Презентация Таңғы ақпараттандыру!



Дата11.05.2022
өлшемі1,15 Mb.
#142861
түріПрезентация
Байланысты:
Инфо26
Әлеуметтану 1 семинар

Презентация

Таңғы ақпараттандыру!

119 Взвод,3 отделение

Арқада аяз күшейді

  • Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе және Қостанай өңірінде жаяу бұрқасын болып, жел екпіні күшейеді. Синоптиктер Алматы облысында күн райы 28 градусқа дейін суытады деп болжайды. Оңтүстік аймақтарда қар жауып, көктайғақ болады. Ал Батысты қалың тұман тұмшалайды. Осы категория бойынша: « Елордада II ауысымның 0-7 кластары үшін сабақ онлайн болады

Қ.Тоқаевтың Бельгияға мемлекеттік сапары басталды

  • Қазақстан мен Бельгия коронавируспен бірігіп күреседі. Атап айтқанда, отандық «QazBioPharm» холдингі мен бельгиялық биофармацевтикалық платформа бірлесе жұмыс істеуі мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24». Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия Корольдігіне жасаған ресми сапары барысында осындай ұсыныс жасады. Бұл президенттің Брюссельге жасаған алғашқы ресми сапары. Мемлекет басшысы сапары аясында осы елдің королі Филиппен кездесіп, оны келер жылы өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне шақырды. Пандемия басталғалы бері Бельгия Корольдігінің сарайы қақпасын айқара аша бермейтін болған. Бұл жолғы мәртебелі мейманның жөні бөлек. Қасым-Жомарт Тоқаевты сарайдың иесі, Бельгия королі Филипп күтіп алды. Коронавирус саяси этикетті де өзгертті. Ара қашықтық сақталып жасалған дәстүрлі суреттен соң масканы тағу міндет. Сосын қос тарап арадағы мәселелерді талқылау үшін мәжіліс залын бетке алды. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Бельгия арасындағы ықпалдастықтың кеңейіп келе жатқанын айтты. Бұл ретте президент Қазақстанға үш мәрте келген Бельгия Королінің үлесін жеке атап өтті. Еуропаның тар көшелері, президент кортежі. Келесі кездесу Бельгияның Премьер-Министрімен. Осыдан бірнеше күн бұрын баспасөз құралдары Александр Де Крооның карантинге кеткенін жарыса жазған, тест теріс нәтиже көрсетіп, Қасым-Жомарт Тоқаевпен жеке жүздесті.

«Барыс» «Торпедодан» басым түсті

  • Елордалық «Барыс» өз айдынында нижегородскілік «Торпедоны» қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz. «Торпедо» кейінгі матчында уфалық «Салават Юлаевты» жеңіп, Батыс Конференциясының турнир кестесінде 8-орынға көтерілген. Ал «Барыс» кейінгі екі кездесуінде жеңіске жетсе де, плэй-офф аймағына жеткен жоқ. Бүгінгі ойында «Барыс» қарсыласын 4:2 есебімен жеңді. Осы категория бойынша: « Қажымұқанның 150 жылдығы: Түркістанда қазақ күресінен халықаралық турнир басталды

Қажымұқанның 150 жылдығы: Түркістанда қазақ күресінен халықаралық турнир басталдыkz

  • Бүгін қазақ күресінен халықаралық турнир басталды. Дәстүрлі жарысқа 6 елден 300-ге тарта балуан келді. Олардың арасында Қазақстан барысында ысылған еліміздің бетке ұстар білекті жігіттері де жүр. Өзбек пен қырғыз балуандары да жақсы дайындықпен келіпті. Жарыстың алғашқы күні бес салмақтың жеңімпаздары мен жүлдегерлері белгілі болды. 74 келіде шымкенттік Жұмажан Қожамбеков топ жарды. 82 келі салмақта дзюдодан Азия ойындарының чемпионы Дидар Хамза жеңіске жетті. Түркістандық спортшы финалда қарағанды жігітінен айласын асырды. 90 келіде тәжірибелі Ерсұлтан Мұзапаров жеңімпаз атанды. Ауыр салмақта қызылордалық Мақсат Исақабыловтың мерейі үстем болды. Ертең тағы үш салмақтың мықтылары анықталады. Түйе балуандар сайысында бас жүлдеге темір тұлпар тігілген. Осы категория бойынша: « Түркістанда даңқты балуан Қажымұқанның 150 жылдығы атап өтілді «Барыс» «Торпедодан» басым түсті »

Қ.Тоқаев шахтадағы апатқа байланысты В.Путинге көңіл айтты

  • Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Кемерово облысындағы «Листвяжная» шахтасында болған апат салдарынан кеншілердің қаза табуына байланысты Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады. «Орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, қаза болған кеншілердің жақындары мен туыстарына Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», – делінген жеделхатта. Осы категория бойынша: « Беларусьте «Qazaq. Алтын адам тарихы» деректі фильмнің тұсаукесері өтті Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгияға ресми сапармен барды »

Елордада 20 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды – Бауыржан Байбек

  • Биыл елордада 7 дәрігерлік амбулатория салынып, 96 көше жөндеуден өтті, деп хабарлайды «Хабар 24». 20 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды. Бұл деректер «Nur Otan» партиясы сайлауалды уәделерінің орындалу барысымен танысу кезінде белгілі болды. Саяси ұйым төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек баспана құрылысымен танысып, спорт, білім беру нысандарында болды. Ел астанасы бүгінде көгілдір отынға көшіп жатыр. 10 мыңнан астам жекеменшік үйге газ тартылыпты. Осы ретте жылу электр орталығын жаңғырту жұмыстары да назардан тыс қалмады. Бауыржан Байбек, «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары: - Елбасының, Президентіміздің саясаты әрбір қарапайым азаматқа жағдай жасау. Партия тарапынан газ мәселесін, су мәселесін, жол мәселесін шешуге қыруар ақша бөлініп жатыр. Сондықтан біздің қаламыз сапалы болуы керек. Осы категория бойынша: « Елордада зорлық-зомбылыққа бей-жай қарамауға үндейтін интерактивті көрме ашылды Ақмола облысында 2025 жылға дейін 43 мектеп салынады »


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет