ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Қазіргі мектепте физиканы оқу әдістемесі және астрономияны оқытудың өзекті мәселелері» 5В011000- «Физика» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет1/16
Дата07.11.2016
өлшемі1,58 Mb.
#1209
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СемЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-38.19/03-2014


ПОӘК

«Қазіргі мектепте физиканы оқу әдістемесі және астрономияны оқытудың өзекті мәселелері»

пәнінің оқу-әдістемелік материалдары

№12 басылым

11.09.2014 ж.



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Қазіргі мектепте физиканы оқу әдістемесі және астрономияны оқытудың өзекті мәселелері»
5В011000- «Физика» мамандығы үшін

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ

Семей


2014

Алғы сөз


1. ӘЗІРЛЕНГЕН
Құрастырушы:_____ Мешетова Ж.С., аға оқытушы, физика кафедрасы
2. ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 «Физика» кафедрасы отырысында


« 11 » 09 2013ж., №1 хаттама
Кафедра меңгерушісі, п.ғ.д., профессор С.С.Маусымбаев
2.2 Физика-математика факультетінің оқу-әдістемелік бюросының

отырысында


« 12 » 09 2013ж., № 1 хаттама
Төрайымы Қ.А.Батырова
3. БЕКІТІЛДІ

Университететің Оқу-әдістемелік Кеңесінің отырысында басып шығаруға мақұлданған және ұсынылған



« » 2013ж., хаттама
ОӘК төрағасы Г.К.Искакова
АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛІП ОТЫР

МАЗМҰНЫ
1.Глоссарий

2.Дәріс конспектілірі

3.Пәнді оқуға арналған әдістемелік нұсқаулар

- Лабораториялық сабақтардың нұсқаулары

- СОӨЖ ның әдістемелік нұсқаулары

- СӨЖ ның әдістемелік нұсқаулары



4.Білімдерді бақылау-өлшеу құралдары

1 Глоссарий

Астрономия-аспан денелерін қарастыратын ғылым

Аспан сферасы- центрінде бақылаушы орналасқан радиусы қалауымызша алынған дөңгелек

Астрономиялық координаталар- аспан сферасындағы жұлдыздардың орны анықталатын координаталар

Географиялық бойлық – Гринвич меридианынан шығысқа қарай пункт меридианына дейінгі экватор доғасына тең бұрыш

Географиялық ендік – жер экватор жазықтығынан есептелетін пунктке дейінгі меридиан доғасының бұрышы

N –солтүстік бағыт

S – оңтүстік бағыт

E-- шығыс бағыт

W – батыс бағыт

ZZ – тік сызық

A - азимут

Астронономиялық обсерваториялар – аспан денелерін бақылап зерттеуге арналған мекеме

Эклиптика – Күннің аспан сферасындағы дүние осін айналғандағы жүрген жолы

Тоқырау күндері – эклиптика дөңгелегі мен аспан меридианы дөңгелегінің қиылысу нүктелері

Теңелу күндері – эклиптика дөңгелегінің аспан экваторы жазықтығымен қиылысу нүктелері

Радиоастрономия- аспан денелерінен келетің радиосәулелерді зерттейтін астрономия бөлімі

Құсжолы-оңтүстіктен солтүстікке қарай созылып жатқан қылаң жолақ

Физиканы оқыту әдістемесі – физиканы оқытудың дидактикалық принциптерінің қосымшасы болып табылатын педагогикалық ғылым.

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар – бұл оқу материалының әрбір тақырыбын сабақтар бойынша бөлу.

Әңгімелеу меңгерілетін тақырыпқа жататын іс-жүзіндегі материалды жалғасымдылықпен баяндау.

Түсіндіру мұғалімнің жаңа ақпартты дәлелдеп, негіздеп, талдап түсіндіруі.

Әңгімелесу - оқытудың «сұрақжауап» әдісі.

Оқу эксперименті – бұл сабақта физикалық құбылыстарды арнайы құралдардың көмегімен шығару.

Демонстрация бұл мұғалімнің физикалық құбылыстарды және олардың арасындағы байланыстарды көрсетуі.

Фронтальды тәжірибе – мұғалімнің текелей басшылығынсыз, жазбаша нұсқаулықсыз оқушылардың қандай-да бір практикалық іс-әрекеті (бақылау, өлшеу).

Сыныптан тыс тәжірибелер мен бақылаулар - күнделікті ортада, табиғатта, ауылшаруашылық өндірістерінде оқушылардың үйде орындайтын қарапайым тәжірибелері.

Физика кабинеті – бұл оқу қондырғыларымен, көрнекі құралдармен, оқытудың техникалық құралдарымен жабдықталған өзара байланысты орындар бөлінген мектептің оқу бөлімшесі.

Физикалық есеп – логикалық ойқорыту, физикалық эксперимент және математикалық амалдар процесі қолданлатын физика әдістері негізінде шешілетін кішігірім мәселе.


2 ДӘРІС КОНСПЕКТІЛЕРІ

Тақырып: Орта мектепте физиканы және астрономияны проблемалық оқыту.

  1. Проблемалық оқытудың ғылыми негіздері,оның негізгі функциялары және деңгейлері.

  2. Проблемалық оқыту кезінде оқушылардың ойлау қабілетін арттыру жолдары.

Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс заманындағы нарықтық қатынастардың талабына сай бизнес пен коммерцияның, кооператив пен жеке кәсіпорынның, кәсіпкерлік пен меншіктің әр түрлі формаларын қарқынмен дамытудың қажеттігі болашақ кадрлар жаңалыққа реакциясы жылдам бақылаушылық ебдегейлігі мен стандартты емес ойлау бейімділігі жетілген тапқырлық пен сезімталдықты, шеберлік пен іскерлік қасиеттерді талап етеді. Мұндай экономикалық және әлеуметтік маңызы зор істі мектептен бастап жастарға конструкторлық және өнертапқыштық, шығармашылық негіздерін үйретуіміз керек. Бұған физика сабақтарының мол мүмкіндігін пайдалануымыз тиіс.

Физиканы оқыту әдістемесіне ғылыми- шығармашылық процестің мынандай негізгі құраушылары тиіс:


  • факторларды жинап, талдап, қорыта білуді үйрету;

  • фактілерді интуитифті жолмен нобайлауға баулу;

  • салдарлардан логикалық қорытынды шығаруға тәрбиелеу;

  • оны эксперименттік жолмен тексеруге дағдыландыру;

  • эксперименттік нәтижесін белгілі бір теориялық негізде дәлелдей білуге бағыттау, мұның бәрі әрине, бір сабақты жүзеге асырылмайтынын мұғалім түсінуі тиіс.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда оларға эксперименттік есептер, творчестволық жаттығулар, зерттеушілік зертханалық жұмыстар, тапқырлыққа баулитын қызықты үй тапсырмаларын орындаттыру қажет. Физика сабақтарында және үйірме жұмыстарында ғалымдардың , конструкторлардың, өнертапқыштардың, бизнесмендердің өмір жолы мен теориялық ерекшеліктерімен таныстырып отыруды дағдыға айналдырған жөн. Сонда физиканы оқытудың міндеттерінің де дұрыс шешімдеріне қолайлы жағдай:

а) есеп шығаруға тиімді тәсілдерді дұрыс таңдап ала білуі;

б) физикалық шамалардың өлшем бірліктерін тексере білуі;

в) физикалық заңдардың өмірде қолданылуын түсіндіре білуі және т.с.с. Оқушылардың ғылыми-техникалық ойлауы-физика мен математиканың арасындағы терең байланысты таба білуге, олардың техникада қолдану мүмкіндіктерін алдын-ала болжай білуге, физикалық идеялардан түрлі техникалық конструкциялар мен модель схемаларды жасай білуге үйрету арқылы дамытылады. Бұған шала өткізгіштер мен электр толқын теорияларын мысал ретінде алуға болады, себебі оның негізінде электротехниканың және радио- телевизиялық техниканың қарыштап дамығаны белгілі.

Табиғаттың обьективті заңы-энергияның сақталу және айналу заңы- мектепте оқытылғанда, табиғат құбылыстарының өзара байланыстылығы, материя қозғалысы формаларының өзгеруі, энергияның сақталуы туралы ол заңның негізгі идеясы бүкіл физика курсын «қызыл жіптей көктеп» өтеді. Бұл оқушылардың диалектикалық ойлауын дамытуға қолайлы мүмкіндік туғызуы физикалық құбылыстардың арасындағы байланыстардың себеп-салдарын айқындай білуге үйрету оқушылардың диалектикалық ойлауын дамытуға өте пайдалы әдістемелік тәсіл.

Оқушылардың индуктивтік ойлауы логиканың синтездік тәсілі негізінде дайындалады. Мысалы, балалардың жұқа резеңке шарларын, футбол мен машина баллонының камераларын насоспен үрлеп толтыруы, сабын суы көпіршіктерін шығаруы. Паскаль шарымен тәжірибе жасауы арқылы жеке фактілерді қорытып, Паскаль заңын түсіндіріп, оның тұжырымдамасын береміз.

Анализ (жалпыдан жекеге көшу арқылы талдау) тәсіліне сүйеніп оқушылардың дедуктивтік ойлауын дамытуға болады. Мәселен, Паскаль, Бернулли, Ленц заңдары энергиясының сақталу және айналу заңының дербес түрі ретінде қорытылып шығарылады.

Қазіргі кезде оқыту әдісі деп білім беру мақсатына жеткізерліктей мұғалім мен оқушының өзара бірлесіп жұмыс істеу тәсілдерін түсінеміз.

Оқыту әдісі- білім берудің тәсілдері, ал ондай тәсілдердің түрлі қарекет, жол, әсер ету, амалмен жүзеге асырылатынын аңғарған жөн. Демек, «әдіс», «тәсіл», «амал», «жол», «әсер», «іс-әрекет» деген- термин ұғымдарды мұғалім осындай өзара байланыста түсініп, қолдануы керек.

Оқыту процесінде көп ғасырлар бойы, әсіресе діни оқу орындарында, қатып қалған кітап сөзін өзгертпей тастай қалып жаттаттыру әдісі пайдаланып келгені белгілі. Мұндай әдіспен білім беруде оқу қарекетінің негізгі «жүгі» оқушының иығына қарай аударылған, мұғалім тек тексерушінің ролін ғана атқарумен шектелген.

Физиканы оқыту процесінде кейбір өндіріс орындарына және табиғат құбылыстарына экскурсия өткізу, есеп шығару, демонстрациялық тәжірибелер мен зертханалық жұмыстар жүргізудің әдістемесі жасалына бастады. Мұның нәтижесінде физика сабақтарына көрнекілік және практикалық әдістердің элементтері ендірілді, оқу іс-әрекеттерінде мұғалім мен оқушылардың оқуға деген қызығушылығы мен белсенділігінің артуына мүмкіндік болмады.

ХХ ғасырдың 20- жылдары кеңес мектептерінде физика кешенді әдіспен оқытылды , сабақ бригадалық әдіс бойынша өткізілді. Бұл кезде физикалық білімдер жүйесіз берілді, бригададағы барлық оқушылардың оқу қарекетінің бірдей дамуына мүмкіндік болмады. 40- жылдардан бастап мектеп физикасына ендіріліп, оқушылар өздері демонстрациялық экспериментті, физикалық бақылауларды өз беттерінше орындайтын болды. Оқыту әдістері дамудың белгілі бір деңгейінде тоқырап тұрып қалмақ емес, оны өркениетті қоғамның «мәңгілік» проблемасының бірі деп түсінуіміз керек. Оқыту әдістемесінің жетілдірілген жаңа түрлерін ойлап табу ісімен бүгін де дүниежүзі ғалымдары, педагог- методистері , оқу-ағарту қайраткерлері күнбе-күн айналысуда, әлі де айналыса бермек.

Оқыту әдістері көп тармақтан тұратын, көп компонентті ғылыми-практикалық ұғым. Оқыту әдістерін ғылыми негізде талдау жасасақ, оған әр түрлі тұрғыдан анықтама беруге болады: оқыту әдісі- оқытушы мен оқушының бірлесіп жұмыс істеу тәсілдері; оқыту әдісі-оқу бірігіп атқаратын қарекеті; оқыту әдісі-оқушылардың танымдық процесін және олардың жеке басының дамуын ұйымдастыру формасы. Мұндай тұжырымдардың барлығының көздейтін түпкі мақсаты оқушылардың білім алуының тиімді жолы мен әдіс-амалын анықтау екендігі аңғару қиын емес.

Зертханалық жұмысты орындау үшін оқушыларға мұғалім кейде қысқаша ауызша нұсқау беріп, қалай істеу туралы бағыт-бағдар көрсетеді, екінші бір жағдайда оқытушының айтып отыруымен оқушылар әрекет жасап, физикалық өлшеулер жүргізеді, үшінші бір кезеңде, мұғалім оқушылардың қандай қарекет жасайтынын туралы жазбаша нұсқау береді, төртінші бір вариантты-педагог жұмыстың мақсатын тұжырымдайды, ол бойынша оқушылар өздері соған керекті приборларды таңдап теріп алады. Бұл мысалдағы, лабораториялық жұмыс жасау-оқыту әдісі, ал оны ұйымдастырып жүргізу формалары 4 түрлі методикалық амал болып табылады.

Оқыту әдісінің, әдістемелік амалдан гөрі ірілеу бөлігі-оқыту тәсілі. Мысалы, есеп шығаруда аналитикалық, графиктік, эксперименттік әр түрлі тәсілдер қолданылады. Демек, оқыту әдісі мынандай компоненттерден тұрады: әдіс – тәсіл – амал – операция.

Методикалық амалдар логикалық ұйымдастырушылық, техникалық формалар түрінде жүзеге асырылады. Мысалы, әдістемелік амалдың логикалық формасы-физикалық құбылыстарды, не денелерді олардың ортақ бір қасиеттері мен белгілеріне байланысты топтап-талдау , ұқсас тықтарына қарай салыстыру. Ұйымдастыру формалары-оқушылардың бәрі бір есепті мұғалімнің тақтаға шығаруымен қатарласып шығаруы, әр түрлі есептерді жеке-жеке дидактикалық карточкалар арқылы шығаруы, есептің берілген сандық мәндерін комтьютерге салу; «техникалық» формалары-кейбір физикалық приборларды кластағы оқушыларға танысу үшін сабақ үстінде таратып беру, сабақта әр оқушыны фронтальдық тәжірибе приборларымен қамтамасыз ету.

Мектеп өмірінде оқыту әдістерінің бірнеше түрлері қолданылатыны белгілі, сондықтан оларды классификациялау принциптері де әртүрлі. Оның ішіндегі әзірге дейін ең дұрыс деп қабылданып келген принцип- оқушылардың алатын білім көздеріне және мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жүргізетін қызметіне байланысты классификациялау. Бұл принцип тұрғысынан оқыту әдістері үш түрге бөлінеді:


  1. сөзбен баяндау әдістері;

  2. көрнекілік әдістері;

  3. практикалық әдістер.

Сөзбен баяндау әдістері мұғалімнің ауызша түсіндіруі арқылы жүзеге асырылады. Оқушыларға берілетін білімдердің негізгі көзі мұғалімнің сөзі, ал мұғалімнің қарекеті- сөзбен түсіндіру, оқушылардың қызметі – тыңдау, ойлану болып табылады. Мұғалімнің оқу материалын ауызша сөзбен баяндау әдісі әңгімелеу, әңгімелесу, лекция, түсіндіру арқылы жүргізіледі.

Көрнекілік әдіспен оқу материалын түсіндіргенде оқытушы көрнекі және техникалық құралдарды қолдану арқылы физикалық құбылыстарды, процестерді, денелерді, заттарды көрсетеді, демонстрациялайды, иллюстрациялайды, қолдарына ұстатып, сездіреді. Бұл жағдайда мұғалімнің сөзі тек қосымша рөл атқарады да, оқушылардың алатын білім көзі көрнекі құралдар болып табылады. Мұғалімнің оқыту қызметі көрсету , демонстрациялау, ал оқушылардың сабағы оқу қарекеті- бақылау, эксперименттік фактілерді көріп ойлану, қорытынды жасау, білім қорын байыту. Көрнекілік әдістердің түрлеріне демонстрациялық экспериментті, экскурсияны, схема-плакат , сызу-сурет, коллекцияларды көрсетуді , телевизиялық хабарларды демонстрациялауды жатқызуға болады. Көрнекілік әдіс дидактикалық принципке сәйкес келеді.

Практикалық әдістер физиканы оқыту процесінде лабораториялық жұмыстар, физикалық практикумдар, кластан тыс бақылаулар жүргізіп, есеп шығару кезінде қолданылады. Олар оқушылардың эксперименттік, өлшеу, зерттеу, жалпы еңбектік ебдейліктер мен дағдыларын қалып-

тастырады. Оқушылардың өз бетінше түрлі практикалық жұмыстарды орындауы, ізденіп-ойлануы, есеп шығаруы олардың алатын білімдері мен ебдейліктерінің көзі болып табылады. Бұл жағдайда да мұғалімнің қызметі-жұмысқа түсінік-нұсқау беру, тексеру, қорытынды жасауға жәрдемдесумен шектеледі. Бұл әдістердің ешқайсысын да әмбебап әдістер деп қарастыруға болмайды оларды қолдану мақсаттарының түрлеріне сай келуі тиіс. Сабақта олардың ешбірі «таза күйінде» қолданылмайды, көбінесе олар «аралас формада» қолданылады. Сондай-ақ, сөзбен түсіндіру әдісі көп жағдайда практикалық әдіспен де бірігіп пайдаланылып отырады. Демек, қай уақытты қандай әдістері қалай қолдану – мұға-

лімнің творчестволық ісі, методикалық амал-тәсілі. Мұны творчестволық және жаңашыл мұғалімдердің физика сабақтарында оқыту әдістерін сан алуан құбылтып, көптеген жаңа әдістемелік тәсілдер мен амалдарды ойлап шығарып, пайдаланып, оны әрі түрлендіріп, дамытып жатқаны тағы да дәлелдеп отыр.

Оқу процесін оптималдандыру принципі бойынша Ю.К Бабанский оқыту әдістерін беске бөледі: сөзбен түсіндіру, көрнекілік, практикалық, репродуктивтік, ізденушілік әдістері.

Әрине, оқушылардың өздігінен оқып білім алуына, техникалық құралдар мен компьютерлер арқылы оқуына, творчестволық қабілетін дамытуға, практикалық-шеберлік дағдысына, логикалық ойлауын жетілдіруге үйрету мақсатында оқыту әдістерінің басқа жүйесін зерттеп табудың мүмкіндігі де жоқ емес.

Оқыту әдістерін зерттеу-негізінен дидактиканың міндеті, ал жеке пәнді оқыту, оның ішінде физиканы оқыту әдістемесінің мақсатыфизика мазмұнының ерекшелік сипатына лайықты сабақта оқыту әдістерінің тиімді тәсілдері мен методикалық амалдарын қолданудың жолдары мен формаларын анықтау.

Оқыту әдістерін сабақта пайдаланудың жалпы әдістемесі педагогика курсында түсіндіріледі. Физика сабақтарында көбінесе оқу материалдарын ауызша сөзбен баяндау әдістері қолданылады.

Бұл тәсілде сабақтар әңгімелеу, әңгімелесу, түсіндіру, лекция түрінде өткізіледі.

Әңгімелесу тәсілі бойынша сабақта мұғалім мен оқушылардың сұрақ-жауабы арқылы оқу материалы ауызша баяндалып, түсіндіріледі. Мұны әсіресе эврикалық әңгімелесуді, көп жағдайда кластарда пайдаланған қолайлы.

Диалог түрінде жүргізілетін әңгімелесу тәсілі арқылы:



  1. физикалық заңдар (Паскаль, Ньютон заңдары) түсіндіріледі;

  2. физикалық құбылыстардың (диффузия, электромагниттік индукция) мәні ашылып, көрсетіледі;

  3. физикалық ұғымдар (үдеу, қуат, ішкі энергия қалыптастырылады);

  4. оқу материалдары қайталанып, бекітіледі (қозғалыс мөлшерінің энергиясының сақталу заңдары);

  5. оқушылардың алған білімдері, ебдейліктері , дағдылары тексеріледі (Архимед күші, динамометрмен өлшеу).

Әңгімелесу арқылы өткізілген сабақтарда көбінесе оқушылар тыңдайды, оқу жадыхатын меңгеру процесінде өздері де қатынасады, демонстрацияланған құбылыстарды көріп бақылайды, оның нәтижесінде олардың сабақтағы белсенділігі жоғары болады және сабақтың үстінде бөтен нәрсемен айналысуға мүмкіндіктері болмайды.

Әңгімелеу-оқу материалын сабақта, диалогсыз тек мұғалімнің өзінің үздіксіз сөзбен ауызша баяндау тәсілі. Мұндай тәсілді өте-мөте мынадай жағдайда пайдаланған ұтымды болады:



  1. физикалық заңдар мен жаңалықтың ашылу тарихы мен физик ғылымының өмірбаяны мен оқушыларды таныстыру қажет болғанда (бүкіләлемдік тартылыс заңы, радионы ойлап табу);

  2. ғылым мен техниканың жетістіктерімен, даму перспективалары мен мектеп оқушыларын таныстырғанда (фотоэффект, атом электр станциясы);

  3. физикалық заңдар мен құбылыстардың ғылымда техникада, өмірде қолданылуын түсіндіргенде (спектр анализі, Архимед күші); табиғатта және техникалық қондырғыларда байқалатын физикалық құбылыстарды баяндағанда (конвекция, шала өткізгіштер).

Бұл тәсіл бойынша сабақта ауызша баяндауды оқушылар ұзақ уақыт бойы тыңдаудан жалығады, олардың белсенділігі төмен болады, жалпы еңбектік және политехникалық ебдейліктер мен дағдыларын дамыту мәселелері қалыс қалады. Сол себепті әңгімелесу және де ауызша түсіндіру кездерінде оқу материалдары әртүрлі логикалық формада, қызық, көрнекілік жолмен, олардың практикалық маңызы көбірек ашылып, көрсетілетіндей дәрежеде баяндалуы қажет.

Жоғары кластарда оқу жадыхатын түсіндіру, кейде лекциялық тәсілмен өткізіледі. Лекцияны ғылыми мазмұны терең, логикалық жүйелілігі басым, түсіндіру ұзақтығы көп, баяндауы шапшаңырақ


Тақырып: Проблемалық әдістер және проблемалық әдістердің алгоритмдері.

1. Проблемалық әдістердің алгоритмдері

2.Оқу проблемаларын шешу процесттері.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің бағдарламасына сәйкес оқу жүйесі мен білім беруді жаңаша ұйымдастыру қолға алынуда. Жалпы білім беретін негізгі мектепте жаратылыстану пәндерін оқытуды, оның ішінде физика мен астрономияны оқытуды жақсарту; оның оқулықтарын жазуда түрлі әдістемелік оқу құралдарын, есептер мен түрлі жаттығуларды терең талдай отырып, оқушылар меңгере алатын дәрежеде, міндетті түрде басқа пәндермен кешенді байланыстыра отырып жазу міндеті алға қойылып отыр. Осы күнге дейін орта мектепте оқытылып келген физика және астрономия оқулықтар мен оқу құралдары, негізінен алғанда шетелдік және орыс тіліндегі кітаптардың аудармалары. Сондықтан жалпыға бірдей білім беретін негізгі мектептерді төл оқулықтармен, әдістемелік оқу құралдарымен қамтамасыз ету, олардың сапасын басқа елдердің оқулықтарымен бәсекелесе алатын дәңгейге жеткізу- осы күнгі негізгі талаптардың бірі. Оқушылардың санасында физика пәні адам мен техника және табиғат туралы біртұтастық түсінік қалыптастырып, өзінің маңызды міндеттерін атқаруда. Алайда оның жеке пән ретіндегі мүмкіндіктерінің шектелі екендігін баршамызға аян. Сондықтан да, табиғат құбылыстарын, техникалық феномендерді тереңірек пәнаралық негізде, жалпы теориялық тұрғыда зерттеп қарастырудың қажеттілігі туындап отыр. Осы талаптарды зерттеу нәтижелері көрсетіп отырғандай нақты оқу пәндері ғана жүзеге асыра алады.

Осындай оқу пәні ретінде "Физика және астрономия" интеграцияланған курсын атауға болады.

"Физика және астрономия" оқу бағдарламасында (7-10 сынып) физиканың маңызды тарауларының материалдары да, астрономия элементтері де бір-біріне негізделе біріктірілген, әрі толық аяқталған курс түрінде берілген. Курстың мазмұнына қоршаған орта туралы жалпы сипаттама, сонымен қатар Ғаламшарлардың құрылысы және әр түрлі табиғат құбылыстары туралы деректер, физикалық, астрономиялық ұғымдар енгізілген. Оқушылардың зерттеу әдістері мен физикалық шамаларды өлшеу тәсілдерін меңгеруі, құралдар мен құрылғыларды оқып танысуы, алған білімдерін оқу әрекеті барысында пайдалана білулері де қарастырылған.

Жалпыға міндетті негізгі мектептің 7-9 сыныптарына арналған "Физика және астрономия" жаңа оқулығының ең басты ерекшеліктері мыналар:

1.Біріншіден, табиғат туралы ғылымның сүбелі салаларын құрайтын физика және астрономия білім берудің отандық тарихында тұңғыш рет бір оқу пәніне бірігіп отыр;

2. Екіншіден, бұр оқулықта білімді құрғақ жаттап қабылдау амалы емес, оны өз бетімен ғылыми ізденіп табу жолына басым көңіл бөлінеді;

3.Үшіншіден, оқулық адамзаттың, оның ішінде қазақ халқының тарихи деректер даму үрдісімен шебер байланыстырылған. Оқулықтағы тарихи мәліметтер оқушыларды ұлтжандыққа тәрбиелеп, ұлттық дәстүрлерді білуге және оны ары қарай дамыта білуге ұйтқы болады;

4.Төртіншіден, оқулықтың құрылымы негізінен өтілетін тараулардың базалық ғылымдағы орнына қарай, яғни материя қозғалысы формасының күрделену тәртібі бойынша анықталған;

5. Бесіншіден, оқу материалдарын баяндау, оқушылардың қабылдауы мен даму ерекшеліктерінің ескере отырып көп деңгейлік негізде құрылған.

"Физика және астрономия" курсының жаңа оқулығы мұғалім мен оқушының шығармашылық бірлікте жұмыс істеуін талап етеді. Оқу-тәрбие үрдістерін оқушы мүддесіне бағындыру талабынан жаңа оқулықтың үшінші ерекшелігі туындайды. Яғни тек оқулық қана емес, оқу-әдістемелік кешендерге кіретін дидактикалық материалдар да, есептер мен жаттығулар жинақтары да оқушының ой- өрісін белсенді дамытуға негізделіп, көп деңгейлі жүйе ретінде қаралған. Себебі, оқу материалдарын көпдеңгейлі құрудың ғылыми негізін оқушылардың ой-рісін бірте-бірте баспалдақтап көтеру жайлы психологиялық теория құрайды.

Қорыта айтқанда, 7-10 сыныптарға арналған "Физика және астрономия" оқулықтарында оқушыларды шығармашылыққа, өз бетімен іс-әрекет етуге бағытталған тапсырмалар саны көбейгенде ғана, өз пікірін айта алатын, оны дәлелдей білетін, өмірге деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, үнемі ізденіс үстінде болатын, қоғам дамуына үлес қоса алатын, жан-жақты жетілген жас ұрпақ өкілдерін дайындай аламыз.



Тақырып: Физика және астрономия сабақтарында сапалық есептерді шығару

  1. Физика және астрономия сабақтарында сапалық есептерді шығару жолдары

  2. Сапалық есептер - проблемалық ситуацияларды тудырудың құралдары мен жолдары.

Қоғамдағы түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесін жаңартуда көптеген жаңалықтар енгізді. Мектептің ғылыммен байланысын нығайту, білім берудің жаңа идеялары мен технологияларын, білім берудің жаңа мазмұнын ашу, яғни , мектептегі білім берудің өздігінен даму механизімінің қайнар көзі мұғалімдердің шығармашылығында екендігі айқындалды.



Физикалық есептердің түрлері.Физика есептері мазмұны мен дидактикалық мақсаттарына сай алуан түрлі. Оларды түрлі мазмұндағы көптеген есептер үшін неғұрлым типтік қасиеттерін бейнелейтін әртүрлі белгілеріне қарай классификациялауға болады.Методикалық әдебиетте осы мәселеге байланысты түрлі көзқарастар кездеседі,бұл оның жеткіліксіз зерттелгенін көрсетеді.

Бұл мәселені қарастырғанда есептерді классификациялау,басқа да ғылыми ұғымдар сияқты, түрлі белгілеріне қарай –классификацияның мақсатына байланысты жүзеге асырылатынын ескеру керек.Атап айтқанда, есептер былай классификациялануы мүмкін:

ондағы қамтылған информацияның берілу тәсілі бойынша;

есептерде қамтылған ақпараттың берілу тәсілі бойынша;

шығарудың негізгі тәсілі – есепте қойылған сұрақтың жауабын табу бойынша;

мазмұны мен басқа белгілері бойынша классификацияланады.

Классифмкациялау мақсаты түрліше болуы мүмкін.

Физикалық есептерді айтылу тәсіліне қарай төрт түрге бөлуге болады:

мәтіндік;

эксперименттік;

графиктік;

сурет-есеп.

Олардың әрқайсысы өз кезегінде сандық (немесе есептеу) және (немесе сұрақ-есептер) болып бөлінеді. Сонымен қатар есептің негізгі түрлерін қиындық дәрежесіне қарай оңай және қиын, жаттықтыру есептері мен шығармашылық есептер және басқа типтерге бөлуге болады.

Физиканы оқыту процесінде мәтіндік есептер жиі қолданылады. Бұл есептер – шартты сөзбен берілген, дәлме-дәл, шартында физикалық тұрақтылардан басқа қажетті мәліметтер бар есептер. Шығару тәсілдеріне қарай оларды сұрақ есептер және есептеу есептері деп бөледі.



Сұрақ-есептер – бұл шығару кезінде қандай да бір физикалық құбылысты түсіндіруге (есептеулерді орындамай) немесе белгілі бір жағдайларда құбылыстың қалай болып өтетініне болжам жасауды қажет ететін есептер. Әдетте, мұндай есептердің мазмұнында сан мәліметтер болмайды. Мысалы,

№1. Стратонавттың айтуы бойынша, арнайы құралдардың көмегінсіз стратостаттың көтерілгенін немесе төмендегінің, жалпы қозғалып бара жатқандығын анықтау мүмкін емес. Неліктен?

№2. Жолға, вагон қабырғаларына қарағанда қозғалып бара жатқан вагонның қандай бөліктері қозғалады және қандай бөліктері тыныштықта болады?

№3. Тоқтап тұрған автомобильдің қасынан бірдей жылдамдықпен келе жатқан тракторлар калонасы өтіп бара жатыр. Әрбір трактор басқа тракторларға қарағанда қозғала ма? Автомобиль тракторға қарағанда қозғала ма?

Сұрақ –есептерді шығару кезінде есептеулердің болмауы оқушылардың назарын есептің физикалық мағынасына аударуға мүмкіндік береді. Қойылған сұрақтарға жауаптарды негіздеу қажеттігі оқушылыларды пайымдауға,физикалық зандардың мәнін тереңірек ұғынуға үйретеді.

Сұрақ-есептерді шығару,есептің графиктік материалы болатын жағдайларынан басқасында, әдеттегідей, ауызша орындалады. Жауаптар суреттермен де берілуі мүмкін. Мысалы, мына есепке жауап тек суретпен беріледі: «Тығыздығы шар затының тығыздығынан екі есе артық болатын сұйықтың бетінде жүзіп жүретін шардың суретін салыңдар».

Сұрақ-есептер мен сурет-есептер тығыз жалғасады. Бұларда сұраққа ауызша жауап беру немесе есепке қойылған сұраққа жауап болатын суретті салу талап етіледі. Мұндай есептерді шығару оқушылардың зейінің, бақылағыштығын және графиктік сауаттылығын дамытуға әсер етеді.

Сапалық есептер-оқушыларды сапалық есептерді саналы шығару дағдысын тәрбиелеу үшін, мұғалімнің белгілі бір жүйесі және ойластырылған оқыту әдістемесі болуы керек. Есепті дұрыс таңдаудың маңыздылығы да аз емес. Есептің алғашқы кездерінде оқушылардың өз тәжірибесінен белгілі құбылысқа немесе фактілерге түсінік беруі жүйелі енгізілсе, оқушылар өмірімен байланысты көреді. Ұсынылатын есептердің танымдық және тәрбиелік мағынасы артады.

Оқушылардың политехникалық ой өрісін кеңейту мақсатында 7-сыныптан бастап-ақ есептің шартына оқушылар үшін жаңа деректерді, техникалық мәліметтерді енгізген дұрыс. Есептерді таңдап алуда мектептің айналасындағы өндірістің сипатын және жергілікті жағдайларды ескерудің маңызы үлкен.

Сапалық есептердің шығару негізінен үш кезеңнен тұрады: шартын оқу, есепті талдау және шешу.

Есеп мазмұнын талдау кезінде ең алдымен оқушылар берілген тақырыптағы белгілі ортақ заңдылықтарды пайдаланады: осыдан кейін есептегі айтылған құбылыс қалай нақты түсіндіріулі керек екенің айқындайды. Сапалық есептерге шарттың талдауы негізделген керекті жауаппен тығыз байланысты.

Мұғалімнің кәсіби қызметі жүйесіндегі қазіргі білім беру технологиясының алатын орны ерекше, себебі әрбір педагог жаңа технологияны меңгеру барысында жақсы бір жетістіктерге жетеді, өзінің кәсіби білім деңгейін кеңейтеді және көтереді. Қазіргі кезеңде оқу дәрежесі мына өзгерістерді қамтиды:

- адамның танымдық қызметінің белсенділігін игеруге бағытталуы;

- жеке тұлғаның сұранысы және қажеттілігі білім үрдісіне қарай ауысуына;

- оқытудың жеке оқушыға бағытталып, мүмкіндігін ашуға жол беруі.

Заман ағымынан қалмай ілгері жүру мақсатында ақыл-ойдың алыбы ұлы Абайдың "Ғылым іздеп, дүниені көздеп, екі жаққа үңілдім" дегеніндей, тез жетілудің амалын, әдіс-тәсілдерін іздестірген абзал. Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа жолдары мен әдіс-тәсілдері, үздіксіз үрдістері, жаңа жобалары озық елдерде жасалынып, қолға алынып жатқан мәлім, ендеше болашақ физика пәні мұғалімін даярлауда, оқытуда бізге де ғылыми басқару әбден қажет.

Бұл физика пәнінен білім беру жүйесін жүйелі түрде жаңарту деген сөз. Жүйелі жаңартудың мақсаты білім берудің жеке тұлға мәртебелілігін нақтылаудың дидактикалық, әдістемелік механизмдерін негіздеуді қажет етеді. Осы бағытта еліміздің жалпы физика пәнінен білім беру саласында жүріп жатқан жаңартулардың нәтижелілігі мұғалім қауымының ғылыми дүниетанымының кеңдігіне, рухани дүниенің баюына, кәсіби әрекетінің жаңаша ұйымдастыруына байланысты.

Болашақ физика мұғалімдерінің кәсіби дайындығы жоғары оқу орындарының қабырғасынан басталады. Сонымен қатар болашақ физика мұғалімі аталған білімдерді өздері меңгеруімен бірге оқушыларға үйретудің де теориясы мен әдіс-тәсілдерін білуі тиіс. Бұл жағдай оқушылардың логика-методологиялық білімдерін жетілдіру мақсатында болашақ физика мұғалімін әдейі арнап дайындау арқылы оқушыларға терең және жүйелі білім қалыптастыруға, олардың жасампаздық белсенділігін одан әрі дамыту үшін астрономиядан сабақ беру барысында әртүрлі жаңа технологияларды, инноовациялық әдістерді енгізу керек. Солардың бірі- астрономиядан сапалық есептерді көптеп шығарту болып табылады.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет