Pr-насихатшы мектебі – кім, қалай және неге үйренді?



Дата11.01.2017
өлшемі170,03 Kb.
#6850
PR-насихатшы мектебікім, қалай және неге үйренді?

XXl ғасыр – түрлі арналармен қалыптасатын ақпараттандыру және ғаламдық ақпараттық кеңістік ғасыры. Колифорниялық ғалымдардың мәліметіне сүйенсек, бір адамның күнделікті қабылдайтын ақпарат көлемі 174 газетке тең және ХХ ғасырдағы көрсеткіштерден бес есе артық екен.

Белсенді ақпараттандыру, ақпараттық кеңістіктің аса қаныққан және ақыл-ой үшін бәсеке кезеңінде маңызды стратегиялық құжаттарды кәсіби кіріскенде ғана қамтамасыз етуге болады – осы салада ақпараттық қарсыластар пайдаланатын тәсілдерды білу керек.



3-4 қыркүйек күндері Өскемен қаласында «PR-насихатшы мектебі» мультитәртіптік курсы аясындағы тұңғыш тренинг өтті. Мектепті «ТРИНТА» жеке қоры «Шығыс Қазақстан облысының ішкі сасат басқармасы» ММ тапсырысы бойынша өткізді.

Мектеп барысында қатысушылар интерактивті режімде PR тәсілдері мен формаларын тәжірибе жүзінде меңгерді, қатысымдық технологиялар, оларды сауатты пайдалану, қатысымдық үдерістердің қалыптасуы туралы білім алды. Мақсатты топтар мен жұмы сбарысында бетпе-бет кезігетін кедергілерді зерттеді, мақсатты топтың стереотиптерін, қоғамдық пікірдің қалыптасу жолдарын, адамдарды қызықтырып қана қоймай, ел алдындағы мақсат-міндеттерді жүзеге асырушыларға қалай айналдыру керектігін үйренді.

Ақпараттық-насихат жұмыстарындағы көпжылдық тәжірибесі бар кәсіби шешендердің берген екі шеберлік сыныбы туралы әңгіме бір бөлек. Олар - Столярова Элеонора Олеговна (Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ Қазақстан халқы Ассамблеясының әлеуметтік-гуманитарлығ ғылымдар доценті, әлеуметтік ғылымдар кандидаты) және Абдуллина Люция Ильдаровна (Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы сарапшылық-ғылыми топ мүшесі, филология ғылымдарының докторы).



Мектептің бір ерекшелігі – қатысушылар құрамының көпсалалығы: Өскемен, Риддер қалалары, Зырян, Ұлан, Үржар, Катонқарағай, Күршім, Глубокое, Көкпекті аудандарының ішкі саясат, мәдениет және тілдері дамыту бөлімдерінің басшылары мен мамандары, жастар орталықтарының директорлары, Достық үйлерінің директорлары мен мамандары, мәслихат хатшысы, редакторлар мен журналистер, қоғамдық кеңес өкілдері, қоғамдық ұйымдар мүшелері және т.б.



Мұнң өзі ұсынылған әрбір тәсілді түрлі салалардың тәжірибесі призмасынан өткізіп қарауға мүмкіндік берді. Түрлі құрылымдардың бірлескен ықыласы ғана қоғамдық пікірді қалыптастыруда табысқа әкелетін синергиялық нәтижені бере алатынын түсінген жөн.

Атқарушы билік, депутаттар, журналистер мен қоғамдық көшбасшылар бірлесе жұмыс істегенде ғана биліктің бастамалары оңды қабылданып, стратегиялық құжаттарға сенім тезірек қалыптасады, ал мұндай жұмыстың нәтижесі тұрақтырақ болмақ.

Қатысушылардың пікірінше, принципиалды мәселе ақпараттық кеңістікті және тұрғындар арасындағы насихат жұмыстарын кеңейтіп қана қоймай, оны сапалық жағынан өзгерту керек. Жұмыс мейлінше «адамға қатысты» болып, пікір алмасуға жағдай жасалып, стратегиялық құжаттарды бірлесе талдауға жағдай жасау керек. Адам жай ғана ақпарат алмай, оны талдауға кірістірілсе, ол құжаттың өзіне қатыстылығын түйсінсе, ол жай ғана бақылаушыдан өз мойнына жауапкершілік алуға әзір тұратын толыққанды қатысушыға айналады.



Жоба жалғасуда. Алдағы уақытта осындай тренингті Семей қаласында Семей, Курчатов қалалары және Абай, Бородулиха, Тарбағатай, Бесқарағай, Жарма, Шемонаиха, Зайсан аудандарының қатысушыларымен өткізу көзделген. Сонымен қатар, Модуль-карталар мен Тақырыптық карталар түріндегі қосымша ақпараттарды шығару жоспарланып отыр.

Жоба жаңалықтарынан құр қалмаңыздар.
Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет