Психология пәнінен мемлекеттік емтихан сұрақтары



бет1/3
Дата18.06.2020
өлшемі67,32 Kb.
#73992
  1   2   3
Байланысты:
ПСИХОЛОГИЯ мемлекеттік емтихан
ПСИХОЛОГИЯ мемлекеттік емтихан, МЕТОДИКА емтихан сұрақтары

Психология пәнінен мемлекеттік емтихан сұрақтары


  1. Психология пәні және топтастырылуы

Психология – психикалық құбылыстардың пайда  болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Олар көпшілігімізге өз тәжірибемізде жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажырататын да, білетін де сияқтымыз. Бірақ психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауды, олардың өзіндік заңдылықтарын айқындауды сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады

Психология ерте замандардан келе жаткан білім  салаларының бірі. Оның дүниеге тұңғыш келген жері ежелгі Греция. «Психология» термині гректің екі сөзінен  тұрады: оның біріншісі - «псюхе» (жан), екіншісі - «логос» (білім, ілім). Сөйтіп, бұл сөз «жан туралы ілім» деген  ұғымды білдіреді. Бірақ психологияны «жан туралы ілім» демей, психика  туралы ғылым деп түсінген дұрыс. Ғылымының өзіндік таңбасы гректің «псю» әрпімен таңбаланады.

Психология – адамның жеке бірлік ретіндегі  психикасын, өзінің сан-алуан сезімін, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдық, кәсіпкерлік, кей жағдайда саясаттық және теологиялық.

Психологияның негізгі мақсаты – психиканы субьективттік құрылыммен, сыртқы ортаны пайымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу.

Этимологиялық деңгейде психология рух пен руханиятты (көне грекше: ψυχή — рух) зерттеу (көне грекше: -λογία — сөз, ғылым, тану) деп танылады. Өзінің грекше мағынасында бұл зерттеу вегетативттік (жан дүниесі мен рухани болмысы), сезімдік (ниет-пиғыл, байым, әрекет), интеллективттік (ақыл-ой) функцияларымен шектеледі. Алайда психология — ақыл-ой қызметтерін зерттеумен бірге, рухани себеп-салдар әдістемесі, рухани жекешілдігінің, тұлға ішіндегі ақиқатты зерттеу. Ақыл-ой – тек комбинация мен арақатынас мекені емес, ол абстракция мен материалдық қатынас арқылы адам затын ойлау әрекетіне икемді нәрсе ретінде анықтайды. Осы тұста адам мен жануар арасындағы айырмашылық көрінеді.

Психологияның зерттеу объектісі – осы күннің өткен ғасырлардан бері келе жатқан дау мен талқылаудың тақырыбы. Бұл күрделі дауға шешім табатындай пікірлер қалыптасқан әдет-ғұрып бойынша бірнешеу, атап айтсақ, психологияның зерттеу объектісі - мінез-құлық пен оның қалыптасуы; ойлау процестері; эмоциялар мен пейіл; тұлға; адамдар арасындағы қарым-қатынастар, т.б.

Адам танымның ерекше бір саласы ретінде кез-келген ғылымның өзі зерттейтін ерекше пәні болады. Психологияның зерттейтін пәні- психика.

Психология ғылым ретінде психиканың әртүрлі құбылыстарын зерттеу және түсіндірумен ғана емес, сондай-ақ олардың мәнін қорыта талдау және ашып көрсету, солардың негізінде психологиялық құбылыстар мен үрдістердің себептерін әрі олардың болашақта көрініс беретіндігін болжауға болатын белгілі бір заңдылықтарды ашып анықтаумен шұғылданады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет