Ракишева Умут Таласовна Көкшетау қаласы №16 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі



Дата27.07.2017
өлшемі82,42 Kb.
#22060
Ракишева Умут Таласовна

Көкшетау қаласы №16 орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Жинақтық, болжалдық сан есімдер

(Сатылай кешенді талдау - білімді тұрақтандыру негізі)


Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Сан есімнің мағыналық топталуына түсінік беріп, жинақтық сан есім мен болжалдық сан есімдерді ажырата білуге үйрету. Теориялық алған білімдерін практика тұрғысынан ұштастырып, мысалдар арқылы дәлелдеуге баулу.

2. Дамытушылық: Оқушылардың өзіндік ойлау белсенділігі мен танымдық қызығушылықтарын, ойын түрлері арқылы ізденімпаздық, тапқырлық қасиеттерін қалыптастырып, шығармашылыққа баулып, ойын тиянақты жеткізу арқылы баулу.

3.Тәрбиелілік: Оқушыларды адамгершілікке, ізеттілікке, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа және де өз тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар, талдау

түрлері, шығармашылық.


Сабақтың көрнекілігі: Сызбалар,үлестірмелі қағаздар,тест сұрақтары, техникалық құралдар.
Пән аралық байланыс: Әдебиет пәні, математика пәні.
Сабақта қолданылатын стратегиялар: Ой толғаныс, ой қозғау, түртіп алу, ой шақыру.
Сабақта қолданылатын технология: «Сатылай кешенді талдау технологиясы»
Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқушылардың назарларын сабаққа аударып, оқу құралдарын толықтыру.


2.Үй тапсырмасын бекіту:Сатылай кешенді талдау әдісі бойынша лексика-грамматикалық және фонологиялық тәсілдерін көрсету.


А)Лексика -грамматикалық тәсілі:

Бір

1.Бұл сөз бір құрамнан тұрады.Себебі,

2.Тұлғасына қарай :негізгі.(Себебі сөз бөлш/і)

3.Құрамына қарай :дара. Себебі,

4.Сөзде бір лексикалық,бір грамматикалық мағынасы бар.

5.Лексикалық мағынасы:Сан атауы.

6.Грамматикалық мағынасы:Сөз табының ішінде сан есім

7.Неше? деген сұраққа жауап береді.

8.Мағынасына қарай:Есептік сан есім



Б) Фонологиялық тәсілі:

Тоғыз

1.Бұл йтылу,жазылу,

жасалу жолдарына қарай

жуан буынды сөз.Себебі,

2.Бұл сөз :то-ғыз болып екі буынға

бөлінеді. То-ашық , ғыз-бітеу буын.

3. Бұл сөз то- болып бір жағдайда тасымалда/ы.

4. Бұл сөзде екпін (ы) дауысты дыбысына түсіп тұр.

Тоғыз.


5.Сөзде буын үндестігі жоқ.Себебі,бұл түбір сөз.

6.Сөзде дыбыс үндестігі жоқ.Себебі,



В)Үлестірмелі қағаздармен жұмыс жасау арқылы өтілген тақырыпты қорыту.

Жаңа сабақ: Жинақтық, болжалдық сан есімдер.

-Балалар,біз сендермен морфологияның ішінде қандай сөз табын өтіп жатырмыз?

-Сан есім .

-Бүгін біз сан есімнің мағыналық түрінің келесі түрлерімен танысамыз.



Ереже дәптермен жұмыс

Жинақтық сан есім дегеніміз-заттың жинақталған санын білдіріп, нешеу? деген сұраққа жауап береді. Бірден жетіге дейін –ау,-еу жұрнақтары жалғанады.

Мысалы:Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.

Болжалдық сан есім дегеніміз-заттың санын дәл бірдірмей, шамамен болжап қана көрсетеді. Қанша? Неше ? деген сұраққа жауап береді.

1. Болжалдық сан есімнің жұрнақтары:-лаған,-леген,-даған,-деген,-таған,-теген (жүздеген)

-дап,-деп,-тап,-теп,-лап,-леп (мыңдап)

-дай,-дей,-тай,-тей( қырықтай)

2. Есептік сан есімдерге көптік жалғауы және барыс,жатыс септік жалғауы жалғануы мүмкін. Мысалы: елу-лер-де,отыз бес-тер-ге,т.б.

3. Есептік сан есімдер қосарлану арқылы жасалады.Мысалы:қырық-елудей, жүз-жүздеген,т.б.

4. Есептік сан есімдерге шамалы, шақты, жуық, тарта деген көмекші сөздер арқылы жасалады.

Мысалы :жүз шамалы, он шақты,т.б.



2.Ой –өрісті дамыту жұмысы (Кітаппен және дәптермен жұмыс)

169-жаттығу.

(Есептік сан есімдерден болжалдық сан есімдер жасап, оларды сөзбен жаз)

А) Он,ондаған, он-оннан,онға жақын,онға тарта,т.б.

Б) Он санына фонологиялық сатылай кешенді талдау жұмысы.

Он

1.Бұл сөз айтылу, жасалу,

жазылу жол/на қарай-жуан

буынды. Себебі, жуан дауысты

дыбыстан құралған.

2 .Бұл сөз бір буынды, себебі, он-бір

ғана дауысты дыбыстан құралған.

Ашық буын.

3. Бұл сөз:он тасымалданбайды. Себебі,

4.Он-екпін (о) әрпіне түседі.Себебі,

5.Буын үндестігі жоқ.Себебі,бір ғана түбір сөз.

6.Дыбыс үндестігі жоқ. Себебі,

С) 60-70, алпыс-жетпіс, алпыстаған-жетпістеген, алпыс-жетпістеп, алпыс-жетпіске жуық, алпыс- жетпіс шақты.

168-жаттығу.

(Үшеу,төртеу сөздерімен сөйлем құрап,сөйлем мүшесіне талдау.)

Біз үшеулеп арбаны көтердік.

Біз дене шынықтыру сабағында төртеуден сапқа тұрдық.

Деңгейлік тапсырма

1-деңгей .(Төртеу-сөзіне фонетикалық талдау жасау)

Төртеу,төр-теу,6 әріп,6 дыбыс,2 буын

Т-д/з,қатаң. т-д/з,қатаң.

Ө-д/ты,ашық ,еріндік, жіңішке. е-д/ты,жіңішке,ашық,езулік.

Р-д/з,үнді у-д/з,үнді.

2-деңгей.(Төртеу-сөзіне фонологиялық талдау жасау)

Төртеу

1.Бұл сөз айтылу, жасалу,

жазылу жолдарына қарай

жіңішке буынды сөз. Себебі,

2. Бұл сөз төр-теу болып 2 буынға

б/ді. Себебі,

3. Бұл сөз:

Төр- болып бір жағдайда тасымал/ы.

теу Себебі,

4.Төртеу-екпін (е) әрпіне түседі.

5. Төртеу-төрт-еу.Сөзде түбір мен қосымшаның арасында буын

үндестігі бар. Себебі,

6.Төртеу-бұл сөзде дыбыс үндестігі жоқ. Себебі,



3-деңгей. (Мыңдаған –сөзіне лексикалық талдау жасау)

Сергіту сәті: «Кім тапқыр» ойыны.

(Мақал –мәтел құрамындағы түсіп қалған сан есімдерді тауып қой)

1............. атасын білмеген жетесіз.

2. Қызға ........... үйден тыю.

3. Білекті ...........жығар,

Білімді ..............жығар.

4.Ер жігіттің .......сөйлегені-өлгені.

5.Жеті рет өлшеп,.......бір рет кес.



«Кім жылдам» ойыны.

Бір шымшым өлең

Бір жайым ет

Бір қайнатым шай

Бір асым қамыр

Бір ауыз тұз



Сабақты қорыту:1.Сатылай кешенді талдау әдісі бойынша тест сұрақтары арқылы қорыту.

Мыңдап

1. а)жуан буынды

ә)жіңішке буынды

б)аралас буынды

2.а)3 буынды

ә)2 буынды

б)1 буынды

3.а)1 ашық,1 бітеу,1 тұйық буын.

ә)2 бітеу,1 ашық буын.

б)2 бітеу буын.

4.а)Тасымалданады

ә)тасымалданбайды

б)дұрыс жауабы жоқ

5. а)үш түрлі жолмен

ә)екі түрлі жолмен

б)бір түрлі жолмен

6.а)екпін түспейді

ә)екпін соңғы буынға түседі.

б)екпін бірінші буынға түседі.

7.а)буын үндестігі бар

ә)буын үндестігі жоқ

8.а)дыбыс үндестігі жоқ

ә)дыбыс үндестігі бар.



2.Оқушылар өздері сабаққа байланысты ережесін шығарып, сол кесте арқылы сабақты қорытады.

Үй тапсырмасы: Ереже жаттау. 170-жаттығу.

Бағалау: Оқушыларды мадақтап,баға қою.
Каталог: images -> Razrabotkaurokov
Razrabotkaurokov -> Оқулық, ғаламтор, «А.Құнанбаев»
Razrabotkaurokov -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Атақты жерлесіміз І. Есенберлин туралы мәлімет беріп білімді қалыптастыру
Razrabotkaurokov -> Сабақ беру –үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан
Razrabotkaurokov -> «Қазақ батырлары»
Razrabotkaurokov -> СӘкен сейфуллин «наурыз» Мақсаты: Білімділік
Razrabotkaurokov -> Ханаева Лаззат Кайкеновна Бұланды ауданы Макинск қаласы мектеп-лицейінің педагог -психологі Тақырып
Razrabotkaurokov -> Гомбо Серікгүл Красный яр селосы «№13 «Амина» бала бақшасының» тәрбиешісі Тақырыбы: «орманға саяхат»
Razrabotkaurokov -> Нұрмұқанова Жұмагүл Жабенқызы Көкшетау қаласы №18 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Razrabotkaurokov -> Топқа бөліну І топ “Сұңқарлар” ІІ топ “Алғырлар” ІІІ топ “Білімділер” іvтоп “Тапқырлар”


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет