ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені (ПОӘК)



бет1/11
Дата17.06.2018
өлшемі3,49 Mb.
#42638
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

042-18-22 1.8/03-2015

2015ж. №

Страница из







ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі ОӘБ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-22.1.8/03-2015

«Жануарлар систематикасы» пәнінің оқу әдістемелік кешені

№ басылым


ПӘННІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ (ПОӘК)

«Жануарлар систематикасы»
5В080300 «Аңшылықтану және аң шаруашылығы» мамандығына арналған

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰЖАТТАР ЖИЫНТЫҒЫ

Семей


2015


Мазмұны
1. Глоссарий

2. Дәрістер

3. Тәжірибелік сабақтар

4. Білім алушылардың өзіндік жұмыстары



1.ГЛОССАРИЙ
Бөкен Жыртқыштар Сирендер

Борсық Ескекаяқтылар Тақтұяқтылар

Бегемот (су сиыры) Киттәрізділер Құндыз

Барибал Кашалоттар Су тышқан

Жертесерлер Кит Бұғылар Сары күзен Оцелот

Жұпар тышқан Американың аса ірі сұр аю Сусарлар Жұптұяқтылар

Ақкіс Марал Шұбар күзен

Кеміргіштер Балжегілер Шақылдақ

Дельфин Сілеусін

Жайра Аққалақ Құну

Дамандар Ет тұмсықтылар Тарбаған

Ехидналар Сасық күзен Сфинкс

Зебралар (жолат) Итбалықтар Ақбөкен

Қоянтәрізділер Фанек Қорқау қасқыр



2. ДӘРІСТЕР
1 Модуль Кеміргіштер, жыртқыштар, ескекаяқтылар отрядының систематикасы

1 - тақырып. «Жануарлар систематикасы» пәнінің мақсаты және қысқаша сипаттамасы

Дәріс жоспары:

«Жануарлар систематикасы» пәні.

Пәннің мақсаты және міндеттері.

Систематика жануарлардың қазіргі кездегі түрлілігін қарастырып, сыртқы түрін сипаттайды, олардың туыстық байланыстарын қарастыра отырып, осының негізінде түрді туысқа, туысты тұқымдасқа, отряд, класс, тип деп жүйесін құрастырады. Филогенетика жануарлар әлімінің эволоюциялық жолдарын және оларды анықтайтын факторларды қарастырады. Зоогеография жер бетіндегі жануарлардың таралуын зерттейді және фаунаның әртүрлі аудандардағы тарихи заңдылықтарының құрылуын анықтайды. Палеонтология жануарлардың жойылған түрлерін және жойылған фауналары мен флораны т.б. қарастырады. Зоологияда жануарлардың әртүрлі топтарын қарастыратын тармақтарды ажыратады: териология - сүтқоректілерді, орнитология - құстарды, герпетология - амфибиялар мен рептилияларды, ихтиология- балықтар мен домалақ ауыздыларды қарастырады.

«Жануарлар систематикасының» мақсаты – жануарлар әлемі, оның дамуы, негізгі ерекшеліктері мен адам өміріндегі маңыздылығымен таныстыру болып табылады.

Жануарлар систематикасында мынадай жалпы биологиялық ғылымдар жиі қолданыды: морфология, анатомия және гистология (жануарлар денесінің сыртқы және ішкі макро-микроскопиялық құрылысын), физиология және биохимия (оның функционалдық қасиетін), эмбриология (жеке даму заңдылықтарын, ішкі және сыртқы даму факторларын), генетика (өзгергіштік және тұқым қуалаушылық, табиғи сұрыпталу-популяциялық генетика), экология (өмір сүру көрінісі, органикалық емес ортамен және басқа да жануарлар, өсімдіктер, микроағзалар түрімен байланысы, популяциялық экология, биоценология), және этология (жануарлардың мінез-құлқы). Табиғат жағдайының әр түрлілігі, яғни адам баласының қабылдауына қиын болғандықтан жер бетінде әр түрлі жануарлар әлемінің таралуына себеп болды, қазіргі кезде республика фаунасында құрлықтағы сүтқоректілер түрі 692 (қосмекенділер немесе амфибиялар 13, бауырымен жорғалаушылар немесе рептилилер, құстар 473 аң немесе сут қоректілер) және 140 түрлі балық бар, мұндай жануарлардың көп түрлілігі және біркелкілігі Қазақстанда таралғандай, ешқай мемлекетте таралмыған. Республикамызда мекендейтін осы сут қоректілердің 155 түрінің көбінің шаруашылық маңызы бар. Жүн өндірісінде жануарлардың 72 түрі, оның ішінде бұлғын, сусар, кәмшәт, кара күзендерді аулау ерекше қымбат тері береді. Жануарлардың басқа түрлерінің белгісі мұндай қымбат бағаланбайды, дегенмен олар көп жане 100 мыңдап миллиондап ауланады (ондатр, кәдімгі саршұнақ, күзен, каспиліқ итбалық т.б.).

Жүн өндірісі «еркін» шет елдік волютаны алудың бірден - бір маңызды және экономикалық тиімді көздердің бірі болып табылады. Сондықтан, Жүн өндірісін тегіннен (жұмсақ алтын деп атамаған). Жергілікті фаунаның көптеген жануарларының (барс, гепард, арқар, марал, және т.б.) мемлекет ішіндегі зооэкспорт және зоосауда да маңызы зор.

Қазақстанның жануарларға бай фаунасы үй жануарларының жаңа түрімен, тұқымын шығаруда ірі және бағалы генофонд болып табылады. Өткен жүз жылдықта оңтүстік Алтайда жас қанат алу мақсатында маралдарды өсіру, мал шаруашылығында жаңа марал шаруашылығының пайда болуына әкелді. Сүт қоректілердің 3 отряды (насеком қоректілер, жарқанаттар жане жыртқыштар) ауыл шаруашылығына және орман шаруашылығына, сонымен қатар денсаулық сақтау ұйымына белгілі бір пайдасын тигізеді. Олар зиянды кемірушілермен насекомдардың белгілі бір санын жойды. Кейбір сүт қоректілердің ішкі органдары (мүшелері) дене мүшелері және майы ғылым саласында, халық медицинасында порфюмер өндірісінде және т.б. кең қолданысқа ие. Аюдың өтін дайындап, экспорттайды, маралдың жыныс мүшелерін және құйрығын, маралдың қатпаған мүйізін – панта, киік, аюдың, барыстың, саршұнақтың майын қолданады. Қазақстанда марал пантасы және киіктің мүйізі жылына белгілі бір мөлшерде экспортталады.

Республикамыздың халық шаруашылығына көп пайдасы бар дегенмен, кейбір түрлері экономикалық шығынға ұшыратады. Ауыл шаруашылығына көбінесе кемірушілер (саршұнақ, тышқан, атжалман) және қасқыр зиянын тигізеді.

Саршұнақтар – жайылымды құртатын маңызды зиянкестер. Ең аз 1 га – ға 30 – 40 кіші саршұнақ азықтық қордың жартысын құртады. Кемірушілер орман шаруашылығына экономикалық шығын әкеледі, егіс қорғайтын орман жолақтарына, бақтарға және жүзімдіктерге кемірушілер (су егеуқұйрығы, ондатор, саршұнақ) өздерінің індерін темір жол шосе, т.б. бойына салып, оларды бұзады.

Сүтқоректілерге, әсіресе адамдар мен үй жануарларына үлкен кері әсерін тигізетін және таралатын инфекциялық аурулар және глистті инфазиялар бар, сонымен бактериялық аурулардан сүт қоректілеріне, жабайы немесе үй жануарларына ортақ түрлері: паройлар, коллнибалнеллаз, пябереллаз, листерреллез, сібір жарасы, бруцеллез, туляремия туберкулез, және т.б. ал вирустардан – оба.

Сұрақтар:



  1. Жануарлар системетикасы нені оқытады?

  2. Қандай отряд, тұқымдас, түрлерді қарастырады?

Әдебиеттер: 1-9 (негізгі), 10-12 (қосымша)
1 Модуль Кеміргіштер, жыртқыштар, ескекаяқтылар отрядының систематикасы

2 - тақырып. Коян тәрізділер отряды. Шақылдақ, қоян тәрізділер

(Leporidae) тұқымдасы.

Дәріс жоспары:

Қоянтәрізділер отрядына сипаттама.

Қоянтәрізділер отрядының систематикасы.
Қоян тәрізділер отрядының сипаттамасы. Систематикасы.

Систематикасы (жүйеленуі): Коян тәрізділер отряды Lagomorpha. Шақылдақтар), қоян тәрізділер тұқымдасында 10 тұқымдас (45) бар. Оларды 3 негізге топқа қосуға болады. 1) нағыз қояндар, 20 түр аралығында; 2) үй қояндары, 15 түр аралығында; 3) қатты жүнді немесе бұрынғы қояндар, 10 түр аралығында. Қоян тәрізділердің кемірушілерден ерекшелігі олардың жоғарғы жағындағы жұп күрек тістерінің болуы.

Сипаттамасы: Тұқымдас өзіне отрядтың ірі өкілдерін қосады, дене ұзындығы 30 - 69 см құрайды. Кемірушілердің жоғарғы иегінде бір емес жұп күрек тістерінің бар болуымен ерекшеленеді. Сонымен қатар, сол және он жақ тістер қатарының арасында жіңішке көпір тәріздес сүйегі бар.

Қоян тәрізділерде жыртқыш тістері жоқ және күрек тістері өз тістерінен кең диастемамен бөлінген. Құлақтары ұзын, бас сүйегіне жабысқан, бұлар көздерінен алшақ артқа қайырылған, алдыңғы аяқтары қысқа болып келеді. Барлықтарымен жүреді ал артқы аяқтары керісінше ұзын, табаны жерге тиеді. Аяғының табаны қалың түкпен қапталған, олар ешқашан жалаңаш болмайды. Сау тістері ашық және әр уақытта өсуде болады. Жүні жұмсақ, үлпілдек, терісі жұқа, мықты емес. Тұқымдасқа денесінің мөлшері орташа. Денесінің ұзындығы 44 – 47 см. Жүні жұмсақ және қалың. Құлақтары ұзын бас сүйегіне жабысып, артқа қарай қайырылған. Орманда жас қояндарды көбінесе балапан күйінде табады. Салмағы 90 -130 грамм болып туады. Олар өте тез өседі және 9-10 күн өткен соң шөп жей бастайды. Ақ қоянның табиғи жағдайда өмір сүру ұзақтығы 8-9 жыл. Ақ қоянның саны жылда өзгермелі болады.

Жыныс мүшесінің сүйегі жоқ. Кемірушілерге қарағанда қоян тәрізділердің қарны (морфологиялық емес, физиологиялық) 2 бөлімнен тұрады: а) фундальді, мұнда тек азықтың бактериялды ашуы жүреді; б) пилорикалық, мұнда азық пепсинмен қорытылады.

Шақылдақ тұқымдасында 20 түрі бар делінеді. Тұқымдасқа ұсақ (дене мөлшеі 25 см көп емес) қоян тәрізділер жатады. Үлкен құлақты, жирен түсті, дала, тибеттік, непал және қара ерінді шақылдақ деп ажыратылады. Құлақтары қысқа және сәйкесінше жалпақ. Терісі жұқа қоянға қарағанда мықты емес. Жүні бір түсті, жазда бурыл, сары я қошқыл түсті, қыста сұр түсті болады. Қыс мезгілінде ұйқыға кетпейді. Буаз болу уақыты 25-30 тәулік 2-6 дан туады.




Шақылдақтардың суреті




Жүнді және жапондық ағаш кеміретін қояндардың суреті

Үй қояны сәйкесінше ұсақ жануарлар, денесінің мөлшері 25-50 см, жүнінің жалпы түсі жиірек бурыл, реңі бар сұр және қызыл қышқыл түсті болады. Буаз болу уақыты 28-30 күн.

Қатты жүнді қояндар. Бұлар құлақтары қысқа және артқы аяқтары қысқа ұсақтау жануарлар түрі жүні қатты, қылшықты. Қатты жүнді қояндар нағыз қояндар сияқты тез жүгіре алмайды және үй қояндары тәрізді ін қазуға бейім емес. Таралуы: Антрактида мен Мадагаскардан басқа барлық жерде таралған. Жаңа Зеландия, Австралияда, Онтүстик Американың онтүстик бөлігінде және Мұхит аралдарында адам таратқан. Қазақстанның Шығыс бөлігінде, Тарбағатай, Алтайда, және т.б. жерде таралған.

Мекен ету аймығы әр түрлі. Орманнан орман далаға дейін таралады. Жазда және қыста қоян қалың бұта және құлап сынып түскен ағаш бұтақтарының астында түнейді. Ақ қоянның қоректенуі жыл мезгіліне байланысты әр түрлі. Жазда әртүрлі шөптесін өсімдіктерді, бұршақты, саңырау құлақтарды қалайды. Қыста негізі азығы ретінде ұсақ бұташаларды, жаңғақтарды және т.б. жеп қоректенеді.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет