ПОӘК 042-14. 05. 01. 20. 65/03. 2012 Редакция №1 02. 09. 09. орнына Редакция №



бет2/5
Дата31.12.2019
өлшемі0.89 Mb.
1   2   3   4   5

3 тақырып: Аналитикалық теория.
Жас цюрих психиатры Карл Юнг (1875-1961) алғашында Фрейд теориясының әсеріне қатты берілді. Бір бірімен хат алысып ойларын бөлісті, кейін кездесті, алайда үш жылдан кейін олардың арасында салқындық орнап қатынастары мүлдем үзілді, кейін мүлдем кездеспеген. Юнгтың теориясы психоаналитикалық деп саналсада ол Фрейдтің теориясынан өзіндік ерекшелігі бар. Юнгтің теориясында адамға деген көзқараста каузалдылық (индивидуалды және нәсілдік тарих) пен телеология (мақсат пен ұмтылулар) үндескен. Юнг тұлғаның нәсілдік және филогенетикалық негізіне екпін жасайды.

Тұлғаның құрылымы. Тұлға немесе жан өзара байланысқан дифференциалданған жүйелерден тұрады, маңыздылары: эго, жеке бастық бейсаналықтар мен оның комплекстері, коллективті бейсаналық оның архетиптері, персоналар, анима мен анимус, көлеңке. Олардан басқа ішкі ыңғайланулар болады: интроверсия мен экстроверсия және олардың функциялары: ойлау, сезімдер, түйсіну мен интуиция, тұлғаның барлық орталығы өзіндік болып табылады.

Эго бұл саналы ақыл, саналы перцепциялардан, еске түсірулерден, ойлардан, сезімдерден тұрады. Эго идентификациялану сезімі мен үздіксіздік сезіміне жауап береді, индивидуалды адамның көзқарасы сананың орталығы болып саналады. Жеке бастық бейсаналық. Бұл эгоға жанасқан аймақ, санада болған бірақ ығыстырылған, жаншылған, ұмытылған, мойындалмаған бастан кешкендер, егерде көріне бастаса сана деңгейінде әсер беру үшін өте әлсіз болады. Жеке бастық бейсаналықтың мазмұны Фрейд айтқан сана алды күйіне ұқсайды, сана оған жете алады, жеке бастық бейсаналық пен эгоның арасында күшті «екі жақты қозғалыс» жүреді.

Комплекстер. Комплекстер ол ұйымдасқан топ немесе жеке бастық бейсаналықта болатын сезімдердің, ойлардың, перцепцияның, еске түсірулердің констелляциясы, оның ядросы болады, магнит сияқты барлық әртүрлі констенцияланған бастан кешкендерді өзіне тартады.

Мысалы аналық комплекс болады, ядросы анасымен байланысты нәсілдік бастан кешіру негізінде пайда болады, атап айтқанда балалық бастан кешкендер. Анасына қатысты ойлар, сезімдер, еске түсірулер ядроға тартылып комплекстер құрайды. Ядро және көптеген ассоциацияланған элементтер кез келген уақытта олар бейсаналы болады, алайда кез келген ассоцация жекелеп саналы ассоциация бола алады.

Коллективті бейсаналық. Коллективті бейсаналық немесе трансперсовалды бейсаналық күшті әсері мықты психикалық жүйе, паталогиялық жағдайларда эго мен жеке бастық бейсаналықты қорғайды. Коллективті бейсаналық ата-бабадан берілген жасырын еске түсірулердің қоймасы, тұқым қуалаумен берілген өткен нәрселер тек нәсілдік тарих ғана емес, әрі адамға дейінгі және жануарлардың тәжірибелері.

Коллективті бейсаналық көптеген өткен ұрпақтардың бастан кешкендерінің негізінде пайда болатын адамның эволюциялық дамуын тұқым қуалаудан алғандары. Ол индивид өміріндегі жеке бастық жағдайынан толық ажыратылған сондықтанда универсал болып табылады, Юнгтің ойынша коллективті бейсаналықтың универсал болатыны адамдардың барлығының ми құрылысының бірдей болуын айтады.

Нәсілдік еске түсірулер немесе репрезентациялар тұқыммен берілмейді, біз тек алдыңғы өткен ұрпақтардың тәжірибелерін қайталау мүмкіндігін ғана аламыз. Ол біздің бейімдіктеріміз, әлемге белгілі бір жағдаймен бірдей реакция жасаймыз. Коллективті бейсаналық тұлғалық құрылымның туа берілген нәсілдік негіздемесі, онда эго, жеке бастық бейсаналық және басқада индивидуалды игергендер өседі.

Адам өзім тәжірибем деп санағандардың бәрі коллективті бейсаналық болып табылады, олар мінез-құлыққа әсер етеді. Туа берілген виртуалды бейнелер объективті әлеммен идентификацияланған перцепциялар мен идеяларға айналады. Бейсаналықтың екі аймағы жеке бастық және коллективті адам үшін мәні зор болады. Симптомдар, фобиялар, иллюзиялар және басқада иррационалды құбылыстар алыстатылған бейсаналық процестерден туындайды.

Архетиптер. Коллективті бейсаналықтың құрылымдық компоненттері әртүрлі аталады: архетиптер, доминанттар, алғашқы бейнелер, имаго, мифтік бейнелер, мінез-құлық паттерндері. Архетип мәнді эмоциялық элементі бар универсал ойлау формасы (идеялар).

Осы ойлау формалары әдеттегі сергек өмірдегі саналы ситуациялардың кейбір аспектілеріне сәйкес бейнелер мен көрулерді жасайды. Мысалы ана архетипі ана бейнесімен жасалып, кейін реалды анамен идентификацияланады.

Қысқаша айтсақ бала генетикалық ананың алдыңғы қалыптасқан концепциясын тұқым қуалаудан алады. Архетиптер коллективті бейсаналықта міндетті түрде бір-бірінен бөлінбейді, олар өзара бір біріне өтеді, араласады.

Мысалы батыр архетипі ришалық туғызған «король философ» бейнесін тудырады. Архетиптер комплектердің ядросы бола алады, бастан өткендерге тартылады. Архетип санаға ассоциацияланған бастан өткендер арқылы өте алады. Мифтар, түс көрулер, көрулер, ритуалдар, діни түсініктер, невротикалық және психикалық симптомдар, өнер туындылары көптеген архетиптік материалдарды береді.

Коллективті бейсаналықта көптеген архетиптер болады, олардың көпшілігі туу архетиптеріне, қайта өрлеу, қайтыс болу, билік, сиқырлық, тұтастық, батырлық, бала архетиптеріне идентификацияланған. Архетиптердің тұлға ішіндегі жүйелеріне персона, анима, анимус, көлеңке жатады. Персона. Персона ол маска, адам әлеуметтік шарттардың, дәстүрлердің талаптарына жауап үшін, ішкі архетипті қажеттіліктеріне жауап үшін киеді.

Ол адамға қоғам беретін рөл, қоғамдық күтулерге сәйкес адам оны өмір бойы орындайды. Масканың мақсаты басқаларға белгілі бір әсер қалдыру ол жиі үнемі болмасада адамның шынайы табиғатын жасырады. Персона ол көпшілік тұлғасы, әлеуметтік шарттан тыс тұрған өзінің меншікті тұлғасына қарсы қоғамдық пікір мен өзіне жапсырып қойған жақтары.

Индивид өзінің шынайы меншікті сезімдерін емес ойнайтын рөл сезімдерін ұғынады, сол персонамен идентификацияланады. Ол жеке автономды адам болудың орнына қоғамның бейнесі бола бастайды. Персона дамитын ядро ол архетип, ол да басқа архетиптер сияқты нәсілдік тәжірибеден шығады, тәжірибелер әлеуметтік өзара әрекеттен әлеуметтік рөлдерді қабылдау адамдар үшін пайдасын беретін әлеуметтік жануарлар ретінде қызмет етеді. (Кейбір аспектілерде персона Фрейдтің суперэгосын еске түсіреді).

Анима және анимус. Көп жағдайда адам табиғаты бойынша бисексуалды жануар деп мойындалады. Физиологиялық деңгейде ер адамдар гармондары мен әйелдер гармондары деп бөлінеді. Психологиялық деңгейде екі жыныста да маскулинді әрі феминді сипаттамалар табылады. Ер адамдағы феминдік жақпен әйелдердегі маскулиндік жақтарды Юнг архетиптерге жазады.

Ер адамдағы феминді архетип анима деп аталады, әйелдердегі маскулиндік архетип анимус деп аталады. Бұл архетиптер хромосомалармен, жыныстық бездермен шарттана алады, олар әйелдермен байланысты ер адамдық нәсілдік бастан кешірулердің өнімі болып табылады және керісінше әйелдерде болады.

Басқаша айтсақ ер адам әйелмен өмір бойы тұрып феминді ал әйелдер маскулинді бола бастайды. Бұл архетиптер әрбір жыныста тек қарама-қарсы қырларды ғана емес олар әрі коллективті бейнелер болып табылады, соның арқасында әрбір жыныстағылар басқаларды түсінеді.

Ер адам әйел табиғатын өзінің анимасы арқылы, ал әйелдер ер адамды өзінің анимусы арқылы сезінеді. Алайда анима мен анимустар бір бірін түсінбеуге де әкеледі. Коллективті бейсаналық талаптары мен сыртқы әлемнің реалдылығы арасында компромис болуы керек, әйтпесе адам жеткілікті түрде адаптация жасай алмайды.

Көлеңке. Көлеңке архетиптері эволюция барысында адамдардың өмір сүрудің төменгі формалардан тұқым қуалаумен алған жануар инстинктері. Адам табиғатын, жануарлық жағын жандандырады. Көлеңке архетиптері санадағы мінез-құлық пен мінез-құлықтағы жағымсыз әлеуметтік қолданбаған ойлар, сезімдер, әрекеттер үшін жауапты болады.

Өзіндік (самость). Бұл архетип әртүрлі символдарда көрінеді, оның ең маңыздысы мандала немесе сиқыр шеңбер. Өзіндік ол тұлғаның орталығы оның төңірігіне басқа жүйелер топтанады, сол жүйелерді бірге ұстап тұлғаның бірлігін, теңдігін, тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Өзіндік ол өмір мақсаты адамдар оған үнемі ұмтылады, алайда оған бәрі жете бермейді.

Ішкі бағдарланулар. Юнг екі ішкі бағдарлану немесе тұлға бағдарлануын ұсынады олар экстраверсия және интроверсия ішкі бағдарланулары. Экстравертті ішкі бағдарланулар адамды сыртқы, объективті әлемге бағдарлайды, интровертті ішкі бағдарлану ішкі, субъективті әлемге бағдарлайды. Тұлғада бір біріне қайшылықты екі ішкі бағдарлануда болады, олардың бірі үстемдік етеді, саналы болып табылады. Эго әлемге қатысты экстравертті болса, онда тұлғалық бейсаналық интровертті болады.

Функциялар. Төрт фундаменталды психологиялық функция бар: ойлау, сезімдер, түйсіну мен интуиция. Ойлау идеялы және интеллектуалды болады. Сезімдер бағалаушы функция, субъект үшін позитив не негатив болатын заттардың құндылығын анықтайды. Сезім адамға функция ретінде қанағаттану, ауру, ашу, қорқыныш, қуаныш, қайғы береді.

Түйсіну, перцептивті және реалды функция. Ол нақты мәліметтер береді. Интуиция бейсаналы процестер мен мазмұндар негізінде болатын қабылдау. Ойлау мен сезімдер рационалды функциялар, түйсіну мен интуиция иррационалды функциялар. Төрт функцияның біреуі үстемдік жасайды оны жоғарғы функция деп атайды. Ең дифференциалданған фуннкция төменгі функция деп аталады ол бейсаналыққа ығыстырылады.

Тұлғаның динамикасы. Психикалық энергия. Биологиялық жүйелер ретіндегі организм энергиясы. Психикалық энергия барлық виталды энергиялар сияқты метаболилік дене процестерінен туындайды. Юнг өмірлік энергия либидоны психикалық энергияның эквиваленті ретінде қолданды. Психикалық энергия гипотетикалық конструкт, нақты субстанция немесе феномен емес, ендеше оны өлшеуге немесе көруге болмайды.

Психикалық энергия потенциалды немесе актуалды күштер ретінде өз көрінісін табады. Тілектер, ерік, сезім, зейін ұмтылулар тұлғаның актуалды күштері, бейімділік, бейім болу, тенденция, ішкі бағдарлар тұлғаның потенциалды күштері болып табылады.

Психикалық құндылықтар. Тұлға элементіне кірген психикалық энергияның мөлшері құндылықтар болып табылады. Құндылықтар зорланудың өлшемдері.

Комплекстердің күші. Бақылау мен тестер саналы құндылықтарды анықтайды, ал бейсаналық құндылықтарды анықтай алмайды. Юнг комплектердің күшін анықтаудың үш әдісін көрсетті: бақылау және аналитикалық дедукция; комплекстердің индикаторларын табу; эмоциялық көрінудің интенсивтілігін өлшеу.

Комплекстер ылғи сырттай көріне бермейді, ол түс көргенде, түсініксіз құбылыстарда да көрінеді. Комплекстердің индикаторы ол мінез-құлықтың кез келген бұзылуы, мысалы жаңылысу «әйелім» деудің орнына «шешем» деп айтады. Ситуацияға эмоциялық реакцияның интенсивтілігі комплекстердің күштерінің басқа көрсеткіштері.

Эквиваленттілік принципі. Юнг психодинамиканы скі принциппен түсіндірді экиваленттілік және энтропия принциптері. Экиваленттілік принципі физикадағы термодинамиканың I-заңына сәйкес келеді. Қандайда бір құндылық жоғалып кетсе немесе әлсіресе психикалық энергия жоғалмайды ол жаңа құндылықтарда қайтадан жанданады. Энергия үздіксіз тұлғаның бір жүйесінен басқасына өтеді ол түлғаның динамикасын құрайды.

Энтропия принципі. Термодинамиканың II заңы сияқты энтропия принципі бойынша психикадан энергияның бөлінуі бір балансқа, тепе-теңдікке ұмтылады. Соның идеалды көрінісі ол өзіндік күй.

Энергиялардың қолданылуы. Тұлғаның энергиялары екі мақсатқа қолданылады: бір бөлігі өмірді жалғастыру үшін қолданылады оған туа берілген инстинкті функциялар жатады (тамақтану немесе жыныстық). Артып қалған энергиялар мәдени немесе рухани іс-әрекетте қолданылады. Тұлғаның дамуы. Каузалдылық және телеология. Тұлға янус сияқты бір жағы өткенге бір жағы болашаққа қарайды, сол арқылы тұлғаны толық тани аламыз. Каузалдылық пен телеология Юнгтің ойынша ойлаудың таңдамалы тәсілдері ғана, ғалымдар оларды табиғи феномендерді реттеу үшін қолданады. Каузалдылық пен телеология табиғатта табылмайды. Адамдарда жағдайдан еш шыға алмайтын сезімдер берсе ал кейбір адамдар өз өткен кезеңдерінің тұтқындары болады, жасалғанды өзгертуге болмайды, финалды ішкі бағдарлар адамдарға үміт береді, сол үшін өмір сүру керек деген ойға әкеледі.

Синхрония. Юнг каузалдылықпен, телеологиямен байланысы жоқ синхрония принципі туралы айтты. Бір адам туралы ойласаң, айта бастасаң сол адам жетіп келеді («кімді айтсаң сол келеді»). Юнг оны телепатиямен паранормалды феномендерге сүйенеді. Юнг әлемде себептілік принципі бар дейді. Синхрония феномендеріне архетиптер табиғаты жазылады. Сипаты бойынша психоидты яғни әрі психологиялық эрі физикалық болады. Тұқымқуалаушылық. Тұқымқуалаушылық биологиялық инстинктерге жауап береді, өзін сақтау мен өндіруге жауапты. Инстинктер адамның жануар жақтарын құрайды. Ата-бабаның бастан кешкендерін қайталау туа берілетін архетиптер болып табылады.

Даму сатылары. Фрейдтен айырмашылығы сол Юнг даму сатыларын туғанына бастап есейгенге дейінгі кезеңдерді жазбайды. Ерте жаста либидо белсенділік тірі қалу үшін соған инвестицияланады. Бес жасқа дейін сексуалды құндылықтар көрініп жеткіншек жасында өз шыңына жетеді. Жасөспірім мен жас кезде негізгі өмірлік инстинктер мен виталды процестер үстемдік етеді.

Жас адам энергиялы, импульсивті, ынтыққыш әлі де болса басқалардан тәуелді болады. Отыз жасқа таман қырық жасқа таяу кезде құндылықтар жүйесі ауысады. Жасөспірімдік қызығулар мен ұмтылулар көбірек мәдени бола бастайды, биологиялық жағы азаяды. Орта жастағы адам интровертті бола бастайды, импульсивтілігі азаяды. Даналық пен өткірлік физикалықтың орнына ақыл-ой энергиясына әкеледі. Тұлғаның құндылықтары әлеуметтік, діни, азаматтық, философиялық символдарға сублимацияланады, адам рухани болады.

Прогрессия және регрессия. Даму не прогрессивті не регрессивті болады. Регрессияда тұлғаның саналы эгосы сыртқы ортаның талаптарына қанағаттандырумен және бейсаналықтың қажеттіліктерімен келіседі, Эгоның объективті құндылықтары субъективтілікке трансформацияланады. Регрессия прогрессияның антитезі.

Индивидуация процесі. Адам тұрақты бірлікте даму тенденциясына ие деп көрсетті Юнг. Дамудың негізгі мақсаты өзіндік таратылу. Кедергілер көп болса тұлғаның жүйкесі жұқара береді. Тұлға дені сау және интеграциялануы үшін әрбір даму жүйесі дифференциалдану мүмкіндігіне ие, соған жету процесі индивидуация процесі деп аталады.

Трансцендентті функция. Индивидуация процесінің арқасында ішкі түрлену жүзеге асады, дифференциалданған жүйелер трансцендентті функциялар арқылы интеграцияланады. Трансцендентті функцияның мақсаты адамның мәнін ашу, тұлғаны оның «барлық аспектісінде» тарату.

Тұлғаның басқа күштері әсіресе ығыстырулар трансцендентті функцияларға қарсыласады, бейсаналық сферада қозғалыс жасайды. Бейсаналық қозғалыстар түс көруден, мифтерден тағы басқалардан көреміз, солардың бірі мандала символы. Мандала санскриттен алынған сөз шеңбер дегенді білдіреді. Мандала батыс дінінен де шығыс дінінен табылған.

Сублимация жэне ығыстыру. Психикалық энергиялар ауыса алады. Бір процестің жүйесінен басқасына өте алады. Ауысу эквивалент жэне энтропия сияқты базалық динамикалық принциптердің арқасында боллады. Осы ауысу процесін индивидуация мен трансцендетті функциялар атқарады, оны сублимация деп атайды. Сублимация жабайы, дифференциалданбаған, инстинкті процестердің энергиясын жоғарғы мәдени, рухани дифференциалданған процестер энергиясына ауыстырады.

Энергиялардың таралуы инстинкті немесе сублимациялы каналдармен жабылса онда олар ығыстырылады. Ығыстырылған энергия сақталу принципі бойынша мүлдем жоқ болып кетпейді ол әрірек ығыстырылады. Яғни бейсаналықта орын табады, қосымша энергия алған бейсаналық саналы эгоға қарағанда үлкен зарядка ие болады. Бұл энергия энтропия принципіне сәйкес эгоға қарсы шығып рационалды процестерді бұзады.

Жоғары энергияланған бейсаналық процестер ығыстыру арқылы шығуға тырысады, егерде ол шықса адам өзін иррационалды жэне импульсивті жағдайға әкеледі. Сублимация мен ығыстыру сипаттары бойынша бір біріне қарама-қарсы болады. Сублимация прогрессивті, ығыстыру регрессивті болады. Сублимация психиканы алдыға жылжытады, ығыстыру артқа жылжытады. Сублимация рационалды, ығыстыру иррационалды, сублимация интегративті, ығыстыру дезинтегративті болады.

Символизация. Символдарға юнгтік психология екі функция береді: бір жағынан фрустрацияланған инстинкті импульстардың талпынысын береді, басқа жағынан архетипті материалдарды жандандырады. Символдардың рөлдерінің бірі импулстерге қарсыласу. Символдар психиканың репрезентациясы. Символдардың екі аспектісі бірі ретроспективті инстинктерді жетекшілікке алады, басқасы просективті, адамның соңғы мақсатымен байланысты екеуі де бір ғана тізбектің екі звеносы болып табылады.



Зерттеу әдістері. Комплекстерді эксперименттік зерттеу. Юнг сөздік ассоцациялар әдісі мен эмоцияларды физиологиялық өлшеуді үйлестіруге ұмтылды. Бұл әдістер пациенттердің комплекстерін табуға арналды. Стимулды сөзге жауап берудің созылуы тыныс алу мен тері кедергісінің өзгерістері бойынша сөз комплекстерді қозғады деп санады.

Оқиғалар. Юнг салыстырмалы әдісті пайдалана отырып тарих, мифология, дін оқиғаларын салыстырып олардан фантазиялар мен түс көрудің архетиптерін іздеді («Психология жэне алхимия т.б.).

Мифологияларды, дінді салыстырып зерттеу. Юнг мифологияға, дінге, алхимияға, астрологияға көп көңіл бөлді. «Психология және алхимия» деген еңбегінде Юнг пациенттің көптеген көрген түстерінің үлкен сериясын алды. Түстерді интерпретациялап, Юнг символдардың арасында паралелльдер болады, орта ғасырдағы алхимиктердің қозғаушы күштері сол пациенттің қозғаушы күштерімен бірдей болады деп қорытындылайды.

Түс көру. Фрейд сияқты Юнгта түс көруге көп кеңіл белді. Оларды проспективті және ретроспективті мазмұндары бойынша көрді, «үлкен түстер» дегенді бөліп көрсетті, онда көптеген архетипті бейнелер болады деп санады.

Амплификация әдісі. Түс көрудің белгілі бір аспектілерін зерттеу үшін Юнг бұл әдісті жасады, еркін ассоцациялар әдісіне мүлдем ұқсамайды, түс көруші адам элементтерге көптеген ассоцациялар береді. Юнг сонымен қатар түс көрулер сериясын талдау әдісі мен белсенді қиял әдісін де қолданды.

Аналитикалық психологияны талдау. Юнгианды психологияны жақтаушылар өте көп, әсіресе практикада жүрген психоаналитиктер, олар оның психотерапевтік әдістерін көп қолданады. Юнг Фрейд пен оның мектебінің психоаналитиктерінен көптеген қарсыласуды көрді. Олардың ойынша архетиптер тәжірибе терминдерінде суреттелді, ал оны туа берілетін тұқымқуалаушылықпен байланыстыру абсурд деп санады.

Аналитикалық психология психологтар жағынан фрейд мектебі сияқты көп сынға ұшыраған жоқ. Психология аналитикалық теорияны неге көзге ілмеді, оны көптеген әлем психологтары оларға құрмет көрсетседе, ең басты бір оның себебі, аналитикалық психология клиникалық, тарихи, мифологиялық, алхимиялық, діни, медитация, мистицизм, окультизм материалдарында негізделеді, эксперимент арқылы бекімеді. Осыған қарамастан Юнгтің аналитикалық теориясы қазіргі заман ойшылдарының бір ең тамаша жетістіктері болып табылады. Фрейдтен кейін «жан» туралы ашық батыл айтқан Юнг болды.

4 тақырып: Тұлға түсінігін зерттеудің әлемдік теориялары.

Теориялар аясындағы тұлға.
Көптеген теориялар психологиялық оқулықтарда берілмейді, американдық тұлға теориялар басқа елдердің теорияларын мойыңдай бермейді, тек тұлға теориясын жасаушы Фрейд, Юнг, Адлер болмаса, әрі көптеген теориялар өз «ұясында» қала береді, жаңа теориялар келе береді. Теорияларға контент анализ жасасақ, барлық классикалық теориялар шыққанына көп уақыт болды, тіпті тұлға теориясы жайлы американдық оқулық 1967 жылы шықсада олар қайта басылып шығып жатыр.

Бүгінгі тұлға теорияларының жағдайы қалай, сол американдық оқулықтан кейін өзгерді ме, бүгіндері тұлға теориясында әлеуметтік конструкционизм методологиясы үстемдік жасауда, олар кез келген теорияны немесе ұғымды әлеуметтік контекстте суреттейді. Солардың ішінен теориялардың үш тобын бөлеміз - біріншісі операциялық немесе клиникалық бағдарланғандар, тұлға теорияларының ішінен қызығу туғызатыны экзистенциалды бағдарлану тұлға теориялары - бір жағынан Фрейдті екінші жағынан Хайдегерді жақтайтын М.Босстың теориялары-тұрмыстық анализ теориялары, логотерапия - В.Франкл (1990-1997).



Қандай теориялар көп оқылады - 1.Фрейд, 2.Юнг, 3.Адлер, олардың оппоненті 4.Роджерс, 5.Скиннер, 6.Оллпорт, 7.Маслоу, 8.Фромм, аралық статуста Кэттелл, Келли, Эриксон, Бинсвангер, Босс, Шелдон, кейінгі орында Доллард, Миллер, Салливан, Меррей, Роттер, Хорни, Айзенк, Левин ең соңында.

Ең көп оқылатыны - психоанализ, бихевиоризм, гуманистік психология. Жаңа американдық тұлға теориялары бағытында екі бағыт үстемдік етеді - біріншісі, әлеуметтік когнитивті бихевиоризмнен шыққан Дж.Роттер, А.Бандура, екіншісі каузальды (себеп, басқа мінез-құлықтан себеп іздейді) атрибуцияға байланысты мінез-құлық пен мотивацияны регуляция жасайтын эгогендік ықпал, яғни тұлға әуел бастан социумға қосылған, мінез-құлық грамматикасы, ережелер, сөз дамиды.

Тұлға теориялары өте көп олардың бәрі оқулықтарда беріле бермейді. Шет ел психологиясында көп оқылатын теориялардың алдында тұрғандары, олар, З.Фрейд, К.Юнг, А.Адлер, К.Роджерс теориялары алдыңғы қатарды алады, оларға Б.Скиннер, Г.Оллпорт, А.Маслоу, Э.Фромм, А.Бандураның еңбектері қосылады.

Келесі орында Р.Кэттелл, Дж.Келли, Э.Эриксон, Л.Бинсвангер, У.Шелдон алса, келесі топты Дж.Доллард, Н.Миллер, Г.Салливан, Г.Меррей, К.Хорни, Г.Айзенк алады. Осыдан көріп отырғанымыздай көбінесе писхоанализ бихевиоризм гуманистік психология үштігі көп қылады, оқулықтарда көп жазылады.

Кеңес психологиясында жазылған теорияларда басты деген төрт теорияларды көрсетуге болады іс-әрекеттік концепцияға негізделген мәскеулік мектеп (А.Н.Леонтьев, Л.И.Божович), ленингард мектебі (Б.Г.Ананьев, В.Н.Мясищев), грузин мектебі (Д.Н.Узнадзе), пермь мектебі (В.С.Мерлин). Кейінірек бұл мектептерді жалғастырған теориялардың қатарына А.Г.Асмолов, Б.С.Братусь, Ф.Е.Василюк, Д.А.Леонтьев, А.В.Петровский, В.А. Петровский, В.И.Слободчиков және тағы басқалардың еңбектерін айтуға болады.

Тұлға теорияларының ішінен таңдап, олардың қайсысын оқулыққа кіргізу керек деген сұрақ өте күрделі болып табылады. Соған қарамастан тұлға феноменінің табиғатын аша алатын, нақты жағдайды көрсете алатын теорияларға шолу жасау мүмкіндігі автордан байланысты болады.

Негізгі екпінді шет ел теориялардағы тұлға мәселесі қалай анықталады, олардың кеңес психологиясында және қазіргі психологияда алатын орнына қарай және кеңес психологиясындағы негізгі теорияларға және олардың бұл күндері жалғасын тауып отырған теорияларға жасала отырып оқырмандарға психология ғылымындағы тұлға түсінігінің мәнін ашу болып табылады.

ПІет елдік теорияларда әрине тұлғаны түсіндіруде, оны анықтауда әсер еткен, адамзат баласының өмірінде ұлы із қалдырған ұлы классиктерге де екпін жасалады (Гиппократ, Платон, Аристотель), сол сияқты ұлы ойшылдардың еңбектеріне сүйенбей тұлға түсінігін талдау мүмкін еместігі көрсетіледі (Кант, Гоббс, Локк, Спиноза, Ницше).

Ал кейінгі тұлға теорияларын қалыптастыруға негіз болған еңбектерді айтуға болады, олар Шарко мен Жаненің, Фрейдтің, Юнгтің клиникалық бақылаулары, гештальттық дәстүрлер мен В.Штерн еңбектерін айтуға болады. Кешірек эксперименттік психология мен үйрену теорияларының тұлға теорияларын жасауға негіз болды. Келесі бір негізді психометриялық зерттеулер береді.

Шет елдік теорияларда тұлғаны әрқалай түсіндіреді, ағылшын тілінде тұлға епті деген мағынаға келеді. Индивидтің тұлғасы әртүрлі жағдайда әртүрлі адамдардың позитивті реакциясын алуға ұмтылатын тиімділігімен бағаланады. Сондықтанда курстарда «тұлғалық тренинг» деп аталады.

Оқушының тұлғалық проблемасын айтқанда мұғалім оқушының педагогпен, оқушылармен қанағаттанған қатынас орната алу үшін әлеуметтік ептілігі адекватты емес екені туралы айтады. Индивидтің қоршағандарға әсері туралы айтқанда индивид «агрессиялы тұлға», «тіл алғыш тұлға», «қорқынышты тұлға» дегендер туралы түсініледі.

Оллпорт әдеби шолуларда тұлға туралы елуге жуық анықтаманы бөліп көрсетеді. Оллпорт ол анықтамаларды ажырату үшін биосоциалды және биофизикалық деп атады. Биосоциалды анықтамаларда тұлға терминінің тұрмыстық қолданылуына сәйкес келеді, тұлғаны индивидтің «әлеуметтік стимулды құндылығы» дегенмен ара қатыстырылады, Яғни басқалардың реакциясы субъектінің тұлғасын анықтайды, оған Оллпорт тұлға тек басқалардың реакциясымен ғана анықталмайды деп қарсы болып оған биофизикалық анықтамаларды қосады, тұлғаның сипаттамалары мен саналарын кіргізеді.

Басқа анықтамаларда индивидті бағалауда оның маңызды деген қасиеттерін кіргізеді, ал тағы бір анықтамаларда тұлғаның ұйымдастырушы немесе интеграциялаушы функциясын көрсетеді, тұлға индивидуалды мінез-құлықтың әртүрлі түрлерін реттейді деп айтады. Тағы бір анықтамаларда тұлғаны мінез-құлықтың уникалды немесе индивидуалды аспектілерімен береді, индивидті басқа адамдардан ажырату үшін сол анықтаманы қолданады.

Кейбір теоретиктері тұлға адамның маңыздылығын құрайды деп санайды. Сонымен шет елдік теорияларда тұлғаны тұлға теориясын жасаған авторлардың өздерінің жеке зерттеген бақылаулары негізінде жасалған эмпирикалық түсініктерімен түсіндіріледі. Біз тұлға феноменін өз эксперименттері мен жеке бақылау нәтижелерінде ашып көрсеткен соның негізінде жазған басты теориялардың кейбіреулеріне тоқталамыз.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет