Программа құрылымын сақтай отырып сызықтық программалар жазу дағдысын қалыптастыру және дамыту



бет1/2
Дата27.08.2017
өлшемі242,52 Kb.
#29777
түріПрограмма
  1   2


ШҚО Семей қаласы, №13 жалпы орта білім беретін мектеп

Кикимов Әлібек Жұмабекұлы, информатика пәні мұғалімі

9-сынып.

Тақырыбы: Паскаль программасының құрылымы, енгізу-шығару операторлары.

Мақсаты: Оқушыларды Паскаль тілінің құрылымымен және оның орындалу ретімен таныстыру, бағдарлама бөліктерінде міндетті түрде қолданылатын түйінді сөздердің дұрыс жазылуын, орналасу ретін қатаң сақтауды үйрету.

Міндеттері:

Паскаль-программаның шамаларды сипаттау бөлімі, мәлімет енгізу, нәтижені экранға шығару.

Программа құрылымын сақтай отырып сызықтық программалар жазу дағдысын қалыптастыру және дамыту;

Программа құрамында операторларды көрнекті жазуды талап ету, эстетикалық талаптарды сақтауға тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру және тәжірибеде қолдану сабағы.

Көрнекіліктері: интерактивті тақта, көрмелер, тесттік тапсырмалар, компьютер, таратпа қағаздар.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастырып,үйге берілген тапсырманы тексереді.



Сұрақ-жауап. (үй тапсырмасы)(2-флипчарт)

1.Алгоритм дегеніміз не?

2.Алгоритның неше қасиеті бар?

3.Алгоритм қасиеттерін ата?

4.Алгоритмнің неше түрі бар?

5.Қандай программалау тілдерін білесің?

І. Қызығушылықты ояту

Әр топ тақырып бойынша «Білемін», «Білгім келеді» бағандарын толтырады.(3-флипчарт)




Білемін

Білгім келеді

Үйрендім










ІІ. Мағынаны ашу.

Мәтінмен жұмыс. (оқушылар өз беттерінше орындайды) .(4-флипчарт)

Компьютерде алдын-ала тақырыпқа байланысты мәтіндер беріледі. Оқушылар жұптасып мәтінмен жұмыс жасайды. Әр оқушы дәптеріне қысқаша мәліметтер мен жаңа сөздерді жазып алады.

Арифметикалық немесе логикалық амалдар таңбасымен біріктірілген айнымалылар, атаулар, функциялар, жиымдар т.б мағанасы бар сөздер тізбегі өрнек деп аталады.

Өрнек жазуда кеткен қателікті компьютер анықтай алмауы мүмкін.



Оператор. Программалау тілінің белгілі бір іс-әрекетті орындай алатын тұрақты мағанасы бар сөйлемін оператор дейді.Операторды жазғанда қате кетсе компьютер бірден анқытайды.

Паскаль тілінде программа жеке жолдардан тұрады. Жол бойында бірнеше оператор жазылса, олардың арасы «;» -мен ажыратылады. Бір жолдағы таңбалар саны пробелді қосқанда 256-дан аспауы тиіс.



Паскаль программасының құрылымы.

1. тақырып




program программа аты жазылады;

2. сипаттау бөлімі






Var типтері көрсетілген айнымалылар;







begin

3. операторлар бөлімі




Операторлар;







end.

var қызметші сөзі Паскалда жиі қолданылады, осы сөзден кейін программада қолданылатын барлық айнымалылар типтері көрсетіліп арасы үтірмен бөлініп, тізіліп жазылады. Бұл айнымалылар мәліметтер мен нәтижелерден және аралық шамалардын тұрады.

Мәліметтер – программа орындалуы үшін керекті айнымалылар.Мәліметтер Паскаль тілінде READ операторының көмегімен компьютерге енгізіледі. Программа ішінен бұл операторды кездесітіріп, компьютер, «?» белгісін экранға шығарып сан (мәлімет) енгізуід күтеді.

Былай жазылады: read(x,y,z); клавиатурадан арасы пробелмен бөлінген үш сан теріп клавшін басамыз.

Readln(x) - сұрақ белгісі жаңа жолға шығып тұрады.

Нәтижелер – программа орындалып болған соң мәні анықталатын айнымалылар. Нәтижені экранға шығрау үшін Паскалда WRITE операторы қолданылады. Мыс: werite(‘natyje= ‘;x). ‘апостроф белгісінің арасындағылар экранға сол күйінде өзгеріссіз шығады да, х-тың орнына оны мәні шығады.

writeln(‘s= ‘,s) нәтиже жаңа жолға шығады.



Аралық шама – мәліметке де нәтижеге де жатпайтын, программа орындау барысында қажет болатын программалаушы енгізген айнымалылар.

Қосалқы программа – алдын ала ат қойылған программа. Ол негізгі программаның кез-келген бөлігінде атын көрсету арқылы шақырылып атқарыла береді.

Шығару операторы. Нәтижені немесе кез-келген ақпаратты экранға шығару үшін write немесе writeln қарапайым операторлары қолданылады.

Пішімі: write(a1, a2, a3, …, an); мұнада жақша ішінде жәй айнымалы немесе апострофпен қоршалған мәтіндер болуы мүмкін. Writeln-нің ерекшелігі ол ақпаратты жаңа жолдан басып шығарады. Нақты сандарды басып шығарғанда оларға қанша орын берілетінін көрсетуге болады. Мысалы: x –сан болсын,

write(x,n,m); Мұндағы:

х- ондық бөлшек сан,

n – х-тың барлық мәніне берілген орын саны,

m – х-мәніннің бөлшек бөлігіне берілген орын саны.



Енгізу операторы. Мәліметті немесе кез-келген ақпаратты компьютерге енгізу үшін read немесе readln қарапайым операторлары қолданылады.

Пішімі: read(a1, a2, a3, …, an); мұнада жақша ішінде жәй айнымалылар. Readln-нің ерекшелігі ол ақпаратты жаңа жолдан бастап оқиды. Айнымалыларға мән енгізгенде мәнді пернетақтадан теріп пернесін басамыз. Айнымалылар біреу немесе бірнешеу болса да осылай істейміз, болмаса жақшада қанша айнымалы (әріп) тұрса сонша мәнді арасын үтірмен бөліп жазып бірақ енгізуге болады. Тек айнмалы мен енгізілетін мәліметтің типтері бірдей болуы керек. Мысалы: x –айнымалы болсын,



read(x); Программада осы оператор кездескенде компьютер «тоқтап», экранға «?» белгісін шығарып, мәлімет енгізуіімізді күтіп тұрады. Біз тиісті мәнді (сан, сөз, т.б.) теріп -ді басамыз.


  1. (Мұғалім тақырыпты толықтырады)

Турбо Паскаль бағдарламасы туралы мағлұматтар толықтырып. Есеп шығару барысында көрсетеді.(1-слайд)



Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет