«Программалау І» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені студенттерге арналған пәннің бағдарламасы



Дата22.08.2017
өлшемі188,76 Kb.
#24509



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

семей қаласының шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті


3 деңгейлі СМК құжаты


ПОӘК


ПОӘК 042-39.1.1/02-2014

ПОӘК

Студенттерге арналған

«Программалау І» пәнінің бағдарламасы


Басылым №1 10.09.2014

5В011100 – «Информатика» мамандығына арналған



«Программалау І»

ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей


2014
АЛҒЫ СӨЗ

  1. ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ

Құрастырған:___________ Каженова Ж.С., информатика кафедрасының аға оқытушысы, информатика магистры.

«__» қыркүйек 2014 ж.



  1. ТАЛҚЫЛАНДЫ

    1. Семей қаласының Шәкәрім мемлекеттік университетінің информатика кафедрасының отырысында талқыланды

Хаттама №1, «__» қыркүйек 2014 ж.
Кафедра меңгерушісі _________________ Абишова А.А.
2.2. Физика-математика факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында талқыланды.
Хаттама №1, «__» қыркүйек 2014 ж.
Төрағасы __________ Батырова Қ.А.
3. БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданып, баспаға ұсынылды.


Хаттама №1 «__» қыркүйек 2014 ж.
Оқыту әдістемелік кеңесінің төрағасы___________ Искакова Г.К.

4.БІРІНШІ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ

МАЗМҰНЫ



  1. Жалпы мағлұматтар

  2. Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу

  3. Пәнді меңгеру бойынша әдістемелік нұсқаулар

  4. Курс форматы

  5. Курс саясаты

  6. Баға қою саясаты

  7. Әдебиеттер


ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТТАР

1.1 Оқытушы туралы жалпы мағұлматтар

Каженова Жанар Сабыртайқызы, информатика магистры

Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасы

Байланыс ақпараттары: тел.: 36-01-50, №3 оқу ғимараты, №102 кабинет.

Сабақ өтетін орын – аудитория №206. Кредиттер саны – 4


  1. Пән мазмұнының қысқаша сипаттамасы:

Деректерді өңдеу жүйесінің техникалық негізі ретінде компьютердің мүмкіншілігі пайдаланатын бағдарламалық жасаумен (бағдарламамен) байланысты. Бағдарламалау - бағдарлама құрумен байланысты теориялық және практикалық іс-әрекет. Бағдарламалау - бағдарлама құрудың әдістері мен құралдарын құру және қолдануға, зерттеуте бағытталған ғылыми пәндер кешеніне негізделген. Бағдарламалау формальды грамматикамен анықталатын бағдарламалау тілдерінің көмегімен жүзеге асырылады. "Бағдарламалау тілдері" пәнін оқып үйрену студентке бағдарлама құрастырудың нақты тәжірибесін береді, оған бағдарламалаудың жақсы стилінің мүмкіндігін және бағдарламалық құжатты құрастыруды көрсетеді. Бұл курс негізгі жалпы ғылыми пән болып есептелінеді, ол 050111 мамандығының басқа пәндерінің фундаментальды негізі болып табылады және ол бағдарлама құрастырудың тиімді және рациональды әдістеріне үйретеді.

Бұл пәнді жетік түрде оқып үйрену үшін мектеп математикасының, информатикасының базалық ұғымдарын білу керек. Бұл бағдарламаны базалық бағдарламалау тілі ретінде Тuгbо Раscal қарастырылады.
1.3 Пәнді оқу мақсаты:

Бағдарлама құру методологиясы, қолданылатын жобалау және бағдарламалау технологиясы туралы түсінікті қалыптастыру және машықтандыру Студенттерді қарапайым қолданбалар жасауға қажетті біліммен қаруландырып, дағдыларын қалыптастыру болып табылады.




    1. Пәнді оқытудың негізгі міндеттері:

  • бағдарламалау парадигмалары туралы түсініктерді қалыптастыру;

  • типтік бағдарламалау жүйесінің қызмет ету схемасымен таныстыру;

  • базалық(негізгі) бағдарламалау тілдерін үйрену;

  • бағдарламалау ортасының құрал-саймандарын меңгеру;

  • жеке бағдарламалық қолданбаларды құру және жасау;

    1. Оқыту нәтижелері:

Пәнді меңгеру нәтижесінде студенттер:

  • Бағдарламаны жобалау әдістері мен тәсілдерінің классификациясын білу;

  • Бағдарламалық өнімді құру кезеңдері туралы түсінік болуы;

  • Бағдарламалық құралдарды ұйымдастыру және олардың ішкі құрылымы туралы ұғым қалыптастыру;

  • Бағдарламалаудың типтік жүйесінің жұмыс істеу шарттарын білу;

  • Базалық (негізгі) бағдарламалау тілдерінің алфавитін, синтаксисін және семантикасын білу;

  • Базалық бағдарламалау тілдерінің құрал-саймандарымен жұмыс істеу іскерліктерінің болуы;

  • Қандай да бір есептерді практикалық жүзеге асыру үшін бағдарламалық қосымшаларды жасай білу.



    1. Курстың пререквизиттері:

Пәнді меңгеру үшін студент «математика», «информатика» пәндерінің білімдерін меңгерген болуы керек.


    1. Курстың постреквизиттері:

«Программалау», «Информатиканы оқыту әдістемесі», «Интернетте программалау» және т.б. пәндерін игеру қажеттілігі бұл пәнді меңгеруге тікелей байланысты.











2. Пән мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу



Тақырып атауы

Сағаттар

Әдебиет

Дәріс

Зертх

СОӨЖ

СӨЖ

1

2

3

4

5

6

7



1-ДӘРІС. ПРОГРАММАЛАУ ЖҮЙЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ

  • Программалау тілі және оны топтастыру;

  • Программалау тәсілдері;

  • Құрылымдық программалау;

  • Модульдік программалау.

2

1







  1. Каженова Ж.С. Программалау 1:Дәрістер жинағы. Семей, «Интеллект»,2009.-174бет.





2– ДӘРІС. ПАСКАЛЬ ТІЛІНДЕГІ ПРОГРАММАНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

  • Паскаль тіліндегі программаның құрылымы;

  • Айнымалыларды сипаттау бөлімі;

  • Программа денесі;

  • Тілдің алфавиті;

2

1









3-ДӘРІС. МӘЛІМЕТТЕР ТИПТЕРІ. CТАНДАРТТЫ ФУНКЦИЯЛАР.

  • Мәлімет типтері;

  • Стандартты типтер;

  • Стандартты процедуралар;

  • Стандартты функциялар;

2

2

5

20



4-ДӘРІС. ПАСКАЛЬ ТІЛІНІҢ БАСҚАРУ ОПЕРАТОРЛАРЫ

  • Паскаль тілінің басқару операторлары;

  • Шартты көшу операторы;

  • Шартсыз көшу операторы;

  • Таңдау операторы;

  • Қайталану операторлары.




2

4

10

25



5-ДӘРІС. TURBO PASCAL ТІЛІНДЕ МӘТІНДІК АҚПАРАТТАРДЫ ӨҢДЕУ

  • Символдық мәліметтермен жұмыс істеу тәсілдері;

  • Символдық мәліметтерді енгізу;

  • Паскаль тілінде мәтіндік ақпараттарды өңдеу;

2

2









6-ДӘРІС. ПРОЦЕДУРАЛАР МЕН ФУНКЦИЯЛАР

  • Ішкі программа ұғымы;

  • Процедураның сипатталуы;

  • Функциялардың сипатталуы;

  • Парметрлер.

2

2









7-ДӘРІС. РЕКУРСИЯ

  • Рекурсия ұғымы;

  • Итерация ұғымы.

2

2









8-ДӘРІС. ҚҰРЫЛЫМДАНҒАН МӘЛІМЕТТЕР ТИПТЕРІ. МАССИВТЕР

  • Күрделі құрылымдар ұғымы;

  • Бірөлшемді массивтер;

  • Массивтер мен жолдардың айырмашылығы;

  • Көпөлшемді массивтер;

  • Қолданылатын амалдар.

2

2

10

25



9–ДӘРІС. ҚҰРЫЛЫМДАНҒАН МӘЛІМЕТТЕР ТИПТЕРІ. ЖАЗБАЛАР

  • Жазба ұғымы;

  • With операторы;

  • Иерархиялық жазбалар;

  • Нұсқалы жазбалар;

  • Жазбаларға қолданылатын амалдар.

2

2









10–ДӘРІС. ҚҰРЫЛЫМДАНҒАН МӘЛІМЕТТЕР ТИПТЕРІ. ЖИЫНДАР

  • Жиын ұғымы;

  • Жиындарға қолданылатын амалдар;

  • Салыстыру амалы.

2

2









11–ДӘРІС. ФАЙЛДАР

  • Файлдық типтер. Файлдық айнымалылар;

  • Файлдарға қатынасты ұйымдастыру;

  • Файлдарды ашу, жабу, жою;

  • Текстік файлдар;

  • Типтендірілмеген файлдар;

  • Типтендірілген файлдар.

2

2









12–ДӘРІС. ДИНАМИКАЛЫҚ ЖАДЫ ЖӘНЕ НҰСҚАУЫШ

  • Нұсқауыштар;

  • Нұсқауыш қалпы;

  • Динамикалық жадыны бөлу және босату;

  • Нұсқауыштар және динамикалық айнымалылармен орындалатын әрекеттер;

  • Үйме администраторы.

2

2









13-ДӘРІС. МОДУЛЬДАР

  • Модуль ұғымы;

  • Стандартты модульдер;

  • Модуль құрылымы;

  • Модульдер компиляциясы.

2

2









14– ДӘРІС. ПЕРНЕТАҚТАНЫ, ЭКРАНДЫ, ДЫБЫСТЫ БАСҚАРУ

  • Пернетақтаны басқару;

  • Пернелер және кодтар;

  • Кез келген перненің басылуын анықтау;

  • Экранға шығаруды басқару;

  • Символдар мен фонның түстері;

  • Мәтіндік терезелер;

  • Терезені тазарту;

2

2









15-ДӘРІС. ГРАФИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ТЕКСТІК РЕЖИМДЕР

  • Графикалық режимге өту;

  • Графикалық драйверлер режимі;

  • Түстер мен толтырулар;

  • Координаттар мен терезелер;

  • Бейнені түзету;

  • Нүктелер мен сызықтар;

  • Толтырылмаған фигуралар;

  • Толтырылған фигуралар;

2

2

5

20




Барлығы:

30

30

30

90





Зертханалық жұмыс тақырыптары
Зертханалық жұмыс №1. Turbo Pascal программалау ортасы. Паскаль тілінің негізгі элементтері. Программа құрылымы.

Зертханалық жұмыс №2. Мәліметтер типтері. Мәліметтерді енгізу/шығару. Операторлар.

Зертханалық жұмыс №3. Тармақталған құрылымдағы бағдарлама құру.

Зертханалық жұмыс №4. Циклдық құрылымдағы бағдарлама құру.

Зертханалық жұмыс №5. Деректердің құрылымдық типтері. Жолдар.

Зертханалық жұмыс №6. Процедуралар және функциялар. Рекурсиялар.

Зертханалық жұмыс №7. Деректердің құрылымдық типтері. Бір өлшемді массивтер.

Зертханалық жұмыс №8. Деректердің құрылымдық типтері. Екі өлшемді массивтер.

Зертханалық жұмыс №9. Массивтерді сұрыптау. Реттелген массивтегі бинарлық іздеу.

Зертханалық жұмыс №10. Деректердің құрылымдық типтері. Жиындар.

Зертханалық жұмыс №11. Деректердің құрылымдық типтері. Жазулар.

Зертханалық жұмыс №12. Файлдар. Файлдық типті сипаттау. Файлдарды өңдеуге арналған стандартты процедуралар мен функциялар.

Зертханалық жұмыс №13. Мәтіндік файлдар. Типтендірілген файлдар. Типтендірілмеген файлдар.

Зертханалық жұмыс №14. Байланысқан тізімдерді ұйымдастыру үшін көрсеткіштерді пайдалану.Рекурсивтік деректер типтері. Байланысқан тізімдер. Стектер. Кезектер. Дектер. Бұтақшалар. Екілік бұтақшаларға қолданылатын негізгі амалдар.

Зертханалық жұмыс №15. Турбо Паскальдағы графика. Графикті аппараттық және бағдарламалық қолдау.
Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары

СӨЖ №1

1.Паскаль тіліндегі стандартты функциялар.

2. Бүтінсанды арифметика.

3. Логикалық типті шамалар.

4. Шартты оператор.Таңдау операторы.
СӨЖ №2

1. Циклық оператор. Параметрлі цикл операторы.

2. Циклық оператор. Шарты алдынан текстерілетін цикл операторлары.

3. Циклық оператор. Шарты соңынан тексерілетін цикл операторлары.

4. Символдық мәліметтерді өңдеуге арналған процедуралар мен функциялар.
СӨЖ №3

1.Массивтер. Бірөлшемді массивтер. Екіөлшемді массивтер.

2. Максимумды табу есептері.

3. Сұрыптау есептері.

4. Массивтерге амалдар қолдану есептері.
СӨЖ №4

1. Графикалық операторлармен жұмыс істеу.

2. Пайдаланушы процедурасы. Пайдаланушы функциясы.

3. Файлдармен жұмыс істеу.




  1. Пәнді меңгеру бойынша әдістемелік нұсқаулар

Аталған пәнді жетістікпен оқып үйрену үшін барлық сабақтарға қатынасу, дәрісті үнемі жүргізу, оқытушының барлық тапсырмаларын орындау, зертханалық сабақтарға, СОӨЖ, СӨЖ өз уақытында дайындалу қажет. Зертханалық жұмыс және машықтану сабақтарына барысында екпінді қатынасқаны жөн.

Барлық сабақтарға қатынасу қатаң түрде тексеріледі. Сабақты босатқан жағдайда оқылған материалға жауап бересіз. Себепсіз босатылған үш сабаққа ұпай есептелмейді.

Зертханалық жұмыстарға, Машықтану сабақтарына, СОӨЖ, СӨЖ дайындалу барысында сәйкес дәріс материалдарын білу қажет.

Семестр бойы екі межелік бақылау жүргізіледі.

Қорытынды емтихан барлық теориялық сұрақтармен практикалық тапсырмаларды қамтиды.

  1. КУРС ФОРМАТЫ


Курсты оқу курстың күрделі сұрақтары қарастырылатын дәріс сабақтарынан басталады. Материал зертханалық сабақтарда бекітіледі. Зерт ханалық сабақтарға дайындық барысында ұсынылған әдебиетті өзбетімен оқу керек, осы тақырыптағы дәріс мазмұнымен танысу керек, соңынан бақылау сұрақтарына жауап беріп, практикалық тапсырмаларды орындау керек.

  1. КУРС САЯСАТЫ


Осы курсты меңгеру барысында студент дәріс, машықтану және зертханалық сабақтарына міндетті түрде қатынасуы қажет. Сабақтарға кешікпей келу қажет. Сабақ уақытында ұялы телефонды ағытып қою керек. Зертханалық сабақтарда техника қауіпсіздігін сақтау қажет. Орнатылған программалар мен бөгде құжаттарды жоюға қатаң түрде тиым салынады. Сабақ уақытында сабақ өткізуге кедергі жасайтын болса, бірден «қанағаттанарлықсыз» бағасы қойылады. Өздік жұмыстарды уақытында тапсыру қажет, кешіктірілген жұмыс қабылданбайды.

Межелік аттестация студенттің сабаққа қатынасуына, тапсырмаларды уақытында орындауына, бақылау жұмыстарының бағасына қатысты қойылады. Соңғы қорытынды баға соңғы аттестацияның 60 және емтихан бағасының 40 құрайды.



  1. БАҒАЛАРДЫ ҚОЮ САЯСАТЫ

Апта

Бақылау түрі

Барл.

балл


Ескертпе

1

2

3

4




1-аптадан 7-аптаға дейін аудиториялық сабақтардың барлығына қатысу

30




2

Зертханалық жұмыс

20




3

Зертханалық жұмыс

20




4

Зертханалық жұмыс

20




4

СӨЖ

45




5

Зертханалық жұмыс

20




6

Зертханалық жұмыс

20




6

СӨЖ

45




7

Шептік бақылау

80




1-аптадан 7-аптаға дейін оқу нәтижесі бойынша барлық балл

300







8-аптадан 15-аптаға дейін аудиториялық сабақтардың барлығына қатысу

30




9

Зертханалық жұмыс

20




10

Зертханалық жұмыс

20




10

СӨЖ

45




11

Зертханалық жұмыс

20




12

Зертханалық жұмыс

20




13

Зертханалық жұмыс

20




14

СӨЖ

45




15

Шептік бақылау 2

80




8-аптадан 15-аптаға дейін оқу нәтижесі бойынша барлық балл

300




Емтихан үшін балл

400




Академиалық кезең ішіндегі қортынды балл

1000






  1. ӘДЕБИЕТТЕР




Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер

  1. Каженова Ж.С. Программалау 1:Дәрістер жинағы. Семей, «Интеллект»,2009.-174бет.


  2. TURBO PASCAL 7.0. Алгоритмдік тілінде бағдарламалау /Нұрымбетов, Ә.Ү. - 2012

  3. Алгоритмдеу және программалау тілдері /Бөрібаев, Б.Б. - 2011

  4. Основы программирования на языке "ПАСКАЛЬ": Алгоритмизация и программирование /Даулеткулов, А.Б. - 2013

  5. Основы алгоритмизации и программирования / С. Дузельбаев, / - 2008

  6. Программалау технологиялары: Turbo Pascal /Сейпилова, Б. - 2009

  7. "Паскаль" тілінде программалау негіздері /Дәулетқұлов, А.Б. - 2005

  8. Turbo Pascal / Ж.Қ. Масанов / - 2004

  9. Pascal 7.0. Практическое программирование. Решение типовых задач /Климова, Л.М. - 2000

  10. М.Э.Абрамян. Programming Taskbook. Электронный задачник по программированию. Версия 4.5. Ростов-на-Дону. 2005. Дата генерации PDF-документа: 26.10.2005.



Қосымша әдебиеттер


  1. М.Э.Абрамян. Programming Taskbook. Электронный задачник по программированию. Версия 4.5. Ростов-на-Дону. 2005. Дата генерации PDF-документа: 26.10.2005.

  2. http://www.borlpasc.narod.ru

  3. http://www.pascal.hop.ru/cgi-bin/index.pl

  4. http://pascalstudy.narod.ru



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет