Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Табиғи сипаттағы құбылыстар» пәнінен 050731 «Тіршілік әрекетінің



бет1/10
Дата28.07.2017
өлшемі3,37 Mb.
#22307
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейдегі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК-042-14.4.05.1.20.49/03-2011

ПОӘК «Табиғи сипаттағы құбылыстар» пәнінің оқу әдістемелік материалдары

№ 3 басылым 05.09.11ж.

№ 2 басылым

30.09.09ж. орнына



Пәннің оқу-әдістемелік кешені
«Табиғи сипаттағы құбылыстар» пәнінен 050731 «Тіршілік әрекетінің

қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау»

мамандығына арналған

Оқу әдістемелік материалдар

Семей


2011
Дәріс №1. Кіріспе. ҚР «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» заңы.
Жалпы сұрақтар

  1. ҚР «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» заңы.

  2. Төтенше жағдайлардың туындауына әкелетін стихиялық құбылыстар мен табиғи процесстердің жіктелуі.

  3. Қазақстан аймағындағы қолайсыз және қауіпті табиғи құбылыстардың алуан түрлілігі. Стихиялық апаттар.

ҚР «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» заңы. Қазақстан Республикасыньң «Табиғи техногендік сипаттағы төтенше жагдайлар туралы» 5.07.1996 ж. Заңы (№ 116-Ш 10.01.2006ж. өзгерістер енгізілген) келесі үғымдарды көрсетеді:



Төтенше жағдай – адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші нысандарға нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай;

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар – дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрттер, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын төтенше жағдайлар;

Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр – энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған төтенше жағдайлар.

Төтенше жағдай аумағы – төтенше жағдай жарияланған белгілі бір аумақ.

Таралу ауқымы мен материалдық шығынының көлеміне қарай табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар нысандық, жергілікті, аймақтық, барынша ауқымды болып бөлінеді.

13.12.2004ж. ҚР Үкіметінің №1310 Қаулысымен «Табиғи және техногендік сипаттагы төтенше жағдайларды топтастыру» бекітілген. Топтастыру аумағы бойынша төтенше жағдайларды нысандық, жергілікті, аймақтық немесе барынша ауқымды ретінде қарастыру критерииларын бекітеді.

Табиғи және техногеңдік сипаттағы төтенше жағдайлар нысандық болады, егер авария, зілзала немесе апат салдарынан төтенше жағдай аймағы өндірістік немесе әлеуметтік нысан аумағынан шықпаса, сонымен қатар келесі зардаптар пайда болып немесе пайда болуы мүмкін:



  • қаза тапқандар саны 5 тен 10 адамға дейін;

  • тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің бұзылуы 50 ден 100 адамға дейін;

  • адамдардың денсаулығына, қоршаған ортаға, шаруашылық нысандарына келтіретін материалдық шығыны бес мыңнан он бес мыңға дейінгі айлық есеп көрсеткішін (АЕК) құрайды.

Төтенше жағдайлар жергілікті болады, егер авария, зілзала немесе апат салдарынан төтенше жағдай аймағы өңдірістік немесе әлеуметтік нысан аумағынан шықса және облыстың екі ауданына тараса, сонымен қатар келесі зардаптар пайда болып немесе пайда болуы мүмкін:

  • қаза тапқандар саны 10 тен 50 адамға дейін;

  • тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің бұзылуы 100 ден 500 адамға дейін;

  • адамдардың денсаулығына, қоршаған ортаға, шаруашылық нысандарына келтіретін материалдық шығыны он бес мыңнан жүз мыңға дейінгі айлық есеп көрсеткішін (АЕК) құрайды.

Төтенше жағдайлар аймактық болады, егер авария, зілзала немесе апат салдарынан төтенше жағдай аймағы өндірістік немесе әлеуметтік нысан аумағынан шықса және облыстың кем дегеңде үш ауданына тараса немесе ҚР екі облысының аймағында пайда болса, сонымен қатар келесі зардаптар пайда болып немесе пайда болуы мүмкін:

  • қаза тапқандар саны 50 ден 200 адамға дейін;

  • тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің бұзылуы 500 ден 1500 адамға дейін;

  • адамдардың денсаулығына, қоршаған ортаға, шаруашылық нысандарына келтіретін материалдық шығыны жүз мыңнан екі жүз мыңға дейінгі айлық есеп көрсеткішін (АЕК) құрайды.

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар барынша ауқымды болады, егер авария, зілзала немесе апат салдарынан төтенше жағдай ҚР үш және одан да көп облыстарының аймақтарына тараса немесе көрші мемлекеттің шекарасына өтетін болса, сонымен қатар келесі зардаптар пайда болып немесе пайда болуы мүмкін:

  • қаза тапқандар саны 200 адамнан асса;

  • тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің бұзылуы 1500 адамға дейін;

  • адамдардың денсаулығына, қоршаған ортаға, шаруашылық нысандарына келтіретін материалдық шығыны екі жүз мыңға дейінгі айлық есеп көрсеткішін (АЕК) құрайды.

Төтенше жағдайлардын алдын алу - адамдардың өмірі мен денсаулықтарын сақтау, материалдық шығындардың көлемін азайту, төтенше жағдайлардың пайда болуын едәуір төмендетуге бағытталған және алдын ала жүргізілетін кешеңдік шаралар.

Төтенше жағдайды жою - төтенше жағдай пайда болған жағдайда адамдардың өмірі мен денсаулықтарын сақтау, материалдық шығындардың көлемін азайту үшін, сонымен қатар төтенше жағдайлардың аумағын жоюға бағытталған құтқару, авариялық – қалпына келтіру және басқа да шұғыл жұмыстар.

ҚР «Табиги және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңының негізгі ұғымдарына сәйкес табиги сипаттағы төтенше жағдайларды жер сілкінісі, сел, қар көшкіндері, су тасқыны және басқа да зілзалалар табиғи өрттер, індеттер және эпизоотиялар, ауыл шаруашылық өсімдіктерінің зиянкестермен зақымдалуы секілді дүлей зілзалалар туғызуы мүмкін.

Басқаша айтқанда, мұндай жағдай табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың ошақтарының белгілі бір аймақта пайда болуына әкеліп соғатын үрдістер немесе қауіпті табиғи кұбылыстар нәтижесінде болады.



Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар ошақтарының зақымдаушы факторлар - бұл физикалық, химиялық, биологиялық әсерлерімен немесе байқалуларымен сипатталатын, табиғи төтенше жағдайлар ошақтарынан пайда болған сәйкес шамалармен көрінетін немесе анықталатын қауіпті табиғи құбылыстар немесе үрдістер құрамасы.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар ошақтарының зақымдаушы әсері - бұл адамдардың өміріне және денсаулығына, ауыл шаруашылық малдары мен өсімдіктеріне, экономикалық нысандарға және қоршаған табиғи ортаға төтенше жағдайлар көздерінің зақымдаушы факторларының жиынтығы немесе кері әсері.

Қауіпті табиғи құбылыстарға өзінің қарқындылығымен, таралу ауқымымен және ұзақтығымен адамдарға, экономика нысандарына және қоршаған табиғи ортаға зақымдаушы әсерін тигізетін табиғи үрдістердің әрекеттерінің нәтижесі немесе табиғи оқиғалар жатады.

Дүлей зілзала - бірден елеулі адамның тіршілігін бұзып, үлкен материалдық құндылықтарды жояды, сонымен қатар адамдардың қаза табуына, жануарлардың өлуіне әкелетін кенеттен пайда болатын табиғи құбылыс.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың аймағы төтенше жағдай ошағының пайда болу нәтижесінде немесе басқа аудандардан табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар пайда болған, оның зардаптары таралғаны болып табылады.

2 Төтенше жағдайлардың туындауына әкелетін стихиялық құбылыстар мен табиғи процесстердің жіктелуі.

ҚР «Табиги және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңының негізгі ұғымдарына сәйкес табиги сипаттағы төтенше жағдайларды жер сілкінісі, сел, қар көшкіндері, су тасқыны және басқа да зілзалалар табиғи өрттер, індеттер және эпизоотиялар, ауыл шаруашылық өсімдіктерінің зиянкестермен зақымдалуы секілді дүлей зілзалалар туғызуы мүмкін.

Басқаша айтқанда, мұндай жағдай табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың ошақтарының белгілі бір аймақта пайда болуына әкеліп соғатын үрдістер немесе қауіпті табиғи кұбылыстар нәтижесінде болады.



Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар ошақтарының зақымдаушы факторлар - бұл физикалық, химиялық, биологиялық әсерлерімен немесе байқалуларымен сипатталатын, табиғи төтенше жағдайлар ошақтарынан пайда болған сәйкес шамалармен көрінетін немесе анықталатын қауіпті табиғи құбылыстар немесе үрдістер құрамасы.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар ошақтарының зақымдаушы әсері - бұл адамдардың өміріне және денсаулығына, ауыл шаруашылық малдары мен өсімдіктеріне, экономикалық нысандарға және қоршаған табиғи ортаға төтенше жағдайлар көздерінің зақымдаушы факторларының жиынтығы немесе кері әсері.

Қауіпті табиғи құбылыстарға өзінің қарқындылығымен, таралу ауқымымен және ұзақтығымен адамдарға, экономика нысандарына және қоршаған табиғи ортаға зақымдаушы әсерін тигізетін табиғи үрдістердің әрекеттерінің нәтижесі немесе табиғи оқиғалар жатады.

Дүлей зілзала - бірден елеулі адамның тіршілігін бұзып, үлкен материалдық құндылықтарды жояды, сонымен қатар адамдардың қаза табуына, жануарлардың өлуіне әкелетін кенеттен пайда болатын табиғи құбылыс.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың аймағы төтенше жағдай ошағының пайда болу нәтижесінде немесе басқа аудандардан табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар пайда болған, оның зардаптары таралғаны болып табылады.

Төтенше жағдай - мемлекетке төнген түрлі қауіпке байланысты елбасы немесе парламент жариялайтын уақытша режим. Ол табиғат апаты, соғыс қаупі, техногендік апат, халық ішіндегі толқу, т.б. жағдайларда жарияланады. Мұндай уақытта азаматтардың құқықтары мен бостандықтары саналы түрде шектеледі, бейбіт кездегі заңдар күшін тоқтатып, төтенше заңдар шығарылады. Төтенше жағдай жариялай отырып мемлекет басшысы өзіне көптеген абсолютті өкілдіктер алады. Түрлі мемлекеттік органдар өз қызметтерін өзгертеді. Олар жаңа заңдық кеңістікте қатаң тәртіпке бағына отырып қызмет жасауға мәжбүр болады. Төтенше жағдай жариялау уақыты, мерзімі, сол кездегі билікке берілетін өкілеттіктер дәрежесі ел Конституциясында анықталады. [1] Төтенше жағдай - адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді.

Сұрапыл апаттар дегеніміз – адамдармен жануарлардың өліміне, халықтың өмірінің күрт бұзылуына, материалдық құндылықтардың жойылуына әкелетін құбылыстар. Сұрапыл апаттар көбінесе адамның қолынан келмейтін табиғат күштерінің әсерінен болады. Мысалы; су басу, жер сілкінісі, ормандағы өрттер, көшкін т.б жатады.

Қазақстан мемлекетінің орналасқан жері – орасан зор, кең байтақ. Ол жерлерде табиғат апатының неше түрі: жер сілкіну, қар тасқыны, қатты жел, су тасқыны сияқты құбылыстар жиі болып жатады.

Зілзала — бұл кенеттен пайда болатын, халықтың қалыпты тірлігін күрт бұзатын, материалдық құндылықтарды үлкен шығынға ұшырататын, сондай-ақ адамдар мен хайуанаттардың өлім-жітімі болатын табиғат құбылысы.

Әрбір зілзаланың өзіне тән физикалық қасиеті, пайда болу себебі, қозғаушы күші, сипаты мен даму сатысы, қоршаған ортаға өзіндік ықпал ету ерекшелігі бар.


Зілзала кез келген мемлекет үшін үлкен ауыртпашылық, келтірер залалы мол төтенше оқиға.

Қазақстан Республикасы аумағында мынадай зілзалалар болуы мүмкін: жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, сырғыма, дауыл, су тасқыны, буырқасын, өрт.


Дүние жүзінде су тасқынына бүкіл зілзаланың 40 пайызы келеді екен, 20% — тропикалық циклондары, 15% — жер сілкінісінің, ал қалған 25% — зілзаланың басқа түрлері.

Каспий теңізі деңгейінің өзгеруіне, Арал теңізінің құруына, Балқаш көлінің таяздауына байланысты құбылыстар табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар арасында ерекше орын алады.



Табиғи сипаттағы төтенше жағдайларға мыналар жатады:

  • геологиялық қауіпті құбылыстар және үрдістер ( эндогенді: жер сілкінісі, жанартаулардың атқылауы; экзогенді: үгінділер, сырғымалар, сел);

  • гидрологиялық қауіпті құбылыстар және үрдістер;

  • метрологиялық қауіпті құбылыстар және үрдістер;

  • табиғи өрттер;

  • эпидемиялар және эпизоотиялар;

  • ауыл шаруашылық өсімдіктерінің, ормандардың ауруы мен зиянкестермен зақымдануы.


3 Қазақстан аймағындағы қолайсыз және қауіпті табиғи құбылыстардың алуан түрлілігі. Стихиялық апаттар.

Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары мен Алматы қаласы сейсмоқауіпті аймақта орналасқан. Қазақстанның аса қауіпті сейсмоаймағы 450 мың шаршы км алаңды алып жатыр. Онда өнеркі\әсіптің негізгі қорының 30 пайызы шоғырланып, тұрғын үй қорының 35 пайызына жуығы орналасқан. Республика халқының 40 пайызы тұрады.

Жерсілкінісі қауіпті аймақтарда ірі қалалар мен елді мекендер, гидротехнкалық ғимараттар мен зиянды өндірісті өнеркәсіп кәсіпорындарды, жасанды және су қоймалары, жарылыс қауіпі бар және улы материалдар қоймасы орналасқан. Тұрғын үй алқабының бұзылуымен қатартізбеленген нысандардың кейбіреуінің бұзылуы оңалмайтын экологиялық өзгеріске алып келуі мүмкін. Инженерлік желілер мен коммуникациялардың сейсмикалық бұзылуы аса қауіпті.

Жер сілкінісі кезіндегі қондырғы мен ғимараттың зақымдалуынан шегілген залал ғимараттың өзінің зақымдалуынан шеккен шығыннан біршама есе асып түседі.

Жер сілкінісімен бірге өрт пайда болып, геологиялық ортаның экологиясы бұзылады. Қопарылма, сырғыма, сел тасқыны және тағы да басқа шаруашылыққа қосымша залал әкеледі. Жерсілкінісінің жанама шығыны да орасан зор: өндірістік циклдің уақытша тоқтауы, еңбек ресурстарының тартылуы және тағы басқалар. Сонымен қатар, көлік жолдарының зақымдалуына, тұрғын үй тұрмыстық жағдайының нашарлауына, халықтың апат аймағынын кетуіне, ықтимал қайталама дүмпуді күтуіне, ұдайы жүнжу жағдайындағы адамдардың еңбек және шаруашылық белсенділігінің төмендеуіне, олардың денсаулығының нашарлауына байланысты әлеуметтік күрделі ахуал пайда болады.

Жер сілкінісі салдарының аса ауыр түрлері ғимараттар мен үйлерді сеймикалық күшейту бойынша жұмыстар жерсілкінісі қауіпі ескерусіз жүргізілетін құрылыс пен ғимараттарда пайда болады. Бұған мысал ретінде соңғы жылдары Қазақстанда болған жерсілкіністері салдарын келтіруге болады.

1990 жылғы 14 маусымда Шығыс Қазақстан облысындағы Зайсан облысының шегінде жер сілкінісі болды. Рожкова және Бақансу поселкелерінде дүмпу жиілігі 8 баллға жетті. Кірпіштен және тастан салынған көптеген ғимараттардың қабырғалары жарылады, кейбір үйлердің пештері мен қоршаулары құлады. Жалпы 13000 үй зақымдалды немесе бұзылды.

1993 жылғы 30 желтоқсанда Алматы облысында жер сілкінісі болды. Кіндік нүктесі Текелі қаласының төңірегінде болды. Соның нәтижесінде сейсмикалық күшейту шараларынсыз салынған және жерсілкінісі үшін қолайсыз алаңдарда орналасқан барлық тұрғын үй мен шлак бетон құрылғылары зақымдалады. 300 отбасы үйсіз қалды. Мептептер, балалар бақшалары, басқа да қоғамдық ғимараттар қатты зақымдалды.

Қазақстан Республикасының ТЖ жөніндегі Комитеті әзірлеген «Күшті жер сілкіністері» жаданма – буклетінде күшті жер сілкінісі кезіндегі және одан кейінгі, сондай – ақ зілзала факторлары пайда болған кездегі іс – әрекеттер бойынша ұсыныстар, кеңестер мазмұндалған. Жаданама сейсмоқауіпті аймақта тұратын халыққа жер сілкінісіне жақсы даярлануға және қауіпті зілзаладан өзі мен жақын – жуықтағының өмірін сақтауға көмектесетінін мәліметтер берілген.

Қазақстанда таулы және тау бүктерінің аумағы селдің, қар көшкінінің, сырғыма мен қопарылманың әсеріне жиі ұшырайды. Олар Республика аумағының 13,3 пайызы немесе 360000 ш.м. ауданын алып жатыр. Мұнда үлкен ауылшаруашылық жайылымдары, көптеген шаруашылық нысандары мен коммуникация желілері, сондай – ақ халқының жалпы саны 5 миллионға жуық Алматы, Шымкент, Тараз сияқты ірі қалалар мен қатар басқада елді мекендер орналасқан.

Селдердің қуаты мен қиратушылығы бойынша Қазақстан ТМД – да алғашқы орындардың бірін алады. Республикада 300 ден астам белсенді сел бассейндері бар. Онда, әртүрлі сипаттағы 600 астам сел белгілері тіркелген. Сел көбінесе қатты нөсерден пайда болады – 80 пайызы шамасы, мұздықтардың еруінен болған сел оқиғалары – 15 пайыз жуық, қар тез еріген және жер сілкінісі кезінде сел сирек пайда болады.

Іле, Жоңғар, Талас Алатауының жоталарында, сондай – ақ Қаратай, Кетмен және Тарбағатай тауларындағы өзендер Қазақстандағы сел қауіпі күшті аудандар болып табылады. Жылдың жылы мерзімінде (мамыр – қыркүйек) Қазақстанның таулы аудандарында сел пайда болады.

Қазақстанда қар көшкіні қалың қар көп жауатын және қолайлы геоморфологиялық және топырақтық – ботаникалық жағдайлары бар Батыс Тянь – Шянь, Алтай, Іле Алатауы мен Жоңғар Алатауының жоталарында. Қазақстанның бүкіл таулы аудандарында қар көшкіні болып тұрады. Ол негізінен қардың түсуі мен күннің жылынуына байланысты. Қар көшкіні болатын ең қауіпті кезең қараша-сәуір, биік тауда қазан-мамыр.

Үгінділер мен опырылмалар Қазақстанның барлық таулы аудандарында болып тұрады. Олардың пайда болу себептері жерұсті және жерасты сулар мен топырақтың ылғалдануы, жер сілкінісі, сондай-ақ адамның шаруашылық қызметі болып табылады. Аса ірі опырылмалар тектоникалық ұсақталуға байланысты. Осындай учаскелерде пайда болған опырмалар ірі өзендерді бөгейтін көлденең су тоғандарын жасай отыра, таулы жазықтықтарды құрсаулайды. Мұндай өзендерге Күнгей Алатаудағы Көлсай өзені, Іле Алатаудағы Үлкен Алматыөзені жатады.

Соңғы жылдары Қазақстан тауларындағы қопырылмалы құбылыс өрістеген техногендік жүктемеге байланысты саяжай учаскелерінің кесінділері есбінен жандана түседі. Тау беткейлерінің табиғи геоморфологиялық тепе – теңдігі олардың жол, саяжай ұйшігін салу, су құбырларын өткізу және басқа да құрлыстарды салу кезіндетірегінің кесілуінен бұзылады, сонымен қатар өсімдік-топырақ жамылғысы бұзылып, беткей суармалы сумен ылғалданады.



Дауылдардың пайда болуына ауа айналымының ерекше жағдайда пайда болып, атмосферадағы тепе – теңдіктің өте жоғары жылдамдықпен аяқ астынан бұзылуы әсер етеді. Дауыл үлкен бұлінушілікке ұшыратып, адам құрбандықтарын алып келеді, малдар шетінеп, материалдық залал келтіреді.

Жылдамдығы 40 м/сек. Күшті дауыл 1998 жылдың 18 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысында болды. Байланыс пен электр беру желілері үзіліп, үйдің шатырларын ұшыртыпәкетті. 11 ауданның үстінен өткен бұл дауыл 360 млн. теңгеге залал келтірді.

Жалаңашкөл метеостанциясындағы ауданында (Алматы облысы) 1958 жылғы 28 қаңтарда дауыл кезінде соққан желдің жылдамдығы 22 м/сек.

Бұрқасындар мен қарлы борандар. Қазақ даласының долы желдері қыста аса қауіпті. Олар бұл уақытта ұзаққа созылатын бұрқасынды немесе боранды тудырады. Бұрқасындар қарды бір жерден екінші жерге көшіріп, оны нығыздайды, бұл аумақтағы қар жамылғысының су ресурстарына әртүрлі таралуына және топырақтың әртүрлі деңгейде тоңазуына алып келеді. Сонымен қатар бұрқасындар авиациясының, темір жол және басқа да көліетердің қалыпты жұмысын тоқтататын биік күртік қардың пайда болуына ықпал етеді. Қатты боран телеграф және телефон байланысының бұзылуына себеп болады. Кей уақытта қысқы жайылымдағы малдың жаппай қырылуына әкеп соғады. Халықты таяуда болған төменгі температурада қарлы боран туралы өз уақытында құлақтандырылғанына қарамастан 1995 жылғы желтоқсанның аяғында Қазақстанның солтүстік және орталық облыстарында 100 ге жуық адам қаза болды.

Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында қыста орташа 50-60 күн бұрқасын болды. Шығыс Қазақстан облысының Жалғыз төбе ауданында бұрқасын күндер саны айына 27- ге дейін жетеді.



Қар басу - бірнеше тәулік бойы жауатын қалың қардың әсерінен пайда болады. Соның салдарынан тіршіліктің қалыпты арнасы бұзылады, кейде адамдар құрбандықтарына, малдың шетінеуіне және материалдық құндылықтарының жойылуына алып келеді.

1970-1987 ж. Қазақстан аумағында 600 күшті қар басу тірекліп, оның 50 пайызға жуығы текОңтүстік Қазақстан мен Алматы облыстарында байқалды. 1986 жылы 7 желтоқсанда Ащысайда 10 сағат ішінде 133 мм қар жауды. Қардың қатты жаууы Шығыс Қазақстан облысында жиі байқалады. Улба өзенінің сағасында биіктгі 2000 метрден асатын Қазақстанның «қар полюсі» жатыр, мұндағы қар жамылғысының биіктігі 8 метрге жетеді. 1999 жылдың қаңтарында Алматы мен Шығыс Қазақстан олыстарында да болып отырады.

Қазақстан аумағында шаңдақ дауыл – сәуір, мамыр жәнек қыркүйек айларында жиі байқалады. Қыс айларында, егер жер бетін қар жаппаса сирек байқалады. Күшті шаңдақ дауыл Қазақстанның батысында, Каспийдің шығыс жағалауында, Сырдария өзені мен Арал төңірегіндегі жазықта болып өтті. Бұл дауылдардың саны аталған аудандарда жылына 5-6 дан бастап, бірнеше ондықтарға жетуі мүмкін.

Дауыл адам организіміне, қоршаған табиғат пен механизмге жағымсыз әсер етеді. 1960 жылы 19 мамырда Ертіс бойында шаңдақ дауыл 12 сағатқа созылып, соның нәтижесінде егіс алқабы шөлейтке айналды. Дауыл кезінде қалың шаңнан 3-4 метр жердегі адам көрінбейді, ал үйлерде күндіз шам жағылды.

Қазақстандағы апатты шаңдақ дауылдар туралы ертедегі мәліметтерден мынаны көруге болады: 1910 жылдың қарашасында кешке таман дауыл басталды. Алғашқы күні жел алапат күшпен соғып, үш күн бойы толастаған жоқ. Осы уақыт бойы күндіз қараңғы болғандықтан үйлерінен шыққан жоқ. Ауада шаң мен құм және қармен қатар ұсақ тастар да ұшып жүрді.

Көптеген су басудың негізгі себептері нөсер жаңбыр, қардың, мұздақтардың үздіксіз еруі, қума жел болып табылады. Судың көтерілуінен болатын субасуы Қазақстанның барлық аймақтарындағы өзендерде болып тұрады. Оңтүстік Қазақстан өзендерінде мұндай құбылыстар ақпан – наурызда, оңтүстік – шығыс және Шығыс Қазақстанда наурыз – шілдеде, Республиканың жазықтағы өзендерінде наурыз маусымда болады.



Жаңбыр тасқындары Қазақстан аумағында таза түрінде негізінен оңтүстіктегі, солтүстіктегі, оңтүстік-шығыстағы тау етегіндегі және ортасындағы өзендерде, сайларда, көктемнің аяғында және жаз мезгілінде, сондай ақ жазғы – күзгі мерзімде Ертіс бассейнінің өзендерінде байқалады. Олар көбінесе жойқын болып келеді. Қума желге байланысты апатты тасқын Қазақстан аумағында Орал өзенінде және Каспийдің бүкіл солтүстік – шығыс жағалауында болады. Атырау және Маңғыстау облыстарының бүкіл шаруашылық кешеніне орасан зор залал келтірген соңғы жылдардағы су тасқыны Каспий теңізінің деңгейінің көтерілуімен ушыға түсуде. Кептелулер мен тосқауылдардан болатын қиратқыш салдары бар тасқынның таралу аудандары Іле, Жоңғар Алатауының, Шығыс Қазақстан өзендері болып табылады. Олар күз бен көктемде мқз жамылғысының бұзылуы мен пайда болуы кезінде байқалады.
.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

  1. ҚР «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» заңы.

  2. Төтенше жағдайлардың туындауына әкелетін стихиялық құбылыстар мен табиғи процесстердің жіктелуі.

  3. Қазақстан аймағындағы қолайсыз және қауіпті табиғи құбылыстардың алуан түрлілігі.

  4. Стихиялық апаттар.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет