ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Бухгалтерлік есеп және аудит» пәні бойынша 5В0



бет7/17
Дата21.04.2017
өлшемі3,88 Mb.
#14359
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17

Операциялар мазмұны


Дебет

Кредит

1

Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өнім, жұмыс, көрсетілген қызмет үшін шотты төлеу сомасына

1030

1210

2

ҚОРЛАР мен жабдықтағаны, орындалған жұмыс және көрсетілген қызмет үшін алынған аванстар

1030

3310

3

Аккредетивтің лимиттік чек кітапшаларының пайдаланылмаған сомасы есеп/шотқа жазылды

1030

1070

4

Құрылтайшылардан Жарғы капиталына салым ретінде ақшалай қаражат түсті

1030

5020

5

Еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалармен борыш өтелді

1030

1250

6

Артық аударылған соманың орнын бюджет толтырылды

1030

2940

7

Қолма-қол ақшамен жарна туралы хабарландыруға №1 түбіртек. Өткізілген өнім үшін түсім есеп шотқа тапсырылды

1030

1010

8

Банк мекемелерінен алынған кредит есеп/шотқа есепке жазылды

1030

3010

9

Занды және жеке тұлғалардан қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік қарыздар алынды

1030

6260

10

Инкассатор арқылы берілген ақшалай қаражат есепке қосылды

1030

1030


Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Ақшалай қаражаттың есебі қай шот бойынша жүргізіледі

  2. Ақшалай қаражаттың есебі мазмұнының мақсаты мен атқаратын міндетін түсіндіріңіз.

  3. Ақшалай қаражаттың есебі міндеттерін атап, бұларға қысқаша түсінік беріңіз.

  1. Кассадағы нақты ақшалар қандай құжаттармен реттеледі?


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Ә.Әбдіманапов «Қаржылық есеп» Алматы, 2007ж., 544-бет.

  2. Әбдіманапов Ә., Раимов С. Бухгалтерлік есеп принциптері және қаржылық есеп беру. Алматы 2005.

  3. «Бухгалтерлік есеп стандарттары» Аламаты, 2010.

  4. Кеулімжаев Қ.К. "Қаржылық есеп" Алматы, 2001.

Кеулімжаев Қ.К. «Корреспонденция счетов». Алматы, БИКО 2010
6-тақырып. Қорлар мен дайын өнімнің есебі
Дәріс мақсаты: материалдардың бірыңғай номенклатурасы мен жоспарлы есеп айырысу бағасын белгілеу, құжат айналымының дәл жүйесін белгілеу және материалдарды есепке алу мен есептен шығару операцияларының тәртібін пайдалану


  1. Қорлардың түрлері мен жіктелуі.

  2. Қорлардың бағалануы.

  3. Қорларды өзіндік құны бойынша бағалау әдістері.

  4. Қорлардың кіріс және шығыс операцияларын құжаттау




    1. Қорлардың түрлері мен жіктелуі.

Қорлар-өндіріс циклінде қолдатын әр түрлі еңбек заттары. Олар өндіріс процесінде тұтынылып, өзінің құнын өндіретін өнімге толығымен аударады. Тауарлы-материалдық қорларға мыналар жатады:

-шикізат, материал, сатып алынған жартылай фабрикаттар құрамдас, құрылғылармен тетіктер, отын, ыдыс(қап, қорап,жәшік т.б.) және ыдыс материалдары, қосалқы бөлшектер, өндірісте қолдануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындау арналған басқа да материалдық қорлар:

-аяқталмалмаған өндіріс;

-субъектінің іс-әрекеті сатуға арналған дайын өнімдер, тауарлар.

Материалдар есебін дұрыс ұйымдастыру ғылыми-негізделген жіктемені, есеп бірлігін талдау мен бағалау өте маңызды. Қорлар тағайындалуына қарай былайша жіктеледі:

-негізгі материалдар шығарлатын өнімге заттық негіз жасап, оның материалдық негізін (ұн-нан пісіргенде, тері аяқ-киім тіккенде, ағаш-жиһаз өндірісінде) құрайды;

-көмекші материалдар өнлірілетін өнімге белгілі бір қасиеттер дарытады(мысалы, бояулар,желімдер лактар және т.б.).

Есеп берудің халықаралық стандарттарына сәйкес қорлар екі өлшемнің ең кішісімен өзіңдік құнның және өткізудің таза құнымен бағалануы тиіс.

Қорлардың өзіндік құнына қорларды қазіргі тұрған жеріне дейін жеткізуге кеткен шығындар мен өңдеуге, алуға жұмсалған шығындар кіреді. «Тауарлы-материалдық қорлар» есебі бухгалтерлік стандарттарына сәйкес алуға кеткен шығындарға сатып алу бағасы, шеттен әкелу бажы, жабдықтаушы бұйымдар төлеген делдалдық (комиссиялық) сыйақылар, көліктік-дайындау шығындары қорларды алуға тікелей байланысты басқа да шығындар (саудалық жеңілдіктер, артық төлеуді қайтару жіне т.б. осындай түзетулер алу шығындарын анықтаған кезде қоса есептеледі) кіреді.

Материалдар алу сәтінде нақты құны (синтетикалық есепте) немесе есептік баға (аналитекалық есепте) бойынша көрсетіледі.

Материалдарды алудың нақты құны субъектінің осы қорларды дайындау мен жеткізу шығындарын және сатып алу бағасынан құралады.

Есептік бағалар (жоспарлы өзіндік құны орташа сатып алу бағасы мен және т.б.) бойынша материалдарды есептеуде есептілік баға ретінде қорлардың құны мен қор алудың нақты құны арасындағы айырма осы шоттағы есептеу арқылы айқындалады.

Баланста материалдар есебі нақты құн бойынша көрсетіледі, осы баға бойынша олар синтетикалық есепте, ал аналитикалық есепте-тұрақты есептік бағалармен (келісім-шарттық немесе жоспарлы-есептік) есептеледі.

Егер материалдарды есептеу келісім-шарттық бағалар бойынша ұйымдастырылса, онда олардың нақты құны осы бағалар бойынша материалдар сомасына қосу көліктік дайындау шығындары қосылып шығарылады. Бухгалтерлік есеп стандартқа сәйкес көліктік дайындау шығындары құрамына жабдықтау-өткізу ұйымдарына төленген үстеме бағалар, барлық қосымша алымдармен бірге жүкті тасығаны үшін кіре ақы төлемі, субъектінің қоймасына материалдарды жеткізу шығындары, дайындау орындарына арнайы ұйымдастырылған арнайы дайындау кеңселерін, қоймалар мен агенттіктерді ұстауға арналған шығындар, материалдарды алумен байланысты (жабдықтаушылардан жүк жеткізгендігі субъектінің жүргізушілері, жүк тиеушілері) және іс-сапар шығындары кіреді.

Егер материалдар есебі алудың жоспарлы өзіндік құны бойынша жүргізілсе, онда қорлардың нақты өзіндік құны осы бағалар бойынша материалдардың құнына қосу, есептік бағалар бойынша құнынан алу нақты өзіндік құнның ауытқулары есептелініп шығарлады. Жоспарлық-есептілік бағаларды көліктік дайындау шығындары жоспарлы мөлшердегі есепке алынған келісім-шарттық бағалар негізінде субъектінің өзі жасайды.

Егер қорлар есебі жоспарлы-есептік бағалар бойынша олардың құнынан матеиалдардың нақты құнының ауытқушылықтарын жекелей есептеп, жоспарлы-есептік бағалар бойынша ұйымдастырылса, мұндай жағдайда субъект жоспарлы-есептік бағаларды материалдық құндылықтардың атауы, түрлері және топтарына орай, сол шекте белгілейді, ал ауытқулар өндірістік қор түрлері бойынша есептеледі және ай сайын материалдарды пайдалану есеп шотына, жұмсалған және босатылған материалдардың (көліктік дайындау шығындары мен ауытқуар талдаушы есеп шотарында жекелей ескерледі) үйлесімді (пропорционалды) жоспарлық-есептік құны есебі объектілеріне есептен шығарылады.

«Тауарлы-материалдық қорлардың өзіндік құнына: қорларды алуға жұмсалған шығындар, олардың қазіргі тұратын орнына жеткізуге байланысты көліктік дайындау шығындары кіреді».





  1. Қорлардың бағалануы.

Өндіріске босатылған материалдар құның анықтаған кезде «Қорлар есебі» «Қорлар» ұсынған бағалау тәсілдері қолдануы мүмкін:



Фифо-есепті кезең соныңда есепте тұрған материалдардың құнын ескеріп есепті кезеңде алғашқы сатып алудың өзіндік құны бойынша материалдарды есептен шығаруды болжайды. Яғни алдымен есепті кезең соныңда пайдаланылмаған өзіндік құн анықталады.

Орташа өлшемді құн бойынша-есепті кезеңде қозғалысы болған әрбір түрдің, есепті кезең соңында қолданылмағандардың да, өндіріске босатылғандардың да бірлік орташа құнын есептеулер мен анықтауларды қолдануға негізделген.

Ерекше теңестіру (идентификация), ұқсастыру - әдетте өзара бірін–бірі ауыстырмайтын және арнайы жобалар, тапсырыстарға арналған тауарлық-материалдық қорлар бірлігінің өзіндік құны есептеледі (жұмсалған материалдарды бағалау маұсатымен әрбір партияны түгендеуді өткізуге жалғасқан, материалды партиялық есептеуді ұйымдастыру мүмкіндігі бар болса, қолданылады).

Шаруашылық жүргізуші субъектінің әр түрлі тәсілдерді таңдау, қорларды бағалау мүмкіндігі бар, бірақ тәсіл таңдалғаннан кейін ол дәйекті түрде бір есепті кезеңнен соң екіншісінде қолдануы тиіс. Алайда материалдың түрі үшін бір ғана тәсілді қолдануға болатыны есте ұстау қажет. Бағалау тәсілдерін таңдауды субъектінің есеп саясаты белгілейді.


3 Тауарлы – материалдық құндылықтарды әдістер бойынша есептеу
Кәсіпорындар өз қоймаларына (мұнай қоймасы, мұнай базалары) мұнай өнімдерін құндылықтарын бepiп тұру жөніндегі шарттарға сәйкес тауарлы-көліктік жүк накладнойы бойынша алады, оларда мыналар көрсетіледі мұнай өнімдерінін атауы, олардың тығыздығы, температурасы, массасы (салмағы) мен көлемі (литрмен). Мұнай өнімдерінің әртүрлі түрлерін талон бойынша бөлшек саудада сатуын ұйымдастырады. Алынған мұнай өнімдері мен талондардың құнына 1312 «Отын» шоты мен «Қоймалардағы мұнай өнімдер» аралық шоттары дебеттеледі 3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шоты кредиттеледі Талондардың орнына бензин мен басқа да мұнай өнімдерін беру лимиттік-жинақтама карталары бойынша, бұрын төленген ақы eceбiнен шот беру (май құю станцияларындағы автоматтар арқылы) жолымен және басқа да тәсілдерімен жүргізіледі.

«Қоймалардағы мұнай өнімдері» деген аналитикалық шотта мұнайдың қоймаларында, май құю пунктерінде (тұрақты, жылжымалы) жанар және жағар материалдардың (ЖЖМ) барлық түрінің болуы мен қозғалысы есепке алынады.

Жанар-жағармай материалдарды босату лимиттік-жинақтама қарталары, накладной немесе автокөлікке май кұю ведомостары бойынша жүзеге асырылады. Босатылған жанар-жағармай материалдар құнына 1312-шоты кредиттеледі және мынандай шоттар дебеттеледі.: «Көлік құралдарының бактарындағы отын» аналитикалық (талдамалық шоты)-жүргізушілерге, тракторшылаға және машинистерге жанар-жағармай материалдарды босатылғанда; 8021, 8031 «Материалдар» жанар-жағармай материалдарды машиналар мен жабдықтарды ағымдағы жөңдеуге, техникалық жағынан күтуге және ұстауға босатылғанда.

«Көлік құралдарының бактарындағы отын» деген аналитикалық (талдамалық;) шотта жүргізушілер, тракторшылар, машинистер тікелей мұнай қоймаларынан немесе кәсіпорынның май құятын орындарынан алынған бензин мен дизель отыны, сондай-ақ талондар түрінде есепке алынған отындар есепке алынады. Бензин мен дизель отынының жол парақтары мен көлік құралдарына, машиналар мен тетіктерге май кұю (талон бойынша отынды коса алғанда) туралы құжаттардың деректерімен салыстырылған мұнай өнімдерін беруді есепке алу ведомостарының негізіндегі құны «Қоймалардағы мұнай өнімдері» және «Талон бойынша мұнай өнімдері» талдамалық шотының кредитінен және «Көлік құралдарының бактарындағы отын» талдамалық шотының дебетіне; негізгі құралдарды, машиналар мен тетіктерді пайдалануға жұмсалған жанар-жағармай материалдардың құны-1312 шотының кредитінен 8011, 8021, 8031 және басқа шоттарының дебетіне есептен шығарылады. Өндіріс шығыстарына отынды есептен шығаруға тракторшы-машинистердің жол қағаздары мен отын шығысы туралы есепке алу қағаздарының жинақтаушы тізімдемелерінде қорытындыланған деректер негіз болады. «Көлік құралдарының бактарындағы отын» талдамалық шотта есепке алынған, көлік құралдарының, машиналар мен тетіктердің бактарында айдың аяғында қалған отынның қалдығы жүргізушілерде, тракторшылар да, машинистерде бар отынға сәйкес келуге тиіс. Деректердің сайма-сай келуін тексеру үшін «Көлік құралдарының бактарындағы калдықтарын алу актісі» арқылы жасалады. Бухгалтерия «Көлік құралдарының бактарындағы отын» деген талдамалық шоттағы жанар-жағармай материалдарды ішкі бөлімдер мен тұтастай кәсіпорын бойынша есепке алуын ұйымдастыру керек. Бұл үшін жанар-жағармай материалдардың әp6ip маркасына карточка ашылады, оған отынның қалдықтары мен қозғалысы (саны құны) туралы деректер еңгізіледі.

Бухгалтерлік есепте жанар-жағар материалдардың шығысының нормативтік деңгейін маршрут (жол) парағының негізінде есептейді. Ол үшін спидометр көрсеткіштері бойынша бip жұмыс күнінде жүрген (жүріп өткен) жолын анықтайды. Күнделікті жүріп өткен жолын барлық жұмыс күндеріндегі күнделікті жүрген жолын, яғни маршрут парағында көpiнic тапқан көрсеткіштерін қосып, есептік кезең бойында жүріп өткен жолын анықтайды. Содан соң бүкіл жүрген жолына қажет майдың мөлшерін есептейді Майдың шығысы сызықтық норма шығысына сәйкес етіп есептелінеді. Аталған норма автомобильдің маркісіне және басқа да факторларына тәуелді болып келеді. Ол үшін сызықтық норманың үш түрі пайдаланады:

-базалық норма, 100 километр журген жолына есептелген нормасы;

-транспорттық жұмысының 100 ткм есептелген нормасы;

-жүкпен жүрген жолына есептелген нормасы.



Бірақ базалык нормаларына біршама түзетулер еңгізілуі мүмкін, өйткені олар әртүрлі факторлардың себеп салдарынан: не көбеюі, не азаюы мүмкін. Норма көбеюі мүмкін, егер де:

-автомобиль теңіз деңгейінен жоғары, яғни таулы жерлерде жұмыс icтece;

-қалаларда жұмыс істесе, оның халқы миллионнан артық, болса, онда норма 10 %-ке дейін өседі;

-жүкті арту және түсірумен байланысты технологиялық тоқтаулар қажет ететін болса, онда норма 10 %-ке өседі

-жүкті арту және түсіруіне байланысты технологиялық тоқтаулар қажет ететін болса, онда олардың нормасы 30 % дейін көтерілуі мүмкін асып кететін болса, онда олардың нормасы 35% дейін көтерілуі мүмкін.

Норма азаюы мүмкін, егер де:

-жүретін жолдың, категориясы жоғары болса, онда 15% дейін;

-автобустар пайдалану кезінде тапсырыс бойынша, яғни тұрақты маршрутта жұмыс істемесе, онда оның нормасы 10% дейін азаяды.

Егер де осы аталғандардың басым бөлігі қабат келсе, онда сызықтық, нормасы бойынша есептен шығарылады.



Есептен жанар-жағармай материалдарды шығарған кезде белгіленген норма шегінде шығарылады.

Қалған барлық жағдайда жанар-жағармай материадардың артық жұмсалуына рұқсат етілмейді. Егер де ондай артық жұмсалу фактісі автомобильдің техникалық жағдайымен байланысты болса, онда оны жөңдеу және техникалық қызмет көрсету шаралары ұйымдастырылады. Ал егер де жүргізушінің кінәсінен болса, онда артық жұмсалған жанар-жағармай материалдары, олардың жалақысынан ұсталады, бipaқ жалақыдан ұсталатын ұсталымдардың деңгейі 20 % аспауы керек.

Жанар-жағармай материалдары артық жұмсалған бөлігін бухгалтерлік есепте келесі жазулармен рәсімдейді:

-егер де артық жұмсау техникалық жағдаймен байланысты болса 7210-шоты дебетке келіп, 1312-шоты кредиттеледі де, ал 3130 шотының дебетінде және 1420 шотының. кредитіндегі сомасы қызыл жазумен жазылады, ал 7210 щотының дебетіндегі және 1420 шотындағы сомасы кәсіпорынның шығысына шығарылады;

-егер де жанар-жағармай материалдардың артық жұмсалуына жүргізуші кінәлі болса, онда 1250 шотының, дебетіндегі және 1312 шотының кредитіндегі, сондай-ақ 1250 шотының дебетіндегі және 3130 шотының кредитіндегі сомалар есептелініп, 3430 шоттың дебетіне және 1250 шоттың кредитіне есептен шығарылады.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Арнайы сәйкестірілген есептеу әдісі

  1. Орташа өзіндік қунын есвптеу әдісі


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Ә.Әбдіманапов «Қаржылық есеп» Алматы, 2007ж., 544-бет.

  2. Әбдіманапов Ә., Раимов С. Бухгалтерлік есеп принциптері және қаржылық есеп беру. Алматы 2005.

  3. «Бухгалтерлік есеп стандарттары» Аламаты, 2010.

  4. Кеулімжаев Қ.К. "Қаржылық есеп" Алматы, 2001.

  5. Кеулімжаев Қ.К. «Корреспонденция счетов». Алматы, БИКО 2010

  6. Радостовец В.К. Радостовец В.В., Шмидт О.Ю. «Бухгалтерский учет на предприятии» Алматы, 2002.

  7. Тулешова Г.К. Халықаралық стандарттарға сәйкес қаржылық есеп және есептілік Алматы, “Бизнес информация” 2005.


7-тақырып. Дебиторлық қарыздар есебі мен аудиті
Дәріс мақсаты: дебиторлық борыштардың есептелген уақыты мен өтелу уақытының арасындағы мерзім күндерінің санын және дебиторлық борыштың есебін ұйымдастыру


  1. Сатып алушылар мен тарсырыс берушілер борышының есебі

  2. Алдағы кезең шығысының есебі




  1. Сатып алушылар мен тарсырыс берушілер борышының есебі

Сатып алушылар мен тарсырыс берушілер борышының есебі Кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан оларға сатқан тауарлары, көрсеткен қызметтері, сондай-ақ аванс ретінде алдын ала төлеген төлемдері үшін алашақ борыштары — Дебиторлық борыштар (Алынуга тиісті шоттар) деп аталады. Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек борышы бар заңды және жеке түлғалар дебиторлар болып табылады. Өтелетін (алынатын) уақытына қарай алынуға тиісті дебиторлық борыштар ағымдағы алынуға тиісті борыштар және ұзақ мерзімді алынуға тиісті борыштар болып екіге бөлінеді. Бұл борыштардың есебі "Алынуға тиісті шоттар" бөлімінің шотгарында есептеледі.

Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алы-натын (етелінетін) дебиторлық борыштар ағымдағы активтер қатарында есептеледі. Олардың қатарына жататындар:

Кәсіпорынның балансындағы алынған вексель деп аталатын бабындағы сома басқа заңды немесе жеке түлғалардың ұйымға вексель бойынша төлейтін ресми берешегі болып есептелінеді. Алынуға тиісті шоттар бойынша борыштар (дебиторлық борыштар) иелік ету құқығымен қоса, заңды құқығымен байланысты актив болып саналады. Қорытындылап айтатын болсақ "дебиторлық борыш" дегеніміз, бұл — иелік ету құқығын қосқандағы занды құқықтармен байланысты активте қамтылған алдағы уақыттағы экономикалық тиімділік.

Ұйымның қаржы жағдайын сипаттайтын көрсеткіштердің қатарына дебиторлық борыштардың айналымы жатады. Яғни дебиторлық борыштардың есептелген уақыты мен өтелу уақытының арасындағы мерзім күндерінің саны. Ұйымның дебиторлық борышы оған байланысты кіріс танылған жағдайда ғана анықталады. Дебиторлық борыштар сатылған өнімдер мен тауарлардың құнынан баға жеңілдіктерін және қайтарылған тауарлардың құнын алып тастағандағы қалдық сома бойынша есептеледі. Бір жылдам астам уақыт бойы алынбаған дебиторлық борыштар "Ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар" болып есептеледі. Дебиторлық борыштардың пайда болған (есептелінген) уақыты мен өтелу уақытының арасындағы мерзімге байланысты пайыздар бойынша кіріс көп жағдайларда ескерілмейді. Кәсіпорындар өздерінің тауарларын сатқанда кезде сатып алушыларға баға жеңілдіктерін береді. Ұйымдардың бұндай қадамға баруының басты себебі сатып алушыларды қызықтыру арқылы сатылатын тауарларының көлемін арттыру болып табылады. Сонымен қатар баға жеңілдіктерін (скидки) пайдалану ұйымның күмәнді борыштарының сомасын қысқартуға үлкен әсер етеді. Халықаралық тәжірибеде баға женілдіктері (скидки) терминімен (сөзімен) бірге сауда жеңілдігі термині (сөзі) қатар қолданылады. Өз экономикасын нарықтық жолмен жүргізіп келе жатқан елдердегі ұйымдар сауда жеңілдігін тауарларды сатудағы жарнама ретінде пайдаланады. Ұйымдардың сауда жеңілдігін қолдануының мақсаты баға жеңілдіктерін (скидки) пайдаланғандағы жағдаймен бірдей деп айтуға болады.

Кейбір жағдайларда сапасының төмендігінен немесе тауарлардың ақау болу себебінен сатылған тауарларды қайтаруға тура келеді. Бұндай тауарларды қайтарып алу сатушы ұйымдар үшін тиімсіз болады. Сондықтан да кәсіпорын сатып алушы заңды немесе жеке тұлғаның осы тауарлар бойынша борыш сомаларының мөлшерін қысқарту туралы талабын қабылдауға келісуіне тура келеді. Әрине аталған жеңілдікті жасау ұйымның келіп түсуге (алынуға) тиісті табыстарының көлемін азайтатындығы сөзсіз

Егер сатылған тауар ұйымға қайтарылған болса, ол үшін жазылатын бухгалтерлік жазу мына түрде бейнеленеді:

Д-т: Сатылған тауарлардың қайтарылымы — шоты

К-т: Алынуға тиісті борыштар — шоты

Кәсіпорындардың бухгалтериясы дебиторлық борыштар есебін жүргізу барысында мына төменде аталған құжаттарды (есептік тіркелімдерді) қолданады:

нөмірі 7 — Журнал-ордер - "Жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың борышы" деп аталатын шотының кредиті бойынша;

нөмірі 8 — Журнал-ордер — "Алынуға тиісті қосылған құн салығы, "Есептелген пайыздар", "Басқадай дебиторлық борыштар" және "Берілген аванстар" деп аталатын шоттардың кредиті бойынша;

нөмірі 9 — Журнал-ордерге қосымша тізімдеме — "Берілген аванстар" шотының дебеті бойынша;



нөмірі 10 — Журнал-ордер — "Күдікті қарыздар бойынша резерв", "Алдағы кезең шығындары" шоттарының несие (кредиті) бойынша;

нөмірі 11 — Журнал-ордер — "Сатып алушылар және тапсырыс берушілердің борышы" шотының және "Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борышы" шотының кредиті бойынша жүргізіледі.

Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер және басқадай дебиторлармен есеп айырысудың есебі бойынша жоғарыда аталып өткен тіркелімдерден басқа дебиторлық борыштардың есебіне талдамалық (аналитикалық) есептің карточкалары, ажырату парақшалары (қағаздарын), бухгалтерлік анықтамалары және тағы да басқа тіркелімдер (құжаттар) қолданылады. Жалпы есеп тіркелімдерін толтыру шаруашылық операцияларының мазмұнын сипаттайтын бухгалтерлік жазулардың жиынтығын анықтау үшін керек. Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартында (соның ішінде Америка Құрама Штаттарының бухгалтерлік есеп стандартында) ұйымның бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу барысында қодтанатын барлық бланкілері үшін міндетті ортақ есеп беру формалары қарастырылмаған. Есеп нысанын таңдау құқығы толығымен бас бухгалтердің құзырында, яғни ол алғашқы құжаттарды топтастырудың ең қарапайым әдісін тандап, шоттар корреспонденциясын жүргізуге міндетті. Шоттарға келетін болсақ, олар негізгі есеп тіркелімдерінде үнемі қатысатын, эпизодтық болып бөлінеді және олар басқадай операцияларда қолданылады. Дебиторлық борыштар шоттарында есептелетін сомалардың дұрыстығы мен олардың толықтығын бақылау үшін түгендеу жүргізілуі қажет, ол құжатгар бойынша шоттарды корреспонденцияланатын шоттармен салыстыру арқылы жүргізіледі. Мүндағы басты мақсат — әрбір шоттағы сомалардың сәйкестігі мен дұрыстығын, толықтығын анықтау болып табылады. Дебиторлық борышты есептеудегі басты мәселе сату мерзімін анықтау болып табылады, яғни сатып алушыларға тиеліп жіберілген немесе жөнелтілген тауарлардың (жұмыстар, қызметтер) қашан сатылғанын тануында. Бухгалтерлік есептің көзқарасымен қарағанда, тауарлардың тиелуі мен сатып алушыға қаржылық және есеп айырысу құжаттарының үсыныпуы, тауарлардың сатылғавдығы деп танылады.

Дебиторлық борыштар келесідей бөлімдерден түрады:

"Сатып-алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы".

"Кудікті қарыздар бойынша рвзервтер ".

"Еншілес (төуелді) свріктестіктердің дебиторлық борышы ".

"Басқадай дебиторлық борыш ".

"Алдагы кезең шыгындары ".

"Берілген аванстар".

Яғни осы жоғарыда аталған баптар бойынша кә-сіпорындар мен үйымдардың басқа заңды немесе жеке түлғалардан алашақ сомалары дебиторлық борыш болып табылады.Кәсіпорындар мен ұйымдардың "Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы" деп аталатын бөлім шоттары сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің осы кәсіпорынға деген әр түрлі қарыздары жайлы ақпараттарды қорытындылау үшін арналған.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет