Презентацияны бағалау критерийлері 1



Дата25.06.2017
өлшемі99,88 Kb.
#20012
түріПрезентация
2 деңгей мұғалімінің портфолио мазмұнының таныстырылымын (РР) бағалау




Құжаттың атауы

Уақыты

Мерзімі

Презентацияны бағалау критерийлері


1

Іс- әрекеттегі зерттеу нәтижесі және оның келешектегі мұғалім практикасына ықпалы (әсері)

Презентация жоба үдерісінің барысын түсіндіруге емес, мұғалімнің осы үдеріс барысында не білгенін және осы нәтижелерді келешекте оқыту мен жоспарлауда қалай қолданатыны туралы болу керек.

Көрсетілімде төмендегідей материалдар көрініс табу керек:

• Зерттеу тақырыбының дәлелдемесі (ІІ деңгей бағдарламасының 7 модулімен байланысты)

• Практикадағы өзгерістер, ондағы қолданылған шаралар туралы есеп.

•Жобаны жасау кезінде мұғалімнің кездескен қиындықтары

• Мұғалімнің деректерді жинау тәсілдерін таңдау дәлелдемесі.

• Деректерді талдау және қорытындысы

(оң өзгерістердің шынайылығын дәлелдейтін шаралардың ықпалын бағалау; практиканың жақсарғанын дәлелдейтін көрсетілім; не өзгермеді, соны талдау, болжау, ұсыныстар жасау және келесі циклде оны өзгерту, нәтижені жақсарту үшін не істеу керектігі туралы талдау және қорытындылар).


20

минут


5 слайд

Екінші «Бетпе бет» кезеңінің төртінші аптаның бірінші және екінші күндері


- Зерттеуге Сіз неге осы тақырыпты таңдадыңыз?

- Қалыптасқан практикадағы оқыту үдерісі туралы қандай жаңалықтарды білдіңіз?

- Оқыту мен оқудағы заманауи идеяларға сәйкес рефлексия барысында Сіздің оқыту тәжірибеңіз қалай өзгерді?

- Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізу барысында Сіз қандай қиындықтармен кезіктіңіз?

- Аталған қиындықтардан шығу үшін қандай шаралар қолдандыңыз?

- Олар қаншалықты тиімді және нәтижелі болды?

- Жоба орындау барысында деректер жинау үшін қандай әдіс-тәсілдер қолдандыңыз және неліктен?

- Бұдан әрі қарай Өзіңіздің кәсіби әрекетіңізде тиімді нәтижеге жету үшін қандай өзгерістер енгізгіңіз келеді?



2

Коучинг өткізу кезеңінде әріптестердің оқуының тиімділігін талдау, оның дәлелдемелерін қоса беру.

Бұл презентацияда мұғалім бір коучинг сабағын қысқаша түрде сипаттап беру керек (максимум 5 минут). Әріптестері оқу кезінде не үйренгендігі туралы дәлелдемелер келтіріп түсіндіру керек. Бұл деректерге, мысалы, топтың фотосуреттері, бірлескен жұмыс кезінде жасалған плакаттар, сабақ үстіндегі өзара бағалаулар , іске асырылатын идеялардың сабақтан кейін жазылған әріптестердің оқу жоспарлары, т.б.

Көрсетілімде төмендегідей материалдар көрініс табу керек:

- ІІ деңгей бағдарламасының мәнмәтінінде нақты идеяларға зейіннің шоғырлануының негіздемесі;

- өткізілген семинарлардың жағымды және жағымсыз жақтарын бағалау;

- қарастырылатын идеялардың негізінде мұғалімдердің оқыту үдерісін бағалау.




10-12

минут


3 слайд

Екінші «Бетпе бет» кезеңінің төртінші аптасының үшінші күні


- Оқыту мен оқудың жаңа идеяларына сәйкес коучинг- сабақ өткізу барысында әріптестеріңіз қандай жаңа білім алды?

- Сіз өткізген коучинг- сессия үшін мұғалімдердің кәсіби қажеттілігі қалай анықталды?

- Неліктен кәсіби тұрғыдан даму үздіксіз жүргізілуі керек, мұның өзіңдік тәжірибені арттыруға қаншалықты әсері бар?

- Неліктен әріптестермен қарым-қатынаста, ынтымақтастықта жұмыс істеу Сіздің және өзге мұғалімдердің тәжірибесін жақсартуға ықпал етеді?

- Коучинг- сабақтың қандай сәтті жақтары болды?

- Қандай қиындықтар туды және олардан қалай шықтыңыз?

- Сабақты қайта өткізуде Сіз қандай түзету шараларын қолданар едіңіз?

- Қатысушыларды оқыту үдерісінде қандай өзгерістер болды?



3

Бір әріптеске тәлімгерлік етудің тиімділігі туралы тәлім алушының білім алғандығының дәлелін қамтитын рефлективті есеп.

Бұл презентацияда мұғалім тәлімгерліктің қысқаша сипаттамасын беру керек (мах 5 мин). Тәлім алушы оқу барысында жаңа білім алғандығының дәлелді айғағын келтіріп түсіндіруі керек. Мұғалім тәлім алушысы нені үйренгендігін негіздеме ретінде айғақтау үшін әріптесімен бірлескен жұмысты жасап жатқандағы фотосуреттерді, тәлімгерлік кезінде жасалған плакаттарды, сол сияқты сабақ жоспарын, сабақ үстінде жүргізілген формативті бағаларын пайдалана алады, сонымен қатар іске асырылатын идеялардың сабақтан кейін жазылған әріптестердің оқу жоспарлары, т.б.

Көрсетілімде төмендегідей материалдар көрініс табуы керек:

• ІІ деңгей Бағдарламасы идеяларына қатысты әріптестің кәсіби дамуының қажеттілігін анықтау;

• тәлімгерлік жағдайындағы ұсынылған шаралар, бақылау нәтижелері, кері байланыс;

• тәлімгерліктің табыстылығын (сәттілігін) бағалау.



20

минут


5 слайд

Екінші «Бетпе бет» кезеңінің төртінші аптасының төртінші және бесінші күндері


- Менторинг-сабақ өткізу кезінде , сіздің ойыңызша қандай сұрақтарға жауап беру керек?

- Келесі сабаққа дейін адамның қол жететін жетістігі ретінде сіз күткен жағдай қаншалықты нәтижесін берді?

- Менторинг-сабақ кезінде тәлім алушы мұғалім жаңа не білді?

- Тәлім алушының пікірі бойынша оқытудың жаңа әдістерін сыныпта қалай жүзеге асыруға болады?

- Алынған деректер бойынша қандай қорытындылар жасауға болады?

- Басқа тәлімгерлік сабақтар өткізсеңіз, өз тәжірибеңізде нені өзгертер едіңіз?



Презентация мәліметтері портфолионың шынайылығын растайды және Бағдарлама идеяларын сынып тәжірибесіне енгізуге негізделген презентациялары таныстырылымдық дағдаларын көрсетеді. Презентацияның бейнежазбасы модерация үдерісіне қолдау көрсетеді.

Бағалау төмендегі мәселелерді анықтауға бағытталады:

• мұғалім өз тәжірибесіне Бағдарламаның 7 модулінің идеялары ықпалдастырылған

өзгерістерді қалай енгізді;

• мұғалім іс-әрекеттегі зерттеу жобасын өткізу нәтижесінде енгізілген өзгерістердің

тиімділігін қалай бағалады;

• мұғалім коучинг арқылы Бағдарламаның идеяларын түсінуде әріптестеріне қалай

көмек көрсетті;

• мұғалім өзінің тәлімгерлік тәжірибесін іске асыру кезеңінде Бағдарламаның иде-

яларын іске асыруда әріптестерінің біріне қалай көмек көрсетті.

Таныстырылымдар үш негізгі критерийлер бойынша бағаланады:

1. Мұғалімдер қажетті білім алып, Бағдарламаның түйінді идеялары бойынша түсінік

қалыптастырғанын;

2. осы идеяларды өз тәжірибесінде табысты қолданатындығын;

3. жаңа тәжірибелерді/тәсілдерді енгізу туралы рефлексия жасап, өз қызметін одан

әрі дамыту үшін бұл тәжірибені пайдаланатындығын көрсетулері керек.

Портфолионы бағалау кезінде топ тренерлері мен тәуелсіз тренерлер мұғалімдердің

төменде берілген екінші деңгейдегі оқу критерийлеріне сәйкестігінің дәлелдерін

анықтайтын болады.

1. Кәсіби білім мен түсінік

Мұғалімдер қажетті білім алып, Бағдарламаның түйінді идеялары бойынша түсінік

қалыптастырды.

Бағдарламаны игерген мұғалім:

• Жекелеген оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып білім алу қажеттілігінің

мәселелері бойынша терең білімдерді игерді (талантты, дарынды және т.б.) және осы

мәселелер бойынша басқа мұғалімдерге қалай кеңес беру керектігін біледі.

2. Кәсіби дағдылар

Мұғалім өз тәжірибесінде Бағдарламаның идеяларын қолданады.

Бағдарламаны игерген мұғалім:

• тиімді оқытуды, оқуды және басқару стратегиясын қалыптастыруды іске асыру-

да, соның ішінде – барлық оқушыларға өз әлеуеттерін іске асыруға мүмкіндік беруге

бағытталуын қамтамасыз ететін тәсілдерді іріктеу мен пайдалануда басқа мұғалімдерді

қолдайды;

• мұғалімдер тобымен мектеп аясында Lesson Study-ге қатыса отырып, оқыту мен оқу

мәселелері бойынша кәсіби диалогтарға бастама көтереді және қолдайды;

• коуч пен тәлімгердің рөлін орындай отырып, мұғалімдердің топтық/жекелей оқуын

басқарады;

• мектеп мұғалімдерінің кәсіби қауымдастығының қызметіне бастама көтереді және

қолдайды;

• өз әріптестерінің қызметтерінің тиімділігін анықтау жөнінде шешім қабылдайды

және бұл шешімдерді мектептегі оқыту мен оқу сапасын одан әрі жетілдіру үшін негіз

етіп пайдалану мәселесін шешеді;

• әріптестермен бірлесе отырып, мектептегі тиімді білім беру тәжірибесін пәнаралық

ықпалдастықпен қоса дамыту мақсатында сабақтарды жоспарлауға бастама көтереді

және оған қатысады;

• мектепте тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау мәселелері бойынша

тәжірибесі аздау мұғалімдер үшін тәлімгер рөлін атқарады;

• сыныпта жұмыс істеу тәжірибесі туралы кешенді, келісілген шешімдер қабылдайды

және сыныптағы проблемаларды шешу үшін тәжірибесі аздау мұғалімдерге көмек көрсетеді.


  • жұмыс істеп жүрген мұғалімдермен бірлесіп жұмыс істейді және тәжірибесі аздау

мұғалімдердің назарын жекелеген оқушылардың оқытудағы қажеттіліктеріне аударуға

көмектеседі;

• мектепте жиынтық және формативтік бағалауды пайдалану бойынша әріптестің

тәжірибесін жетілдіруге ықпал етеді;

• оқушылардың оқудағы жетістіктері мен оны ынталандыру жолдары, сондай-ақ

оқушылардың оқуын жетілдіру үшін одан әрі дамытылуға тиісті саланы анықтау жөнінде

оқушыларға, әріптестер мен ата-аналарға уақтылы, сындарлы кері байланыс ұсынады.

3. Кәсіби құндылықтар мен ұстаным

Мұғалімдер жаңа тәсілдерді енгізу туралы рефлексия жасап, одан әрі дамыту үшін

оның салдарын ескереді.

Бағдарламаны игерген мұғалім:

• мектептегі басқа мұғалімдермен өзара жағымды кәсіби қарым-қатынас орнатады;

• мектептегі мұғалімдердің кәсіби даму үдерісін басқарады және қолдау көрсетеді;

• оқыту сапасын және әріптестер қызметінің тиімділігін арттыруға қатысты

мәселелерді талқыға ұсынады;

• өз тәжірибесі мен әріптестердің тәжірибесін жетілдіру үшін зерттеулер нәтижелері

мен сыртқы дәлелдемелердің басқа да көздеріне сүйене отырып, инновациялық мектеп

тәжірибесін зерттейді және баға береді;

• мектеп мұғалімдерінің оқыту тәжірибесін жетілдіру мақсатында іс-әрекеттегі зерттеу жүргізеді.

Портфолио мазмұны таныстырылым негізінде бағаланады:

Есепке мұғалім тәлімгерлік үдерісінде бәрінің жақсы жүріп жатқанын немесе онша

еместігін, оның неге олай екендігін қалай сезінгені енгізілуі керек, мәселен:

«Меніңше кезекті талқылауым шынында пайдалы болды және тәлім алушыға оның

сұрақтарын қалыптастыруға көмектесті деп ойлаймын».

Есепте сонымен қатар мұғалімнің не істегені туралы қысқаша түсініктеме берілуі

тиіс, мәселен:

«Сабақта менің әріптесім сыни тұрғыдан ойлауды дамыту мақсатында сауалды

пайдалана отырып, оны қалай түйістіруге тырысқаны мені... Сабақтан соң біз екеуміз

кездесіп, осындай түрдегі сұрақтарды пайдалануды талқыладық, сосын мен оған өзімнің

бақылау парағымды көрсеттім (дәлелдеме ретінде бақылау парағы ұсынылады).

Таныстырылымның көп бөлігі тәлімгерлік арқылы неге қол жеткізілгеніне бағытталуы тиіс, мәселен:



«Менің тәлім алушым айтты ... Келесі сабақта мен оның ... жатқанын байқадым.

Бұл оның ... үйренгенін көрсетеді».

Мұғалім тәлім алушысы нені үйренгендігін негіздеме ретінде айғақтау үшін



фотосуреттерді, бейнеклиптер мен артефактілерді, сол сияқты сабақ жоспарын, оқушы жұмыстарын, мұғалімнің қойған бағаларын пайдалана алады.
Каталог: public -> 091013
public -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
public -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
public -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
091013 -> 3-ші деңгей мұҒалімінің портфолиосын бағалау мұҒалім портфолиосының сыртқы беті
091013 -> 1-деңгей тренері портфолиосын бағалау
091013 -> І деңгей мұҒалімінің портфолио жасақтауына қойылатын талаптар
091013 -> 2-деңгей тренері портфолиосын бағалау
091013 -> 2-ші деңгей мұҒалімінің портфолиосын бағалау портфолионың титулдық бетінде мұғалім туралы қысқаша, алайда маңызды
091013 -> 3-деңгей тренері портфолиосын бағалау


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет