ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В073200 «Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)» мамандығы бойынша «Сертификаттау органдары мен сынақ зертханаларын аккредиттеу» пәнінен ОҚУ-Әдістемелік материалдары


Лекция 11. Аккредиттеу саласындағы нормативтік құжаттар



бет3/4
Дата27.05.2018
өлшемі1,06 Mb.
#41012
1   2   3   4

Лекция 11. Аккредиттеу саласындағы нормативтік құжаттар



Аккредиттеу процедурасына қатысты Ұлттық аккредиттеу орталығының нормативтік құжаттары:

1. СТ РК 7.9-2008 "Нормы времени на выполнение работ по подготовке к аккредитации органов по подтверждению соответствия, испытательных, поверочных, калибровочных лабораторий (центров), юридических лиц, осуществляющих метрологическую аттестацию методик выполнения измерений"

2. Guide ИСО/МЭК 43-1 “Проверка компетентности путем межлабораторных сравнений. Часть-1. Разработка и применение программ проверок компетентности лабораторий” (СТ РК ИСО/МЭК 43-1-2002)

3. Guide ИСО/МЭК 43-2 “Проверка компетентности путем межлабораторных сравнений. Часть-2. Выбор и использование программ проверок компетентности органом по аккредитации лабораторий” (СТ РК ИСО/МЭК 43-2-2002)



Аккредиттеу критерийлерін бекітуші нормативтік құжаттар:

4. СТ РК ИСО/МЭК 17025 -2007 Общие требования к компетентности испытательных и калибровочных лабораторий

5. СТ РК ИСО/МЭК 65-2001 Общие требования к органам по сертификации продукции

6. ИСО 17021-2006 Оценка соответствия. Требования к органам, выполняющим аудит и сертификацию систем менеджмента

7. СТ РК 1349-2005 «Управление трудовыми ресурсами. Органы по подтверждению соответствия персонала».

8. СТ РК 7.6-2003 Требования и порядок аккредитации на право метрологической аттестации методик выполнения измерений



Менеджмент жүйелеріне талаптар бекітуші нормативтік құжаттар:

9. СТ РК ИСО 9001-2001 Системы менеджмента качества. Требования.

10. СТ РК ИСО 14001-2006 Системы экологического менеджмента. Требования и руководство по применению

11. СТ РК 1348-2005 (OHSAS 18001:1999, MOD) Система менеджмента профессиональной безопасности и охраны труда. Требования

12. СТ РК 1352-2005 (SA 8000:2001) Социальная ответственность. Требования

13. СТ РК 1179-2003 Системы качества. Управление качеством пищевых продуктов на основе принципов НАССР. Общие требования

14. СТ РК ИСО 22000-2006 «Система менеджмента безопасности пищевых продуктов. Требования ко всем организациям в цели производства и потребления пищевых продуктов»;

15. СТ РК ИСО 26000- Система менеджмента информационной безопасности. Требования

 

Қолданылатын әдебиеттер:
Негізгі

1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества: Учебное пособие /Под общей редакцией К.А. Тазабекова – Алматы.: Казахстанская ассоциация маркетинга. 2003. – 564 с.

2 Лифиц И.М. Основы стандартизации, метрологии и сертификации: Учебник. – М.: Юрайт, 2000. – 285 с.

3 Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации, метрологии: Учебник для вузов. - 2-е изд., перераб. и доп. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999.– 711 с.
Қосымша

1 «Сәйкестікті растау саласында аккредиттеу туралы» ҚР Заңы. – Астана, 2008

2 ҚР СТ 7.0-99. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Негізгі

ережелер


3 ҚР СТ 7.8-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі.

Сертификаттау жөніндегі органдарды, сынау, салыстырып тексеру және калибрлеу зертханаларын (орталықтарын) тіркеу тәртібі

4 ҚР СТ 7.3-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Сынау

зертханаларына (орталықтарына) қойылатын талаптар

5 ҚР СТ 7.2-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі.

Сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын жалпы талаптар

6 Метрология, стандарттау және сертификаттау негіздері: Оқу құралы

/Г.Х. Шәкібаева, Х.Қ. Оспанов, Р.Р. Сыздықов, Л.И. Сыздықова. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 242 бет.

7 Әубәкіров Ғ. Метрология, стандарттау және өнім сапасын басқару:

Оқулық. – Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1996, - 140 бет.

8 Аубакиров Г.О. Русско-казахский словарь терминов стандартизации и

качество продукции. – Алматы: Казахстан, 1991. –328 с.


Лекция 12. Аккредиттеу нәтижелерін мойындау


Сертификаттау процедурасы енгізілгеннен бері сертификатталған тауарды импорттау үшІн рұқсат алуға жүмсалатын уақыт қыскаратын болды, өнімді қабылдаушы елде екінші рет тексеру (сынау) қажетсіз болатын болды. Мүндағы бір жағдай - сэйкестік сертификатының қабылдаушы мемлекетпен мойындалуы керек. Осыған орай импорттаушы мемлекеттің сэйкестік сертификатының мойындалуы өзара сауда байланыстарын нығайту сайманы болып табылады, яғни халықаралық саудаға жэрдемдеседі.

Сонымен қатар үлттық сертификаттау жүйелерінің көбеюі олардың бір-бірінен ажырасылатынын анық көрсететін болды. Бүл айырмашалактар мемлекетте қабылданған сертификаттаумен байланысты стандарттармен, заңдармен, сертификаттау ережелері жэне процедраларымен байланысты. Осыған орай сертификаттаудың халыкаралык саудадагы екнші ролі -техникалық кедергі екендігі айқындалды.

Сертификаттаумен байланысты кедергілердІң пайда болуы жоғарыда аталған себептерден ғана емес болып табылады. Ішкі ранокты импортталған тауарлардан корғау үшІн мемлекеттер импортталған тауарлар үшін арнаулы сертификаттау жэне бақылау ережелерІн, стандарттарды енгізеді. Бүл шетелдік сертификттарды мойындау тэртібіне эсерІн тигізеді. Бүл жерде тағы да техникалық кедергілер орын алатын болады.

Саудадағы техникалык кедергілер деп тауар алмасушы мемлекеттердің замнамасының, нормалары мен ережелерінІң келіспеушілігін (эртүрі болуын) айтады. Тауар өндіруші эр мемлекетте шығарылатын өнІмдердін және көрсетілетін қызметтердің олардың нормаларға, заңдарға жэне үйғарымдарға сәйкестігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтері жүмыс тстейді (қабылданады).

Сәйкестікті растаудың техникалық жэне әкімшіліктік аспектілері де ажырасады. Басқа сөзбен айтқанда зертханаларда жүргізІлетін оақалаулар әдістерін жэне бақылау, сертификаттау, аккредиттеуді жүзеге асырушы мекемелердің жүмыс істеу принциптерІн жэне олардың қүзыреттілігін бағалауда да айырмашылықтар кездеседі.

Айтылған жағдайлардан саудадағы кедергілер болып өнімге қойылат^н талаптар ғана емес, сынау, сертификаттау жэне аккредиттеуге қойылатын талаптар да табылатынын көруге болады. Соңғысы тек халықаралқ деңғейде гармонизациялау арқылы ғана жоюға болады.

Саудадағы кедергілердің үш түрі кездеседі:



1) заңды күші жоқ эртүрлі үлттық өнеркэсіптІк нормалар. Бүл
нормалардан өнімді импорттау, сату немесе пайдалану тэуелді болып
табылады;

2) әртүрлі мемлекет Ішінде жүмыс істейтін (жүретІн) үйгарымдар. Бүл
үйғарымдар заң бойынша бекітІледі жэне денсаулык сақтау, кауіпсіздік емесе
қоршаған ортаны қорғау мақсатын орындаиды;

3) сертификаттау жөніндегі қосымша сынау эдістері және процедуралары. Бүлар бұйымның ұлттық нормаға немесе үйғарымға сэйкестігін қамтамасыз ету керек.

БүгІнгі күнге дейін кездесетін нормативтік құжаттармен байланысты техникалық кедергілер импорттаушы мемлекетте енгізілетін тауарларды нарыққа қосу процедурасын қайта (екІнші рет) жүргізу арқылы жойылып келедІ. Шығарушы мемлекетте онда жүретін ережелер бойынша бұндай процедуралар жүргІзгеніне қарамастан.

Бұдан басқа, қиыншылықтар ортақ терминологияның болмауынан; сынау


эдістері гармонизацияланбағанынан, сондықтан сынаулар эртүрлі
мемлекеттерду бір-бірімен салыстыруға келмейтін эдістерІмен

жүргізілетінінен туындайды. ЕкІнші жағынан тауарлар мен кһрсетілетін қызметтердің стандарттарға жэне басқа нормативтік құжаттарға сэйкестігін тек қана сынау барысында алынған сандық мэліметтердІң көмегімен растауға болады.

Қазіргі кезде тауар жөнінд ақпараттың көзі болып сертификат немесе сэйкестік БелгісІ табылады. Сертификат (сәйкестік БелгісІ) тауардың қауіпсІздігінің кепілІ болып табылады.

Сондықтан жоғарыда аталған кедергілердің ішінен сынақ нәтижелерін және сертификаттарды мойындамауды ерекше айтып кету керек.

Қолданылатын әдебиеттер:
Негізгі

1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества: Учебное пособие /Под общей редакцией К.А. Тазабекова – Алматы.: Казахстанская ассоциация маркетинга. 2003. – 564 с.

2 Лифиц И.М. Основы стандартизации, метрологии и сертификации: Учебник. – М.: Юрайт, 2000. – 285 с.

3 Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации, метрологии: Учебник для вузов. - 2-е изд., перераб. и доп. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999.– 711 с.
Қосымша

1 «Сәйкестікті растау саласында аккредиттеу туралы» ҚР Заңы. – Астана, 2008

2 ҚР СТ 7.0-99. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Негізгі

ережелер


3 ҚР СТ 7.8-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі.

Сертификаттау жөніндегі органдарды, сынау, салыстырып тексеру және калибрлеу зертханаларын (орталықтарын) тіркеу тәртібі

4 ҚР СТ 7.3-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Сынау

зертханаларына (орталықтарына) қойылатын талаптар

5 ҚР СТ 7.2-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі.

Сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын жалпы талаптар

6 Метрология, стандарттау және сертификаттау негіздері: Оқу құралы

/Г.Х. Шәкібаева, Х.Қ. Оспанов, Р.Р. Сыздықов, Л.И. Сыздықова. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 242 бет.

7 Әубәкіров Ғ. Метрология, стандарттау және өнім сапасын басқару:

Оқулық. – Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1996, - 140 бет.

8 Аубакиров Г.О. Русско-казахский словарь терминов стандартизации и

качество продукции. – Алматы: Казахстан, 1991. –328 с.


Лекция 13. Аккредиттеу нәтижелерін мойындау жөніндегі келісімдер
Өнімді сертификаттау кезінде орын алатын техникалық кедергілерді жою, оның нарыққа үздіксіз түсіп тұруын және сертификаттарға сенімділікту арттыру үшін сертификаттау нәтижелерін және аккредиттеуді өзара мойындау механизмін зерттеп дайындау мәселесі туындады.

Осыған орай ұлттық органдар сертификаттау және акредиттеу бойынша жұмыстарды мойындау процедуралары тағайындалып жүзеге асырылады. Нәтижесінде шетелдік сертификаттау және аккредиттеу жөніндегі органдармен берілген сертификаттар және аккредиттеу аттестаттары немесе оларға тең құжаттар ұлттық органмен мойындалуы мүмкін, егер қолданылатын процедуралар мен талаптар бірдей болса.

Сертификаттаулық кедергілерді жою мақсатында сертификатты шетелде мойындауға елдер арасында жасасатын өзара мойындау жөніндегі келісімдер көмектеседі. Бұл келісімдер сәйкестікті бағалау және оны мойындау процедураларын ауқымдайды. Өзара мойындауға бұдан басқа, өзара ақпарат бері, түсініктеме беру және кеңес беру кіреді.

Мойындау жөніндегі келісім деп бір жақ екінші жақпен берілген сертификаттау жүйесінің бір немесе бірнеше бекітілген функционалдық элементтерін қолдану арқылы алынған нәтижелерді қабылдауында негізделген келісімді айтады.

Импортталатын өнімдерге өз қнімдері үшін қолданылатын режимнен төмен емес режимдердің қолданылу принцибі мойындау жөніндегі келісімнің жалпы принцибі болып табылады. Саудадағы кедергілермен және оларды жою жолдарымен байланысты болып табылатын бұл принцип тарифтер және сауда жөніндегі Бас келісімнің (ГАТТ/ВТО) Ережелерінде де жазылған.

Келісімдер ұлттық, региондық немесе халықаралық деңгейде жасалады және басқа жақтың (жақтардың) қызметін мойындайтын мемлекеттердің санына байланысты бір жақтық, екі жақтық және көп жақтық болады.

Бір жақтық келісім екінші бір жақтың нәтижелерін мойындау болып табылады.

Екі жақтық келісім екі жақтың жұмыстарының нәтижелерінің өзара мойындалатынын көрсетеді (сурет).



А сәйкестікті растау органы
1 - жеткізуші
А мемлекеті В мемлекеті

Сурет. Өзара мойындау жөніндегі екі жақтық келісім


Екі жақтық келісімің кемшіліктері:

  • келісімге отырған мемлекеттердің саны шамалы (екі мемлекетк қана)

  • келісімге отыру және оны күшінде сақтауға көп уақыт және қаржы жұмсалады.

Көп жақтық келісім – екіден көп жақ қатысатын жұмыстардың нітижелерін мойындау жөніндегі келісім.

Еуропалық бірлестіктерде аккредиттеуді өзара мойындау бірлестікке мүшелікке кірумен бірге автоматты түрде пайда болмайды. Мойындау арнаулы келісім, мысалы сертификаттау жөніндегі органдарды өзара мойындау туралы көпжақтық келісім (MLA – Multilateral Recognition Arrangement) негізінде жүзеге асырылады. Өзара мойындау ұйымды, сапа жүйесі мен практикада қолданылатын процедураларды тексеру нәтижесінде осындай келісімдерге қол қойылғаннан кейін ғана орын алады. Тексеру арасына бірнеше жыл өткізіп қайталанатын болады.

Халықаралық практикада көп жақтық келісім (MLA) арнайы құжаттардың көмегімен, мысалы өзара түсінушілік жөніндегі меморандум (MoU – Memorandum of Understanding) арқылы жүзеге асырылады.

Көп жақтық келісімге кіру мүмкіндігін алу үшін, мысалы, мынадай талаптарға сай болу керек:



  • ұлттық аккредиттеуші органның аккредиттеу облысында белгілі тәжірибесі болуы керек;

  • бірегей аккредиттеу критерийлері қолданылуы керек;

  • сынақ зертханаларында жүргізілетін салыстырмалы сынақтар бірдей техникалық базада орындалуы керк;

  • өзара бағалау жұмыстарына қатысу керек; ашық болу керек.

Бұндай келісімдер бойынша қатысушылардың құқықтары мен міндеттері бірдей болуы мүмкін. Бірақ мүмкіншіліктері бірдей болмауы мүмкін. Бұндай жағдайда келісімге қатысушылардың қарым қатынастары дұрыс болмауы мүмкін. Әсресе екі жақтық келісімдерде.

Аккредиттеу жөніндегі Халықаралық форумы (IAF) өзара мойындауды аккредиттеуші органдар деңгейіде жүргізуді ұсынады. Бұндай жағдайда қатысушылардың саны едәуір көп болуы мүмкін (сурет).



А – аккредиттеуші орган; С – сәйкестігін растаушы орган; Ж – жеткізуші
Сурет. Халықаралық өзара мойындау механизмі

Қолданылатын әдебиеттер:


Негізгі

1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества: Учебное пособие /Под общей редакцией К.А. Тазабекова – Алматы.: Казахстанская ассоциация маркетинга. 2003. – 564 с.

2 Лифиц И.М. Основы стандартизации, метрологии и сертификации: Учебник. – М.: Юрайт, 2000. – 285 с.

3 Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации, метрологии: Учебник для вузов. - 2-е изд., перераб. и доп. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999.– 711 с.
Қосымша

1 «Сәйкестікті растау саласында аккредиттеу туралы» ҚР Заңы. – Астана, 2008

2 ҚР СТ 7.0-99. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Негізгі

ережелер


3 ҚР СТ 7.8-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі.

Сертификаттау жөніндегі органдарды, сынау, салыстырып тексеру және калибрлеу зертханаларын (орталықтарын) тіркеу тәртібі

4 ҚР СТ 7.3-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Сынау

зертханаларына (орталықтарына) қойылатын талаптар

5 ҚР СТ 7.2-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі.

Сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын жалпы талаптар

6 Метрология, стандарттау және сертификаттау негіздері: Оқу құралы

/Г.Х. Шәкібаева, Х.Қ. Оспанов, Р.Р. Сыздықов, Л.И. Сыздықова. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 242 бет.

7 Әубәкіров Ғ. Метрология, стандарттау және өнім сапасын басқару:

Оқулық. – Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1996, - 140 бет.

8 Аубакиров Г.О. Русско-казахский словарь терминов стандартизации и

качество продукции. – Алматы: Казахстан, 1991. –328 с.


Лекция 14. Халықаралық ұйымдардың аккредиттеу нәтижелерін

мойындаудағы ролі
Сертификаттау жөніндегі келісімдердің тиімді жұмыс істеуінің алдын ала шарты болып қлттық сертификаттау жүйесінің және оған қатысушы мемлекеттердің техникалық құзыреттілігіне, сенімділігіне өзара сенімдіктің болуы табылады.

Келісімдерде мыналар қарастырылуы тиіс:

- келісімнің ережелері мен міндеттерін қабылдауға дайын басқа елдердің қатысуы үшін ашықтығы;

- импортталатын және елде шығарылатын тауарларды жеткізушілер бірдей жағдайда болуы және тауарлардың стандарттар талаптарына сәйкестігін анықтау режимінің бірдей болуы;

- білікті персонал және жеткілікті сынақ жүргізу базасының болуы. Бұндай жағдай сәйкестікті растау процедурасы келісімнің талаптарына сәйкес келуінің кепілі болып табылады және оған сенімділік тудырады;

- қлттық стандарттарды гармонизациялау (ұлттық стандарттардың өзара гармонияда болуы).

Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясының (БҰҰ ЕЭК) «Сынақ нәтижелерін мойындау» Ұсынымы өзара мойындау жөніндегі екі және көп жақтық келісім жасалуына жәрдемдесу мақсатында қабылданған. Бұл Ұсыным бір жағынан халықаралық және ұлттық сертификаттаудың қалыптасуына және дамуына, екіншіден саудадағы техникалық кедергілердің жойылуына едәуір үлес қосып отыр. Бұл құжат сынақ зертханаларын аккредиттеу практикасының дамуына да үлес қосады.

Бұдан басқа, БҰҰ ЕЭК өзара мойындауды жеңілдететін негізгі шараларды белгілейді. Ең алдымен бұл ұлттық сертификаттау жүйелері, олардың техникалық мүнкіншіліктері, персоналының біліктілігі туралы ақпарат алмасу, сондай-ақ әртүрлі мәселелер туралы бір-бірімен хабар алмасу, бақылау және қадағалау жүйелерімен танысу үшін сарапшылармен өзара алмасу, техникалық және ұйымдық ынтымақтастықты дамыту.

Аталған Ұсынымда сертификаттау жөніндегі құжаттарға қойылатын талаптар белгіленген және олар бар болған жерде халықаралық немесе гармонизацияланған ұлттық және өңірлік стандарттарды қолдану ұсынылған.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) мемлекеттері үшін сертификаттау жөніндегі қызметтің бағыттарын белгілейтін құжат болып 1992 жылы Минск қаласында стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық Кеңеспен қабылданған «Стандарттау, метрология және сертификаттау облысында келісімді саясат жүргізу туралы Келісім» табылады.

Келісімге қатысушылар «Сертификаттау жөніндегі жұмыстардың нәтижелерін мойындау Тәртібі» қабылдаған. Бұл құжат сертификаттау жөніндегі ұлттық органдардың немесе Келісім мүшесі болып табылатын елдердің ұлттық сертификаттау жүйесінде аккредиттелген сертификаттау жөніндегі органдар мен сынақ зертханалырың (орталықтарының) сертификаттау жұмыстарының нәтижелерін мойындау ережелері мен процедураларын бекітеді.

Өзара мойындау шарттары болып табылады:

- мемлекетте аккредиттелген органдардың, сынақ зертханаларының (оралылықтарының) және нормативтік құжаттардың ұлттық жүйесінің болуы;

- сертификаттау жөніндегі органдардың және сынақ зертханалырың (орталықтарының) харықаралық жүйеде аккредиттелген болуы;

- сертификаттау жөніндегі органдардың және сынақ зертханалырың (орталықтарының) Келісімге қатысушы мемлекеттермен құрылған мемлекетаралық жүйеде аккредиттелген болуы.

ТМД мемлекеттері арасында көп жақтық, немесе, егер мемлекеттер оған дайын емес болса, екі жақтық келісімдер жасалады.

Келісімге қолдарын қойған мемлекеттер сертификаттау жөніндегі органдарды, сынақ зертханаларын (орталықтарын), сынау және сартификаттау нәтижелерін, өзара алмастырылмайтын өнімдердің сертификаттары мен сәйкестік Белгілерін өзара мойындау туралы келісті. Нормативтік база ретінде келісуші мемлекеттермен мойындалған (мойындалатын) халықаралық, мемлекетаралық және ұлттық стандарттар қабылданған.

Сертификаттау облысында өзара мойындау туралы келісімдерде анықталады:

- ұлттық аккредиттеу жүйелерінде аккредиттелген сертификаттау жөніндегі органдар және сынақ зертханаларын (орталықтарын) өзара мойындаудың нақты мерзімдері (сроки), жағдайлары (шарттары) және процедуралары;

- өзара мойындау туралы келісім шегінде жеткізілетін өнімнің қауіпсіздігін раьау тәртібі;

- шығарушының және сертификат берген органның өнімнің қауіпсіздігіне жауаптылығы.

Өзара мойындау келісімдеріне сәйкес экспорттаушы мемлекеттердің сертификаттарын мойындау қабылдаушы жақпен шетелдік сертификаттарды мойындау үшін тағайындалған тәртіп бойынша жүзеге асырылады.

Өнімнің сертификаты өнім шығарушы мемлекеттердің стандарттарының міндетті талаптарына сай болған жағдайда мойындалады.

Енгізуші жақ өз терріториясында сертификатталған өнімнің үстінен инспекциялық бақылау құқығын сақтап қалады.

Импорттаушы мемлекетте сертификаттау талаптары бұзылғаны анықталған болса, сертификаттау жөніндегі ұлттық орган өз мемлекеті ішінде сертификаттарды мойындауды тоқтатуға құқылы және ол туралы экспорттаушы мемлекеттің ұлттық сертификаттау жөніндегі органына және стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық Кеңестің техникалық хатшысына мәлімдеме жіберуі керек.

Сертификаттау және акккредиттеу жөніндегі жұмыстарды өңірлік деңгейде реттеу мақсатында стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық Кеңеспн мемлекетаралық нормативтік құжаттар қабылданды. Бұл нормативтік құжаттарда Келісімге кіретін мемлекеттер үшін бірдей біртекті өнімдер топтарын жіне көрсетілетін қызметтердің кейбір түрлерін сертификаттау талаптары мен тәртіптері тағайындалған.


Қорытындап айтқанда, сертификаттау және аккредиттеу жұмыстарының нәтижелерін мойындау немесе өзара мойындау мәселелері былайша шешілуі мүмкін:

- сертификаттаудың халықаралық жүйелеріне және сертификаттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысу арқылы;

- сертификаттау жөніндегі ұлттық органдармен сертификаттарды және сынақ нәтижелерін өзара мойындау туралы келісімге отыру арқылы;

- шет мемлекеттерде техникалық орталықтар ашу арқылы;

Шет елдердің сертификаттау жөніндегі органдарын және сынақ зертханаларын ұлттық сертификатау жүйесінде аккредиттеу арқылы.

Қазақстандық сертификаттардың сенімділігін қамтамасыз ету үшін республикада сертификаттау және аккредиттеу нәтижелерін өзара мойындау механизмі зерттеп дайындалуы керек.

Сенімділік сертификаттау жөніндегі ұлттық органдарында бірегей ережелер мен нормаларды қолданылуымен қамтамасыз етіледі. Бұл бағытта Қазақстанда техникалық реттеу жүйесіне көшу бойынша жұмыстар жүргізіліп отыр. Алдағы уақытта ұлттық заңнаманы және нормативтік құжаттарды қайта қарау және оларды халықаралық талаптармен сәйкестендіру бойынша үлкен жұмыстар жүргізілуі көзделіп отыр.

Қазақстан Республикасының сертификаттау жүйесін жетілдіру бағыттарының бірі болып қазіргі кезде сертификаттау және акктредиттеудің нормативтік базасын халықаралық ИСО, ИСО/МЭК стандарттарының және 4500 сериялы еуропалық стандарттардың EN талаптарына сәйкес өзгерту табылады.

Осы мақсатта Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты ретінде халықаралық стандарттар қабылданған:

- ҚР СТ ИСО 17025-2001 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне жалпы талаптар»;

- ҚР СТ ИСО/МЭК 65-2001 «Өнімді сертификаттау жөніндегі органдарға жалпы талаптар».

Қолданылатын әдебиеттер:


Негізгі

1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества: Учебное пособие /Под общей редакцией К.А. Тазабекова – Алматы.: Казахстанская ассоциация маркетинга. 2003. – 564 с.

2 Лифиц И.М. Основы стандартизации, метрологии и сертификации: Учебник. – М.: Юрайт, 2000. – 285 с.

3 Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации, метрологии: Учебник для вузов. - 2-е изд., перераб. и доп. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999.– 711 с.
Қосымша

1 «Сәйкестікті растау саласында аккредиттеу туралы» ҚР Заңы. – Астана, 2008

2 ҚР СТ 7.0-99. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Негізгі

ережелер


3 ҚР СТ 7.8-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі.

Сертификаттау жөніндегі органдарды, сынау, салыстырып тексеру және калибрлеу зертханаларын (орталықтарын) тіркеу тәртібі

4 ҚР СТ 7.3-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Сынау

зертханаларына (орталықтарына) қойылатын талаптар

5 ҚР СТ 7.2-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі.

Сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын жалпы талаптар

6 Метрология, стандарттау және сертификаттау негіздері: Оқу құралы

/Г.Х. Шәкібаева, Х.Қ. Оспанов, Р.Р. Сыздықов, Л.И. Сыздықова. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 242 бет.

7 Әубәкіров Ғ. Метрология, стандарттау және өнім сапасын басқару:

Оқулық. – Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1996, - 140 бет.

8 Аубакиров Г.О. Русско-казахский словарь терминов стандартизации и

качество продукции. – Алматы: Казахстан, 1991. –328 с.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет