Презентация қорғау: 1 слайд, 5 сөйлем. Қолданылатын сөз тіркестері



Дата09.02.2020
өлшемі16,01 Kb.
#57510
Байланысты:
000b8ba6-038b37c8

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан қалалары. Эссе

Сабақтың мақсаты: Сабақтың аяғына дейін оқушылар бірінші бөлім жеті сөйлем көлеміндегі Астана қаласы туралы, екінші тарау бес сөйлем көлеміндегі таңдаған қала туралы жоспар бойынша эссе жаза алады.

Сабақтың жабдығы: Астана туралы бейнежазба https://www.youtube.com/watch?v=J155fJ-x2cs

Сабақтың барысы:



І. 1. Ұйымдастыру кезеңі. Кезекшінің мәлімдемесі(2 минут): Сабақ үстінде кім жоқ? (Сабақ үстінде оқушылар түгел)Бүгін нешесі?(Бүгін ақпанның онжетісі) Аптаный қай күні? (Аптаныі жұма күні) Ауа райы қандай? (Ауа райы жақсы. Күн бұлтты. Баяу жел еседі. 24 градус суық. Қар жауған жоқ)

І. 2. Психологиялық ахуал. Мен саған сәттілік тілеймін!

І. 3. Сабақтың тақырыбын, мақсатын, барысын анықтау. (3 минут)

Дәптерге жазу:

Ақпанның онжетісі

Эссе


Қазақстан қалалары

Жоспар


  1. Астана- бас қала.

  2. Мысалы, Қарағанды-көмір алқабы. (екінші тарауды жеке қалау бойынша)

І. 4. Үй жұмысын тексеру. Айтылым.

Презентация қорғау: 1 слайд, 5 сөйлем. Қолданылатын сөз тіркестері: қала мәртебесі, елді мекен, салалары дамыған, ірі қалалар, халық саны, күрделі байланыс жүйелері

ІІ. Жаңа сабақ. Шығарма.

ІІ.1. Бейнежазбаны көру. Сөйлесім.

- Саған бейнежазба ұнады ма?

- Сен Астанада болдың ба?

- Астананың бейнесі қандай әсер қалдырады?

- Астана қаласының бейнесі мақтаныш сезімін оятады ма?

- Астанаға барғың келеді ме?

ІІ.2. Сөйлемдегі сөз тәртібін қайталау.

ІІ.3. Бірінші тарауды жазу. Жеті сөйлемді құрастыру:


  1. бас қаласы, мемлекетіміздің, Астана, біздің.

  2. аты, әйгілі, бүгінде, Астананың, әлемге.

  3. қала, Астана, үлкен, болашағы.

  4. бірі, ол, қалаларының, көрікті, әлемдегі.

  5. белгісі, қаласы, Қазақстанның, Астана, жаңа.

  6. деп, 6 шілде, күні, Астана, елімізде, белгіленген.

  7. елді, Қазақстанда, мәртебесі, көп, мекендер, қала, берілген.

ІІ.4. Өз таңдаған қала туралы 5 сөйлем жазу.

ІІ. 5. Бағалау критерийлер.

Рубрикатор «Шығарама»






0

1

2

3

Шығарманың көлемі




Анықталған талап жартылай орындалды

1-2 сөйлемге кем

Қойылған талапқа сай.

Шығарманың мазмұны




Тақырыбы жартылай тақырыпқа сай

Тақырыптан кейбір жерлер ауытып кеткен

Тақырыпқа сай

Шығарманың жоспары




Жоспары жоқ.

Жоспары бар. Кейбір тараулар толық ашылмаған

Жоспары бар. Толық орындалды.

Жазу сауаттылығы




Алтыға жуық емле қателер бар. 4-5 сөйлем қате құрастырылған.

Бір-екі емле қателер кездеседі.

Бір –екі сөйлем құрастыру қателер бар.



Шығарма сауатты жазылған.



ІІІ. Қорытынды.

ІІІ.1 Үй тапсырмасы. Отырар, Тараз, Түркістан туралы мәтінді тауып аудару. (2 минут)

ІІІ:2 Кері байланыс:

«Білім ағашы»

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет