ПОӘК 042-14. 05. 01. 20. 05. 03-2010 №1 басылым 02. 09. 2008 орнына



бет1/12
Дата31.12.2019
өлшемі1.05 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

ПОӘК 042-14.05.01.20.05. 03-2010

№1 басылым 02.09.2008 орнына

_______________ №2 басылым

беттің - шісі



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ


БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



4 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-14.05.01.20.05. 03-2010


Оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы

« Жалпы психология -ІІ»

№1 басылым 02.09.2008 орнына



_______________ №2 басылым

«ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯ -ІІ» ПӘНІ БОЙЫНША

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

(050503 «Психология» мамандықтарына )


ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ











Семей

2012



Алғысөз





  1. ЖАСАЛЫНДЫ

Құрастырушы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің

«Психология» кафедрасының

«______» __________ 2012 ж.

2.ҚАРАЛДЫ



    1. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Психология» кафедрасының отырысында

Хаттама № ______ «__»________ 2010 жыл
Кафедра меңгерушісі: Сатиева Ш.С.

2.2.ГЗФ-тің оқу-әдістемелік бюросының отырысында

Хаттама № ______ «__»________ 2012 жыл
Төрайымы _______ Григорьева Г.Б.
3.БЕКІТІЛДІ

3.1.Университеттің оқу-әдістемелік бюросының отырысында мақұлданды және баспаға ұсынылды



Хаттама № ______ «__»________ 2012 жыл
ОӘК төрағасы, бірінші проректор _________ Б.А. Рскелдиев
4. №1 БАСЫЛЫМ ОРНЫНА ЕНГІЗІЛДІ
Мазмұны

  1. Глоссарий

  2. Дәрістер

  3. Практикалық және лабораториялық сабақтар

  4. Курстық және бітірушілердің кәсіби жұмыстарын дайындау

  5. Студенттің өздік жұмысы

  6. Тест сұрақтары


1 ГЛОССАРИЙ


  1. Персонолог – Генри Мюррееидің жеке тұлғаны зерттеушіні атауға берген термин атауы.

  2. Жеке тұлға теориясы - адамның кім екенін, оның белгілі әрекет –қылық көрсетуінің себебі туралы тиянақты жинақталған гипотезалар мен ой қорытындылары.

  3. Жеке тұлға - түрлі психологиялық ерекшеліктері әлеуметтік ортамен шарттас, тұрақты, адамның өзіне де, өзгелер үшін маңызды де болып табылатын адамгершілік әрекеттерін

  4. Топ – қоғамдағы адамдардың белгілі сипаттары мен ерекшеліктеріне орай және бірлесіп атқаратын істеріне сәйкес бірлесуі.

  5. Темперамент – жүйке жүйесінің тума қаситтерінен туындайтын ерекшелік.

  6. Индивид - әлеуметтік қарым-қатнас объектісі және саналы әрекет етуші.

  7. Даму - анатомиялық, физиологиялық, әлеуметтік, рухани аспектілердің бір қарқынмен сандық және сапалық жағынан өзгеруі.

  8. Индивид - әлеуметтік қарым-қатнас объектісі және саналы әрекет етуші.

  9. Индивидуалдық – психикалық, физиологиялық, әлеуметтік ерекшеліктердің жиынтығы, нақты адамның ерекшелігі.

  10. Орта – организмнің туып, дамып және өмір сүретін сыртқы шарттар, факторлар мен объектілердің жиынтығы.

  11. Онтогенез - жеке ағзаның даму процесі.

  12. Интероверсия – кейбір адамдардың тұйық өзімен-өзі болып, өзінің ой-пікірлерін іштей талдайтын мінез ерекшеліктері.

  13. Экстраверсия – Адамдардың ішкі дүние сырымен тұйықталып қалмай, жан дүние сырын ашық-жарқын түрде өзге адамдарға білдіріп отыруы.

  14. Генотип – ағзаның генетикалық конституциясы немесе барлық гендер жиынтығы.

  15. Фенотип – сыртқы ортаның әсері барысында онтогенезде дамитын барлық белгілер жиынтығы.

  16. Мотив - адамның түрлі дәрежедегі саналы және астарсанадағы қажеттіліктер жүйесінен туындайтын, белгілі әрекет-қылық актісін орындауға бағытталған итермелеуші күш (түрткі).

  17. Психологиялық қорғаныс - конфликтіні ұғынуға байланысты туындаған мазасыздану сезімін минимумға дейін апаратын немесе жоюға бағытталған тұлғаның тұрақтануының ерекше регулятивті жүйесі.

  18. Индивидуалдылық - басқа адамдардан өзінің әлеуметтік мәнді айырмашылықтарымен сипатталатьш адам.

  19. Интроспекция - адамның өзіндік бақылау жолымен психикалық құбылысты тану әдісі, яғни адамның өзі санасында әртүрлі тапсырмаларды шешуде не өтіп жатыр соған назарын салып зерттеуі.

  20. Когнитивті психология - психологиядағы жаңа зерттеу бағыттарының бірі, адамның мінез- құлқын білімдердің динамикасы мен қалыптасу процесі негізінде түсіндіреді.

  21. Тұлға - әлеуметгік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид.

  22. Тұлғалық мағына - қоршаған орта кұбылыстары мен объектілерге тұлғаның субъективті қатынасы.

  23. Дүние таным - объективті әлем мен ондағы адамның орнына, адамның қоршаған болмысқа, өзіне қатынасына деген көзқарастардың жүйесі.

  24. Психолингвистика - ғылым облысы, психология мен лингвистиканың арасындағы шекара (грань), адамның сөзін, оның туындауын, жұмыс жасауын зерттейді.

  25. Тұлғаның өзіндік анықталуы - проблемді ситуацияда меншікті позицияны бекіту және табудың саналы актісі.

  26. Өзіндік бағалау - тұлғаның өзін бағалауы, өз мүмкіндіктерін, садаларын, басқа адамдардың арасьшдағы орнын бағалауы.

  27. Статус - адамның топтағы жағдай, оның құқықтары мен міндеттерін анықтайды.

  28. Құрылым - объектінің тұтастығын және өзіне ұқсайтындығын қамтамасыз ететін объектілердің компонентерінің арасындағы орнықты байланыстардың жиынтығы.

  29. Субъект - болмысты өзгертетін және танымның қайнар көзі болатын

  30. индивид немесе топ.

  31. Тұлғаның қырлары - индивидтің мінез-құлқының әртүрлі ситуациялардағы орнықты, қайталанатын ерекшеліктері.

  32. Әуестену - ұғынылмаған немесе жеткіліксіз ұғынылған қажеттілік көрсететін психикалык күй

  33. Диспозиция - адамның белгілі бір сыртқы немесе ішкі әрекеттерге дайындығы, бейімдігі

  34. Қызығу - адамның қандайда бір объектіге эмоциялық жоғарғы зейіні 19.Мотив - субъектінің қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған іс-әрекетке ояту

  35. Мотивация - организмнің белсенділігін және оның бағытын анықтайтын бағытын шақыратын ояну

  36. Ынталану - әлеуметтік рұқсат етілген көрсеткіштер аркылы әрекет себебін субъектінің рационалды түсіндіруі

  37. Табысқа жету мотиві - әртүрлі іс-әрекетте табысқа жету қажеттілігі және ол тұлғаның орнықты қыры ретінде қарастырылады

  38. Ниет - белгіленген прогаммаға сәйкес әрекетті аяқтауға саналы ұмтылу

  39. Тұлғаның бағыттылығы - орнықты мотивтердің жиынтығы, тұлғаның іс-әрекетін бағдарлайды.

  40. Қажеттілік - организмнің, индивидтің, тұлғаның бір нәрсеге қатысты мұқтаждығы

  41. Ұмтылу - біріншілей ояну, қажеттілікті сезімдік бастан кешіру

  42. Жетістік тестері - сыналушының нақты білім, ептілік, дағдыларының деңгейін көрсететін психодиагностикалық әдістеме


2.1 ІІІ-МОДУЛЬ БОЙЫНША ДӘРІСТЕР КУРСЫ

1-тақырып. Жеке тұлға туралы түсінік

  1. Психологиядағы жеке тұлға түсінігі.

  2. Индивид, жеке тұлға, даралық ұғымдарындағы көлемдік және мазмұндық айырмашылықтар.

  3. Жеке тұлғаның құрылымы.

“Жеке тұлға” термині бірнеше түрлі мағынаға ие. Оны зерттеумен психологияның түрлі аспектілерін құрайтын ерекше бөлім айналысады, ол – персонология (ағылшын тілі, “personaliti”, латын тілі “persona” – жеке тұлға, даралық ұғымдарын білдіреді.. Персонология (жеке тұлға психологиясы.– адамның даралық ерекшеліктерін түрлі зерттеу тәсілдері арқылы түсіндіруге тырысатын пән болып табылады.

Психологияның ғылым саасы ретінде пайда болуының түпкі себебі – адамзаттың өз тұлғасына деген ерекше қызығушылық, танып білуге деген сұраныс. Бүгінгі жеке тұлға психологиясының негізгі мақсаты адамның өзін-өзі ұстау ерекшелігін ғылыми тұрғыдан түсіндіру. Сондықтан жеке тұлға психологиясының тарихында көптеген концепциялар жасақталынған, бірақ әрине олардың ішінде эмпирикалық тексеруге жарамды нақты және неғұрлым қарапайым тұжырымдамалар ғана жұмыс істеуге жарамды.

Адам баласын біз қашан жеке тұлға деп айта аламыз. Адам баласы табиғаттың ерекше кемелденіп жетілген өнімі. Ол – белгілі бір қоғамның мүшесі, ол қандайда бір іспен шұғылданады, оның өз тәжірибесі , білімі, түйген ойы мен көзқарасы, өзіне ғана тән өзіндік ерекшеліктері болады. Ендеше, жеке тұлға - түрлі психологиялық ерекшеліктері әлеуметтік ортамен шарттас, тұрақты, адамның өзіне де, өзгелер үшін маңызды де болып табылатын адамгершілік әрекеттерін анықтайтын қасиеттер жиынтығының иегері болып табылады. Яғни бұл өте күрделі компоненттер жиынтығы. Сондықтан бұлар адамның жекелігін, басқаларды қайталамайтындығын дәлелдейді.

Жеке тұлға – дүние таным қабілеті бар, сыртқы ортаның неше түрлі әсерлерін бастан кешіріп, оларға төзімділік көрсете алатын, табиғатты өзгертуге ықпал ете алатын жан. (С.Бап-баба..

Адам мәселесіне келгенде психологияда келесі ұғымдар қатар жүреді: “адам”, “жеке тұлға”, “индивид”, “даралық”. “Адам” ұғымына адамдарға тән барлық қасиеттер жиынтығы жатады, ал “индивид” – биологиялық организм, тұлғалық қасиеттермен қоса тек қана оған ғана тән психологиялық және биологиялық қасиеттерімен анықталады. Яғни, “индивид” ұғымына адамды екінші адамнан бөліп тұратын қасиеттер мен оған және басқаларға да қасиеттер кіреді. (бөлек етеді.. “Даралық” ұғымы тек бір ғана адамға тән индивидтік және тұлғалық қасиеттерді меңзейді. (бір адамды екінші адамнан ерекшелендіреді.. “Даралық” – басқа ұқсамайтын рухани және физикалық қасиеттермен сипатталады: түрлі тәжірибе, білім, көзқарас, ал мотивация, темперамент, қабілет, мінез – даралалықтың негізгі параметрлері.

Негізінен біз бұл ұғымды абстрактілі деп те айта аламыз.Өйткені “жеке тұлға”ұғымы зерттеу объектісі бола отырып, оның концепцуалдық мағынасы көпқырлы. Сондықтан , жеке тұлғаның психологиялық құрылымы төрт түрлі жағынан қарастырылады:



  1. Жеке тұлғаның әлеуметтік өміріне қатысты ерекшеліктері: қызығу, ұмтылу, мұрат, дүниетанымдық көзқарас, наным-сенім және адамгершілік қасиеттерін білдіретін сипаттамалар.

  2. Адамның білімдарлылығы, дағдылары, бейімділігі. Мұндай сипаттар адамның даралық қасиеттерін, өзіндік даму деңгейін, тәлім-тәрбие негізінде қалыптасқан тәжірибесін көрсетеді.

  3. Жеке тұлғаның дара психикалық процестерінің тиянақтылығы мен өзіндік ерекшеліктері. Ондай қасиеттерге зейін мен ойлау, қабылдау мен ес, сезім күйлері мен ерік, адам психикасының басқа да құбылмалы өзгерістері жатады.

  4. Жеке тұлғаның биологиялық тума қасиеттері – нышан, жоғары жүйке қызметі. Бұлар адамның темпераменті мен жас ерекшеліктеріне, жыныстық белгісіне сәйкес көрніс береді.

2-тақырып. Жеке тұлғаны зерттеу тарихы

  1. Жеке тұлғаны зерттеудің негізгі үш тарихи ұстанымдар:әдеби-философиялық,клиникалық және эксперименталдық.

  2. Жеке тұлға мәселелерін жасақтаудағы А.Ф.Лазурский, Г.Айзенк, Оллопорт, Р.Кеттелдердің қосқан үлестері.

Жеке тұлға психологиясы эксперименталды ғылым саласы ретінде өткен ғасырдың бірінші онжылдығында қалыптаса бастады. Оның негізінде А.Ф.Лазурский, Гордон Оллопорт, Рэймонд Кеттел, зигмунд Фрейд, Абрахам Маслоу, Ганс Айзенк сияқты белгілі психолог ғалымдар тұрды. Негізінен жеке тұлға психологиясының теоретикалық зерттеулері бұдан бұрын басталды. Және бұл зерттеулердің үш кезеңін ерекше атап көрсетуге болады: Әдеби-философиялық, клиникалық және эксперименталдық кезеңдер. Бірінші кезең – ежелгі заманнан басталып, ХІХ ғасырдың басына дейін жалғасады. Ал, ХІХ ғасырдың бірінші онжылдығында философ және жазушылармен қатар жеке тұлға психологиясымен дәрігер-психиатрлар айналыса бастады. Олар ең бірінші болып тұлғаны клиникалық жағдайда бақылауға ала бастады, әрекет-қылығын кеңірек түсіну үшін оның өмірбаянын зерттей бастады. Осылардың негізінде кәсіптік қорытындылар ғана емес, адамның тұлғалық табиғаты жөніндегі жалпы ғылыми қорытындылар жасалына бастады. Бұл кезең клиникалық кезең деп аталынады.

Эксперименталдық кезеңде жеке тұлға мәселесімен кәсіпқой психологтар айналыса бастады және олар бұл мәселе бойынша адамның таным процестері мен калыпын зерттеуге ерекше көңіл бөлді. Бұл зерттеулер біртіндеп эксперименталдық сипат ала бастады (белгілі гипотезаларды нақты тексеру мақсатында математикалық-статистикалық өңдеу элементтері енгізіле бастады.

Тұлғаның психологиялық теорияларында тұлғаның табиғатын түсіндіретін өзара бір-бірін толықтыратын екі ықпал бар. Біріншісінде тұлға субъектінің мінез-құлық ерекшеліктері мен интрапсихикалық қасиеттердің автономды жүйесі, уникалды деп анықтайды, ол жүйеге мінезі, қабілеттері, түсініктері, құндылыққа бағдарлануы мен концепциялары кіреді.

Екінші ықпалда тұлға болу үшін интерперсоналды кеңістікке қосылуы керек, басқа адамдармен белсенді саналы әлеуметтік қатынастар құрады, яғни тұлға ол интерпсихикалық байланыстары мен адамның өзара қатынастары. Тұлғаның интерпсихикалық компонентіне шоғырланған Л.Хьел, Д.Зиглер оны ғылыми зерттеудің келесі аспектілерін көрсетеді:

Тұлға құрылымы ол тұрақты сипаттамалар, әртүрлі комбинацияларға түсе отырып бірыңғай, ұйымдасқан тұтастық құрайды және тестілеуде немесе экспериментте орнықты көрсеткіштерді табуды мүмкін ете алады; мотивация мінез-құлықтың процессуалды, динамикалық аспектілерін қосатын оның себептері мен факторларын шақыратын оятатын мотивтер.

Тұлғаның дамуы әртүрлі жас сатыларында нәрестеліктен қартайғанға дейінгі оның қасиеттері мен ерекшеліктерінің заңды өзгерістері; тұлғаның психопатологиясы тұлғаның биосоциалды қоршағандарға адаптациясында шарттанған қиындықтар, процестер, факторлар және психиканың жұмыс жасауынан ауытқуы; тұлғаның психикалық денсаулығының негіздемесі белгілі бір критерийлермен сәйкес бөлінгендер; тұлғаның писхологиялық әсерді коррекциялау процесіндегі трансформациясы эмоциялық ерік когнитивті, мінез-құлықтық сферадағы өзгерістер, психотерапевтік ықпалдар мен техникалар жасайтын жағдайларға жету үшін жасалатын трансформациямен байланысты болады.

Тұлғаның кез келген теориясы мына сұраққа жауап беру үшін жасалған. Тұлғаның құрылысы оны құрайтын элементтер қандай? Адамның істерін қандай мотивтер бағыттайды? Адамның тұлға болуын не детерминациялайды, оның өсуін не қамтамасыз етеді, не кедергі келтіреді? Тұлғалық дамуда қандай факторлар аномалияны шақырады? Психикалық денсаулықты бағалау критерийі мен шарты қандай?

Тұлғаның өзіндік тиімділігін көтеру үшін және позитивті өзгерту үшін оларды не камтамасыз етеді? Д.Мацумото әртүрлі теорияларды жалпылап, оларды біріктіретін жағдай ол сыртқы ситуациялардан тәуелсіз орнықтылық мәселесі деді. Альтернативті ықпал былай айтады: тұлға тек әлеуметтік байланыстары мен тұлға аралық қатынастардың жүйелері арқылы ғана адекватты түсініледі.

Тұлғалық белсенділік теориясы бойынша А.В.Петровский интраиндивидуалдымен қатар тұлға аралық өзара әрекеттің «индивидуалдылықтың айналасындағы кеңістік» ретінде белсенділіктің интериндивидуалды сферасы да бөлініп алынады. А.В.Петровский бойынша тұлғаның белгілі бір қырларын бекіту индивидтің сол бірлестікке қосылу механизміне бағынады.

Тұлғаның дамуын индивид аралық қатынастар субъектісі ретінде бағалау үшін негізгі критерийге әлеуметтік топтарға кіру сәттілігінің дәрежесі алынады, өзінің меншікті белсенділігін басқа адамдармен белсенділікпен интеграциялау қабілетінің деңгейі алынады. Тұлға үнемі қарым-қатынаста, басқаға арналған қатынаста беріледі және «ішкі тәуелсіз территориясы» болмайды, әлеуметтік қатынастардан автономдылығы жоқ деген идеяларды М.М.Бахтин және Л.С.Выготский жасады.

Олардың бірігулерінен ол кеңес психологиясының, қазіргі психологияның гуманитарлық білімдер жүйесінің негізі болып табылды. М.М.Бахтин оны келесі тезисте көрсетті: «Мен өзімді ұғынамын өзімді тек басқаға ашқанда ғана, басқаның көмегімен ғана өз өзім бола аламын». Адамның өз болмысы (сыртқы мен ішкі) терең қарым-қатынас. Бар болу ол қарым-қатынасқа түсу болып табылады. Бар болу ол басқа үшін бар болу сол арқылы өзім үшін бар боламын.

Тұлға аралық қатынастар субъектісі ретінде тұлға өзінде үш репрезентацияланған (сфералар) бірлікті табады:

1) интраиндивидтілік тұлға оның «интраиндивидті сапаларының» орнықты жиынтығы ретінде адамның индивидуалдылығын құрайтын психикалық қасиеттер (темперамент пен мінез ерекшеліктері, қабілеттері, мотивтері, тұлғаның бағыттылығы және басқалар).

2) интериндивидті тұға индивидтің индивид аралық байланыстар кеңістігіне қосылуы ретінде қаралады, онда ішкі топтық өзара қатынас пен өзара әрекет оларға қатысушылардың тұлғалық сипаттамасы ретінде қаралады (мұнда тұлға аралық өзара қатынастарды түсінудегі жалған альтернатива жойылады, олар не топтар феномендері не тұлға аспектілері ретінде қаралады, мұнда тұлғалық топтық, ал топтық тұлғалық ретінде алынады.

3) метаиндивидті тұлға индивидтің басқа адамдармен тіршілік іс-әрекетіндегі «идеалды берілу» ретінде қаралады, сонымен қатар маңызды өзара әрекет шегінен шығады; мұнда адам интеллектуалды, эмоциялық немесе мотивациялық сферасындағы мағыналық құрылулардың субъектісі ретінде беріледі.

Индивид өзінің дамуында әлеуметтік детерминацияланған қажеттіліктерді, тұлға болуды бастан кешіреді, өзін басқа адамдардың тіршілік әрекетіне сеніп тапсырады, олардағы өзінің бар болуын сезінеді, мәнді әлеуметтік іс-әрекетте өзінде тұлға болу қабілетін көреді. Тұлға индивидтің интерперсонал байланыстары негізінде жасалатын іс-әрекеттің әртүрлі аспектілеріне қатысты қатынастардың ерекше жүйесі ретінде қарастырылады.

Ол қатынастар тұлғаның құрылымдық біріншілей элементтері болып табылады. Қатынастар психологиясының негізін орыс писхологы А.Ф.Лазурский салды, «Тұлғаны зерттеу программасы және оның ортаға қатынасы» деген еңбек жазды. А.Ф.Лазурский бірінші рет «тұлғаның сыртқы ортаға қатынасы» туралы категорияны айтты (табиғатқа, адамдарға, әлеуметтік топтарға, рухани құндылықтарға қатынас және басқа қатынастар), ол категория психологиялық талдаудың бірлігі ретінде алынды.

Кейінірек қатынастар психологиясы В.Н.Мясищевтің еңбектерінде дамытылды. Ол мына тезисті тұжырымдады: тұлғаның мәні оның болмысқа қатынасы болып табылады. Адамның дамыған психологиялық қатынас ол әртүрлі жағы бар болмысы бар тұлғаның индивидуалды, таңдамалы, саналы байланыстарының тұтастай жүйесін көрсетеді.

В.Н.Мясищевтің айтуынша психологиялык қатынастың құрамына үш компонент кіреді: танымдық (когнитивті), эмоциялық және ерік. Алайда бұл компоненттерді қатынастардың құрылымдық элементтері ретінде емес оны психологиялық талдаудың үш әртүрлі мағыналық ракурсы ретінде қарастырылады. Тұлғаның қатынастары орнықты немесе орнықсыз болуы.

Тұлғалық құрылымның жоғарғы қабатына кірген қатынастар өзгергіштікпен сипатталады. Қатынастар тұлға ядросына жақын болған сайын соғұрлым олар статикалы болады және ішкі мен сыртқы өтіп жатқан өзгерістерге ұшырамайды. Егерде бұл терең қатынастар өзгере қалса да онда тұлғаның психологиялық қатынастарының барлық жүйелері трансформацияланады.

Осы бағытқа негіздемені австриялық дәрігер, психиатр, психолог, философ, бейсаналық теориясын жасаушы З.Фрейд берді. Психика оның пікірінше санадан тұрады, ол адамға оның басынан өткізгендері ретінде беріледі, сана алды күйі жеңіл ұғынылатын бірақ дәл сол уақытта анық ұғынылмайтын, бейсаналық басынан кешкендер болады деп түсінілді.

Психиканы динамикада қарастыра отырьш, З.Фрейд сана, сана алды және бейсаналылықтың арасында үнемі қозғалыстар, өзара әрекеттер, конфликтілер болады деді. Санадан ыңғайсыз, қабылданбайтын тілектер, қабылданбайтын еске түсірулер ығыстырылады. Сана қоршағандар негативтің бағалаған ұмтылуларды басып тастайды, олар бейсаналыққа өтеді, санада көріну жағдайы туғанға дейін сонда өмір сүреді.

Сөйтіп бейсаналық ығыстырылған, сана үшін жарамайтын мазмұндарды (тілектер, ойлар т.б.), алғашқы инстинктерді «орналастырушы» ретінде түсінілді. Сана мен бейсаналықтың арақатынасы айсбергтің судың асты мен үстінің арақатынасы ретінде қаралды. Су асты бөлігі үлкен және көрінбейді.

Тұлғаның құрылымы З.Фрейд бойынша басқаша берілді: «ид» төменгі инстанция, бейсаналы біріншілей қажеттіліктерді орналастырады, қанағаттану принципіне бағынады. Қанағаттану принципі психикалық өмірді реттеуші болып табылады, ол қанағаттануға ұмтылу мен қайғыларды жоюмен көрінеді.

«Супер эго» «үстіде» орналасады, жоғарғы инстанция болып табылады, біріншілей қажеттіліктерде көрінетіндерді шектейді. «Супер эго» бейсаналық инстанция, мінез-құлық цензурасы, бастан өткен әсерлер.

«Эго» психикалық өмірдің ұғынылған жағы, реалды өмір шарттарын бағдарлануды береді, «супер эго» талабын және «ид» тілектерімен келісуге ұмтылады. «Эго» негізінде жатқан реалдылық принципі тілектерді қанағаттандыру барысындағы реалды болмысты ескеретін бағдарлануды көрсетеді.

З.Фрейдтің негізгі ұғымы ол энергия. Либидо ол сексуалды энергия немесе жасампаз энергия. Бұзатын энергия өлімге, агрессияға ұмтылуда көрінеді. Энергия бейсаналықтан бөлінгісі келеді, ал әлеуметтік шек қоятын цензура энергияның тура өз міндетіне баруын шектейді. Конфликтіден қашу энергияның таралу мүмкіндігінің орындалмайтындығымен шақырылған күштену үшін «эго» сублимацияны пайдаланады.

Сублимация сексуалды ұмтылулар энергиясын әлеуметтік рұхсат етілген объектілерге ауыстыруды жасайды, сексуалды инстинкт энергиясын тікелей объектіден алып кетеді, оны әлеуметтік өнімді іс-әрекетке қолдануға жұмсайды. Егер «Эго» зорығуды конфликтіден түсірмесе, онда ол бастан кешірген зорығуды неврозға апарады. Невроз психоаналитиктердің айтуы бойынша ол мәселені шешуден кету деп санайды.

Ұғыну невроздан жазылуға мүмкіндік береді, невроз қорғанудың бейсаналық құралы болып табылады. Невротик психоаналитиктің интерпретациясымен белсенді қарсыласады, өзінің шынайы невротикалық конфликтісін түсінгісі келмейді. Фрейд бойынша конфликт табиғаты бойынша психикаға тән, ол жойылмайды.

Алайда «Эго» конфликтіні тиімді басқара алады, невроздан қашырады. Ол үшін «Эго» психологиялық қорғаныстарды қолданады, сол арқылы санадан шектеу қойылған қабылданбайтын өзінің меншікті импулсьтарын қабылдауды жояды.

Психологиялық қорғаныс бейсаналық механизмдердің жиынтығы, «Эгоны» сыртқы қауіптен, бейсаналықтан келетін «Супер Эго» үшін қабылданбайтын меншікті әуестенулерден қорғауды қамтамасыз етеді.

Психологиялық қорғаныс механизмдері әртүрлі формаларға ие болады, оның алпыстан аса түрі кездеседі, мысалы проекция, ығыстыру т.б. Бейсаналықты сыналушыньщ есебінсіз зерттеу мүмкін емес, сондықтанда түс көргендегі, қателескен әрекеттердегі, невротикалық симптомдардағы, еркін ассоцациялардағы бейсаналықтың нысанын, бұзылуын, көрінгендерін анализдеуді қолдануды ұсынады. Қате әрекеттер есімдерді ұмыту, естімей қалу, қателесу, жаңылысу, басқа нәрсені айта салу көріністерінде білінеді.

Комбинацияланған қате әрекеттер болады. Қате әрекеттер санадан ығыстырылған, көріну қабілетінен айырылған басып тасталынған психикалық материалдар әрекетімен шақырылады. Белгілі бір жағдайда әрекеттің ұғынылған бағытын, басылып қалған тілектер интерференциясы қате әрекетті, әрекет бағытын береді.

Түс көруді кейде «бейсаналықтағы патшалық қақпасы» деп атайды. Түс көру жұмысы, ауыстыру мен конденсация түс көру бейнелерін түсініксіз, анықсыз, санаға түсініксіз етіп жасайды. Фрейдтің идеяларының бірі символдар сөздігін жазу, көптеген психоаналитиктер оған қарсы болса да, оны, барлық бейнелерді ұғынылған тілге аудару болды.

Ең қызығы сол түс көру жұмысын талқылап оны қайта жасалған психикалық материалдарды меншікті бастапқы қабат деп қабылдау болды. Түс көру жұмыстарын талқылауда «әрекетті қайта жасау», яғни түс көру әрекетін қайта жасау болып табылады.

Ол реконтекстуализация (түс көрудегі ауысудан кейін) және деконденсация (түс көруден кейінгі жасалған жұмыс конденсациясы). Түс көруді анализдеу барысында символдарды түсіну оларды өңдегеннен кейін ашылады.

З.Фрейдтің практикасында емес, теориясында бейсаналық пен сана деген дихотомия бар, бұл дихотомиялар басқада ғылыми дихотомияларда кездеседі: сыртқы мен ішкі, ырықты мен ырықсыз, рефлексивті емес пен рефлексивті. Интериоризация ұғымы осы дихотомиялар негізінде жасалған.

Психоанализ субъектіге анықталуды жапсырудан, проблемаға творчестволық шоғырланудан бас тарту мәселесі бойынша басқалардан айырмасы бар. Творчестволық адам творчество беретін анықталудан, мәселені шешуден қашу үшін психоанализден жиі бас тартады.

Фрейд психологияға, мәдениетке үлкен үлес қосты. Фрейдтің психоанализ практикасы мен теориясы пайда болғаннан кейін адам басқаша ойлай бастады, басқаша қорытынды жасады.

Сондай-ақ швейцар ғалымы, З.Фрейдтің бұрынғы шәкірті Карл Густав Юнгтің теориясы да өте атақты, өзі кейін меншікті адам психикасы жалы идеялар жүйесін жасады. Адам үшін барлық қоршағандар оның тәжірибесінде беріледі. Сондықтанда К.Юнгтің ойынша ең адал идеялар субъективті болып табылады.

Юнг фрейдизмнен кетті, бейсаналық биологиялыққа апарылмайды деп санады. Оның пікірінше, бейсаналық алдыңғы ұрпақтың психикалық тәжірибесінде беріледі, мінез-құлық типтер, эмоциялық реакциялар, спонтанды фантазия бейнелері, түс көрулердің қосындылары деп анықталды.

Юнгтің екінші бір басты идеясы ол бүтіндік идеясы. Ол интуиция бүтіндігі болды, Жан автономды фактор, онда бейсаналық санамен қатар амалсыз өмір сүреді деп санады. Жан өзінің заңдылықтарына ие, психикалық бүтіндік ол бейсаналық пен сана. Бейсаналық табиғи, автоматты мақсатқа сәйкес процесс, ол жанның бүтіндігі үшін қолданылады.

Бейсаналық ол энергия символдарда көрінеді. Бейсаналық реттелмеген құбылыс, санамен бағытталады, одан тыс өмір сүреді, оның тілегі бейсаналықтың мазмұнын қалай бар солай көру. Бейсаналықтың реттелген әрекеті архетиптердің болуымен анықталады, олар өткен бейнелер, мәдениетіне, даму деңгейіне қарамастан барлық адамға тән болады.

Осы мифологиялық сюжеттердің, мотивтердің қайталануы Юнгты коллективті бейсаналықта болатын кейбір бейсаналық өткен бейнелер болады деген ойға итермеледі. Архетиптер өмірге мифологиялық мотивтер түрінде болатын түсініктер комплексін шақырады. Архетиптер бейсаналықта болатын белгілі бір принциптердің бір жағдайларда белсендірілгендердің жинағы ретінде өмір сүреді және санаға энергетикалық ағындар ретінде шығуға ұмтылады.

Юнгтің түсінуі бойынша архетиптер өзбеттілі болудың белгілі бір дәрежесі, ал сана творчестволық еркіндік ретінде болады. Архетип символикалық формаларды қабылдай алады, стереотипті реакциялар мен әрекет қабілетінде көріне алады. Юнг бойынша тұлғаның қалыптасуы индивидуация болып табылады, яғни коллективті негізден өзіңнің меншікті психикаңды бөліп алу.

Адамның рухани тууы, психикалық өзбеттіліктің пайда болуы, адамның дамуға кабілетті болуы осының бәрі индивидуацияның мәнін береді. Өкінішке орай жаңа адамның санасының дамыған, Юнгтің ойы бойынша, индивидуация, даму үшін қолданылмайды. Индивидуация санада өтеді, оның нәтижесі сана деңгейінің өскені болып табылады.

Сананың жоғарғы жағына жарып шыққан мазмұнды ұғыну, оларды саналы жасау санаға күш беретін негіз ретінде қарауға болады. Бейсаналықтың болатынын мойындамау, бейсаналықтан келетін энергияны қабылдамау сананың диссоциациясын шақырады. Бұл коллективті бейсаналық стихиясында еріп кету болып табылады.

Психикалық ауру ол бейсаналықтың автономды мазмұнын реалды объект ретінде қабылдау болып табылады. «Тұлга» туралы айтқанда онда «индивидуалдылық» дегенді түсінеміз, алайда бұл контекстте Юнг әлеуметтік масканы ұйғарады, яғни әлеуметтік әрекетте табылатындарды айтып отыр, ал оның артында коллективті бейсаналық тығылып тұр дейді.

Бұл индивидуалдылық емес, индивидуацияның нәтижесі емес. К.Г.Юнг, тұлғаның дамуы жайлы айта отырып, бүтіндіктің пайда болуы мен тәрбиелеу шарттарын, адам индивидуалдылығы жайлы қарастырды. «Тұлға» өмір барысында біртіндеп дамитын ол бір туылған тұқым емес. Анықталусыз, бүтіндіксіз тұлғаның жетілуі көрінбейді. Осы үш қасиет балаға тән емес, себебі солар арқылы ол балалықтан айырылмауы керек.

Ешкімде тұлғаны тәрбиелей алмайды, егер ол өзі тұлға болмаса. ... Тұлға біздің өмір сүруіміздің бүтіндігін толық тарату, ол қол жетпейтін идеал. Алайда қол жетпеушілік идеалға қарсы болатын себеп емес, сондықтанда идеалдар бір басқа нәрсе, жолды көрсетуші, бірақ мақсат емес...».

Юнг бойынша тұлға қандай да бір дамуға ұмтылудан емес, қажеттіліктен байланысты дамиды: «тұлғалық даму акциясы ол бөтенге көзқарас, атағы шықпаған мекеме, тура жолдан ауытқу.... ешкімге ұқсамайтындай болуға тырысу. Өкінішке орай тұлға адамзаттағы атақты геройлар, олар құрмет, махаббат, таң қалу шақырады. Нағыз тұлға өзінің қолданылуына ие болады... Тұлғаның масштабы аз болған сайын, ол соғұрлым үлкен дәрежеде анықталмайтын және бейсаналы болады.

Бихевиоризмде психикалық зерттеуге жабық болатын бір нәрсе ретінде қарастырылды, сондықтанда психикалықты олар зерттемеді. Субъект реакция жасайтын сыртқы мінез-құлық реакциялары мен стимулдары тіркелді. Мінез-құлық сыртқы формаға апарылды және сыртқыны уреттеумең анықталды.

Олардың ойынша осы жағдай объективті ғылыми зертетуге психологияны әкеледі деп санады. Тұлға психикалық ретінде не мойындалмады не қарастырылмады, тек белгілі бір стимулдарда қалыптасқан кейбір реакциялардың жиынтығы деп берілді. Тұлғаның дамуы мен тәрбиесі реакцияларды меңгерумен, маңызды стимулдарға реакция жасай алуды үйренумен түсіндірілді.

Бихевиоризмде қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін жетуге байланысты реакцияларды меңгеру процесі қарастырылды. Қажеттілік қанағаттандыруды талап етеді, тәрбие реакциялармен бекітілуі керек, ол қанағаттандыруды жасайды, әлеуметтік түрде қолдау табады. Басқа реакцияларға қосылуға реакцияға шектеу жасау әрекеті қажеттіліктерді қанағаттандыруға, бейімделгіш реакцияны қалыптастыруға әкелмейді.

Үйрену, дұрыс бекітілу субъектінің өзінің қанағаттануына оны қоршаған адамдармен комфортқа әкеледі деп санады бихевиористер. Дұрыс реакциялар тіркелген программдалған мәдениет, қандай реакциялар әлеуметтік қолдау табады, қайсысы жаза алады соны көрсетеді, индивидтің комфортты өмір сүруін жасайды.

Б.Скиннердің айтуы бойынша бекітулер жүйесі қалыптасқан қоғамда әрбір реакция мен қате реакция үшін алған жаза жүйелері үшін индивидтер бақытты болады. Тұлғаның белсенділігі, өзіндік санасы, қабілеті құндылықтарды бекіту сұрақтары бихевиоризмде қаралмады.

Необихевиоризмде аралық өзгергіштіктер ұғымы пайда болды, олар стимулға деген реакцияны деформациялайды, жоққа шығарады деген психикалық мағынада түсінді. Осы аралық өзгергіштіктер «сынға» түспесін үшін психикалық бастан кешулерге, тұлғалық қасиеттерге, мәдениетке қосылды. Психологияда бихевиоризмнің маңызды мәні сол олар мінез-құлық категориясын ашты.

Гуманистік психологияда тұлға ұғымын өзін түсіне алатын қабілетке ие, творчестволық қабілеттерін аша алады деп түсінді. Адамның өмірде алған негативті тәжірибелері өз мүмкіндіктерін ашуға, қабілеттерін ашуға кедергі жасайды. Психотерапевт психологиялық көмек сұраған адамның «үсті» деген позицияны алмай-ақ мәселені шешпей-ақ, сұрақтарға жауап берсе, қабылдау мен ашықтықты жасайтын пихологиялық кеңістік орната алады, онда адамның өзі қабілетін тарата алады, өзін түсінеді, өз мәселесін өзі шешуге келеді.

К.Р.Роджерс айтқандай қоршағандардың әсерінен адам өзіне қажет емес, түсініксіз болғандарды, оның дамуын қамти алмайтындарды сол міндет, мақсаттардан «тыс» қояды. Өз тілегін және өзін, мақсатын түсінуге қабілетті, алайда ол үшін басқаларды қабылдау мен түсінуде қажетті шарт қажет болады. Осы жағдай психотерапияның мәнін құрайды.

Гуманистік психологияда тұлғаны өзін көрсетуге қабілетті, жоғары нәтижелерге жету қабілетін игерген деп қарастырады. А.Маслоу бойынша адам ішкі табиғатпен сипатталады, ол инстинктоидты болады, туа беріледі, адам оны өз өмірінде жүзеге асыруға міндетті деп санайды.

Алайда барлық адам бірде өзіндік маңызданбайды, жоғарғы жетістіктерге жетпейді, өз қабілеттерін тарата аламайды. Егер ол болмаса адам ауру болады, зиян шегеді. Өзіндік маңыздануға ұмтылмаған адам психопатологиясы бар адам, алайда туа берілген қабілеттерде, творчествосы, өзін көрсету арқылы жазыла алады деп көрсетті А. Маслоу.

Өзіндік маңыздануды ұғынылған әрекет, бағытталатын мақсат деп қарастырды деп А. Маслоуды сынады, яғни Маслоудың теориясында адам өзі өзіндік маңыздануға ұмтылады, өз қабілеттерін ұғғынып ашады, В.Франкл бойынша өзіндік маңыздану, творчестволық қабілетгерге ену жоспарланбаған нәтиже емес, ал мақсатқа сәйкес бағыттылық творчествоға кедергі келтіреді.

Тұлғаны теориялық тұрғыдан құбылыс ретінде қарастыруға болады, сонымен бірге тұлғаны зерттеудің реалды міндетін де қоюға болады. Диагностика мақсатымен тұлға психотерапиясында оның индивидуалды көрінулері зерттеледі. Р.Кеттелл тұлғалық қасиеттерді зерттей отырып, оны он алты факторлы тұлғалық сауалнамада суреттеп, тұлға махаббатқа ұқсайды деді: бәрі біледі, ол бар, бірақта ешкім де бар екенін, не жоқ екенін анықтаған жоқ деп бірде айтқан еді.

Тұлға туралы айтады, алайда оның не екенін, қалай анықтау керек екенін толық әлі ешкім айтқан жоқ. Оның тұлғалық мағыналары тілде айтылмайды, онын әлем көрінісіне басқа адам жетпейді, мақсатты таңдау сыртқы шарттармен шарттанбайды. Тұлға категориясы оны түсінудің жаңа талпыныстарын шақырады, әртүрлі анықтамаларға әкеледі, алайда тұлға ұғымын толық қамтуды мүмкін етпейді.

Р.Кеттелл тұлғаны қасиеттердің иерархиялық моделі түрінде түсіндірді, олардың ішінде эмоциялық тұрақтылық, экспансия, өзіндік бекіту қасиеттері бар. Тұлға қасиеттерінің арасында табылған корреляцияның арқасында тұлғаның мына факторлары табылды: интроверсия, нейротизм, олар қасиеттер иерархиясының шыңындағы фактор болып саналды.

Бұл тұлғаға деген номотетикалық ықпалдың басталуына негіз болды, онда жалпы қасиеттер зерттеледі, сол арқылы әртүрлі адамдарды өзара салыстыруға болады. Оның өкілі Г.Оллпорттың пікірінше, тұлға жалпы қасиеттермен анықталмайды, оны уникалды, жалқы, қайталанбас жағдайларда көру керек деді. Ол тұлғаны түсінуді мүмкін етеді деді.

А.В.Петровский тұлғаның қасиеттерін қарады. Мәні қаралмайды деп тұлғға жайлы сол ықпалға сын айтты. Мұндай ықпалды А.В.Петровский коллекционерлік ықпал деп атады. Зерттеуші қасиеттердің тізімін жасап, оны зерттейді, ал тұлға деген не деген сұраққа келмейді.

Тұлға табиғатына байланысты кеңестік психологиядағы көзқарастардың ішінде ең алдымен А.Н.Леонтъевтің тұлға теориясын аламыз. Тұлға туралы теорияларды талдай отырып, әрі олардың негізсіз екенін айтып, А.Н.Леонтьев іс-әрекет ықпал аясында тұлғаға деген басқа көзқарасты қалыптастырды. А.Н. Леонтьев бойынша тұлға іс-әрекеттің ішкі бір кезеңі.

А.Н.Леонтьев өзінің «Іс-әрекет. Сана. Тұлға» деген кітабында көптеген кейбір зерттеушілер келісетін, келіспейтін жағдайды тұжырымдады. Ондай жағдайлардың бірі, тұлға қайталанбайтын тұтастық пен бірлік болып табылады. Екінші жағдай ол тұлға психикалық процестерді басқаратын жоғары интеграцияланған инстанцияны береді.

А.Н.Леонтьев былай дейді, бұл жағдайлар бір уақытта әрі дұрыс емес қорытындыға да әкелуі мүмкін. Психикалық процестер мен тұлға психологиясын қарсы қою оларды бір-бірінен ажыратып қарауға әкеледі. Тұлға психикалық процестерден тыс қаралса ол абстракция болып қалады, толық мәнді емес тұтастыққа «айналады немесе дисплозициялар мен мақсаты салынған «Мен» болып қалады.

А.Н.Леонтьев бойынша тұлға мен психикалық процестерді бөлу психикалық процестерді индивидуалды қасиеттерге шоғырландыруға әкеледі. Алайда ол жағдай мәселені шешпейді, алдын ала ол сипаттамалардың қайсысы тұлғаны сипаттайтынын, қайсысы тұлғалық болатынын білуге болмайды.

Бұл сұрақты шешпес үшін, А.Н.Леонтьевтің ойынша тұлғаның ерекшеліктеріне арналған комплексті ықпал жасалады, онда тұлға барлық әртүрлі қасиеттер ретінде қарастырылады. Тұлға психологиясы антропология бола бастайды. Адамға деген комплексті ықпалды А.Н.Леонтьев жоққа шығармайды, алайда бұл ықпалды ауыстырмайтын тұлға мәселесін қозғайды.

Комплексті зерттеу психология үшін маңызды, алайда ол жағдай тұлға мәселесін ерекше етіп жылжытады. Тұлға жайлы білімдер жүйесі егерде онда тұлғаның негіздемесі жайлы сұрақты талдау жоқ болса, онда ол оның маңыздылығын түсіндіре алмайды. Тұлғаны психологиялық зерттеу жеке қасиеттерді зерттеу комплекстерімен ауыстырылмайды.

Тұлғаның қалыптасуындағы тарихи антропологиялық ықпалды да А.Н.Леонтьев талдайды. Мәдени антропологиялық ықпал үшін негіз болып адам табиғаты тән емес, алайда мәдениет тән психологиялық айырмашылықтар болады деген ой-пікір болды. Мұнда тұлға жүйесі индивидуализацияланған әэдениет ретінде қаралды, оған адам индивидуалды қатысады деп саналды.

Даму адамның мәдениеттенуі (окультурирование) деп түсінілді. А.Н.Леонтьев мәдени антропологиялық ықпалды сынады, себебі өзінің авторлық теориясында негізгісі әлеуметтік болып табылды. Тұлға адамның іс-әрекетке ену процесінде әлеуметтік шарттар арқылы қалыптасады.

Тұлғаның мәдени антропологиялық интерпретациясын А.Н.Леонтьев антипсихологиялық деп санады. Мұнда мәдениет конструкт ретінде қаралды. Мәдениетті тасушылар индивидтер, мәдениет адамдағы тұлғалықты емес, тұлғасыздықты, тұлғадағы жалпы нәрсе тілді, мәнді рөлдерді шарттандырады деді А.Н.Леонтьев.

А.Н.Леонтъев тұлғаны мәдениеттің жеке бір персонификациясы дегенге қарсы болды. Культуралогиялық теория нақты жағдайларға мәдениетте анықталатын индивидуалды адаптация мен архетиптерді ажыратады. А.Н.Леонтьевтің пікірінше, бұл айырмашылықтар конструктивті емес және архетиптер түсіндірілмейді. Бұл концепциядағы екі факторлы схема мәнді болып қала береді.

А.Н.Леонтьев тұлға дамуын іс-әрекеттегі өзіндік қозғалыс деп қарастыруды, оның ішкі қозғаушы қайшылықтарын зерттеуді ұсынады. Дамудың алғы шарты даму барысына шарт ретінде кіргізіледі. Өзіндік қозғалыс идеясы өздігінен қозғалатын іс-әрекет мәселесіне әкеледі. Іс-әрекет тұлғаны итермейді, оны ашады. А.Н.Леонтьев тұлғаның қоғамдық тарихи маңызы жайлы идеяны қозғады.

Тұлға бірінші рет қоғамда пайда болды, тарихта көрінді. Индивид қоғамдық қатынастар субъектісі ретінде тұлғаға айналды. Тұлға санаға да, іс-әрекетке де солардың алдында болады деп түсінілмейді. Тұлға туылмайды, іс-әрекетте оның өзіндің қозғалысында қалыптасады.

Тұлғаның әлеуметтік психологиялық ықпалын тарата отырып, А.В.Петровский және В.А.Петровский оны топтағы іс-әрекеттік жанамаланған қатынастарда қарастырады. Тұлға ол жүйе, ішкі тіпті тұлға аралық жоспарда шектелмейді. Тұлға өзіне басқадағы бейнеленуді де кіргізеді. Тұлга төмендегі жағдайларды құрамдас жасайды:

1. интраиндивидті, адам өзін өзі мағынаны береді, қарым-қатынассыз адам өзі үшін ғана тұлға. Әлеуметтік өзара әрекетті қамтымайтын темперамент, мінез, қабілет сияқты қасиеттері қаралады.

2. интериндивидті ол өзара әрекеттің әлеуметтік тиімділігіндегі тұлға. Әлеуметтік өзара әрекет феноменінде тұлға жанданады. Өзара әрекет феномендері тұлғаны өздері қарым-қатынасқа түсіреді.

3. метаиндивидті құрамдас оған тұлғаны басқа адамның идеалды түсінуі жатады. Бір тұлғаның екінші тұлғада бейнеленуі бейнелерге әкелмейді, ол қатынас болуы мүмкін, әсерленулер, қайғырулар болуы мүмкін.

Субъектілік бейнелену бір адамның басқа адамда көрініс табуына әсер еткен тұлғалық үлес қосу болып табылады. Бұл үлес қосу бейнеленетін тұлға үшінде, бейнелеген тұлға үшінде қатысты болады. Бейнелену бір бейне болып табылмайды, ол мүмкін мағыналардың ұғынылмағын компоненттері болуы мүмкін. Тұлға өзінікін басқа адамға қалай қатынас жасаса солай көреді.

Персонификация әлеуметтік байланыстардың маңызды элементі. Персонализацияға қажеттілік тұлғаның маңызды қажеттіліктерінің бірі, басқа адамда идеалды көрініс берейін деген ойға ұмтылулар, басқа үшін мәнді болып табылатын өз бейнесін өзінде тіркеу.

Әлеуметтік психологиялық ықпалда тұлға топтық қатынастар контексінде қаралады, онда тұлға басқаларда персонализациялануға ұмтылады.

Тұлға топта қалыптасады, онда адаптация сатыларынан өтеді, құндылықтарды, ережелерді, дағдыларды меңгереді, индивидуализациялану, қарсы қою сатысынан өтеді, басқа топ мүшелерімен тең өзара әрекетке түсе отырып интеграциялану сатысынан өтеді.

Тұлға жоғарғы формаларда causa sui принципіне жататын субстанциалды категорияға жатады. Бұл принцип өзіндік себептілік, өзіне себеп болуға қабілетті дегенді білдіреді. Бұл принципті философияда Г.В.Ф.Гегель жасаған және тұлғаны психологиялық зерттеулерге В.А.Петровский қолданды. Өзіндік себеп жоғарғы категорияларда ашық көрінеді. Өзіндік себеп алдыменен ол ортаға бейімделу ары қарай іс-әрекетке бейімделу болып табылады.

Тұлға осы өзіндік себепті айқын көрсетеді. Мәдениетке бағына отырып, ол онда қозғалады және үнемі шекарадан шығады. Барлық мәдениет шекарада өмір сүреді дейді М.М.Бахтин. Тұлға қозғалғыш болып табылады, өз шегінен, мәдениеттен шыға алады, және тұлғаны категорияға салу мүмкін еместігін оған аяқталған түсінік беру мумкін емес екенін көрсетеді.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет