Құрамы туралы, алған білімдерін қайталау



Дата18.03.2017
өлшемі34,69 Kb.
#11772
түріСабақ
Тақырыбы: «9 санын-қайталау»

Мақсаты: 1. Оқушылардың 1-ден 9-ға дейінгі сандардың құрамы туралы, алған білімдерін қайталау.

2. Оқушылардың логикалық ойлау, еске сақтау қабілеттерін дамыту. Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

3. Ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, ізденіс, ойын, әңгімелеу

Көрнелкілік: « Мақта қыз бен мысық»- ертегісі кейіпкерлері, сандар құрамына арналған тапсырмалар, тақырыпқа байланысты алу.

Сабақ барысы:

І. Сабақ жоспары: 7- өткел-кейіпкерлердің тапсырмалары

1. Сиыр

2. Ағаш


3. қыздар

4. дүкенші

5. тауық

6. тышқан

7. Мақта қыз

1. Ұйымдастыру кезеңі:

(Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту)

Шырылдады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз

Партамызға отырып.

Өзара көз тастаймыз,

Табыс тілеп көзбенен

Жаңа білім алуға

Алға қадам бастаймыз

2. Бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ, ол үшін «Мақта қыз бен мысық» ертегісін есімізге түсірейік. (бір оқушыға ертегіні қысқаша мазмұндау) Сабағымызда 7 өткелден өтеміз. Мысықтың қатықты табуға көмектесейік. Мысықпен бірге тапсырмалар орындаймыз. (ертегі кейіпкерлерінің суреттерін тақтаға ілу)

1. Сиырдың тапсырмасы:

Бұл «МИҒА ШАБУЫЛ» ойыны. Топпен жұмыс істеу кезінде бір-біріңді тыңдап, тыныштық сақтап, еркін сөйлеулерің керек. (9 сұрақ)


  1. Бір аптада неше күн бар?

  2. Санды немен белгілейміз?

  3. Кесіндіні немен өлшейміз?

  4. Қандай геогметриялық фигураларды білесіңдер?

  5. Қосу амалының компоненттерін ата

  6. Азайту амалының компоненттерін ата

  7. Қосудың ауыстырымдылық қасиеті туралы не білесің?

  8. Тура және кері санап бер

  9. 9 санының құрамын атап бер

ІІ. АҒАШТЫҢ ТАПСЫРМАСЫ (сиыр тағы не сұрайды?- жапырақ)

Жұмбақтар:

1.Тал басында тізіліп

Тоғыз жапырақ тұр еді

Жел соқты да үзіліп

Ұшып кетті біреуі

Өзінше оның жұлынып

Түсіпті тағы бесеуі

Тұр әлі ілініп, жапырақтың нешеуі (3) 9-1-5= 3

2 . Сегіз ашысықтың үшеуін

Досың сұрап алады

Айтшы сонда нешеуі

Өз қолыңда болады (8-3=5)

3. Бір-бірімен жарысқан

Төрт аю, екі арыстан

Екі қоян, бір түлкі

Бәрі нешеу, кім білді? 4+2+2+1=9

-Мысық шаршады, ендеше мысықты сергітейік. Мысық сергіп алып, су іздеп, жолға шығады. Алдынан қыздар кездеседі.

ІІІ. ҚЫЗДАРДЫҢ ТАПСЫРМАСЫ ( ОҚУЛЫҚПЕН ЖҰМЫС)

№1. ( 7,8,9 САНДАРЫНЫҢ ҚҰРАМЫН ТАБУ) КӨРНЕКІЛІК ҚОЛДАНУ

№2. Салыстыру, кітапқа белгілетіп, дұрыстығын тексеру болған оқушы оқиды, қалғандары дұрыс болса қолдарын шапалақтайды не сигналды карточканы көтереді-таңдап алу)

ІV. ДҮКЕНШІНІҢ ТАПСЫРМАСЫ

Оқулық, № 3 тапсырмасы сурет бойынша мысал құрастыру 2+3=5 3-2=1

№ 4 тапсырма Дәптерге 2 см кесінді сыздырту.

V. ТАУЫҚТЫҢ ТАПСЫРМАСЫ

Қалып қойған сандарды ата



  1. ... 5... 7.... 9.... 1... 2.......... 6..... 9.....

  2. Мысалдарды жауабымен қос:

6-10


3+43

5+48


8-57

9-15


VІ. ТЫШҚАННЫҢ ТАПСЫРМАСЫ

1)ОҚУЛЫҚПЕН ЖҰМЫС №6. Мына жазулар нені білдіреді?

2) ӘР ҚАТАР СӘЙКЕС САН ҚҰРАМЫН САЛУЫ КЕРЕК 5 7 6

3+2


4+1

5+0


7-2

8-3


9-4

2+5


3+4

6+1


7-0

8-1


9-2

8-2


1+5

2+4


5+1

0+6


9-3

VІІ . БЕКІТУ.

Балалар , мысық тапсырманы орындап болды. Енді дәнді ала отырып, кері санап жүреді.

9 8 7 6 5 4 3 2 1 0

Сонымен ол Мақта қыз келгенде, оның да тапсырмасы бар болып шықты.

9- дың құрамын қайталау



Қорытындылау:

Марапаттау
Каталог: uploads -> doc -> 01ba
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
01ba -> Сабақтың мақсаты: дене гигиенасы,терінің әртүрлі аууларымен таныса отырып,олардың пайда болуы мен алдын алу туралы мағлұмат алу
01ba -> 10-сынып. Дүние жүзі тарихы
01ba -> Оқу жылы Қоғамдық гуманитарлық әдістемелік бірлестігінің I жартыжылдық жұмысына талдау
01ba -> Сабақ тақырыбы : Қазақстан Республикасының тарихи даму қорытындылары (1991- 2008) Мақсаттары
01ba -> Капиллярлық, веналық және артериялық қан кетуде көрсетілетін алғашқы көмек Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет