Полимәдениетті білім беру – заман талабы әміре Қасымхан Абылайұлы



Дата09.06.2018
өлшемі59,5 Kb.
#42134
ПОЛИМӘДЕНИЕТТІ БІЛІМ БЕРУ ЗАМАН ТАЛАБЫ

Әміре Қасымхан Абылайұлы
В.И. Ленин атындағы орта мектеп

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Ақсүйек ауылы
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Қазақстан халқы Ассамблеясы мәдениеттер үндесуінің бірегей еуразиялық үлгісі болғандығын, Қазақстанның жаһандық конфессияаралық үнқатысу орталығына айналып отырғандығын» атап көрсетеді. Олай болса, этникалық, мәдени және діни әралуандыққа қарамастан, елімізде бейбітшілік пен саяси тұрақтылықты сақтауда маңызға ие жас ұрпақты көпмәдениеттілікке тәрбиелеу – бүгінгі күннің басты талабы болып отыр. Осыған байланысты, көпмәдениеттілікке қатысты білім беру мәселесі өзекті бола түсуде[3].

Полимәдениетті білім беру - жалпы білім беру қазіргі кездегі маңызды кұрылым, этника аралық интеграцияға бағытталғаны мен көбінесе салт-дәстүрлерде қайталанбас өмір бейнесінде, дуние тану құндылығымен мәдениетті өмірлік жанды құрмет ететін жастар тәрбиесі.

Ұлттық интеграционалдық тәрбие ерекшелігі нақты белгіленген. Полимәдениеттің өзара байланысы акценті мәдениет тәрбиесі, олардың біреуі ұлттық тәрбиемен сәйкес келеді. Сол уақыта да проблематика, ұлттық және мәдениеттері тәрбие ерекшелігінің мақсаты мен міндеттері. Ұлт ретінде, этника аралық пен ұлтаралық өзара әрекет тәрбиесі мәдениетті, өзара тұсіну мен ұғыну сезімі қалыптасады, теңдік пен абырой, ұлттық және дискриминацияға қарсы тұру. Сонымен қатар ұлтаралық тәрбиеден ерекшелігі, көпмәдениетті тәрбие мәдени-білім құндылықтарын игеруді қарастырады, әр түрлі мәдени орталықтарды басқа мәдени құндылықтарға бейімдейді. Осыған сәйкес көпмәдениетті тәрбие этникалық және ұлттық ерекшеліктерді тәрбие жұмысында ең маңызды факторы деп есептейді, ал ұлтаралық тәрбие жеке тұлғаның қалыптасуында этникалық мәдениетке сүйенбейді. Полимәдениетті тәрбие өзгешелік үлкен және кіші ұлт жағдай шарттарының интеграциясы әр алуан[1].

Елімізде көпмәдениеттілік туралы ойлар ұлы ғалымдар мен ағартушылар әл-Фараби, Ж. Баласағұн, М. Қашқари, М.Х. Дулати, Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, А. Байтұрсыновтың тәлім-тәрбиелік мұрасынан бастау алады.

Көпмәдениеттілік білім беру идеясын алғаш көтергендер қатарында ғалым-философтар М.М. Бахтин, Н.А. Бердяев, Н.О. Лосский болды. Қазақстанда бұл мәселе тәуелсіздік алған кезден бері кеңінен зерттеле бастады, ғалымдар М.А. Абсатова, М.Х. Балтабаев, Р. Башарұлы, Қ.Б. Бөлеев, Б.А. Жетпісбаева, К.Ж. Қожахметова, Ш.М. Мұхтарова, С.У. Наушабаева, В.В. Сергеева, С.А. Ұзақбаеваның және т.б. еңбектері жарық көрді. Көпмәдениетті білім берудің теориясы мен практикасына шетелдік ғалымдар В.С. Библер, Дж. Бэнкс,


Р. Гарсия, К. Грант, Д. Голлник, А.Н. Джуринский, Г.Д. Дмитриев, В.А. Ершов, Л.В. Колобова, М. Коул, Д. Ли, В.В. Макаев, З.А. Малькова, Л.Л. Супрунова, Е.Ф. Тарасов, В. Фтенакис, Ф. Чинн, А.В. Шафрикова үлкен үлес қосты.

Бүгінгі таңда әлемде кең өріс алып отырған көпмәдениетті білім берудің басты мақсатын айқындауды ғалымдар бірнеше тұрғыда қарастырады. Америкалық ғалымдар, мысалы, ең бастысы − америкалық қоғамның әрбір мүшесі өздерінің нәсілдік, ұлттық, әлеуметтік, гендерлік, мәдени және діни айырмашылықтарына қарамастан, білім берудің барлық деңгейінде сапалы білім алуы деп санайды. Ресейлік зерттеушілер мұндай білімнің негізгі мақсаты өскелең ұрпақты мәдени өзгешеліктерге құрметпен қарауға тәрбиелеу және көпмәдениетті ортада өмір сүруге даярлау деп есептейді.

Көпмәдениетті білім берудің мәселелеріне жатқызатыны:


  • мәдениет пен мәдени сан алуандылық туралы түсінігін қалыптастыру;

  • Қазақстан елінде тұратын халықтардың мәдени құндылықтарына түйістіру және қазақстандық мәдениетке деген позитивті құндылықты бағыттарды қалыптастыру;

  • мәдени айырмашылықтарға позитивті қарым-қатынас жасау, этно-әлеуметтік теріс таптаурындарды жеңе білу;

  • түрлі мәдениеттерді алып жүрушілермен өнімді қарым-қатынас жасай білу дағдылары мен біліктерін дамыту;

  • ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының келесі басым бағыттарын бөліп көрсетуге болады[2].

Азаматтық-патриоттық тәрбие Отанымыздың тағдыры үшін жауапты Қазақстан азаматы мен патриотының тұлғасын; әр оқушыда белсенді азаматтық позициясын; қазақстандық демократиялық қоғамда азаматтық құқықтар мен міндеттердің тұтас кешенін белсенді, жауапкершілікпен және тиімді іске асыруға жауапты даярлық пен қабілеттіліктің жиынтығын; өз білімі мен білігін практикада саналы қолдануды қалыптастыруы және дамытуы тиіс.

Мектептің оқу-тәрбие процесі білім алушыларда патриоттық құндылықтарға саналы оң қарым-қатынасты, белсенді азаматтық ұстанымды іске асыруға ұмтылуды қалыптастыру, Отанды, Қазақстанның мәдениетін, тарихын, салт-дәстүрлерін сүюге және құрметтеуге тәрбиелеу, мемлекеттік рәміздерді білуді насихаттау және елдің жетістіктері үшін жауапкершілік пен мақтаныш сезімін дамыту арқылы патриоттық сананы қалыптастыруы керек.



Рухани-адамгершілік тәрбие адамгершілік сана, адамгершілік идеалдар, адамгершілік және этикалық құндылықтар, нормалар мен қасиеттер қалыптасуын, діни құндылықтарды игеруді, оқушыларды ана тілін, мемлекеттік тіл – қазақ тілін, төл мәдениетін, басқа ұлттардың да мәдениетін, дәстүрлері мен тілін құрметтеу және сыйлау рухында тәрбиелеуді болжайды. Білім алушыларда дәстүрлі көзқарас пен дүниетанымды қалыптастыру, қоршаған әлемнің көптүрлілігін, қарама-қайшылығы мен күрделілігін таныту, адам өмірінің құндылықтарын және әр адамның ерекшелігін түсіну, өз өміріне ұқыпты қарауға тәрбиелеу көзделеді.

Ақыл-ой тәрбиесі білім алушылардың стандартты емес шешім қабылдау қабілетін, тұлғаның зияткерлік әлеуетін дамытумен, ойлау қабілетін, оқу-танымдық қызметінің функционалдық сауаттылықты меңгеру процесінде ақпараттық мәдениетке дағдылануымен анықталады.

Еңбек және кәсіби тәрбие еңбекке жоғары құндылық ретінде дұрыс қатынас орнатуды тәрбиелейді, технология пәндерінің тәрбиелік әлеуетін іске асыруды, шығармашылық еңбекке деген қажеттілікті дамытуды, еңбек мәдениетін тәрбиелеуді жүзеге асырады.

Эстетикалық тәрбие білім алушыларында көркемдік-эстетикалық сана, эстетикалық талғам және сезім, көркем-эстетикалық қажеттіліктер мен қабілет қалыптастыруды көздейді.

Экологиялық тәрбие ғаламдық экологиялық дүниетану мен табиғатты қорғаудың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруды, оқушы жастардың экологиялық мәдениетін, табиғатқа теңдессіз құндылық ретінде және туған ел табиғатына деген құрмет пен қастерлеу қатынасын тәрбиелеуді болжайды.

Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру балалар мен жастарда өз денсаулығына жауапкершілік қатынас орнату дағдысына негізделген, кәсіби қызмет үшін функционалдық, әлеуметтік бейімделу және психикалық орнықтылықты қамтамасыз ететін тұлғалық қасиеттердің қалыптасуын іске асырады, салауатты өмір салты, ағза ерекшеліктері туралы білім жүйесін қалыптастырады, дене тәрбиесі және спортқа баулу негізінде қайраттылық және салауатты өмір салтын дамытуды қалыптастырады.

Құқықтық тәрбие тұлғаның құқықтық санасын, саяси белсенділігі мен мінез-құлқын қалыптастыруға, заңға мойынұсынатын және заңды білетін ғана емес, сонымен қатар, оларды саналы түрде орындайтын азаматты, оның ішкі еркіндігі мен өзіндік қасиетін тәрбиелеуге бағытталады.

Оқу материалының тәрбиелік әлеуетін күшейтуде көзделеді:

– оқытылатын материалдың өмірмен, баланың келешектегі жеке және кәсіби жоспарларымен байланысы;

– оқытылатын пәннің вариативтік бөлімін аймақтың, нақты социумның мүддесі мен қажеттілігін, балалардың қызығушылығы мен қажеттілігін, ата-аналардың әлеуметтік тапсырысын ескере отыра анықтау;

– оқу материалының мазмұнын аксиологиялық тұрғыдан іріктеу, оның құрамдастарының құндылықты және адамгершілік аспектілеріне көңіл аудару;

– оқу міндетін шешуде өз елінің, қаласының, ауылының тарихи және мәдени мұра материалдарын және деректерін пайдалану;

– пәнді оқытуда өлкетану материалдарын қолдану, жергілікті дәстүрлер мен мәдени құндылықтарды ескеру;

– сәйкес тақырыпты қарастыру процесінде елдің өзекті проблемаларын, жергілікті проблемаларды шешуге және талқылауға оқушыларды тарту.



Президентіміз Н.Ә.Назарбаев білім саласының алдына жоғары талапты мақсаттар мен міндеттерді қойды, сол міндеттерді орындап, жүзеге асыру үшін білім жүйесін модернизациялаумен бірге өз еліміз үшін сапалы білім жүйесін қамтамасыз ету біздің құзыреттілігімізде екенін естен шығармағанымыз абзал.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


  1. Е. Арын : Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б.

  2. Мектеп педагогикалық ұжымының оқушы отбасымен байланыс орнатудың психологиялық-педагогикалық негіздері. / www.diplomkaz.kz. /

  3. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050» Стратегиясы.

Каталог: uploads -> doc -> 08cb
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
08cb -> Екі нарсе ғана өмірдің сәнін келтіреді: Бірі – математикамен шұғылдану, екіншісі – одан сабақ беру. Пуассон
08cb -> Қасым Аманжолов «Ақын өлімі туралы аңыз» (11-сынып,жаратылыстану-математикалық бағыт) Сабақтың мақсаты
08cb -> Оқулықпен жұмыс жасай отырып, оқушыларға қоғамдағы өзгерістер туралы түсінік бере отырып, танымдық қабілетін дамыту
08cb -> Орта мерзімді жоспар Пән: Биология Сынып: 6 Дайындаған: Қожрақова Дария Саташевна І деңгей бағдарламасын игерген биология пәнінің мұғалімі
08cb -> Сабақ: Қадыр Мырза Әлі. Мақсатты келер шақ. Күні
08cb -> Сабақтың тақырыбы: Ғ. Мүсірепов "Боранды түнде" Ғабит Мүсіреповтың "Боранды түнде"


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет