ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет1/8
Дата13.02.2017
өлшемі1,05 Mb.
#9287
  1   2   3   4   5   6   7   8
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
«Бекітемін»

Тарих және құқық факультет деканы

___________ Абулкасова Д.Б.

______ __________ 2011жыл



Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы
050505 – «Аймақтану»

мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын

студенттерге арналған
ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ТАРИХЫ

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ



___________________________________________


Курс – ІІ

Семестр – ІІІ-ІҮ

Кредит саны - 5 (2 кредит-ІІІ семестрде, 3 кредит – ІҮ семестрде).

Дәріс – 45 сағат

Практикалық сабақ – 30 сағат

Оқытушының жетекшілігімен

студенттің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ) –75 сағат

СӨЖ – 75 сағат

Емтихан – 4 сағат, ІІІ/ІҮ семестрде.

Рейтингілік бақылау – 5 сағат, ІІІ,ІҮ семестрде.

Барлығы – 234 сағат




Орал 2011ж.

Курс бағдарламасы «История международных отношении и внешней политики»-Алматы: Қазақ университеті, 2000 ж. ________________________________________________

(типтік бағдарлама атауы, қаласы, жылы)

типтік бағдарлама негізінде құрастырылған.

Құрастырғандар: т.ғ.к., доцент Қожабергенова Х.И.

(аты-жөні, лауазымы, ғылыми дәрежесі)



Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының отырысында қарастырылды.
_____ _______________201 ж. № ____ хаттама.
Кафедра меңгерушісі м.а.: ___________ Науанова К.М.


Тарих және құқық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында қарастырылды.
_____ _______________201 ж. № ____ хаттама.
Тарих және құқық факультетінің

оқу- әдістемелік кеңесінің

төрағасы: ______________ Мырзабаева Б.М.

(қолы) (аты-жөні)


Тарихи білім беруде және тарихи сананы қалыптастыруда «Халықаралық қатынастар тарихы» пәнінің маңызы зор.

Сыртқы саясатты және халықаралық қатынастар тарихын толық ұсыну үшін курс мазмұны көп ғасырлық процесстің даму заңдылықтарын және басты кезеңдерін қарастыру жөн. Сонымен қатар әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттерінің, маңызды аудандардың сыртқы саяси жағдайларын да баса көрсету аса қажетті. Дипломатияға, оның ерекшеліктері мен әдістеріне және сыртқы саясатты жүргізуге ерекше көңіл аударылады. Саяси лидерлер мен сыртқы саясат жетекшілерінің маңызды проблемаларды жүргізуге әдістері де көңіл аударарлық мәселе.

Ұсынғалы отырған материалдарда хронологиялық, географиялық және проблемалық принциптер пайдаланылған. Бұл курста «Халықаралық қатынастар тарихы» пәнін оқуда ерекше маңызды болып табылатын әр кезеңдегі әлемнің саяси картасын білу талап етіледі.

Оқу жоспарының мақсаты мен міндетттерін ескере отырып, бағдарлама студенттердің халықаралық қатынастар жүйесіне және қазіргі таңдағы сыртқы саясат проблемаларының тұтастығын ұғынуға көңіл бөледі.

Курсты оқып білуде студенттер «Жаңа және қазіргі замандығы Европа және Америка елдерінің тарихы», «Азия және Африка елдерінің тарихы» деп аталатын курстар бойынша оқыған білімдеріне сүйенеді.

Бағдарламаның басты мақсаты – Халықаралық қатынастар тарихының негізгі мазмұнын түсіндіре отырып, аталмыш кезеңнің дүниежүзілік тарихтағы орнын және адамзат өркениетіне қосқан үлесін анықтауға бағыт беру; тарихи процесстердің көпқырлы, көптүрлі екендігін көрсете отырып, дүниежүзілік тарихи дамудың альтернативтік мүмкіндіктері барын түсінуге, соған орай тарих ғылымына шығармашылықпен қарауға дағдыландыру; оларды жалпы адамзаттық мүдделер мен құндылықтардың мәнін дұрыс түсінуге, тарихи қайраткерлердің өз елдерінің өміріндегі және дүниежүзілік тарихтағы рөлін әділ түрде бағалауға үйрету.

Ұсынылып отырған бағдарламада ХҮІІ ғ. – ХХ ғасырдың соңына дейінгі кезеңдердегі оқиғаларға басты назар аударылады.

Бағдарламада хронологиялық бірізділікті сақтай отырып, тарихи оқиғалар мен құбылыстарды проблемалық жүйемен түсіндіруге негізделген.

Көрсетілген мақсатқа жету үшін «Халықаралық қатынастар тарихы» курсы төмендегі міндеттерді алдына қояды:



  • Дүние жүзінің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы жөніндегі тарихи карталардың мазмұнын талдау, мұндай білімді жинақтап өмірде қолдана білу.

  • Тарихты ғылыми кезеңдерге бөле білу негізінде тарихи оқиғаларды, процесстерді кезеңдермен, замандармен, формациялармен салыстыру.

  • Тарихи фактілерді талдау, жинақтау, бағалау, тарихи құбылыстар арасындағы себеп-салдар байланыстарын анықтау, кейбір тарихи ұғымдардың анықтамасын тұжырымдау, тарихи оқиғаларға, процестерге, қайраткерлерге салыстырмалы сипаттама беру.

  • Тарихи құжаттармен, ғылыми-көпшілік және анықтамалық әдебиеттермен жұмыс істеу, әртүрлі дерек көздерінің хабарларын, олардағы оқиғалар мен адамдарға берілген бағаны салыстыру, оларға өз пікірін дәлелдеу.

  • Әдебиеттер параграфына, тарихи деректің үзінділеріне конспект-жоспар жасау, баяндама әзірлеп, оны оқу, студенттер баяндамаларына пікір білдіру.

  • Тақырыптың өзекті мәселелерін баяндау.

  • Талқылауларға, айтыстарға қатысу, өз пікірін дәлелдеп айту.


2. Пән бойынша оқу бағдарламасы-SILLABUS
2010/2011 оқу жылы

ІІІ семестр

1 апта

1 кредит сағат

1 дәріс

Тақырып: Кіріспе

Дәріс мазмұны: Халықаралық қатынастар тарихы пәнінің арнайы ғылыми пән ретіндегі ерекшеліктері. Халықаралық қатынастар тарихының кезеңдері. Халықарлық қатынастар тарихының дерек көздері мен әдістері. Халықаралық қатынастар тарихын қарастырудың теориялық негіздері.

Әдебиет: 1-5, 6,8.

Техникалық оқу құралы: Европаның саяси картасы.

ОЖСӨЖ мазмұны: Жалпы курсқа қатысты тарихи деректер мен тарихнамасын таныстыру.

СӨЖ мазмұны: Халықаралық қатынастар тарихы пәніне қатысты әдеби еңбектермен танысу.

Әдебиет: 1-5,6,8.
2 кредит сағат

1 практикалық сабақ

Тақырып: Халықаралық қатынастар тарихының арнайы пән ретіндегі басты ерекшеліктері, әдістері.

Практикалық сабақ мазмұны:

1. Халықаралық қатынастар тарихы пәні, міндеті, мақсаты.

2.ХҮІІ ғ. дүние жүзінің саяси картасы.

3. Тарихнама.



Әдебиет: 1-5, 7.9.

Техникалық оқу құралы: Европаның саяси картасы(жаңа заман), әдеби оқулықтар.

ОЖСӨЖ мазмұны: Халықаралық қатынастар тарихындағы сан қилы тақыраптарда айтылатын тарихи заңдылықтар мен көзқарастарды деректік мәліметтер негізінде жинақтату.

СӨЖ мазмұны: 17 ғасырға жалпы сипаттама.

Әдебиет: 1-5,6,7.
2 апта

3 кредит сағат

2 дәріс

Тақырып: ХҮІІ ғасырдағы халықаралық қатынастар.

Дәріс мазмұны: ХҮІІ ғ. халықаралық және саяси жағдай. Орыс мемлекетінің, Осман империясының және Англия мен Францияның халықаралық рөлі. Отыз жылдық соғыс және Вестфаль бітімі.

Әдебиет: 1,2,8.

Техникалық оқу құралы: саяси карта.

ОЖСӨЖ мазмұны: Мемлекеттерге саяси карта арқылы сипаттама беру.

СӨЖ мазмұны: Кіріспе сабақты ауызша саралау.
4 кредит сағат

2 практикалық сабақ

Тақырып: Отыз жылдық соғыс және Вестфаль бітімі.

Практикалық сабақ жоспары:

1. ХҮІІ ғ. басындағы Европадағы халықаралық қатынастардағы маңызды мәселелер.Австриялық және Испандық Габсбургтер әулетінің Европадағы агрессиялық саясаты.

2. Отыз жылдық соғыстың басты себептері мен негізгі кезеңдері. Соғыстың 4 кезеңінің басты – басты оқиғалары.

3. Вестфаль бітімінің қорытындылары мен маңызы. Вестфаль шартынан кейінгі Европаның саяси картасы.

4. ХҮІІ ғ. ІІ-жартысындағы халықаралық қатынастар.

Әдебиет: 1-5, 8-10.

ОЖСӨЖ мазмұны: Вестфаль шартының Европаның әкімшілік-территориялық құрылымына тигізген әсері.

СӨЖ мазмұны: Тақырыпты саяси карта бойынша түсіндіру.

Әдебиет: 1-5,8-10.
3 апта

5 кредит сағат

3 дәріс

Тақырып: ХҮІІІ ғасырдағы халықаралық қатынастар

Дәріс мазмұны: Европадағы күш арасалмағының өзгеруі. Англия және Франция бақталастығы негізінің қалануы. «Одақ» түсінігінің қалыптасуы. І Петр тұсындағы Ресейдің сыртқы саясаты. Осман империясының халықаралық жағдайы. Орыс-түрік және орыс-иран соғыстары. Оған Европа мемлекеттерінің көзқарасы.

Әдебиет: 1-5, 8-10.

ОЖСӨЖ мазмұны: Империалистік елдердің ұстанған сыртқы саясатына сипаттама беру.

СӨЖ мазмұны: Вестфаль терминіне толықтай анықтама.
6 кредит сағат

3 практикалық сабақ

Тақырып: Отарлық империялар негізінің қалануы (ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ.).

Практикалық сабақ жоспары:

1. «Отар» және «метрополия» ұғымдарының қалыптасуы. Отарлық тауар-ақша қатынасының пайда болуы және дамуы.

2. Голландия, Англия және Франция отарлары негізінің қалануы.

3. Америка және Африка құрлықтарындағы Европа мемлекеттерінің отарлары.

4. Отарлаушылықтың басты бағыттары. Құлсаудасы басты пайда көзі ретінде.

Әдебиет: 1-6,11,12.

ОЖСӨЖ мазмұны: Отарланушы елдерді карта арқылы көрсету және талдау.

СӨЖ мазмұны: Тақырыпқа орай тест сұрақтарымен жұмыс.

Әдебиет: 1-6,11,12.
4 апта

7 кредит сағат

4 дәріс

Тақырып: Американ республикасының дипломатиясы (ХҮІІІ ғ. ІІ-жартысы – ХІХ ғ. І-жартысы).

Дәріс мазмұны: Ағылшын қоныстанушыларының солтүстікамерика территориясында пайда болуы. Отарлардың үш типі. Солтүстікамерика отарларының тәуелсіздік үшін күресі және олардың халықаралық қатынастарға әсері. АҚШ-тың тәуелсіз мемлекет ретінде мойындалуы.

Әдебиет: 1-5,8-10.

ОЖСӨЖ мазмұны: штаттардың ішкі дипломатиясын талдау.

СӨЖ мазмұны: Жеке студенттің 18- ғасырға жалпы сипаттамасы (түсінігі).
8 кредит сағат

4 практикалық сабақ

Тақырып: Солтүстік Америкадағы Тәуелсіздік үшін күрестің халықаралық қатынастарға тигізген әсері.

Практикалық сабақ жоспары:

1. Солтүстік Америкадағы колониялар жағдайы

2. «Тәуелсіздік Декларациясы» АҚШ-тың құрылуы

3. Тәуелсіздік үшін соғыстың халықаралық қатынастарға тигізген ықпалы

4. ХІХ ғасырдың басындағы АҚШ-тың сыртқы жағдайы

Әдебиет: 1-10,14-16,21-24.

ОЖСӨЖ мазмұны: Тәуелсіз АҚШ-тың сыртқы саясаты.

СӨЖ мазмұны: Карточкамен жұмыс.

Әдебиет: 1-10,14-16,21-24.
5 апта

9 кредит сағат

5 дәріс

Тақырып: ХҮІІІ ғасырдың соңы – ХІХ ғасырдың басындағы Европа дипломатиясы

Дәріс мазмұны: Француз революциясы жылдарындағы халықаралық қатынастар. Англо-австро-орыс одағы (1795ж.). Орыс-швед соғысы. Наполеон соғыстары. Наполеондық Франциямен соғыстағы Ресейдің рөлі. Шомон трактаты. Вена конгрессі. «Қасиетті Одақтың» құрылуы.

Әдебиет: 1-8, 10,12.

ОЖСӨЖ мазмұны: Буржуазиялық революция жылдарындағы елдің саяси өміріндегі өзгерістер.

СӨЖ мазмұны: Қасиетті Одақ тарихын схема түрінде талдау.
10 кредит сағат

5 практикалық сабақ

Тақырып: 1815-1850 жж. Халықаралық қатынастар

Практикалық сабақ жоспары:

1. ХІХғ. басындағы империалистік елдердің отарлау саясаты (Ұлыбритания, Франция және т.б.).

2. Наполеон соғысы жылдарындағы халықаралық қатынастар. Негізгі ұрыстар.

3. Наполеон соғысының қорытындылары мен салдары.

4. Вена конгрессі. Вена жүйесінің халықаралық қатынастарға ықпалы.

Әдебиет: 1-12,15.

ОЖСӨЖ мазмұны: Вестфаль және Вена жүйелеріне салыстырмалы сипаттама.

СӨЖ мазмұны: Тестпен жұмыс.

Әдебиет: 1-12,15.
6 апта

11 кредит сағат

6 дәріс

Тақырып: «Шығыс мәселесі» негізінің қалануы және Европа дипломатиясының көзқарасы.

Дәріс мазмұны: Осман империясының құлдырауы және «Шығыс мәселесі» негізінің қалануы. 1806-1812 жж. Орыс-түрік соғысы. Бухарест бейбіт келісімі. 1828-1829 жж. Орыс-түрік соғысы. Адрионополь келісімі. Түрік-египет жанжалы. 1855 ж. Вена конференциясы. 1856 ж. Париж конгрессі және оның шешімдері.

Әдебиет: 1-6,11,13.

ОЖСӨЖ мазмұны: Конференция шешімдерін практикум арқылы талдау.

СӨЖ мазмұны: Тақырыпқа қосымша мәлімет жинақтау.
12 кредит сағат

6 практикалық сабақ

Тақырып: Қасиетті Одақтан Германия және Италия империяларының құрылуына дейін

Практикалық сабақ жоспары:

1. Қасиетті Одақтан – 1848 жылғы революциялық оқиғаларға дейінгі халықаралық қатынастар.

2. Осман империясының құлдырауы және «Шығыс мәселесі» негізінің қалануы.

3. Германия және Италия империяларының құрылуындағы қиыншылықтар.

4. Франк-Прусс соғысы. Франкфурт бітімі.

5. Германия және Италия империяларының құрылуының халықаралық маңызы.



Әдебиет: 1-15,20-23,24.

ОЖСӨЖ мазмұны: Германия және Италия елдерінің тарихындағы саяси қайраткерлер.

СӨЖ мазмұны: Қасиетті Одаққа саяси талдау жасау.

Әдебиет: 1-15,20-23,24.
7 апта

13 кредит сағат

7 дәріс

Тақырып: ХІХ ғ. І-жартысындағы Орта Шығыс және Үндістаның халықаралық қатынастардағы рөлі.

Дәріс мазмұны: Шығыс елдерінің экономикалық және әскери әлсіздігінің себептері. ХІХ ғ. І-жартысындағы Европа державаларының экспансиясы: олардың мақсаты мен әдістері. 1807 ж. Филькенштейндік франк-иран келісімі. Орыс-иран соғысы. Гулистан (1813 ж.) және Туркманчай (1828 ж.) келісімдері. 1856-1857 жж. Ағылшын-иран соғысы. Париж бейбіт келісімі.

Әдебиет: 1-10,14-16, 19,21-24.

ОЖСӨЖ мазмұны: Жетекші рөлдегі мемлекеттерге сипаттама беру.

СӨЖ мазмұны: Тақырыпқа орай тест сұрақтарымен жұмыс.
14 кредит сағат

7 практикалық сабақ

Тақырып: ХІХ ғ. І-жартысындағы Орта Шығыс және Үндістан.

Практикалық сабақ жоспары:

1. Үндістан және Орта Шығыстағы империалистік державалардың саяси мүдделері.

2. Үндістандағы Британ дипломатисының рөлі. Ағылшын-сикх соғысы.

3. Ирандағы ағылшын-орыс қарама-қайшылығы.

4. Орыс-иран соғысы.

5. Ағылшын-иран және ағылшын-афган соғысы.



Әдебиет: 1-10,13,20.

ОЖСӨЖ мазмұны: Орта Шығыспен Үндістандағы Ағылшын, орыс және өзге басқыншылардың саяси мақсаттары.

СӨЖ мазмұны: Саяси картамен жұмыс.

Әдебиет: 1-10,13,20.
8 апта

15 кредит сағат

8 дәріс

Тақырып: ХІХ ғ. І-жартысындағы Қиыр Шығыстағы халықаралық қатынастар.

Дәріс мазмұны: Державалардың Қытайға қарсы ұстанған саясаты. «Опиум соғысы». 1842 ж. Нанкин келісімі. Жапония және Кореяны тысқарылау: себептері және салдары. АҚШ және Жапония арасындағы бірінші теңсіз келісім (1854 ж.). Ағылшын-бирма соғысы. Ресей мен Қытай арасындағы Айгунь (1858 ж.)және Пекин (1860 ж.) келісімдері.

Әдебиет: 1-10,14-16,21-24.

ОЖСӨЖ мазмұны: Американ экспансиясының үш бағыты.

СӨЖ мазмұны: 19 ғасырдың революциялық оқиғаларына сипаттама.
16 кредит сағат

8 практикалық сабақ

Тақырып: ХІХ ғ. І-жартысындағы Европа және АҚШ экспансиясының Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы басқыншылығы.

Практикалық сабақтың мазмұны:

1. Қытай.

2. Жапония.

3. Корея.

4. Оңтүстік-шығыс Азия.

Әдебиет: 1-15,23,25,31,33.

ОЖСӨЖ мазмұны: Шығыс феодализмінің негізгі бағыттарын атаңдар.

СӨЖ мазмұны: Саяси картамен жұмыс.

Әдебиет: 1-15,23,25,31,33.
9 апта

17 кредит сағат

9 дәріс

Тақырып: ХІХ ғасырдың 70-90 жылдарындағы халықаралық қатынастар

Дәріс мазмұны: Индустриалдық қоғамға ауысу. Жетекші мемлекеттер арасындағы экономикалық теңсіздік. Европаның саяси картасындағы өзгерістер. Қарулану қиыншылықтары. Саяси және экономикалық мүдделердегі қарама-қайшылықтар.

Әдебиет: 1-12,15.

ОЖСӨЖ мазмұны: Мемлекеттердің ұстанған саяси позицияларына сипаттама.

СӨЖ мазмұны: Таным арттыратын топтамалық тапсырмалармен жұмыс.
18 кредит сағат

9 практикалық сабақ

Тақырып: ХІХ ғасырдың соңғы ширегіндегі Балқан кризисі.

Практикалық сабақ жоспары:

1. ХІХ ғ. 70 ж. Балқан кризисінің себептері.

2. 1877-1878 жж. Орыс-түрік соғысы. Сан-Стефано келісімі.

3. Балқан елдерінің тәуелсіздік алуы және оның халықаралық қатынастарға әсері. Берлин трактаты.

4. Серб – Австро-Венгрия (1881 ж.), Түрік-болгар, орыс-австрия, грек-түрік келісімдері.

Әдебиет: 1-6,8,10.

ОЖСӨЖ мазмұны: Келісімшарт құжаттарын талдау.

СӨЖ мазмұны: Тестпен жұмыс.

Әдебиет: 1-6,8,10.
10 апта

19 кредит сағат

10 дәріс

Тақырып: ХІХ ғ. аяғы – ХХ ғасырдың басындағы Шығыс Азиядағы халықаралық қатынастар.

Дәріс мазмұны: Ұлы державалар арасындағы шығыс сұрағы. Қытайды бөлісу жолындағы күрес. Қытай-жапон соғысы (1894-1895 жж.). Герман-Қытай келісімі (1898 ж.). АҚШ-тың «Ашық есік» саясаты. Ағылшын-орыс қайшылығы.

Әдебиет: 1-12,15.

ОЖСӨЖ мазмұны: «Ашық есік», «Тең мүмкіндік» және өзгеде доктриналардың мазмұнын анықтау.

СӨЖ мазмұны: Елдерге саяси сипаттама.
20 кредит сағат

10 практикалық сабақ

Тақырып: 1870-1914 жылдар аралығындағы Таяу және Орта Шығыс елдерінің саяси дамуы.

Практикалық сабақ жоспары:

1. Иран.


2. Ирак.

3. Афганистан.

4. Үндістан.

5. Түркия.



Әдебиет: 5,10,15,17,25,44,46,51.

ОЖСӨЖ мазмұны: Отарлар және жартылай отарлардағы қанаудың әдістері?

СӨЖ мазмұны: Қорытынды тексеру жүргізу.

Әдебиет: 5,10,15,17,25,44,46,51.
11 апта

21 кредит сағат

11 дәріс

Тақырып: Дүние жүзілік отар бөлінісінің аяқталуы.

Дәріс мазмұны: Индустриалдық дәуір дамуындағы отарлардың рөлі. Империалистік державалардың Африка, Азия және Латын Америкасы елдеріндегі басқыншылықтары.

Әдебиет: 1-15, 20-23,24.

ОЖСӨЖ мазмұны: ХІХ ғ. аяғы - ХХ ғ. басындағы Европа мемлекеттеріне қатысты реферат тақырыптарын беру.

СӨЖ мазмұны: Елдерге саяси сипаттама.
22 кредит сағат

11 практикалық сабақ

Тақырып: Европа мемлекеттері мен АҚШ-тың ХІХ ғ. аяғы – ХХ ғ. басындағы экономикалық дамуы мен сыртқы саясаты.

Практикалық сабақ жоспары:

1. Англия және Франция.

2. Ресей.

3. Германия.

4. АҚШ.

5. Австро-Венгрия.



Әдебиет: 1-15, 18,23.

ОЖСӨЖ мазмұны: Мемлкеттердің саяси-әкімшілік территорияларын карта арқылы талдау.

СӨЖ мазмұны: Саяси картамен жұмыс.

Әдебиет: 1-15,18,23.
12 апта

23 кредит сағат

12 дәріс

Тақырып: Европадағы қайшылықты блоктардың құрылуы.

Дәріс мазмұны: Үш император одағының құрылуы. 1879 ж. Австро-герман келісімі. 1887 ж. Франк-орыс соғысы. 1904 ж. Ағылшын-француз және 1907 ж. Ағылшын-орыс келісімдері.

Әдебиет: 1-15,20-23,24.

ОЖСӨЖ мазмұны: Келісім шарт шараларын талдау.

СӨЖ мазмұны: Жазбаша жұмысты тексеру.
24 кредит сағат

12 практикалық сабақ

Тақырып: Латын Америкасы елдеріндегі революциялар мен реформалардың халықаралық қатынастарға әсері.

Практикалық сабақ жоспары:

1. Либералдық революциялар мен реформалар.

2. Латын Америкасы елдеріндегі « Доллар дипломатиясы ».

3. Мемлекеттердің саяси құрылысы.

4. Халықаралық қатынастардағы Латын Америкасы елдері.

Әдебиет: 1-13,16,23.

ОЖСӨЖ мазмұны: Тест жүргізу.

СӨЖ мазмұны: Жазбаша жұмысты тексеру.

Әдебиет: 1-13,16,23.
13 апта

25 кредит сағат

13 дәріс

Тақырып: ХХ ғ. басындағы халықаралық қатынастар.

Дәріс мазмұны: Әлемді территориялық бөлудің аяқталуы. Оны қайта бөлу жолындағы күрес. Әскери-саяси блоктың құрылуы.

Әдебиет: 1-10, 13,20.

ОЖСӨЖ мазмұны: ХХ ғ. басындағы империалистік соғыстар.

СӨЖ мазмұны: 20-ғасырға сипаттама.
26 кредит сағат

13 практикалық сабақ

Тақырып: 1898-1914 ж.ж. халықаралық қатынастар және д.ж. соғыс себептерінің қалыптасуы.

Практикалық сабақ жоспары:

1. ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы империалистік соғыстар (Испан-Американ, Ағылшын-бур, Орыс-жапон ).

2. Үштік Одақтың құрылуы және оның мақсаты.

3. Франция – Россия соғыс конвенциясы.

4. 1907 ж. ағылшын – орыс келісімі.

Әдебиет: 1-16,18,25.

ОЖСӨЖ мазмұны: Қысқа емтихан.

СӨЖ мазмұны: Тест жүргізу.

Әдебиет: 1-16,18,25.
14 апта

27 кредит сабақ

14 дәріс

Тақырып: Бірінші дүние жүзілік соғыс жылдарындағы дипломатия.

Дәріс мазмұны: Соғыстың себептері және қатысушы мемлекеттердің мақсаты. Соғыстың негізгі қорытындылары мен маңызы.

Әдебиет: 1-10,13,20.

ОЖСӨЖ мазмұны: Негізгі шайқас орталықтарын карта арқылы таңдау.

СӨЖ мазмұны: Тарихи материалдарды талдау.
28 кредит сағат

14 практикалық сабақ

Тақырып: 1914-1918 жж. бірінші дүние жүзілік соғыс.

Практикалық сабақ жоспары:

1. Себептері, сипаты,мақсаты.

2. 1914-1917 жж. әскери іс-қимылдар.

3. Соғысушы елдердегі әлеуметтік – саяси дағдарыс.

4. Орталық мемлекетттердің жеңілуі мен соғыстың аяқталуы.

5. Компьен уақытша бітімі.

6. Соғыстың қорытындылары мен тағылымдары.

Әдебиет: 1-14,28,30.

ОЖСӨЖ мазмұны: І д.ж.с. қатысты кесте құру.

СӨЖ мазмұны: Хронологиялық кесте толтыру.

Әдебиет: 1-14,28,30.
15 апта

29 кредит сағат

15 дәріс

Тақырып: Версаль-Вашингтон жүйесінің құрылуы.

Дәріс мазмұны: І д.ж. соғыстың аяқталуы. Антанта. Д.ж.с. кейінгі қайта құру жоспары. В.Вилсонның 14 пункті. 1919 ж. Париж бітім конференциясы және оның маңызы. Версаль-Вашингтон жүйесі.

Әдебиет: 1-15,23,25,31,33.


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет