ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «12 жылдық мектепте физика бойынша оқушылардың өзбетінше жұмыстарын ұйымдастырудың ерекшеліктері» «5В011000 – Физика» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет1/3
Дата08.09.2017
өлшемі0,68 Mb.
#30829
  1   2   3



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СемЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-38.46/03-2013




ПОӘК

«12 жылдық мектепте физика бойынша оқушылардың өзбетінше жұмыстарын ұйымдастырудың ерекшеліктері» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары


№ 2 басылым

_______2015 ж.



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«12 жылдық мектепте физика бойынша оқушылардың өзбетінше жұмыстарын ұйымдастырудың ерекшеліктері»


«5В011000 – Физика» мамандығы үшін
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ

Семей


2015

Мазмұны


1

Глоссарий

3

2

Дәрістер

5

3

Практикалық сабақтар

52

4

Студенттердің өздік жұмыстары

53


1 ГЛОССАРИЙ

Физика – материаның қарапайым және жалпы формаларының қозғалысы және олардың өзара өзгеруі жайындағы ғылым, ол дәл ғылымдар қатарына жатады және бізді қоршаған ортадағы процестер мен құбылыстардың сандық заңдылықтарын оқытады.

Физиканы оқыту әдістемесі – физиканы оқытудың дидактикалық принциптерінің қосымшасы болып табылатын педагогикалық ғылым.

Физиканы оқыту пәні – физиканы оқыту процесінде оқушыларды дамыту мен тәрбиелеудегі, физиканы оқытудың теориясы мен практикасы.

Физиканы оқыту әдістемесінің міндеттері - үш сұрақтың жауабын іздеу: неге оқытамыз, нені оқытамыз және қалай оқытамыз.

Оқыту технологиясы - бұл оқытудың формалары және тәсілдері, әдістері

Оқытуды гуманизациялау - барлық оқу-тәрбиелеу процесінің орталық суьбектісі болып табылатын баланың жеке қасиеттеріне баса көңіл аудару.

Оқытуды гуманитаризациялау – сәйкес оқу сабақтарында (әлемдіккөзқарас, әдіснамалық, тарихи-бионрафиялық, экологиялық) меңгерілетін ғылымдардың гуманитарлық аспектілеріне баса көңіл аудару.

Оқытуды дифференциациялау – оқушылардың жеке шығармашылық және қызығушылық қабілеттерін ескеретін оқу процесін ұйымдастыру.

Гимназия - V-XI сыныптар құрамында жұмыс істейтін, ой еңбегіне бейімді оқушыларды дамытатын және тәрбиелетін орта жалпы білім беретін оқу орны.

Лицей - VIII-XI немесе X-XI сыныптар құрамында жұмыс істейтін кәсіптік бағытталған жалпы білім беретін мекеме.

Колледжкәсіптік дайындықты жүзеге асыруға бағытталған кәсіптік бағыттағы білім беру мекемесі.

Базистік оқу жоспары - орта жалпы білім беретін мекемелердің жұмысын реттейтін құжат.

Экология - орта жағдайы мен тірі организмдердің өзара қатиынасы жайындағы ғылым.

Ойлау – обьективті шындықты бейнелетін адамзат танымының жоғары басқышы.

Әлеуметтік мотивтер – оқушылардың басқа суьбектілермен әртүрлі өзара әсерлермен байланысқан побуждения.

Танымдық мотивтер – оқу іскерлік процесімен және мазмұнымен байланысты побуждения.

Өткен байланыстар бьасқа пәндердің ертеректе меңгерілген материалдарымен физика курсының байланысты.

Ілеспелі байланыстарбірмезгілде меңгерілетін әртүрлі оқу пәндерінің ұғымдары, теориялары, заңдары арасындағы байланыс.

Алдағы байланыстар - бұл физика курсының материалдары басқа пәндерді меңгеру үшін база болып табылатын байланыстар.

Сабақ – бұл мұғалім дәл тағайындалған уақыт мезетінде оқушылардың тұрақты танымдық іскерлік топтарын басқаратын оқытудың ұйымдастырылған формасы.

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар – бұл оқу материалының әрбір тақырыбын сабақтар бойынша бөлу.

Оқу эксперименті бұл сабақта физикалық құбылыстарды арнайы құралдардың көмегімен шығару.

Демонстрация – бұл мұғалімнің физикалық құбылыстарды және олардың арасындағы байланыстарды көрсетуі.

Фронтальды тәжірибе – мұғалімнің текелей басшылығынсыз, жазбаша нұсқаулықсыз оқушылардың қандай-да бір практикалық іс-әрекеті (бақылау, өлшеу).

Сынақ –сабақ уақытында ұйымдастырылатын оқушылардың білімдері мен іскерліктерін тексерудің жалпы формасы.

Оқытудың техникалық құралдары – техникалық қондырғылардың және олардың арнайы дидактикалық материалдарының жиынтығы.

Дыбыстық құралдар (аудиоқұралдар) ақпарат тек дыбыстық каналдар арқылы берілетін оқытудың техникалық құралдары (ОТҚ).

Аудиовизуальды (экранды-дыбыстық) құралдар – бұл ақпаратты бірмезетте көру және дыбыстық каналдар арқылы беретін ОТҚ.

Диафильмдер - өзара байланысты текс пен бейнелердің қатаң жалғасымды кадрлары.

Дербес (индивидуальная работа) жұмысжекелеген оқушылармен физика және техника бойынша жетекшілік жасау мақсатында, осы мақсатта реферат, баяндама және мазмұндама дйындау.

Топтық жұмыс – жаңа білімдер мен рактикалық іскерліктерді меңгеру мақсатында оқушылардың тұрақты шағын тобымен және балалардың қызығушылықтарын қанағаттандыруға бағытталып жүргізілетін жүйелі жұмыс.

Оқытудың жаңа технологиялары – ЭЕМ көмегімен ақпараттарды көрсету, тарату.

Оқытудың компьютерлік технологиясыбұл техникалық құрал компьютер болып табылатын оқыту жүйесі.



2 Дәрістер
Дәріс №1. Оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыруына жағдай жасау

1.Қазіргі жаңа мектептің моделін құрудың біртұтас жолын іске асыруға бағдарланған жалпы орта білім беруді жаңарту мен жаңғырту стартегиясы ең басты нәтиже ретінде оқушының өзіндік дамуы мен өзін-өзі басқару қабілетін дамытуды, таным әрекетінде өзара ықпалдастыққа дайындығын көрсетеді. Білім берудің жаңа сапаға жетудегі басты мақсаты әлеуметтік белсенді шығармашыл тұлғаны қалыптастыру болып отыр.

Мектеп бітірушінің бойында қалыптасатын сапаларға өмірдің жаңа жағдайларына икемделе білуі, игерілген білім мазмұнын, оқу-танымдық әрекеттегі тәжірибесін пайдалана білуі және өз бетімен танымдық-практиалық шешім қабылдау, құндылық бағдарлы және коммуникативтік міндеттерді шеше білуі кіреді. Осыған байланысты оқушының өзіндік әрекетін ұйымдастыру оқу процесінде қазіргі педагогикадағы өзекті мәселелердің бірі. Оқушының өзіндік әрекетін жобалау және жүзеге асыру формалары мен тәсілдері тұрақтала бастаған кезде жалпы білім беретін әр кезеңіндегі оқыту жаңа педагогикалық шешімдер мен түзетулерді, жан-жақты ойлануды талап етеді. Бұл алдымен, оқушылардың өзінің іс-әрекетін ұйымдастыру мен өзіндік білім алу дағдыларын қалыптастыратын ақпараттық және телекоммуникациялық таным процесіне тарту жағдайында өзіндік әрекетінің аясын кеңейтеді.

Оқушының оқу әрекетіндегі өзін-өзі басқару мен басқаруды ұйымдастыру, оқыту процесін моделдеудің психологиялық-педагогикалық және дидактикалық мәселелері бойынша бірқатар ғалымдардың еңбектерінде (Ю.К.Бабанский, А.А.Вербицкий, Ю.Н.Кулюткин, М.И.Махмутов, В.В.Сериков, Г.С.Сухобская, Т.И.Шамова, И.С.Якиманскай т.б. ) жан-жақты талқыланып келеді.

Оқушының білім алу процесіндегі өзіндік пікірі мен ой-жүйесінің негізі бастауыш сатыда қаланатыны белгілі. Сондықтан бастауыш сыныптарда оқитын балалардың жас ерекшеліктерінің және оның мектепке дейінгі жүйемен сабақтастығының ескерілуіне баса назар аударылады.

Жаңа 12 жылдық білім беру жүйесіндегі білім нәтижесі ретіндегі негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыру мәселесі осы оқушының өзіндік іс-әрекетін ұйымдастырудың ұтымды жолдарын іздестіруді меңзейді. Ол оқушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне қарай педагогикалық-психологиялық негіздеуді қажет етеді.

Сондықтан оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастырудың тиімді жолдарын іздестіру мәселесі білім беру жүйесінің барлық кезеңдерін қамтиды.

Еліміздің беру жүйесіндегі білім мазмұнын жаңғырту процесі оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруға түбірлі өзгерістер әкелуде. Солардың ішінде оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыруына жағдай жасау мектептің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

Жалпы оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыру мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Дегенмен, оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыруға үйрету тәсілдері бүгінгі күнге дейін өзектілігімен ерекшеленеді.

Баланың өсу кезеңдеріне сай дамуындағы өзгерістер оның өзіндік іс-әрекетіне тікелей байланысты. Бала қоршаған ортаның ықпалымен өзінің іс-қимылын өзгертіп отырады. Айналасындағы үлкендердің, құрбыларының іс-әрекетіне қарап, қызығушылығын да танытып жатады. Сондай-ақ өзінің қарым-қатынасына назар аударуды олардан талап етеді.

Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету міндеті тұр. Жалпы орта білім берудің жалпыұлттық деңгейдегі басты мақсаты – Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласуға дайын, құрзыретті тұлғаны қалыптастырауға ықпал ету. Білім берудің әлемдік озық тәжірибелерге сүйеніп әзірленген оқытуда мектеп түлегінен күтілетін нәтиже негізгі құрыреттіліктердің қалыптасуымен айқындалады.

Құзыреттілік – оқушының әрекет тәсілдерін жан-жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі.

Бұл оқушының оқу-танымдық әрекетіндегі өзіндік қызметін анықтауына, өзінің бағдары мен өз іс-әрекетіне баға беруіне, іс-әрекет нәтижесін өзгемен салыстыруға мүмкіндік туғызады.

Әрине, оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыру, оған басшылық жасау – мұғалім үшін жауапты да, күрделі жұмыс. Оқушының өзіндік әрекетке белсенділігін арттыруға баулу әрбір мұғалімнің алғашқы міндеттерінің біріне айналуы тиіс.

Оқушылардың өзіндік әрекет дағдыларын қалыптастыруда бір-бірімен тығыз байланысты екі міндетті шешу қажет. Бірі – оқушылардың танымдық көзқарасын қалыптастыра отырып, дамыту, екіншісі - өзінің практикалық іс-әрекетін бағалауға, өзіндік қорытынды шығаруға, шешім қабылдауға баулу.

Өзіндік жұмыс терең де берік білім алу құралы бола отырып, оқушының азамат ретінде өмірден өз орнын табуға кепіл бола алады.

Әрине, оқу-тәрбие процесінде оқушы өзінің іс-әрекетін өз бетімен ұйымдастырып алып кете алмайтыны түсінікті. Оған әр оқушы жеке тұлға ретінде дамыту арқылы, жеке ерекшеліктерін ескере отырып, қабілеті мен мүкіндіктерін ашу арқылы қол жеткізуге болады.

2. Оқушының өзіндік білімін кеңейтуге деген алғашқы қадамы өз іс-әрекетіне басшылық жасай білуінен байқалады. Ол мектепке дейінгі жастағы баланың ойын әрекетінен айқын байқалады. Сондықтан, баланың өзі атқарып отырған әрекеті жөнінде ақпарат алу, яғни әңгімеге тарту оның ақыл-ойының одан әрі дамуына кепіл бола алады. Оған мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап, оқушы ретінде өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыруға жағдай жасау арқылы қол жеткізуге болады. Ол мектепке дейінгі қаланған дағдылар негізінде, сондай-ақ бастауыш білім беру сатысымен тікелей сабақтастықта жүзеге асырылады.

Ал мектепке дейіні даярлық жүйесімен сабақтастық – баланың оқу әрекетіне еркін енуінің бірден бір кепілі. Баланы мектепке даярлау мектепке дейінгі ересектер тобында белгілі бір деңгейде қалыптасып келеді де, мектептегі жүйелі оқу әрекетіне араласқанда өзінің дамуын жалғастырады. Бұл жағдай баланың мектеп оқушысы болып қалыптасуына, ойын әрекетінің оқу әрекетіне ұласуына негіз болады.

Мектепке келгеннен кейін оқушының ойын түріндегі өзіндік іс-әрекетін дамыта отырып, оқу әрекетіне ұштастыру оқытушы тарапынан жоғары біліктілікті талап етеді. Мұғалім оқушының өз бетімен жұмыс істей білу қабілетін ашудың педагогикалық-психологиялық, ғылыми-әдістемелік негіздерінен хабардар болуы тиіс. Мұнда мектептің басқару жүйесі мен ұйымдастыру тәжірибесі, сондай-ақ материладық-техникалық әлеуеті де зор рөл атқарады.

Өз бетімен ойнап отырған бала өз бетінше ойлай да алады. Ендеше, оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыруды бастауыш сатыда-ақ қолға алуға болады.

Оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық-психологиялық, әдістемелік негіздері білім беру жүйесінің барлық кезеңдерінде қарастырылады.

Мақсатқа қоюға үйретудің өзі қарапайым әрекеттер жиынтығынан бастау алады. Мақсатқа жету процесінің өзі терең ойлануды, әрекеттерді сабақтастыра, салдыстыра білуді талап етеді. Мұның бәрі оқушының жеке қабілеттерінің дамуымен тығыз байланыста жүзеге асырылады.

Сондай-ақ мұғалімнің жүйелі ұйымдастыруымен, нәтижеге бағыттауымен, тиімді жоспарлауымен, бірізділікпен орындалатын іс.



Қорыта айтқанда, бүгінгі күнге дейінгі тәжірибеде қолданып келе жатқан оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыру және жүзеге асыру процесі бүгінгі күннің талабын толық қанағаттандыра алмай отыр. Оның басты себебі оқу-тәрбие процесінде оқушының өзіндік әрекетін ұйымдастыра білуге баулу ісін жаңа, тың иедяларға негізделген озат технологияларды қажет етуінде.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары

  1. Құзіреттілік деген не?

  2. Өздік жұмыс деген не?

  3. Өзбетінше жұмысты ұйымдастырудағы мұғалімнің ролі қандай?


Дәріс №2. Кәсіптік бейімдеп оқыту әдістемесі (12 жылдық мектеп)

1. 12 жылдық білім беру жүйесіндегі бейіндік оқыту жаратылыстану – математикалық бағыттағы пәндер химиялық – биологиялық және физикалық – математикалық бейіндік бағытта келесі пәндерді оқытады.
Қоғамдық – гуманитарлық бағыттағы пәндер филологиялық, әлеуметтік – экономикалық, тарихи – құқықтану бейіндік бағытта келесі пәндерді оқытады (2-сурет).

Осы бейіндік бағыттарға байланысты оқушылардың қалаған мамандықтарына икемделуіне жағдайлар туындайды. Сонымен қоса «мектеп-колледж-ЖОО» жүйесінің сабақтастығының болуы негізгі шарт болып есептелінеді.

Бейімдік оқыту жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық бағытта жүзеге асырылуда бірге келесі жағдайларды ескеру қажет. Біріншіден, бейіндік оқытуды анықтауда, 11-12 сынып оқушыларының жекелеген қабілеті мен қызығушылығын ескеру үшін білім беру мазмұнының құрамы мен құрылымы педагогикалық жағдайлар жасауға бағытталуы керек.

Екіншіден, екі бағыт шеңберінде білім беру мазмұнын анықтауда оқушылардың базалық жалпы білім беру даярлығын аяқтауды қамтамасыз ететін міндетті оқу пәндерінің көлемін азайтып, базалық мазмұндағы пәндер үшін оқу-әдістемелік кешендердің саны оңтайландырылып, республикада қалыптасқан вариативті білім берудің және т.б. институционализациялау

Бейіндік оқыту жүйесінің үйлесімділігі аралас оқу пәндерінің есебінен қамтамасыз етіледі және оқу мазмұнының элементтерінің келесідей типтерін: базалық мазмұндағы жалпы білім беретін пәндер (инвариантты компонент), жалпы білім беретін бейіндік пәндер және таңдау бойынша міндетті пәндер (вариативті компонент), таңдау бойынша курстар (мектеп, оқушы компоненті) енгізеді.

12 сыныптың түлектерінің жетістігі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптары деңгейімен біріңғай ұлттық тестілеу нәтижесі бойынша анықталады.

Таңдау бойынша пәндерге оқушылар үшін қатысу міндетті. Берілген компонент білім беру мазмұнының вариативті элементімен қарастырылып, мектеп өздігінен ұйымдастырады. Міндетті пәндер «толықтыру» қызметін орындап, «өзге» бағыттағы мазмұн есебінен білім беруді толықтырады. Оқушылар басқа бағыттағы жалпы білім беретін бейіндік пәндердің тізімінен екі оқу пәнін таңдау мүмкіндігін алады.

Қызығушылығы бойынша курстар оқу жоспарының оқушы компонентінің есебінен іске асырылады және екі міндетті орындайды. Біріншісі - жалпы білім беретін бейіндік пәндердің қолданбалы сипатын қамтамасыз ету. Екінші міндет - оқушылардың жеке қызығушылығын қанағаттандыру бойынша таңдаған бейіні шеңберінде білім беру мазмұнын іске асыруды қамтамасыз ету.

Базалық мазмұндағы жалпы білім беретін пәндердің, бейіндік жалпы білім беретін пәндердің, таңдау бойынша міндетті пәндердің, таңдау бойынша курстардың шамамен көлемдік ара-қатынасы 56:30:16 пропорциясымен анықталады.

Бейіндік оқытуды іске асыру жалпы білім беретін мектептерде, гимназияларда, лицейлерде, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы мектептерде жүзеге асырылады.

Материалдық-техникалық жағдайын, кадрлық әлеуеті мен оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді ескере отырып, үшінші сатыдағы бейіндік оқыту төмендегі ұйымдастыру нысандары бойынша қарастырылады:



  1. Бір бейінді мектеп – бір бейінді оқытуды іске асыру; Бір бейінді оқыту кезінде (грек сөзі - monos - біреу, жалғыз) оқу орны бейіндік оқытудың бір бағытын іске асырады. (лицейде жартылыстану-математикалық немесе гимназияда қоғамдық-гуманитарлық).

  2. Көп бейінді мектеп – бірнеше бейінді оқытуды (жалпы білім беретін мектептер) іске асыру. Көпбейінді оқыту кезінде (грек сөзі polys – көптеген, есепсіз, көлемді) оқу орны бейіндік оқытудың 2-3 бағытын іске асырады (жаратылыстану-математикалық немесе қоғамдық-гуманитарлық).

Бейіндік оқыту міндеттерін іске асыру мақсатында 3 деңгейде вариативтік білім беру жүйесіне құрылды: институционалдық, мазмұнды және технологиялық.

Институционалдық деңгейі – 11-12 сыныптарда жалпы орта білім беретін оқу орнының көп қыры мен түрлі деңгейін анықтайды. Әр түрлі жалпы білім беретін мектептер, гимназиялар (11-12 сыныптар), академиялық лицейлер
(5-12 сыныптар), бейіндік (11-12 сыныптар) мектептерді қамтиды.

Бұл деңгейде ауылдық жердегі мектептердің әлеуметтік маңызы ескеріле отырып, жалпы білім беретін мектептер сақталып және одан әрі дамыту қарастырылады.

Жалпы білім беретін мектептер 1-4, 5-10 сыныптардың бағдарламаларына және 11-12 сынып оқушыларының бейіндік оқыту бағдарламаларын толық іске асырады.

Қалалық жерлерде тек қана 11-12 сыныптардың бағдарламалары жүзеге асатын Қазақстан үшін жаңа типті оқу орны институционалды - бейіндік мектептер құрылуда және бейіндік мектепті «мектеп–колледж», «мектеп–ЖОО» кешені жүйесінде құру мүмкіндігі шешілуде. Техникалық және кәсіптік білім беретін мектептердің 1-2 курстарында білім алушы 11-12 сыныптың оқу бағдарламасын орындайды. Сол себептен оқытылатын базалық пәндер жалпы бейіндік мектеп жоспарымен сәйкес болу керек. Ал кәсіби бағытта арнаулы білім беру ұйымдарының желісі (хореграфиялық, спорттық, көркем өнер, кадеттер мектебі және т.б.) сақталуып, бейіндік мектеппен сабақтастық орнату мәселесі қарастырылуда.

«Назарбаев зияткерлік мектептері» дарынды балаларға арналған арнаулы мектептер жүйесі дамып, онда 12 жылдық мектеп жүйесі жүзеге асумен қоса іс-тәжірибесі таратылу қолға алына бастады.

Қазіргі кезеңде аталған білім беру мекемелерінің көп қырлы жағдайында бірыңғай білім беру кеңістігі, білім беру стандарттарымен қамтамасыз етіліп, онда білім берудің базалық мазмұнының құрамы мен құрылымының жалпы талаптары, жалпы орта білім берудің күтілетін нәтижелері анықталу қарастырылуда.



Мазмұнды деңгей – оқу бағдарламалары мен оқу әдебиеттерінің вариативтілігін, кіріктірілген оқу курстарын енгізуді, мектептің бейіндік оқыту бағыттарын, оқушының таңдау бойынша курстар құрамын таңдау мүмкіндігін қарастырады. Оқу процесі – оқытудың жинақталған жүйесі негізінде құрылады.

Технологиялық деңгей – оқытудың тиімді технологиясын енгізумен анықталған. Оқу бағдарламалары тек қана оқылатын материалды ғана емес жоғары сыныптағылардың қызмет түрлерімен анықталады: зерттеу, пікірталас, құрастыру, жобалау және т.б.

Бейіндік оқытуды ұйымдастыру мен дамыту негізі - білім беру процесінің барлық субьектілерінің ақпараттық мәдениеті мен технологиялық мәдениетін дамыту мен қалыптастыру болып табылады.

12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында оның құрылымы оқытудың мақсаты мен міндеттерінің арасындағы байланысты құру, әрбір жас сатыларында оқушыларды тәрбиелеу мен дамытуды олардың психологиялық, физиологиялық және жас ерекшеліктерне қарай қамтамасыз етуге тиіс.

Қазақстан қоғамының қазіргі геосаяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайы, әлемдік білім кеңістігіне кірігуі Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру жүйесін жаңғыртуды, атап айтқанда, орта білім мазмұны мен құрылымын, мақсаттарын қайта қарауды және оқыту мерзімін кеңейтуді талап етеді.

Қазақстанда бейіндік оқытуды ұйымдастыруды оқушылардың оқуын саралап жіктеу және даралау әдісі ретінде екі кезеңге бөліп қарастырамыз. Республикадағы білім берудің бірінші кезеңі, ХХ ғасырдың 90-жылдарынан бастап, барлық кеңестік кезеңнен кейінгі елдер кеңістігінің тәжірибесіндегі бір, бірыңғай жалпы білім беретін кеңестік мектептерді өзгерту қажеттігі туындады. ХХ ғасырдың соңғы он жылдығы оқу орындары (лицей, гимназия, арнаулы мектептер, дарынды балалар мектебі, халықаралық мектептер) моделінің дамуы және қалыптасуымен, мемлекеттік емес сектордағы оқу орындарының құрылуымен, авторлық оқу курстарының бағдарламасын әзірлеумен ерекшеленді.

Бейіндік оқытуды деңгейлеп, саралап жіктеу мен даралауды жүзеге асыру үшін педагогикалық қызметкерлердің дайындық деңгейін мазмұнды жақсарту мен оқу процесін ұйымдастыру қажет. Бейіндік оқытуды ұйымдастыруда кәсіби пәндерді оқытуды ғылым магистрлері арқылы шешу қарастырылуда.

Қазақстандағы бейіндік оқыту идеясын жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті жалпы орта білім беру стандарты «Негізгі ережелер» ҚР МЖБС 2.003. – 2008 енгізумен байланысты. Бұл құжатта жалпы орта білім берудің жоғары сатысына сипаттама беріліп, Қазақстандағы бейіндік оқытудың ұйымдастыру мен 11-12 сыныптардағы оқытудың нормативтік мерзімі 2 жыл болып анықталған.

Бейіндік оқытудың міндеттеріне оқушылардың танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілетін дамыту, саралап, жіктеп оқыту негізінде өзіндік оқу қызмет дағдысын қалыптастыру жатқызылды.


Дәріс №3. Оқушының өзіндік жұмыс жүргізу қабілетін дамыту жолдары

Жоспары:


1.12 жылдық білім берудің мақсаты мен міндеттері
12 жылдық жалпы орта білім берудің басты мақсаты өзінің және қоғамның мүддесі үшін өзін – өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді тұлғаны қалыптастыру және дамыту екендігі айқындалды.  12 жылдық білім беру стандартында Жалпы орта білім берудің 3 сатысының  негізгі міндеттері көрсетілген. Бастауыш білім берудің негізгі міндеті – білім алушының  даралығын ашу және оқу әрекетін игерту. Негізгі орта мектепте оқу әрекетін ұйымдастыру жеке тұлғаның өзін – өзі таныту тетіктерін, ғылыми таным мен ойлау әдістерін, зерттеу мәдениетінің негіздерін игеруді, кәсіби мақсаттарын қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Үшінші сатысында оқу әрекеті дербестікке бағытталады.Оқу әрекеті адамзат баласы жинақтаған тәжірибені меңгеру. «Кез келген әрекет талдаудан басталады». Оқушылардың оқу танымдық іс – әрекетінің бірі – өзіндік жұмыс.  Қазіргі кезде негізгі талап – оқушының белсенді сезімін оята отырып, оларды басқара білу. Өзіндік жұмыс – оқушының ойлау қабілетін, ақыл – ой және іс – тәжірибесінен туындайтын оқу тану әрекеті. Оқу үрдісінде өзіндік жұмыстың төрт түрі қарастырылған. 1) Үлгі бойынша орындалатын; 2) Реконструктивті – вариативтік; 3) Жаңалық ашатын; 4) Шығармашылық. Бірінші жұмыста оқушы көрсеткен үлгі бойынша, белгілі бір іс – әрекетінің жолын ұғынады. Тапсырмаларды нұсқаулар, белгілі формулалар, теоремалар арқылы орындайды.  

Реконструктивті – вариативтік өзіндік жұмыстар оқушылардың алған білімін қолдануға ынталандырады, сонымен қатар білімін тереңдетеді. Тапсырмалар тек шешімнің жалпы қағидаларын ғана көрсетеді. 

Шығармашылық өздік жұмыстар оқушының пәнге деген ынтасын қалыптастырады, оқуға деген көзқарасын өзгертеді, физикалық ой-өрісін кеңейтеді: 1) Бір есепті бірнеше тәсілмен шығару; 2) Заңдарды эксперимент жүзінде дәлелдеу; 3) Өз бетінше есеп, мысалдар құру;  4) Баяндамалар, басқа жұмыс түрлері. Физикадан оқушы білімін тексерудің, бағалаудың бір түрі – сынақ, деңгейлік тапсырмалар және т.б. Сынақ жүйенің беретін нәтижесі: 1. Оқушылардың тақырыпты қалай меңгергендігін анықтауға; 2. Оқушының оқуға жауапкершіліктерін арттырып, олардың өздігінен жұмыс істеуге талпындыруға; 3. Оқушы іскерлігін арттырып, дүниені тануға ұқыптылығын дамытуға; 4. Оқушы білімін тексеруде мұғалім еңбегін  жеңілдетуге мүмкіндік береді. Деңгейлік тапсырмаларды  орындағанда  әркім қабілетіне қарай алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге үйренеді.
Оқу процесінде оқушылардың  өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру өзара тығыз байланысты екі міндетті есте тұтуды қажет етеді. Бұл, біріншіден оқушылардың  танымдық қызметіндегі өзіндік, яғни оларды өз бетінше білім алуға үйрету болса, екіншіден алған теориялық білімдерін, дағдыларын практикада өз бетінше қолдана білуге үйрету. Оқушылардың өзіндік жұмысы – бұл мұғалімнің тікелей қатысуынсыз, бірақ оның басшылығымен және бақылауымен орындайтын жұмысы. Өзіндік жұмысты орындау кезінде оқушы теориялық  білімін кеңейтеді, тереңдетеді, белсенді іс – әрекет  барысында ойлау қабілеттері дамиды, ал ең бастысы өзіне деген сенімі нығайып, жауапкершілікті сезіну қалыптасады. Өзіндік  жұмысты ұйымдастыруда жұмыстың  міндетін түсіндіру, орындар алдында бағыт – бағдар, түсінік – нұсқау беру, оқушылардың мақсатты түрде жұмыс істеп, оның нәтижелі жемісті болуына ықпал етеді. Дұрыс ұйымдастырылған өзіндік жұмыстардың  оқу тәрбие процесіндегі мәні ерекше. Атап айтқанда:
өзіндік жұмыс тапсырмалары арқылы оқушылардың математика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру; оқушылардың алған білімдерінің,  дағдыларының алдағы өмірлеріне қажеттілігі мен оны қолдана алуларына қол жеткізу; оқушылар істейтін жұмысының мақсатын айқындап, жұмысты өз еркімен ерік – жігерімен, қалауымен орындауы; оқушылар  істейтін жұмысының қорытындысын шығарып, нәтижесін алу.

Қазіргі уақытта  оқушыларға физикадан білім беру жүйесінің алдына келесі міндеттер қойылған: оқытудың немқұрайлы жақтарын жою; оқытудың қолданбалы бағытын кеңейту; оқушыларда практикалық біліктілікті және  дағдыларды  қалыптастыру және т.б. Оқушылардың білімдері біліктілік  пен дағдыларға  айналу үшін, міндетті түрде  оқушылардың  өздері талаптану керек. Өзіндік жұмыс – бұл әрбір адамның әрекетті саналы түрде таңдап алып, оны табандылықпен орындау арқылы сипатталатын қасиет. Оқушылардың  өзіндік жұмысы деп, олардың жоғары  түрде белсенділік, шығармашылық, өз пікірін айтып, инициатива көрсету арқылы орындайтын  іс әрекетін айтамыз. Бұл жерде өз бетімен орындалатын жұмысқа өте кең түсінік берілген. Оқушылардың әрбір ойлау белсенділігіне  қойылатын талап – бүкіл оқыту үрдісіне таралатын дидактикалық принцип болып табылады. Оқушылардың өзіндік жұмыс істеулерінің маңызды белгілері: 1) Мұғалім беретін тапсырманың болуы және оны орыдауға кететін уақыттың бар болуы; 2) Оқушыларға берілген тапсырманы дұрыс және ең жақсы нәтиже беретіндей орындауы үшін барлық ой ынтасын салу қажеттілігі. Сонымен, қолдануға мүмкін әдістер: 1. Жаңа тақырыпты түсіндіру; 2. Жаңа тақырыпты меңгерді ме, жоқ па? Сұрақтар қою арқылы қысқаша  шолу жасау; 3. Тақырыпты терең меңгерту, есептер шығарып бекіту; 4. Үнемі өткен тақырыптарды қайталап, бақылау жасап отыру; 5.  Оқушыға үнемі өзара өзіне – өзі  бақылау жасату, біліміне анализ жасай білуге үйрету, дағдыландыру; 6. Оқушы білімін бағалауға қаталдыққа, немқұрайлыққа жол бермеу; 7. Сабақ барысында  есеп шығару кезінде өздіктерінен көбірек жұмыс істеуге бейімдеу; 8. Оқушы білімін бағалауға жариялықтың, нақтылықтың болуы. 1) Өзін – өзі  тексерумен ұштастырылған өзіндік жұмыс(оқушылар  жұмыстарын орындап болған соң өткен тақырып, формулаларды, шығарылған есептерді салыстырып қателері болса түзетеді).


2)  Бірін – бірі тексерумен  ұштастырылған өзіндік жұмыс жатады (оқушылар есепті шығарып болған соң бірінің дәптерін  бірі тексереді. Қателерін көрсетіп формула, ережелерін көрсетеді). Күнделікті сабақтың басты назарда болатын кезеңдері: 1.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі. 2. Білімді тексеру кезеңі. 3. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру кезеңі.
4. Бекіту кезеңі.

1. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі. Оқушының  үй тапсырмасын ерінбей орындауы – өз бетімен жұмыс істеуінің белгісі. Үй тапсырмасын орындау  сыныпта  басталған жұмыстың жалғасы болады. Оқушының үйге берілген тапсырманы орындай алуы, оның класта  алған білім  мен дағдысы  оны орындауға жеткілікті ме, әлде жеткіліксіз бе, соған байланысты. Оқушының өзі орындайтын үй тапсырмасы, оқу – тәрбие процесінің ең маңызды және негізгі бөлігі. Оны орындау кезінде  алған білім пысықталады, дағдылары қалыптасады. Үй тапсырмасы қоңырау соғылып жатқанда берілмей оның мазмұнына қарай, сабақтың ортасында, немесе сабақтың аяқ кезінде беріліп отырылуы тиіс. Үй тапсырмасына байланысты берілетін нұсқаулар мен түсініктемелерді дер кезінде берген дұрыс.Үйге берген тапсырманы  қандай түрде болмасын мұғалімдер дер кезінде тексеріп отыруы керек. Ол үшін әр түрлі әдістер қолданған жөн. Ауызша сабақ басында, немесе, оқушылар жаңадан өтілген материалға жаттығулар  мен есептер  шығарып жатқанда, мұғалім аралап жүріп сынып жұмысының қалай орындалып жатқанын байқаумен қатар,олардың үй тапсырмасын қалай орындағанын тексереді. Кейде, әсіресе үй, тапсырмасын орындауға салғырт қарайтын  оқушылардың дәптерлерін жинап алып, тексеріп  талдау жасауға болады. Кей жағдайларда сабақтың бос кезінде 2 – 3 оқушыны сынып тақтасына шақырып,оларға өздерінің шығарған есептерінің шығару жолдарын жаз деп, содан кейін барлық оқушылармен ол шығару жолдарын талқылауға болады. Оқушылардың үй жұмысын өздері орындағанын тексеру үшін анда – санда  сабақтың бас кезінде  үй тапсырмасына ұқсас жаттығулар мен есептер беру арқылы өзіндік жұмыстар  жүргізген жөн.Тексерулердің қорытындылары байқау журналына жазылуы тиіс.  Үй тапсырмасын тексеру кезінде  мұғалім  оқушылармен  жақсы танысып, олардың жеке бастарының ерекшеліктерін білетін  болады, білімдері әділ бағаланады.

2. Білімді тексеру кезеңі. Оқушы білімін тексерген кезде  оқушының барлық  ойын материалды білуге жұмсайды. Бұл оның еске сақтау және ойлау қабілеттерін арттырады. Ойындағысын ауызша және жазбаша жеткізуге шеберленеді. Жасалатын жұмыс түрлері: қайталау сұрақтарын беру, тест тапсырмаларын беру, оқушы назарын аударатын, ойына түрткі болатын математика туралы қызғылықты материалдар, әр түрлі қызықты тартымды есептер, тарихи деректер, логикалық есептер, т.б.

3. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру кезеңі. Жасалатын жұмыс түрлері: сұрақтар, математикалық диктант, сызбалар, кестелер, формулалар, ребус, кроссворд, викториналар, диаграмма.



4. Бекіту кезеңі. Жасалатын жұмыс түрлері: деңгейлік тапсырмалар, тест тапсырмалары,сайыс, топтық жарыс,  эстафета, шығармашылық тапсырмалар, қызықты тәжірибелер,т.б. Нәтижесінде төмендегі іс шараларға тікелей жол ашылады: 1. Олимпиадаларға оқушыларды қатыстыру. 2. Ғылыми жобалар қорғау. 3. Жоғары оқу орындарының сынау тапсырмаларын қиналмай орындау. 4. Қазақстанның болашағын алға апаратын техникалық бағытты меңгерген түлекті тәрбиелеп шығару. Тыңдағанымды – ұмытпаймын, Көргенімді – есімде сақтаймын, Қолмен істегенімді – түсінемін. 12 жылдық білім беру мақсаты туралы қазақша реферат 12 жылдық білім беру үрдісіне көшу қажеттігін айқындап отыр. Еліміздегі жаңа білім беру реформасы 12 жылдық білім беруге көшу арқылы шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды, «жалпыға арналған білімнен», «білім әркімге өмір бойы» үлгісіне көшуді және әлемдік білім беру кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етуді мақсат етеді. 2008 оқу жылынан бастап 12 жылдық білім беруге кезең-кезеңмен көшуі басталды. Бүгінгі күні білім беру мазмұнын жаңартуды көздейтін Қазақстан Республикасының білім беру тұжырымдамасы жан-жақты талқыланып, Білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде мақұлданды. Бұл тұжырымдама Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына; «Қазақстан Республикасын 2020 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарына», «Қазақстан Республикасында білім беруді 2020 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағ­дарламасына», Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік, саяси жаңғырудың қарқынды жолында» атты Жолдауына, Болоньдегі Еуропа елдері білім министрлерінің кеңесіне, ЮНЕСКО-ның үздіксіз білім беру туралы ұсыныстарына сәйкес әзірленді. Біздің еліміздегі қалыптасқан білім жүйесі академиялы, түбегейлі деп бағаланатынын айта кетуіміз керек. Бірақ жыл асқан сайын оқу бағдарламалары бойынша 11 жылда берілетін білім көлемінің ауқымдылығы оқу жүктемесінің шектен тыс көбеюіне әкеліп, білім сапасы мен оқушылар денсаулығына кері әсерін тигізіп отыр. Қалыптасқан бұл жағдай оқушылардың оқуға ынтасын да төмендететінін тәжірибеден байқап жүрміз. Осыған орай қазіргі білім беру тәжірибесінде білім көлемін жинақтай отырып, оқу материалын жеңілдетуді, сондай-ақ құзырлылыққа жетуге бағдарланған білім мазмұнын қарастырып отыр. Бүгінгі таңдағы еліміздің білім ұйымдарының басты міндеті – баланың денсаулығына жағымды ықпал етуді көздейтін білім беру ортасын құру. Біз өмір сүріп отырған уақыт алдыңғы толқынның заманына мүлдем ұқсамайды. Бала болашағы оның жаңа тұжырымдарды түсінуі мен қабылдай білуіне, дұрыс таңдау жасауына, бүкіл өмір бойына өзгермелі жағдайларға тез икемделе білу қабілетіне байланысты болмақ. Осыған байланысты мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талап: ойлылық, салмақтылық, белсенділік, әлеуметтік жауапкершілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық т.б. Бұл оқушының бойында қалыптасатын түпкілікті мақсат, міндеттерін айқындауға тікелей мұрындық болады. 12 жылдық мектептің басты ерекшелігі – баланың жан-жақты дамуына, өз пікірі мен ойын ашық жеткізуіне, әр адамға табиғатынан берілген шығармашылық әлеуетін толық іске асыруына ықпал ететін, өзін-өзі танып, келешегін айқындауға саналы түрде дайын болуға, қоғамның экономикалық, мәдени, саяси, өміріне белсенді араласуға мүмкіндік беретін психологиялық-педагогикалық институт ретінде қалыптасуында болып отыр. Оның жаңа құрылымына тоқталатын болсақ, 12 жылдық білім беру жүйесі 5+5+2 сатыларынан тұрады. Бүгінгі күні осы құрылым мен жаңа мазмұнға негізделген жалпыға міндетті білім стандарттары әзірленуде. Бүгінгі күні әлемде жалпы білім берудің 12-жылдық мектепке арналған халықаралық стандарты қалыптасып отыр. Орта мектептегі 12-жылдық білім АҚШ, Канада, Жапония, Швеция, Францияда; Германия, Чехия, Италия, Швейцарияда – 13 жылдық ; Голландияда – 14 жылдық жүйе қабылданған. 12 жылдық білім берудің негізі адамның жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыру болып табылады. Адам тұлға болып тумайды, ол өмір сүру барысында тәрбие арқылы қалыптасады. Тұлғалық туралы адам өзін-өзі танып, өз өмірін өзі жасай бастағанда сөз ету керек. Білімді, шығармашыл, бәсекелік қабілеті мол тұлға тәрбиелеу негізінде Қазақстан Республикасында 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы жасалып отыр. 2020 жылға арналған орта жалпы білім беру орындарының құрылымы мен мазмұнын құруда республикалық эксперимент шеңберінде тәжірибелік-эксперменталды жұмыс жүргізілуде. Егер 2020 жылға бұл экспериментке 52 мектеп қатысса, олардың саны 104 ке жетті, ал ауылдық жерлерде олардың 45-і, қалалық 59 мектепті құрайды. Қазірдің өзінде 12-жылдық білім модельдерін байқаудан өткізу жөніндегі эксперименталды ұйымдар туралы оң деректер бар. 12 жылдық білім 3 сатыдан тұрады. Бірінші – бастауыш (1-4 сыныптар) сыныптардың педагогтары олардың оқуға деген ынтасын арттыруға көп көңіл бөледі, екінші – (5-10) сыныптар оқушылардың базалық білімін анықтап, қарым-қатынас мәдениетін, ғылыми әдістерді түсінуге баулу, ал үшінші – (11-12 сыныптар) болашақ мамандық таңдауды негізге алады. Бұлардан басқа да толықтыратын, өзгертетін проблемалар, 12 жылдық оқуға ауысудың басқа да әдістерін табу мәселелері толып жатыр. Осы іспеттес тапсырма дәл осы мақсатта арнайы құрылған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «12-жылдық білім мәселелерінің Республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның құзырына берілген. 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу-қоғамдағы елеулі өзгерістер мен адамдар арасындағы қарым-қатынас құралдарының қарыштап дамуына байланысты жаңа адамды қалыптастыруды көздеген заман талабы. Әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын қамтитын жаңа білім мазмұны шынайы жарыс, адал бәсекеге қабілетті адам тәрбиелеуді қамтамасыз етуге тиіс. 12 жылдық оқытудағы басты мақсаты - қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті; - өзін-өзі дамытуға; - өз ойын еркін айта білуге; - өз қалауымен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім; - жоғары білімді шығармашыл дамыған тұлғаны қалыптастыру. Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезінде оқу-білімнің, соның ішінде болашағымыз-бүгінгі мектеп оқушысының білімі мен тәрбиесі маңызды мәселе. Еліміздің әлеуметтік экономикасының дамуына өзіндік үлес қоса алатын, өзіндік ой-пікірі бар, жан-жақты дамыған, білімді де білікті тұлғаны дайындап, тәрбиелеу-аса құрметті қоғамдық міндет. Себебі, ел тұтқасын жан-жақты білімді ұрпақ ұстанған шақта ғана өркениет алға дамымақ. Жас ұрпаққа білім беруде, оларды болашақ еліміздің тұтқасы етіп тәрбиелеу-әр ұстаздың, әрбір мектептің ең қасиетті міндеті. Осы міндеттерді орындау мақсатында білім беру саласында да елеулі әрі ауқымды өзгерістер өрістеуде.Осы мақсатта мемлекетіміздің білім сапасын арттыратын түрлі құжаттар қабылданып, бағдарламалар енгізілуде. Білім беруді жаңарту –үнемі алға қарай ұмтылу мен дамыту үрдісі, бұл білім беруде кезең-кезеңімен өтетін және алынған нәтижелерге сәйкес түзету енгізіліп, талданатын өзгерістер. Сонымен қатар білім беруді жаңарту үрдісі салт-дәстүрді, мәдени мұраны, жалпы ұлттық құндылықтарды көздің қарашығындай сақтауды талап ететін тұрақты жүйелерден тұрады. Сондықтан да 12 жылдық оқытуға көшуді жүзеге асыру – оның қажеттілігі мен тиімділігін әр педагогтың, әр ата-ананың саналы түрде түсінуін, қабылдауы мен оған белсенді түрде араласуына мүмкіндік беруді, асқан ұқыптылық пен сезімталдықты қажет ететін үрдіс. Баланы айналаны өз бетімен танып білуге деген табиғи ұмтылысы негізінде құрылған оқытудағы зерттеу тәсілін пайдалану ерекше орын алады. Зерттеуге оқытудың басты мақсаты-адамзат мәдениетінің кез-келген саласындағы іс-әрекеттің жаңа тәсілдерін баланың өз бетімен, шығармашылықпен, меңгеру қабілеті мен дайындығын қалыптастыру. Бала оқытуда зерттеу тәсілін қолданудың қажеттілігі бала болмысының білмекке құмарлығымен, оның қоршаған дүниені зерделеуге деген қызығушылығымен түсіндіріледі.Оқушылардың өзіндік зерттеулері, олардың жеке қажеттіліктері сұраныстарын қанағаттандыруға септігін тигізеді.Сонымен қатар, өзіндік зерттеулер интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерді, ойлау және зерттеу біліктерін дамытуға мүмкіндік береді.Өзіндік зерттеулердің көмегімен оқушылар дүниені тани келе, өздері үшін жаңа білімдерді дайын күйде алмай, өз бетімен ашады. Зерттеушілік жұмыс балалардың өз қызығушылығынан басталады. Оқытудың іске асыру тәсілдерінің бірі-жобалар әдісі, өзінің дидактикалық негізі бойынша шынайы өмірде, тиімді әрекет етуге мүмкіндік беретін қабілеттерді қалыптастыруды көздейтін, білім берудегі құзіреттілік тәсілді қолдайтын технология. 12 жылдық білім беру технологияларының ерекшелік жағы ол жеке тұлғалық қасиеттерге бағдарланған оқыту, проблемалық бағытқа және шығармашылық сипатқа ие, оның басты бағдары-білім беру, жаңа дүниені ашу мен іздену арқылы білімді іс жүзінде қолдану; баланың жалпы және арнайы қабілеттерін дамыту, білім біліктерді игеру мүмкіндіктерімен оларды қолдану жолдарын көрсетеді. Қазіргі кездегі баланың интеллектісіне, дербес ойлауын дамытуға бағытталған, өз бетімен ізденуге даярлайтын жеке жұмыстар көптеп беруге болады. Балаларды мектепке дайындау, мектепке бейімделуін және оқытудың жетістігін қамтамасыз ететін маңызды құрамы психологиялық дайындық компоненттері болып табылады. Баланың жеке тұлғасының даму мәселесін шешу, оқытудың тиімділігін арттыру, балалардың мектепте оқуының дайындық деңгейін дұрыс ескере отырып, жұмыс жасау керек. Интеллектуалдық дайындық – баланың мектепке интеллектуалды дайындық компоненті оның ой — өрісін, нақты білім қорын қарастырады. Жалпы айтқанда, мектепте оқытуға интеллектуалды дайындықтың дамуы былай болады: - Дифференциалдық қабылдау; - Аналитикалық ойлау; - Болымсызға рационалды жақындау (фантазия рөлі); - Есте сақтау; - Білімге қызығушылық; - Ести отырып сөйлеу және түсіну, әр түрлі символдарды қолдана білуі; - Қол қимылдарының, көру, қимыл кординацияларының дамуы. Атақты психолгтардың айтуы бойынша «Бала ойын үстінде қандай болса, өскенде еңбек үстінде сондай болады» дейді. Сондықтан ойын – адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Оқу процесінде ойын технологиясы ерекше орын алады. Ойын технологиясын қолдану – оқушының оқудағы танымдық іс — әрекетін және қалыпсыз жағдайларда өз білімін қолдануға мүмкіндік береді. Дамыта оқыту технологиясы – шығармашылық ойлауға, сапалы дамуға, қиялдауға, есте сақтау,тіл дамытуға бағытталған. Бұл технологияның ерекшелігі: оқығанын пікірсайысқа салу, сабақ құрылымының тиімділігі, дидактикалық ойындар, өзіндік іс — әрекет қарқындылығы, сабақта әр оқушыға өзін — өзі көрсетуге мүмкіндік беретін педагогикалық жағдай құру. Бұл технологияның бір ерекшелігі «жақсы», «жаман» оқушылар деп бөлмей, барлық баланың ой — өрісін дамыту үшін қолайлы жағдай туғызуды мақсат тұтуы. Коммуникативті оқыту технологиясы – сабақта диалогтық және монологтық оқытудағы жағдайды жасайды. Коммуникативтік әдіс оқушылардың танымдық оқу іс — әрекетін ұйымдастырудың негізгі құралы болып табылады. Коммуникативтік әдісті қолдану кезінде қарым – қатынас дағдысы, тұлғаның адамгершілік қасиеті, өзінің ортақ мақсаты тілегіне бағына білуін қалыптастырады. Жоғарыда көрсетілген барлық технологияларды орынды, шеберлікпен қолдана білсе, үлкен нәтижеге жетуге болатынын және жоғары дидактикалық жетістіктерді байқауға болатындығы анық. Осыған орай жеке тұлғаны жан – жақты дамытуда жеке тұлғаға бағытталған сабақ құрылымының технологиясы да,мұғалімге қойылатын талап та өзге болуы тиіс. Жеке тұлғаға бағытталған сабақ дегеніміз – оқушыға деген құрмет, ізгі қатынас, оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері ашылатын, қасиеттері қалыптасатын, мүмкіндіктері жүзеге асырылатын оқыту жағдаяты, «сахналық алаң». Осындай сабақты жобалау және өткізу технологиясы мұғалімді жаңа, бұрын таныс емес кәсіби позицияға қояды: әр баланың жеке даму процесіне,оның тұлғалық қалыптасуына кешенді педагогикалық бақылау жүргізетін, ол бір мезгілде пән мұғалімі де, психолог та болуы тиіс. 12 жылдық білім беру жағдайында мұғалім осы компоненттерге сүйене отырып,әрбір технологияны өздік жолда әдіс-тәсілдермен ерекшелендіріп, өз өмірлік және педагогикалық тәжірибесін пайдаланып, балаларды бірлескен әрекеттерге тартудың әр алуан түрлі әдістерін, өз бойында бар мүмкіндіктерін жүзеге асыруды ықпал етсе, оқушының мінез-құлқында — мінезі, темпераменті, талабы, көзқарасы, талғамы байқалып, үнемі өзін-өзі үйретуі, өзін-өзі тәрбиелеуі, өзін-өзі дамыту, өз іс әрекеттеріне өзгеріс енгізе алуы, өзін үнемі жетілдіріп отыруы және рефлексиялық қажеттілікті талап етеді. Еліміздегі жаңа білім беру реформасы 12 жылдық білім беруге көшу арқылы шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды, «жалпыға арналған білімнен», «білім әркімге өмір бойы» үлгісіне көшуді және әлемдік білім беру кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етуді мақсат етеді. Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасы – жалпы орта білім беру жүйесінің мақсаты, міндеттері, ұйымдастыру ұстанымдары мен бағыттары бейнеленетін негізгі құжат болып табылады. 12 жылдык білім берудін максаты мен күтілетін нәтижелері 12 жылдық білім берудің басты максаты: Өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет