Поэмасын ата a «Аққулар ұйықтағанда» b



Дата19.12.2016
өлшемі115,11 Kb.
#4173
түріПоэма
2015-2016 оқу жылының «Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО «Жалын» олимпиадалық резерв мектебінің тапсырмалары
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
10, 11 сыныптар
1. Тест сұрақтары (Әрбір дұрыс жауап үшін – 2 балл, барлығы – 40 балл)

1. «Айқап» журналының шығарушысы Мұхаметжан Сералиннің поэмасын ата

A) «Аққулар ұйықтағанда»
B) «Бекболат»
C) «Еңлік – Кебек»
D) «Гүлхашима» поэмасы

E) «Ескендір»

2. Оқ тиіп он үшімде, ой түсіріп,

Бітпеген жүрегімде бар бір жарам.

Алданып тамағыма, оны ұмытсам,

Болғандай жегенімнің бәрі харам.

Адамнан туып, адам ісін етпей,

Ұялмай не бетіммен көрге барам?!

Үзінді кімнің, қай шығармасынан алынған?

A) Х. Есенжанов «Тар кезең»

B) Т. Молдағалиев «Қазақ деген халықтың баласымын»
C) А.Құнанбаев «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»
D) Д. Бабатайұлы «Қайғы»
E) А.Байтұрсынов «Анама хат»

3. А.Байтұрсыновтың «Қырық мысал» жинағындағы соңғы мысал қалай аталады?

A) «Екі шыбын»

B) «Малшы мен маса»

C) «Өгіз бен бақа»
D) «Ауырған арыстан»
E) «Шымшық пен Көгершін»

4. М. Дулатов қай өлеңінде 1731 жылы қазақтарды «панасына» алған Ресей патшасының қазақ жерін түгелдей қазына қарамағына өткізгенін, содан бастап, қазақты атамекен жерлерінен ығыстыру басталғанын жырлайды?

A) «Қазақ салты»

B) «Қазақ қалпы»


C) «Қазақ жерлері»
D) «Қырық мысал»

E) «Азамат»

5. «Сыпыра бұзылған иттер, дендерің сау ма? Мәжүн болмасаңдар, қара жүрек болмасаңдар... ....Байлығы, болыстығы өзіне. Өзім де аштан өлейін деп отырғаным жоқ. Ет жегілерің келсе өзім-ақ сойып берейін. Болмаса, Қамардан басқа ермек жетпеді ме?» -деген сөзді Қамардың әкесі Оспан кімге, не үшін айтты?

A) Нұрым әкесінің басын жарып, қызыды тартып әкеткенде

B) Қожа-молдалардың Қамарды соқыға жығып, төбесін ойып өлтірерде

C) Қалтан қажы Қамарды Нұрымға беру жайында сөз еткенде


D) Ахмет Қамарды алып қашқанда

E) Қамар үйінен қашып кеткенде

6. С. Көбеевтің «Қалың мал» романында «Бұл Тұрлығұл байға біздің Ғайшажанды айттыра келген шығар, қазыны бұзбай сал» деген жолдардың авторы кім?

A) Бірке


B) Әлкен,
C) Медеу
D) Итбай

E) Қожаш

7. «Біз Сәбит Дөнентаевты өз дәуірінің қоғамдық шындығын кең жырлаған, ешкімді қайталамайтын сатиралық стилін қалыптастырған ірі суреткер ақын дейміз» деген пікірдің авторы кім?

A) Е. Ысмаилов

B) С. Қирабаев
C) А. Еспембетов

D) Ж. Ысмағұлов

E) Х. Әбдібаев

8. А. Байтұрсыновтың күллі ғұмыр-тіршілігінің өн бойына желі тартқан қаламгерлік һәм қайраткерлік бағдарламасы болған өлеңін атаңыз?

A) «Анама хат»

B) «Қазақ салты»


C) Жиған-терген
D) «Достыма хат
E) «Н.Қ. Ханымға

9. Төмендегі пікірдің авторы кім және ол кім туралы?

«Одан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ»

A) М.Әуезов, Абай жайында

B) М. Жүсіпов, Шәкәрім жайында


C) А. Байтұрсынов, Абай жайында
D) Ж.Жабаев, Сүйінбай жайында
E) М.Дулатов, Ә. Бөкейханов жайында

10. Халық арасынада қолжазба күйінде тараған ұлы Абай шығармаларының жеке кітап болып басылған жыл қайсысы?

A) 1911
B) 1910
C) 1895
D) 1909

E) 1900


11. «Қазақ халқының 1000 әнін» жинап, бастырған атақты музыкатанушы?

A) М. Мақатаев.


B) Ш. Қалдаяқов
C) А. Затаевич
D) О. Шипин

E) Т. Көбдіков

12. Ғ.Мұстафиннің «Өмір не өлім» романы өңделгеннен кейін қандай атау иеленді?

А) «Көз көрген»

В) «Қарағанды»

С) «Ер Шойын»

Д) «Мазасыз мейман»

Е) «Миллионер»

13. «Салиха қыздың дауы» қай романда сипатталған?

А) Оянған өлке»

В) «Махаббат қызық мол жылдар»

С) «Абай жолы»

Д) «Қан мен тер»

Е) «Өскен өркен»

14. Ақын Шернияздың әкесінің атын табыңыз.

A) Жарылғас.

B) Жайнақ.

C) Қанай.

D) Баймағанбет.

E) Орынбай.

15. Абай: “Талаптың мініп тұлпарын,

Тас қияға өрледің,”- деп кімге айтатынын табыңыз.

A) Әбдірахманға.

B) Мағауияға.

C) Құнанбайға.

D) Оспанға.

E) Ақылбайға.

16. Әдебиеттің лирикалық тегін А.Байтұрсынов қалай атаған?

А) әуезе

В) айтыс-тартыс

С) толғау

D) ұлы әңгіме

Е) ойламалдау

17. «Ерекше жағдайда ерекше характермен» көрінетін кейіпкерлер типі:

А) роматикалық бейне

В) сатиралық

С) комедиялық

D) трагедиялық бейне

Е) реалистік бейне

18. Өмірдегі келеңсіздіктерді, кері кеткендікті көптің көз алдына көрініске шығаратын образ:

А) сатиралық

В) фантастикалық

С) романтикалық

D) геройлық

Е) юморлық

19. Мемуар дегеніміз не?

А) көркем өмірбаян

В) сатиралық шығарма

С) көркем очерк

D) өлеңмен жазылған повесть

Е) табиғат туралы шығарма

20. Көркем шығарма пішінінің элементтері:

А) композиция, суреттеу жүйесі

В) проблематикасы

C) тартыс пен оның шешімі

D) шиеленісу мен шарықтау шегі

E) тақырып пен идея

2. Метафораның түрлеріне (Метафораның жай түрі; Жіктік не тәуелдік жалғаулары арқылы жасалған метафора; Көмекші етістіктердің көмегімен жасалған метафора: Ұлғайған не күрделі метафора; Бейне, бейне бір, тең деген сөздер арқылы жасалған метафора; Авторлық метафора) М.Жұмабаевтың шығармаларынан бір-бір мысалдан келтіріңіздер. – 30 балл


3. ХХ ғасыр басындағы «Қазақ» газетіндегі әдеби сынның сипаты (Газетте жарияланған бір сыни мақалаға талдау жасаңыз) – 30 балл



9-сынып

1. Тест сұрақтары (Әрбір дұрыс жауап үшін – 2 балл, барлығы – 40 балл)

1. Найман-Ана аңызындағы (Ш.Айтматов) оқиға қай жерде өтетінін табыңыз.

A) Шекер ауылында.

B) Ош оймағында.

C) Сарыөзекте

D) Ыстықкөлде.

E) Таразда.

2. Саиф Сараи- қай дәуір әдебиетінің өкілі екенін белгілеңіз.

A) Көне түркі дәуірі.

B) Түркі бірлестігі дәуірі.

C) Алтын Орда дәуірі

D) Орта түркі дәуірі.

E) Хандық дәуірі.

3. Сара Біржанмен айтысқанда кімнің үйінде болғанын анықтаңыз.

A) Жүнісбек.

B) Қаптағай.

C) Тұрысбек

D) Есімбек.

E) Шерубай.



4. Шалкиіз қай бидің көмекшісі болғанын белгілеңіз.

A) Жүсіп.

B) Досай.

C) Ысмайыл.

D) Темір.

E) Мұса.



5. «Өтеген батыр» дастанының авторын табыңыз.

A) С.Сейфуллин.

B) М.Жұмабаев.

C) І.Жансүгіров.

D) Ж.Жабаев.

E) Б.Майлин.



6. Жүсіп Баласағұн қай ғасырда өмір сүргенін белгілеңіз.

A) X ғ.


B) VІІІ ғ.

C) ІX ғ.


D) XІІ ғ.

E) XІ ғ.



7. 7. Қиял-ғажайып ертегіні табыңыз.

A) «Түлкі мен бөдене».

B) «Күн астындағы Күнікей қыз».

C) «Қырық өтірік».

D) «Аяз би».

E) «Толағай».

8. 8. ’’Жар-жар’’ өнердің қай түріне жататынын табыңыз.

A) Жыраулық.

B) Шешендік өнер.

C) Күйшілік.

D) Термелік.

E) Айтыс.



9. Баймағамбет сұлтанмен қақтығысқан ақынды табыңыз.

A) Шернияз.

B) Бекболат.

C) Мұрат.

D) Шәңгерей.

E) Алмажан.

10. XVІІІ ғасырда өмір сүріп, Тәуке, Абылай хандарға кеңесші болған қай жырау екенін белгілеңіз.

A) Доспамбет.

B) Ақтамберді.

C) Бұқар.

D) Қазтуған.

E) Шалкиіз.

11. Желсіз түнде жарық ай,

Сәулесі суда дірілдеп.

Ауылдың маңы – терең сай

Тасыған өзен гүрілдеп.

Ұйқас түрін анықтаңыз:

А) шалыс ұйқас

В) қара өлең ұйқасы

С) ерікті ұйқас

D) аралас ұйқас

Е) кезекті ұйқас

12. Өмірді, адамды бейнелеуде классицизмге кереғар бағыт ұстанған әрі оны ығыстырған өнер түрі (бағыт):

А) сентиментализм

В) романтизм

С) модернизм

D) сыншыл реализм

Е) гуманистік реализм

13.Ұлттық әдебиеттер арасындағы көркемдік дәстүрлер жалғастығы, ықпалдастығы:

А) әдеби байланыс

В) әдеби мұра

С) әдеби сын

D) әдеби тек

Е) әдеби процесс

14. Бағыттардың қайсысы адамның ішкі сезімін суреттеуді мақсат етіп алға қойды?

А) сентиментализм

В) классицизм

С) натурализм

D) формализм

Е) футуризм

15. Қазақ жазба әдебиеті ең байырғы негізін қай көне ескерткіштен алады:

А) Орхон-Енисей жазбалары

В) Гильгамеш туралы дастан

С) Көне қытай жазба ескерткіштері

D) Махабхарата

Е) Гомер поэмалары

16.Фантастикалық образ неге негізделген?

А) ғажайыпқа

В) күлкіге

С) мысқылға

D) әзілге

Е) келемежге

17. Суьективті идея дегеніміз не?

А) оқырман идеясы

В) обьективті идея

С) авторлық идея

D) жалған идея

Е) басты, өзекті идея

18. Қандай көркем шығармалар үлгілерінде кейіпкерлер тұлғасы оның сөйлеу тілі арқылы ғана жасалады?

А) комедия, трагедия, драма

В) пародия, памфлет, эпиграмма

С) ода, элегия, очерк

D) роман, роман- эпопея, роман-эссе

Е) әңгіме, новелла, хикаят

19. Сюжетті өлең үлгісі:

А) «Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында» (Абай)*

В) «Туған еліме» (Сұлтанмахмұт).

С) «Кедейге» (Бейімбет)

D) «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» (Абай)

Е) «Сарыжайлау» (Мұқағали)

20. А.Байтұрсынов арнауды нешеге бөледі?

А) үш


В) бес

С) екі


D) төрт

Е) алты


2. Метафораның түрлеріне (Метафораның жай түрі; Жіктік не тәуелдік жалғаулары арқылы жасалған метафора; Көмекші етістіктердің көмегімен жасалған метафора: Ұлғайған не күрделі метафора; Авторлық метафора) М.Жұмабаевтың шығармаларынан бір-бір мысалдан келтіріңіздер. – 30 балл

3. Көркем шығармадағы пейзаждың қызметі (М.Әуезов әңгімелерінен – 3 мысал)– 30 балл
Каталог: files -> blog
blog -> Тақырыбы: Ленинград қорғанысы Мақсаты: Білімдік
blog -> Программа по предмету «Русский язык»
blog -> Сабақ түрі : Аралас сабақ Әдіс-тәсілдері : баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту,топпен жұмыс
blog -> 14 ақпан «Демалыс күн» клубында қазақтың әйгілі күйшісі, композиторы Дина Нұрпейісованың (1861-1955) 155 жылдығына арналған тарихи-танымдық сағат өтті
blog -> «Мұрагер»» бағдарламасы жайлы
blog -> Негізгі орта білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы пәндерінің
blog -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
blog -> Жамбыл Жабаевтың туғанына 170 жыл толуына арналған «Жыр алыбы – Жамбыл» атты мектепішілік көркемсөз сайысы Мақсаты
blog -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
blog -> Бастауыш білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы бойынша


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет