Р. Т. Хайруллина М34 Мәшһүр-Жүсіп мұрасы : әдістемелік-библиографиялық құрал / құраст. Р. Т. Хайруллина. Павлодар : Кереку, 2010. 79 б


Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы өмірі мен шығармашылығы туралы еңбектердің хронологиялық көрсеткіштері (2009 жыл)



бет2/5
Дата11.01.2017
өлшемі1,05 Mb.
#7345
1   2   3   4   5

2 Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы өмірі мен шығармашылығы туралы еңбектердің хронологиялық көрсеткіштері (2009 жыл)

1 Әбдіғалымова Ж. О., Шахажанова Г. К. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы еңбектеріндегі орыс тілінен ауысқан сөздердің қолданылу сипаты / Ж. О. Әбдіғалымова, Г. К. Шахажанова // Қазақстан педагогикалық Хабаршысы: «Мәшһүр-Жүсіп мұрасы: таным және тағылым» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясының материалдары / Павлодар. ПМПИ, 2009. − 393 б.

2 Смағұлов Т. Н. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев еңбектеріндегі Сарыарқаның тарихи топонимикасы мен археологиялық ескеркіштер

/ Т. Н. Смағұлова // Қазақстан педагогикалық Хабаршысы: «Мәшһүр-Жүсіп мұрасы: таным және тағылым» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясының материалдары / Павлодар. ПМПИ, 2009. − 393 б.

3 Әсенова Н. С. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының көзқарастары қалыптасуының алғышарттары / Н. С. Әсенова // Қазақстан педагогикалық Хабаршысы: «Мәшһүр-Жүсіп мұрасы: таным және тағылым» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясының материалдары / Павлодар. ПМПИ, 2009. − 393 б.

4 Хайруллина Р. Т., Тұрышев А. Қ. «Мәшһүртану» жалпы білім беретін орта мектептердің 5-11 сынып оқушыларына дайындалған арнаулы курстың бағдарламасы / Р.Т. Хайруллина., А.Қ. Тұрышев // − Павлодар: Кереку, 2008. − 79 б.

5 Кәріпжанова А. О. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы шығармаларындағы метафоралық тіркестер / А. О. Кәріпжанова // Қазақстан педагогикалық Хабаршысы: «Мәшһүр-Жүсіп мұрасы: таным және тағылым» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясының материалдары / Павлодар. ПМПИ, 2009. − 393 б.

6 Тұрышев А. Қ. Мәшһүртану өрісі / А. Қ. Тұрышев // Қазақстан педагогикалық Хабаршысы: «Мәшһүр-Жүсіп мұрасы: таным және тағылым» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясының материалдары / −Павлодар. ПМПИ, 2009. − 393 б.

7 Тұрышев А. Қ. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев тіл білімі туралы

/ А. Қ. Тұрышев // Қазақстан педагогикалық Хабаршысы: «Мәшһүр-Жүсіп мұрасы: таным және тағылым» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясының материалдары / −Павлодар. ПМПИ, 2009. − 393 б.

8 Баязитов С. Мәшһүртануды тану / С. Баязитов // «ІХ Сәтбаев оқулары» атты жас ғалымдар, студенттер және оқушылардың халықаралық ғылыми конференция материалдары. − Том 3. «Жас ғалымдар». − Павлодар : Кереку, 2009. − Б. 120-128.

9 Тұрышев А. Қ., Асқарова Л. К. «Мәшһүр-Жүсіп: өмірдің философиялық мәні, ізденістері» атты оқушылар арасындағы интеллектуалдық турнирдің ережесіне негіздеме / А. Қ. Тұрышев.,

Л. К. Асқарова // «ІХ Сәтбаев оқулары» атты жас ғалымдар, студенттер және оқушылардың халықаралық ғылыми конференция материалдары. − Том 3. «Жас ғалымдар». − Павлодар: Кереку, 2009. − Б. 242-245.

10 Тұрышев А. Қ., Мейірманов А. Б. Мәшһүр-Жүсіп мұрасындағы салт-дәстүрге байланысты сөздердің этимологиясы /

А. Қ. Тұрышев, А. Б. Мейірманов // «ІХ Сәтбаев оқулары» атты жас ғалымдар, студенттер және оқушылардың халықаралық ғылыми конференция материалдары. − Том 3. «Жас ғалымдар». − Павлодар: Кереку, 2009. − Б. 245-257.

11 Тоқжігітова Д. Қ. М. Ж. Көпеев жинаған мақал-мәтелдер, жұмбақтар мен жаңылтпаштар / Д. Қ. Тоқжігітова //«ІХ Сәтбаев оқулары» атты жас ғалымдар, студенттер және оқушылардың халықаралық ғылыми конференция материалдары. − Том 1. «Жас ғалымдар». − Павлодар : Кереку, 2009. − Б. 48-54.

12 Тұрышев А. Қ. Бұл жарияланым басқаға қарағанда өзгерек... (2008 жылы жарияланған ғылыми мақалалар) / А. Қ. Тұрышев // «ІХ Сәтбаев оқулары» атты жас ғалымдар, студенттер және оқушылардың халықаралық ғылыми конференция материалдары. − Том 1. «Жас ғалымдар». − Павлодар : Кереку, 2009. − Б. 55-66.

13 Тұрышев А. Қ. Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы рухани мәдениет лексикасы / А. Қ.Тұрышев // «ІХ Сәтбаев оқулары» атты жас ғалымдар, студенттер және оқушылардың халықаралық ғылыми конференция материалдары. − Том 1. «Жас ғалымдар». − Павлодар: Кереку, 2009. − Б. 66-71.

14 Тұрышев А. Қ. Мәшһүр-Жүсіп және халық ауыз әдебиеті үлгілері / А. Қ. Тұрышев // «ІХ Сәтбаев оқулары» атты жас ғалымдар, студенттер және оқушылардың халықаралық ғылыми конференция материалдары. − Том 1. «Жас ғалымдар». − Павлодар: Кереку, 2009. − Б. 71-74.

15 Тұрышев А. Қ., Аубакирова А. К. Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы діни лексика / А.Қ.Тұрышев., А.К. Аубакирова // «ІХ Сәтбаев оқулары» атты жас ғалымдар, студенттер және оқушылардың халықаралық ғылыми конференция материалдары. − Том 1. «Жас ғалымдар». − Павлодар : Кереку, 2009. − Б. 75-80.

16 Тұрышев А. Қ., Тезекбаев М. Т., Демесинова Г. Х. Мәшһүртану ілімі / А. Қ.Тұрышев., М. Т. Тезекбаев., Г. Х. Демесинова // «ІХ Сәтбаев оқулары» атты жас ғалымдар, студенттер және оқушылардың халықаралық ғылыми конференция материалдары. − Том 1. «Жас ғалымдар». − Павлодар: Кереку, 2009. − Б. 80-91.

17 Тұрышев А. Қ., Аубакирова А. К. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев шығармаларындағы заттық мәдениет лексикасы / А.Қ.Тұрышев.,

А. К. Аубакирова // «ІХ Сәтбаев оқулары» атты жас ғалымдар, студенттер және оқушылардың халықаралық ғылыми конференция материалдары. − Том 1. «Жас ғалымдар». − Павлодар : Кереку, 2009. − Б. 95-104.

18 Тұрышев А. Қ., Тұрышев Ә. А. Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы заттық атаулар / А.Қ. Тұрышев., Ә.А.Тұрышев // «ІХ Сәтбаев оқулары» атты жас ғалымдар, студенттер және оқушылардың халықаралық ғылыми конференция материалдары. −Том 1. «Жас ғалымдар». − Павлодар : Кереку, 2009. − Б. 104-109.

19 Сарбалаев Е. Ж. Мәшһүр-Жүсіп – ұлтжанды ақын / Е. Ж. Сарбалаев //«ІХ Сәтбаев оқулары» атты жас ғалымдар, студенттер және оқушылардың халықаралық ғылыми конференция материалдары. − Том 1. «Жас ғалымдар». − Павлодар : Кереку, 2009. − Б. 178-183.

20 Пазылов Ә. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы және «Қара мес» /

Ә. Пазылов // «ІХ Сәтбаев оқулары» атты жас ғалымдар, студенттер және оқушылардың халықаралық ғылыми конференция материалдары. −Том 1. «Жас ғалымдар». − Павлодар : Кереку, 2009. − Б. 224-231.

21 Пазылов Ә. Мәшһүр-Жүсіп және 1905 жылғы патша манифесті / Ә. Пазылов // «ІХ Сәтбаев оқулары» атты жас ғалымдар, студенттер және оқушылардың халықаралық ғылыми конференция материалдары. − Том 1. «Жас ғалымдар». − Павлодар : Кереку, 2009. − Б. 231-236.

22 Кәріпжанова А. О. Теңеу – ерекше стилистикалық тәсіл / А.О. Кәріпжанова // «ІХ Сәтбаев оқулары» атты жас ғалымдар, студенттер және оқушылардың халықаралық ғылыми конференция материалдары. − Том 1. «Жас ғалымдар». − Павлодар : Кереку, 2009. − Б. 155-159.

23 Тұрышев А. Қ. Түркі әлемі және Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы заттық мәдениет лексикасы / А.Қ. Тұрышев // «Түркі тілдерінің жаңа ғасырда дамуы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. − Павлодар: Кереку, 2009. − Том 1. − Б. 106-115.

24 Әбдіғалымова Ж. О. Қазақ шежіресі және М-Ж. Көпеев шежіресі / Ж.О.Әбдіғалымова // «Түркі тілдерінің жаңа ғасырда дамуы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. − Павлодар : Кереку, 2009. − Том 2. − Б. 46-52.

25 Сарбалаев Е. Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы азаматтық сарын / Е. Сарбалаев // Қазақ тілі мен әдебиеті. − 2009. №1. − Б. 110-112.

26 Сарбалаев Е. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев шығармаларындағы діл түзеу мәселелері / Е. Сарбалаев // Қазақ тілі мен әдебиеті. − 2009. № 2.

− Б. 112-115.

27 Мәшһүр-Жүсіп қысқаша энциклопедиясы 4 том / құраст.: Елемесов Д. Қ., Төлеубаева А. С., Төлегенова А. Н. – Павлодар: Кереку, 2009. –74б.

28 Тұрышев А. Қ., Кәрібжанова А. О., Оралова М. О. Мәшһүр тағылымы: жинақ / Тұрышев А. Қ., Кәрібжанова А. О., Оралова М. О – Павлодар: Кереку, 2009. – Т. 2. – 112 б.

29 Тұрышев А. Қ. Мәшһүр-Жүсіп шығармалары тілінің морфологиялық ерекшеліктері : оқу құралы. 2 бөлім / А. Қ. Тұрышев. − Павлодар: Кереку, 2009. – 179 б.

30 Тұрышев А. Қ. Мәшһүр-Жүсіп шығармалары тілінің әдеби тілге қатысы : оқу құралы. 1 бөлім. / А.Қ. Тұрышев. − Павлодар: Кереку, 2009. – 179 б.

31 Тұрышев А. Қ. Мәшһүр-Жүсіп тілінің морфологиялық ерекшеліктері / А. Қ. Тұрышев // «Жаһандану жағдайында тілдердің дамуы мен қазақ тілінің көкейкесті мәселелері» атты ғылыми-практикалық конференция материалдары. − Павлодар : Кереку, 2009. − 413 б.

32 Тұрышев А. Қ. Мәшһүр-Жүсіп тіліндегі сөзжасам мәселесі / А.Қ.Тұрышев // «Жаһандану жағдайында тілдердің дамуы мен қазақ тілінің көкейкесті мәселелері» атты ғылыми-практикалық конференция материалдары. − Павлодар : Кереку, 2009. − 413 б.

33 Тұрышев А. Қ. Мәшһүр-Жүсіп және Мұхтар Әуезов / А. Қ. Тұрышев // «Жаһандану жағдайында тілдердің дамуы мен қазақ тілінің көкейкесті мәселелері» атты ғылыми-практикалық конференция материалдары. − Павлодар : Кереку, 2009. − 413 б.

34 Тұрышев А. Қ. Мәшһүр-Жүсіптің лингвистикалық көзқарасы / А. Қ. Тұрышев // «Жаһандану жағдайында тілдердің дамуы мен қазақ тілінің көкейкесті мәселелері» атты ғылыми-практикалық конференция материалдары. − Павлодар : Кереку, 2009. − 413 б.

35 Тұрышев А. Қ. Мәшһүр-Жүсіп және тіл тарихы / А.Қ.Тұрышев // «Жаһандану жағдайында тілдердің дамуы мен қазақ тілінің көкейкесті мәселелері» атты ғылыми-практикалық конференция материалдары. − Павлодар : Кереку, 2009. − 413 б.

36 Тұрышев А. Қ. Мәшһүр-Жүсіп тілінің фонетикалық ерекшеліктері / А. Қ. Тұрышев // «Жаһандану жағдайында тілдердің дамуы мен қазақ тілінің көкейкесті мәселелері» атты ғылыми-практикалық конференция материалдары. − Павлодар : Кереку, 2009. − 413 б.

37 Тұрышев А.Қ. Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы көне әдеби тіл элементтері / А.Қ.Тұрышев // «Жаһандану жағдайында тілдердің дамуы мен қазақ тілінің көкейкесті мәселелері» атты ғылыми-практикалық конференция материалдары. − Павлодар: Кереку, 2009. − 413 б.

38 Тұрышев А.Қ. Мәшһүр-Жүсіп тілінің лексикасы / А.Қ.Тұрышев // «Жаһандану жағдайында тілдердің дамуы мен қазақ тілінің көкейкесті мәселелері» атты ғылыми-практикалық конференция материалдары. − Павлодар : Кереку, 2009. − 413 б.

39 Тұрышев А.Қ. Мәшһүр Жүсіп Көпеев шығармаларындағы көне әдеби тіл элементтері / А.Қ.Тұрышев // «Жаһандану жағдайында тілдердің дамуы мен қазақ тілінің көкейкесті мәселелері» атты ғылыми-практикалық конференция материалдары. − Павлодар: Кереку, 2009. − 413 б.

40 Кәріпжанова А.О. Сан атаулары ұйытқы болған фразеологизмдер коннотациясы / А.Қ.Тұрышев // «Жаһандану жағдайында тілдердің дамуы мен қазақ тілінің көкейкесті мәселелері» атты ғылыми-практикалық конференция материалдары. − Павлодар: Кереку, 2009. − 413 б.

41 Кәріпжанова А.О. Е. Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы теңеулер / А.О.Кәріпжанова // Қазақ тілі мен әдебиеті. − 2009. № 5. − Б. 103-106 б.

42 Көпеев А.Ж. Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы (1том) лингвостатистикалық ғылыми сипаты / А.Ж.Көпеев // Магистрлік диссертация. Павлодар, 2009. − 72 б.

43 Бақраденова А.Б. Ұлылардан қалған ұлағатты сөздер жайында / А.Б.Бақраденова // Қазақстан педагогикалық Хабаршысы: «Мәшһүр-Жүсіп мұрасы: таным және тағылым» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясының материалдары. − Павлодар. ПМПИ, 2009. − 393 б.

44 Сабданбекова Ә.Ә., Сабданбекова З.Ә. Қазақ шежіресі хақында / Ә.Ә.Сабданбекова, З.Ә.Сабданбекова // Қазақстан педагогикалық Хабаршысы: «Мәшһүр-Жүсіп мұрасы: таным және тағылым» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясының материалдары. − Павлодар. ПМПИ, 2009. − 393 б.

45 Ахметова Ш.К., Жәнісов Ә.Т., Смағұлов Т.Н. Мәшһүр-Жүсіп еңбектеріндегі Сарыарқаның тарихи топонимикасы мен археологиялық ескерткіштері / Ш.К. Ахметова., Ә.Т.Жәнісов., Т.Н.Смағұлов // Қазақстан педагогикалық Хабаршысы: «Мәшһүр-Жүсіп мұрасы: таным және тағылым» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясының материалдары. − Павлодар. ПМПИ, 2009. − 393 б.

46 Тұрышев А.Қ., Мейірманов А.Б. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев шығармаларындағы ислам дініне қатысты адам аттары

/ А.Қ.Тұрышев., А.Б.Мейірманов // «ІХ Сәтбаев оқулары» атты жас ғалымдар, студенттер және оқушылардың халықаралық ғылыми конференциясының материалдары. − Павлодар : Кереку, 2009. − Том 2. 1 бөлім. − 317 б.

47 Тұрышев А.Қ. Мәшһүр-Жүсіп мұраларындағы этномәдениет / А.Қ.Тұрышев // «ІХ Сәтбаев оқулары» атты жас ғалымдар, студенттер және оқушылардың халықаралық ғылыми конференциясының материалдары. − Павлодар : Кереку, 2009. − Том 2. 1 бөлім. − 317 б.

48 Тұрышев А.Қ. Мәшһүр-Жүсіптің діни шығармаларындағы адам аттары / А.Қ.Тұрышев // «ІХ Сәтбаев оқулары» атты жас ғалымдар, студенттер және оқушылардың халықаралық ғылыми конференциясының материалдары. − Павлодар : Кереку, 2009. −Том 2. 1 бөлім. − 317 б.

49 Тұрышев А.Қ. Мәшһүр-Жүсіп мұрасындағы тарихи тұлғалар есімі / А.Қ.Тұрышев // «ІХ Сәтбаев оқулары» атты жас ғалымдар, студенттер және оқушылардың халықаралық ғылыми конференциясының материалдары. − Павлодар : Кереку, 2009. −Том 2. 1 бөлім. − 317 б.

50 Тұрышев А.Қ., Мейірманов А.Б. Мәшһүр-Жүсіптің діни адамдар туралы шығармалары / А.Қ.Тұрышев., А.Б.Мейірманов // «ІХ Сәтбаев оқулары» атты жас ғалымдар, студенттер және оқушылардың халықаралық ғылыми конференциясының материалдары. − Павлодар : Кереку, 2009. − Том 2. 1 бөлім. − 317 б.

51 Тұрышев А.Қ., Тұрышев Ә.А. Мәшһүр-Жүсіп мұрасындағы киім атауларының қолданысы / А.Қ.Тұрышев., Ә.А.Тұрышев // «ІХ Сәтбаев оқулары» атты жас ғалымдар, студенттер және оқушылардың халықаралық ғылыми конференциясының материалдары. − Павлодар : Кереку, 2009. − Том 2. 1 бөлім. − 317 б.

52 Тұрышев А.Қ., Тұрышев Ә.А. Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы кірме сөздер / А.Қ.Тұрышев., Ә.А.Тұрышев // «ІХ Сәтбаев оқулары» атты жас ғалымдар, студенттер және оқушылардың халықаралық ғылыми конференциясының материалдары. − Павлодар : Кереку, −2009. − Том 2. 1 бөлім. − 317 б.

53 Тұрышев А.Қ., Тұрышев Ә.А. Мәшһүр-Жүсіп мұраларындағы тұлғалар бейнесі / А.Қ.Тұрышев., Ә.А.Тұрышев // «ІХ Сәтбаев оқулары» атты жас ғалымдар, студенттер және оқушылардың халықаралық ғылыми конференциясының материалдары. − Павлодар : Кереку, 2009. − Том 2. 1 бөлім. − 317 б.

54 Пазылов Ә. Қазақ баспасөзі және Мәшһүр-Жүсіптің саяси ұстанымы / Ә. Пазылов // «ІХ Сәтбаев оқулары» атты жас ғалымдар, студенттер және оқушылардың халықаралық ғылыми конференциясының материалдары. − Павлодар : Кереку, 2009. − Том 2. 1 бөлім. − 317 б.

55 Тұрышев А.Қ. Мәшһүр-Жүсіп мұрасындағы ислам мәдениеті / А.Қ.Тұрышев // «ІХ Сәтбаев оқулары» атты жас ғалымдар, студенттер және оқушылардың халықаралық ғылыми конференциясының материалдары. − Павлодар : Кереку, 2009. − Том 2. 2 бөлім. − 181 б.

56 Тұрышев А.Қ. Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы діни тағылымдар / А.Қ.Тұрышев // «ІХ Сәтбаев оқулары» атты жас ғалымдар, студенттер және оқушылардың халықаралық ғылыми конференциясының материалдары. − Павлодар : Кереку, 2009. − Том 2. 2 бөлім. − 181 б.

57 Тұрышев А.Қ. Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы діни ұғымдар / А.Қ.Тұрышев // «ІХ Сәтбаев оқулары» атты жас ғалымдар, студенттер және оқушылардың халықаралық ғылыми конференциясының материалдары. − Павлодар : Кереку, 2009. − Том 2. 2 бөлім. − 181 б.

58 Тұрышев А.Қ. М-Ж.Көпеевтің теонимиялық тақырыптағы шығармалары / А.Қ.Тұрышев // «ІХ Сәтбаев оқулары» атты жас ғалымдар, студенттер және оқушылардың халықаралық ғылыми конференциясының материалдары. − Павлодар : Кереку, 2009. − Том 2. 2 бөлім. − 181 б.

59 Тұрышев А.Қ., Талқанбаева Қ.Қ. М-Ж.Көпеевтің діни тақырыптағы шығармалары / А.Қ.Тұрышев., Қ.Қ.Талқанбаева // «ІХ Сәтбаев оқулары» атты жас ғалымдар, студенттер және оқушылардың халықаралық ғылыми конференциясының материалдары. − Павлодар : Кереку, 2009. − Том 2. 2 бөлім. − 181 б.

60 Қопаева Ә.Қ. Кинологиялық лексика / Ә.Қ.Қопаева // «ІХ Сәтбаев оқулары» атты жас ғалымдар, студенттер және оқушылардың халықаралық ғылыми конференция материалдары. − Том 1, 2 бөлім. «Жас ғалымдар». − Павлодар : Кереку, 2009. − Б. 166-171.

61 Кәріпжанова А.О. Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы фразеологиялық теңеулер / А.О.Кәріпжанова // Қазақ тілі мен әдебиеті. − 2009. №5. − Б. 103-106.

62 Сарбалаев Е.Ж. Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы діл түзеу мәселелері / Е.Ж.Сарбалаев // Қазақ тілі мен әдебиеті. − 2009. № 2. − Б. 112-115.

63 Сарбалаев Е.Ж. Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы азаматтық сарын / Е.Ж.Сарбалаев // Қазақ тілі мен әдебиеті. − 2009. № 1. − Б. 110-112.

64 Тұрышев А.Қ. Түркі әлемі және Мәшһүр-Жүсіп Көпеев шығармаларындағы заттық мәдениет лексикасы / А.Қ.Тұрышев // Түркі тілдерінің жаңа ғасырда дамуы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. − Том 1. − Павлодар : Кереку, 2009. − 301 б.

65 Жүсіпов Н.Қ., Сыздықова Ә. «Ер Сайын» жырының жиналу жайы және Мәшһүр-Жүсіп / Н.Қ.Жүсіпов, Ә.Сыздықова // «ІІІ Торайғыров оқулары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. − Том 2. − Павлодар : Кереку, 2009 . − 512 б.

66 Пазылов Ә.Қ. Мәшһүр-Жүсіп: Отарлау және ұлт болашағы / Ә.Қ.Пазылов // «ІІІ Торайғыров оқулары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. − Том 3. − Павлодар : Кереку, 2009. − 528 б.

67 Пазылов Ә.Қ. Мәшһүр-Жүсіп және Алланы тану / Ә.Қ.Пазылов // «ІІІ Торайғыров оқулары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. − Том 3. − Павлодар : Кереку, 2009. − 528 б.

68 Сарбалаев Ж.Т., Сарбалаев Е.Ж. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының дін түзеу тақырыбындағы шығармалары / Ж.Т.Сарбалаев., Е.Ж.Сарбалаев // «ІІІ Торайғыров оқулары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. − Том 3. − Павлодар : Кереку, 2009. − 528 б.

69 Тұрышев А.Қ. Түркі әлемі және Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы заттық мәдениет лексикасы / А.Қ.Тұрышев // «ІІІ Торайғыров оқулары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. − Том 3. − Павлодар : Кереку, 2009. − 528 б.

70 Тұрышев А.Қ. Мәшһүр-Жүсіп мұрасындағы түркі тілдерінің қолданыс сипаты / А.Қ.Тұрышев // «ІІІ Торайғыров оқулары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. − Том 3. − Павлодар : Кереку, 2009. − 528 б.

71 Тұрышев А.Қ. Асыл жақ (Мағжан Жұмабаев, Қошке Кемеңгеров, Мәшһүр-Жүсіп, Пушкин, Лермонтов, Бунин шығармаларындағы үндестік) / А.Қ.Тұрышев // «ІІІ Торайғыров оқулары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. − Том 3. − Павлодар : Кереку, 2009. − 528 б.

72 Тұрышев А.Қ. Туынды жақ (Вильям Блейк, Джордж Гордон Байрон, Гете және Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы үндестік) / А.Қ.Тұрышев // «ІІІ Торайғыров оқулары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. − Том 3. − Павлодар : Кереку, 2009. − 528 б.

73 Тұрышев А.Қ. Күншығыс жақ (Мәшһүр-Жүсіптің шығысты тануы) / А.Қ.Тұрышев // «ІІІ Торайғыров оқулары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. − Том 3. − Павлодар : Кереку, 2009. − 528 б.

74 Тұрышев А.Қ. Мәшһүр-Жүсіп және Вильям Блейк, Джордж Гордон Байрон, Гете / А.Қ.Тұрышев // «ІІІ Торайғыров оқулары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. − Том 3. − Павлодар : Кереку, 2009. − 528 б.

75 Тұрышев А.Қ. Мәшһүр-Жүсіп, Мағжан Жұмабаев, Қошке Кемеңгеров және Пушкин, Лермонтов, Бунин / А.Қ.Тұрышев // «ІІІ Торайғыров оқулары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. − Том 3. − Павлодар : Кереку, 2009. − 528 б.

76 Кәріпжанова А.О. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларындағы тұрақты эпитеттер коннотациясы

/ А.О.Кәріпжанова // «Ұлттық құндылық: өткенді ұлықтау, әлемдік өркениет» атты республикалық ғылыми конференция материалдары. − Том 3. − Павлодар : Кереку, 2009. − 144-151 б.

77 Қожахметова Б.Р. М.Ж.Көпеев шығармаларындағы сот-заң істеріне қатысты лексика / Б.Р.Қожахметова // «Ұлттық құндылық: өткенді ұлықтау, әлемдік өркениет» атты республикалық ғылыми конференция материалдары. − Том 3. − Павлодар : Кереку, 2009. − 162-165 б.

78 Тұрышев Ә. Мағжан, Қошке, Мәшһүр Жүсіп және Пушкин, Лермонтов, Бунин / Ә.Тұрышев // «Ұлағат» ұлттық қоғамдық-саяси журналы. − 2009. № 6. − 41-55 б.

79 Негимов С. Мәшһүр Жүсіп шығармашылығындағы би-шешендер мұрасы / С.Негимов // «Жұлдыз» әдеби-әлеуметтік журналы. − 2009. № 10. − 182-191 б.

80 Тұрышев А.Қ. Мәшһүр-Жүсіптің лингвистикалық көзқарастары: оқу құралы / А.Қ.Тұрышев. − Павлодар: Кереку, 2009. − 193 б.

81 Қанапьянов К.Н. О тождестве основных позиций Шакарима и Машһур-Жусупа Копеева / К.Н.Канапьянов // «Ізденіс» журналы. − 2009. № 1 (1). − 272-275 б.

82 Жүсіпов Н.Қ. Мәшһүр Жүсіп – фольклортанушы. Омский институт ионстранных языков. Вопросы межкультурной коммуникации в лингвистике, международном менеджменте и туризме. Матер. ІІ Международной научно-практ. Конф. 30 апреля, − Омск, 2009.

83 Жүсіпов Н.Қ. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы – фольклортанушы. «Педагогикалық білім – Қазақстанның интеллектуалдық және инновациялық ресурсы» халықаралық ғыл.-практ. конф.матер. 2 том. 22-23 қазан. − Семей, 2009.

84 MASHKHUR-Z HUSIP-TEACHER OF LITERATURE, FOLK-LEADER. Materialy V meznarodni vedecko-praktica conference «Nastoleni moderni vedy-2009» - 27.09.2009 – 05.10.2009. Dil 7. Filologicke vedy. Filosofie: Praha. Publising House «Educcation and Science» s.r.o. – 112 stran.

85 MASHKHUR-Z HUSIP- Z HUSIP S zhusirs heritage. The history of its study. Materialy V meznarodni vedecko-praktica conference «Nastoleni moderni vedy-2009» - 27.09.2009 – 05.10.2009. Dil 7. Filologicke vedy. Filosofie: Praha. Publising House «Educcation and Science» s.r.o. – 112 stran..

86 THE HISTORY OF THE WORKS BY MASHKHUR-Z HUSIP. Nauka I Studia issn 1561-6894 Cena 54 90 zi Gjkmif1, Польша.

87 MASHKHUR-Z HUSIP S-TEACYER HISTORY. МАТЕРИАЛЫ ЗА N Международная научна практична конференция «Динамика изследования - 2008». 16-31 юли 2008 година, Филологични науки, Том 14, София, «Бялград» ОДД .

88 Баратова М.Н. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы шығармаларындағы баламаларды қолдану ерекшелігі. ПМУ Хабаршысы. Филология сериясы: № 4. − Павлодар : Кереку, 2009.

89 Баратова М.Н. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы жазбаларындағы алмастыруларды қолдану ерекшелігі. ПМУ Хабаршысы. Филология сериясы: № 1. − Павлодар : Кереку, 2009.

90 Баратова М.Н. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы жазбаларындағы кейіптеулерді қолдану ерекшелігі. ПМУ Хабаршысы. Филология сериясы: № 2. − Павлодар : Кереку, 2009.

91 MASHKHUR-Z HUSIP-TEACHER OF LITERATURE, FOLK-LEADER. Materialy V meznarodni vedecko-praktica conference «Nastoleni moderni vedy-2009» - 27.09.2009 – 05.10.2009. Dil 7. Filologicke vedy. Filosofie: Praha. Publising House «Educcation and Science» s.r.o. – 112 stran.

92 MASHKHUR-Z HUSIP- Z HUSIP S zhusirs heritage. The history of its study. Materialy V meznarodni vedecko-praktica conference «Nastoleni moderni vedy-2009» - 27.09.2009 – 05.10.2009. Dil 7. Filologicke vedy. Filosofie: Praha. Publising House «Educcation and Science» s.r.o. – 112 stran.

93 THE HISTORY OF THE WORKS BY MASHKHUR-Z HUSIP. Nauka I Studia issn 1561-6894 Cena 54 90 zi Gjkmif1, Польша.

94 MASHKHUR-Z HUSIP S-TEACYER HISTORY. МАТЕРИАЛЫ ЗА N МЕЖДУНАРОДНА НАУЧНА ПРАКТИЧНА КОНФЕРЕНЦИЯ «ДИНАМИКА ИЗСЛЕДОАНИЯ - 2008». 16-31 юли 2008 година, Филологични науки, Том 14, София, «БЯЛГРАД» ОДД.

95 Кәріпжанова А.О. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларындағы фразеологизмдердің окказионалды қолданысы. ПМУ Хабаршысы, 2009, сәуір.

3 М-Ж.Көпеевтің жарық көрген төл еңбектері:
1 Көпеев Мәшһүр Жүсіп. Құлагер жайлы бірер сөз / Мәшһүр Жүсіп Көпеев // «Жұлдыз» әдеби-әлеуметтік журналы. − 2008. № 10. − 204-208 б.

2 Көпеев Мәшһүр Жүсіп. Біздерге бұл өнерді берген құдай / Мәшһүр Жүсіп Көпеев // «Жұлдыз» әдеби-әлеуметтік журналы. − 2008. № 10. − 158-161 б.

3 Мәшһүр Жүсіп. Кенесары көтерілісінің басталуы. / Мәшһүр Жүсіп Көпеев // «Жұлдыз» әдеби-әлеуметтік журналы. − 2009. № 11. − 168-176 бет.

4 Маржан сөздің марқасқасы

Мәшһүр Жүсіп Көпеев қазақтан шыққан көрнекті ақын, тарихшы, этнограф, шежіреші, аудармашы, ауыз әдебиеті мұраларын жинаушы.


Бес жасынан бастап ауыл молдасынан дәріс алған. Жастайынан еті тірі, зерек бала Хамар Хазірет деген үлкен оқымысты молданың алдынан жеті жыл бойы сабақ алады. Молда бір ғана дін сабағын емес, араб, парсы, шағатай тіліндегі кітаптарды да қатты қадағалап оқытады. Кітаптың тек қарасын танытып қоймай, ішкі мазмұн, мән-мағынасына дейін тәптіштеп түсіндіреді. Арабтың, парсының тілін үйтетеді. Мәшһүр бір жыл ішінде хат танып, өнер-білімге, әдебиетке құмар болып өседі. Жеті-тоғыз жасында «Ер Тарғын», «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» сияқты халық жырларын, шығыс қиссаларын жатқа айтқан. Сол себепті де Мәшһүр деген атқа ие болады. Он бес жасында медреседе оқып жүріп өлең жаза бастайды. Он бес жастан кейінгі өмірінің бәрін дерлік өлеңмен сөйлеген деседі. Ол туралы ақынның өзі былай дейді:

Жабысты маған өлең он бес жаста,


Жұрт айтты: «Не қыласың» - деді баста
Дегенмен қоя алмадым үйренген соң,
Мінім жоқ қылған жұртқа мұнан басқа.

Шүкірлік, бергеніңе, құдай патша,


Он бесте шабыттандым жүйрік атша.
Бір күндер ұйықтап жатқан мезгілімде,
Кеудеме өлең толды сызған хатша.

Мәшһүр Жүсіп туралы М.О. Әуезов: «Ал, өз шығармаларын былай қойып, басы ашық үлгілерді жазып алып, біздің дәуірімізге жеткізген еңбек Мәшһүрде мол екенін және естен шығармау керек. Сондықтан, қазақ ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің ғылымдық бір саласы историяграфия бөлімінде Мәшһүрдің ол түрдегі еңбегіне әрдайым орынды баға берілуі шарт» десе («Әдеби мұра және оны зерттеу», «Ғылым» баспасы, 1961), С. Мұқанов өз ойын былайша түйіндепті: «XVIII ғасырда жасаған ақындардың ішінен жыры мол сақталғаны - Бұқар жырау. Бұқардың жырларын сақтап, тарих алдында ерекше еңбек сіңірген адам - Мәшһүр Жүсіп Көпеев. Бұқардың жырларын жазып алған Мәшһүр Жүсіп: «Бұқар-екең сөйлеген уақытында сөзі мұндай жүз есе, мың есе шығар. Бізге келіп жеткені тамыры ғана» дейді. «Мес» жинағына қарасаң көңілің тояттайды, оқысаң көзің қуанады. Cиясы әсем көшірілген қолжазба Мәшһүр махаббатына лық толы. Ол көне қолжазбаның әрбір сөзіне дейін жеткізуге, қазақ тілінің алтын қорын шашпай-төкпей сақтауға тырысқан» («Халық мұрасы», «Қазақстан» баспасы, 1974). Академик М. Қаратаев та ХХ ғасырдың бас кезіндегі ақындардың творчествосын саралай келіп: «М. Көпеевтің қазақ әдебиетінде әрі ақын, әрі жинаушы ретінде алатын орны ерекше» - деп  бағалапты («Қайта қарауды қажет ететін мәселе», «Қазақ әдебиеті», 1956).

Мәшһүр Жүсіп 1858, қой жылы, қыс мезгілінде қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданының Қызылтау өңірінде Найзатас деген жерде дүниеге келген. Нәрестеге ата-баба салтымен азан шақырып, атын Жүсіп деп қояды. Бұл жөнінде ақын кейіннен «Өмірбаян» атты өлеңінде:

Жасымда қойылған ат адам Жүсіп,


Жұрт кеткен сүйгенінен Мәшһүр Жүсіп.

Қолыма қағаз, қалам алған шақта,


Кетемін қара сөзге желдей есіп, - деп еске алады.

Ол есейе келе ел ішіндегі ауыз әдебиеті үлгілерін жинайды, сонымен қатар бала оқытумен де айналысады. Ел көріп, жер көріп, өз білімін әрі қарай тереңдету мақсатында Ташкент, Бұхар, Түркістан сияқты ірі қалаларға бірнеше рет сапар шегіп, Шығыс мәдениеті, Шығыстың ғұлама ғалымдары мен ақын, ойшылдарының шығармаларымен жақыннан танысады. Осы сапары жөнінде ақын:

Мәшһүрден келе жатыр өнер қайнап,

Бұлбұлдай қапастағы тұрған сайрап.

Самарқан, Бұхар, Ташкен –бәрін кезген

Жасында бір кем отыз тәңірім айдап –

деп хабар бере кетеді. 

1888 жылдан бастап жас ақынның өлеңдері мен мақалалары қазақ тіліндегі тұңғыш баспасөз үні «Дала уәлаятының газетінде» жиі жариялана бастайды. Мәшһүр Жүсіп 1905 жылғы патша манифесінің жалғандығын әшкерелейді, елдің уақытша көзін бояу үшін шығарылған жалған бұйрық екенін де ешнәрседен тайсалмай қазақ ақындарының ішінде алғашқысы болып толғайды. 1907 жылы Қазандағы Хұсайыновтар баспасынан Мәшһүр Жүсіптің «Сарыарқаның кімдікі екендігі», «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз», «Хал-ахуал» деген үш кітабы бірінен соң бірі басылып шығады. Бұл кітаптарында қазақ халқының басына түскен ауыр хал мен тұрмыс тауқыметтері, жоқшылық пен теңсіздік шынайы көрсетіліп, әлеуметтік өмірдегі келеңсіздіктер мен қайшылықтар өткір сынға алынады, жастарды оқу-білімге, өнерге шақыру үні айқын сезіледі. Осы әрекеті үшін де ақын қуғынға ұшырайды. Профессор Ә.Қоңыратбаевтың: «Мәшһүр Жүсіптің жоғарыдағы үш кітабының заңға ілігіп, таратылмауы, оны басып шығарған Хұсайыновтарға 12 мың сом ауыр айып салынуы, ақынның қамалушылар тізіміне ілігіп, ел ішінде бұғып жүруі осыдан» деген сөзі өте орынды (Қазақ КСР Ғылым Академиясы кітапханасының қолжазбалар қоры, П-№1173, 16 бет).


Мәшһүр Жүсіп өлеңдерімен бірге көптеген уытты мысалдар, шығыс үлгісіндегі бірнеше дастан жазып қалдырды. Оның қазақ ауыз әдебиеті мұраларын жинаудағы еңбегі орасан зор. Бұл ретте ел аузынан көптеген батырлық, ғашықтық жырларды, тарихи жырлар ман айтыстарды, шежірелер мен аңыздарды, атақты ақындар мен жыраулар мұраларын жинап, хатқа түсірді. Ұлы Абайды өзіне ұстаз тұтып, оның ағартушылық идеясы мен ақындық дәстүрін жалғастырушылардың бірі болды. Абай өлеңдерін жаттап алып, ел ішінде таратуда, насихаттауда берік ұстаным тұтынды. Ол Абай соқпағымен «тас қияға өрлегендердің» бірі еді. Абайдың тірі кезінде оның өлеңдеріне алғаш рет талдау жасап, баға берген де Мәшһүр Жүсіп болды. «Дала уәлаятының газетінде» 1989 жылы жариялаған «Баянтаудан хабар: Абай творчествосы туралы мәлімет» деген мақаласында Абай шығармашылығы туралы өз ойларын ортаға салады. Мәшһүр Жүсіп өз туындыларында Абай сияқты сол кезде әлеуметтік топ ретінде пайда болған ел ішіндегі пысықтарды, ұлықтарға арқа сүйеген жағымпаздарды аяусыз сынайды, ел бірлігін ойлап, Абай жолын таңдайды. Абай туралы :«Бұл - біздің соңғы пайғамбарымыз» деп жоғары баға береді («Абай», Энциклопедия, «Атамұра»баспасы, 1995, 403-404 беттер).

Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің шығармаларымен орыс тілді оқырмандар алғаш рет «Түркістан уалаятының газеті» арқылы танысты. Бұл газеттің белсенді авторларының қатарында Ш. Құдайбердиев, А. Байменов, С. Шорманов, Б, Сырттановтармен бірге М.Ж. Көпеев те болды. Бұл органды қазақ халқының рухани жетекшісі болды деп есептеуге болмайтын еді, ол негізінен орыс империясының саясатын жүргізуші арқау ретінде де қызмет етті. Газеттің 323 нөмірінде басылған 633 мақаланың үштен бірі империяның сыртқы саясатына арналған болатын. «Алайда, патша өкіметінің саясатына қарамастан бұл газет өлкедегі қоғамдық өмірдің, қазақ халқының қалыптасуына зор ықпал етті» -деп ҚР ҰҒА академигі С.Зиманов пен Қабдыкәрім Ыдырысов өте орынды атап өтті. М.Ж. Көпеев 1910 жылдан бастап жарық көре бастаған «Айқап» журналының да белсенді авторларының бірі. «Айқап» журналы Қазақстандағы шыққан алғашқы демократиялық бағыт ұстанған ұлттық журнал еді. Мәшһүр ақын көпшіліктің берекесін алатын, жарастығын бұзатын озбырларға үнемі қарсы тұрып келіпті. Жан-жағын жұтып жіберердей алара қарайтын бай-шонжарлар, қысы-жазы ауыл маңы айғай-шу, бос дүрмек, оқу іздеп, өнер қуып жүрген бірде-бір жастарды көре алмаған ақын халыққа қарап:

Қазағым, өнерсізден, ұрлық-зорлық,

Қыласың бір-біріңе неге озбырлық?

Болғаннан алты ауызды ынтымақсыз,

Басыңа келген жоқ па талай қорлық? – деп ел ішінің ауыр жағдайын, береке-бірлігі жоқ жүдеу қалпын ашына айтады. М. Көпеев өлеңдерінің айрықша бір қасиеті - қарапайымдылығында. Ол ерекше бояу, тыңнан жаңалық іздемейді, жұртты таңырқата қояйын деген ой ақында атымен жоқ. Ақынның сөзі - жүрек түбінен шыққан сөз. Ақын сөз өнерін өте жоғары бағалаған. Адам баласы мен адам баласының табыспайтын, жақындаспайтын, ұғыспайтын кезі болмайды. Өйткені, бірінің ішкі жан сырын бірі сөйлесу арқылы түсінеді дей келіп:

Кем емес кейбір сөзім жанған шоқтан,

Әркімге ауыр тиер атқан оқтан

Ұшқан құс, жүгірген аң-жануарлар,

Атанды бәрі хайуан - тілі жоқтан, -



деп, адамның ғажайып құдіретін, оның жарық дүниенің қожасы екенін әдемі сипаттаған. Мәшһүр Жүсіптің бөліп айтуға тұрарлық бір ерекшелігі - өлеңдерін жазып шығарған. Ол әрбір жырын мұқият қағаз бетіне түсіріп, рет-ретімен тәртіптеп, шашау шығармай ықтияттап ұстаған. Ақынның осындай ұқыптылығына дәлел келтіре кетейік: Сәбит Мұқановтың зайыбы Мәриям апамыз «Сағынышым Сәбитім» деген  Сәбең туралы естелік кітабында: «Ерте кезде Мәшһүр Жүсіптен хат келді деп әбігер болғанын білем. Мен ол кезде тым жаспын, ол кісінің кім екенін қайдан білейін. Мәшекеңнің тапсырмасын орындау керек деп жан-жаққа сұрау салып жүргенін ұмытпаппын». Бұл хат 1931 жылы жазылған хат екен. Яғни қайтыс болар жылы. Сол хатта Мәшһүр Жүсіп: «Бұл Мәшһүрде өзі жазған бір шежіре кітап бар, әдебиет тарихы болуға толық, үлкендігі табақ қағазға табақ бойынша жазылған, ауырлығы қадақ жарым... Бұл Мәшһүр Юсуф (естелікте солай - К.М.) сөзін бастырамын деп Торайғыров алып кетіп, аяқсыз шашылып, әр жерде қалған. Онан сұратып Тәшкенге алып барып бастырамын деп Уәлихан Омаров алып кетіп о да аяқсыз қалдырған. Қызылорда баспаханада он екі азаматтың бірімін деп Зияш Алдабергенов алып кетіп о да аяқсыз қалдырған. Мәскеуде тұрамын деп Әлкей Марғұланов поштамен алдырып, о да аяқсыз қалдырған. Содан соң бұл аузы күйгендей боп сөзін қолдан шығармайтын болған.
Осы күнде өзі жетпіс екі жаста отыр. Үш жүзден шыққан ақындардың, өрнекті хан, үлгілі билердің, батырлардың тарихы, әңгімесі өзінде түгел. Мен сөз үйренетін кісі емеспін. Уәлихан Омаров пен Зияш Алдабергеновтен Мәшһүр Юсуф сөзін қайда жібердіңдер, бары болса маған жіберіңдер, жоғы болса оны айтыңдар деп, екеуінің опасыздығына бір жауап алып берсең» (Мәриям Мұқанова, «Сағынышым Сәбитім», 2000, 73-75 беттер). Мәшһүр Жүсіптен Сәбеңе келген хаттың қысқаша мазмұны осы. Ал, сол жоғалып жүрген Мәшһүр-Жүсіп сөзінде Күдері қожа мен Ұлбике қыздың жүз ауыз айтыс өлеңі, Ұмсын қыз бен Заман қожаның елу ауыз айтыс өлеңі, қарақалпақ Жәнкіл ақын мен Ұлбике қыздың он ауыз айтыс өлеңі, Қаракесектен шыққан Тоғжан қыз бен Сүйіндіктен шыққан Сақау ақынның жетпіс тоғыз ауыз өлеңі, Балта ақын мен Шөженің жиырма бір ауыз айтыс өлеңі және көптеген ел аузына ілігіп жүрген танымал және ақындық жолына енді түсіп жүрген талай ақындардың айтыс өлеңдері бар екен. Қандай құнды дүниелер  десеңші! Дүниеден озғалы жатқан адамның әдебиетке, асыл мұраға деген жанашырлығы деп осыны айт! Мәшһүр қазақтың көптеген білікті адамдарымен кездескен, сырлас болған. Солардың ішінде 1925 жылы атақты балуан Қажымұқанмен таныс-біліс болып, екеуі Баянауылда бірнеше күн бірге жүріпті. Бірі ақын, бірі балуан - өнер адамдары іштей түсінісіп, қыл ажырамас дос болып, қимай-қимай ажырасыпты. Жолмұрат Жүсіпұлы (М.Ж. Көпеевтің туған жиені, ақынмен бірге жүріп творчествосын хатқа түсірген) қолжазбасында атақты Бөгенбай батырдың немересі Саққұлақпен Мәшһүр Жүсіптің тығыз қарым-қатынаста болғанын, ол адамнан ақынның халқымыздың әдеби мұраларын көшіріп алғандығын айтады. М. Көпеев Ақан серімен бірнеше рет кездескенін, онымен сырласып, пікір алысқанын айта келіп, былайша тебірене сөз етеді: «Ақан серінің Құлагері өлген соң бұрынғы серілік мінезді қалдырып, көп бас қосатын ас, жиын-тойға жүрмейтін, бармайтын болып, дүние махаббатынан мүлде көңілін суытты. Ақан сері адамзаттың сұңқары, қызыл тілдің ділмәрі еді, жігіттің құлпы жібегі еді» - деп Ақан серінің басындағы қайғылы жағдайымен қоса, оның ақындық өнері жайлы да толғамды ой айтқан. Мәшһүр Жүсіптің игі істеріне қанық қазақтың зиялы қауымы оны ерекше құрметтеп, бағалаған, ақындардың пайғамбарына теңеген, әруағына сыйынған.

Жұма күні, қой жылы аштың есік,


Қазақтың кең даласын қылдың бесік

Дәл сондай жұма күні, қой жылында,


Көз жұмдың жалғаныңа қош бол десіп (К.М)

Мәшһүр Жүсіп Көпеев 1931 жылы дүниеден өтті. Өмірден өзі озса да артына өлмес мұра қалдырған қасиетті Мәшһүр Жүсіп бабамыздың мұраларының бізге, келер ұрпаққа берері мол екеніне ешкімнің де күмәні жоқ. Ендеше, сол мол мұраны көздің қарашығындай сақтап, кейінгі буын үлгі аларлық кәдеге жарату - біздің парызымыз.

Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағатының қызметкері Камал Махмұт (Интернеттен алынған материал, сайд: Mashhur-zhusup.kz).


Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет