біртіндеп шоқыну, хош иісті май жағу (миропо мазание), шырша майымен тазару (елеосвящение), неке, жалбарыну, тәубеге келу, қасиеттілік құпияларын енгізді. Христианшылдық біртұтас діни ағым бола алмады. Рим империясының көптеген провинцияларына таралу барысында ол әр елдің жағдайына, қалыптасқан әлеуметтік қатынастарға, жергілікті дәстүрлерге бейімделді. Христиан дініндегі ең ірі жіктелудің бірі негізгі екі бағыттың – православие мен католицизмнің пайда болуы еді. Бұл жіктелу бірнеше ғасырлар бойы жүрді. Ол Рим империясының батыс пен шығыс бөлігіндегі феодалдық қатынастардың даму ерекшеліктеріне және олардың арасындағы бәсекелестікке байланысты болды. Христиандықтың несториандық бағыты ІІІ-ІV ғасырлардан бастап Орта Азия аймағына кіре бастады. Ортодокстық христиандықтан айырмашылығы сол, несториандар Иисус Христосты Құдай Ұлы емес, қатардағы адам деп санайды. Тарихи деректер несториандықтың  Орта Азия және Қазақстанда әсіресе патриарх Тимофейдің (780-820 жж.) тұсында кеңінен таралғанын айтады. Қазіргі таңда Қазақстанда  христиандықтың үш бағыты да (католицизм, православие, протестанттық)   көрініс тапқан. Сонымен қатар 1994 жылдан бастап Алматы қаласында Армяндық шіркеуге жататын армяндардың “Сурб Хач” (Қасиетті Шармық) атты діни жамағаты тіркеуден өтіп, қызмет етуде.

Қазіргі кезде діни мәселелер өзектілікке ие. Жалпы дін әрқашан өзектілігін жоғалтпайды. Әр-түрлі әлеуметік, саяси шиеленістердің себебі дінде болу жағдайлары кездесуде. Бұл әрине діни сауаттылықтың өз дәрежесінде еместігінен. Мектепте Діндер тарихы деген пәннің енгізілгені бостан-бос емес. Әсіресе әлем діндері туралы білімнің болғаны абзал. Діннің табиғаты не, функциялары қандай, түрлері туралы білу қазіргі заманның талабы. Осы сұрақтарға жауаптарды білетін азамат түрлі миссионерлердің арбауына ешқашан түспейді. Негізінен әр адам дінде қозғалатын әр-түрлі тақырыптар бойынша толғанады, бірақ сол сұрақтарға жауап беретін адамдар әрқашан табылмауы мүмкін. Ендігі мектептегі өзгеріс бұл мәселені біршама шешеді. Тек мұғалімдердің өзінің діни білімдері жетіп, оқушыларды шатастырмаса болғаны. Баяндамаға материалдарды іздеу барысында Адам және қоғам оқулықтарын қарастырдым. Бірақ дінге байланысты тақырыптардың аса сауатты жазылғанын байқамадым. Дін деген өте маңызды да нәзік адамның рухани өмір саласы. Бұнда өте мұқият болған абзал. Діндер тарихын оқытуда бірнеше қағидаларды қатаң ұстанған жөн. Олар: дін бойынша кемсітуге жол бермеу, әркімнің өз дінін ұстануына кедергі жасамау, әлем діндері жайлы мардымды ақпарат беру, секта, миссионерлік жайлы түсінік беру, ғылымилық принциптері. Осы принциптерді қатаң ұстану арқылы келеңсіздікке жол берілмейді. Қазақта қылшығын алайын деп былшығын алып жүрмейік деген мақал бар.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет