ПОӘК 042-14-5-02. 01. 20 / 01-2012 №1 басылым 13. 09. 12



бет1/10
Дата31.07.2017
өлшемі2,19 Mb.
#22334
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ПОӘК 042-14-5-02.01.20.1./ 01-2012

№1 басылым 13.09.12

Беттің беті




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ОӘК

ПОӘК 042-14-5-02.1.20.01 /03- 2013



«Қазақстан тарихы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені

№1 басылым

13.09.13




«Қазақстан тарихы» пәні бойынша

тарих емес мамандықтарға арналған
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІНІҢ

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛЫ


СЕМЕЙ

2013

Мазмұны

  1. Глоссарий

  2. Дәрістер

  3. Практикалық сабақтар

  4. Студенттердің өздік жұмысы


1 Глоссарий

1. Аридтік аймақ- ауа райы құрғақ аймақ.

2. Гоминид- адамның арға ата-бабалары.

3. Плиоцен- өтпелі кезең.

4. Палеолит- ерте тас дәуірі

5. Мезолит- орта тас дәуірі.

6. Неолит- жаңа тас дәуірі.

7. Матриархат- аналық рулық қауым.

8. Патриархат – аталық рулық қауым.

9. Тұрақ-ежелгі адамдар мекені.

10. Археология- (архео-көне, ежелгі;логос-оқимын) .

11. Этнография-(этнос-халық, логос- оқимын)

12. миф-аңыз,ертегі.

13. Методология- зерттеу әдістерінің жиынтығы.

14. Шежіре- төтенше маңызды жазба дерек.

15. Руналық- ежелгі түркі жазуы.

16. Шаньюй- ғұндар көсемі, ханы.

17. Он оқ будун- 10 тайпа одағы.

18. Түркі- «төркін», «әскери ақсүйек».

19. Этногенез- халықтың шығу тегі.

20. Қаған- ең жоғарғы әскери лауазым, хан, тек.

21. Эфталиттер- ақ ғұндар.

22. Половецтер- қыпшақ тайпалары.

23. Протогород- үлкен, қала тектес қоныстар.

24. «Шад» - түмен (10 000 адам) басы.

25. Вассал- біреуге бағынышты, тәуелді.

26. Моңғол империясы- Шыңғыс хан және мұрагерлері құрған мемлекет.

27. Тархан- ақсүйектерге берілетін әскери лауазым.

28. Ұлыс бектері- тарханнан төмендеу билік иесі.

29. Қараша бектер- қара сүйектен шыққан билеуші.

30. «Яссы» (Жасақ)-заңдар жинағы.

31. Тамға-ерекшелік белгісі, таңба.

32. Құл- ешқандай құқы жоқ, басыбайлы адам.

33. Кесене-архитектуралық құрылыс, мазар.

34. «Диуани хикмет» (Даналық кітабы) – Қожа Ахмет Яссауидың кітабы.

35. Тарихнама- шежіре, ауызша және жазбаша естелік.

36. Әз, Әз Жәнібек, Әз Тәуке- әділ билік жүргізген ел басыларына айтылатын билік сөзі.

37. «Қасым ханның қасқа жолы» - Қасым хан кезіндегі мемлекеттік құқықтың негізін реформалау үлгісі.

38. «Жеті Жарғы»- Әз Тәукенің билік және заң қағидалары.

39. «Қазақтардың алтын ғасыры»- Тәуке хан билік құрған жылдар.

40. «Жоңғар» - батыс-моңғол тайпалары, «сол қол » деген ұғымды білдіреді.

41. «Ойрат» - төрт тайпа одағы деген ұғым.

42. «Қоңтайшы»- Жоңғар билеушісі.

43. «Ақтабан шұбырынды»- 1723 немесе Жоңғар шапшылығының нәтижесінде қазақтардың босуы.

44. Торғауыттар- еділ бойы қалмақтары.

45. Бодандық- өз еркімен бағыну, бой ұсыну.

46. Рухани мәдениет- адамның ақыл-ойының, санасының өсуі.

47. Материалдық мәдениет- заттай мәдениет.

48. Елші-бір елдің өкілі, дипломат.

49. Төре, қожа- жоғарғы діни қабаттың өкілдері.

50. төлеңгіт- төрелерге қызмет етуші әлеуметтік топ.

51. Сұлтан- ақсүйек, Шыңғыс хан ұрпағы.

52. рулық одақ- «Ата балалары» , біріккен тарихи топ.

53. Тайпа- біріккен бірнеше рулық одақ.

54. шариғат- мұсылмандардың діни заң-қағидалары.

55. Жырау- философиялық толғау- өлең шығаратын халық әдебиет өкілі.

56. Би- шешен, халық мойындаған ру-жүз, мемлекет қайраткері.

57. Отар- бір елді екінші бір үлкен елдің күшпен немесе саяси әдіспен жаулап алуы.

58. Зекет, харадж- алым-салық түрлері.

59. Ұлт-азаттық қозғалысы- белгілі бір ұлтты, халықты азат ету жолындағы күрес.

60. Блокада- әскери қысым, қоршау.

61. Уақытша ереже- 1867-1868 жылдардағы реформа.

62. Облыс- 5-8 уезден тұрды (19-ғасыр)

63. Уезд- 5-8 болыстан тұрды (19-ғасыр)

64. болыс- 8-15 ауылдан тұрды (19-ғасыр)

65. адай көтерілісі- 1870 жылы Кіші жүз қазақтарының қозғалысы.

66. «алаш» партиясы- 1917 ж жілдеде Орынборда құрылды.

67. I. Дүниежүзілк соғыс- 1914-1918ж соғыс.

68. Азамат соғысы- 1918-1920 ж соғыс.

69. Автономия- жеке билеу құқығы бар мемлекет.

70. Федерация- бір мүдделі бірнеше мемлекеттер одағы.

71. Қазақ АКСР- Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы.

72. Индустрияландыру- ауыр өнеркәсіп саласын дамыту.

73. Күштеп ұжымдастыру- 1929 ж басталған саяси-экономикалық науқан.

74. «Кіші Қазан» идеясы- Ф. Голощекиннің Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату саясаты.

75. Репрессия- жазықсыз жазалау, қудалау шаралары.

76. Ұлы Отан соғысы- 1941-1945 ж арасындағы соғыс.

77. тың игеру- жоспарсыз егіс көлемін ұлғайту (1954)

76. АЛЖИР, КарЛАГ, ГУЛАГ- жазалау орындарының қысқарған атауы.

77. «Жылымық жылдар»- 1953-1964 жылдар аралығындағы Н.С. Хрущевтік кезең.

78. Тоқырау жылдары- 1970-1980жж. саяси-экономикалық, әлеуметтік дағдарыс.

79. Қайта құру – 1985ж. КСРО басшысы М.Горбагевтың саясаты.

80. Желтоқсан оқиғасы - 1986ж. жастар, студенттер қозғалысы.

81. Егемендік туралы декларация – 1990ж. 25- қазандағы Қазақ КСР-нің тәуелсіздігі туралы құжат.

82. Мемлекеттік рәміздер – ту, елтаңба, әнұран.

83. Конституция – Ата заң, мемлекеттің негізгі заңы.

84. Парламент – Заңдар шығарушы өкімет органы.

85. Сенат- Жоғарғы палата.

86. Мәжіліс – Төменгі палата.

87. Үкімет – Министрлер кабинеті.

88. «Қазақстан-2030» - Қазақстан Республикасының 2030жылға дейінгі даму бағдарламасы.

89. Президент – Қазақстан Республикасы Конституциясы бойынша ең жоғарғы мемлекеттік лауазым.

90. Жолдау – Қазақстан Республикасы президетінің жыл сайынгы

халыққа беретін қортынды есебі, құжат.



2 Қысқаша дәрістер
1-тақырып.Өркениеттің басталуы.

Лекцияның жоспары:

  1. Тас дәуірі, оның кезеңдері және мәні.Сол кездегі табиғат жағдайлары.

  2. Неолит дәуіріндегі Қазақстан.

3. Қола ғасырының тайпалары және антропологиялық сипаттамасы.

Мақсаты: Өркениет түсінігін қалыптастыру. Қазақстан даласындағы өркениет ерекшеліктерін білшідіру арқылы көне мәдениетті түсіндіру.

1.1 Ежелгі тас дәуірі адамзат тарихындағы ең маңызды кезеңдердің бірі. Бұл кезде адамның жерден бауырын көтеріп, екі қолдың еңбек әрекетіне бейімделуі іске асты. Мұның өзі алғашқы адам іспеттес тіршілік иелерінің күнкөріс үшін тас қүралдарын жасауына мүмкіндік берді. Осы құралдардың қалдықтары адамзат баласының ең ұзаққа созылған тас дәуірінің уақытын шартты түрде белгілеуге негіз болды. Батыс Еуропаның тарихи материалдары негізінде құралған классикалық схема бойынша ежелгі палеолит үш дәуірге: дошель, шель, ашель болып бөлінеді. Орта палеолит соңғы ашель, мустье, ал соңғы палеолит ориньяк, солютре және мадлен болып айырылады. Соңғы жылдары бұл схемаға кейбір өзгерістер енгізілді. Бірқатар авторлардың пікірі бойынша: олар палеолитті екі дәуірге - ежелгі дәуір мен соңғы дәуірге бөліп, мустье мен соңғы палеолит арасына меже қояды. Көбінесе Африкада жаңа материалдар негізінде адамзат өміріндегі әуелгі дошельді қамтитын ежелгі кезең бұл күнде олдувэй дәуірі деп аталады. Ол б.з.б. 2,6 млн. жылдан басталады. Ежелгі палеолиттің одан кейінгі екі дәуірі - шель мен ашель 800 мың жылдан 140 мың жылға дейінгі дәуірді қамтиды. Көптеген зерттеушілер орта палеолитті /соңғы ашель мен мустьені/ біздің заманымыздан бұрынғы 140-40 мың жылдықтарға жатқызады. Соңғы палеолит 40 мың жылдықтан 12 мың жылдыққа дейінгі уақытқа сәйкес келеді.

Алғашқы адам тақылеттес тіршілік иелері мен оның қарапайым шаруашылығының қалыптасу кезеңін қамтитын ежелгі тас дәуірі өндіргіш күштердің өте төмен деңгейімен сипатталады. Ол тұстағы адамдардың кәсібінің мәні табиғаттың дайын өнімдерін пайдаланумен шектелген. Олар өздігінен өсіп тұрған дәндерді, жеміс-жидектерді теріп жеп, жабайы аңдарды аулап, олардың етімен қоректенді. Бұл тұстағы адамдардың өзара қарым-қатынасы олардың теңдігіне, еңбек бөлінісінің жынысқа, жасқа қарап реттелуіне негізделді.

Еңбекке бейімі бар, адам тақылеттес ең әуелгі тіршілік иесі ғылымда презинджантроп деген атпен белгілі. Оның сүйектерінің қалдықтары Шығыс Африкадан табылған. Ғылымда "Ноmо һаЬіlіs" /"шебер адам"/ деп аталып кеткен ол осыдан 1 миллион 750 мың жыл бұрын өмір сүрген. Оның миының аумағы 652 см3, яғни ертедегі маймылдың миынан әжептеуір көлемді де салмақты болған. "Шебер адамның" еңбек құралы малта тастың сындырылған түрлерінің қырлары пышақ сияқты өткір болып, кесу үшін пайдаланылған.



Адамзаттың дамуындағы тас дәуірінің орта және соңғы кезеңдеріне сәйкес келетін "Ноmо еrесtus" /"түрегелген немесе бойын жазған"/ питекантроп /"маймыл адам"/ және синантроп /"адам"/ болып екіге бөлінеді. Оның алғашқысы мен соңғысының араларында дамудың, жетілудің оң өзгерістері болғанын, сонымен бірге олардың дамуында сабақтастық барын байқатады.

Бірінші питекантроп 1891 жылы Индонезиядағы Ява аралында табылды. Питекантроп бұдан бір миллиондай жыл бұрын өмір сүрген. Ол "Ноmо һаЬі1іs"-пен салыстырғанда елеулі эволюциялық өзгерістерге ұшыраған. Ми көлемі үлкейіп (959 см3), бас сүйегі мен жақ сүйектері кішірейген, аяқ пен қолдың пропорциясы өзгерген.



"Ното егесtus"-тің екінші бір түрі синантроп болды. Синантроп 1927 жылы Қытай жерінде Чжоу-коу-дян үңгірінен табылды. Одан синантроптың сүйектерімен бірге әр түрлі формадағы тас құралдар, ошақта көп жатқан тастар және төменгі антропоген /геологиялық жер қыртысы/ тарихындағы ширектік дәуір фаунасы жануарларының көп сүйектері табылған. Бұдан синантроптар сол кездің өзінде-ақ от жағуды білген деген корытынды жасауға болады. Бұл кезде піскен етгі, өсімдікті тамақ ету адамның дамуына, әрине, өзінің игі әсерін тигізбей қойған жоқ. Б.з.б. 300 мың жыл бұрын "Ноmo егесtus" қазіргі кезендегі адам түріне, немесе "Ноmо sаріеnsке" /"ақылды адамға айналды. "Ақылды адамның" қалдықтары Еуропада, соның ішінде Германиядағы Неандерталь жотасында табылған. Сондықтан ол тарихта неандерталь адамы деген атпен белгілі. Ал б.з.б. 45-35 мың жылдықта Франциядағы Креманьон жотасында қазіргі адамдарға ең жақын ертедегі адамдардың қалдығы табылды.

Қазақстан жерінде, ежелгі адамның қазынды қалдықтары әзірге кездесе қоймағанына қарамастан, олардың мекен еткен аудандарының бірі - Қаратау жотасы болғаны анықталып отыр. Арыс өзені жағасындағы Кіші Қаратау жотасының солтүстік-шығыс бөлігінде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде ертедегі адамдардың еңбек құралдары болып табылатын ірілі-уақты шақпақ тастардың табылуы осыған айқын дәлел бола алады.

Климаттық жағынан алғанда, Қаратау жері ертедегі адамдар үшін айрықша қолайлы болып келген. Мүндағы жағдай Қаратау қыраты аймағында ұзақ замандар бойы қалыптасқан. Онда көп түрлі өсімдіктер өсіп, жануарлардың мекендеріне қолайлы табиғи жағдай жасалған. Осының бәрі ежелгі адамдардың бұл араны мекендеуіне жол ашқан. Олар бұл жерлерден қоректі де, су көздерін де, сонымен қатар өзендер жағалаулары мен үңгірлерден, бортопырақты аудандардан шұрайлы мекен жайлар тапқан. Олардың ең бастылары археологиялық зерттеулерде керсетілгендей, ашель дәуіріне жататын Бөріқазған, Тәңірқазған түрақтары болып табылады. Қаратаудың алғашқы түрғындары от жағып, оны сөндірмей ұстай білген. Олар аң аулаумен, тамақ болатын өсімдіктерді жинаумен шұғылданған.

Ашель дәуірінің ескерткіштері Орталық Қазақстанда да табылған. Оған Жезқазған қаласынан 150 шақырым жердегі Жаман айбат, Қарағанды облысының Жезді ауданынан табылған Обалысай тұрақтарын бөліп айтуға болады.



1.2 Б.з.д.5 мың жылдықта басталған неолит – тас құралдарын барынша пайдалан дәуір.Бұл кезде еңбек құралдары жетілдіріліп, тастарды бұрғылау, тастарды тегістеу, ағашты арамен кесу сияқты жаңа технологиялық әдістер қолданылған.Неолит дәуірінде Қазақстан жерінде мал шаруашылығы мен егін шаруашылығының тууы, ертедегі адамдардың бұрынғы табиғаттың даяр өнімдерін иемденуден, яғни өсімдік дәндерін жинау, аң аулау орнына, өндіруші шаруашылыққа көшуге жағдай жасады.

Тас дәуірінің соңғы кезеңінде мәдени-тұрмыстық жаңалықтардың ашылуына әсерін тигізді, адам еңбегінің ауқымы мен көлемі кеңейді, сонымен қатар керамикалық ыдыс жасау іске аса бастады.

Қазақстан жерінде ғылымға белгілі 600-ден астам неолиттік ескерткіштер табылған.Бірақ олардың басым көпшілігі осы уақытқа дейін зерттелмеген. Неолит тұрақтары жер-жерге орналасу сипатына қарай төрт түрге бөлінеді.Олар: Бұлақ бойындағы, өзен жағасындағы, көл жиегіндегі, үңгірдегі тұрақтар болып бөлінеді.Олардың қалдықтары Қазақстанның барлық аймақтарында кездеседі.

1.3 Біздің заманымыздан бұрынғы екі мың жылдықта мал және егіншілік шаруашылығымен қоса металл өңдеу кәсібі дами бастады. Мұның өзі Қазақстан жеріндегі әлеуметтік өсіруші тайпалар ірі және қуатты бірлестіктер құрды. Бұлардың арасында әр түрлі себептермен келіспеушіліктер болып, қарулы қақтығыстар да орын алды. Қару енді жабайы аңдарды аулау үшін ғана емес, сонымен қатар тайпалардың соқтығыстарында да жиі қолданылды, қару жасау бірте-бірте металл өңдеудің дербес саласына айналды.

Б.з.б. 2 мың жылдықтың ортасында Қазақстан тайпалары қола заттарын жасауды меңгерген. Қола - әр түрлі өлшемдегі мыс пен қалайының, кейде сүрменің, күшаланың, қорғасынның қорытпасы. Мыспен салыстырғанда қола өте қатты және балқу температурасы төмен, түсі алтын сияқты әдемі болып келеді. Ол еңбек қүралдары мен қару жасау үшін қолданылатын негізгі шикізат болып табылады. Қазақстан жерінде түсті металдар өңдеуге, әсіресе, мал өсіруге мықтап көңіл бөлген. Сөйтіп, б.з.б. 2 мың жылдықтың аяғында - 1 мың жылдықтың басында дала халықтары шаруашылықтың жаңа түрі - көшпелі мал шаруашылығына ауысады.

Қола дәуіріндегі экономикалық басты-басты екі бағыттағы: мал шаруашылығы мен металл өңдеу кәсібінің тез дамуы, ең алдымен еркектердің еңбегін қажет етті. Мұның өзі қоғамда еркектер рөлінің күшеюіне әкелді. Сөйтіп, аналық рудың орнына аталық ру /патриархат/ пайда болды. Қоғамдық өмірдегі ірі өзгерістер өндірістік күштердің өсуіне, қоғамдық еңбектің мамандануына, патриархаттық қатынастың дамуына байланысты еді. Жеке отбасылар бөлініп оқшауланды, меншік ұлғайып кеңейді, рулық қауым ішінде мүлік теңсіздігі көрініс бере бастады.

Қола дәуірінде Сібірдің, Қазақстанның және Орта Азияның кең-байтақ далаларын тегі және тарихи тағдырының ортақтығы жағынан туыс тайпалар мекендеді. Бүл тайпалар бір үлгідегі, бір-біріне ұқсас мәдениет қалдырды. Олар қалдырған ескерткіштердің табылған жері Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андронов селосының атымен ғылымда шартты түрде "Андронов мәдениеті" деп аталды.

Андронов мәдениетінің негізгі орталықтарының бірі - Қазақстан жері. Археологиялық деректерге қарағанда, Андронов мәдениеті дәуірінде халықтың басым көпшілігі отырықшылықта өмір сүрген. Өзендердің, көлдердің жағасындағы жайылымы мол жерлерге орналасқан рулық-патриархаттық отбасылардың үйлері мен үлкен жертөлелері болған. Олардың жанынан әр түрлі шаруашылық жайлар мен мал қамайтын орындар салынған. Өйткені, бұл кезде мал бағу кәсібі басымырақ еді. Тайпалар малшылық-егіншілікпен аралас шұғылданды.

Андронов мәдениеті дәуірінде адамдар металдан еңбек құралдарын, қарулар және сәндік заттар жасауды жақсы білген. Олар түбі шығыңқы балталар, сағасында ойығы бар пышақтар, балға, шоттар, найзалар мен жебелердің өзгеше ұштары, білезіктер, айналар, моншақтар және әр түрлі ілмешектер, егін оратын орақ, пішен шабатын шалғы сияқ-ты қүралдарды өздері жасап, күнделікті түрмыста кеңінен қолданды.

Андронов мәдениетінің алғашқы ескерткіштерін 1914 жылы А.Я. Тугаринов ашты. Содан бері өткен уақыт ішінде Кеңес елінде, сонымен бірге Қазақстанда бұл мәдениетке қатысты орасан көп археологиялық материалдар жиналды. Андронов мәдениеті қола дәуірінің алғашқы кезеңін /б.з.б. ХҮІІІ-ХҮІ ғасырлар/ және орта кезеңін /б.з.б. ХУ-Х ғасырлар/ түгелдей қамтиды. Орталық Қазақстанда қола дәуірінің соңғы кезеңінде /б.з.б. Х-ҮІІІ ғасырлар/ Андронов мәдениетімен салыстырғанда анағұрлым жоғары Дәндібай-Беғазы мәдениеті болғанын білеміз. Ол Қарағанды қаласы маңындағы Дәндібай ауылында және Балқаштың солтүстік төңірегіндегі Беғазы қойнауында қола ескерткіштерінің алғашқы қазылған жеріне қарай аталған. Дәндібай-Беғазы мәдениеті Атасу өзенінен Ертіске дейінгі байтақ даладан табылған көптеген ескерткіштерімен сипатталынады. Олардың қатарына Ақсу-Аюлы-2, Ортау-2, Байбала-2, Бесоба, Бүғылы-3 кешендері жатады. Бүл ескерткіштерге тән нәрсе, бір жағынан, Андроновтық дәстүрлердің сақталуы, екінші жағынан, мәдениеттің жаңа элементтерінің, тұрпаты ерекше бәйіттік тамдардың, жатаған, домалақ ыдыстардың пайда болуы. Жерлеу ғүрпы да Андронов мәдениетіне тән емес. Әдеттегі бүктелген қаңқалармен қатар аяқтарын созып, шалқасынан жатқызылған каңқалар да кездеседі. Мұндай жерлеу ғұрпы кейінгі ерте темір дәуірінде Қазақстан жерінде тұрған малшы тайпаларда кеңінен таралған. Беғазы мәдениеті жерінде жерленгендерден мүлік теңсіздігінің болғанын да байқаймыз. Басына обалар жасалып, оның айналасы ірі гранит тақталармен белдеуленген молалар да кездеседі. Бұл патриархаттық-рулық қоғамның көрнекті мүшелерінің қабырлары. Сондай-ақ, бұл тағы малдарды, жануарларды қолға үйрету көшпелілер қоғамы дамуының заңды кезеңі еді.

Қазақстан жерінде мал шаруашылығымен қатар неолит дәуірінен бастап егіншілік дамыған. Мәселен, Усть-Нарым қонысында /Шығыс Қазақстан/ табылған қыстырма орақтар егіншіліктің болғанын көрсетеді. Тастан астық үгетін құралдар: астық түйгіштер, тоқпашалар, келілер, келсаптар жасалған. Егін жинауда алғашқы кезде пышақ пайдаланылған болса, соңғы қола дәуірінде әр түрлі қола және мыс орақ, шалғы қолданылады. Алқаптарда негізінен бидай, қара бидай, тары егілген.

Қола дәуірінде адам қоғамының өндіргіш күштерінің дамуында мал өсіру және егін егумен қатар әр түрлі рудаларды өндіру, тас пен сүйекті пайдалану аса маңызды рөл атқарған. Оған Қазақстан жеріндегі мыстың, қалайының және алтынның бай кендерінің болуы қолайлы жағдай жасаған.

Андронов мәдениеті кезінде Қазақстан жерінде мекен еткен тайпалардың қоныс жайларын анықтау мақсатында бірнеше қазба жұмыстары жүргізілді. Әдетте қоныстар өзендердің жағасында, жайылымы мол мүйісте, көлдің маңына орналасқанын археологиялық қазбалардың нәтижелері көрсетіп отыр. Қоныстар 6-10 үйден, үлкендері 20 үйден тұрған. Өзен жағасында олар бір немесе екі қатар болып тізілген. Мүйістегі үйлердің ортасынан кең алаң - котан қалдырылған. Тұрғын үйлердің аумағы кең 100 шаршы метрден 300-400 метрге дейін жеткен.

Қола дәуірінде Қазақстан жеріндегі тайпалардың өмірге керекті және үй-тұрмысына қажетті заттарды істеп шығара бастағанын байқаймыз. Мал шаруашылығы адамдарды тек тамақтандырып қана қойған жоқ, сонымен қатар киім-кешекпен және аяқ киіммен де қамтамасыз етті. Сойған малдың жүнін түтіп, оны иіріп киім етіп кию үшін жаңадан ұршық және қарапайым тоқыма станогі пайда болды. Бұлар бірнеше қазбалардан табылды. Мұның өзі сол тұста қазақ даласындағы үлкен жетістік еді. Адамдар малдың терісін өңдеп, үстіне тон, басына тымақ, аяғына киім етіп киеді. Қойдың биязы жүні мен ешкінің түбітінен жүн киімдер тоқылған.

Б.з.б. 1 мың жылдықтың басында андроновшылар отырықшы болған, мал үй іргесінде жайылған. Мал өсірудің мұндай түрінен жайылым тез тозған. Сондықтан мал шаруашылығының өнімділігін бір деңгейде сақтап, оның санын арттыру үшін мал өсірудің жаңа тәсілі - жартылай көшпелі маусымдық шаруашылыкқа көшу басталады.

Қоныстарды мекендеушілерде керамика ыдыстарын жасау кеңінен дамыған. Оның бәрі шаруашылық пен түрмыста пайдалануға арналды. Бұл тұстағы құмыра жасаушылардың көбі әйелдер еді. Күйдірген балшықтан ыдысаяқтардың бірнеше түрі жасалған. Ыдыстарға әшекейлеп өрнек салынған. Соңғы қола дәуіріндегі құмыралардың дені иіні дөңгелек, бүйірі шығыңқы болып жасалынды. Андроновшылардың құмыра, козелерін көркемдеп көрсететін ою-өрнектері мыңдаған жылдар бойы сақталған.

Қола дәуіріндегі тайпалар жауынгерлік қару жасап, оларды үнемі жетілдіріп отырған. Ол кездегі негізгі қарулар: найза, күрзі, дүмі шығыңқы балта, балға, шот. Кейбір жауынгерлердің қанжары болған.



Қоғамда азық-түліктің көбеюіне байланысты артық заттарды айырбастау, осындай айырбас сауда барысында байлықтың қорлануы етек ала бастайды. Мал шаруашылығының қарқынды дамуы қоғамдық алғашқы ірі еңбек бөлісін туғызды, басқалардан өз алдына бақташылар белініп шықты. Сол сияқты егіншілік кәсіпте біраз өзгерістер болды. Өңделіп егілген жерлердің көлемі өседі. Бұл өзгерістер қоғамдық еңбекте үлкен белінуді туғызып, матриархаттық қатынастар патриархаттық-рулық қатынастармен ауыса бастады.

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

  1. Қазақстандағы палеолит және оның даму кезендері.

  2. Қазақстан жерінде тас ғасырының қандай археологиялық ескерткіштерді білесіздер?

Ұсынылатын әдебиет:

1.Қазақстан тарихы Көне заманнан бүгінге дейін. 4 томдық 1 т. А-1996. 2 тарау.

2.Қазақстан тарихы Очерктер, А-1993. 413 б.

3.Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан. А-1995. 3-9 б.



2-тақырып. Қазақстан сақ және ертетаңдық мемлекеттер кезеңінде.

Лекцияның жоспары:

  1. Ерте темір дәуірі.Сақтардың тұрмысы, мәдениеті және қоғамдық құрылысы.

  2. Ғұн және үйсін мемелекеттері, саяси тарихы.Олардың шаруашылығы, әлеуметтік-экономикалық қатынастары. Мәдениеті.

3. Қаңлылардың саяси тарихы, мәдениеті және шауашылығы. Антропологиясы.

Мақсаты: Қазақстан даласында өткен ежелгі мемлекеттерді оқи отырып, көне мемлекеттер жайлы тарихи түсінік беру.

1.Б.з.б. бір мың жылдықта Қазақстан жерінде тұрған ежелгі тайпалар темірден заттар жасауды игеріп, қуатты тайпа одақтар құрған. Қолына көп мал жинаған ірі бай отбасылары қонысын әрдайым ауыстырып, өзен бойларына ғана емес, сонымен қатар дала және шөлейт жерлерді, Тянь-Шаньның биік таулы бөліктерін бірте-бірте игере бастаған. Жұрт темірді пайдасына жаратып, атқа ауыздық салуды үйренген, сөйтіп, атты алысқа қатынайтын аса маңызды көлікке айналдырған ірі бай-феодалдар қоғамдағы ықпалды күшке айнала берді. Олар көшіп-қонуға қолайлы жеңіл киіз үйді тұрмысқа жайлы түрақты түрғын үйге айналдырған. Алыстан көздеп ататын садақ, ұшы үш қырлы жебе, ақинақ /қысқа семсер/ қорғанудың және шабуылдың сенімді құралы болды. Мал және жайылым үшін талас-тартыстардан, соғыстардан әскер басшылары байыды. Әскер басшыларының және батырлардың рөлі артып, соғыссыз уақытта олар малдарын көбейтіп, байып, халықты биледі. Бұл кезде ел басқару жұмыстарын тежеп отыратын ақсақалдардың кеңесі болған. Тонаушылық соғыстардың жиіленуі бірнеше тайпалардың бірігуін қажет етті. Сөйтіп, тайпалық одақтар құрылды. Оларды көсемдер басқарды.

Біздің заманымыздан бұрынғы V ғасырдың 40-шы жылдар аяғында грек тарихшысы Геродоттың "Тарих" деп аталатын еңбегінде және басқада қол жазбаларда біздің заманымыздан бұрынғы I мың жылдың орта шенінде Орта Азия мен Қазақстан жерінде сақ деп аталатын бірнеше тайпалардың қуатты жауынгер одағы болғаны айтылады. Персия патшасы I Дарийдің Накширустамдағы /Персополға жақын/ тас жазуларында сақ тайпалары үш топқа: сақ-хаумаваргаларға / хаома сусынын дайындайтын сақтар/, сақ-тиграхаудаларға /төбесі шошақ бас киімдері бар сақтар/, сақ-парадарайандарға /теңіздің арғы бетіндегі сақтар/ бөлінеді делінген. Бірінші топтағы сақтар Ферғана жерін мекендесе, екіншілері Сырдарияның орта аймағы және Жетісу жерін жайлап, үшіншілері - еуропалық скифтер немесе Арал теңізі және Сырдарияның арғы бетінде орналасқан.

Геродоттың айтуынша: Сақтар скиф тайпалары, бастарына тік тұратын төбесі шошақ тығыз киізден істелінген бөрік және шалбар киген. Олар садақ, қысқа семсер және айбалтамен қаруланған. Тамаша атқыш жауынгерлер болған.

Сақ әулетінің іргесін қалаушы Алып Ер Тоңға /Афраси-аб/ болған деген деректер бар. Археологиялық қазбаларға қарағанда, сақ тайпалары темірден зат жасай білсе де, мыс пен қоланы пайдалануды артық көрген. Оларда жабайы аңдардың суреттері салынған қоладан құйылған үлкен тай қазандар болған. Сақтардың аңдарды өрнектеумен дүние жүзіне әйгілі болған даналық өнері жалпы адамзаттың даму процесіне елеулі әсерін тигізді.

Сақ тайпаларында көпке дейін матриархаттық ел билеу тәртібі сақталып, әйелдер ерекше жағдайда болған. Мәселен, олардың кесемдерінің бірі - тамаша сұлу, әрі жігерлі, елге әйгілі патша ханум Зарине ел билеп, қалаларды салуға және әскери жорықтарға өзі қатысқан.

Персия мемлекетінің патшасы Кир - Мидия патшасы Крезбен б.з.б. 558-529 жж. соғысқан кезде - сақтармен одақ жасасып, олардан әжептеуір көмек алған. Кейін Кир сақтар мен массагеттерді өзіне бағындыруды ұйғарады. Сөйтіп, Мидия патшалығын жеңгеннен кейін, Кирдің әскерлері сақ-тардың жеріне басып кіреді. Сақтар парсылардың басқыншылық әрекетіне қарсы қайсарлықпен қарсылық көрсетеді. Кирдің әскерлері өздерінің жеңісін тойлап жатқан кезде, сақтардың жауынгерлері тұтқиылдан лап қойып, парсыларды қырып салады. Осы шайқаста олар Кирдің өзін де өлтіреді. Осыған байланысты Геродот жазбаларында мынадай аңыз бар: парсыларды жеңгеннен кейін сақтардың әйел патшасы Томирис: "Сен канға құмартып едің, енді шөлің қансын" деп үлкен торсыққа толтырып қан құйғызып, оған Кирдің басын салдырады.

Кирдің Орта Азиядағы басқыншылык жорықтарын I Дарий б.з.б. 521-486 жылдары жалғастырады. Жеке-жеке отырған сақ тайпаларын бір-бірлеп бағындырған ол аз уақыт болса да, оларды басып алды. Сақ тайпаларының біраз бөлігі оларға салық төледі және парсы патшасына жасаққа жігіттер беріп тұрды. Тіпті сақтардың біразы парсы патшасының "өлмейтін он мың" деп аталатын ұланының кұрамына кіріп қызмет етті. Б.з.б. VI ғасырдың аяғы V ғасырдың басында /500-449 жж./ ежелгі Шығыстағы грек-парсы соғысында сақ тайпалары парсылар жағында болды. Мәселен, б.з.б. 490 жылғы грек-парсы әскерлерінің Марафон жеріндегі болған соғыста сақтар парсылар жағында болып, гректерге қарсы соғысты.

Б.з.б. IV ғасырдың 30-шы жылдарында македониялық гректер Александр Македонский басшылығымен соңғы Ахеменид, III Дарий Кодоманның әскерлерін талқандап, Орта Азияға баса көктеп кірді. Олар Маракандты /Самарқандты/ алып, Сырдарияға бет алды. Сырдария бойына бекініп алу үшін кішігірім "Александр Крайный" немесе "Шеткі Александр" деген қала салдырды.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет