ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің



бет1/5
Дата31.12.2019
өлшемі297 Kb.
#55047
  1   2   3   4   5

042-16-02.1.34/03-2013

№1 басылым 30.09.2013

беттің беті



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМЖ құжаты



ПОӘК

ПОӘК

042-16-02.1.34/03-2013



«Тарихи үрдіс және тарихи таным теориясы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені

№1 басылым

30.09.2013

«Тарихи үрдіс және тарихи таным теориясы» пәні бойынша

«тарих» мамандығына арналған


ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІНІҢ

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛЫ


Семей

2013

Мазмұны

1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Практикалық сабақтар



4 Студенттердің өздік жұмысы

1 Глоссарий

Тарихи үрдіс теориясы - тарихи фактілерді түсіндіруші логикалық жүйе.Факт- «шындықтың үзігі» ретінде өздігінен ештеңе де білдіре алмайды, тек тарихшы ғана оны өзінің идеялық- теориялық көзқарасына орай,сөйлете алады.Тарихи үрдіс теориясының бірі екіншісінен зерттеу пәні мен тарихи үрдіске көзқарастар жүйесі арқылы ерекшеленеді. Әрбір схема – теория қаншама фактінің ішінен өзінің логиксына сай фактіні таңдап алады. Тарихи зерттеу пәні арқылы әрбір теория өзінің кезеңдестіруін ,ұғымдық аппаратын анықтап, өз тарихнамасын құрады. Тек тарихи фактілер ғана ақиқат, ал оларды ұғыну қашан да субъективті болады.

Тарихи факт - өткеннің нақты оқиғасы. Адамзаттың бүкіл өткені тарихи фактілерден өрілген, олар өте көп. Нақты-тарихи фактіні біз тарихи деректерден аламыз. Тарих ғылымында жай және күрделі фактілер бар. Алғашқылары оқиғаларды білдірсе, соңғылары өзіне түсіндіру, ұғыну сәтін де қамтиды.күрделі фактілерге тарихи үрдістер мен құрылымдарды түсіндіру жатады.

Тарихи дерек- адамзат қоғамының дамуын бейнелейтін және оны ғылыми тануға негіз болатын айғақ. Тарихи деректердің түрлері: жазба, заттық, этнографиялық, фольклорлық, тілдік, кино фото деректер.

Тарихи қозғалыс - өзара байланысты тарихи уақыт және тарихи кеңістік категорияларынан тұрады.

Тарихи уақыт үнемі алға жылжып отырады. Тарихи уақыттағы қозғалыстың әрбір үзігі мыңдаған материалдық және рухани байланыстардан тұрады. Әрі ерекше және қайталанбайды. Т.У. ұғымы бірнеше рет өзгерді, ол тарихи үрдісті кезеңдестіруден көрінеді. ХVIII ғ аяғына дейін тарихшылар тарихи кезеңдерді билеушілердің атына қарай бөлді. ХVIII ғ. француз тарихшылары жабайылық, варварлық және өркениеттік кезеңдерді ұсынды. ХІХғ. соңында материалист - тарихшылар қоғам тарихын формацияларға (алғашқы-қауымдық. құлиеленушілік, феодалдық, капиталистік, коммунистік) бөліп қарай бастады. ХХІ ғ.басындағы тарихи- либералдық кезеңдестіру ,қоғам тарихын:дәстүрлі,индустриялық және ақпараттық (постиндустриялық) кезеңдерге бөледі.

Тарихи кеңістік- белгілі бір территорияда өтіп жататын табиғи-географиялық, экономикалық, саяси, қоғамдық-мәдени үрдістердің жиынтығы.

Тарих философиясы-жүйелік философияның маңызды бір бөлігі. Бұл терминді Ф.М.Вольтер, 1765ж. өзінің «Тарих философиясы» атты еңбегінде енгізді. Алайда, философиялық-тарихи идеялар көне заманда туындай бастады. Тарих философиясының бірнеше типтері бар. 1)Онтологиялық немесе субстанционалды Т.Ф. Орыс дәстүріңде оны историософия деп атайды. 2) Сыни, рефлективтік немесе аналитикалық т.ф.

Тарихилық принципі-құбылыстарды олардың пайда болуы және дамуы. олардың нақты жағдайлармен байланысында қарау. Бұл принцип тарихи құблыстардың пайда болу себептерін,түрлі этаптардағы сапалық өзгерістерін анықтап, диалектикалық даму барысында бұл құбылыс неге айналғанын түсінуге мүмкіндік береді.

«Анналдар мектебі» («жаңа тарих ғылымы»)- Францияда, Марк Блок пен Люсьен Февр негізін қалаған «Анналы»(1929-1939), «Анналы социальной и экономической истории» (1939-1941) журналының төңірегінде пайда болған ғылыми бағыт. Тарих ғылымында революциялық өзгерістер енгізді.Оның мәні: тарихи баяндаудың орнына тархи мәселелілікті, яғни қоғамның барлық жақтарын суреттеуді кіргізді. Пәнаралылыққа үлкен мән берілді.

Детерминизм және индетерминизм- себептіліктің орны мен ролі туралы мәселенің қарама-қайшы философиялық концепциялары. Дет.барлық құбылыстардың жалпыға ортақ, заңдылық байланысын мен себептілік шарттылығы туралы ілім. Индет. себептіліктің жалпылық сипатын жоққа шығарады.

Каузалдық- себептілік. Құбылыстардың бір бірімен шарттылығының қажетті генетикалық байланысын анықтайтын философиялық категория.

Марксизм- К.Маркс пен Ф.Энгельс жасаған философиялық. экономикалық және әлеуметтік-саяси көзқарастардың жиынтығы. Оған: философиялық материализм мен диалектика, қоғамдық-экономикалық формациялар теориясы,қосымша құн теориясы,тап және таптар күресі теориясы т.б.жатады.

Менталитет-(лат.-ақыл,ойлау,ойлау бейнесі) үлкен әлеуметтік топтың (халық, ұлт, тап,сословие) дүние түйсігін анықтап, мәдени дәстүр бірлігін бекітетін әлеуметтік-психологилық күйі.

Парадигма- мәселенің немесе зерттеу міндетінің қойылуы мен шешімінің үлгісі және де белгілі бір ғылыми қоғамда белгілі бір тарихи кезеңнің барысында үстем жағдайда болатын зерттеу әдістерінің жиынтығы.

Пассионарлық теория- Л.Н.Гумилев тарихи үрдісті этностар өмірінің динамикасы мен өзара әрекеті деп қарастырды. Пассионарлық – бұл жекелеген тұлғалардың өз алдына қойған нақты және қияли мақсаттарына қол жеткізу жолында өз өмірін құрбан ете отырып, басқаларды өз соңынан ерте білетін жоғары мақсатшлдығы.

Позитивизм- гуманитарлық ойдың, барлық ақиқат білім жеке ғылымдардың қызметі нәтижесінде ғана алынатындығын мойындау принципіне негізделген бағыты. Оның негізін қалаушы француз ойшылы О.Конт.Поз-к парадигманың шеңберінде тарихи методология эмпирикалық мәліметтерді анықтап,суреттеу жәнереттеуге бағытталды. Яғни теориядан бас тартты.

Провиденциализм-тарихты діни тұрғыда,құдайдың еркімен болатын нәрсе деп түсіну. Ол- барлық әлемдік діндерге тән.

Революция-төңкеріс, өзгеріс. Кең мағынада – қоғамның барлық сферасындағы терең өзгерістер.Тар мағынасында- аса шиеленіскен тарихи процестер кезінде жаңа және күні өткен ескі қоғамдық қатынастар арасындағы күрестің неғұрлым өткір формасы. Маңызды белгісі- өкіметтің бір таптан екінші таптың қолына өтуі болып табылады.

Өндіріс құралдары- адамдардың материалдық игіліктерді өндіру процесінде қолданатын құралдар мен заттардың жиынтығы. Еңбек құралдарына машина, жабдықтар т.б. және өндіріс нәтижесі жатады. Жалпыға ортақ еңбек құралы жер болып табылады. Еңбек заты- адам еңбегі арқылы өңделуге жататынның барлығы кіреді. Адамдар өндіріс құралдары арқылы өндіріс заттарына әсер етеді.

Өркениет-(лат.civilis-азаматтық,мемлекеттік)-1)Мәдениеттің синонимі; маркистік әдебиетте сондай-ақ, материадық мәдениетті білдіреді. 2)Қоғамдық дамудың,материалдық және рухани мәдениеттің деңгейі, сатысы (антикалық өркениет, қазіргі өркениет). 3)Тарихи үрдістің жабайылық пен варварлықтан кейінгі белгілі сатысы.

Эволюция- қоғам мен табиғаттағы өзгерістер, олардың бағыты,тәртібі,заңдылықтары турал түсініктер.

Эпистемология- таным теориясы.


2 Дәрістер

Дәріс сабағының құрылымы
1 тақырып. «Тарихи үрдіс және тарихи таным теориясы» пәні

1.Тарихи үрдіс және тарихи таным теориясы пәні.

2.Тарихи үрдіс- тарих филоофиясының пәні.

3.Пәннің категориялық аппараты.

Тарих- үнемі дамуда және қозғалста болатын шындық дүние,қоғам мен табиғаттың дамуы туралы ғылым, адамзат жадында сақталып отыратын өткеннің беттері деп айтуға болады. Тарих- адамзаттың өткенін зерттейтін қоғамдық ғылымдардың кешені тәріздес. «Тарих» сөзі «баяндау», «зерттеу», «хабарлау» дегенді, ал «тарихшы» уақытты жеткізуші деген мағынаны білдірді. Қазіргі таңда,біз, «тарих» сөзін екі мағынада қолданамыз: 1-ден, өткен оқиға туралы әңгіме болса, 2-ден, өткенді зерттейтін ғылым ретінде жүреді .Тарих ғылымының пәні мемлекеттің идеологиясы мен тарихшының көзқарасына байланысты әртүрлі болуы мүмкін.Материалистік көзқарастағы тарихшылар- тарих ғылым ретінде түптеп келгенде материалдық игіліктерді өндірудің тәсіліне бағынатын қоғам дамуының заңдылықтарын зерттеу деп санайды. Бұл көзқарас себептілікті түсіндірген шақта басты назарды жеке адамға емес, экономикаға, қоғамға аударады. Ал, либералдық бағыттағы тарихшылардың ойынша, тарих ғылымының негізгі пәні - адам, оның әрекеті болады. Белгілі француз тарихшысы Марк Блок тарихты «Уақыттағы адам туралы ғылым» деп санады. Тарихшылар нені баса зерттесе де, өз зерттеулерінде нақты ғылыми категорияларды қолданады. Оларға тарихи қозғалыс (тарихи уақыт пен тарихи кеңістік), тарихи факт, тарихи дерек, зерттеу теориясы (методологиялық түсіндіру) жатады. Тарихи қозғалыс - өзара байланысты тарихи уақыт және тарихи кеңістік категорияларынан тұрады.

Тарихи уақыт үнемі алға жылжып отырады. Тарихи уақыттағы қозғалыстың әрбір үзігі мыңдаған материалдық және рухани байланыстардан тұрады. Әрі ерекше және қайталанбайды. Т.У. ұғымы бірнеше рет өзгерді, ол тарихи үрдісті кезеңдестіруден көрінеді. ХVIII ғ аяғына дейін тарихшылар тарихи кезеңдерді билеушілердің атына қарай бөлді. ХVIII ғғ. француз тарихшылары жабайылық, варварлық және өркениеттік кезеңдерді ұсынды. ХІХ ғ.соңында материалист-тарихшылар қоғам тарихын формацияларға (алғашқы-қауымдық. құлиеленушілік, феодалдық, капиталистік, коммунистік) бөліп қарай бастады. ХХІ ғ. басындағы тарихи- либералдық кезеңдестіру, қоғам тарихын:дәстүрлі, индустриялық және ақпараттық (постиндустриялық) кезеңдерге бөледі.

Тарихи кеңістік- белгілі бір территорияда өтіп жататын табиғи-географиялық, экономикалық, саяси, қоғамдық-мәдени үрдістердің жиынтығы. Табиғи- географиялық факторлардың әсерімен халықтардың тұрмысы, шаруашылығы мен психологиясы қалыптасады; әлеуметтік-саяси және мәдени өмірдің ерекшеліктері туындайды. Көне заманнан бері халықтарды батыстық және шығыстық деп бөлу бар, алайда бұл халықтардың географиялық орналасуын емес, олардың тарихи тағдыры мен қоғамдық өмірінің ортақтығын білдіреді. «Тарихи кеңістік» ұғымы кей жағдайда нақты бір территориямен байланыссыз да алынады, мыс., христиан дүниесі-Батыстың, ал мұсылман дүниесі- Шығыстың синонимі болды.

Тарихи факт- өткеннің нақты оқиғасы. Адамзаттың бүкіл өткені тарихи фактілерден өрілген, олар өте көп. Нақты-тарихи фактіні біз тарихи деректерден аламыз. Тарих ғылымында жай және күрделі фактілер бар. Алғашқылары оқиғаларды бідлірсе, соңғылары өзіне түсіндіру, ұғыну сәтін де қамтиды. күрделі фактілерге тарихи үрдістер мен құрылымдарды түсіндіру жатады.

Тарихи дерек- адамзат қоғамының дамуын бейнелейтін және оны ғылыми тануға негіз болатын айғақ. Тарихи деректердің түрлері: жазба, заттық, этнографиялық, фольклорлық, тілдік, кино фото деректер. Тарихи үрдіс теориясы- тарихи фактілерді түсіндіруші логикалық жүйе. Факт- «шындықтың үзігі» ретінде өздігінен ештеңе де білдіре алмайды, тек тарихшы ғана оны өзінің идеялық- теориялық көзқарасына орай, сөйлете алады. Тарихи үрдіс теориясының бірі екіншісінен зерттеу пәні мен тарихи үрдіске көзқарастар жүйесі арқылы ерекшеленеді. Әрбір схема – теория қаншама фактінің ішінен өзінің логиксына сай фактіні таңдап алады. Тарихи зерттеу пәні арқылы әрбір теория өзінің кезеңдестіруін ,ұғымдық аппаратын анықтап,өз тарихнамасын құрады. Тек тарихи фактілер ғана ақиқат, ал оларды ұғыну қашан да субъективті болады. Түрлі теориялар тарихи үрдістің варианттары- заңдылықтар мен баламалылықтарды өз жүйесінің ыңғайына қарай анықтайды,өткен тарихқа баға беріп, болашаққа да солай божам жасайды.нақты тарихи фактілерді зерттеуші түрлі теориялардың бірі екіншісінен еш артық емес.Олардың барлығы да «шынайы, объективті, анық» боп келеді және тарих пен қазіргі қоғам туралы түрлі көзқарастар жүйесі мен дүниетанымды бейнелейді.Бір теорияны екіншісінің көзқарасымен сынау теріс әрекет, өйткені ол дүниетаным мен зерттеу пәнін өзгертіп жібереді. Ал. бұл теориялардың барлығының басын қосып бір ортақ жүйе жасауға әрекеттену ғылымға жат құбылыс болады,себебі себеп- салдарлық байланыстың бұзылып,қарама- қайшы тұжырымдард туғызады.

Зерттеу пәні бойынша үш түрлі белгілі теория бар:діни- тарихи, әлемдік- тарихи, локальды-тарихи теориялар.



Діни- тарихи теория бойынша зерттеу пәні- адамның Құдайға тартылуы, адамның Жоғарғы ақыл-оймен, Жаратушымен байланысын зерттейді. Барлық діндердің мәні адам тәнінің материалдық дүние ретінде уақытш, ал жанның Мәңгілігін мойындау болып табылады.

Әлемдік- тарихи теорияда зерттеу пәні ретінде адамзаттың жалпы дүниелік прогрессі алынады. Басты орынға адамның әлеуметтік мәні, идеялды адам мен қоғамды жасауға мүмкіндік беретін, оның санасының прогрессі жатады. Тарихтың дамуы прогреспен сәйкестіріледі. Барлық халықтар дамудың белгілі сатыларың өтіп шығады,тек бірі- прогресс жолына ерте түссе,екіншілері кеш келеді. Прогрессивті қоғамдық даму- заң, қажеттілік, жазмыш түрінде қарастырылады. Бұл теория тарихи уақыт категориясына маңызды орын береді.

Кемшілігі: бұл теория Х1Х ғғ. Батыс Европа елдерінің тарихи жағдайына қарап жасалды да, евроцентризмге бой алдырды. Ол, өз кезегінде, дүниежүзілік тарихтың бейнесін жасауға мүмкіндік бермейді, себебі, өздерінен басқа әлемнің (Америка, Азия, Африка) даму ерекшелігін ескермеуін санамағанның өзінде де, сол Европаның шеткері аймақтарын да есепке алмады (Шығыс Европа, әсіресе Ресейді).Евроцентристік позицияда «прогресс» ұғымын абсолюттендіріп, халықтарды иерархиялық сатыға бөліп тастады, осылайша, тарихтың дамуындағы «алдыңғы қатарлы», «артта қалған» халықтардың схемасы майда болды. Әлемдік - тарихи теорияның шеңберінде: материалистік, либералдық, технологиялық бағыттар бар.



Материалистік (формациялық) бағыт, адамзаттың прогрессін зерттей отырып,қоғам дамуына, меншік формаларына негізделген қоғамдық қатынастарға зор көңіл бөледі.Тарих-қоғамдық-экономикалық фориациялардың ауысу заңдылығы ретінде түсініледі. Қоғам дамуының шырқау шегі-коммунистік формация. Форм-дың ауысуының негізінде өндіргіш күштердің даму дәрежесі мен өндірістік қатынастардың қарама-қайшылығы жатады. Қоғамның дамуының қозғаушы күші үстем тап пен езілуші тап арасындағы тап күресі болып табылады. Бұл бағытты жасаушылар К.Маркс пен Ф.Энгельс.

Либералдық (модернизациялық) бағыт, адамзаттың прогресс- эволюциясын зерттей отырып, басты назарды жеке адамның дамуына, оның жеке бас еркіндігіне қол жеткізуіне аударады. Либ, пікірінше, тарихта дамудың әрқашан да балама жолы бар. Ал, прогрестің бағыты,таңдау- аса ерекше тұлғаға байланысты. Егер, прогресс бағыты Батыс-европалық өмір салтына сай келсе,онда бұл-адамға құқық пен еркіндік әперетін жол,ал, азиялық өмір салтына келсе, деспотия, жеке адамға биліктің өктемдігі деп саналады.

Технологиялық (модернизациялық) бағыт, адамзат прогресін зерттей отырып, технологиялық даму мен қоғамдағы соған сай өзгерістерге зор мән береді. Адамзат жануарлар дүниесінен бөлініп шыққаннан бастап, ғарышты игергенге дейін техникалық дамуда болады. Ғасырлар бойы бұл дамуда аса маңызды жаңалықтар ашылып отырады, мыс.: егіншілік пен малшылықтың п.б., металлургияны игеру, керамиканы жасау т.б. Маңызды жаңалықтар адамзаттың прогрессін білдіреді де, қандай да бір саяси режимнің идеологиялық боямасына еш тәуеліз түрде болады деп саналады. Техникалық бағыт адамззат тарихын: дәстүрлі (аграрлық), индустриялық және постиндустриялық (ақпараттық) кезеңдерге бөледі.

Локальдық-тарихи теорияның пәні локальдық (жекелеген) өркениеттер болып табылады.Әрбір лок.өркениет ерекше,табиғатпен астаса жатады да,өз даму жолында туу,қалыптасу,гүлдену,құлдырау және құлау кезеңдерін бастан кешеді. Жоғалған өркениеттің орнына басқасы келіп отырады. Теорияның басты назары адамның генетикалық-биологиялқ мәні мен ол өмір сүріп отырған нақты ортаға ауады.Адамзат Табиғат-биосфераның бір бөлшегі ретінде ,онымен бірге өзгеріп отырады. Адам ақылының прогрессі емес,оның санадан тыс биологиялық инстинктері:ұрпақ әкелу, күншілдік, басқалардан жақсы тұруға ұмтылу, қызғаншақтық т.б. Табиғат туғызған қоғам құрылысының формасын анықтап оны иіндетті түрде уақытта қайталап отырады.Дамудың жаңа бір орамында тарих емес, биологиялық түр-уақыттағы адам қайталанып отырады. Табиғатта өмірлік циклдің өзгермейтін айналымы жүріп жатады. Адамның өмірін прогресс емес, тіршілік ету ортасы анықтайды. Теория тарихи кеңістік категориясына үлкен мән береді. Бұл теорияның шеңберінде: славянофиль, евразияшылық, этногенез т.б. бағыттар бар. Л.-т.теория Г.В Вернадский, Л.Н.Гумилевтің еңбектерінде орын тепкен.



Тарихи үрдіс және тарихи таным теориясыі пәні – қазақ тарихының келелі мәселелірн зерттеуге негіз болатын ғылым саласы. Деректанулық және тарихнамалық проблемаларды методологиялық ойлаудан өткізу көп жағдайда тарихи оқиғалар туралы түсінікті байытады және жаңа деңгейге көтереді, тарих ғылымында болған және болып жатқан нәрселерді ғана түсіндіріп қоймайды, сонымен қатар оның қозғаушы күштерінің қандай болғандығын, қандай екендігін де, демек оның ғасырлар бойы қалай дамығандығын және дамып отырғандығын да түсіндіреді.

Тарихи таным процесі барысында адамзат тек қана белгілі бір құбылыстың немесе тарихи тұлғаның орнын анықтау емес, сонымен қатар адамның өзінің табиғаттағы орнын анықтаудың қажеттілігімен де кездеседі. Адам өзін-өзі тани бастағаннан бастап, ол өзін қоршаған ортадағы орнын түсінуге тырысты. Өзінің іс-әрекеттерінің табиғи процестердің қалыптасып дамуындағы ролін нақтылауға ұмтылды. Адам тек қана табиғатты зерттеп қана қоймайды, ол өзін-өзі, өзінің іс-әрекеттерінің, нақты қадамдарының салдарын зерттейді. Осы зерттеу процесінің барысында белгілі бір зерттеу әдістері қалыптаса бастайды. Ғылым өзін-өзі тану қабілетіне жеткенде оның танымдық мүмкіндігі артады, жаңа сапалық деңгейге көтерілуіне мүмкіндік алады.



Тақырыпқа арналған сұрақтар

1.Прогресс дегеніміз не?



2.Тарихты зерттеу теорияларын сипаттаңыздар.

3. Тарих философиясы дегенді қалай түсінесіздер?



Ұсынылатын әдебиет

1.Жуков Е.И. Очерки методологии истории. М., 1980.

2.Философия истории. Антология. М., 1995.

3.Философия истории. Под ред. А.С. Панарина (Учебное пособие).

М., 2001.

4.Смоленский А.В. Теория и методология истории. М., 2003.


Тақырып 2. Тарих философиясының қалыптасуы және дамуы.

1. «Тарих философиясы» - ұғымы.

2.Тарих философиясының немістік мектебі.

3.Тарих философиясының француз мектебі.

4.Анналдар мектебі.

Тарих философиясы- жүйелік философияның маңызды бір бөлігі. Бұл жүйе механикалық емес,органикалық үйлесімді» архитектоникаға ие. Оның тараулары өзара сабақтастықпен құралған. Тұтас жүйе ретіндегі фил- ның тараулары өзара байланысты үйлескен триадалардан тұрады. Бірінші үштікке: онтология (әлем тұтастығы туралы ілім), антропология, гносеология (таным туралы ілім) кірсе, екінші үштікке: тарих философиясы, мәдениет философиясы және әлеуметтік философия жатады. Осылайша тарих философиясы қисынды түрде жоғарғы триаданы ұйғарадыда, өзінің дүниетанымдық, методологиялық негізі ретінде олардың жалпылама принциптері мен категорияларын, ұғымдарын алады. Тарих фил- ның пәні-тарих және де оны жалпылық деңгейде алып зерттейді. Кеңірек айтсақ,тарих фил- ның пәні- тарихи үрдістің мәні мен мазмұны және тарихи зерттеудің методологиясы болып шығады.

«Философия тарихы» терминін алғаш рет, француз ағартушысы Ф.М.Вольтер 1765 жылы жарық көрген осы аттас кітабында енгізді. Бірақ, философиялық-тарихи идеялар сонау ерте заманда ақ туындай бастады. Нақты тарих фил- ның негізінде әрқашан уақыттың белгілі бір үлгісі жатады. Антикалық тарих фил-сы уақыттың қайталанбалы моделне бағдарланған, сондықтан оның сол түрге мәңгілік қайтып келу идеясы тән болды. Батысевропалық ортағасырлық тарих фил-сы христиандық негізде тура сызықтық, бірақ түпкі уақыт моделіне сүйенді. Жаңа және қазіргі дәуірлердегі тарих философиясы тура сызқтық шексіз уақыт моделіне бағдарланды. Ортағасырлық кезеңдетарих фил- ның мәселелері католиктік теология шегінде анықталды. Оның философиялық жүйенің дербес саласы ретінде қалыптасуы жаңа заманға сай келеді, бұл кезеңде жалпы фил-ң өзі де дін мен теологиядан азды-көпті арыла бастағантың. Ол Ф.МВольтердің, М.Ж.де Кондорсенің, Дж. Виконың, И.Г. Гердердің және әсіресе Г.В.Гегель мен К.Маркстың шығармашылығымен байланысты. Гегель «Тарих философиясы бойынша дәрістер» деп аталған еңбегін қалдырды, ал Маркстің бүкіл философиясы, Н.А. Бердяевтің дұрыс ескертуі бойынша, жүйе түрінде баяндалмағанына қарамай, ең алдымен тарих философиясы болып табылады». ХХ ғ. тарих философиясының тұтас қатардағы баламалары пайда болды, олардың кейбіреулері осы томда көрініс тапқан.

Тарих философиясының бірнеше типологиялары бар. Біріншісі онтологиялық, материалды немесе субстанционалды тарих философиясы деп аталады, орыс дәстүрінде оны тарихисофия деп те белгілейді. Екінші типті сыни, рефлективтік немесе аналитикалық тарих философиясы деп те атайды. Онтологиялық тарих философиясы тарихи процесті ерекше онтологиялық шындық ретінде, болмыстың бір деңгейі ретінде және адам өмір сүруінің негізгі бір кеңмәтіні ретінде зерттеуді және ұғынуды жүзеге асырады. Онтологиялық тарих философиясының негізгі міндеттеріне жататындары: 1) тарихи үдерістің мәнісін, оның мазмұнын, архитектоникасын, қозғаушы күштерін және басты заңдылықтарын ұғыну; 2) тарихи үдерісті жіктеу және кезеңдерге бөлу, тарихи кеңістік пен уақыттың ерекшелігін зерттеу; 3) тарихтың мақсаты, мағынасы және міндеттерінің бар немесе жоқ екендігі айқындау, тарихи үдерістегі ілгерілеу мен кері кетудің арақатынасын анықтау.

Рефлексиялық тарих философиясы тарихтың танымдық ерекшелігін түсінуімен айналысады. Тарих философиясының бұл баламасының негізгі міндеттері мыналар: 1) тарихи зерттеудің ерекшелігі мен шектерін айқындау, оның концептуалдық аппараты мен методологиясын анықтау; 2) тарихи танымдағы түсіндіру мен ұғынудың арақатынасын, ондағы құндылық пайымдауларының рөлін және объективтік тарихи таным мен білімнің мүмкіндіктерін тағайындау; 3) тарихи детерминизм мен тарихты жасайтын адамдардың еркін жігерінің арақатынасын анықтау.

Соңғы міндеттің сипаты рефлективтік тарих философиясын дәнекерлейтінін аңғару қиын емес. Бұл түсінікті де: толыққанды тарих философиясы екі бағыттың синтезі болуы керек және аталған міндеттердің бәрін шешуі қажет. Егер бұл типологияны ұстансақ, онда ХХ ғасырда, әсіресе Екінші дүние жүзілік соғыс кезінде және одан кейін онтологиялық тарих философиясы өз орнын рефлективтікке бере бастады.

Оның негізінде тарихи процестің қозғаушы күштерін түсіндірмелеу сипаты жататын, басқа типологияға сәйкес бірнеше тарих философиясы жүйелері бар: 1) Құдай шешімін тарихтың қозғаушы күші деп санайтын теологиялық тарих философиясы; 2) тарихтың қозғаушы күші ретінде трансценденттік заңдылықты немесе тағдырды алатын, метофизикалық т.ф.; 3) тарихтың қозғаушы күші деп идеяларды немесе адамның рухани өмірін есептейтін идеалистік т.ф; 4) қозғаушы күштер ретінде адам табиғатын (құштарлық пен құмарлыққа ие болатын) алатын натуралистік т.ф.; 5) тарихтың қозғаушы күштері деп экономикалық қатынсатарды есептейтін матреиаличтік – экономикалық тарих ф-сы.

Тағы бір типологияға сай, оның негізінде бір жағынан тарихтағы адамның рөлі мен орны айтылғанмен, индивидуалистік және коллективтік тарих философиясы, ал басқа жағынан – фаталистік (детерменистік) және белсенділік (индетерменистік) тарих философиясы ажыратылады.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет