ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені зейінді зерттеу психологиясы пәні



бет1/3
Дата04.08.2017
өлшемі0,52 Mb.
#22556
  1   2   3

ПОӘК 042- 18.1.02/02 2013


05.09.2013 жылғы

№1 басылым




беттің -сі





ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ




Зейінді зерттеу психологиясы пәні

6М010300 «Педагогика және психология» мамандығының магистранттарына арналған




ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР








Семей 2013



Мазмұны


  1. Глоссарий

  2. Дәрістер

  3. Практикалық сабақтар

  4. Магистранттың өздік жұмысы


1 ГЛОССАРИЙ

Апперцепция – латынның апперцептио деген сөзінен алынған. Қазақша қабылдауға қосымша деген мағынаны білдіреді. Адамның психологиялық ахуалы мен оның өткендегі өмір тәжірибесінің мазмұнын қабылдауда мұның маңызы ерекше. Себебі бұрынғы тәжірибелер жаңа нәрселерді қабылдауда танымдық өлшем қызметін атқарады.

Гуманистік психология – ХХ ғасырдың 60жж. батыста пайда болған және психологияның негізгі пәні жоғары көріністерінде, құндылықтары мен мағыналарында қарастырылатын адам болуы қажет деп есептейтін психология ғылымындағы бағыттардың бірі. Г.п. көрнекті өкілдері – А. Маслоу, К. Роджерс, Г. Олппорт т.б.

Детерменизм - психикалық құбылыстардың себер-салдарлық байланысын түсіндіру.

Интроспекция (өзін-өзі бақылау) - адамның өзінің ішкі жан дүниесінің психикасын бақылау.

Зейін – адам санасының қандай-да бір нәрсеге, құбылысқа немесе іс-әрекетке бағытталуы және шоғырлануы.

Көзқарас – адамның, әлеуметтік топтың немесе тұтас қоғамның айналада болып жатқан үрдістерге және құбылыстарға қатысын айқындайтын дүниетанымдық категория.

Мотив – қажеттілікті өтеуге құштарлықтан туындаған іс-әрекетке түрткі.

Онтогенез - балалық шақ кезеңінде индивид психикасының негізгі құрылымдарының қалыптасу үрдісі.

Өзіндік сана – адамның өзін және жеке қасиеттерін түсінуі. Адамның өзі кім екендігіне ой жүгіртіп, бойындағы күш-қуатын, ақыл-ойын, қабілеттілігін, әрбір іс-әрекеттерін атқарудағы ниеті мен мақсат-міндетін, өзін қошаған орта мен әлеуметтік жағдайға, өзге адамдарға, өз басына деген көзқарасын білдіретін қасиеттерін анықтауы, аңғаруы.

Өзін-өзі тәрбиелеу – адамның өзінің тұлғалығын алдына қойған мақсатына сәйкес қалыптастыруы. Үлкендердің көмегінсіз ө.-ө.т. қиын. Ө.-ө.т. жеткіншек жас шағында бағдарламаны ұйымдастыруды талап етеді. Ө.-ө.т. – адамның моралдық қасиетінің бір түрі.

Практика- адам іс-тәжірибесін білдіретін әрекет.

Психиканың дамуы - психикалық үрдістердің белгілі-бір заңдылықтарға бағынып өзгеруінің сандық, сапалық және құрылымдық жаңа құрылымдарда бейнеленетін өзгерістер.

Сана - психикалық бейнелеудің жоғарғы деңгейі.

Тест - анықталған психологиялық қасиеттің даму деңгейін тез және объективті өлшеуге арналған стандарттандырылған тапсырмалар жүйесі.

Теория - ғылыми принциптер жүйесі.

Фактілер - шындық, ақиқат, қорытынды дегенді білдіреді; шындығы дәлелденген білім.
2 ДӘРІСТЕР
1 Зейін туралы психологиялық теориялар

Жоспары

Зейіннің психологиялық феномен ретіндегі мәні.

Зейін психологиясын зерттеген ғалымдардың ой пікірлері.

Зейіннің тәуелсіз үрдіс екендігі туралы.

Зейін туралы философтардың талдаулары.
Зейін - психологиялық феномен, ол туралы пікірталастар ғасырлар бойы жалғасып келеді. Ғалымдардың бір қатары зейін тәуелсіз үрдіс ретінде өмір сүре алмайды, ол тек қана кез келген психикалық үрдістің немесе адам іс-әрекетінің бір жағы ретінде көріну деп тұжырымдайды. Басқалары зейінді тәуелсіз үрдіс, өзінің ерекшелігі бар, олар анатомиялық және физиологиялық өзін басқаратын құрылымына сүйеніп басқа таным үрдістерінің міндетін атқыруын, динамикасын және психикалық ахуалдың ерекшеліктерін қарастырғанда маңызы бар екенін айтады.

Зейін барлық психикалық құбылыстарға қатысы бар, оны зейіннің динамикалық сипаты (шоғырлануы, тұрақтылығы, көлемі, бөлінуі т.с.с.) арқылы зерттеуге болады. Зейін – сезім мүшелері арқылы бір ақпаратты іріктейтін басқаларды елемейтін (саналы немесе санасыз) үрдіс [132].

Зейін деп – адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу. Мысалы, оқушы математикалық есептер шығарып отыр. Ол бұған соншама үңілген, мұнысы психикалық кейпінен жақсы көрінеді. Оқушы есептің шығару жоспарын орындайды, оның бірінен кейін екіншісін шығарады. Есеп шығарып болып азғантай үзілістен кейін тарихты, одан кейін географияны оқуға көшеді. Сабағын оқып болғаннан кейін, басқа істермен айналысады. Осы көріністердің бәрінде де бала әрекеттің әрбір түріне өз зейінін ұйымдастырып, басқа объектілерден ойын бөліп отырады. Осындағы түрлі кезеңдерде бала психикасының белгілі бір объектіге бағыт алып және сонда азды-көпті тұрақтап отырғанын көруге болады.

Зейін деп — адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу. Мысал келтірейік. Оқушы математикалық есептер шығарып отыр. Ол бұған соншама үңілген, мұнысы психикалық кейпінен жақсы көрінеді (бала көзін қадайды, шұқшия үңіледі, демін ішіне тартады т. б.). Оқушы есептің шығару жоспарын ойлайды, оның бірінен кейін екіншісін шығарады. Есеп шығарып болып, азғантай үзілістен кейін тарихты, одан соң географияны оқуға көшеді. Сабағын оқып болғаннан кейін, түрлі нәрселермен айналысады. Осы көріністердің бәрінде де бала әрекеттің әрбір түріне өз зейінін ұйымдастырып, басқа объектілерден ойын бөліп отырады. Осындай түрлі кезеңдерде бала психикасының белгілі бір объектіге бағыт алып және сонда азды-көпті тұрақтап отырғанын көруге болады.

Адамға тән әрекеттің кез келген түрінде зейін орын алмаса, оның нәтижелі болуы қиын. Орыс педагогикасының атасы К.Д. Ушинский (1824-1870) зейіннің маңызын былайша көрсеткен еді. «Зейін адам санасынан қорытылып өтетін барлық ойды аңғартатын, адам жанының жалғыз ғана есігі болып табылады, демек, бұл есікке ілімнің бірде-бір сөзі соқпай өте алмайды, егер де ол соқпай өтсе, онда баланың санасында ештеңе де қалмайды».

Зейінді психикалық процестердің тобына жатқызу дұрыс болмас еді. Өйткені адам өз өмірінің әрбір кезеңдерінде бір нәрсені қабылдайды не есіне түсіреді, бірер нәрсені қиялдайды, бір нәрсе жөнінде ойлайды. Ал зейін болса, өз алдына бұлардай дербес кездеспейтін, қайта солармен бірлесіп келетін психикалық әрекеттің айрықша бір жағы, сананың ерекше сипаты болып табылады. Психикалық құбылыстар зейінге түрліше әсер етеді. Сезім зейінді күшейте түсуге не оны бөліп жіберуге себепші болады. Мәселен бір объект жағымды сезім туғызып зейінді күшейтеді де, ал көрші кластан естілген ән-күй сабақ тыңдап отырған баланың зейінін төмендетеді. Ерік, ой, қиял процестері де зейінге түрліше әсер етіп отырады.

И.П. Павлов, егер ми қабығының бір алабында қозу процесі пайда болса, осымен байланысты қалған алаптарында тежелу процестері пайда болатындығын айтқан. Мәселен, адам бар ойымен іске қызу берілсе, басқа нәрселер туралы жөнді ойлай алмайды. Осы кезде мидың бір алабында күшті процесі болып жатады да, айналасындағы алаптарда тежелу болады (теріс индукция заңы).

Зейіннің физиологиялық негіздерін орыс физиологы, академик А.А.Ухтомскийдің (1875-1942) доминанта теориясы бойынша да жақсы түсінуге болады. Сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға көбірек әсер етеді де, мидың бір алабын қаттырақ, күштірек қоздырады, осындай алапты доминантадеп атаған. Мидың осы күшті қозғыш алабы қалған алаптардағы әлсіз қозу процестерін өзіне тартып алып отырады. Осыдан мидың күшті қозған алабы онан бетер күшейеді. Мәселен, қызық кітапқа беріле оқығанда адамға кейбір бөгде тітіркендіргіштердің бөгет жасамайтыны, қайта олардың біздің ойымыздың күшеюіне жәрдемдесетіні байқалады. Сондықтан адам бар зейінін қойып кітап оқыған кезде қасындағы бөгде тітіркендіргіштерден (мысалы, сағат маятнигінің соғуы секілді) қашпауы керек. Бұл біздің басқа нәрсеге көңіл аудармай, үңіліп отырған әрекетімізге мейлінше беріле түсуге жәрдемдеседі. Өйткені, жоғарыда айтылғандай, мидағы басыңқы қозу әлсіз тітіркендіргіштерден болған қозуларды өзіне тартып алып, солардың есебінен күшейіп отырады. А.А.Ухтомскийдің доминанта теориясының мәнін И.П.Павловтың «Қозудың оптимальдык, алабы» дейтін теориясы онан сайын толықтыра түседі.

И.П. Павловтың оптимальдық қозу алабы теориясы ырықты зейіннің табиғатын физиологиялық тұрғыдан өте жақсы түсіндіреді.

Қозу процесі ешқашан да ми қабығына біркелкі тегіс тарамайды, өйткені онда әр уақытта қозу пайда болатындай жағымды «оптимальдық жағдай» жасалып отырады. Оптимальдық қозуы бар осы алап — ми қабығының творчестволық бөлімі, ырықты зейіннің физиологиялық негізі. Бұл жөнінде И. П. Павлов былай дейді: «Бас сүйегінің сыртынан біз іштегі миды байқай алатын болсақ, онда ми сыңарларының оптимальдық қозу пайда болатын жері жарқылдап көрінсе, біз ойлап отырған саналы адамның ми сыңарларында формасы және шамасы өне бойы өзгеретін тамаша тұрлаусыз жарқылдаған сәуледағын көрер едік, бұлар ми сыңарларының барлық жерлерін алып жатқан азды-көпті қара көлеңкенің ішінде үздіксіз қозғалып жүрген болар еді». Ұлы физиолог оптимальдық қозу үнемі қозғалыста болатындығын айта келіп, оның мида ауысып отыруының өзі зейін бағытының да өзгеріп отыруы деп түсіндірді. Мидағы тежелулердің бірінен екінші сапқа түсуі, біреулерінің күшейіп, алдыңғы сапқа шығуы осы оптимальдық қозу алабының жұмысы болады. Оптимальдық қозуы бар алап (өзара индукция заңы) мидың басқа бөліктеріндегі тежелуді күшейтеді.Мұндай жағдайда адам зейіні бір жерге күшті шоғырланады да, ол қалған объектілерді байқамайтын болады. Оптимальдық қозу алабын екінші сигнал жүйесінен шыққан сигналдар қуаттап отыратындығын, сөздік сигналдар ми қабығындағы осындай алаптардың бір-біріне ауысуын тездетіп отыратындығын, сайып келгенде, психикалық әрекеттің талғамалы сипатта болатынын жақсы көрсетеді.


Өз білімін тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Зейіннің психологиялық феномен ретіндегі мәнін түсіндір

  2. Зейін психологиясын зерттеген ғалымдардың ой пікірлері туралы

  3. Зейіннің тәуелсіз үрдіс екендігі туралы анықтама

  4. Зейін туралы философтардың талдауларын атаңыздар

2 Зейін туралы психофизиологиялық теориялар



Жоспары

Зейіннің анатомиялық және физиологиялық өзін-өзі басқаратын құрылымына сүйеніп басқа таным үрдістерінің міндетін атқаруды қамтамасыз ететіндігі туралы.

У.Джемс зейіннің физиологиялық механизмін зерттеуші. И.П.Павлов зейіннің физиологиялық табиғаты туралы.

Н.Н.Ланге зейіннің моторлық теориясын құрастырушы. Д.Бродбент зейінді сүзгімен (фильтр) теңестіруі, Н.Лейтес, И.Страхов, Е.Хомская, П.Блонский, Ю.Гиппенрейтер, В.Зинченко, Б.Ломов, А.Ярбус еңбектеріндегі зейіннің физиологиялық теориялары.


Зейіннің қасиеттерін зерттеуді жалғастырған Челпанов Г. И. (1914), Ланге Н. Н. ал, психофизиологиялық бағытта доминанта туралы ілімді Ухтомский А. А. еңбектерінде терең, әрі жан-жақты қарастырылған [135, б.119–191].

Ухтомский А. А. доминанта принципін дамытудың әдіснамалық негізі ретінде Н. Е. Веденскийдің идеясын, Шеррингтонның жалпы жолымен, конвергенция принципін және «қозудың шоғырлануы» деген ғылыми бағыттарға (Бехтеревтің) сүйенген.

Психология тарихында зейіннің моторлық теориясына үлкен орын беріп, құрастырған Н.Н.Ланге. Ол өзінің «Психологиялық зерттеулер» еңбегінде ос мәселе туралы жазды. Н.Н.Ланге зейіннің моторлық теориясын тек қана оның бейімделуге қозғалысы деп есептемейді, еріктік зейін ол «моторлық және апперцепциялық үрдіс» түйсіктің қозғалыстық және еске түсірудің арасындағы байланыстарды дәлелдейді.

Д.Е. Бродбент зейінді сүзгімен теңестірді, өзінің зерттеулерінде зейіннің моделін физикалық шамалардың негізінде «барлығы немесе ештеңе» деген қағидамен іріктеуді ұсынды. Ол адамды пассивті қабылдағыш деп түсінді, бірақ онымен келісуге болмайды.

Адамға тән әрекеттің кез–келген түрінде зейін орын алмаса, оның нәтижелі болуы қиын. Ушинский К. Д. зейіннің маңызын былайшы көрсеткен еді: «Зейін адам санасынан қорытылып өтетін барлық ойды аңғартатын, адам жанының жалғыз ғана есігі болып табылады, демек, бұл есікке ілімнің бірде-бір сөзі соқпай өте алмайды, егерде ол соқпай өтсе, онда баланың санасында ештеңе де қалмайды». Зейінді психикалық үрдістердің тобына жатқызу дұрыс болмас еді. Өйткені адам өз өмірінің әрбір сәттерінде бір нәрсені қабылдайды не есіне түсіреді, бірер нәрсені қиялдайды.

Психикалық құбылыстар зейінге түрліше әсер етеді. Сезім зейінді күшейте түсуге не оны бөліп жіберуге себепші болады.

Зейіннің физиологиялық негіздерін И.П. Павлов ашқан жүйке үрдістерінің өзара индукция заңына байланысты түсінуге болады.

И.П. Павлов, егер ми қабығының бір алабында қозу үрдісі пайда болса, осымен байланысты қалған алаптарында тежелу үрдістері пайда болатындығын айтқан. Мәселен, адам бар ойымен іске қызу берілсе, басқа жөнінде ойлай алмайды. Осы кезде мидың бір алыбында күшті қозу үрдісі болып жатады да, айналасындағы алаптарда тежелу үрдісі болады.

Зейіннің физиологиялық негіздерін орыс физиологы, академик А.А Ухтомскийдің (1875-1942 ж.) доминанта теориясы жақсы түсіндіреді. Сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға көбірек әсер етеді де, мидың бір алабын қаттырақ, күштірек қоздырады, осындай алабты доминанта деп атайды. Мидың осы күшті қозғыш алабы қалған алабтардағы әлсіз қозу үрдістерін өзіне тартып отырады. Осыдан мидың күшті қозған алабы одан ары күшейеді. Мәселен, қызық кітапқа беріле оқығанда адамға кейбір бөгде тітіркендіргіштердің бөгет жасамайтыны, қайта олардың адамның ойының күшеюіне жәрдемдесетіні байқалады. Сондықтан адам бар зейінін қойып кітап оқыған кезде қасындағы бөгде тітіркендіргіштерден қашпауы керек. Бұл біздің басқа нәрсеге көңіл аудармай үңіліп отырған әрекетімізге мейлінше беріле түсуге жәрдемдеседі. Өйткені, жоғарыда айтылғандай, мидағы басыңқы қозу әлсіз тітіркендіргіштерден болған қозуларды өзіне тартып алып, солардың есебінен күшейіп отырады.

А.А. Ухтомскийдің доминанта теориясының мәнін И.П. Павловтың «қозудың оптималдық алабы» дейтін теориясы одан әрі толықтыра түседі [134]. И.П. Павловтың оптималдық қозу алабы теориясы ырықты зейіннің табиғатын физиологиялық тұрғыдан өте жақсы түсіндіреді. Қозу үрдісі ешқашанда ми қабығына біркелкі тарамайды, өйткені онда әр уақытта қозу пайда болатындай жағымды «оптималдық жағдай» жасалып отырады. Оптималдық қозуы бар осы алап – ми қабығының шығармашылық бөлімі, ырықты зейіннің физиологиялық негізі. Бұл күйді И. П. Павлов былайша сипаттаған: «Бас сүйегінің сыртынан біз іштегі миды байқай алатын болсақ, онда ми сыңарларының оптималдық қозу пайда болатын жері жарқылдап көрінсе, біз ойлап отырған саналы адамның ми сыңарларында түрі және шамасы өне бойы өзгеретін тамаша тұрлаусыз жарқылдаған сәуле дағын көрер едік, бұлар ми сыңарларының барлық жерлерін алып жатқан азды-көпті қара көлеңкенің ішінде үздіксіз қозғалып жүрген болар еді».

Ұлы физиолог оптималдық қозу үнемі қозғалыста болатындығын айта келіп, оның мида ауысып отыруының өзі зейін бағытының да өзгеріп отыруы деп түсіндірді.Мидағы тежелулерінің бірінен екінші сапқа түсуі, біреулерінің күшейіп, алдыңғы сапқа шығуы осы оптималдық қозу алабының жұмысы болады. Оптималдық қозу алабы бар алаб мидың басқа бөліктеріндегі тежелуді күшейтеді. Мұндай жағдайда адам зейіні бір жерге күшті шоғырланады да, ол қалған объектілерде байқалмайтын болады
Өз білімін тексеруге арналған сұрақтар:


  1. Зейіннің анатомиялық және физиологиялық өзін-өзі басқаратын құрылымына сүйеніп басқа таным үрдістерін атаңыздар

  2. У. Джемс зейіннің физиологиялық механизмін қалай түсіндірді

  3. И.П. Павлов зейіннің физиологиялық табиғаты туралы қысқаша шолу

3 Зейін туралы ұғым



Жоспары

Зейін психикалық феномен ретінде.

Зейіннің негізгі сипаттары.

Зейін және сана


Т. Рибоның зейін туралы теориясы. П.Я. Гальпериннің зейін туралы концепциясы. Д.Н. Узнадзенің нұсқа туралы концепциясының зейінге қатысы.

Зейін туралы көп тараған теориялардың бірін Т. Рибо ұсынды. Оның айтуы бойынша, зейін немесе күшті болуына қарамастан, әрқашанда эмоциялармен байланысты және эмоциялар арқылы туады. Т. Рибо, эмоция және ырықты зейін арасындағы ерекше тығыз байланысты қарастырды. Оның айтуы бойынша, зейіннің осындай интенсивтілігі және ұзақтығы эмоционалды жағдай объектісінің интенсивтілігі және ұзақтығына негізделген. Сондай-ақ ырықсыз зейін жалпы эффективті күйге тәуелді. Зейін жағдайы әрқашанда тек эмоционалды күйзелістермен ғана емес, сонымен қатар дене өлшемінің және ағзаның физиологиялық жағдайының белгілі өлшемдерімен қатар жүреді.

Т. Рибо үшін психикалық үрдістердің және қалыптардың физиологиялық өзара байланысы ерекше болды, және де осы жағдай, бізді қызықтыратын көріністері оның трактатында айтылды. Осы айтылғандарды негізге ала отырып, Т. Рибо концепциясын психофизикалық деп атауға болады. Қозғалыстың зейін актісіндегі маңыздылығын Т. Рибо келесі түрде көрсетті. Қозғалыс физиологиялық тұрғыда берілген сана қалпына күш бере отырып оны күшейтеді.

Сезім мүшелері үшін, зейін, көру және есту, басқару және көрумен байланысты қозғалыстарды шоғырландыру және тежеу болып табылады.

Ұсынылып отырған күш зейінді жинақтайды және тежейді, әрқашанда дене негізіне сүйенеді. Т. Рибоның ойы бойынша, зейіннің қозғалыс нәтижелігі мыналардан құралады: кейбір түйсіктер, ойлар, есте сақтаулар. Бұл құрылымдар басқа қозғалыс белсенділіктерімен салыстырғанда ерекше интенсителінеді және нақты болады. Қимыл-қозғалыстарды басқару – ырықты зейін құпиясы болып табылады. Қажетті қозғалысты ырықты түрде қайталау негізінде зейінімізді осы қозғалысқа аударамыз. Т. Рибо ұсынған зейіннің моторлы теориясының сипаттары осындай.

Зейін құрылым түсінігімен байланыстыратын тағы бір теорияны Д.Н. Узнадзе ұсынды. Оның құрылым туралы теориясы бастапқыда тәжірибе әсерінен ағзада пайда болатын және келесі әсерлерге реакцияларын анықтайтын алғашқы құрылымның ерекше қалпымен ұштасты. Мысалы, егер адамның қолынан көлемі бойынша бірдей, салмағы жағынан әртүрлі екі бірдей шар ұстатсақ, ол адам шарлардың салмақтарын әртүрлі бағалайды. Қайталанған жағдайда, қолына бұрын түскен жеңіл шар барлық қатынаста бірдей болып көрінеді. Осындай иллюзия байқалатын адамдарда, заттардың салмақтарын қабылдауы бойынша белгілі бір құрылым қалыптасты делінеді

Д.Н. Узнадзенің ойы бойынша, құрылым зейін үрдісімен тікелей байланысты және адамның ішкі зейін жағдайын көрсетеді. Импульсивті мінез құлық жағдайында көрсетіледі.

Зейіннің болмауымен байланысты субъектінің белгілі психикалық қатарының, сезімдерінің ойларының, образдарының пайда болуы осылайша түсіндіріледі. Әрбір белгі құрылым жағдайының өзектілігі негізінде субъект саласында бітқатар күйзелістер, психикалық мазмұндар туады.

Д.Н. Узнадзе теориясында құрылым және объектілеу түсініктері бір-бірімен байланысты.

Ол белгілі бір бейне құрылымы немесе әсерленуі қоршаған шындықты қабылдау барысында алынғандарды ерекшелеу ретінде трактатталады. Осы бейне немесе әсер зейіннің объектісі болады .

Зейін туралы қызықты теориялық тұжырымды П. Я. Гальперин ұсынды.

Ол тұжырымның негізгілері мынадай:

1. Зейін – бағдарлы зерттеу әрекетінің бір сәті болып табылады. Ол бейне мазмұнына, ойлауға бағытталған, яғни берілген уақытта адам психикасының феномені болып табылатын психологиялық әрекет болып көрінеді.

2. Функциясы бойынша, зейін мазмұндарды бақылау түрінде көрінеді. Адамның әр әрекеті бағдарлау, орындау және бақылау бөлімдерінен тұрады.

3. Белгілі бір өнім шығаратын әрекеттерге қарағанда, бақылау немесе зейін әрекеттері өз бетінше нәтижелі болмайды.

4. Зейін дербес, нақты акт ретінде, ой әрекеті кезінде ғана емес, сонымен қатар қысқартылған әрекет кезінде де көрінеді. Бақылауды зейін ретінде қарастыруға болмайды. Зейін қандай бір үрдісті жақсартуға негіз болған жағдайда, бақылау әрекеті ғана бағалайды.

5. Зейін үрдісінде бақылау критерийі, шаралар, үлгі сияқты әрекеттерді салыстыруға мүмкіндік беретін әрекеттер көмегімен жасалады.

6. Ырықты зейін жоспарлы түрде жасалатын зейін, яғни алдын-ала жасалған бақылау түрі.

7. Ырықты зейіннің жаңа тәсілін қалыптастыру үшін, негізгі әрекетке қосымша әрекеттермен бірлестікте жүргізу барысын, нәтижелерді тексеру, сәйкес жоспар жасап дамыту сияқты тапсырмаларды ұсыну қажет.

8. Бақылаудың ырықты және ырықсыз функцияларын орындайтын, белгілі зейін актілерінің барлығы жаңа ой әрекетінің қалыптасу нәтижесі.


Өз білімін тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Зейін психикалық феномен ретінде

  2. Зейіннің негізгі сипаттарын атаңыздар

  3. Зейін және сана ұғымдарына анықтама беріңіздер

4 Зейіннің негізгі түрлері



Жоспары

Ырықсыз зейін және оны қоздыратын факторлар.

Ырықты зейіннің ерекшеліктері.

Ырықты зейіннің әлеуметтік факторлары.

Үйреншікті зейін.

Табиғи зейін. Ұжымдық зейін.

Сезімдік және интеллектуалдық зейін.
Ырықсыз зейін кейбір зерттеулерде пассивті зейін, енді бір құралдарда эмоциялық зейін деп аталады. Бұл ескі түрлі атау, да мәні ырықсыз зейіннің ерекшелігін көрсетеді.

Пассивті зейін объектіге бағытталған санын шоғырландыру үшін ерік күшінің қажет емес екендігін білдіреді. Ал ырықсыз зейінді эмоциялық деп атау зейіннің объектісі және соған байланысты көңіл күй мен эмоциялар, қызығулар, мақсат-мүдде арасындағы арақатынастың мәнісін білдіреді.

Сонымен, ырықсыз зейін деп сананың белгілі бір объектіге бағытталып, соған шоғырлануын айтамыз. Сан қилы тітіркендіргіш ішінен күші басым тітіркендіргіш зейінді өзіне еріксіз аударады.

Мысалы, сөреде қатар тұрған кітаптар арасынан мұқабасы қызыл кітап бірден көз тартады. Мұның себебі қызыл түстің көзге әсер ету коэффициентінің күшті екендігінде. Осы орайда мәнерсіз бірқалыпты айтылған сөз басқалардың назарын өзіне жөнді аудара алмайды.

Оқушыларды байқаудың көрсеткіштері бойынша, зейіндерін жақсы ұйымдастыра алу оқуды жақсы үлгеріміне әсер ететін фактор ретінде болды. Сонымен бірге үлгерімінің зейін қасиеттерін дамытуға ықпалы да болады.

Арнайы талдау бойынша зейіндері кең, тұрақты және жақсы бөле алатын оқушылардың, зейіндері тар, тұрақсыз және дұрыс бөле алмайтындармен салыстырғанда әлдеқайда оқуда жақсы үлгере алатындары көрінді.

Зейіндерінің қасиеттері төмен дамыған оқушылардың үлгерімдері және қылықтары жайлы әңгіме ерекше зерттеуді талап етеді.

Негізгісі оқушының өзінің өзгерістерін өзі ұғына алуы қажет. Ондай болу үшін, өзін, тұлғалығын, білімдері, икемділіктері және дағдыларының құрылымын, іс-әрекетінің процессуалдық жақтарын, кемшіліктерін талдап үйренуі тиісті. Бастысы, оқушы болашаққа жоспарын ертеректе қандай болғанымен, не білетінімен салыстыра ұйымдастыруы болады.

Осылай өзін-өзі бақылау, өз бетінше тапсырмалар мен тәсілдерді, әрекеттерінің нәтижелерін ескеру тек қана рефлексияның - өзінің даралығына, қылығына тұлғалық ерекшеліктеріне зейінінің дамуы негізінде ғана болады. Өзін-өзі бақылауды ұйымдастыра, өзінің іс-әрекетін және қылықтарын игеруі мүмкін.

Өзін-өзі бақылау үрдісін ұйымдастыруда таным әрекеттерінің ішінде зейіннің қасиеттері ерекше әрі маңызды орында. Әсіресе бақыланатын объектіге сананы бағыштап шоғырландыру және қажет уақыт аралығында мақсатқа сәйкес тұрақтатып нысананы түзету мәселесі зейіннің жоғарыда аталған қасиеттерімен дәнекерленеді.

Дегенмен зейін туралы жалпы айту мүмкін емес. Оның көрінісінің көпжақтылығы мен салыстырмалы тәуелсіздігі біржағының жақсы басқаларының нашар дамығанын көрсетеді.

Бірақта, бірін-бірі алмастыратын және толықтыратын жайлар кездеседі.

Зейіннің күшті жақтары оқу–тәрбие үрдісінде т. б. іс-әрекеттің түрлерін орындауда өзін-өзі бақылауды алғы жоспарға жетелеп негізгі орындаушы міндеттерді өзіне алады.

Зейіннің іс-әрекеттегі бақылаушы функциясы зерттеп талдаған ғалым П. Я. Гальперин өзінің тұжырымдарында жеке адамның еріктік сферасын дамытудың ерекше маңызды рөл атқаратынын атаған. Оның пайымдауынша ерікті әрекеттер мен амалдар – мәнісі құрылымы жағынан өте күрделі үрдіс.

Ерікті амал – мазмұны тұрғысынан өте күрделі психологиялық әрекет.

Ондай әрекет бірнеше кезеңдерден тұрады:

- мақсат қойып, соған жетуге ұмтылу (дайындық кезеңі);

- мақсатқа жету мүмкіндіктерін түсіну (мақсат қою);

- ниет-тілектердің пайда болуы;

- ниеттер тартысы және оның бірін қалау;

- тоқтамға келу үшін мүмкіндіктерінің бірін қалау;

- тоқтамға келген шешімді орындау.

Еріктің осы аталған кезеңдері зейіннің келесі сапалық жақтарымен тығыз байланыста болған көптеген зерттеулерден белгілі.

Ал мәнерлі, әсерлі сөздер адамның зейінін өзіне тартып алады. Кез келген тітіркендіргіштің адам зейінін өзіне аударуы оның әсерлілігіне байланысты. Сондай-ақ, тітіркендіргіштердің жаңалылығы да еріксіз зейін тудырады. Мәселен, жаңа маркалы автокөлік, не қабырға газетінің жаңа нөмірін көріп қалсақ, оған еріксіз назар саламыз. Зейіннің осындай қасиеттерін ескеріп, сабақта түрлі көрнекі құралдарды пайдалану жемісті нәтижелер бермек. Әсер етіп тұрған тітіркендіргіштің басталуы мен аяқталуы – ырықсыз зейінді тудырудың қайнар көзі.

Адамның таным әрекетіне көңіл-күйге қатты әсерлер ырықсыз зейін тудырады. Мысалы, бояуы қанық заттар, құлаққа жағымды әуенді дыбыстар, хош иісті өсімдіктер, т.б. Адамды таңдандырып, сүсіндіретін құбылыстар да зейінді өзіне ырықсыз аударады. Көркемөнер туындыларының да адам сезіміне күшті ықпал етуі де ырықсыз зейін тудырып, танымдық үрдістер мен ойлау әрекетін күшейте түседі. Ырықсыз зейіннің тұрақты болуы адамның ықылас-ынтасы мен қызығуының артуына байланысты.



Ырықты зейін, ерікті немесе активті зейін деп те аталады. Мұндай атаулардың бірі сананың белгілі объектіге шоғырлануындағы адамның шешуші рөлін көрсетеді. Сананың әрекеті белгілі бір шарттарымен байланысты болып, бір объектіге бағытталуын ырықты зейін дейміз. Ырықты зейіннің психологиялық мазмұны адамның іс-әрекетіндегі алға қойған мақсатымен, ерік күшімен байланысты. Машина жүргізуші, есепші, тәжірибе жүргізуші, ғалым алдын-ала мақсатын белгілеп, оны орындап шығу үшін соған саналы әрекетін бағыттайды. Олай етпеген жағдайда мақсатты ісінен нәтиже шығару мүмкін емес.

Мектептегі оқу-тәрбие істерінің бәрі де балалардың ырықты зейінін қалыптастырып, дамытып отыруды қажет етеді. Бұл үшін оқу іс-әрекеті балалардың шама шарқына қарай қызықты етіп ұйымдастыруға тиісті. Талпыныстың нәтижелі болуы баланың өзіне деген сенімін арттырады. Сабақты оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай түрлендіре жүргізіп, әр түрлі іс-әрекет жасатып, ырықсыз зейінін ырықты зейінге аударып отыру керек.

Жұмыс орнының қолайлы болуы – ырықты зейіннің тұрақты болу шартының бірі. Жұмыс орнында баланың көңілін бөгде тітіркендіргіштер алаңдатпау керек. Мысалы, сабақ үстінде айтылған артық сөз баланың белсенді жұмыс істеп отырған көңілін бөледі.

Ырықты зейінді дұрыс ұйымдастырудың маңызды шарты – адамның психологиялық күйі. Шаршап шалдығып отырған адамның зейіні тұрақсыз болады. Адамның сырқаты, жан қинайтын бөгде ойлар тағы басқалар ырықты зейіннің сапасын нашарлатады. Ырықты зейінді күшейту үшін сөз арқылы қайталап айтып, алға қойған мақсатты тұрақтандыруға болады. Әрқилы жағдайларда жұмыс істей білумен адамның міндеттері де ырықты зейіннің тұрақты болуына ықпал етеді. Адамның күрделі мәселелерді шешу, жаңа терминдермен шетел тілін меңгеру – мұның бәрі де ырықты зейін арқылы іске асады.

Үйреншікті зейін – зейіннің ерекше түрі. Атынан көрініп тұрғандай, ол ырықты зейіннен кейін ұйымдастырылады. Үйреншікті зейін дегеніміз-қажетті әрі құнды болып саналатын объектіге адам санасының шоғырлануы.

Үйреншікті зейіннің өзіндік ерекшеліктері бар. Ол қызығу негізінде қалыптасады. Бірақ, бұның қасиетіне емес, адамның тіршілік мақсатына сәйкес мүдделі әрекетіне байланысты. Мұндағы маңызды жағдай –істің нәтижесі.

Әрекет кезінде үйреншікті зейіннің пайда болуы - әркімнің өзіндік ерекшеліктері мен еңбектену әдеттерінің жемісі. Кейбір адамдар ауыр деген жұмыстың өзін аса қиналмай - ақ ойнап - күліп жүріп тындыра береді. Мұндай жағдайларда ырықты зейін үйреншікті зейінге оңай ауысады. Ондайда адам шаршағанын да байқамай қалады.

Зейіннің жоғарыда қарастырған үш түрі де бір-бірімен алма кезек өзгеріп, бір-біріне ауысып отырады.



Сыртқы және ішкі зейін түрлері. Объектісінің орналасу жағдайына орай, зейін сыртқы және ішкі болып екіге бөлінеді. Зейінді меңгеру мен оның кейбір ерекшеліктерін дұрыс түсіну үшін сыртқы және ішкі зейіндер адамның дене әрекетін меңгеріп, реттеуге бағытталған. Мұны перцептивті зейін деп атайды. Ішкі зейін – сананың ішкі әрекетке, ішкі дүниеге бағытталуы. Зейіннің бұл түрі адамға ғана тән. Ол жануарларда болмайды, өйткені, олар өз жан - дүниесінің сырын шолып біле алмайды. Сыртқы және ішкі зейіндер бірін - бірі тежеп отырады. Себебі сыртқы және ішкі құбылыстарды бір мезгілде бағдарлау қиын.

Ішкі зейіннің объектілері: сезімдер, елестер, ойлар. Бұлар адамның сыртқы қимылдары, еріннің жыбырлауы, жеке сөздерді айтып қалу, дене мүшелерінің түрлі қимыл қозғалыстары арқылы байқалады. Ішкі зейіндер сана мен өзіндік сананың дамуы үшін қажетті шарт. Онсыз адам болашақ қимыл - қозғалыстарын, олардың нәтижесін болжай алмайды. Ойлай білу, ой арқылы әрекет жасау ішкі зейіннің жетілуімен байланысты. Ішкі зейін қалыптаспайынша, адамның ақыл-ой, эстетикалық жағынан дамуы мүмкін емес. Жеке адамның дұрыс қалыптасуы үшін өткенді бағалау мен бастан кешкендерге, көтерілген қылықтарға зейін аударып, талдау жасау саналы әрекетті жетілдіре түседі.

Ұжымдық зейін – бір сыныптағы барлық оқушының зейінін белгілі бір іс-әрекет түріне жұмылдыру. Мұндай әрекетке мұғалімнің сабақ түсіндіруі жатады. Бір сыныптың зейінін ұзақ мерзім бойы бір қалыпты ұстау мүмкін емес. Бірен-саран оқушының зейіні басқа нәрсеге ауып кетуі мүмкін.

Мақсатты іске ұмтылған ұжым ішінде зейіні ауытқитындар да кездеседі.

Мұндай жағдайда жеткіншектің іс-тәжірибелері ерекше орын алады.

Даралық зейін өз міндетін орындауға әр адамның санасын бағдарлап, зейінін шоғырландырады. Бұл зейіннің кісі өзі оқығанда, есеп шығарғанда қолдануға тиісті аса қажетті түрі.

Зейіннің арнайы мәні, тұлғаның объектіге қатынасы ретінде айқындалып, осы түсінікті ерекше пікір талас етті. Осы орайда ағылшын эмпирикалық психологиясының өкілдері – ассоцианистер өз пікірлерін ұсынды. Олар зейінді тіпті психология жүйесінде де енгізбеген. Олар үшін тұлғаның да объектінің де мәні болмаған, тек олардың ассоциациялары және көріністері болған, сондықтан да олар үшін зейін мәнсіз.


Өз білімін тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Ырықсыз зейін және оны қоздыратын факторларын атаңыздар

  2. Ырықты зейіннің ерекшеліктері қандай

  3. Ырықты зейіннің әлеуметтік факторларын атаңыздар

  4. Сезімдік және интеллектуалдық зейін дегеніміз не

5 Зейін қасиеттерінің сипаттары



Жоспары

Зейіннің негізгі қасиеттері.

Зейіннің тұрақтылығының психофизикалық сипаты және оның негңзгі жағдайлары.

Зейіннің тұрақтылығын зерттейтін әдістер.

Зейіннің шоғырлануы және бөлінуі.

Зейіннің шоғырлануы және бөлінуін зерттейтін әдістер.

Зейіннің ауысуы және көлемі. Зейіннің ауысуы және көлемін зерттейтін әдістер. Зейіннің толқуы. Зейіннің толқуын зерттейтін әдістер.

Дерексіздік және оның физиологиялық негіздері.

Жасанды және шынайы бытыраңқылық.
Зейіннің айтылған психикалық үрдістерден айырмашылығы өзіндік іс-әрекеттік нәтижесінің болмауында. Сонымен бірге зейінсіз ешқандай іс-әрекеттің тиімді орындалуы мүмкін емес. К.Д. Ушинскийдің айтуынша «сыртқы әлемнен санамызға бәрі біздің рухымыздың жалғыз есігі - зейін арқылы енеді».

Психологиялық сөздіктерде зейін - адам санасының белгілі бір объектіге бағытталып, шоғырлануы деген анықтама берілген.

Белгілі мерзімде оқушының зейінді болуы немесе болмауы біршама қылықтарынан, жүріс-тұрысынан көрінеді. Мысалы, зейіннің кейбір қасиеттері әр адамда әр түрлі дәрежеде көрінеді. Зейін мынадай ерекшеліктермен сипатталады: көлемі, бөлінуі, шоғырлануы, тұрақтылығы, ауысуы.

Зейіннің көлемі - адамның бір көргенде-ақ қабылдаған объектілер саны. Зейін көлемін анықтау үшін тахистоскоп аспабы қолданылады.

Зейін көлемін анықтау үшін уақыттың 1/10 секунд ішінде 10-12 бірліктерден тұратын сандар, әріптер неше түрлі кескіндер жиынтығы көрсетіледі. Осы уақыт ішінде көріп қабылдау әбден жеткілікті, бірақ, көрінген барлық кескіндерді саналы түрде бейнелеуге уақыт аздау.

Сыналушы адам тек бірнеше объектілердің ғана атын атап, өзгелерін жөнді байқай алмайды. Ересек адам зейінінің көлемі өзара байланыссыз 4-6 бірлікке тең.

Егер әріптерден мағыналы сөз құрастырсақ, онда көрінетін әріптердің саны едәуір көбейеді. Бірақ бұл жағдайда сөздің өзі тұтасқан бір объект болады да, сыналушы сөз әріптерінің орны ауысқанын, кейбіреуінің түсіп қалғанын аңғара алмайды. Объектілерді топтастыру арқылы зейіннің көлемін ұлғайту топтың жеке қасиеттерін байқап, аңғара білуге кедергі болмауы керек.



Зейіннің бөлінуі деп адамның кез келген іс-әрекет кезінде зейіннің бір мезгілде бірнеше объектіге бағытталуын айтады. Бір мезгілде өлең жаттап, әрі қарапайым қосу мен азайту амалына есеп шығарып көрсек, мұның оңай емес екенін бірден байқаймыз. Мұндайда бір әрекет екінші әрекетке кедергі болады. Іс-әрекет үрдісінде зейін бір-ақ нәрсеге ауады. Себебі оның физиологиялық негізі-ми қабығындағы оптимальдық қозу ошағының жалғыздығы. Күнделікті өмірдегі іс-әрекетінде адам өзінің зейінін бөле білуді жетілдіріп, тәрбиелеуі қажет.

Мысалы, жас ұстаз өз зейінін бірнеше объектіге бөле алмағандықтан, сыныптағы оқушыларды жекелеп көре алмайды. Сабақ айтып тұрып, қате жіберуі де, оқушылар жауабындағы қателерді де байқамай қалуы мүмкін.

Мұғалім назары өзі айтып тұрған материалға ғана ауады. Дегенмен, ұстаздық тәжірибесі біртіндеп жетіле түскендіктен, оның оқу материалын меңгеруі мен түсіндіруі жеңілдей түседі, зейіннің оған бөлінуі де ширап, сыныпты толық меңгеретін болады. Әрбір нәрсеге зейін аудару іс-әрекет үстінде дамып, бірті-бірте адамның жеке басының маңызды сапасына айналады.

Зейіннің шоғырлануы - адам санасының белгілі бір объектіге айрықша бағытталуы. Зейіннің шоғырлануы оның көлемімен, бөлінуімен де тығыз байланысты. Зейін бағытталған объектілер саны неғұрлым аз болса, шоғырлану соғұрлым күшті болады. Іс-әрекетті дәл және ойдағыдай орындау үшін зейінді күшті шоғырландыра білу қажет. Мәселен, математикадан есеп шығарып отырған оқушы зейінін тек есептеуге, таңбаларға ғана аудармаса, онда ол есепті дұрыс шығара алмайды. Зейін шоғырлануының физиологиялық негізі – қозудың оптималдық ошағы туғызатын, бір уақытта пайда болатын теріс индукция. Индукция тудыратын тежелу есебінен ми қабығының аз ғана бөлігінде күшті пайда болады.

Зейіннің тұрақтылығы деп оның объектіге бағытталып, ұзақ уақыт бойы шоғырлануын айтады. Зейіннің бұл қасиеті жүйке үрдістерінің күшіне, әдеттерге т.б. жағдайларға байланысты. Зейіннің алаңдауы тұрақты зейінге қарама-қарсы сипат. Ол зейін толқуынан көрінеді.

Физиологиялық тұрғыдан алғанда, зейіннің тұрақтылығын мидағы жүйке клеткалары бір тобының ұзақ мерзім бойы қозу жағдайында болуы оның күштілігін байқатады. Мұндай зейін тұрақтылығынан адамның жоғарғы жүйке қызметінің жалпы типтік ерекшеліктері байқалады.

Зейіннің ауысуы деп оның бір объектіден екінші объектіге арнайы көшуін айтамыз. Зейіннің ауысуының толқудан айырмашылығы - оның саналы түрде болатындығы. Алаңдау кезінде адам бір объектіден екінші объектіге көшеді, ал зейінді ауыстыру белгілі мақсатқа байланысты өзгереді.

Іс-әрекет кезінде адам алдында жаңа міндеттер қойып, зейінін бір объектіден басқа объектіге не сол объектінің бір жағынан екінші жағына ауыстырып отырады. Зейіннің бұл қасиетінің физиологиялық негізі - қозудың оптималдық ошағының тежеліп, жаңадан жасалуы. Зейіннің ауысуы жүйке үрдістерінің қозғалғыштығына - қозу мен тежелудің тез ауысып отыруына байланысты. Жүйке үрдістерінің баяулылығы зейіннің ауысуын күрделендіреді.

Зейіннің ауысуы объектінің ерекшеліктеріне де байланысты. Алғашқы сабақта математикадан бақылау жұмысын орындаған оқушының келесі сабақты бірден бастап кетуі қиынға соғады. Өйткені, олардың санасында әлі де «бақылау жұмысындағы есеп пен мысалдарды шығарудың жаңа жолдарын таптым ба» деген ойлар тұрады. Зейінді күшті тітіркендіргіштерден әлсізге ауыстыру әрқашан да қиын болады. Зейіннің ауысуын оңайлату үшін әрбір объектінің қажеттілігі мен оған қызығуды жандандыру қажет.

Зейіннің қасиеттері іс-әрекет кезінде бір-бірімен тығыз байланысты және өзара үйлесімді болуына тәуелді болып отырады.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет