Құрастырған: Искарина Агила Сурагановна Ақтөбе қаласы, Ғ. Ақтаев атындағы



Дата22.08.2017
өлшемі0,71 Mb.
#24733
«Өмір – өзен»

эсселер жинағы
Құрастырған: Искарина Агила Сурагановна

Ақтөбе қаласы,

Ғ. Ақтаев атындағы

6 орта мектебінің



музыка пәнінің мұғалімі,

вокал үйірмесінің жетекшісі

Искарина Агила Сурагановнамузыка пәнінің мұғалімі,

вокал үйірмесінің жетекшісі


Ұсынылып отырған жинақта музыка пәні мұғалімінің шығармашылығы мен оқу-танымдық шеберлігінің нәтижесіндегі эссе үлгілері келтірілген.

Мұғалімнің шығармашылық ізденістерінен туындаған іс-тәжірибелік еңбегінен шәкірттерінің білім алуына жол салған жаңа еңбек туындысын көруге болады. Бұл жинақты музыка пәні мұғалімдері көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.

«Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері», музыка пәнінің жоғары деңгейдегі жоғары біліктілік санатының мұғалімі



Искарина Агила Сурагановнаның

«Өмір – өзен» атты эсселер жинағына


Пікір
Ән - адам жанымен егіз. Өйткені оны өмірге әкелетін адам ғой. Жан дүниені шырқыратып, ішке сыймай,жүректі жарып шыққан бейкүнә сәбиіңдей. Мағынасы мазмұнды, сөздері маржандай, әуені қиялыңды алысқа апарып тастайтын әндерді тыңдап отырып,еріксіз неше түрлі ойларға берілесің.Бір адамға ғашық боп, көңілің тасып жүргенде сол күйіңе дәл келетін, шалқыған, көңілді әндерге көбірек құлақ түресің.

«Балқидаша», «Әдемі қыз», «Бозторғай» сияқты халық композиторларының терең сазды,назды әндерінен бастап Шәмшінің салтанатты валстері, сырлы сұлу туындылары, қазір өзіміз сүйіп тыңдайтын талантты композиторлардың шығармашылығындағы иірімдері сүйкімді, әдемі әндер лек – легімен, үзік – үзік болмай жөнелетіні бар. Расында, әнді тыңдай алатын,әуелете айта алатын,бағалай алатын,одан өз жан дүниесінің бейнесін көре алатын, басындағы небір жайттарды әнмен, сазбен жеткізе білетін сыршыл сұлулықты сүйетін халықтың ұрпағы болғанымыз қандай бақыт!

Кез келген ұлттың өзіндік кескін-келбеті мен болмыс-бітімін айқындайтын ұғымды оның өзіне тән ұлттық мәдениеті дейтін болсақ, қазақ мәдениетіндегі ән өнерінің алар орны ерекше. Данышпан Абайдың “Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең” деген сөздері қазақ өмірінің бүкіл тыныс-тіршілігі өлеңмен өрнектелетінін айқын көрсетеді. Шындығында, сәби дүниеге келгенде “бесік жырымен” әлдилеп қарсы алып, адам дүниеден өткенде “жоқтау” айтып шығарып саламыз. Орыстың тамаша ғалымы Г.Потаниннің “Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді” деген сөзі қазақ тұрмысының осындай даралығынан туған тұжырым болса керек. Әнді осынша сүйген, әнге осынша мән берген халық, шын мәнінде, “санын сөз етсеңіз де, сапасын сөз етсеңіз де мақтануға тұрарлық қымбат дүние” (А.Жұбанов) – ұрпақтың ұрпағына кетер, тозбас, өшпес ән қазынасын жасады. Қазақ елінің әлемдік мәдениетке қосар үлесі де күйімен, жырымен бірге осынау дәстүрлі ән мұрасы екенінде күмән жоқ.

Қазақ әні – қазақ жанының ғасырлар көшінде шаң баспаған сырлы айнасы, халық рухының ықылымнан тіл қатқан тірі куәгері. Күнделікті тұрмыс-тіршілік, салт-дәстүрге орайласа туған ғұрыптық ән, қара өлеңдерден тартып, адам баласының аңсар -мұратын, қайғы-мұң, сағыныш-шерін, өзек өртер өкініші мен жарқын үміт, қуаныш-шаттығын сан алуан сезім-күй, жан әлемін өрнектеп, биік кәсіби өреге жеткен дәстүрлі ән өнері ұлттық музыка мәдениетіміздің алтын өзегі, ықылымнан бүгінге арқауын үзбей жетіп, қазіргі рухани болмысымызға нәр беріп тұрған сарқылмас қайнар іспетті.

“Ел іші – өнер кеніші” дейді дана халқымыз. Қазақ музыка өнері мол туындылармен толысып, бүгінгі ұрпақты халқымыздың баға жеткісіз мол музыкалық мұрасымен сусындата білейік!

Бұл беріліп отырған эссе жинағы сол заманда өмір сүрген әлеуметтің, өз заманындағы ойшылдар мен жеке тұлғалар туралы жалпы түсініктерді қалыптастыратыны анық.


ҚР Білім беру ісінің үздігі,

ҚР Журналистер Одағының мүшесі,

Республикалық Айтқалиев атындағы

атаулы мектептің мүшесі,

жоғары санаттағы – тәлімгер ұстаз Қоңтай Қуанышбай Пірмаханұлы

Мен – қазіргі заман педагогімін

«Бала оқытуды жақсы білемін

деген адам әуелі балаларға үйрететін

нәрселерді өзі жақсы білуі керек »

А.Байтұрсынов.
Ғылым, мәдениет, өнер қайраткерлерінің творчестволық мұрасы санымен немесе көлемімен өлшенбейді, мән- маңызымен ,белгілі салада атқарған тарихи қызметімен, жалпы дамуға тигізген әсер ықпалымен өлшенеді,бағаланады.

Ұстаздық –киелі әрі өте көне мамандық. Адам ата мен Хауа анадан бері басты пендені ойландырып,толғандырып келе жатқан қоғамдық құрылыс жатса да қажеттігін жоймайтын бір мәселе –шыр етіп дүниеге келген нәрестені өмір сүруге дайындау.Бұл қиынның қиыны. Себебі әр адам қайталанбас индивидум. Әр адамның жан дүниесі өзінше бір әлем. Өмір өзған сайын,қоғамдағы саяси- әлеуметтік қарым –қатынас дамыған сайын, бүкіл дүние жүзінде мемлекетаралық интеграция күшейген сайын ұстаздың қызметі қиындай береді. Егер халқымыздың соңғы жүз жылғы тарихына көз жүгіртсек те, осы сөздерімізге дәлел болатын жағдайлар көрініп тұр. Бір ғасыр бұрын қазақ даласындағы ағартушылық қызмет негізіне балаға жазу-сызу,оқуға үйрету болса, дүнежүзілік білім,ақпарат,экономика кеңістігіне шығуға,яғни қатаң бәсеке келеді.Әрине, өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш- жігерін, парасат қуатын,жоғары адамдық қасиеттерін салу керектігі айтпаса да түсінікті. Бала бойына білім нәрін себетін басты тұлға-ұстаз. Яғни жас ұрпақты оқытуда тиімді жағдайлар жасау көбіне оқытушыға тікелей байланысты. Мемлекетіміздің жарқын болашағы мен гүлденуі үшін кәзіргі мектеп және колледж жағдайында оқытушы қандай болуы керек ?-деген заңды сұрақ туары сөзсіз.

Менің ойымша, оқытушының кәсіби біліктілігін шыңдаудың үздіксіздігі оның шығармашылық қабілетінің дамуының кепілі және өзіндік жеке педагогтік тәжірибесінің дамуының алғы шарты болып табылады. Кәзір бізде ұзтаздық шеберлік көп айтылып жүр. Мұның өзі заңды да. Шеберлікті ұдайы шыңдамайынша мектептердің ұдайы қойылып отырған қыруар міндеттерді жүзеге асыру мүмкін емес. Сонымен, қазіргі заман педагогі қандай болуы керек? Ұстаздың кәсібіи шеберлігінің негізі, біріншіден,оқытушының өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымы.Екіншіден,пәнді жетік білуі,ойын оқушыларға жеткізу үшін жан-жақты, терең дайындықпен баруы, оқушылар бойына әдеп,әдет,дағды сияқты жақсы қасиеттерді сіңіруі,моральдық нормаларды білуі.Үшіншіден, оқыту мен тәрбиелеудің әдіс- тәсілдерін міндетті түрде меңгеруі тиіс.

Мұғалім көп біліп қана қоймай, сол білгендерін, оқушыларға бере білуі, яғни, сабақтың қызықты да түсінікті әрі жеңіл өту жағын ойластыру қажет.

Кәсіби шебер ұстаздың бойында мынадай қасиеттер болуы тиіс: 1.Сергектік, байқағыштық. 2.Сезімталдық. 3.Сенім. 4.Әділдік. 5.Байсалдылық. 6.Ұстамдыдық. 7. Ілтипаттық.

Қоғамдағы болып жатқан өзгерісті ең алдымен көзімен көріп,жүрегімен сезіп отыратын қоғамдағы бірден-бір адам –ол мұғалім,себебі- мұғалім өмір бақи үзіліссіз оқиды. Мұғалімдік- басқа мамандық иелерімен салыстырғанда өмірде адамдар мен адамдар арасындағы қарым –қатынас қана қоғамның дамуында аса маңызды рөл атқаратынын түсініп өз білімін баға жетпес байлығым деп санап өзінің шәкірттеріне мұра етіп қалдыратын,балаларға шын жаны ашитын,олардың болашағы үшін ата- анасынан да артық алаңдайтын оларға қажетті білім мен дағдыларды меңгертуге бар өмірін арнаған адам болғандықтан ең алдымен мұғалім –өзгеруі қажет.

Интеграция мен ғаламдастыру қатар жүріп келе жатқан бүгінгі таңда оқу орындарында жеткіншектерге білім берудің сапасы мен деңгейі жан-жақты көтеру жаңаша ойлайтын,оқыту мен тәрбиенің жаңа технологиясын күнделікті жұмысында қолдана білетін ұстаздардың жұмысы жемісті болмақ.Жаңа ғасыр оқытушының талапқа сай болып,сапалы әрі сан алуан салиқалы тәжірибелік – білімділік қызметтерді ойдағыдай атқара білгенде ғана мақсатқа жетпек.

Мұғалім және уақыт


  1. жыл стажың болса да ,45 минут сабағыңа дайын бол!

Макаренко

Егер сенде мұғалім болу жөнінде арман пайда болса,онда алдымен өзің сол жұмысқа дайынсың ба,жоқ әлде бейхабармысың ,зерттей біл.Ф.М,Достоевскийдің «Өзіңнен өзіңді ізде,өзіңе өзің бағын,өзіңді өзің біл»дегеніндей,бар ннәрсенің өзіңе байланысты екенін ұмытпаған.Иә, «Жұмыртқаның ішіндегі балапанның не әтеш, не тауық болып шығатынын» ешкім де білмейді.

Сондықтан мектеп бітіретін түлектің де жүрегі алып ұшып қай мамандық жақсы,қайсысы жаман екенін ажырата алмай дәл- сал болары анық.

Ондайда мұғалімдікті қолжаулық етпей ,жүрек қалауына салған жөн. Өмір – мектеп.

Мектеп – үйрететін орта,оның жүрегі- мұғалім.Мұғалімдік - әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін,қиялы бай адамға ғана жарасар мамандық.

Ізденімпаз,энтузиаст мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс – оның сабақты түрлендіріп өткізіп, оқушының жүрегіне жол таба білуінде.Мұғалім мамандығы – мамандық атаулының қайсар көзі,биік тұғыры. Бұл биікке кез –келген адамның оңай келе салуына хақысы жоқ.Чехтың ұлы педагогы Я.АКоменскийдің «Мұғалім ең жоғары құрметті орында ,күн астында мұғалімдікке тең келер , мамандық жоқ » деуі сондықтан болуы керек. Себебі халық үшін саналы өмірін сарп еткен, осы жолда бар мүмкіндігі келгенше сапалы іс тындырған, өз ісін өзінен кейінгілер жаңғыртып та,жаңартып та қайталар жатқан адам ғана ұстаз бола алмақшы.Ұстаз сөзі-жүректің терең түкпірінен шығатын сөз.

Өмірдің өзі дәлелдеп отырғандай «Ұстаз» сөзі екі түрлі сипаты бар.Бір -шағын түсінік бойынша белгілі пәннен сабақ беретін оқытушы да, ал екіншісі- кең мағыада жоғары беделді, адамға ересен ықпал етуші ақылгөй ,дана адам. Сонымен, мектептегі ұстаз-баланың екінші ата- анасы,болашаққа жөн сілтер ақылшысы.

Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойындағы талай ағаттықты кешіре біледі.

Оның бойыедағы білім мен ақыл -ойынның қуаты талай тентекті жуасытып,небір еркені сабасын түсіреді,оларды саналы тәртіпке баулып есейтеді. Сонды,тан даәрбір шәкірт өзіне үлгі өнеге болған сүйікті мұғалімін – ұстазым деп атайды.Ұстаз бола білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау-әр мұғалімнің азаматтық борышы. Ол өз мамандығын,өз пәнін,барлық шәкірттерін,мектебіншексіз сүюі тиіс. Ұстаздардың осыншама қадір-қасиет,құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен ,жауакершілікпен қарым-қатынас жасауында.Мектеп деген көзқарас бұрыңғыдай емес,өз күніңді өзің көрге тап болғалы қашан.Қаржы жағынан кедейшілік көрген мектептің халі мүшкіл болатыны сөзсіз.

Мұғалімнің өзі мұғалімнің алдынан өтеді. Мұғалім қандай болуы керек? Мұғалімнің жеке басының үлгі өнеге боларлық сипатының бірі –оның асқан мейірімділігі.Мейірімділікті мұғалім балаға іштей жасау керек. Мұғалім барынша адал болуы керектігін естен шығармайық. Оқушылардың бағасы неге төмен,неге тәрбиесі нашар оған ден қоймайды.Яғни әрбір іске есеп керек,өйткені мұғалім оқушы үшіната-ана орнын ауыстырар ең сенімді адам.Жұмысқа ықыласы жоқ,балаға деген сүйіспеншілігі жоқ мұғалімді оқушылар тез аңғарады.Демек,біз бақылаушы емес, бос жүргізуші емес, баптаушы екенімізді сезінгенде ғана оқушы да,ата –ана да мұғалім екенімізді мойындайды.

Уақыт ұғымы,менің ойымша,кең көлемді ұғым.Уақыт өзінің бойына секундтар мен минуттарды, сағаттар мен күндерді, апталар мен айларды,жылдар мен ғасырларды жинақтай отырып, көкжиек секілді шегіне жеткізбей, өз тұңғиығына батыра беретін секілді.Уақыт жер бетіндегі тіршілікпен,адамдар мен тығыз байланысты. Қазір отырып, уақыт тереңіне сүңгіген сайын талай өзгерістердің куәсі боламыз.

Менің ойымша,уақыт ұғымы философиямен,оның диалектика заңдылығымен тығыз байланысты.Уақыт өткен сайын бәрі де өзгеріп отырады.Қоғам, әлеуметтік қатынастар,техника жаңалықтары- бәрі өзгереді,дамиды.

Мұғалім де өзгереді, мұғалімге қойылатын талаптар да күрделене тусуде.Бірақ,қаншама уақыт өткенмен,мұғалім адамгершіліктің, әділдікпен парасаттылықтың ,мәдениеттілік пен ізгіліктің, білім мен тәрбиенің қайнар көзі, бастауы болып қала бермекші.

Мұғалім үшін уақыт-ең басты нәрсе.Ол өз жұмысын уақытпен өлшейді.Ол уақытпен санала отырып ,сабақ жоспарын құрады,тәрбие жұмысын жүргізеді.Өзінің 45 минутына бар шеберлігі мен білімін,тапқырлығы мен қияли ұшқырлығынсыйғыза отырып,жас ұрпақты,азаматты тәрбиелеп шығаруға өз үлесін қосады.

Кең мағынасындағы уақыт ұғымында өмір сүріп отырған мұғалімге тар мағынадағы уақыт ең басты болып есептеледі.
Саналы өмір – отбасынан

Кім –кім де өткен өмір жолына терең үңіліп қойса артығы жоқ деген ойдамын. Ұтқан – ұтылған тұстарын таразылайды, келешегіне бағдар жасайды, жіберген қателік –кемшіліктерді қайталамауға тырысады. Әрине өзінің түйсік –ұғымына қарай.


Менің ұстаздық кәсіпті қалап алып, осы бағытта келе жатқаныма 35 жыл болыпты. Киелі мамандық туралы айтқанда академик, жазушы Зейнолла Қабдоловтың мына пікірі ойға оралады:
«Ұстаздық –ұлы нәрсе! Ұстаздық ету – өзіңнің уақытыңды аямау, өзгенің бақытын аялау».
Жарық дүниеде бұдан асқан қиын, бұдан асқан қиямет –қайым қызмет жоқ. Патшалық құру ұстаздық етуден он есе жеңіл. Неге десеңіз – патшаның маңы толы нөкер, патшаның әмірін олар орындайды. Ал ұстаздың алды толы шәкірт, бірақ ұстаздың дәрісін бұлардың бірі бере алмайды. Бұлар ғана емес, ұстаздың жұмысын өлеңдегідей патша да, бай да, батыр да атқара алмайды. Қайдан атқарсын, ұстаздық ұстаздан басқа ешкімнің қолынан келмейді. Қысқасы, патшалық құру –рақат, ал ұстаздық ету –бейнет». Гәп осында.
Ғұлама ғалымның, сөз зергерінің орнықты пікіріне ешкім де дау айтпас мен өзімнің осындай күрделі, түпкі нәтижесі игілікке апарып тірелер жолға түскеніме, әке ақылын жерге тастамай, қарсылық білдірмей өнер жолында жалықпай жұмыс істеп жүргеніме еш өкінбеймін.
Отан отбасынан басталады деген. Біздің шаңырақта өсіп – өнген үйелмелі – сүйелмелі жеті балаға ең әуелі үлгі көрсетіп, шынайы өмір жолында да 40 жыл ұстаздық қызметі болған өмірге жөн сілтеген әкеміз Сұраған болса, анамыз Злиха еді. Адам баласына қылдай қиянаты жоқ, өз балдары түгіл кісі баласына тек жақсылықтарын аямаған екеуі де елге үлгі болар нағыз ұстаз болды десем артық айтпаспын. Әкем соғыс ардагері өте ізденімпаз орыс, неміс, араб тілдерін жетік меңгерген, мәдениеті биік тұлға ретінде ел аузында қалды. Жаны жанатта болғырлар бірін –бірі іштей ұғысып, бауырларынан өрбіген балаларын адал еңбекке, қатаң тәртіпке, әділдікке, адамгершілікке баулып өсірді. Осы жеті баланың ішінде мен- екі ұл, екі қыздан кейінгі бесінші болатынмын менен кейін тағы екі інім бар. Үйдің кішісі емес қыздың кішісі болдым, әкемнің ең сүйікті қызына айналдым. Өйткені, менің бойымда атамыздың әншілік қасиеті жас кезімнен аңғарылды. Бойымдағы қасиетті көрген әкем қонаққа барсақ, домбырамды қоса алып жүретін, менің қызым ән айтады дегенде, мен ұялмастан, елдің алдында ән салатынмын, сол кездерде мен бар жоғы 8 жаста едім,жалпы өзім Жем қаласындағы №49 мектепте білім алдым.
1981 жылы «Жас талант» ән байқауына қатысып жолдама арқылы Алматы қыздар педагогикасының музыка бөлімінде, музыка пәнінің маманы бойынша оқуға түсіп,диплом алдым. Міне, атамыздың өнері мен әкемнің ұстаздық жолын егіз етіп, тауқыметін, қызығын көріп келе жатқаныма да 35 жыл болыпты ғой шіркін өмір –ай! Уақыт деген жүйрік екен бір орында тұрмайды.Есейдім,шаңырақ көтердім,ана деген ардақты ұғымды иелендім.
Қазіргі таңда Алла берген ұлым Ержаным 2010 жылы Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектептің «Алтын белгі» иегері. Алматы қаласындағы Әл –Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің түлегі. Алматы қаласында еңбек жолын бастап кетті Алла тағала сәттілік пен пәктілік, денсаулық пен бақыт бергей! Қызым Меруертім, Ақтөбе гуманитарлық колледжін тәмәндәп, Алматы қаласындағы Құрылыс Сәулет Академиясының жобалау бөлімін аяқтады.
2012 жылы Алматы қаласында отбасын құрып, мамандығы бойынша қызметте. Алла жаңалықты, абыройлы, денсаулықты қайырымды инабатты ұл –қыз етсін!
Ал өзімнің алғаш ұстаздарым мәңгі есімде қалды атап өтсем.
М.Г.Кац, Ғ.Бакауеев, А.Исағұлова, Б.Бекниязов т.б. тізім осылай жалғаса береді. Абзал жандарға еліктегенім баян мен ән айтып, еркін ойнауды үйреткен Ағайша Исағұлова апайымыз еді.
Мен –Кеңес Одағы дәуірінде білім алған ұрпақпын. Еліміздің егемендік алуы арқасында тынысымыз кеңіді, көкжиегіміз ұлғайды, әлемдік өркениетке ұмтылуға мүмкіндік туды. Кешегі жетістіктер бүгіннің тақиясына тар келуде, ал келешек бұдан да нұрлы, бұдан да жарқын болары сөзсіз. Әлем мойындаған дана саясаткер, кеше ғана бүкіл халық бірауыздан ел Президенттігіне қайта сайлаған көшбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру, елімізді «Қазақстан -2050» Стратегиясы негізінде әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосу міндетін орындау өскелең ұрпақтың еншісінде. Осы замандық жаңа технологияны, ғылымның соңғы жетістіктерін меңгерген сауатты, ой –өрісі кең шәкірт тәрбиелеу ұстаздар қауымына жаңа міндеттер жүктейді, яғни әрбір мұғалім ізденісін саябырсытпай білімін үнемі толықтыруға тиіс.
Ақиқатын айту керек, шетелдік бейәдеп фильмдердің теле экранды жаулап алуы, жөн- жосықсыз ағылған ақпараттар легі, кейбір құқықтық – заңнамалық актілердегі салқындық тұстары ұрпақ тәрбиесіне кері әсерін тигізуде. Ауылдардан қалаға қарай жөңкіле көшу салдарынан етек алған жұмыссыздық салқынын қалай жасырамыз?! Осындай жағдайда құлақ естіп, көз көрмеген оқиғалар жаныңды түршіктіреді. «Ата – бабаның ғасырдан ғасырға жеткен тағлымы мол тәрбиелік сабақтарын қайта жаңғырту керек –ау» деп ойлайсың. Бұл жолда әке мен шеше жауапкершілігін көтеру керек.
Бала –ата –ана – ұстаз аралығындағы үш жақты қатынасты қатайту ұнамды көріністерге жол ашары сөзсіз.

Мен –ұстазбын, өз кәсібімді жан –тәніммен сүйіп, құрметтеймін. Ойға ұлы Абайдың дана пікірі оралады:


Ұстаздық қылған жалықпас
Үйретуден балаға
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Еліміз тыныштықта болып, ұрпақтарымыз бақытты болсын!

Кітаптан үзінді

Құдайберген Жұбанов

Шығармалар мен естеліктер

Құрастырған: Ақырап Жұбанов

Алматы «Өнер»1990
Асыл азамат еді...

1922 жыл. Январь айының бас кезі. Ауылдан уездің орталығы болған Темір қаласына бармақ болып өзімнен 12 жас үлкен домбырашы әрі әнші Есқара деген ағаға еріп шықтым. Есқара ағай Жұбанов ауылының туған жиені болатын. Қалаға жақын жердегі бір ауылға қонып,таңертең сағат 8-9 шамасында Темірге келдік. «Кімдікіне,қай пәтершінің үйіне түсеміз»,-деп сұрағанымда,ағай: «Осында нағашым бар, аты Құдайберген.Өзі кішіпейіл, қонақжай,ашық адам,сонда барамыз. Сен өзің Құдайбергенді көргенің бар ма?»- деді. Естігенім болмаса,көргенім емеспін. Ол ағай өткен жазда біздің ауылда: «Келесі жылы ауылдарыңнан сауатсыздарды оқытатын мектеп ашамыз»,-деп уәде беріп кетіпті.

Қала тәртібіне таныс емес ел адамдарының әдетімен аттарымызды аулаға байлай салып, «Ассалаумағалейкум» деп салдырлай үйге кіріп келдік. Біз кірген пәтерші Боқтыбайдың үйі екі бөлме екен.Кіре бергісіндегі бөлмесінде үй иесі өздері, төргі бөлмесінде әйелімен Құдайберген ағай тұрады екен.Төргі бөлменің есігін аша бергенімізде ар жағынан: «Торғайлар тұра тұрыңдар ( біздің руымыз «Торғай» деп аталатын) біз әлі киінгеніміз де жоқ,- деп жымия күліп шыққан ағай Есқарамен амандасты да,- мына бала атқосшың ба ?» деп маған қарады.Есқара ағай: «Жақын туыс бала,арабша оқи да,жаза да біледі,төңкерістің алғашқы жылдарында 5 ай орыс мектебінде оқыды, табылса қызметке тұрғысы келеді»,-деп мені де таныстырып та үлгерді.

Боқтыбайдың келіншегі төргі бөлмедегі кілем үстіне көрпе төсеп,дастархан жайды. Дәстүрлі сәнімен шәй әзірленді. Шәй үстіндегі әңгіменің желісі, негізінен, оқу-ағарту, халыққа білім беру,сауаттандыру мәселелері болды.

Құдайберген ағай күй тартатын, ән салатын өнерлі жігіттерді қатты құрметтейді екен. Шәй дастарханы жиналғаннан кейін Есқараға домбыра тарттырып, ән салдырды. Әрбір ән айтылып біткен соң, Есқарадан оның тарихын тәптіштеп сұрап, кейбір айтқандарын қойын дәптеріне жазып алып отырды. Есқара ағайда қандай ән айтпасын, мәнеріне келтіре, құйқылжыта салатын атаулы әнші еді.

1934 жылы Ахаң (Ахмет Жұбанов) филармонияға алғысы келіп, Алматыға шақыртқанда, «Жасым қырықтан асты,жастардың ортасында жүру – тұруым ыңғайсыз болар»,- деп ауылдан ұзамай қалып еді.......



Ал ағамыз ешқашан естен кетпейтін, ұмытылмайтын,ұмытуға болмайтын, қатар тұстарынан шоқтығы биік, біртуар азамат, асыл туыс еді –ау!.....

Әділ Ермеков.
«Өсиетпен қалдырған әке медальдары»

(Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына орай)
Менің әкем Искарин Сұраған 1914 жылы Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы қазіргі таңда мұнайлы өңірге айналған Жаңажол аулындағы Құлақшыүй елді мекенінде дүниеге келген. Ұлы Отан Соғысының ардагері, Ұлы ұстаз болған.
Әкемнің әкесі Есқара атамыз елін, жерін, Отанын сүйген, халқына қызмет еткен атақты күйші, жезтаңдай әнші атанған ел сыйлаған асыл азамат болыпты.
Өкінішке орай, өмірден ерте өтіпті. Әкем өзінен кейінгі алты бауырларымен жетім өсіпті. Артындағы бауырларын ойлаған әкеміз білім алуды жөн көріп Чкаловск қаласына педагогикалық училищесіне оқуға түсіп,1937 жылы аяқтаған екен. Сөйтіп, Ақтөбе облысы Мартук ауданы Киил селосында мамандығы бойынша мұғалім болады. 1939 жылы Чкаловск облысынан әскер қатарына аттанған.
VІ -1941 жыл -ІХ 1941 жылы шыққан бұйрық бойынша 200 әскерді соғысқа аттандырып, атқыштар ротасына жіберілген екен. Ауылда қалған бауырларымен қоштаса алмай кеткен .
Бірақ 16 жастағы Зейіл інісінің соғысқа өз еркімен барлаушы қатарына аттанып кеткенін естіген.
Осылайша әкеміз жетімдіктің азабы аздай, сұрапыл соғыстың да азабымен арпалысқан.
1945 жылдың қараша айында елге оралады. Зейіл ағамыздан қайтыс болғандығы жөнінде қара қағаз келеді.Әкем өзінің бұрынғы қызметіне қайта оралады. 1950 жылы шешеміз Злихамен отау құрып, 7 баланы дүниеге әкелген. Әкем өте сауатты, білімді, орыс, неміс, араб тілдерін жетік меңгерген ұстаз . Әкемнен соғыс туралы әңгіме сұрасам: «Інімнен айырған сұрапыл соғыстың несін айтайын? - Зейіл ағаңның денесінің қайда қалғаны белгісіз: -деп көзіне жас толып налитын еді.Әкемді жас болсам да көңілін жұбатып: «Онда мына медальдарыңызды не үшін берді? соны айтыңызшы -деуші едім.Сол кезде әкем жастыққа шынтақтап жатып басынан кешкендерін айтып беруші еді.
Әкем бала кезімнен өзімді өте қатты еркелетіп, ақыл айтып,қанатты сөздерімен тәрбиелеуші еді. Әке тәрбиесінен нәр алған,адал істерін көрген жеті ұрпағы да қазіргі таңда, Аллаға шүкір, төрт ұлы төрде жүрген қызметкер азамат болса, қыздары өзінің жолын қуған ұстаз.
Ұл –қыздарымен, немерелерімен қуанған, ұлы іс істеген әкем мен үшін мәңгі жасайтыны анық. Әр жыл сайын Жеңіс күні мерекесінде «Отан соғыс» ордені мен Кеңес Одағының маршалы Г.К.Жуков медалімен ұзақ жыл ұстаздық қызметіне берілген төс белгісі медальдарын кеудесіне жарқыратып таққаннан кейін Зейіл ағамызды есіне алып, бір толқып алатын.
Осы әке толқуын көп көргендіктен бе, жақсы көретін қызы болғандықтан ба түгел медальдарын өсиетімен маған қалдырып кетті. «Қалған өмірде менің ала алмағаным сенің қолыңа бұйырсын» деген тілегі қабыл болып, ұлым «Алтын белгімен» мектеп бтірсе, өзім «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісімен марапатталдым. Әкемнің әруағына айтарым, «Сіз берген медальдарыңыз сол күйінде, жыл сайын Жеңіс мерекесі қарсаңында төрімде тұрып әр біреуі сіздің өткен өміріңізден сыр шертуде».
Жарқыраған медальдарыңыз сіздің асыл сөздеріңізді еске салып тұрады. Әкенің сөзі «Өзің алдансаң да, өзгені алдама», «Немістің зұлымдығы менің ақылымнан асқан емес», «Не ексең соны тересің», «Оқыған озар ,асық ойнаған тозар». «Заңсыз жүрсең, сауатсыздың белгісі заңмен жүрсең, сауаттылықтың белгісі», «Өкіметке жұмыс істесең, өлмейсің» деген сөздері жастайымнан құлаққа сініп, жадымда қалды.
Мінекей осылай адалдыққа тәрбиелеген, Отанын, елін, жерін, сүйген шәкірттерімен із қалдырған ұл –қыздарын жылатпаған, жарын зарлатпаған әке әруағына сүйікті қызы ретінде бас иіп , Жеңіс күнін тебірене қарсы аламын.
А.С. Искарина

Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектептің мұғалімі.
Ақтөбе қаласы




Искарин Сұраған - Ұлы Отан Соғысының ардагері, ұстаз

(1937жыл).

Адам боп келдім өмірге

(Абайдың ұлы поэзиясы туралы сөз)

Абайым-сыйым, пірімсің,

Айтылмас жанның сырысың,

Бітпейтін дастан жырысың,

Қаншама ғасыр өтсе де,

Абайым- мәңгі тірісің!

Шаяхмет Құсайынұлы


Ұлы Абай атамыздың 170 жылдық тойына орай өз білгенімді, ойымды Абай атадан не алдым, өмірімнің қажетіне жұмсай алдым ба деген сол ой мазалалап қағаз бетіне түсіруді жөн деп таптым.

Абай өздеріңізге мәлім тарихи тұлға. Ал, Абай ұстаған жол анық болған, өсу-халық жолы, халық асқары. Абай жолы- әділетке ұмтылдырудың жолы, қараңғылықтан құтылудың жолы, «Үміт», «Бақыт» атты жарқын жағалауға қалудың жолы, «Абай жолы» -халық жолы екенін бүгінгі таңда Абай атамыздың қара сөздерінен аңғаруға болады. Адам болып өмірге келдің бе –адамға лайық ісің болсын! Ата-анаңның, ел-жұртыңның үмітін ақта! Туыстарыңа, достарыңа, таныстарыңа, өзіңе, ісі түскен адамға қолғабыс жаса, еліңе адал қызмет ет, әйтеуір дүниеге босқа келіп, босқа кетпе, ішіп жеу үшін ғана жасама! Артыңда жақсы із қалсын, кейінгі ұрпақ, жұрағатың айта жүрер іс қалсын деп айтып кетті. Өзі қысқа, өзі тентек, асау өмір барлығын айтып тоқтам жасаған.

Елбасының халыққа жолдауында «Ұлттың болашағы, ұлттың тілін ұлықтаған, ата-баба дәстүрінен туған тілінде сусындаған, елінің тілін, тарихын, мәдениетін білетін ұрпақтың қолында» дегені анық. Абай өлеңдері әр адам бойындағы жаман қылықтардан арылтып, ой санасын, ісін жақсылық жолға бағыттайды. Абайдың өлеңдерінің мағынасына көңіл қойып, астарына ой жүгіртіп, оқыған адам үлкен ғибрат алады, имандылыққа, адалдыққа тәрбиелейді екенін Елбасының «Менің балаларым мен ұрпағыма Абайдан артық, Абайдан ұлы, Абайдан киелі ұғым болмауға тиіс» деп айтқан болатын. Олай болса, қазақ халқының жарты ғасырлық ғұмыры Абай атаның өткен өмірімен тығыз байланысты. Елбасының көрегендігі сол алқалы жиында: Абай атаның сөзімен бастап халыққа не керек барлығы Абайдың қара сөзінде, өлеңдерін қайта-қайта зерделеп оқып шығыңдар- деді емес пе! «Қазақ халқының киесі, ақылы мен жүрегі, ары мен намысы Ұлы Абайдың әруағына бас иемін» дегені жаныңа керекті нәрсені Ұлы Абайдан тапқаны емеспе.

«Тегінде адам баласы адам баласынан : ақыл, ғылым, ар, мінез» деген нәрселерден озады қанатты сөзі ғылымды меңгеріңіздер , білімсіз күнің жоқ дегені. Тәуелсіздік алған жылдарымыздан бері Елбасы болашақ жастардың қолында : «Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең, оқыт, мал аяма» Абай сөзін тілге тиек етіп, «Болашақ»бағдарламасымен оқып білім алып, жұмыс істеп жатқандары қаншама?

«Егер есті кісілердің қатарында болғың келсе, күніне бір мәрте, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір өзіңнен-өзің есеп ал» . Елбасы жыл сайын халық алдында есеп беруді дәстүрге айналдырып отыр. Абай қарасөздерінің құдіреті осында жатыр.

Пайда ойлама, ар ойла , талап қыл, артық білуге, өмір бойы ізденісте жүруге тиіспіз ол үшін Абай атаның кітабымен сусындауымыз керек.

Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді ішінен қулық сақтап.

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,

Ақылың мен еңбегің екі жақтап.

Осы ұстамды ұстауға тиіспіз. «ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста». Сонда толық боласың. Біреуінің күні жоқ, біреуімсіз, ғылым сол үшеуінің жөнін біледі» . Өлмейтұғын ой менен, өшпейтін сөз қалдырған адам бол- дейді Абай атамыз.

«Өмірдің мәні адал өмір сүруде, қолыңнан келгенше жақсылық жаса, жұртқа жамандық ойласаң, өзің ауруға ұшырайсың, жүрегің тозады, жақсылықты өзің үшін жаса, жақсылық жаныңды жаңартады, көңілің тоқ жүреді деген емес пе» еді- Ұлы Абай, «жаман дос көлеңке, басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт шалса, іздеп таба алмайсың», «Досы жоқпен сыйлас, досы жоқпен сырлас, қайғысыз бол, қайырлы жан бол»деген емес пе!

Айтылған сөздер Абай атаның өмірінен бізге тастап кеткен асыл мұра. Абайдың өлген күннен қанша алыстасақ, рухына сонша жақындаймыз.

Өмір деген мейір екен жылылық,

Оның жанын сезу керек ұғынып.

Өзіңнің де , өзгені де өмірге,

Шоқтығы екен баға жетпес ұлылық.

Абай атадан алған тәлім-тәрбиені күні бүгінде бала тәрбиесіне жұмсап жатырмын. Күнделікті жұмыста Абай атаның нақыл сөздерін үнемі еске түсіріп отырмын. Абай мұрасы баға жетпес қазына. Абай қамтымаған тақырып жоқ, асқан шеберлікпен нақтала түсінік берген.

Абай шығармаларын оқу кезінде өзіме қажетті нәрселерді алдым деп ойлаймын. Әліде оқуды қажет етеді. Абайдың өлеңдері, нақыл сөздері бірінен-бірі жалғасып толықтырылып отырады.

Күшік асырап ит еттім,

Ол менің балтырымды қанатты,

Біреуге мылтық үйреттім,

Мерген болып мені атты- деген өлеңі күні бүгінгі қоғамдағы қозғалысты тудырған сияқты.

Ұлы Абайды мәңгілік сүйіп өтем,

Ойлы сөзін ойыма түйіп өтем.

Сырты күміс, іші алтын өлеңдерін,

Өмір бойы санама «түйін» етем.

Абай атамыздан алған тәрбиенің әсерінен кішкене бөлігі.

Ұлы Абайдың өлеңдері адам баласына асыл ой салып, адамгершілік пен адалдықты биік ұстап ту етер деген тілектемін.


Абай - қазақ әдебиетінің классигі.

«Сонда да жауап бере алман мен бейшара!

Сіздерге еркін тиер байқап қара!»

Абай

Қазақ әдебиетінің тарихындағы Абайдың ұстайтын орнын босағаға қарай ысырмалаушылар,оған да місе тұтпай, табалдырықтан шығарып тастаушылар, менің байқауымша,даусыз бір моменттіескермей жүр; ол өз тұсында, жалғыз қазақ қана емес, басқа көршілес елдерде де, Абайдың әдебиеттегі үздіктігі. Абайдың ақындығын, басқа қасиеттерін былай қойып, тек әдеби тілімізді жасаудағы еңбегінің өзін қанша алсақта, онда ақымыз кететін түрі жоқ. Оның үстіне Абайдың ірі ақын болғанын,оның өлеңі бол,қара сөзі бол, бұрыңғы халық ақындарынан да, шағатайшыл молда ақындардан да озып шығып,соны жол салғанын ескерсек, Абай бейнелі ақын ол кезде,қазақта ғана емес, көрші елдерде де болып жарымағанын көру қиын емес.

Өйткені, алған «Мұхаммедие» ізімен, түрік тілінде жазып жүріп барып, бері келе Европа үлгісіне түскен, сөйтіп татар өлеңі тарихында жаңа дәуір туған Абдолла Тоқайлар «Қансонарда бүркітші шығады аңға»жазылған да, туған да жок еді. Абай- шағатайдың жайсыздығы тудырған басып қараңғылық ішінен келер таңның шолпаны болып елестеп, тұнып тұрған тымырсық та келер дауылдың дауылпазы болып күңіреңген адам. Бұл- өз ортасының Дантесі сияқты. Бірақ, Данте - ескінің соңы,жаңаның алды еді. Орта дәуір мен ояну дәуірінің аралығындағы көпір еді. Ал Абайдың алды жоққа жуық таарты ғана бар: ол- соны дәуірдің басы, жаңалық желісінің шат бұршағы сияқты. Өйткені Рим емес,үдере көшкен қайшылық өмір ғой. Абайдың осы алды жоққа жуықтығы,салған жолының сонылығы еленбеген ерекшелігінің бірі.

Абайдың алды жоқ емес,жоққа жуық. Өйткені Абайдың алдында да әдебиет болды.Ата мұрасы, Абайдың еншісіне тиген әдебиет қазынасы екі түлік болатын:Бірі-емшек сүтімен қатар құлағына кіріп,сүйегіне сіңген ананың «әлди, әлди,ақ бөпем» , ата-ананың «сал ,сал, білек,сал білегі», қойшының әні,қыздың сыңсуы,қаралы қатынның жоқтауынан бастап көркемдік сезімін шарбыдай шырмаған халық әдебиеті.

Екіншісі-қажы ауылы,ордалы ауыл болған Құнанбай ауылына ала- бөле таныс ескі Орта Азия үлгісі-шағатай әдебиеті. Абайдың алды осы екуі ғана. Абайдан бұрыңғы қазақ әдебиеті бұл екеуінің шарасынан шығып көрмеген-ді. Абайды кернеген ақындық қуаты алғаш тасып төгілгенде,осы қолдағы бар қалыпқа құйылған. Бірқатар сыншылдар соңғы кезде Абай шағатай әдебиетінің шеңгелінен шыға алған жоқ деп мойындайтын сияқты. Бірақ, менің байқауымша, Абай мұны 13-19 жастарында ғана жалтыратып тағынып,сонан кейін суынып, тастап кеткен тәрізді.

Абай- ойшыл ақын. Өлеңін пікір кернеп тұр. Оның сезімі ойшыл сезім. Бірақ оның ойы да – сезімшіл ой. Сондықтан Абай өлеңінің мазмұны түрін көрсетіп тұрады да, түрі мазмұнын көрсетіп тұрады. Абайдың тілінің сөздігі (лексикасы), граматикасы, Абай өлеңінің өлшемі,ырғағы,ұйқасымы, Абай суретінің бейнесі-бәрі бірге қосылып та, жеке тұрып негізгі тақырыптың күйіне билеп тұрады.

Оның сөздері бермек ұғымын жеткізерлік амал амал болып поэтикасы өлең қалыбына сиярлық болып қана қоймайды: бірі олай, бірі бұлай да кетпейді: солардың әрқайсысы үлкен симфония оркестріндегі жеке музыка аспаптары сияқты, өздері бір –бір күй тартып тұрады да, бәрі қосылып негізгі күйді шығарады, тақырып соның бәріне дирижер болып тұрады. Сөйтіп Абай өлеңдерінің мазмұны өзіне лайық түрде орана келсе, түрі де бойына шақ мазмұнын жамылып келеді.

Сонымен қатар Абай «қазақтың өзге жұрттан сөзі ұзын» екендігін,өйткені онда басы артық қосарлар жүретіндігін байқайды.

«Бұрыңғы ескі биді тұрсам барлап,

Мақалдап айтады екен сөз қосарлап»,-

деп қырағы көзбен бұл кемшілікті шолып өтеді де, өзі «ескі бише отырмын бос мақалдап»,ондайдан аулақ болатындығын айтады. «Жұрттың бәрі сөз сатқан».

«Жұрттың бәрі сөз сатқан»

Сатып алып не керек,

Ескі сөзді, ант айтқан,

Шыр айналған дөңгелек,-

дейді. Өйткені өмір арбасының дөңгелегімен қоса айналып,дөңгеленген,ескі тозған сөз үлгісін тастап, Абай «тіл ұстартып,өнер шашпақ» болады. Басы артық бір сөзде өлең ішінде тұрмауын,өлеңнің «теп-тегіс жұмыр келсін айналасы» деген шарттарды қояды Абай. Осындай қатаң шарт,ауыр сынның арқасында Абайдың сөздері,Ілияс айтқандай «киюынан қыл өтпейтін » нығыз болып, мағынаға малынып келеді. Сондықтан оны ағызып оқып,сыдыртып өте шықсаң,ішкі мәніне жетпей қаламын деп кідіртіп, салмақтап, ақынның кестелеген айшықтары,қошқар мүйіздерімен оралып өтуге тура келеді. Абай айтар сөзінің бірін айтып, орнын тақырлап кетпейді, оқушыға да шығарғыштық сыбаға қалдырып кетеді.




Қазақ еліне ән салдырған - Шәмші!

Аса көрнекті сазгер, ән жанрының әйгілі майталманы, Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, осы заманғы қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық әртісі- Шәмші Қалдаяқов.

Оңтүстік Қазақстан облысының Қызылқұм ауданында дүниеге келген. Бала кезінен бойындағы бар талантын алқалы жиын, аламан бәйгелерде көрсете білді. 1950 жылдан бастап шығармашылықпен түбегейлі түрде шұғылданды. 1956-1962 жж. Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясында В.В.Великанов класында оқыды. Шәмші әндері ғажайып, саздылығымен, салдырап аққан бұлақ суындай тап-таза сыңғырымен, лирикалық наздылығымен ерешеленеді. Оның шығармашылық жағынан сіңірген еңбегі қазақ эстрдалық әндерінің әуенін ұлттық нақышпен құнарландыруында, яғни халықтық қайнармен қабыстыруында жатыр. Шәмшінің өзі айтқандай: ән адал жүректен туады... Ән жарқын болшаққа деген сенімді паш етеді. Асқақтата салған ән... Сені әлдеқайда алысқа, қиын шетке, сонау төскейде көрінген қырат басына жетелейді,-деген болатын. Ал бұл оның қазақ жұртының музыкалық дәстүрі сүтін еміп өскендігіне дәлел.

Шәмші-кешегі мен бүгінгі мақамдарды керемет ұштастырушы. Ш.Қалдаяқов туындыларының даңқын дірілдетіп шығарып, дүйім далаға кең жайлауға кепілдік берді. Мұхтар Әуезов өмірден озар тұсында университет студенттері алдына сөйлеген әйгілі сөзінде Шәмші саздарын Ақан, Біржан өнерпаздығынан кейінгі «жыл келгендей жаңалық» екендігін сезіндік. Жұрт ауызында «бүкіл қазақ еліне салдырған Шәмші» атануының сыры сонда. Сазгер әндері, әсіресе 60-70 жылдардағы жастардың ауызында жүрді. Жаңа дәуірдің жас адамдары шетел композитарлары мен орындаушыларына, мәселен , «Биттлзге» қалай ынтықса, қазақстандық өз сазгерлерімізді де солай сүйіп тыңдады. Әрине Қалдаяқов бірінші орында тұрды.

Әсем де ақылды көкөрім жасты ғана емес, ересек, егде қауымның да, сан түрлі мамандық, алуан ұлт адамдарын да баурап алды. Халық арасында әсіресе күллі отаншылдық, елшілдік нотасын тап басқан «Менің Қазақстаным» туындысы айрықша мәшһүр болды. 1986жылы Желтоқсан көтерілісіне қатысушы ұл-қыздар Алматы алаңдары мен көшелерінде Шәмшінің осы әнін ұрандай шырқап шықты. 2005жылдан «Менің Қазақстаным» туындысы Қазақстан Республикасының Мемілкеттік әнұраны болып бекітілді.

Шәмші ағамыздың «Қорлан» әнін шырқаудағы өзіне ішкі сырын ашып айтпай сөз шешендігіне салып бұра тартып кететіні де бар. Кең жүрегімен табиғат берген дарынды Шәмші өзінің жүрек тербейтін, қиял қозғайтын, терең ойға шомылдыратын ғажап әндерімен халқын байытатын, олардың өмір сүруге құштарлығын арттыратын Ш.Қалдаяқов пиониноны да, домбыраны да, жосылта тартатын еді. Шәмшінің тұла бойы тұнған өнер болатын.

Қазақтың музыка өнерінде Шәмшінің орны ерекшке 300-ге жуық әні бар. Ш.Қалдаяқов кеудесін қағып, мен атақты композитормын деп бір сәт те мақтанған жан емес. Қашанда өзінің қарапайымдылығымен ізгілігі мол адам ретінде бүкіл қазақ халқының жүрегінен мәңгі орын алды. Өзінің шығарған өлеңінің бірі «Тамды аруы». Шәмші ағаның қалың жұртқа махаббат бостандығын аңсап жазылған ән. Яғни, жас жігіттің басынан өткен қайғылы оқиғаға себеп болған. Бұл махаббат бостандығын аңсаған әнді Шәмші ағамыз өзінің шеберлігімен дүниеге әкелді. Ал, «Сағынышым менің» әнінде ерекше аңсау, терең толғау бар. Айта берсек әр әннің өзіндік тарихы, сыры бар. Ең бір көшпелі тарих- ән тарихы, кешегі Кәрібаевтың Жамбыл вальсімен қанағаттанған лектің рухани көші небір аймандай дарындар мен дараланып, сән-салатанаты асқан келешекті көркем келбетін көз алдымызға келтіре білген нұрлы көші еді.

Көш жуан ортасынан ойып орын алған композитордың бірі әрі бірегейі де Шәмші Қалдаяқов болатын. Шәмшінің тағдырында тұтас бір туар, бір иесінің 18 жыл соңғы жылдарын да осы топырақта ғажайып шығармашылық ғұмыр кешті. «Мойынқұмда ауылым», «Дүнген қызы», «Фосфорлы Жамбыл» секілді атақты әндері осылайша дүние есігін ашып төрткүл дүниеге тарады. Әу бастан Шымкент өңірінде басталған Шәмші Қалдаяқов атындағы халықаралық ән фестивалі Жамбылда жалғасын тауып, талай таланттардың тұсауын кесті, шын таланттың, ғажайыптар мен дарындылардың шапағаты тиді деген осы. Дарыны иісі қазаққа ортақ Шәмшідей аяулы жанның ән ғұмыры әлі талай ұрпақтың ой білімімен, парсатымен жаңаша жаңғырып жалғасын таба берері сөзсіз.

Қазақ даласында күні бүгінге дейін әр қазақпен бірге ән салған жалғыз ән авторы болса, ол-Шәмші.

Оның әндерінде үлкен қиял, алдамас арман жатқандай болып сезіледі. «Вальс каролі» атанған біртуар азаматты көзі тірісінде құрметтегендер аз болса да, өлген соң әндерін бүкіл Қазақстан қосыла айтты.



Ол лирик, композитор оған дәлел әйгілі «Сыған серенадасы» ғашық жүректен шыққан осынау асқақ ән әлі күнге дейін сезімге арқау, мұңға толы, махаббатқа ие. Ол өлген жоқ оның артында мәңгі өлмес әндері қалды. Анау құлағы қалқиған Алатау күнде «Менің Қазақстаным» деп ән салып тұрғандай болып сезіледі.



Шәмші Қалдаяқов –аса көрнекті сазгер,

ән жанрының әйгілі майталманы

Поэзияның шебері - Фариза

«Ақын өзгелердің көрмегенін көреді, сезбегенін сезеді.»

Ж.Аймауытов

«...Поэзия –ғылым зерттеу керек. Адам өмірінің, адам жанының зеріттелмеген,қаламтарылмаған несі қалды? Соны табу,соны зерттеу керек. Адам сезімін жан-жақты зеріттейтін құдірет болса,ол тек поэзия . Басқа ешқандайда ғылымның қолынан келмейтін шара бұл.» -деп қазақ поэзиясның алыбы, ақиық ақын –Мұқағали Мақатаев айтып кеткен еді.

Шын мәнінде де мен үшін поэзиядан асқан өнер жоқ сияқты. Өйткені, сонау ХV ғасырдағы Асан Қайғыдан басталып Бұқар, Абай, Шәкәрімдермен қатар Сәкен, Ілияс, Биімбет, олардан кейін Жамбыл, Кенен, Жұбан,Сырбай, Қадір, Сағи, құдіретті Мұқағали, Жұмекен, Төлегендер салып кеткен жол емеспе? Әр адам әр түрлі өнерді ұнатады. Сол өнер иелерін өзіне пір тұтады. Мысалы, кейбіреулер саз өнерін сүйеді. Саз өнерінің атасы –Қорқыт бабаныда өзіне пір тұтуы мүмкін. Бірақ қай адам қай өнерге жақын болса, сол өнердін пайғамбарын өзіне пір тұтаны анық. Сол сияқты, менің де өзіме тамаша ұнайтын, сондай құмартып сүйетін өнерім бар.

Ол – поэзия ... Поэзияның шебері –Фариза

Абай атындағы Республикалық мемлекеттік сыйлықтың лауреаты , Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері, көрнекті ақын Фариза Оңғарсынова шығармашылығы қазақ әдебиетінде өзіндік үні мен орны бар тұғырлы дүние. Ф. Оңғарсынова шығармашылығына көрнекті әдебиет өкілі Ә. Тәжібаев та өз бағасын берген: «Мен Фаризаның махаббат жырларына бәрімізге ұқсайтын өзгешелік көремін.Бұл қайсымызды болса да ойландыратын өзгешелік. Адамның шартты түрдегі ережелерге, канондарға, ескірген әдет, дәстүрлерге тұтқын болып қалмай босануын ,өз сезімін ұрламай, жасырмай, бүкпей сөйлеуін қазақ поэзиясында батыл жырлаған осы Фариза » дей келе Ә.Тәжібаев ақын өлеңдеріндегі ұқсас ерекшеліктеріне, жинақты бейнелі тіркестер қолданысына назар аударды. Ақын Ф.Оңғарсынова поэзиясының шырқау биіктерге көтерілгенін өз дәуірінде танып, баға берген «алыптар тобының » өкілі Ғ.Мүсірепов: «Мен ақын Фаризаны бүгінгі поэзиямыздың ең жоғары сатысында тұрған замандастарымен қарайлас биікте көремін »,-деп ой түйген

Фариза Оңғарсынованың өлеңдерінде жасандылық жоқ, азаматтық лирикасы сыншылдығымен, қоғамдағы адам мінезіндегі келеңсіз тұстарды дәл нысанаға алумен ерекшеленеді. Ақынның творчествосына тән басты қасиет –шындыққа бас ию. Оның бұл қасиеті кез-келген туындысынан да айқын көрініп тұрады. 1979 жылы жарық көрген «Сенің махаббатың » жинағында «Сырласу немесе ақын әйелдің анасымен диалогы » атты поэмасы ақын творчествосының шырқауы, негізгі қағидасы. Шындық, қайсарлық,адамгершілік, махаббат, сенім сияқты философиялық категориялар Ф. Оңғарсынованың поэмасында нанымды,салмақты көрініс тапқан.

Ақын әйелдер жанының құпиясын, арманын, махаббатын көп жазады. Ол сезім күйлерін шертуге, Әлия мен Мәншүктің тағдыры мен трагедиясына дастандар арнады. Ақын –өз заманының ар-ұжданы. Ол болашақ үшін өмір сүреді. Әлденеден мұңайған кезінде, біреудің пысықтығынан жүрегі мұздаған кезінде, кешегі досының бүгін теріс айналғанын көргенде Фаризаның досы, сенері, мұңдасы, берер дәрі- дауасы- поэзия.

Көңілді жайлы күнімді,

Азапты қайғы мұңымды

Өзімменен бөліскенің үшін,

Қатем мен жеңістерім үшін,

Менің мынау қиындау тағдырым болып

О, баста көріскенің үшін

Өлең, мен сені аялап өтем! – деп толғайды

«Асау толқын »атты өлеңінде :

Тағдырыңды сенің тапсырдым сенімді ұрпаққа

Көз нұрың, болашағыңда – сол түбінде, елім

Келеді әйтеуір бір ұрпақ менің соңымнан –бір үміт сенде

О, асау толқыным менің !-деген жолдардан ақынның жастарға үлкен сеніммен, үмітпен қарайтыны анық байқалады. Ақын жырында әйелдер бейнесінің көңіл күйі дауылды сезім болып жырланады, тек жай жырлау емес, қазіргі заман талабының биік өрісіне лайықтап жырлау – Фариза туындыларының бір қыры. Әйел –Ана тақырыбы.Әйелдер жан дүниесіне барлау жасауда ақынның жетістігі мол. Оны өзіде ашып айтады:

«Адам деген күрделі жаратылыс қой Соның ішінде әйел халқының жан-дүниесі өз алдына бір әлем. Менің өз жырларымды сол әйел жанының сан күйін мүмкүндігім жеткеше жеткізгім келеді . Менің бұл тақырыптағы лирикалық кейіпкерім –әйелдер . Олардың тағдыры, жан дүниесі, күлкісі мен көз жасы өлеңдерімнің арқауы» ,дей келе:

Өз-өзіммен өртеніп барам жанып,

Жүректен жас ағады тарамданып.

Менде жоқ қой бұл күнде тым болмаса,

Ақтарылар алдыңда саған барып.

Жасқа ғана толады жанар налып ,

Мен үшін тұр дүние қараң қалып , -деп, әйелдің мұң- қайғысын сыр ғып шертеді. Енді бірде ақын :

Мезгіл бұршақ жаныңа салып таңба

Қайратыңнан қайысып, налып қалма.

Сені іздейтін аға бар тарыққанда,

Інілер бар дем берер жабыққанға.

Бір ақақат- бәрібір жоғалмайсың,

Жоғалмайтын жоқтайтын халық барда,-дейді.

Демек, азаматтық қоғамдық, әлеуметтік көркем тұжырым жалаң публицистикалық шалқу дидактикалық толғаумен әсте терең ашылмақ емес, қайткен күнде де поэтикалық бейне , тұлғалы образ , сөз суретінің құдіреті бірінші қатарда , дәлірек айтқанда , ақындық сезім, қаламгерлік идея өзара ажырамас диалектикалық тұтастыққа көрінеді.

Мен даланың қызы едім,

Жазығымда жатпайтын көз ілер қара.

Жазира менің жанымның өзі де дара.

Асқар көрмеген мен шіркін биік дегенді.

Өлшеуші ем сонау аспанның өзімен ғана,- деген шумақта қаламгердің шыққан, өскен ортасын дәл көрсететін поэтикалық деталь , әдемі образды сурет жатыр. Сондай-ақ ,ақынның биік арманы анық көрінеді. Фаризаның беріліп, шабыттанып , аса құмарта, кең көсіліп жырлаған табысты тақырыбы -махаббат ,сүйіспеншілік тақырыбынан басқа да саяси-әлеуметтік тақырыптарды әуелде публицистикалық толғау үлгісі арқылы игерген ақын бірте –бірте философиялық, психологиялық монолог формаларға ауысып суреттегенін көреміз.Туған жер, Отан – Ананы нақты сурет, бейнелі тіл, көркем тәсілмен өрнектейді.

Туған жерге сағыныш.

О, туған жер, кең пейіл құшағың кең,

Саған көңіл бұлқынар күш- ағынмен.

Сағынышымды қанат қып саған қарай

Балапандай талпынып ұшамын мен,- немесе: «Сені қалай сүю керектігін мен ешқандай кітаптан оқымадым»,-деп ,туған жерге деген өзінің сағынышын , ерекше сезімін жырғып шынайы суреттейді. Ал:

Далам менің –қазынам ,жыр сандығым,

Жыр нәрімен жер балқып, босанды құм.

Сортаң жердің тұзы бар тамырымда

Ақшылтымдау сондықтан жусан жырым,- деген жолдардағы сезімі ерекше.

Фаризаның өз сөзімен айтқанда, «өнер де, өмірдің өзі сияқты, ылғи қуныш пен шаттықтан тұрмайтыны белгілі». Сондықтан да болар, Фариза:

Менің жырым-

Құштарлық қысқан кеудемнен

Бұрқырап жатқан бір жалын... –дейді.

Ағынан ақтарыла жырлау, ой сезім тізгінін өлең жолында ірктей еркін ұстау- Фариза туындыларының өзекті қасиеті.

«Атқа шапқан-бақыт деп жеңгелерім

Жұбатса да, жүрегім көнбей менің

Алып ұшып тұра алмай бір орнымда

Бәйгесі құрғыр өзі аман келгей» –дедім...

Бұлай деп тек ана ғана бәйек бола алса керек. Ақын қыз соғыз зардабын, соғыстан оралмаған талай әкелер мен ағалардың, қыршын кеткен жастардың тағдырын айрықша бір сүйіспеншілікпен жырлайды .

Солай біздер қоштастық балалықпен,

Біз күткенбіз әкені, ана күткен.

Күту қиын, адам бұны ұқпаған,

Солдат көрсем, әл күн тұрып қалам,

Әкем емес екен деп қадалып мен ...- немесе: Келеді , рас , Жеңістер қасіретпен, Құрбандықпен...талайдың шашы ағарып , -деген жолдарынан «Жеңіс күні» оңайлықпен келмегенін ашып айтады.

«Ақын болу оңай деймісің, қарағым», - деп ақындарымыздың өздері жырлағандай, ақын болу оңай емес. Ал қиын кезеңде халқымыз от ауызды орақ тілді ақындарымыз бен шешендерімізден ақыл сұраған. Оған мысал ретінде халқына қиын кезде қол ұшын берген ноғай мен жоңғар шапқыншылығы кезінде жол көрсеткен Бұқар жырауларды атап өтуімізге болады.

Халқымыз... қашан ... да ақындарға кенде болмаган. Жоғары да аталған ақындарымыздың бәрі де жалынды жыршыл ары бола білді. Сондықтан елі барда ақындар есімі ел жадында мәңгілік сақталады. Өйткені, «Жақсының өзі өлсе де , сөзі өлмейді».




Нұрғиса Тілендиев оқшау дара тұлға.

Зор талант иесі, біртуар жан
(Халықаралық үздік әдеби ЭССЕ байқауына жарияланған шағын еркін композиция)
Өкінбеймін, күн зулап, өте берсін
Кейінгілер, жүрегім, мені көрсін
Жырым мені ешқашан өлтірмейді
Әнім, мені алысқа жетелерсің
Т.Молдағалиев
Иә, осы әсем өмірдің сыр-қырына терең бойлай жазылған өлеңді жүрегімен терең түсіне отырып, оны таңдап музыка жазған Нұрғиса ағамызды ән емес, әнді өзі алысқа сермеп кеткендігін өзі білді ме екен десеңші?!
Ағамыз Нұрғисаның бойындағы осындай Тәңірі дарытқандай көп қырлы, алуан сырлы сыр –себептің негізі қашанда туған топырақ, шыққан тек, өсіп –өнген ортамен байланыста емес пе?
Нұрғиса ағамыз - жарық дүниеге келген күннен бастап –ақ әнге бөлеп, жырмен құндақтап, күймен тербеткен Жетісудың өнер мектебіне тұғыр болған тұлғалардың бірі.
Сүйінбай, Жамбыл, Құлмамбет сияқты айыр көмей ақындар, Бөлтірік сияқты от ауызды, орақ тілді шешен, Бердібек, Байсерке сияқты күйшілер, Жидебай, Балқыбек сияқты сал –серілер, Ақкүміс, Жаңыл сияқты жезтаңдай қыз –келіншектерді еске түсіреді, осы орайда, Нұрғисаны ақ көйлекпен туған, ақжолтай жан деуге болады.
Ол өнерпаздықтың ұлы дәстүрін бойына сіңірген әкесі –Тілендінің тәрбиесінен нәр алып, Тәңірдің тіліндей күй сарындарын әке алдында отырып бала көкірегіне қондырды. Оның анасы Салиха әйгілі Кенен ақынның қарындасы, ол- кісі де айналасын әншілігімен тәнті еткен. Ардақты ана созылта салған сұлу, әсем бояулы әндеріне бала Нұрғиса жан –жүрегімен тебірене тыңдап өсіпті десек, есейе келе ол әншіліктің ақиығы Кененнен бата алып, жыр жампозы Жамбылдың . сарқытын ішкен шабытты, талантты бала болып өседі. Осының бәрі де оның өнерпаздығының бастау бұлағы болды. Үлкен өнердің сара жолына қадам бастауына, тағдырдың талантты етіп жазуына орай он төрт жасында қазақ музыкасына пайғамбардай шапағаты тиген әйгілі композитор, дирижер, профессор Ахмет Жұбановпен кездесуі себепші болған. Кәусар бұлақтың тегеурінін жазбай танитын қарт бағбан сияқты, бала Нұрғисаның бойындағы тума дарынды дана Ахмет те бірден таныған. Нұрғисаны қолынан жетелеп, қазақ ұлттық аспаптар оркестрінің домбырашылар қатарына алып келген сол Ахмет десек, домбырашылықтың дүлділі Қали Жантілеудің оң жағынан Нұрғисаға алдыңғы қатардан орын тиген екен. Сөйтіп бұрын күйді қызығып тартса, осы кезден бастап күйді құныға шабытпен тартатын болған. Осының бәрі де Нұрғисаның дарынының сарқылмас қайнар көзіне айнала бастаған. Қазақ халқының сүйікті композиторы, шебер домбырашысы, үлкен оркестрді басқарған, аянбай тер төгіп, еңбек еткен, елін, жерін Отанын сүйген, халқына қуаныш пен ләззат сыйлаған Нұрғиса ағамыз 18 жасында сұрапыл соғысқа аттанып, жаумен арыстанша арпалысқан.

Жас болса да отты қиын өмірінде қайсарлығымен «Ерлігі үшін» медальдан да қалыспай, аты шулы Берлинді алып беріп, Отанына тыныштықты орнатып, кейіннен музыка саласында білім алуға бел буған.

Сөйтіп 1947-1953 жылдар аралығында Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын, Мәскеуде П.И. Чайковский атындағы консерваториясының дирижерлік бөлімін аяқтаған. Міне жас кезінен талант болған дара тұлғаға биік шыңдарды бағындыруына үлкен жол ашылды емес пе?
Өзім Алматы қаласында оқып жүрген едім, Нұрғиса ағамыздың оркестрі өнер көрсеткелі жатыр дегенде, сахна сыртында тұрып тамашалайтынбыз. Сонда ағайдың оркестрді қалай басқарғанын көрдік. Бұл бір ғажап... Дирижёрлардың ішінде көбісі тек сетка ұстап тұратындары көп болатын, бұл адам тек оркестрді басқармайды, музыкаға берілгені сонша - кең жауырынды кеудесіне бүкіл оркестр мүшелерін сыйғызып, көзімен қасымен түгел денесімен, жүзінің нұрымен әр ойнаушыларға дем беріп, сырлы әуеннің сырын төгіп, динамикалық серпілісті керемет әсерлі етіп жан тәнімен шығара білетін, ешкімге ұқсамайтын, қасиеті биік тұлға деймін. Тағы бір дәлел «Ән де адам секілді өз тағдырымен туады» демекші, Нұрғиса ағамыздың әндері мен күйлерінде өзіндік стилі бар, оның ырғағы, төгіліп тамсандырар әсем әуені, нәзік лиризмділігі, гармониялық құрылымы, өз қолымен түсірілген аранжировкалары кәсіби біліктілігінің биік шыңының дәлелі десек, осындай әндері мен күйлерін сүйіп орындайтын әншілердің үлкен белестерді бағындыруға жол ашқан бағы деуге болады.
Мен 1981 жылы Алматы қаласында өткен «Жас талант» байқауында Нұрғиса ағамыздың елді елең еткізген «Кел, еркем, Алатауыма» әнімен ағамыздың құлағын селт еткізіп, орындаған кезім жас болсам да есімде «Кел, еркем, бақша –бауыма, Кел, еркем, Алатауыма» деген сөзін әуенімен орындаған кезде бойды әннің әсем ырғағы билеп, нұрлы сезімдерді оятып, Алматы қаласына деген қызығушылық пен ынтазарлығыңды нығайта түсті. Сөйтіп мен – әсем Алматы қаласына жолдамамен оқуға қалдым. Қазіргі таңда шәкірттерімді ағамыздың әндерімен қанаттандырып келемін.

Менің айтарым, дара тұлға, дана тұлға, Ұлы тұлға Нұрғиса ағамыздың әндерінің, күйлерінің тағдыры таусылмас қазына, сарқылмас өзен, бітпес жыр, айтсақ шер шығарар ән, шырқасақ демалатын тыныс, ешқашанда ұмытылмас биік шың. Нұрғиса ағамыз өзінің қабілеті мен дарынын халқына жүрегімен рухани асқақтатуға арнаған сияқты.


Ол халқының тілін тапты, үнін тапты, халқының сырын тапты, мұңдасты да. Оның музыкасы баланың да, дананың да жүрегіне жол тауып, дүйім жұрттың рухани жан серігіне айналды. Ол атақ –даңқ іздеген жоқ,атақ –даңқ оны іздеп тапты.
Қазақстан композиторларының ішінде тұңғыш рет «Халық қаһарманы» атанды.
Нұрғисаның біртуар дарын, қайталанбас дара тұлға екенін көзінің тірісінде –ақ әйгілі замандастарының өзі шын жүректерімен мойындағаны рас.
Олар халықтың мәдени –рухани өміріндегі құбылыс ретінде Нұрғисамен мақтанды. Ал биылғы жыл Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойы және Нұрғиса Тілендиевтің 90 жасқа толуымен тұспа-тұс келіп отыр.
Аспанды әнге, жерді сәнге бөлеген, қылышыңды сермеген, ардақты аға! Жаны жаннатта болсын дей келе, ағамыздың аруағына бас ие отырып айтарым: «Қыл қаламды қылғындыра жазған өлеңдерге жан берген сенің әсем де, терең сезімді нұрлы әндерің мен күйлеріңді талай қазақ баласы емес, бүкіл әлем баласы таласа орындауда». Қазақ елінің тыныштығын тілеген, Ұлы Жеңіске қол жеткізу үшін кеудесін оққа тосқан батыр. Тәуелсіз елдің болашағына мәңгілік әуендерімен тіреу болған, оқшау дара тұлға, аса зор талант иесі біртуар жан есімі қашан да ел есінде.


Қазақ халқына!
Қайталанбас өнер тұлғасы Нұрғиса ағамыздың рухани қазынасын, келер ұрпаққа қалдырған асыл мұрасын мәңгіге жалғастыру, жасарту, жаңарту, өмірге жетелейтін өнерін өрлететін өнер иелеріне, ұстаздың ізгі істеріне, қазақ халқының болашағына тек сәттілік пен мәңгілік тілеймін.

Рухани текті көрермендеріміз көп болғай!


Искарина А.С.

Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектебінің
музыка пәнінің мұғалімі







Нұрғиса Тілендиев Атабайұлы  

қазақтың әйгілі күйші композиторы, дирижер,

дәулескер домбырашы
Қазақ музыкасындағы күй жанрының жібін үзбейік

Музыка мәдениетін күшейту ісінде халық музыкасының мұраларын тексерудің маңызы өте зор. Өйткені, болашақтағы жоғары мәдениетті музыка мен қолда бар музыка мәдениетті арасының жібі үзілмеуі керек. Қазақтың қалың еңбекшілеріне түсінікті,әсерлі болуы үшін жаңа музыка олардың құлағына жат болмауы керек. Жат болмау үшін өзінде бар музыкаға бір жағынан байланысты болуы керек. Бұрыннан бар музыка мұраларын жетістіріп,толықтырып, көркейтіп, көркемдік жағын күшейтіп, примитив түрлерін гармониялап, халық музыкасындағы өмірге, тіршілікке шақыртатын,ерлік,талап,жігер тудыртатын элементтерін,саралап алып,кертартпа,сары уайым,жасықтық туғызатын жағын жойып,-осы ретпен ғана- қазақ ұлтының музыкасын дамытуға болады.Халық музыкасы мұраларын зерттеудің маңызы зор болатыны осы жағынан.



Қазақ музыка шығармаларының ішіндегі ең ірі жанрдың бірі –күйлер. Композиция жағынан,музыка мәдениетінің басқа өлшеулері жағынан қарағанда да, күйлер халық музыкасының жетіскен ірі тарауы екендігіне дау болмауы керек. Қазақтың өзі де күйді артықша бағалайды; онда айтып тұрған сөз болмасада, күйлердің өзінің музыка тілі халыққа сондай жақын,сондай түсінікті, оны сол тілсіз түрінде жақсы таниды.Қазақта ән мен күйдің екеуі екі басқа болушылығының өзі халық музыкасының жақсы ғана жетіскен сатыда тұрғандығын көрсетеді. Өйткені бұлар әуелден айрылып туған емес, ән мен күйді әуелде бір болып, бара- бара, музыка мәдениеті жетісе келе,бірінен –бірі айрылып, вокал музыка,инструментал музыка болып,егізделіп шыққан.Халық музыкасының көпшілігі мұндай екі айрылуды әлі күнге дейн білмейді. Музыка шығармаларының барлығы да тек әндер ғана болып, күй сияқты жанрларды білмейтіні әлі де бар: немесе ән мен музыка аспаптарын қоса отырып, бір жағынан биді де араластыратын, музыкасы синкретизм түрінен асып болмаған да бірқатар елдер бар.Осы күнгі театрдың халық музыкасын алсақ, онда күй, әнмен екі айыру болмайды.татар тілінде әнді де, күйді де бәрін «күй» деп атайды. Бүлардың күйлерінің бәрі де ән болады. Ән салмай, тек инструментте ойнайтын күй болмайды. Өзбек музыкасында ән де, күй де болмауымен қатар ән, күй, би- үшеуі араласып жүреді. .....Қазақ – жазба тарихы жоқ ел. Қазақтың мәдениет тарихы да жазылмаған. Сондықтан күйлердің қалай шығуы,қалай пайда болуы,қалай дамуы жайында тарихтың жазып қалдырған деректері жоқ.Бұл жағдай күйдің тарихын зерттеуді қиындатады. Солай да болса, бұл мәселе жөнінде үмітсіздікке түсуге болмайды: тексеру методы дұрыс болса,бар материалдарды дұрыс пайдалана білсек, бұл жөнінде талай қараңғыны жарыққа шығаруға болады. Күйдің пайда болу тарихын зерттеу үшін,біздің ойымызша, мынадай материалдарды пайдалануымыз керек. Бірінші: біздің музыкамыз жайында мәдениетті елдердің жазып қалдырған тарихи деректері; екінші:халықтың музыкаға байланысты тарихи идеологиясы; үшінші: сол идеологияны таратушы болған тіл материалдары. Тіл материалдары дейтініміз- түрліше музыка терминдері, бұлармен басқа сөздердің мағынасының арасындағы байланыстар; төртінші: ең маңыздысы- музыканың өз материалдары,халық музыкасы шығармаларының , күйлердің күйлердің өзінің ішкі құрлысын тексеру; бесінші; осы жоғарыда айтылған материалдарды топтағаннан кейін, қазақтың халық музыкасы шығармаларын басқа жұрттың шығармаларымен салыстырып,солармен арасындағы байланысын,бір-біріне жасаған ықпалын, бірімен –бірінің араласып айқасқанын тексеру. Халықтың музыкасымен байланысты салт-санасын,идеологиясын зерттеген уақытта алдымен ескеріп өтетін нәрсеміз- сол музыканың өзінің шыққан ортасы.Әуелде музыканы қандай жағдай керек қылған,бұл қандай қызмет атқарған, әуелден осы күнгі сияқты көңіл көтеру, сауық көтеру ісі болған ба? Болса, қоғам қызметі үшін жұмсалған ба?Осыны ашып айту қажет. Түрлі халықтың тұрмысы,әдет-ғұрпы жайынан жиналған деректер,түрлі халықтың халық әдебиетін, түрліше нанымын тексерген материалдар бірқатар түрліше мәліметтер береді. Ән, өлең,би- үшеуі алғашқы рет осындай магия еңбегі болып жарыққа шығады. Өнердің үш тарауы: музыка,әдебиет,би бір- бірімен айрылмай тұрған кезде кісінің діни нанымы болмағандықтан, бұларды құлшылық, ғибадат қылу деп айтуға болмайды.Сол магиялы еңбектің бәрі келе –келе еңбектен, оны басқаратын кастаның еңбектері қатарынан бөлініп кетуімен байланысты түрлі құлщылық, бақсылық іске ауып кеткенін көреміз.Осы күнгі ең жаңа,ең мәдениетті дін болып саналатын Ислам,христиан, будда діндерінің қай-қайсысының да құдайына табыну істері әнсіз, күйсіз өтпейді. Қазақтың бақсылары,есепшілері, тістің құртын шақыратындар,жыланды ,бүйіні шақыратын тамыршылар,қобызшылар,домбырашы,әншілер-көбісі- сол шаманнан өрбігендер.Бұл жалғыз қазақта ғана емес, қоғамның дамуының белгілі дәуірінде қай елде да болған нәрсе.Қазақтың бақсылары емші түрінде ғана болатын болса,тарихта бақсы сөзінің әр заманда әр түрлі қолданылғандығын, бақсының жалғыз емші болмағанын көреміз. Алғашқы әзірде қобыз немесе басқа түрлі инструментке қосып өлең айтып,сол өлеңмен ауруды емдеп, немесе басқа түрлі аспап үнімен,сыйқырлы істерімен тиісті міндетін атқарып журген шамандар бері келген соң қоғам ішіндегі алуан түрлі зиялылардың аты болып кетті.Ежелгі ұйғырларда бұл сөз оқымысты мағынасында болған. Міне, бұдан былай қарай музыканың өз мамандары музыка материалдарының өз құрлысын тексеріп барып,мәселенің анығын ашу мүмкін. Біздің мақсатымыз- өз қарауымызда боған материалдарды солардың пайдалануына ұсынған ғана.

Ұстаздық ұлы қасиет

Ұстаз — жас ұрпақты, жалпы адамды ізгілікке баулып, жақсылыққа тәрбиелейтін, білім беретін оқытушы. Қазіргі қоғамда оқу-тәрбие жұмысын жүргізуші маман педагог ұстаз деп аталады. Дегенмен, ұстаз ұғымы арнаулы білім, қажетті құжатқа байланысты емес. Үлгілі, өнегелі, өмір тәжірибесі бай адам ғана ұстаз бола алады. Жалпы “Ұстаз — тәрбиелеуші” ұғымы діни ілімнен бастау алады. Ол адамзатты ғылымды сүюге, танымға құштарлыққа үндейтіні Құран Кәрімнің беташар сүресінің Алланы “Рабби — тәрбиелеуші” мағынасында ұлықтаумен басталуынан көрінеді. Мұсылмандар пайғамбары Мұхаммедке (ғ.с.) келген алғашқы уахидің де “Оқы, оқы, оқы…” деп басталуы адамды ізгілікке бастаушы ғылым-білімнің маңызын, осы ілімді шәкірт жүрегіне егуші ұстаз қызметінің маңызын аңғартады. Діни танымда, халықтың мифологиялық санасында шәкірттің ұстазға бұлтақсыз мойынсұнуы мен шексіз берілуін, өз еркін ұстазға сеніп тапсыруы арқылы ақиқат ілімді иеленетіні насихатталған. Мұның бір мысалын Мұса (ғ.с.) пайғамбардың Қызыр (ғ.с.) пайғамбарға шәкірт болуынан көреміз. Демек, бұдан ұстаздың зор жауапкершілігін, оның терең ілім иесі болуымен қатар, кемел адамдық қасиеттің иесі болуы керектігін байқаймыз.Қазақ халқының шәкіртті ұстаз алдына апарғанда айтылып, мәтелге айналған “Сүйегі — менікі, еті — сенікі” деген сөзінің астарына үңілсек: “сүйегінің — асылының, рухының иесі — Алла бар, оған қиянат жасама, ал етін сомдау, яғни біліммен көркейту ұстаздың ісі” деген тұспал бар.Бұл мәтелде ұстаздың шәкірт тәрбиелеу ісіндегі ең негізгі ұстанымның бірі — шәкірттің өзіндік “меніне” құрмет, қайталанбас адамдық тұлғасы қалыптасуына ықпал ету міндеті көрінеді. Ұстаз — пір, яғни ақиқат жолындағы рухани тәрбиеші, жолбасшы ұғымы да қазақ дәстүрлі мәдениетіне жат емес. Қазақ халқының рухани мәдениетінде бай мұра қалдырған, рухани адамгершілік мұраттары мен ұстанымдары, үлгі-өнегесі түркі әлеміне, жалпы адамзатқа ізгілікті, игілікті жол нұсқайтын рухани ұстаздар да бар.

Ұстаздық ұлы қасиет. Ұстаз – білім нәрімен сусындаған жан. Абай атамыз «сен де бір кірпіш дүниеге,кетігін тап та, бар қалан» деп айтқандай әр оқушыға білім беріп, оған өмірлік бағыт сілтеп өмірге «кірпіш» болып қалануына зор үлес қосушы- мұғалім. Білімді, тәртіпті, тәрбиелі, инабатты,жаны таза рухы биік, Отаншыл адамды, тұлғаны қалыптастырып, баптайтын адамның өзі де қандай болуы керек, ол кім? Әрине, ол «ұлы» деген сөзбен тіркесіп келетін ұстаз, мұғалім. Елбасымыз Назарбаев Н.Ә «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» - деп атап көрсеткендей, ұрпақ тағдыры үшін жауап беру- ұстаз атаулыға үлкен салмақ тастап отыр. Сондықтан біздер ұстаздар, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ұмытпауымыз керек.

Ана тілің – арың бұл

О, туған ана тілім! Тас бұлақтың тұнығы да сенде, ана сүтінің жұғымы да сенде, райхан гүлдің жұпары да сенде, қыран құстың жанары да сенде, назды сұлудың нәзіктігі де сенде, сахара даланың жазықтығы да сенде...

Халқымыздың аса бай рухани қазынасы – туған ана тіліміз. Ол – қазақ тілі.

Қазақ тілі - өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап еркін есіп тұрады. Қазақ тілінің биязы мақамы – домбыраның күмбір қаққан сазындай. Асқан әуезділігі – шырқап салар әндей. Туған тіл біздің бірінші бақытымыз, бірінші ырысымыз, біз сондықтан “Ана тіліміз” дейміз. Қазақтар “Ананың тілі” деп ерекше құрметтейді. Басқа тілді білу - әрине, мақтаныш. Әйтсе де өз ана тілін аяқ асты етуге болмайды.

Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте, – дейді талантты ақын Қадыр Мырза Әли ағамыз.



Анамның тілі – ардақтым менің. Адамның атасы, әкесі мен шешесі сенсің. Сен менің кішкентай кезімде әкем болып мойныңа отырғызып қуандың, ат үстінде алдыңа алып, мені көкке секірттің. Жел болып кекілімнен сипадың.Тілім, ана тілім менің, адамзатымның тілі, сен менің анам болған кезіңде көкірегіңе жабысып, төсіңнен ақ сүтіңді емдім. Сен менің ағам, інім, әпкем, қарындасым, бауырларым болған кезіңде мен сені одан әрмен түсініп, ұғынғым келді. Адамзаттың Абай мен Мағжан сынды асқар алыптарын туғызған, әкелері мен аналары болған ұлтымыздың тірегі сенсің, туған тілім. Бірақ, менің терім “туған тілім” сен үшін ғана төгілсін, менің өмірім сен үшін ғана өрілсін! Олай болса, ана тілімізді алдымен өзіміз құрметтейік, ардақтайық! Сонда ғана туған тіліміздің туы биіктерде желбіреп тұратын болады...
Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет