ПОӘК «Банктік менеджмент және маркетинг» пәні бойынша



бет1/7
Дата26.08.2017
өлшемі1,4 Mb.
#28764
  1   2   3   4   5   6   7
АЛМАТЫ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ СТАТИСТИКА АКАДЕМИЯСЫ








ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

(ПОӘК)
«Банктік менеджмент және маркетинг» пәні бойынша
«5В050900-Қаржы» мамандығы

Алматы, 2012ж.


Пәннің оқу-әдістемелік кешенін дайындаған «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы, экономика магистрі Байдаулетова Гүлнұр Омарқызы
Кафедраның мәжілісінде талқыланып ұсынылған

қаулы № «________»____________________ 2012 ж.

Кафедра меңгерушісі __________________Бертаева К.Ж. э.ғ.д., профессор

Академияның оқу-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде мақұлданған қаулы

№ «______» __________________________2012 ж.

АЭСА Оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданған

№ «_______ » _____________________________2012 ж.

ОӘК төрағасы, оқу жұмысының проректоры



___________________________ профессор Р.К.Машанова.

Мазмұны








Бет












Пәннің оқу жұмыс бағдарламасы

4



Студенттерге арналған пәннің оқу бағдарламасы (Syllabus)

13



Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі

14



Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы

18



Дәрістер кешені

21



Семинар сабақтарының жоспары

51



Пәнді меңгеру бойынша әдістемелік нұсқаулар

54



Студенттің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулар

57



Білім алушының оқу жетістіктерін бақылау және бағалау материалдары

61



Мамандандырылған аудиториялар, кабинеттер мен лабораториялар тізімі

65



Сабақтарды бағдарламалық және мультимедиялық қамтамасыз ету

66


Алматы экономика және статистика академиясы
« Қаржы » кафедрасы

ПӘННІҢ ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
«Банктік менеджмент және маркетинг» пәні бойынша

«5В050900-Қаржы» мамандығы






Оқыту нысаны

Күндізгі бөлім

Сыртқы бөлім

ЖБ

КжТБ

Барлығыкредит

3

3

3

Курс

3

1

1

Семестр

6

2

2

Емтихан (семестр)

6

2

2

Барлығы,

оның ішінде:



135

135

135

Лекция (сағ)

30

9

9

Практикалық (семинар) сабақтары (сағ)

15

6

6

СОӨЖ ( сағ)

45







СӨЖ (сағ)

45

120

120

Алматы, 2012 ж.



  1. Оқытушы туралы мәліметтер:

  • Байдаулетова Гүлнұр Омарқызы

  • «Қаржы» кафедрасы

  • Тел: 3095815

  • Уақыты: бекітілген сабақ кестесіне сәйкес

2. Пәннің пререквизиті пәнді игеру үшін алдын ала келесі пәндерді оқу керек «Коммерциялық банктердің кірістері мен шығыстары», «Ақша, несие, банктер», «Банк ісі», «Қаржылық математика», «Коммерциялық банктердің қаржылық қызметін талдау».

3. Пәннің постреквизиті келешектебұл пән келесі сабақтарда қолданылады «Ақша несиелік реттеу», «Валюталық операциялар», «Қаржы нарығын мемлекеттік қадағалау және реттеу», «Төлем жүйесі», «Несие ісі», «Коммерциялық банктердің қызметтерін қаржылық талдау», «Инвестицияларды қаржыландыру және несиелеу».

4. Пәннің сипаттамасы -«Банктік менджменті және маркетинг» курсы – теориялық курс. Ол болашақ қаржыгерлер мен банкирлерді кең профильді маман ретінде дайындауға негіз береді. Бұл курс экономикалық теория, макро және микро деңгейдегі экономика, қаржы, бухгеалтерлік есеп және аудит, менеджмент және сол сияқты басқа оқу пәндерімен қосылып, ақша – несие қатынастарының, банктік қызмет теориясының және ұйымдастыру негіздерінің мәні туралы білімді қалыптастырып, олардың маңызы мен экономикадағы қолдану механизмін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

5. Пәнді оқыту мақсаты-Банктегі қаржыны басқарудың ерекшеліктері мен заңдылықтарын, әртүрлі елдердің банктеріндегі қаржысының ұйымдастырылуы және әртүрлі елдердің экономикасында инвестициялық құралдар мен стратегиялардың, банктегі маркетингті тиімді ұйымдастырылуытуралы кәсіби біліммен қамтамасыз ету.

6. Пәнді оқыту міндеттері

Банк менеджменті мен маркетингі құрылымы мен негізгі бағыттарын оқып білу;

- Коммерциялық банктің жоспарлау және басқару жүйесін оқу;

- Коммерциялық банктің іскерлік жоспарлау үрдісін меңгеру;

- Банк қызметіндегі қатерлерді басқарудың теориялық негіздерін үйрену;

- Коммерциялық банктің активтерін және пассивтерін басқарудың әдістері мен міндеттерімен танысу;

- Коммерциялық банктің пайдалары мен өтімділігін басқарудың әдістерін оқып білу;

- Банктегі маркетинг және оның тиімді ұйымдастырылуымен танысу;



7. Пәннің мазмұны:

• студенттерге банк қызметін басқару теориялық аспектілері бойынша, банк басқармасының жүйелерінің қызмет істеу негіздері, халықаралық несие – есептесу және валюта қатынастары, бағалы қағаздар нарығының негіздері бойынша біртұтас білім жүйесін қалыптастыру;

• пәннің мәнін және мазмұнын сипаттайтын терминологиялық-ұғымдық аппарат беру;

• барлық ұғымдардың өзара байланысын, олардың ішкі логикасын ашу.



7.1Тараудың атауы

    1. « Банктік менеджмент және маркетинг» пәнінің мазмұны



      Тақырып атаулары

      Тақырыптың мазмұны

      1

      Банк менеджменті ұғымы, оның негізгі принциптері. Банк менеджментінің атқаратын негізгі қызметтерінің бағыттары.

      Банк менеджментінің міндеттері: өзіндік банк қаражатын басқару, банк жұмысының пайдалылығын басқару, еңбек ұжымын басқару.Банк менеджментінің негізгі мақсаты – басқарудың оңтайлы жүйесі есебінен пайда табу. Жетістікке жету немесе істі дамыту үшін, оңтайлы алғышарттарға ие болу үшін басқару жүйесін үнемі жетілдіріп отыру, теория мен практикада жиналған білімді тез меңгеру, өзгермелі жағдайда жаңа ерекше шешім табу қажет. Пайда табудан өзге, менеджмент мақсатына адам бойындағы қабілеттерге жол ашатын ұжымдағы әлеуметтік мәселелерді шешу ісі де кіреді.

      2.

      Коммерциялық банктердің ұйымдастыру және басқару құрылымы

      Коммерциялық банк ұғымы және оның ұйымдық құрылымы. Коммерциялық банк қызметінің негізгі ұстанымдары

      3.

      Коммерциялық банк ресурстарын жоспарлау және реттеу

      Банктің активтік операцияларын ұлғайту, депозит мөлшерін өсіру. Коммерциялық банктердің тартылған қаражатты және оның ресурс базасын қалыптастырудағы ролі

      4.

      Банк қатерлерін басқару тәсілі. Банк қызметіндегі тәуекелдік

      Банк қызметінде әр түрлі операцияларды орындау барысында пайда болатын қатерлер және олардың пайда болу себептері.


      5.

      Банктің несиелік саясатын басқару және несиелік механизм

      Несиенің мәні және қажеттілігі, құрылымы. Несиеленетін обьектілер және несие қатынасының субьектілері. Несиелеудің әдістері.

      6.

      Консорциумдық несие.Тұтыну және ипотекалық несие

      Консорциумдық несиелеудің обьектілері, шарттары. Тұтыну және ипотекалық несиенің ҚР-да экономикадағы мәні.

      7.

      Коммерциялық банктердің өтімділігін басқарудың әдістері

      Жалпы қор қаражатының әдісі, активтерді бөлу әдісі. Өтімділік коэффициенттері:

      8.

      Салым қызметін басқару

      Банктердің салым қаражатын тарту саясаты және осы мақсатта қолданылатын әдістер. Табысты есептеудің түрлері

      9

      Коммерциялық банктердің пайдаларын басқару

      Ком. банктердің пайдаларын басқару құрылымдық элементтері, пайызды және пайызсыз табыстары, пайда құрылымын бақылау

      10

      Банктің инвестициялық портфелін басқару

      Коммерциялық банктердің инвестициялық саясаты және оның мақсаты. Банктің инвестициялық портфелін жоспарлау үрдісі. Инвестиция диверсикациясы.

      11

      Банк саласындағы маркетинг

      Банктік қызметтегі маркетингтің мәні, түсінігі және қажеттілігі. Банк қызметіне маркетингті енгізу алғышарттары. Банктік маркетингтің спецификасы.

      Банктік маркетингтің қағидалары, функциялары мен міндеттері. Банкте маркетингті ұйымдастыру.



      12

      Банктің қызмет нарығын сегменттеу

      Банк саласындағы маркетингтік зерттеулердің бағыттары мен ерекшеліктері. Нарық субъектілерін талдау, банктің сыртқы ортамен байланысы. Бөлшек және көтерме нарығында тұтынушылардың мінез-құлқын моделдеу.Банктік өнімді бөлшек және көтерме нарығында сатып алу туралы шешім қабылдау үрдісі.

      Банктің макроорта факторлары: демографиялық, экономикалық, табиғи, ғылыми-техникалық, саяси және мәдени. . Банктік қызмет тұтынушыларының ерекшелігі және сегменттеу үрдісі. Ұсынылатын қызметтер сипаттамасы бойынша сегменттеу. Кредиттік қызмет. Салымды операциялар. Инвестициялық операциялар. Басқа да қызметтер. Тұтынушылар тобына қарай сегменттеу. Бөлшек және корпоративтік нарықты сегменттеу критерилері мен принциптері.



      13

      Банктік қызметтің нарықтық мүмкіндіктерін талдау

      Ішкі есеп және сыртқы ақпарат жүйесі. Маркетинг зерттеулер жүйесі және талдау. Банктің маркетинг мүмкіндігін анықтауға бағытталған талдау және мақсатты нарық маркетингтің нарықтық мүмкіндіктерін талдау деп аталады. Маркетингтің ақпарат жүйесі – ішкі есеп жүйесінен, сыртқы ақпарат жүйесін жинау, маркетингтік зерттеу жүйесінен, ақпаратты талдау жүйесінен тұрады. Ішкі ақпараттың қайнар көзі болып:- статистикалық есеп;- бухгалтерлік есеп;- несиелеу бойынша бағалық есептеулер;- басқарушылар есебі;- тексерушілер мен ревизорлар актілері;- ішкі зерттеулердің нәтижесі.

      14

      Банк қызметіндегі баға саясаты және өнім қатарын жоспарлау


      Банктік қызмет, банктік өнім және оның деңгейлері. Банктің инвестициялық және басқа да қызметтері. Банктегі ассортиментті жоспарлау.Қызмет көрсету стандарттары. Өнім қатарын талдау. Ассортиментті жоспарлау. Банктік қызмет бағасының түсінігі. Банктік өнімдер мен қызметтердің баға белгілеу ерекшеліктері. Баға деңгейіне әсер етуші факторларБаға белгілеу стратегиялары.

      15

      Банктік қызметті өткізуді ұйымдастыру

      Банктік қызметтерді өткізу ерекшеліктері. Банктік қызметтерді өткізу шарттары. Банктік жүйелердегі өткізу типтері. Қызметтердің толық кешенін ұсынатын бөлімшелер. Маманданған бөлімшелер. Толығымен автоматтандырылған бөлімшелер. Банктік қызметтерді өткізу ерекшеліктері. Банктік қызметтерді өткізу шарттары. Банктік жүйелердегі өткізу типтері. Қызметтердің толық кешенін ұсынатын бөлімшелер. Маманданған бөлімшелер. Толығымен автоматтандырылған бөлімшелер. Өткізу нүктелерін анықтау, бөлімшелер және филиалдар саны туралы шешім қабылдау үрдісі.



      Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет