Планиметрия
|
Радиустары әртүрлі үш шеңбер өзара сырттай жанасады. Олардың центрлерін қосатын кесінділер тікбұрышты үшбұрыш құрайды. Егер екі шеңбердің радиустары 4 см және 6 см болса, кіші шеңбердің радиусы Ж: 2 см
|
Радиусы 10 болатын шеңберге іштей сызылған тең қабырғалы үшбұрыштың биіктігін есептеңіз.Ж:15;
|
Теңбүйірлі үшбұрышқа іштей сызылған шеңбердің центрі табанына жүргізілген медиананы ұзындықтары 12 см және 20 см болатын екі кесіндіге бөледі. Үшбұрыштың периметрі ж: 128 см
|
Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 32-ге тең, ал табанының бүйір қабырғасына қатынасы 6:5 қатынасындай. Үшбұрыштың ауданын анықтаңыз.Ж: 48;
|
Теңбүйірлі трапецияға іштей сызылған шеңбердің радиусы 4 см, ал бүйір қабырғасы 17 см. Трапецияның кіші табанының ұзындығыЖауабы: 2 см
|
Тік бұрышты үшбұрыштың ауданы 30, ал сүйір бұрыштардың бірінің тангенсі 2,4. Гипотенузаны табыңыз.Ж: 13
|
Тік бұрышты үшбұрыштың катеттері 9 және 40. Осы үшбұрыштың гипотенузасына түсірілген биіктікті табыңыз.Ж:;
|
Үшбұрышты орта сызығымен бөлгенде пайда болған төртбұрыштың ауданының үшбұрыштың ауданына қатынасын табыңыз. ж: 3:2;
|
Үшбұрыштың екі қабырғасының ұзындықтары 3 см және 6 см. Үшінші қабырғасына түсірілген биіктіктің ұзындығы қалған екі биіктіктердің ұзындықтарының қосындысының жартысына тең. Үшінші қабырғаның ұзындығы ж: 4 см
|
Үшбұрыштың табаны 60, биіктігі 12, ал табанына жүргізілген медиана 13-ке тең. Үшбұрыштың үлкен бүйір қабырғасын анықтаңыз.Жауабы: 37
|
Шеңбердің диаметріне перпендикуляр хорда диаметрді ұзындықтары 9 см және 16 см болатын екі бөлікке бөледі. Хорданың ұзындығыЖ: 24 см
|