ПОӘК 042-05-14-5-05. 3/03-2013 2013 жылғы №3 басылым 26 беттің -шісі 5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына арналған



бет6/9
Дата31.01.2018
өлшемі2,07 Mb.
#37056
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Әдебиеттер:

1. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А,1988.

2. Томанов М., Қордабаев Т. Тарихи грамматика мәселелері. А,1975.

3. Мұсабаев Ғ. Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан. А,1986.


11-Дәріс

Тақырыбы: Есімдік

Жоспар:

  1. Түркі тілдеріндегі есімдіктердің даму ерекшеліктері

  2. Есімдіктердің мағыналық топтары, олардың қалыптасу жолдары

Мақсаты: Есімдіктің қалыптасу, даму тарихы туралы түсінік беру.

Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі есімдіктің зерттелу тарихы жайлы түсіндіру.

Мазмұны: Түркі тілдеріндегі есімдіктер жайлы сөз болғанда, ең алдымен, жіктеу және сілтеу есімдіктерінің генезистік бірлігі айтылады. Белгілі түрколог Н. К. Дмитриев өзінің «Башқұрт тіліндегі сілтеу есімдіктері» дейтін мақаласында түркі тілдеріндегі сілтеу есімдіктерінің шығу тегі жағынан жіктеу мүмкіндіктерімен бірлікте қарау керек. Ал соңғылар шақ тұлғаларына негіз болды деп жазды. Мұндай пікірдің тууына бірінші негіз: жіктеу есімдіктері мен сілтеу есімдіктерінің мағыналық орайластығы. Шынында да, мен мынау, сен сонау, ол ол, анау тәрізді орайлас мағыналық қатарлар құратынын еске алсақ, түркі тілдеріндегі, сол сияқты қазақ тіліндегі жіктеу және сілтеу есімдіктерінің мағыналық мұндай орайластығын жайдан-жай пайда болған құбылыс деп қарауға келмейтіні анық. Тіл кұрамындағы мағыналық орайластық әрқашан генезистік бірліктің ғана нәтижесі болуы мүмкін екендігі белгілі. Оның бер жағында, жіктеу және сілтеу есімдіктерін өзара тығыз байланысты топтар деп қарауға тағы да мынадай дәлел бар: біріншіден, III жақта жіктеу есімдігі мен сілтеу есімдігі бір ғана сөзбен —ол арқылы беріледі. Ол сөзі әрі жіктеулік мәнді, әрі сілтеулік мәнді түбір күйінде де, септеулі күйінде де бере алады. Екіншіден, ол сөзі жіктеулік мәнде болсын, сілтеулік мәнде болсын, септеген уа.қытта оның құрамында пайда болады. Нақ осы сілтеу есімдіктерінің басқасының құрамында да (сол, бұл, т. б.) септелген кезде пайда болып отырады. Мұның I—II жақ жіктеу есімдіктерінің құрамындағы осындай дыбыстан (ме-н, се-н) пәлендей принциптік айырмашылығы байқалмайды. Н. А. Баскаков «Түркі тілдеріндегі жіктеу, сілтеу есімдіктердің арақатынасы» атты мақаласында есімдіктердің даму жолын мынадай схемамен көрсетеді: сілтеу есімдіктері «тәуелдеу (притяжательные) есімдіктері» жіктеу есімдіктері. Бұған қарағанда есімдіктердің ішіндегі ең көне, байырғысы — сілтеу есімдіктері (зерттеушілер бұлардың қалыптасуын келемдік орыналасумен байланыстыратыны мәлім) болып шығады да, ең жаңасы жіктеу есімдіктері болып танылуға тиіс. Есімдіктер дамуы нақ осындай схемамен жүрді ме, жоқ па, оған қарамай бір даусыз нәрсе мынадай: осы аталған есімдік топтары бір-бірімен мағыналық жағынан да, құрылымдық жағынан да орайласып, астасып жатады.

Салыстырыңыз: мен-менікі (кейбір тілдерде меніңкі) -мынау, сен-сенікі-сонау, ол ол-оныкі-анау. Оның үстіне мынау есімдігінің міне (яғни, қысаң дауыстылы варианты бар, е~і) варианты барлығын да еске алу керек.



Сонымен, жіктеу есімдіктері бұрын қалыптасты ма, әлде сілтеу есімдіктері бұрын қалыптасты ма — бұл мәселе қалай шешілсе де, олар қашанда бір ғана генезистік тұлғалар есебіне танылуы дәлелді. Қайсысы бұрын қалыптасса да, тілімізде қазір екі түрлі мағынада (орайлас болса да) жұмсалатын және екі түрлі дыбыстық құрамда тұрақталған есімдік топтарының қайсысы да тілдің кейінгі даму барысында күрделеніп, әр түрлі грамматикалық сипат, әр түрлі мағына алған күрделі сездер болуы керек. Тарихи-салыстырма зерттеулердің нәтижесі бұлардың да басқа сөз таптары ізімен туынды түбірлерден қалыптасып, тұрақталғандығын дәлелдейді.

Жіктеу есімдіктері. Қазіргі қазақ тілінде жіктеу есімдіктері деген атпен бес түрлі сөз біріктірілетіні мәлім: мен, сен, ол, біз, сіз. Үшінші жақ жіктеу есімдігі жекешеге де, көпшеге де ортақ. I—II жақтық жіктік есімдіктерді салыстырып байқағанда, жалпы түркі тілдеріне ортақ м//б дыбыс сәйкестігін (I жақта, бүл сәйкестік қазақ тілінде де бар: мунда//бунда, т. б.) көруге болады. Соған қоса, жіктеу есімдіктерінің жекеше және көпше түрлерінің арасындағы айырмашылық тек қана соңғы -я (жекеше), (көпше) элементтері екенін кереміз. Бұдан шығатын алғашқы қорытынды -мен, сен есімдіктерінің құрамындағы о баста түбірдің кұрамында болмаған элемент дейтін пікір. Осы пікірді біз, сіз есімдіктерінің құрамындағы туралы да айтуға болады. Мен, сен есімдіктерінің алғашқы түбірлерінің құрамында элементі болған жоқ дейтін пікір айтуға тағы бір себеп — чуваш тілінде I жақ жіктеу есімдігі эпе, II жақ жіктеу есімдігі эсе түрінде айтылады. Бұлардың құрамын э-се, э-пе деп талдауға да болар еді, сонда соңғы -пе, -се морфемаларынан мен, сен есімдіктерінің алғашқы бөліктерін көруге болар еді (м-б-п: ме-бе-пе). Екінші жағынан, чуваш тілінде I—II жақ жіктеу есімдіктері түбір қалпында осылай айтылғанмен, септелетін негіз I жақта ман, II жақта сан. Бұл ерекшелікті салыстырып қарағанда да, соңғы элементі түбірдің құрамында о баста болмаған дейтін пікір дәлелдене түседі. Алтай тілдерін зерттеушілер олардың бірсыпырасында, мысалы, моңғол тілінде бі, чі түрінде айтылатындығын келтіреді. Сонымен, бұл фактілерге қарағанда, мен, сен есімдіктерінің алғашқы тұлғасы ме, се болуы керек те, соңғы кейін пайда болған элемент. Түркі тілдеріндегі осы сөздерді алтай тілдерімен салыстырғанда, қазіргі түркі тілдеріндегі жіктеу есімдіктеріне негіз болған түбірлер қазіргідей ашық дауыстымен емес, о баста қысаң дауыстылармен ғана айтылуы мүмкін,— дейтін ой туады. Бұған, бір жағынан, қазақ тілінде, басқа да кейбір түркі тілдерінде мына, міне сілтеу есімдіктерінің барлығы да себеп болады. Егер жіктеу есімдіктері мен сілтеу есімдіктерінің генезистік бірлігін еске алсак, мен, мына, міне есімдіктерінің түбірлестігін оңай түсінуге болады. Осылардың ішінде өзінің бастапқы прототипіне бір табан жақыны мына, міне сөздерінің -мын, -мін элементтері.

Мен, сен есімдіктерінің қурамындағы -н, қорыта келгенде, түркі тілдерінің басым көпшілігінде айтылады, түркі тілдерінің ішінде бұл құбылыстан жырақ қалғаны — чуваш тілі. Ал монғол тілдерінде, сондай-ақ, алтай тілдерінің басқа да топтарында осы элементі кейде айтылмау фактісі кездеседі екен. Мұның өзі зерттеушілердің арасында злементі тарихи өте көне дәуірде монғол тілінде түсіп қалған дейтін пікірдің тууына себеп болды. Алайда түркі тілдерінің материалдарын салыстыра қарастыру мен, сен сөздерінің құрамында элементінің пайда болуын тарихи тұрғыдан жаңа құбылыс деп қарауға да тиянақ болады. Н. А. Баскаков бұл элементті қазіргі тіліміздегі ілік септік жалғауымен байланыстырады. Оның айтуында, ілік септік тұлғасының алғашқы негізі нен (зат, нәрсе, негіз) сөзі энклитикалық қолданыста әр түрлі фонетикалық сыпат алған, соның әбден қысқарған түрі, яғни, осы есімдіктер құрамында сақталған. Ілік септігі тұлғасы мен мен, сен есімдіктерінің соңғы элементі қалайда жақын формалар екенін көрсететін тағы бір факт: мен, сен есімдіктері ілік септікте қазіргі тілде менің, сенің түрінде айтылады. Мұндағы ілік септік тұлғасы -ның. Сонда септелетін ме-, се- болып шығады. Ал Орхон-Енисей жазбаларынан бастап, есімдіктердің ілік тұлғасы септелетін негіз болғаны мәлім. Менің үчүн, меніңдин, т. б. Мұндай қолданыстың кейбір қалдықтары қазіргі қазақ тілінен де ұшырасады: меніңше (менше), сеніңше (сенше), т. б. сондай. Бұл құбылысты (яғни, ме-нің, се-нің түрінде септеліп, түбірдің соңғы элементінің түсіп қалуын) түркі тілдерінің даму барысында байқа-латын н дыбысының тұрақсыздығы деп қарауға да болар еді. Алайда ондай қүбылыс басқа септіктер тұсында әсте байқалмайды.

Жіктеу есімдіктерінің III жағы болып табылатын ол сөзін де алдыңғы ізбен о-л тәрізді құрама бөлшектерге бөліп қарауға болар еді. Соңғы элементі осы есімдіктің септелетін негізінде кездеспейді. О-ның, о-ны, т. б. Ал көмектес тұлғасы онымен түрінде айтылғанмен, -ны морфемасын ілік септіктің қысқарған түрі деп қарау керек (салыстыр: оның-мен, оның үшін, оның бірле). Оның бер жағында, сілтеу есімдік мәнінде жұмсалғанда ол сезі тек о түрінде айтылуы да кездеседі: о жаңта, о үйде, о не, т. б. Түркі тілдерінің бірсыпырасында, мысалы, азербайжан, құмық, түрік, өзбек тілдерінде III жақ жіктеу есімдігінде айтылмайды. Сонымен, ол есімдігінің арғы, бастапқы түбірі — о деп қарауға толық негіз бар. Ойландыратын мәселе, алайда, сол элементін түсіндіру болса керек. В. Котвич тұңғыс-маньчжур тілдерінде III жақ жіктеу есімдігі і, ін түрінде, қырғыз тілінде ал түрінде айтылатындығына сүйене отырып ін (і) III жақ жекеше түрі, оның кепшесі — а (н) түрінде айтылған деп жорамалдайды, -ан морфемасы біздің тілімізде анау, анда, ана жақта сездері құрамында кездеседі. Сонда, оның айтуынша, ал қырғыз тілінде а (н) мен о (л) сөздерінің қосындысынан барып пайда болған. Соңғы -л-ді Котвич нақтылаушы (ут-вердительная частица) қосымша деп қарайды. Сөйтіп жайлы пікір осындай. Бұл пікірдің қалайда ойландыратын жағы мынада: ол есімдігі септелгенде жатыс септікте (онда) түсініксіз пайда болады. Нақ осы -н ана, анау, анда есімдіктерінің құрамында кездеседі. Қазіргі тілдің құрамында онда, анда сөздерінің арасында пәлендей лексикалық айырмашылық жоқ. Бірақ о/а параллелін кейбір түркі тілдерінде есімдіктердің септелуінде кездесетін сәйкестікпен түсіндіруге болар еді. Мысалы, хакас тілінде: ол, анын, т. б.



Біз, сіз есімдіктерінің құрамындағы элементі жайлы айтылып жүрген пікірлерді екі топқа бөлуге болады. Зерттеушілердің біразы булардың алғашқы түбірі бі, сі деп қарайды да, соңғы бір кезгі екілікті, қосақты білдірген қосымша деп есептейді. Мұнда біз сөзі бір кезде мен және сен дейтін мағынада қолданылған болып шығады. Осы тұрғыдан келіп -з ауыз, көз, егіз тәрізді сөздер құра-мындағы -з-мен салыстырылады. Бірсыпыра зерттеушілер біз сөзінің осы тұлғасының қалыптасуын мынадай схемамен түсіндіреді бі-сі, біз, сі-сіз. Бұл пікірді ұсынушылар да екілік (парность) ядеясын берумен байланыстырады. Алдыңғы пікірден айырмашылығы: алдыңғылар -з екілікті (парность) білдірген қосымша деп қараса, соңғылар екі сөздің бірігуінен, соның салдарынан ілгері ықпал заңдылығына сәйкес ның -з -ға айналуы, соңғы қысаң дауыстының түсіп қалып, бүкіл сөздің ықшамдалуы деп есептейді. Соңғы пікір сөз қүрамында болуға мүмкін өзгерістерге негізделгендіктен және сөздің лексикалық мағынасымен үйлесіп жататындықтан дәлелді тәрізді. Тек бұл жағдайда біз, сіз сөздерінің құрамындағы элементімен бірдей деп тануға ешқандай негіз болмай қалады. Есімдер құрамында кездесетін -з элементі сөз болғанда, әр кез көңіл аударуға тиіс құбылыс мына сияқты: мағыналық жағынан бір-бірімен ұштасып жататын, ұялас лексикалық мән беретін есімдер мен етістіктер қатарларын салыстыра қарағанда әрқашан есім сөздерді мағыналас етістіктерден оқшаулап, олардың есімдер тобына жатуының грамматикалық белгісі есепті көзге түседі. Мысал үшін мынадай сөз қатарларын салыстырып керейік: көз — көр, семіз семір, т. б. Осындай фактілерге қарағанда, -з тілдің белгілі бір дәуірінде есімдерге тән қосымша болған ба деп те ойлауға болады. Қалай болғанда да біз, сіз сөздерінің құрамындағы сөздің бастапқы түбірінің қүрамында болмаған, кейін ғана қосылған морфема. Солай екендігін бүгінгі түркі тілдерінің фактілері де дәлелдейді. Қазақ — сіз (дер), тува — силер, алтай — слер, шор — силер, хакас — сірер, чуваш — эсир; тува, алтай, шор тілдерінде басқа түркі тілдерінде айтылатын айтылмай, көптік жалғау сі (си) түбіріне тікелей жалғанады. Бірақ сол тілдерде де, басқа тілдердегідей, бірінші, екінші жақтық жіктік есімдіктері жекеше түрінде мен, сен (мин, син) түрінде мен айтылады. Ал чуваш пен хакас тіліндегі варианттар –р- ға аяқталады. Олардың құрамынан да түркі тілдерінің бәріне ортақ сі (си) түбірін көруге болады: сірер, э-си-р. Хақас пен чуваштық варианттар біз, сіз есімдіктері бі-сі, сі-сі, яғни, екі сөздің бірігуі, сөйтіп фонетикалық өзгерістерге түсу арқылы пайда болған дейтін пікірді дәлелдемейді. Егер ол тілдерде де түркі тілдерінің барлығына ортақ бі, сі түбірлері сақталған болса, біріккен уақытта (бі-сі, сі-сі) соңғы қайдан шығуы мүмкін дейтін сұрақ туады. Өйткені байырғы түбірдің құрамында жоқ. Бұл жағдай чуваш, хакас варианттарының құрамындағы түбірге қосылған қосымша деп қарауға негіз болады. Сонымен, біз, сіз есімдіктері екі түбірдің бірігуі арқылы емес, түбір мен қосымшаның бірігуінен жасалған болса керек.

Сілтеу есімдіктері. Сөздердің семантикалық орайлас, ұялас болуы көбінесе олардың генезистік бірлігінің салдары болып отырады. Сондықтан да жіктік есімдіктері мен сілтеу есімдіктері пайда болу, қалыптасу негізі жағынан бір-біріне байланысты болу керек дейтін пікір үстем. Н. К. Дмитриев түркі тілдеріндегі сілтеу есімдіктерін екі түрлі мағыналық топқа жіктейді. Оның айтуында, сілтеу есімдіктері алыстық пен жақындықты білдіруде көлемдік және мезгілдік мәнде екі топқа: бұл және ол болып жіктеліп отырады. Әрине, қазіргі түркі тілдерінің фактілері мынаны дәлелдейді: ең алдымен заттың көлемдік орналасуына қатысты болып келетін мағына — сілтеу есімдіктерінің алғашқы, байырғы қолданысы да, соның негізінде, сол мағыналық қолданыстың дамуынан барып, мезгілдік мән, заттың мезгілдік мерзімде орналасуы шықса керек. Дмитриевтің бұл пікірін қазақ тілінің мынадай фактілерімен түсіндіруге болар еді: бүл — қасында, жанында тұрған, орналасқан зат, көрініп тұрған зат, ол — алыста, көрінбейтін, бірақ бар екендігі анық зат. Осы екі түрлі сөз арқылы берілетін, екі түрлі мағыналық топ одан әрі дамығанда мына тәріздес болса керек: бұл, мынау, осы, осынау және ол, сол, сонау, анау, ана (жақта). Мағыналық колданысы жағынан осы екі топтың әрқайсысы өз ішінде бір-бірімен орайласып жататыны рас. Бұл кісі, мына бала, осы адам, осынау төбе тәрізді қолданыста мына, бұл, осы, осынау есімдіктері бір-біріне жақын, жалғас орналасқан адамды (затты) білдіретіні тәрізді, бұл уақыт, мына кез, осы уақыт тәрізді тіркестер құрамында да олар бір-бірінен алшақ кетпейтін уақыт кезеңдерін білдіреді. Мұның бәрі сілтеу есімдіктерінің екі қолданысы да орайлас, бірі екіншісінен туып жататын салдар деп қарауға мүмкіндік береді. Сонымен, сілтеу есімдіктерінің мағыналық екі тобы о баста екі сөздің негізінде пайда болған. Ол сөздер: бұл және ол. Н. К Дмитриев теориясын еске алсақ, бұл сездер о баста заттардың көлемдік орналасуына (топографиялық белгілерді білдіруге) байланысты қалыптасқан. Ал сілтеу есімдіктерінің басқалары бұл және ол сөздерімен семантикалық орайластығын, келем мәнінде де, мезгіл мәнінде де бір-біріне мағыналастығын ескерсек, оларды сол екі сөздің (бұл және ол) әр түрлі фонетикалық және грамматикалық езгеріске түскен тұлғалары деп ойлауға болады. Морфологиялық жағынан тұлғалас деуге олардың сыртқы пішіндерінің ұқсастығы да дәлел бола алады. Мына сөздерді езара салыстырып көрейік: бұл, мына және ол, ана; бұлардан түркі тілдерінде кездесетін кейбір дыбыс сәйкестіктерін көруге болады: б-м, ұ-ы, о-а. Әрине, бүгінгі тіліміздің фактілері негізінде сілтеу есімдіктерінің бойынан кездесетін тұлғалық ерекшеліктердің барлығын бірдей түсіндіріп беруге мүмкіндік бола бермейді. Олардың өзара ұялас, тұлғаластығын біршама болса да толық түсіну үшін басқа түркі тілдерінің материалдарымен және тарихи фактілермен салғастыра қарастыру керек болады.



Бұл есімдігінің арғы түрі қандай болған, яғни, соның құрамындағы о баста түбір құрамында болған ба, әлде кейін қосылған қосымша ма дейтін мәселе түркологтарды көптен ойландырып келеді. Оған себеп болатын осы сөздің сөз тіркестері құрамында кейде соңғы -л-сіз айтылуы. Қазіргі қазақ тілінде бұ жақ, бұ кез, бұ кісі деп, -л-сіз айтылу норма екені белгілі. Ал қазіргі түркі тілдерінде осы сөздің айтылу пішіні мынадай: қырғыз — бұл, баш-құртбыл, өзбек түрікмен, ұйғыр, құмық, ноғай, татар, түрік, якут, азербайжан, алтай тілдерінде — бу, тува тілінде — бо, ха-қас — пу, шор — по. Бұған қарағанда, түркі тілдерінің басым көпшілігінде сонғы -л-сіз айтылады, яғни, қазақ тіліндегі осындай құбылыс әсте оқшау емес, жалпы түркілік негізде пайда болған. Қөне ескерткіштер тілінде де бу түрінде ұшырасады. Бұл факт о баста байырғы түбір құрамында элементі болмаған деген пікірді бекіте түседі. Бұл сөзі нақ осы күйінде екі түбірдің бірігуінің нәтижесі болса керек. Көне жазбалар тілінде бу және ол есімдіктерінің қабаттасып, бір қызметте қолданылуы ұшырасады. «Құдатқу білікте» мынадай сөйлем бар «тілеч барча булдум, бу ол бір сөзум, бу йаңлы кішіке мунадур өзум». Бұл сөйлемдегі бу ол тіркесі қазіргі тіліміздегі бұл есімдігінің мағынасында қолданылғаны күмән туғызбайды. Мынадай бір жайды да ескеру керек. V—VIII ғасыр ескерткіштерінде, кейінгі «Кодекс куманикусте» әңгіме болып отырған есімдік тек бу түрінде, -уг-сіз айтылады. Жаңағыдай қолданыс та ол ескерткіштер тілінде ұшыраспайды. Алайда сол ескерткіштердің қайсысында да бұл есімдігінің қызметінде III жақтық жіктік есімдігі ол сөзінің қолданылуы жиі ұшырасады. Бір-екі мысал: ол сабығ ешітіп қағанғару ол сабығ ыттым (Т.). «бұл сөзді есітіп қағанға айттым». Күл тігін ол сүңүшде отуз йаша-йур ерті (КТ). «Күлтегін бұл соғыста (соғыс болған кезде) отыз жасар еді». Качан ол сөзні айтты феріште күтүчүге, теңірінің йа-рықлықы йарытты аларны (КК). «Қашан бұл сөзді феріште күтушіге айтқанда, тәңрінің бұйрығы сәулелендірді оларды». Ол сөзүнү айтты да, жанын теңрі еліне берді (КК)». Бұл сөзді айтты да жанын тәңрі қолына берді». Келтірілген сөйлемдерде ол есімдігі қазіргі тіліміздегі бұл есімдігінің мәнінде қолданылған. Солай екендігін текст құрамындағы бір-біріне жалғас айтылған сөйлемдер мағынасын салғастыра отырып анық байқауға болады. Ал жіктеу есімдігінің мұндай қолданысы қазіргі қазақ тіліне де жат емес. Алайда қазіргі қазақ тіліндегі мұндай қолданыс негізінен сөзді стильдік мәнерлеумен ұштасып жатады. Бұ ол тіркесі де, біздің байқауымызша, көбіне тек жазба тіл мұраларының тілдік ерекшелігі ретінде ғана ұшырасады. Ауызекі сөйлеу тілдің негізгі заңдылықтарын байқататын Орхон-Енисей жазбаларында немесе «Кодекс куманикусте» мұндай қолданыстың кездеспеуі соны дәлелдейді. Әйтпесе, XIV ғасырда жазылған «Кодекс куманикусте», XI ғасырда жазылған «Құдатқу білікте» қолданылған тілдік фактінің ұшыраспауын ешбір ерекшелікпен түсіндіру мүмкін болмас та еді. «Қудатқу білік» өз заманының жазба тілінің ескерткіші. Ал жазба тіл қашанда сөзді саралап, нақтап қолдануға ұмытылатыны белгілі. Бұ ол тіркесі де сондай мақсаттан туған деп қарауға болар еді. Жазба тіл құрамында қалыптасқан тіркес жиі айтылу процесінде кірігіп бұл күйіне келуі әбден ықтимал.

Бұл есімдігімен түбірлес сөздер — мына, мынау. «Құдатқу білікте» бұ есімдігінің муну түрі де кездеседі. Қазіргі түркі тілдерінде осы есімдіктердің дыбысталуы мынадай: башкұрт — бынау, қа-рақалпақ — мынау, т. б. Түркі тілдерінің біразында мұндай есімдік жоқ, оның мәнінде басқа сездер қолданылады. Қазіргі қазақ тілінде мұнау, мұнда, мұндай, бұндай тәрізді есімдік немесе есімдік негізді басқа сөздер де бар. Сонда мына, мынау, мұнау есімдіктерін осылардан туынды мынадай, мұндай, бұндай, мұнда, бұнда сөздерімен салыстырып қарасақ, бұлардың барлығына ортақ түбір—мын, мұн, бұн. Алайда дыбыстық ерекшеліктеріне қарай бұлардың әрқайсысы дербес түбір емес, бір ғана түбірдің фонетикалық варианттары. Бұл жерде түркі тілдеріне ортақ, сол сияқты қазіргі қазақ тілі құрамында да ұшырасатын мынадай дыбыс сәйкестіктері бар: м-б, ы,ұ. Мұндай ерекшеліктер, әсіресе, бір ғана тілдің құрамында кездессе, сол тілдің о бастағы этникалық құрамының куәсы есепті деп қарау орынды. Бір-біріне ұқсас тілдерде сөйлеген тайпалардың қайсысында да өзіндік дыбыстық ерекшеліктер болған, жаңағыдай фонетикалық варианттар соның ізі. Әйткенмен мын, мұн, бұн түбірлерінің құрамындағы түбірдің элементі емес, бұл есімдігінің құрамындағы -л-дің варианты. Егер солай деп қарасақ, түбірдің өзгеру жолын былай керсетуге болар еді: бу/бұ/му/ мұ/мы. Біздің байқауымызша, мына, мынау есімдіктері және мұндай, бұндай есімдік туынды сын есімдер бұл есімдігі қалыптасқаннан кейін барып пайда болған. Сондай екендігіне көрсетіліп отырған сөздердің барлығына ортақ түбір — мын (мұн) екендігі де дәлелдейді. Бұл есімдігінің септелетін негізі бұн (бұның, бұнан, бұнда, бұнымен) екендігін және осы түбірдің өзі атаудан басқа септік жалғауларында м дыбысынан басталып та айтыла беретінін еске алу керек. Мына, мынау есімдіктерінің арғы, алғашқы түбірі мын деп қарасақ, соңғы -а, -ау қосымшаларының арғы төркінін тап басып, дәл айту қиын. Бұл жайында әзірге зерттеушілердің әрқайсысы әр түрлі пікірде: элементін Рамстедт, мысалы, ол сілтеу есімдігінің айтылу практикасында танымастай болып өзгерген варианты деп қарайды. Егер осы пікірді мақұлдасақ, мына сөзі мын (бұл) негізі мен ол сөзінің бірігуінен пайда болды деп қарау керек болады. Бірсыпыра зерттеушілер мұны барыс септік қосымшасы деп есептейді. Алайда осы сөзде бағытты білдіру мәнінен гөрі сілтеу, нұсқау мәні басым жатыр. А. Ибатов басқа түркі тілдерінің материалдарына және Рамстедт келтіретін алтай тілдері фактілеріне сүйене отырып, -е, -а ескі қолданыстан қалған сілтеу есімдігі болу керек дейтін жорамал айтады. Бұл пікір бойынша, мына, міне, міні сөздері екі түрлі сілтеу есімдігінен қалыптасқан болып шығады. Егер түркі тілдерінде де бір кезде сондай сілтеу есімдігі болған болса, бір мағынадағы екі сөздің бірігуі нендей құбылысқа байланысты болды екен дейтін ой туады. Мынау сөзінін құрамындағы элементі жөнінде біршама сенімді болжамды В. М. Насилов айтады. Ол ұйғыр, т. б. түркі тілдерінің фактілері -и, -ву сілтеу есімдігінің қысқарған варианты екендігін дәлелдейді. Ал ву есімдігі ұйғыр тілінде манаву есімдігінің құрамында сақталса керек.

Ол жіктеу, сілтеу есімдігімен түбірлес ана, анау сөздерінің құрамындағы -а, -у элементтері жайлы да осы айтылғандарды қайталау керек. Қосымша айта кететін жай: ескі жазбалар тілінде, сирек те болса ан есімдігі кездеседі. Осы ан мен анау, ана есімдіктері төркіндес. Ал ан о баста шығу тегі жағынан ол есімдігінің фонетикалық варианты: о/а. Соңғы -к-ді ол құрамындағы -л-дің өзгерісі деп қарау керек пе, әйтпесе өз алдына дербес тулға деп есептеу керек пе — ол жағы айқын емес. Алайда ескерткіштер тілінде ұшырасатын ан (атау тұлға) есімдігінің құрамындағы -к ол құрамындағы -л-дің фонетикалық варианты болмаса керек. Қайта ан құрамындағы -к-мен, сен жіктеуліктерінің құрамындағы -н-мен тектес болуы мүмкін. Алтай тілдерін зерттеушілер кейбір тілдерде қолданылатын ын, ін есімдіктері де осы ұялас сөздер деп есептейді. Сонда ол сілтеу есімдігінің алғашқы түбірінің мынадай фонетикалық варианттары болған деп қарауға болады: а//о//ы//і. ы, і дыбыстарынан басталатын варианттардың ізі ескі жазбалар тілінде ұшырасады: інче (інча) (солай, сондай, ҚБ), ынчып (ын-чып, сондай, солай, ТЖ-)> ынару (ы-нару, немесе ын-ару, оған, соған, -ғару барыс септік, ТЖ). Бұлардың сол тілдегі қолданысын еске алсақ, ол есімдігімен ұялас екеніне күмән тумайды, а дыбысымен келетін варианттың да ескі жазбалар тілінде ізі бар: анча (ан-ча, ҚБ), анчада (ан-ча-да — сонда, сол кезде), анчақынча (ан-чақ-ын-ча— сол шақта, сол кезде. ТЖ-)> аңтағ (ан-тағ—андай, сондай. ҚБ). Бұл сөздердің қазіргі қазақ тіліндегі анша (анша — мұнша), ан-дай (ғ — й) сөздерімен тұлғалас екені ешбір дау туғызбайды. Сөйтіп бұл фактілерге қарағанда, қазақ тіліндегі ана, анау сөздері құрамындағы а мен ол дегендегі о бір түбірдің екі варианты болып шығады.

Осы ан түбірі әне, әнекей сездерінің құрамында да ұшырасады, ән түбірі осы тұлғасында жалпы алтайлық ін (ын) есімдігімен тікелей байланысты, і>ә ауысуы тарихи тұрғыдан жеке фактілер ыңғайында ұшырасып отыратын құбылыс. Ән түбірі осы көрсетілген екі сөз құрамында ғана ұшырасуы да оның ескі қалдық екенін көрсетеді.



Сол сілтеу есімдігі нақ осы тұлғасында қазіргі қазақ тілінен басқа қарақалпақ, ноғай тілінде кездеседі. Басқа тілдерде бұл есімдіктің фонетикалық сипаты мынадай: башқұр, татар тілдерінде — шул, қырғыз тілінде — ошол, ошо, кұмық тілінде — шол, со, түрік түрікмен тілдерінде — шу, якут тілінде сити. Осы фактілерді салыстыра келгенде с дыбысымен айтылу қыпшақ тобына тән екендігін байқауға болады. «Кодекс куманикусте» сол, шол тұлғасының екеуі де ұшырасады. Бір-бірінен мағыналық айырмашылығы жоқ, тек дыбыстық қана ерекшеліктері бар бұл сөздердің жалпысына ортақ түбір мен жасалу, қалыптасу жолын айқындауда қырғыз тіліндегі ошол тұлғасы басты тірек болса керек. Нақ осыған ұқсас тұлға «Құдатқу білікте» кездеседі: ошул. Қырғыз тілінде және «Құдатқу білікте» ұшырасатын осы тұлғаны құранды деп қарауға әбден негіз бар: ош-ол (ул). Бұлай деуге қазақ тіліндегі осы сілтеу есімдігінің алдыңғы элементі ос (ош) және қазіргі өзбек тіліндегі ушбу есімдігінің алдыңғы морфемасы уш дәлел. Осыларды салғастыра келгенде, бір кезде тіл құрамында есімдіктерге қабаттаса айтылатын ош (немесе уш) күшейтпелі сөзі болған деп шамалауға әбден болар еді. Күшейтпелі ош (уш) сөзі сілтеу есімдіктерімен қабаттаса алдынан айтылған да, келе-келе әр түрлі фонетикалық өзгеріске түсудің салдарынан қазақ тілінде сол, бас-қа тілдерде шул, т. б. тұлғада қалыптасқан болса керек. Қазіргі түркі тілдерінің ішінде сөздің алғашқы күйін сақтап қалған тіл деп тек қана қырғыз тілін атауға болады. Қазақ тілінде сол түрінде қалыптасуын ош-ол//ос-ол-шо-л//со-л/Іш-с арқылы, яғни, алдыңғы дауыстының редукциялануы деп қана түсіндіруге болады. Соңғы дыбысы факультативті элемент. Түркі тілдерінің бірсыпырасын-да бұл (-л-сіз айтылу) әбден орныққан құбылыс.

Қазіргі қазақ тіліндегі сона, сонау (сонда үстеуі де) есімдіктерінің жасалуы да нақ осы тәсіл арқылы жүрген. Тек бұл жерде ош және ан (ол есімдігінің варианты) элементтерінің бірігіп қалыптасуын көру дұрыс. Әйтпесе, сона, сонау сездерінің құрамында л емес, н дыбысының айтылуын дыбыстық үндесу заңдылығымен түсіндіру мүмкін емес.



Осы, осынау есімдіктері де ош және о есімдігінің тіркесінен қалыптасқан. Қырғыз тілінде бұл есімдік ушул, ушу түрінде айтылса, башқұрт тілінде ошо түрінде айтылады. Тағы да бұл ретте қырғыз тіліндегі ушул тұлғасын ең ескісі деп негізге алуға болады. Қырғыз тіліндегі тұлға уш+ул — құрама бөліктеріне ажырайтыны анық. Радлов қазақ тіліндегі осы сөзін ош + бу деп этимологиялаған. Біздің байқауымызша, Радлов сол дәуірдегі кітаби тіл құрамында көп қолданыс тапқан үшбу сөзімен байланыстырған тәрізді. Анығында, қырғыз тіліндегі ошу сөзіне берілген этимология қазақ тіліндегі осы сөзіне де келер еді. Қырғыз тіліндегі ошу сөзін былай талдайды: ош-у. Егер қазақ тіліндегі осы сөзін, Радлов айтқандай, ош-бу деп қарағанда, ортаңғы — б -дыбысының түсіп қалуын ешбір заңдылыққа сыйғызуға болмас еді. Ош сөзі мен о сілтеу есімдігінің тіркесінен құралғандығын қырғыз тіліндегі ушул сөзі де дәлелдейді. Сөз соңындағы (есімдіктер құрамында) -л-дің факультативті элемент екені қашанда белгілі. Сонда қазақ тіліндегі осы есімдігінің қалыптасу жолын былай деп қарауға дәлел бар: ош-ол//ос-ол/І-ош-о/Чос-о >ос-ы. Сөз соңында еріндік дауыстының езулікке айналуы тарихи тұрғыдан қазақ тіліне әсте жат кұбылыс емес.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет