Құрамы және құрылымы; Негізгі қорларды бағалау түрлері



Дата27.03.2020
өлшемі26,4 Kb.
#60911
Байланысты:
Ермұхатова Гүлдана 821 ТОП ЭКАНОМИКА НЕГІЗДЕРІ (3)
Ермухатова Гулдана 821 гидровлика
Ермұхатова Гүлдана

Эканомика негіздері



25.03.2020

Тақырыбы: Капитал. Кәсіпорынның негізгі қорлары

Жоспар:

  1. Негізгі қорлар: түсінігі, құрамы және құрылымы;

  2. Негізгі қорларды бағалау түрлері;

  3. Негізгі қорларың тозуы;

  4. Амартизация түсінігі және амортизациялық аударымдарды есептеу әдістері;

  5. Негізгі қорларды тиімді пайдаланудың көрсеткіштері;

Негізгі қорлар – өндіріс процесіне ұзақ уақыт мерзімінде қатыса отырып өзінің заттық – натуралдық нысанын сақтайтын және өз құнын дайын өнім құнына амортизациялық аударымдар түрінде бөлшектеп ауыстыратын өндірістік, материалдық – заттық құндылықтардың жиынтығы. Негізгі қорлар құрылымына қарай: Өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді. Негізгі қорлар экономика секторлары бойынша: Тауар өндіретін салалар және Нарықтық және нарықтық емес қызмет көрсетумен айналысатын салалар болып бөлінеді.

Негізгі қорларды бағалаудың түрлері: базалық және қайта бағалау. Базалық бақылаудың өзі үш түрге бөлінеді олар: 1)Бастапқы құны (толық) көтерме бағасын, жеткізу шығының және монтаждау және құруға жұмсалған шығындарды қосқандағы құнымен алынады. 2) Бастапқа құны (толық) қайта бағалау кезінде, қайта қалпына келтіру бағасын көрсетеді. 3) Қайта қалпына келу құны (толық) бастапқы құны мен есептелген тозудың айырмашылығы ретінде анықталады. Қайта бағалау әдісі екі түрге бөлінеді: Сарапшылық әдіс - Кәсіпорындарда және салаларда тәжірибесі мол инженерлер мен экономистер санынан арнайы комиссия құрылады. Негізгі қорлардың қайта қалпына келу құны еңбек құралдарының әр объектілерін инвентаризациялау бойынша есептеледі (еңбексыйымдылық және қымбат іс – шаралар). Индексті әдіс – Қайта бағалау объектінің баланстық құны (олардың бар болу мен қозғалысы негізінде бухесептеу мәліметтерінде негізгі қорлар кәсіпорынның баланысында индексіне көбейтіледі.

Негізгі қорлардың тозуы – эксплуатация және бос тұру процессі кезінде болатын негізгі қорлардың тұтынушылық қасиеттері мен құнының толықтай немесе жартылай айырылуы. Тозу екі түрге бөлінеді олар Физикалық (техникалық қасиеттері мен сипаттамаларынан айырылуы) Моральді (негізгі қорлардың салыстырмалы түрде арзан және қуаттылығы жоғары түрлерінің пайда болуынан құнсыздануы).

Негізгі қорлардың амортизациясы – негізгі қорларды қайта құруға бағытталған негізгі қорлар құнының өндірілген өнім құнына бірқалыпты аудару процессі. Амортизацияны есептеу әдістері – тізбекті және тізбекті емес болып бөлінеді.

Негізгі қорларды тиімді пайдаланудың көрсеткіштерінің жүйесі – Жалпылама, Құндық, Табиғи, Салыстырмалы. Салыстырмалы көрсеткіштердің Экстенсивті қолданылуы

  1. Кезекшілік коэффиценті

  2. Жұмыс істемейтін жабдықтар үлесі

  3. Жоспарлы уақыт қорына қатысты жабдықтардың % тұрып қалулары

  4. Уақыт қолдану коэффиценті

  5. Тәуліктегі жабдықтардың жұмыс сағатының орта саны

Интенсивті қолданылу

  1. Жабдықтың интенсивті жүктілік коэффиценті

  2. Қуаттылықты қолдану коэффиценті

Қорытынды

Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлар – тозуына байланысты өз құнын дайын өнімге бөліктеп көшіретін және өндірістік циклге қатысу кезінде өзінің табиғи құрылымын сақтайтын еңбек құралдары.

Кәсіпорынның негізгі қорлар түрлері, бағыты немесе өндіріс процессіне қатысу сипаттамасы бойынша классификацияланады.

Негізгі қорлар өндірістік – шаруашылық қызмет бағытына қарай пассивті және активті болып бөлінеді.

Негізгі өндірістік қорлардың тиімді пайдалануын бағалау үшін бірнеше көрсеткіштер тобы қолданыылады: салыстырмалы, құндық, жалпыллаа және табиғи.



Бақылау сұрақтары:

1.Негізгі капитал мен негізгі қорлар арасында айырмашылық бар ма? Негізгі капитал – негізгі қорларды ақшалайй бағалау, ал негізгі қорлар өңдірістік, материалдық – заттық құндылықтардың жиынтығы.
2.Негізгі қорлардың құрамы мен құрылымы қалай сипатталады?

Негізгі қорлар құрамына қарай

Активті Пасивті

Негізгі қорлар құрылымына қарай

Өндірістік Өндірістік емес


 3.Негізгі қорлардың қандай бағалау түрлерін білесіз?

  1. Базалық бағалау

  2. Қайта бағалау

4.Негізгі қорлардың тозуы мен амортизациясы. Негізгі қорлардың тозуы – эксплуатация және бос тұру процессі кезіңде болатын негізгі қорлардың тұтынушылық қасиеттері мен құнының толықтай немесе жартылый айырылуы. Ол екі түрге бөлінеді Физикалық және Моральді
5.Негізгі қорларды тиімді пайдаланудың көрсеткіштерін жəне жақсартудың негізгі бағыттарын айтыңыз.

Көрсеткіштері:



  1. Жалпылама

  2. Табиғи

  3. Құндық

  4. Салыстырмалы

Жақсарту үшін - негізгі өндірістік капитал элементтерінің жұмыс істеу және моральдық тозуы нәтижесінде жаңартылатын экономикалық үдерісі. Жойылатын элементтерді жаңа, техникалық тұрғыда барынша жетілген тетіктермен ауыстыру жолымен жүзеге асырылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет